Тақырыптың өзектілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 16:16, реферат

Описание

Кеңестік одақтың ыдырауынан кейін Қазақстанда тамыры тәуелсіздік, зайырлы, демократияшыл принциптерге негізделген мемлекет қалыптастыруға бағыт алынып, қоғамда нарықтық экономика жолына түсу, демократиялық институттарды құру үрдістері басталды.

Работа состоит из  1 файл

Жана жумыс.doc

— 232.50 Кб (Скачать документ)
 

    Анықтама 

    Бұл ғылыми жобада сәйкес анықтамалары бар терминдер қолданылды:

    Кеден – тауарлар мен көлік құралдарын, заттар мен өзге де нәрселерді кеден шекарасынан алып өту тәртібін, кеден режимдерінің қолданылуын және кеден төлемдерінің алынуын қамтамасыз етуші, кеден бақылауы мен кеден ресімдеуін, т.б. жүргізуші мемлекеттік орган.

    Кеден саясаты – кеден бақылауы құралдарының неғұрлым тиімді пайдалануын қамтамасыз ету және кеден шекарасы ішінде тауар айырбасын реттеу, ішкі нарықты қорғау және ұлттық экономиканы дамыту үшін мемлекет жүзеге асыратын шаралар кешені.

    Кеден бажы -  белгілі бір елдің кеден органдары өзінің кеден аумағына тауарлар әкелінгенде алатын және осындай әкелім мен әкетілімнің ажырағысыз шарты болып табылатын міндетті жарна.

    Кеден тарифтері – белгілі бір елдің кеден шекарасынан өткізілетін тауарларға қолданылатын кеден баждары мөлшерлемелерінің жиынтығы.

    Кедендік  бақылау – елдің кеден ісі жөніндегі заңнамасының және халықаралық шарттардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында кеден органдары қабылдайтын шаралар жиынтығы.

    Кедендік  протекционизм – баждарды жоғарылату немесе төмендету, қосымша импорт жәнее экспорт салықтары мен алымдары.

    Контрабанда – кеден заңнамасын бұзып, тауарларды, валютаны және басқа құндылықтарды мемлекеттік шекарадан құпия алып өту, сондай-ақ, шекарадан заңсыз өткізілген тауардың өзі.

    Протекционизм – мемлекеттің өз тауар өндірушілерін көтермелеуге, олардың мүдделерін кеден, валюта немесе несие саясатының көмегімен ішкі және сыртқы нарықтарда шетелдік бәсекеден қорғауға бағытталған экономикалық саясат.

    Фискалдық саясат – үкіметтің шығындары мен кірістерін реттеу жөніндегі мемлекеттің қаржы шараларының жиынтығы, экономиканы реттеудің аса маңызды тұтқаларының бірі.

    Фискалдық баждар – мемлекеттік бюджетке табыс алу мақсатымен белгіленетін кеден бажы, кеден салығының тарихи тұрғыда неғұрлым ертеректегі түрі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

    Тақырыптың  өзектілігі: Тәуелсіз туымыз желбіреп, егеменді ел болғаннан бері жаңа көзқарасты қажет еткен тарих ғылымдарындағы шектен шет қалмайтын маңызды мәселелердің бірі Қазақстанның экономикалық,  сауда – саттық байланысындағы даму тарихы.

    «Мемлекеттер бір-бірінен жеке өз мақсаттарымен, құралдарымен және басшыларымен бөлініп тұрғанға дейін кедендерде қажеттілік болады», - деп жүзден астам жыл бұрын тамаша орыс ғалымы Д.И. Менделеев айтқан болатын. Осы тұжырым ХХІ ғасырдың басында да өзінің мағынасын жоғалтқан жоқ [1,4].

