Тақырыптың өзектілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 16:16, реферат

Описание

Кеңестік одақтың ыдырауынан кейін Қазақстанда тамыры тәуелсіздік, зайырлы, демократияшыл принциптерге негізделген мемлекет қалыптастыруға бағыт алынып, қоғамда нарықтық экономика жолына түсу, демократиялық институттарды құру үрдістері басталды.

Работа состоит из  1 файл

Жана жумыс.doc

— 232.50 Кб (Скачать документ)

     Ғылыми  болжам:  Жаңа заман Қазақстан тарихын, сауда байланыстарда, Семей өңірінің тарихын оқытуда деректерді қолдану, тақырыпты мектепте оқытудың ғылыми-әдістемелік талаптарын қолдану, тарихи білімдерді қалыптастыруда неғұрлым жоғары дәрежеде ұйымдастыруға жағдай жасайды.

     Ғылыми жұмыстың методологиялық негізі: Зерттеу методологиясы объективтік, тарихилық, жүйелік және даму сияқты ғылыми таным принциптеріне негізделеді, сондай-ақ Патша үкіметі тұсында жүргізілген архив құжаттары негізінде мүмкіндігінше объективті тұрғыдан түсіндіруге бағытталған, әрі жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан жазылған еңбектер басшылыққа алынды.

    Нақты фактілі материалды зерделу ғылыми зерттеудің талдау және жинақтау, жүйелендіру, салыстыру т.б. Жалпыға белгілі  әдістері негізінде жүргізілуде.

    Ғылыми  жұмыстың құрылымы:  Кіріспеден,  2 тараудан,  қорытынды, қосымшалардан, қолданылған әдебиеттер  тізімінен тұрады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

              1. Қазақстандағы  кеден ісінің қалыптасуы  мен даму  тарихы   

1.1. Кеден  ісінің қалыптасуының  алғы  шарттары, кедендік істің бастамасы. 

    Әрбір мемлекет өзінің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысады. Осы орайда, оны жүзеге асыру құралдарының бірі ретінде кедендік сала бойынша мемлекет мүдделерін қорғау, яғни өзінің территориясында өндірілген өнеркәсіптік және басқа да тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, шетел тауарларына кедендік протекционисттік, ал кейде тіпті, тыйым салушы тарифтер енгізу шаралары белгілі. Мемлекет өз тауарларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы ішкі экономикалық тұрақтылықтың негізін салуды көздейді. Бұл болса, әрбір мемлекеттің өміршеңдігінің және бәсекеге қабілеттілігің кепілі болып табылады.

      «Кеден»  (таможня) деген атау біздің мемлекетімізге қазірдің өзінде құлаққа сіністі , үйреншікті болып кетті және ол кеден шекарасындағы (тек ондағы ғана емес)мемлекеттік органдардың атқаратын қызметімен тең мағынада қолданылады .Алайда, «өткен ғасырларда бұл сөз (таможня – авт.) қазір ұмыт болып кеткен ,бірақ қайтадан толық қалпына келтіруге болатын «протамга» - кеденге соқпай кеткені үшін алынатын өсім ақша, «протаможье» - тауарларды шекерадан заңсыз алып өткені үшін алынатын өсім ақша, «протаможиться» - тауарларды кеденге соқпай заңсыз алып өткені үшін айыпты болу – сияқты сөздер тудыратын түбір болған» деп жазады М.К Барманқұлов [2].

     Ресей көпестерінің қазақтармен, сондай-ақ, Бұқара және Хиуа көпестерімен XVI-XVIII ғасырларда жасасқан сауда-саттық ісі негізінен алғанда екі бағыт бойынша: Еділ бойы және Батыс Сібір бағыттарында жүргізіліп келді. Орыс-қазақ сауда-саттық байланыстарының бұл кезеңдегі ірі-ірі орталықтары Тара, Түмен, Том және Тобыл сияқты Сібір калалары еді.  XVIII ғасырдың 30-жылдарынан бастап Қазақстанның экономикалық дамуы мен игерілуінде сапасы жағынан жаңа кезең басталды. Қазақ жері Ресей құрамына кірген кезден бастап Қазакстанның Ресей және Орталық Азия көпестері үшін сауда-саттық байланыстарын орнатудағы транзиттік пункт ретіндегі рөлі едәуір күшейе түсті. Оның үстіне бұл аймақтың аумағы Ресей мемлекеті үшін өнім өткізетін рынок және қажетті шикізат қорларының қайнар көзі ретінде зор маңызы болды.

