Тақырыптың өзектілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 16:16, реферат

Описание

Кеңестік одақтың ыдырауынан кейін Қазақстанда тамыры тәуелсіздік, зайырлы, демократияшыл принциптерге негізделген мемлекет қалыптастыруға бағыт алынып, қоғамда нарықтық экономика жолына түсу, демократиялық институттарды құру үрдістері басталды.

Работа состоит из  1 файл

Жана жумыс.doc

— 232.50 Кб (Скачать документ)
 

    Кесте негізінде қазіргі  Қазақстан территориясының  Жетісу өлкесінде  Бақты және Жаркент  кедендік учаскелерінің  құрылу жобаларын  көруге болады. Күзет  көлемі 9-10 адамнан  тұратын учаскенің  Түркістан өлкесіндегі  шағын маңызы мен  рөлін анық байқатады. 1888 жылы «Туркестанские ведомости» басылымында жарық көрген «Түркістан өлкесіндегі кедендік істер бойынша Қаржы министрлігінің ерекше тапсырмалар шенеунігіне нұсқаулықта» оның қызметтік-құқықтық мәртебесі белгіленіп, негізгі міндеттері анықталды. Осы тұрғыда аталған шенеунікке Түркістан өлкесіндегі кедендік істі қадағалау жүктеліп, оның тікелей Кедендік алымдар департаментіне бағынып, аталған департамент бақылауымен Түркістан генерал-губернаторының кедендік істер бойынша тапсырмаларын орындау жүктелді. Шенеунікке келесідей міндеттер жүктелген еді:

    - Түркістан өлкесіндегі  кедендік істі  меңгеру мен жергілікті  кедендік құрылымдарды, кедендік күзетті  басқару;

    - өлкедегі күші  бар барлық кедендік  ережелердің және  жоғары тұрған  басқару органдарының  тапсырмаларын тиянақты орындалуын және дұрыс қолданылуын қадағалау;

    - жергілікті әкімшілік  және әскери билікпен  тікелей қарым-қатынаста  болу;

    - өлкедегі кедендік  істі ұйымдастырудың  жобаларын дайындау;

    - штаттық шенеуніктердің  қызметін, лауазымдарын  реттеу, кедендік  посттардың  орналасу орындарын ауыстыру, олардың құрамының көлемін ауыстыру, күзет жалақысын белгілеу;

    - кедендік бақылау  қызметкерлерінің  жіберген қателіктерін  жою үшін шаралар  қолдану;

    - тауарларды тәркілеу  кезінде олардың  бағалауын және  тәркілеуге қарсы шағымдар бойынша шешімдерді бекіту;

    - кедендік құрылымдардың  шаруашылық бөлімін  бақылау;

    - генерал-губернатордың  келісімімен Бұқара  арқылы орыс және  түркістандық тауарлардың   транзиттік қозғалысы  туралы ережелерді  шығару;

    - аталған міндеттер  бойынша шаралар  туралы Кедендік  алымдар департаментіне  есеп беру [112].

    Яғни, Кедендік алымдар  департаменті мен  аталған шенеуніктің  құзырына аймақтағы  кедендік істің ауысуын, орталықтанған кедендік жүйенің қалыптаса  бастағанын байқауға болады. Осы кезден бастап аймақтағы кедендік бақылауды біріктіру, жаңа бастамалар негізіне қою, кедендік күзетті күшейту, тауарлардың бажысыз өтуіне қарсы ережелерді енгізу, жалпы кедендік тұрғыдан ресейлік кедендік құрылымдармен бірігуі үшін негіз болатын шаралар қатарын қабылдау басталды.

    Ең  алдымен, шекаралық  кедендік пункттер мен  бекеттердің үзіліссіз  тізбегін құруға назар  аударылды. Бүкіл  аймақтағы кедендік басқарудың бір қолда  бірігуі бекеттердің  орналасуына, тіпті, кейбір кездерде үзіліссіз  ортақ кедендік тізбекті орнату мақсатымен кедендік шептердің бағыттарын өзгертуге әкелді. Себебі, әртүрлі уездердегі кедендік бақылау бойынша шаралардың әрқилы сипаттылығы, уездер арасындағы бақылау байланысындағы кемшіліктер контрабандаға ыңғайлы кейбір жолдардың ашық қалуына әкелді.