    Кеңестік  одақтың ыдырауынан кейін Қазақстанда тамыры тәуелсіздік, зайырлы, демократияшыл принциптерге негізделген мемлекет қалыптастыруға бағыт алынып, қоғамда нарықтық экономика жолына түсу, демократиялық институттарды құру үрдістері басталды. Тәуелсіздікке жету, саяси-экономикалық либерализация, елдің нарықтық даму жолына тұрақтауы мемлекеттің нарықтық экономика талаптарына сәйкес құрылымдарын дамыту қажеттілігін тудырды. Елімізде болып жатқан күрделі, ауқымды өзгерістер тұсында өзінің табиғи қызметі бойынша нарықтық қатынастардың жетелеуші институттарына негізделу қажет. Осындай мемлекет өміршеңдігі деңгейіндегі маңызға ие қазіргі құбылысқа - кедендік іс жатады. Егер де, қазақ даласының Ресей империясының қоластындағы кезеңде аталған сала белгілі бір дәрежеде дамыса, жетпіс жылдық кеңестік кезде орталықтанған, жоспарлы экономика жағдайында аталған сала құрылымдарының маңызы мен қызметі шектелді. Сондықтан, Қазақстан үшін толық таным болмаған даму жолының айнымас құрылымдарын, құбылыстарын түсініп, қолдана білу үшін оның тарихи тәжірибесін зерделеу қажет.

    Жалпы,ғылыми жұртшылықтын мойындағанындай «таможня» (кеден) деген сөз ежелгі түркі  тілінің «тамға» деген сөзінен шыққан.Ол баж салығын алу деген ғана емес сонымен қатар «таңба басу», «белгі салу», «ерекше белгі» дегенді білдіреді [23,7].

    Бүкіл өзгерістер мен жаңалықтардың басталар жері мен үкімет саясатының алғаш  жүзеге асар орыны болып табылатын қалалар тарихы, ал оның сауда байланысындағы кеден ісі бөлінбес бөлшегі болып табылады. Жергілікті жердің даму тәжірибесін терең зерттеу барысында қоғамның әлеуметтік –экономикалық және саяси үрдістер болып жатқан мәселелердің себептері мен мазмұнын терең түсінуге мүмкіндік береді. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы саяси-қоғамдық өзгерістер кеңестік тарихи тұғырнама мен әдістемелік негіздеменің дағдарысын білдірді. Коммунисттік идеология мен тарихи тағлымды тек марксисттік-таптық көзқарас тұрғысынан зерделеу жаңа жағдайда дәрменсіздігін көрсетті. Тәуелсіздік кезеңінде тарих ғылымына қатысты саяси «цензура» жойылып, төл тарихымыздың жан-жақты тұстарына объективтілік тұрғысынан баға берілді. Осындай күрделі мәселелер қатарына Ресейдің қазақ даласын отарлау кезеңі да жатты. Алайда, патша үкіметінің өлкені отарлаудың саяси, әскери және қоныстандыру шараларын зерттеуге басым назар бөлінсе, оның экономикалық тұстары толыққанды зерттелген емес. Ал, аймақты экономикалық отарлау саясатының маңызды құралы - кедендік қызмет бойынша арнайы зерттеу жұмыстары жоқтың қасы, мәселе төңірегінде жанама зерттеулердің болуына қарамастан, мәселенің зерттелу деңгейі қанағатсыз жағдайда. Бүгінгі күні ғылыми айналымға қосылуға тиісті мұрағаттық және басқа да деректер Ресей империясының аймақтағы кедендік саясаты отарлау саясатының құрамдас бөлігі болып, оның жалпы отарлаушылық мүдделермен үндестігі, ортақтастығы, аймақтағы кедендік істің Ресей үшін өлкедегі экономикалық мүдделерінің қорғау құралына айналғаны туралы пайымдауға мүмкіндік береді. Қытаймен шекарадағы кедендік құрылымдар отарлау саясатының, ресейлік отарлармен шекаралас өлкелерге экономикалық экспансия саясатының құралы болғанын дәлелдейді.