     XVIII ғасырдың орта  кезінде Ресейдің  билеуші топтарының  қазақтармен сауда-саттық  айырбас жасауды  күшейту жөніндегі  ұмтылысы кең-байтақ  даланың неғұрлым  ықпалды билеушілері  тарапынан білдірілген  жауап инициативасын  елі де жиі-жиі  кездестіріп отырды. Бұл ретте Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан елшілерінің 1739 жылы Түмен қаласына баруы есте қаларлық елеулі оқиға болды. Олар Шұбаркөл бекінісінде орыс көпестері қазақтармен сауда-саттык жасайтын орынның шұғыл түрде ашылуын барынша қалайтындарын білдірген еді. Мұндай өтініштер шекаралық әкімшілік орындарына XVIII ғасырдын 40-60-жылдары қазақ сұлтандары мен билеріне де түскен болатын. Олар да сауда - саттық айырбас жасалатын орындардың Сібірдегі басқа бекіністерде де ашылуын өтінген-ді.

     Қазақ  халқының Ресеймен тауар  айналымының көлемін  арттыра түсуге деген  ұмтылысын мынадай  деректер айқын көрсетеді: орыс көпестерімен сауда-саттык жасаған қазақтардың  саны XVIII ғасырдын соңына қарай Орталық  Азиямен сауда-саттық жасаушылардың санынан  әлде қайда асып түскен. Бұл кезде Орталық Азия хандықтарымен 217 мың қазақстандық отбасы, ал Ресеймен 300 мыңға тарта қазақстандық отбасы сауда-саттық жүргізіп келген [].

     Ресейдегі коммерция өкілдері қазақтармен жүргізілетін жергілікті сауда-саттықтан  түсетін пайда мөлшерін мұқият есептей келіп, оны ортаазиялық көпестермен сауда-саттық жүргізумен салыстырғанда әлде қайда артық әрі тиімді деп санады. Коммерц алқаның бұрынғы президенті А.Р.Воронцов 1806 жылы бұл жөнінде былай деп жазды: "біздің қырғыздармен (қазақтармен - авт.) сауда-саттық жасауымыз әлдеқайда қажеттірек, өйткені баж салығы түгелдей дерлік солардан жиналады, Бұхара тауарларында ондай табыс жоқ". XIX ғасырдың орта кезіндегі белгілі шығыстанушы ғалым әрі мемлекеттік лауазым иесі В.В.Григорьев өз кезегінде орыс көпестерінің қысқа мерзім ішінде-ақ қазақтармен "тауар айналымы жағынан өте-мөте маңызды әрі өздері үшін барынша пайдалы сауда-саттық айырбас жасауға қол жеткізгенін" жазды. Оның бұл пікірін сол кезде елдің шығысында жүргізілуі тиіс болған мемлекеттік экономикалық саясатты жасаушы лауазымды орыс қызметкерлері мен экономистерінің басым көпшілігі қолдады.

     Ресей мемлекетінің шенеуніктері рынок конъюктурасын, отандық өндірістің шығаратын тауарларына  деген сұранысты  егжей-тегжейлі зерттей  келіп, әртүрлі аймақтар мен шекаралық қалаларда жүргізілетін сауда-саттық барысындағы тауар айырбасының артықшылықтарын көріп-біліп, дұрыс бағалай білді. Ғалымдардың революцияға дейінгі зерттеу материалдарында Орынбордағы сауда-саттық жасалатын айырбас сарайына коммерция тұрғысынан алғанда Ресейдің шығысындағы болашағы зор пункт ретінде әркашан баса көңіл бөлініп келді. И.П.Фальктің деректеріне қарағанда, XVIII ғасырдың 50-70 жылдарында Орынбор кеденінде жыл сайын жиналатын баж салығынын жалпы сомасы 40 мыңнан 50 мың сомға дейін жететін. Ал сол кезде Троицкіде жыл сайын жиналатын баж салығының мөлшері 15-20 мың сомнан аса коймайтын.