    Қаржы министрлігінің шенеунігі  тұсында Орта Азия мен Жетісудағы кедендік істің ұйымдастырылуы туралы Н.А. Диньгельштадт: «С 1886 года на всем протяжении совершенно открытой таможенной линии, обращенной к Китаю, Афганистану, и Персии, устроен правильный надзор из постов с джигитами, стражниками и объездчиками, - введен в таможенное дело русский язык, и благодаря принятым мерам, сбор пошлин увеличен и контрабандисты значительно обузданы», - деп сипаттаған еді [22, 57 б.].

    Сонымен қатар, Қаржы министрлігінің қарауына аймақтағы кедендік саланың өтуінің алғаш жылдарында кеден қызметкерлерінің жұмысында мамандық талап ететін кәсіби білімдердің жетіспеушілігі анықталды. Қызметкерлердің кедендік тәжірибесінің жоқтығымен қатар қажет жағдайларда басшылыққа алуға нұсқаулардың, ескертулердің жетіспеушілігі орын алды. Сондықтан, кедендік шенеуніктердің іс-әрекеттері мен жергілікті жағдайларға ыңғайланған, қысқартылған іс жүргізу үшін жаңа ережелер жасалды. Аталғандай кедендік құрылымның ішкі саласындағы құқықтық қатынастарды реттеу үшін 1887 жылдың аяғында аймақтағы кедендік меңгерушісі үшін нұсқаулық бекітілді, ал 1888 және 1889 жылдары 1)"Тауарларды таңбалау үшін ережелер"; 2) "Түркістан өлкесі үшін тарифпен Түркістан өлкесінде күші бар уақытша кедендік ережелер"; 3) "Түркістан өлкесіндегі кедендік мекемелердің іс-шаралары үшін нұсқаулық"; 4) "Күзет үшін қаруды сақтау және пайдалану туралы ережелер". Аталған ережелер арасында 1889 жылғы 25 сәуірде «Туркестанские ведомости» газетінде жарияланған «Түркістан өлкесіндегі күші бар уақытша кедендік ережелер» ерекше орынға ие. Осы құжаттың кедендік істі заң жүзінде негіздемеге айналғаны айқындалып, кедендік үрдіс субъектілерінің қарым-қатынастарын, құқықтарын белгілеуге негіз болғаны көзге түседі. Аталған ереже бойынша Түркістан өлкесінің көрші хандықтар мен қытай иеліктерімен шекарасын керуендермен немесе баж салынған тауарлар өту тек кедендік өтпелі посттар арқылы жүзеге асырылуының талабы белгіленді. Сонымен қатар ережеде контрабандалылық тауарларға қолданатын айыппұл көлемі мен оларды тәркілеу шарттары, тәртібі, тәркілеуге қарсы шағымдану тәртібі берілген. [113, 105-106 бб.]

    XIX-XX ғасырлар шебінде  капиталдың саудаға  енуі күшейді.  Сауданың жәрмеңкелік  мерзімді және  тұрақты түрлері  белсенді түрде  дами түсті. Жәрмеңкелік сауда бірте-бірте аймақаралық және бүкілресейлік сипат алуға көшті. Ақмола облысындағы ірі-ірі жәрмеңкелер Ақмола қаласындағы Константинов, Атбасар станциясындағы Петров, Петропавл уезіндегі Тайыншакөл жәрмеңкелері болатын. Оларға Сібірден, Орта Азиядан және Орталық Ресейден тауарлар жеткізіліп тұрды. Бұл жәрмеңкелер Семей облысындағы Қоянды (Ботов) жәрмеңкесімен байланыс жасап тұрды.

      Қоянды  жәрмеңкесінің сауда  айналымы 1869 жылдан 1913 жылға дейін 10 есе (500 мың сомнан 5 миллион  сомға дейін) өсті. Қазақстанның 4 облысындағы – Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарындағы сауда айналымы 1900 жылы 100 миллион сомға жетті[3,213].

      Жәрмеңкелік сауда жүйесіндегі  операциялары айырбас-сауда  түрінде де, нақты  ақшамен есеп айырысу  түрінде де жүргізіліп жатты. Мұның өзі  ұсақ саудагерлермен алыпсатар саудагерлердің тікелей өнім өндірушілер  есебімен байи түсуіне  қолайлы жағдай туғызып  отырды. 
 
 

     []. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  1. ХVІІІ-ХІХ ғғ. шет елдермен сауда байланысындағы кеден ісінің қызметі және маңызы.
 

     2.1. Кеден ісінің шет елдермен сауда қарым-қатынастағы қызметі және оның бағыттары. 