    XX ғасырдың басында Қазақстан   Қытай мен Монғолияның батыс  аймақтарымен сауда және экономикалық байланыстар орнатуға ыңғайлы орталық есебінде қызмет етті. Өңірдегі кеден ісінің қалыптасуып, нығаюы  өңір тарихында аса маңызды орын алатыны белгілі.  Кеден арқылы өткізілген тауарларды жеткізетін саудагерлер мен көпестер  аймақта патша үкіметі тарапынан экономикалық, сауда саясатынан ықпалын тигізгені анық.

    Ғылыми  жұмыстың   тақырыбын өзектейтін болсақ,патша үкіметі тұсында Қазақстан шет елдермен сауда – саттық байланысын қадағалау, реттеу мақсатында құрылған кеден орталығының қызметін, даму тарихын қарастыру, зерттеу,  саралау сонымен қатар, өңірдің тарихындағы елеулі сауда – экономикалық қарым - қатынаста кеден ісінің тарихи маңызын көрсету,  бүгінгі күндегі көкейтесті мәселе  болып отыр.Сондықтан, өлкедегі Ресейдің отаршылдық экономикалық саясатының бейнесін толыққанды ашып-көрсету үшін отандық тарихтың өзекті мәселелер қатарына жататын өлкедегі кедендік іс тарихына ден қойып, арнайы зерттеуді талап етеді. 
 

Зерттелу  деңгейі: А.Аубакиров, Г.Қасымованың 2004 жылы жарық көрген «Торговые связи Семипалатинского Прииртышья» (XVIII-XX вв.) документтер жинағының қалалар тарихының тарихнамасына қосар үлесі зор[2]. Жинақталған архив құжаттарындағы мәліметтер  ғылыми жұмыстың негізі тірегіне айналды.

     Ерекше  атап өтетіні 80-ші жылдардың аяғында Ж.Қ. Қасымбаевтың «Семипалатинский таможенный округ в системе торговли России с империей Цин в 90-е годы XIX века» атты мақаласы Батыс Қытаймен шекарадағы кедендік істі зерттеу объектісіне айналдырған алғашқы мақалаға айналды [59]. Автор Қазақ КСР-ның Орталық мемлекеттік мұрағатының тың деректерін алғаш рет айналымға енгізе отырып, өлкедегі кедендік құрылымдарды ұйымдастыру үдерісін, олардың қызметінің деңгейін және орыс-қытай саудасындағы рөлін айқындауға тырысады. Дәл осы мәліметтер кеңестік кезең тарихнамасының соңғы кезеңдерінде Ж.Қасымбаевтың Шығыс Қазақстан қалаларының тарихына арналған «Города Восточного Казахстана» атты еңбегінде сауда тарихын зерттеу барысында жарық көрді [60]. Қасымбаевтың зерттеулерімен қатар, Шыңжаңдағы 1871-1881 жылдардағы саяси жағдайға қатысты орыс-қытай қарым-қатынастары аясында сауда мүдделерін қозғайтын А.К. Сүтееваның ғылыми диссертациясы шықты [61].

Кеңестік  тарихнаманы сараптай келе, кедендік сала тарихы ғалымдардың зерттеу  объектісіне айналған ірі еңбектері  туындаған жоқ, ал оның ішінде Қазақстан территориясында кедендік істің тарихы аймақтық орыс-қытай саудасының тарихын зерттеу тұрғысынан қозғалып, арнайы зерттеу жұмысының объектісіне айналмады деген қорытынды жасауға болады.