   Ресей коммерциясының өкілдері сонымен қатар жоғарғы Ертіс бойындағы бекіністерде жасалатын сыртқы сауданың жағдайына да баса назар аударып отырды. Өйткені ондағы "қырғыздармен тауар айырбасын жасау... мұндағы көпестер үшін өте-мөте тиімді" еді. Осы жағдайға сәйкес жалпы орыс-қазақ сауда-саттығы мен Қазақ даласының шығысындағы транзитті сауда-саттықтың максатқа лайық тиімділігінің негізгі екі кепілді белгісі айқындалды: біріншіден, жергілікті тұқымның (жылқының) жоғары сапалы болуы, екіншіден, "Сібір қырғыздарының" (қазақтардың - авт.) рыноктағы нақты бағадан хабарсыз болуының салдарынан тауарларды өзара тең эквивалентті емес бағамен айырбас жасау мүмкіндігі бар еді.

Орыс  көпестерінің берген мәліметтеріне негізделген  деректер бойынша, XIX ғасырдың алғашкы  онжылдықтары кезінде  Ертіс бекініс  шебіндегі сауда-саттық айырбас жасалатын  пункттерге жыл сайын 150 мыңға жуық жылқы, 3 миллион қой, 100 мың өгіз жеткізілетін. Мұның жалпы құнының мөлшері 8 миллион сомға дейін баратын. Тауарлардың өзге түрлеріне келетін болсақ, олар негізінен малдың тоң майы, жүн-жұрқа, қымбат бағалы аң терілері, малдың иленбеген шикі терілері, сондай-ақ қазақ қолөнер шеберлері жасаған, казачество мен қоныс аударып келген жергілікті шаруалар өздерінің отбасында пайдаланатын бұйымдар болып табылатын.

     Солай бола тұрса да Сібір  кедендерінде жасалатын  сауда-саттық айырбастан түсетін табыс  мөлшері Орынбор  мен Троицкіде  жиналатын баж салығының мөлшерімен салыстырғанда әлдеқайда аз болатын. 1779 жылдан мен 1785 жылға дейінгі аралықта Орынборда жиналған кедендік алымдардын мөлшері жыл сайын 43 мың 280 сомнан 210 мың 615 сомға жететін. Ал, осы мерзімде жиналған кедендік алымдардың жылдық мөлшері Семейде 3 мың 340 сомнан 10 мың 516 сом, Ямышев бекінісінде — 77 сомнан 567 сом, Өскеменде - 107 сомнан 1 мын 801 сом аралығында кұбыла езгеріп тұрды. XIX ғасырдың алғашқы онжылдықтары кезінде бұл жағдай негізінен өзгеріссіз  қала берді. Орынборда жиналатын баж салығының мөлшері Сібір бекініс шебіндегі сауда-саттық жасалатын неғүрлым ірі орталыктар - Семей мен Петропавлдағы "ең жоғары деген алымдардың мөлшерінен" шамамен 16-20 есе асып түсіп отырты. Мұндай үлкен айырмашылықтың басты себептері, түпнұска деректерде бір ауыздан атап көрсетілгеніндей жақсы жолға қойылған коммуникациялардың жоқтығында және қазақ даласындағы саяси жағдайдың тұрақсыздығында жатқан болатын.

  Міне, осы жағдайларға  байланысты Ресей  бұған дейін өзіне  қосып алған аумақтарда өз ықпалын түпкілікті нығайта түсу үшін XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдың бас кезінде бірқатар жобаларды жанталаса шұғыл түрде жасаумен болды.Г.И.Потемкин-Таврический, Я.И.Боувер, Г.Э.Штрандман және Г.И.Глазенап сияқты кейбір жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлердің жасаған жобалары едәуір қызықты да тартымды болуымен назар аударды. Өйткені оларда XIX ғасырдың 20-жылдарында әйгілі Қазақ-Сібір ведомствосы туралы реформалардың негізіне алынған көптеген нақты практикалық ұсыныстар кеңінен қамтылған болатын. Ал ол ұсыныстар қазақ халқының қоғамдық-экономикалық құрылымын жаңаша қалыптастыруды көздейтін еді.