    Ресей империясының жаулап алған Қазақстан  мен Орта Азиялық  иеліктерді иеленуінің, үстемдігінің кепілі жаңа белгіленген шекараларда өнеркәсіптік даму деңгейі жоғары елдерге қатысты қатал протекционисттік кедендік саясат ұстанып, оны кедендік құрылымдар жүйесі арқылы жүзеге асыру еді. ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарының аяғында сыртқы істер министрі К.Н. Горчаков император ІІ-ші Александрға жазған хатында Ресейдің Орта Азиядағы экономикалық үстемдігі өзімен қатар өлкедегі саяси үстемдікке әкелетіні туралы хабарлаған болатын [89, 84 б.].

    Бұл ресейлік экономикасындағы өнеркәсіп үлесінің өсуіне, патшалық үкімет және алдыңғы қоғам қайраткерлерінің тарапынан ресей болашағының ірі өнеркәсіппен байланысты екенін түсінуіне қарай кедендік саясаттағы протекционисттік бағыттың кең өріс жайғанын көруге болады. Алайда, ресейлік өнеркәсіптің дамуы үшін ішкі және отарлық нарықтарды қамтумен шектелу қанағатсыз болып, жаңа, еуропалық мемлекеттер тарапынан игерілмеген нарықтарды игеру қажеттілігі туындады. Осы орайда аймақтағы Ресей мемлекетінің геосаяси және ресейлік жеке элитарлық топтардың экономикалық мүдделерінің үндестігін байқауға болады.

    ХІХ ғасырдың ортасына таман  Семей саудагерлері, көпестері батыста  Қытай қалаларымен  солтүстікте Ресеймен сыртқы сауда байланысын дамытты. Орта Азиядағы сауда айналымына арқау болуға қолайлы  орналасқандықтан Ресей патша өкіметі бір бекіністі Ертіс бойындағы Семейге салды. Осылайша ХVІІІ – ғасырдың аяғында Семей қаласы Ресей патшалығының жоспары бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы ең ірі сауда орталығына айналды. Осындай мақсатта әсіресе Қазақстанның шығыс өңіріндегі тұрғындарға өз таурларын сыртқы саудаға шығаруға үлкен үлес қосты. Тіпті аталған кезеңде қазақ даласындағы сауданың даму барысы оның болашағы шетел зерттеушілерінде қызықтыра түсті. Себебі; осы өңірден шығарылатын мал және оның өнімдері сыртқы сауда нәтижесі ретінде Қытай қалаларына, Ресей арқылы Еуропағада жететін.

     Қазақстанның  шығыс, Алтай өлкесі, яғни Ертіс бойындағы  Семей өңірі ХІХ  – ғасырдың басында  – ақ халықаралық  сыртқы сауда өнімі  ретінде шығаруда негізгі роль атқарды. Осы аймақтағы Ресей патшалығының тауарлары қазақ малымен оның өнімдері ХVІІІ – ғасырдың басында Қытай сауда орындарына шығарылды. Мысалы: Н.Г. Андреевтің жазуынша – «сауда қырғыз – қайсақтар мен шекаралас Қытайдың губерниялық қаласы Құлжа арқылы жүргізілді…» Құлжадан Ресей патшалығының шекараларына дейінгі қарауылдар – Катонқарағай Ертіс өзені құятын ең шеткі Зайсан көлі Шұғышақ арқылы Ташкенттіктер Семей қаласымен сауда жасайды[31,4].

         Қазақтар сыртқы саудаға негізінен жылқы, ірі қара, қой малдарын шығарады және мал өнімдері Қытайлықтар әр түрлі бұыймдар ыдыс, барқыт қытай бұлдарын саудалайды. Семейдегі 1765  жылдағы ашылған айырбас сауда алаңында қайсақтар сияқты ташкенттіктер бұхаралықтар өз керуендері мен келіп әр түрлі тауарлары мен сауда жасайды. Сонымен қатар мұнда орыс көпестерінен 1783 жылы 599 рубль, 1784 жылы 840 рубль салық жиналды. 1783 жылы Семей қаласына бұқаралықтар, Ташкенттіктер, Қашқарлықтар әр түрлі жібек маталарын әкелді. Ташкент темекісі, өрік, алма, аң терілері, барыс, қасқыр, түлкі, т.б. аңдар түрлері саудаға түседі. Міне осы келтірілген дәлелдер арқылы Семей қаласының  сыртқы сауда қызметінің маңызды болғандығын көрсетеді[23].

