қылмыстың көптілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 16:31, реферат

Описание

Қылмыстық құқық дегеніміз – құқық саласының негізгі түрлерінің бірі ретінде қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың негізі мен шектерін, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың шарттарын айқындайтын құқықтың нормалардың жиынтығы. Жалпы қылмыстық құқықтың негізгі міндеттері - әлеуметтік құндылықтарды қорғау және қылмыстардың алдын алу ( қылмыстарды болдырмау; қылмыстардың профилактикасы) болып табылады.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім

1. Қылмыстардың көптігінің жекелеген қылмыстардан
ерекшелігі
2. Қылмыстардың көптігінің ажыратылуы:
а) Қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуы;
б) Қылмыстардың жиынтығы;
в) Қылмыстардың қайталануы.
III. Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Ильмира кылмытын коптиги.doc

— 151.00 Кб (Скачать документ)

              Қылмыстардың қайталануының кез келген түрі, оның қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен деңгейіне қарамастан жалпы бірнеше рет қайталану деп табылады. Жалпы бірнеше рет қайталану қылмыстардың саралануына ықпал жасамайды, бірақ жаза тағайындау кезінде сот бұл жағдайды жауаптылықты ауырлататын мән – жай ретінде ескеруі мүмкін. (ҚК-тің 54-бабының бірінші бөлігінің «а» тармағы).

               Кінәлі тұлғаның ұқсас немесе біртекті екі немесе одан да көп қылмыс жасауы арнайы бернеше рет жасалу деп танылады. ҚК-тің 11-бабының бірінші бөлігінде дәл осындай бірнеше рет жасалу туралы айтылған: «Осы Кодекстің Ерекше бөлімінің белгілі бір бабында немесе бабының бөлігінде көзделген екі немесе одан көп әрекетті жасау – қылмыстардың бірнеше рет жасалуы деп танылады».
             Нақты жағдайлар тұрғысынан өзара айырмашылықтары болғанымен, бірдей қылмыс құрамының белгілерінен тұратын қылмыстар, ұқсас (бірдей) қылмыстар деп есептеледі.
              Мысалы, бір тұлғаның кісі өлтіру қылмысын екі рет жасауының бір – бірінен қылмыстың жасалған уақыты, орны және басқа да нақты жағдайлары тұрғысынан   өзара   айырмашылығы    болуы мүмкін, бірақ бұл ҚК-тің 96-бабында

11

қарастырылған қылмыс құрамының белгілері бойынша ұқсас (бірдей) болып келеді.
         ҚК-тің ерекше бөлімінің бірқатар нормаларында ұқсас қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуының орын алуы саралаушы мән-жайлар болып табылады. (ҚК-тің 96-бабының екінші бөлігінің “а” тармағы; 120-бабының екінші бөлігі және т.б.).
              Заңмен тікелей қарастырылған жағдайларда біртекті қылмыстардың да бірнеше мәрте жасалуы ескеріледі. Белгілі бір объектіге немесе оған ұқсас объектіге қайталап қиянат келтіруші, кінәнің түрі бірдей және басқа да объективтік және субъективті ұқсас белгілерден тұратын қылмыстар (мысалы, ұрлық, тонау, қарақшылық, т.б.) біртекті қылмыстар деп танылады. Біртекті қылмыстарды есепке алу мүмкіндігі ҚК-тің 175-бабына қатысты 3-ші ескертуде тікелей қарастырылған, атап айтқанда онда былай делінген: «Осы Кодекстің 175-181-баптарындағы бірнеше рет жасалған қылмыс деп осы бапта, сондай-ақ осы Кодекстің 248, 255, 260-баптарында көзделген бір немесе одан да көп қылмыстардан кейін жасалған қылмыс танылады». Осыған орай, бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысы, бұған дейін де мүлік ұрланғандықтан ғана емес, сонымен қатар, кінәлі тұлға жоғарыда аталған қылмыстардың бірін бұрын жасаған жағдайда да бірнеше рет жасалған деп танылатын болады.