   Тәуелсіздік жылдарындағы тарих ғылымындағы кеңестік идология мен таптық көзқарастан арылу ХІХ ғасырдағы Ресейдің Қазақстандағы жүргізген саясатына объективті баға беру қажеттілігін тудырды. Осы кезеңде әкімшіліктік институттар тарихына арналған Б.М. Абдрахманованың еңбегі жарық көреді [62]. Елдегі экономикалық өзгерістер, Қазақстанның нарықтық қатынастар жүйесіне өтуі ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы экономикалық тарихқа ерекше назардың өсуін білдірді. Тәуелсіздік жылдары осы бағытта Қ.Ж. Абиловтың кәсіпкерлік тарихына арналған еңбегі жазылады [63]. Кедендік іс пен кедендік саясат тарихына қызығушылық оның алдына мемлекеттің қойған міндеттерімен анықталды. Кедендік органдардың қызметін толық қалпына келтіру, қазынаның кірістік бөлігін толықтыру бойынша оның жүзеге асыратын ерекше рөлі – осының барлығы Қазақстандағы кедендік іс пен кедендік саясат тарихы мәселелеріне белсенді қызығушылықты тудырып, оның жеке мәселелерін ғылыми тұрғыдан зерттеудің қажеттілігін жоғарылатты. Алайда, кедендік істің тарихы осы күнге дейін ғылыми негізге қойылған ірі зерттеулердің объектісіне айналған жоқ. Кеңестік кезеңде басталған Ж.Қасымбаевтың Ресей империясы мен Қытай арасындағы Шыңжаң арқылы сауда байланыстары бойынша зерттеулері отандық тарихымыздың жаңа кезеңінде де жалғасты. Ғалым кедендік мәселелерге арналған ізденістерін «Казахстан – Китай: караванная торговля в ХІХ – начале ХХ веков» атты еңбегінде жариялады [64]. Осы еңбекте автор кедендік сала бойынша аймақтағы оның туындауының объективті және субъективті себептерін анықтап, Семей кедендік аймағының орыс-қытай саудасындағы қызметін сипаттайды. Орталық мемлекеттік мұрағаттағы жинақталған №800 қордағы, сонымен қатар №64 қорлардың деректерді, Петербордағы Ресей мемлекеттік тарихи мұрағаттың, Омбы облысының мемлекеттік мұрағатының деректерін кеңінен ғылыми айналымға енеді. Алайда, автордың зерттеу объектісі кедендік саланың қалыптасуы мен дамуы болмағандықтан, мәселе автордың еңбектерінде шолу ретінде көтеріледі. Бірақ осыған қарамастан, өлкедегі кедендік саланың қалыптасуы мен дамуының тарихын зерттеген алғаш дарынды ғалым Ж.Қ.Қасымбаев мәселені зерттеуге негіз салып, болашақ зерттеудің бағытын, негізгі мәселелерін айқындап берді. Ж. Қасымбаевтың еңбектерімен қатар Қазақстанның тәуелсіздік кезеңіндегі тарихнамасында қазақ даласы арқылы орнаған орыс-қытай сауда байланыстары аясында зерттеулер де туындаған болатын. Олардың негізгілері – С.Б. Кожированың және В.В. Галиевтың зерттеулері еді [65-66]. Егер де бірінші ғалымның «Российско-китайская торговля в Центральной Азии (Вторая половина ХІХ- начало ХХ вв.)» атты еңбегінде Ресейдің Батыс Қытайдағы сауда мүдделері және оның орыс-қытай келісімдерінде орын алу мәселелері қарастырылса, В.В. Галиевтың «Казахстан в системе росийско-китайских торгово-экономических отношении в Синьцзяне (конец XIX - начало XX вв.)» атты зерттеу жұмысында өлкедегі кедендік саланың қалыптасуы мен дамуының тарихына бір бөлімше арналады. Автор Ж.Қ. Қасымбаевтың алдыңғы кездегі тәжірибесіне негізделе отырып, мәселенің ауқымын кеңейтуге тырысады. Ол 1899 жылы кедендік жүйені қайта құру үдерісіне басым назар аударып, мәселе бойынша ғылыми айналымға бірқатар еңбектерді қосады. Алайда, В.В. Галиевтың зерттеу бағыты мен объектісі кедендік сала мен саясат мәселелері болмағандықтан, оның сауда мәселелеріне арналған еңбегінде кедендік мәселелер жанама түрде қозғалады. Қазақ-қытай қарым-қатынастары аясында өзара экономикалық байланыстар тақырыбын көтерген Н. Мұхаметханұлының еңбегін, Орта Азиядағы қытай дипломатиясына арналған К.Ш. Хафизованың зерттеу жұмысын атап өту қажет [67-68]. Тәуелсіздік кезеңіндегі кедендік саланың маңызды мемлекеттік институт ретінде қалыптасуына байланысты оның тарихына біршама қызығушылықтың өсуіне әкелді.