     Азиялық көпестерінің сауда  операцияларын бақылау  мақсатында  1728 жылдан кеден мекемесі құрылды. Алғашқы жылдары  Семей кедені Москвадағы Мемлекеттік Комерц-Коллегия бас басқармасында орналасқан Сібір жарлығына бағынды. 1776 жылы Батыс-Сібір генерал-губернаторы бекіністің жаңа жобасын жасау үшін капитан И.Г.Андреевті жіберді. Дарынды инженер, бекіністерді қайта салып,  жолдар,  көпірлер салды,  жолдар мен  қоршаулардың, бекіністердің жоспары мен картасын түсірді. Жаңа бекініске ескі бекініс тұрғындары, казактар, әскери қызметкерлер, сол сияқты саудагер адамдардың бөлігі көшіп келе бастады. 1854 жылдың 1 қазанында Семей облысының салтанатты ашылуы болды. Шағын ғана Семей қаласы бірден облыстыққа айналды. Қайта  құрылған облыс Ресей империясы құрамындағы ең көлемдісі болды.   Қалалық дума мен Қалалық сот бекітіледі [5,12].

    Ресей империясының Батыс Қытаймен шекарасындағы  кедендік саясатының қалыптасу үрдісі бірден туындаған дербес құбылыс емес, оның негізінде әртүрлі мүдделер астары жатыр. Аймақтағы кедендік саясат геосаяси, экономикалық, элитарлық мүдделерінің арақатынасы нәтижесінде қалыптасып, аталған мүдделердің талаптарына сәйкес өзінің бағыт-бағдарын өзгертіп, дамып отырды. Негізінде, ол жоғарыда аталған мүдделердің ымырасының нәтижесі болатын. Бұл ретте ресей-қытай қарым-қатынасының да маңызды орын алғанын, оның белгілі бір дәрежеде кедендік саясатқа әсерінің болғанын да атау қажет. Сонымен қатар, аймақтағы кедендік саясаттың бүкілресейлік кедендік саясаттың құрамдас бөлігі болуына байланысты оның негізгі тенденцияларының әсеріне де шалдықты. Алайда, Батыс Қытаймен шекаралас өлкедегі геосаяси жағдайға қарай өзінің спецификасы сақталды.

     Геосаяси мүдде тұрғысынан алғанда, ең алдымен, кедендік саясаттың Ресейдің Қазақстан мен Орта Азиядағы саясатымен үндестігін байқауға болады. ХІХ ғасырдың 60-80-ші жылдары Ресей империясы Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны жаулауға бағытталған әскери операцияларды жүзеге асырып, ғасырдың аяғына таман Дала және Түркістан өлкелерінің құрамына кірген ірі территорияларға иеленді. Алайда, қарудың көмегімен аймақты бағындыру өлкенің империя құрамына шаруашылық-экономикалық жүйесіне кіруіне кепіл бола алмады. Сондықтан, Батыс Қытаймен шекаралас Қазақстан мен Орта Азия аумағын өзінің қарамағында сақтап қалудың бірден-бір жолы оны экономикалық тұрғыдан бағындыру еді. Аймақты экономикалық бағындырудың жолы ресейлік капиталды кеңінен енгізу, шикізат қорларын игеру, ресейлік мануфактуралық тауарлардың саудада үстемдігіне жағдай жасау, жергілікті нарықтарды ішкі нарықтарға тәуелділігін қамтамасыз ету болатын. Аталған жағдайды жүзеге асыру үшін мемлекеттік құрылымдар тарапынан кеңінен кедендік саясат құралдары қолданылды. Өзгеше сөзбен айтқанда, Ресей империясының жаулап алған Қазақстан мен Орта Азиялық иеліктерді иеленуінің, үстемдігінің кепілі жаңа белгіленген шекараларда өнеркәсіптік даму деңгейі жоғары елдерге қатысты қатал протекционисттік кедендік саясат ұстанып, оны кедендік құрылымдар жүйесі арқылы жүзеге асыру еді..  
 