                  Бірнеше рет жасалу ұғымы, кінәлі тұлғаның сотты болған қылмыстарымен қатар, оның қылмыстық жауаптылыққа әлі тартылмаған әрекеттерін де қамтиды. Аяқталған немесе аяқталмаған қылмыс деп саралануына, кінәлі тұлғаның бұл қылмыстардың орындаушысы немесе оған бірлесіп қатысушы болуына қарамастан, бұл әрекеттер – бірнеше рет жасалған деп танылады.
                 Бірнеше рет қайталанудың заң тұрғысынан алғандағы мәні мынада: біріншіден, жоғарыда айтылғанындай ҚК-тің 54-бабының бірінші бөлігінің “а” тармағына сәйкес сот оны жауаптылық пен жазаны ауырлататын жағдай ретінде қарастырылатындығында. Екіншіден, ҚК-тің 11-бабының бесінші бөлігіне орай «Қылмыстардың әлденеше рет жасалуы осы Кодексте неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтыратын мән-жай ретінде көзделген жағдайларда адамның жасаған қылмысы осы Кодекстің Ерекше бөлімінің қылмыстарды бірнеше мірте жасағаны үшін жазалауды көздейтін бабының тиісті бөлігі бойынша айқындалады» деп көрсетілетіндігінде.
                                                                        

12

б) Қылмыстардың жиынтығы.

                      ҚК-тің 12-бабының бірінші бөлігінде айтылғандай «ҚК-тің түрлі баптарында немесе баптарының бөліктерінде көзделген, адам солардың бірде-біреуі үшін сотталмаған немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екі немесе одан да көп әрекеттерді жасау қылмыстардың жиынтығы деп танылады». Қылмыстардың жиынтығында адам, егер жасалған әрекеттердің белгілері ҚК-тің бір бабының немесе бабының бір бөлігінің неғұрлым қатаң жаза қолдануды көздейтін нормасымен қамтылмаған болса әрбір жасалған қылмыс үшін ҚК-тің тиісті бабы немесе бабының бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.

                  Басқаша айтқанда, кінәлі тұлғаның жасаған қоғамдық қауіпті әрекеттерінің жиынтығы кезінде, қылмыстың екі немесе одан да көп құрамдары орын алады. Және де ескерілетін жай – кінәлінің жасаған істері ҚК-тің Ерекше бөлімінің түрлі баптарында немесе бір бабының әр түрлі бөліктері мен тармақтарында қарастырылған қылмыстардың белгілеріне сай болуы керек. Тұлғаның біртекті әрекеттер жасауы, ол әрекеттердің кейбіреулері аяқталған қылмыс, қалғандары қылмыс жасауға даярлану, оқталу немесе бірлесіп қатысу сияқты болып сараланса да – қылмыстардың жиынтығы болып табылады. Құрамына кіретін істердің ешқайсысы үшін тұлға бұрын сотталмаған жағдайда ғана қылмыстар жиынтығы орын алады. Ал бұдан өзге жағдайларда ол қылмыстың жиынтығы емес, қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы немесе қайталануы болады. Іс жүзінде, субъектінің қылығында қылмыстың көптігінің бірнеше түрлері, атап айтқанда, қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуы мен жиынтығы, қылмыстардың жиынтығы мен қайталануы бірден байқалатындығы жиі ұшырасады. Қылмыстардың жиынтығының түрлерінің әрқайсысының заңды салдары дербес туындайды. Бұдан басқа, жиынтықтың құрамына енетін қылмыстар бойынша, жоғарыда айтылғанындай, қылмыстық жауаптылыққа тартылудың ескіру мерзімінің өтіп кетпеуі, осы қылмыстардың біреуі бойынша қылмыстық жауаптылықтан заң жүзінде тағайындалған негіздер арқылы бұрын босатылмағандықтан болуы қажет.
          Қылмыстар жиынтығының екі түрі болады: идеалды және нақты.
Кінәлі тұлға өзінің бір  ғана әрекеті арқылы, қылмыстық заңның әртүрлі баптары

13

бойынша сараланатын екі немесе одан да көп қылмыс жасаған жағдайда идеалды жиынтық орын алады. Қылмыстар жиынтығының бұл түрі ҚК-тің 12-бабының екінші бөлігінде тікелей қарастырылған. Идеалды жиынтық әрекеттермен қатар, әрекетсіздіктен де құралуы мүмкін. Идеалды жиынтық үшін кінәлінің жасаған ісінің бір-ақ рет орын алуының, немесе ол істің әжептәуір ұзақ уақыт аралығында жасалып келгендігінің еш маңызы жоқ.