Қазақстан ғылым саласында кеден ісіне  қатысты жеке монографиялық жинақтар тізбегіне, негізінен Тілемісов Н.Х. Қазақстандағы кеден тарихы (сауда жолдарынан кеден жүйесіне дейін) еңбегін қарастырамыз. Аталған оқулықтардың ХVІІІ-ХІХ ғғ. Қазақстан территориясында кедендік іс тарихын зерттеу деңгейі төмен, кедендік іс тарихын ашуда жалпыресейлік мәліметтер қолданылады.

    Жалпы Қазақстан территориясындағы ХVІІІ–ХІХғғ.аралығында кедендік іс тарихының жалпыресейлік және отандық тарихнамасын сараптай келе, мәселеге тікелей байланысты көлемді зерттеулер жоқ, мәселенің тарихнамасы тек жанама зерттеулермен: Ресейдің жалпы кедендік саясатына, сауда-экономикалық байланыстар тарихына, орыс-қытай саяси-дипломатиялық қарым-қатынас тарихына арналған еңбектермен шектеледі. Бұл зерттеулерде Қазақстан территориясындағы ХVІІІ – ХІХ ғғ.аралығында кедендік іс тарихы зерттеу объектісі болмағандықтан, мәселе күрделі және негізделген саралаудан өткен жоқ деп тұжырымдауға болады.

    Ғылыми  жобаның мақсаты  мен міндеттері:

    Семей өңіріндегі кеден ісінің тарихын зерделеу, саудадағы қызметін,  маңызын қарастыру – ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады. Кеден ісінің пайда болуының алғышарттары, қалыптасуы мен даму тарихы Семей өңіріне саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени-рухани дамуындағы маңызын ашып көрсету ғылыми жұмыстың алға қойған мақсатына сәйкес төмендегідей негізгі міндеттерді айқындайды:

  • -   ХVIII ғасырдың ІІ жартысындағы  Семей өңірінде кеден ісінің қалыптасуының  алғы шарттарын айшықтайтын деректерді жүйелеу;
  • -   Семей   өңірінде кеденнің орналасуы  және қызметін қарастыру;
  • -   ХІХ ғасырдағы Семей өңіріндегі  кеден ісінің даму тарихының ерекшелігін зерделеп, көрсету;
  • -  Семей өңірінің саяси, экономикалық дамуына кеден ісінің тигізген әсерін анықтап, баяндау;
  • -  Кеден ісі және өңірдің әлеуметтік – мәдени жағдайын саралап, айқындау.
  •      Хронологиялық шеңбері: Тақырыпты зерттеу барысында Қазақстандағы кеден ісінің ХVІІІ  ғасырдың ІІ жартысынан – ХХ ғасырдың  аралығындағы   кезеңді қамтиды.

        Зерттеу объектісі: Қазақстан территориясында  шет елдермен  сауда қарым –  қатынастар және кеден ісінің қызметіне  қатысты нақты тарихи оқиғалары. Қазақстан территориясында кедендік істің қалыптасуы Батыс Қытаймен ресейлік мемлекеттік шекара бойымен жүзеге асқаны анықталды. Сондықтан, зерттеудің территориялық шеңберін қазіргі Қазақстанның Батыс Қытай шекарасымен шектеуге тура келді.

    Информация о работе Тақырыптың өзектілігі