 
 
 

  • 1.2.Қазақстан  аумағында кеденнің  орналасуы және  даму тарихы. 
  •       ХVIII ғасырдың 60-шы жылдарының орта шеніне дейін Қазақстан территориясында кедендік іс біршама қалыптасып дамыған еді. Осы кезеңде ресей-ортаазиялық, ресей-батыс қытайлық саудасыСібір және Орынбор кедендік шеп құрылымдары: Орынбор, Троицк, Ор, Петропавл және Семей кедендері, Ор, Звериноголовск, Павлодар, Калмыковская, Омбы, Пресногорьковская, Өскемен кедендік заставалары арқылы өткен.

          Ресейдегі коммерция өкілдері қазақтармен жүргізілетін жергілікті сауда-саттық түсетін пайда мөлшерін мұқият есептей келіп, оны Орта Азиялық көпестермен сауда-саттық жүргізумен салыстырғанда әлдеқайда артық әрі тиімді деп санады.Коммерц-алқаның бұрынғы президенті А.Р.Воронцов 1806 жылы бұл жөнінде былай деп жазды: «біздің қырғыздармен (қазақтармен-авт.) сауда-саттық жасауымыз әлдеқайда қажеттірек, өйткені баж салығы түгелдей дерлік солардан жиналады, Бұқара тауарларында ондай табыс жоқ» [4,18].

          XIX ғасырларда орта кезіндегі белгілі шығыстанушы ғалым әрі мемлекттік лауазам иесі В.В. Григорьев өз кезегінде орыс көпестерінің қысқа мерзім ішінде қазақтармен «тауар айналымы жағынан өте-мөте маңызды әрі өздері үшін барынша пайдалы сауда-саттық айырбас жасауға қол жеткізгенін» жазды. Оның бұл пікірін сол кезде елдің шығысында экономикалық саясатты жасаушы лауазымды орыс қызметкерлері мен экономистерінің басым көпшілігі қолдады. Орыс көпестерінің берген мәлеметтеріне негізделген деректер бойынша, XIX ғасырлардың алғашқы онжылдықтары кезінде Ертіс бекініс шебіндегі сауда-саттық айырбас жасалатын пунктерге жыл сайын 150 мыңға жуық жылқы, 3 миллион қой, 100 мың өгіз жеткізілетін. Мұнын жалпы құнының мөлшері 8 миллион сомға дейін баратын. Тауарлардын өзге түрлеріне келетін болсақ, олар негізінен  малдың тоң майы, жүн-жұрқа, қымбат бағалы аң терілері, малдың иленбеген шикі терілері, сондай-ақ қазақ қолөнер шеберлері жасаған, казачество мен қоныс аударып келген жергілікті шаруалар өздерінің отбасын пайдаланатын бұйымдар болып табылатын.

          XIX ғасырдың алғашқы онжылдықтары  кезінде бұл жағдай негізінен  өзгерізсіз қала берді. Орынборда  жиналатын баж салығының мөлшері  Сібір бекініс шебіндегі сауда-саттық  жасалатын неғұрлым ірі орталықтары  – Семей мен Петропавлдағы  «ең жоғары деген алымдардың мөлшерінен» шамамен 16-20 есе асып түсіп отырды. Мұндай үлкен айырмашылықтың басты себептері, түп нұсқа деректерде бір ауыздан көрсетілгендей жақсы жолға қойылған коммуникациялардың жоқтығында және қазақ даласындағы саяси жағдайдың тұрақсыздығында жатқан болатын. Міне, осы жағдайларға байланысты Ресей бұған дейін өзіне қосып алған аумақтарда өз ықпалын түпкілікті нығайта түсу үшін XVIII ғасырдың екінші жартысымен XIX ғасырдың бас кезінде бірқатар жобаларды жанталаса шұғыл түрде жасаумен болды. Г.И. Потемкин – Таврический, Я.И. Боувер , Г.Э. Штрантман және Г.И. Глазенап сияқты кейбір жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлердің жасаған жобалары едәуір қызықты да тартымды болуымен назар аударды. Өйткені оларда XIX ғасырдың 20 жж әйгілі Қазақ-Сібір ведомствасы туралы реформалардың негізіне алынған көптеген нақты практикалық ұсыныстар кеңінен  қамтылған болатын. Ал ол ұсыныстар қазақ халқының қоғамдық-экономикалық құрылымын жаңаша қалыптастыруды көздейтін еді[15].

    Информация о работе Тақырыптың өзектілігі