                    Үйдің ішіндегі адамды өлтіру мақсатымен сол үйді өртеп жіберу – идеалды жиынтықтың айқын, нақты үлгісі. Бұл мысалда жалғыз әрекет арқылы бірден екі қылмыс, яғни бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру (ҚК-тің 187-бабының екінші бөлігі), әрі кісі өлтіру (ҚК-тің 96-бабы) жасалып отыр. Бұл жерде, кінәлі адамның үйдің ішіндегі болу-болмауы істің айқындаушысы болып табылады. Егер де кісі өлтіру жөнінде ниет болмаған жағдайда, бұл іс өзіне тиісті жағдайларға қарай бір ғана қылмыс ретінде сараланады, атап айтқанда, бөтен мүлікті қасаөана жою немесе бүлдірудің абайсызда адам өліміне әкеліп соқтыруы (ҚК-тің 187-бабының үшінші бөлігі).

                     Тұлғаның өзінің әртүрлі әрекеттері арқылы қылмыстық заңның түрлі баптарына (бір баптың бөліктері мен тармақтарына) сай келетін бірнеше қылмыс жасауы нақты жиынтық деп қарастырылады. Мысалы, адам алдымен ұрлық, содан кейін құрақшылық жабуыл жасайды.

                     Нақты жиынтықтың идеалды жиынтықтан айырмашылығы – тұлғаның жасаған қылмыстарының арасында уақыт үзілісінің болу – болмауында. Бұл үзіліс тіпті азғандай ғана болып, бір қылмысқа екінші қылмыс ұласып отыруы мүмкін.
                     Қылмыстар жиынтығының идеалды және нақты болып бөлінуінің теориялық ғана емес, практикалық тұрғыдан да маңызы зор.
                   Біріншіден, нақты жиынтықтың болуы, әдетте, қылмыс жасаған адамның қоғам үшін анағұрлым қауіпті екендігін дәлелдейді. Ал мұның өзі жаза тағайындау кезінде соттың неғұрлым қатаң шара қолдануына әкеліп соқтырады, себебі алғашқы қылмыстың жасалуы екінші қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде ауырлатушы жағдай ретінде танылуы мүмкін (ҚК-тің 54-бабының бірінші бөлігінің “а” тармағы).     
               Екіншіден, қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі идеалды және нақты жиынтық кезінде әрқалай есептеледі.

14

                  Үшіншіден, нақта жиынтық заңмен көзделген жағдайларда бірнеше мәрте қайтлаудың саалаушы белгілерін құрауы мүмкін (ҚК-тің 175-бабына қатысты 3-ші ескерту). Ал идеалды жиынтық кезінде бұл жағдай мүлдем болмайды.
                  Қылмыстардың жиынтығын бір қылмыстың ҚК-тің Ерекше бөлімінің бірнеше баптарымен бірден қамтылатын кезіндегі нормалардың бәсекелестігінен ажырата білу керек. Жиынтықпен салыстырғанда, нормалар бәсекесі кезінде бір ғана қылмыс жасалады және сот ҚК-тің баптарының ішінен осы әрекетті саралайтындай біреуін ғана таңдап алуы тиіс.

                  Ал норманың жалпы және арнайы түрлерінің бәсекесі кезінде арнайы норма қолдануы тиіс. ҚК-тің 12-бабының үшінші бөлігінде былай делінген: “Егер белгілі бір және нақ сол әрекет осы Кодекстің тиісті баптарының жалпы және арнаулы нормаларының белгілеріне сәйкес келсе, қылмыстардың жиынтығы болмайды және қылмыстық жауаптылық осы Кодекстің Ерекше бөлімінің арнаулы норманы қамтитын бабы бойынша туындайды”. Мысалы, судьяны оны заңды қызметіне кедергі жасау үшін өлтіруді ҚК-тің қызметтік іс - әрекетін жүзеге асыруына байланысты кісі өлтіру үшін жауаптылық көзделген 96-бабының екінші бөлігінің “б” тармағына сәйкес емес, ҚК-тің сот төрелігін немесе алдын – ала тергеуді жүзеге асырушы адамдардың өміріне қол сұғу үшін жаза тағайындайтын 340-бабы бойынша саралау керек, себебі екінші норма біріншіге қатысты арнайы болып табылады.

                   Егер де арнайы нормалардың өзара бәсекесі туындаса, жазаның қандай түрі қарастырылатынына қарамастан, арнайы норма қолдануы тиіс. Сараланған және ерекше сараланған құрамдардан нормалардың бәсекесі кезінде, қылмыстың ерекше сараланған нормасынан тұратын норма қолдануы тиіс. Мысалы, ұйымдасқан топтың бірнеше рет жасаған ұрлығы саралаушы белгі ретінде бірнеше рет жасалуды қарастыратын 175-баптың екінші бөлігі мен осы баптың ерекше саралаушы белгі ретінде қылмысты ұйымдасқан топтың жасауын қарастыратын үшінші бөлігінің жиынтығы арқылы сараланбауы тиіс. Бұл жер де кінәлінің әрекеттері аталған баптың едәуір сараланған құрамнан тұратын үшінші бөлігі бойынша саралануы тиіс. Ал айыптау қорытындысы саралаушы белгілердің бәрінде яғни әрі сараланған,       әрі   ерекше сараланған    құрамдарды   құрастырушы     белгілерді   қамтуы     тиіс.

15

Артықшылықты екі құрамның бәсекелестігі кезінде (жеңілдетуші мән-жайлары бар) артықшылығы басым құрамға жол беріледі. Мысалы, жан күйзелісі жағдайында қажетті қорғаныс шегінен шығып, осының салдарынан, өзіне шабуыл жасаған адамды өлтірген тұлғаның әрекеттері бірден екі бап бойынша, яғни ҚК-тің 98 және 99-бабы бойынша саралануға тиіс, себебі оның жазалаушы шарасы жеңілдеу.
                   Сараланған және артықшылықты бар құрамдардан тұратын нормалардың бәсекесі артықшылықты құрамнан тұратын норманың пайдасына шешіледі. Мысалы, кенет пайда болған жан күйзелісі жағдайында, жәбірленушінің заңға қарсы әрекеттеріне байланысты субъекті екі адам өлтірсе, оның әрекеттері 96-баптың екінші бөлігінің “а” тармағы бойынша емес, ҚК-тің 98-бабының екінші бөлігі бойынша саралануы тиіс.

       Егер адам Қылмыстық кодекстің әртүрлі баптарында, ал жеке реттерде баптың әр бөлімдерінде қарастырылған екі немесе одан да көп қылмыстарды істесе, оның бірде біреуі үшін сотталмаса немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаса, онда оның іс-әрекеттерінде қылмыстардың жиынтығы бар деп танылады. Басқаша айтқанда, кінәлі түрде істелген іс-әрекеттерде екі немесе одан да көп қылмыстардың белгілері болады. Кінәлінің істеген іс-әрекеттері Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде көрсетілген әртүрлі баптардың әртүрлі бөлімінің немесе бір баптың бірнеше тармақтарында көрсетілген қылмыс құрамының белгілеріне сәйкес болуы керек. Сол сияқты адамның істеген біркелкі әрекетінің біреуі біткен қылмыс та, басқасы қылмысқа дайындалуды, оқталуды немесе қылмысқа қатысуды түзетін болса, онда мұндай іс-әрекеттер де қылмыстардың жиынтығы болып табылады.

Қылмыстардың жиынтығы болу үшін адам істеген іс-әрекеттердің біреуі үшін де сотталмаған немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған болуы керек, осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 65-69, 73, 76-баптарында көрсетілген шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босап, қажетті қорғану кезінде шегінен асқанына байланысты жауаптылықтан босап, жәбірленушімен татуласқанына байланысты жауаптылықтан босату, жағдайдың өзгеруіне байланысты жауаптылықтан босату, ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жауаптылықтан босату, айыптау үкімінің

16

ескіруіне байланысты жазадан босату, рақымшылық немесе кешірім актісінің негізінде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату сияқты факттер қылмыс жиынтығында орын алмауы керек.

Егер осы мәселелер болса, онда ондай іс-әрекеттерде қылмыстардың жиынтығы орын алмайды. Заң әдебиеттерінде қылмыстардың жиынтығы идеалды және нақты болып екі түрге бөлінеді.

Қылмыстардың идеалды жиынтығы деп кінәлінің бір іс-әрекетінен бірден қылмыстық заңның әртүрлі баптары, бір баптың әртүрлі бөлімдері, тармақтары бойынша сараланатын екі немесе одан да көп қылмыстардың істелуін айтамыз. Қылмыстың идеалдық жиынтығына Ш-ның іс-әрекеттері мысал бола алады. Ш өзінің танысы К-ның саяжайына келеді. Ш К-ның саяжайда қатты мас болып, ұйықтап жатқанын көріп, одан кек алу мақсатымен, есік-терезелерді сырттан мықтап бекітіп, дәлізде тұрған он литр бензинді саяжай ішіне шашып от қояды. Одан саяжай өртеніп, ішіндегі К ауыр дене жарақатын алып, төрт тәуліктен соң ауруханада қайтыс болады. Ш бір әрекетімен бөтеннің мүлкін өрт қою арқылы құрттқан (187-баптың 2-бөлімінің «а» тармағы), кісіні кек алу мақсатымен қасақана өлтірген (96-баптың 1-бөлімі).

Егер кінәлі адам бір іс-әрекет арқылы бір мезгілде қылмыс істеуге оқталумен бірге екінші бір біткен қылмыс құрамын орындаса, ол да қылмыстардың идеалдық жиынтығы болады.

                  Бөлшек пен бүтіннің бәсекелестігі кезінде де қылмыстардың жиынтығы болмайды (бір қылмысты әрекет басқа қылмыстың міндетті белгісі болып табылған кезде). Әдеттегідей мысал ретінде қарақшылықты айтуға болады (ҚК-тің 179-бабы). Шабуыл кезінде жәбірленушінің өмірі не денсаулығы үшін қауіпті болып табылатын күш қолдану оның міндетті белгілерінің бірі болып табылады. Егер де қарақшылық шабуыл жасау барысында кінәлі жәбірленушінің денсаулығына залал келтірсе, оның әрекеттері ҚК-тің осындай залал тигізгендік үшін жауаптылық қарастыратын баптарының жиынтығы арқылы саралануды қажет етпейді. Бұл жағдайда істелгеннің бәріне неғұрлым толық заңды саралаушы норма, яғни ҚК-тің 179-бабы қолданылады.

                    Егер де басқа қылмысты жасаудың тәсілі болып табылатын әрекет, бұл

17

қылмыстың заң арқылы қарастырылатын міндетті белгісі болып табылмаса, мұндай әрекет жеке қылмыс ретінде танылып, істелген әрекеттердің барлығы ҚК-тің Ерекше бөлімінің тиісті баптарының жиынтығы бойынша сараланады. Мысалы, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алудың немесе ысырап етудің жолы болып табылатын қызметтік жалғандық жасау, ҚК-тің мұндай мүлік ұрлау үшін жауаптылық қарастырылатын баптарының (ҚК-тің 176, 180-баптарының) белгілерімен қамтыла алмайды, сондықтан ол ҚК-тің 314-бабы бойынша қосымша саралануы тиіс. Қылмыстардың жиынтығының заң тұрғысынан алғандағы мәні, оның орын алған кезінде, ҚК-тің 12-бабының бірінші бөлігіне сәйкес тұлғаның әрбір

Информация о работе қылмыстың көптілігі