         ХІХ ғасырдың бірінші  жартысында Семей  өңірінде өнеркәсіп  орындары пайда  бола бастады.  Кең көлемдегі  сауда орындарының, жәрмеңкелердің ашылуы, зауыттар мен фабрикалардың сандарының артуы осы қалалардағы халық санының өсуіне де жағдай жасады, қалада сауда мәдениеті дамыды.  Бұл туралы А.И. Левшин былай деп жазады: «Айырбас сауда жасау үшін олардың яғни қазақтардың келетін негізгі орыны Ресей шекарасындағы Семей, Өскемен, Петропавл, Омск қамалдары болды». Міне осылардың ішіндегі Семей қаласы уақыт өткен сайын аталған өңірлердегі негізгі сауда жүргізетін орындардың біріне айналды. Мысалы ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Семей қаласы арқылы Орта Азия мемлкеттерінен сауда керуендері өткен. Міне осылайша Семей қаласы Ресейдің Құлжа, Қашғар мен сауда жасаудағы ірі орталығына айналды. Сонымен қатар Семейден Қытай қалалары Шұғышақ пен Қоқанд сауда керуендері өтетін болды.

          1803 жылы Қытай елімен сауда әрекеттерін Семей арқылы жүргізу белгіленген указ қабылданды[3,193].

         Мұның алдында қытайлықтар өз саудагерлеріне орыс жерімен қандай да болмасын қатынастар жасауға тиым салған. Сондай – ақ, орыс көпестері Шәуешек және Құлжа қалалары аймағына да жіберілмеді. Сондықтанда кейінгілер аталған аймақтарға жүк керуендерін негізінен Орта Азиялық хандықтар тұрғандары мен татарлардан тұратын приказчиктері арқылы жөнелтетін болған. Міне, осы «Тәшкенттік және бұқаралық» өкілдері Шәуешек, Құлжа, Қашқар, Ақсу қалаларына еркін кіріп, кері сапарында Семейге алтын, күміс, жібек маталар, кірпіш, қара және көк шәй, басқа да заттар жеткізіп тұрған. Қазақ елінің бірте – бірте Ресейге қосылу процесінің нәтижесінде Қытай шекарасына шығудың мүмкіндіктері де кеңи түсті. Өйткені ХІХ – ғасырдың бас кезінде Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы арқылы қазақтар мен қытайлардың дербес және тәуелсіз арақатынастары орныға бастады. Дегенмен, бұл кезде қытай жағы өзінің бар сырлары мен мүмкіндіктерін аша қоймаған. Ресей жағынан лоар жете зерттеп, қажетті деректер алудың әртүрлі амалдарын қолданды. Мәселен, 1800 жылы «азиаттық» унтерофицер А.С. Безносиков Құлжа қаласына жасырын сапар шекті. Бұл әрекетті ол 1804 жылы екінші рет қайталады. 1803 жылы Семейлік көпес С.И. Уранцев Қытай жеріндегі шығыстай шекара күзетіне дейін барып қайтты. Осының бәрі жеке адамдардың өз тараптарынан туындаған әрекеттер еді.[11]

         1804 жылы Сібір  губернаторы Семейдегі  таможнядан сол  кездегі Қытай  елімен Семей арқылы  сауда жасаудың мәні мен маңызы жөнінде нақты деректер беруді талап етті. Тұңғыш рет дәл осы тұста қытай елімен екі ел арасындағы сауда – саттық және басқа да қатынастарды Семей арқылы атқару тиімді екендігі толық шешілді.[19, 28]

         Белгілі дәрежеде  Синьцзян әкімшілігі де осы аймаққа орыс – қытай сауда қарым – қатынастарының тиімділігіне біршама назар аударып келді. Өйткені, орыс жерінде өндірілетін товарлар мен шикізат оларды мейлінше қызықтыра түскен. Мәселен, 1804 жылы май айында өскемендік жүз басы Горшков осы мәселен төңірегінде қытайлықтардың мәмлеге келетіндігі жөнінде ақпар тапсырған. Оның мәлімдемесіне қарағанда, Қытай жағы егер Ресей рұқсат беретін болса, Өскеменге өз товарларын жіберіп тұруды ұсынады.

         Сонымен орыс мемлекеттік  әркез Қытаймен қарым – қатынасты сақтауда мейлінше назар аударып келді. Ол үшін өздерінің ресми және жасырын өкілдерін тұрақты жіберіп тұрды. Мәселен, 1811 жылы Сібірлік жеке корпустың командирі Қытай еліне барып қайтқан көпестер тобының атынан Семей бекінісін Қытайдағы Ақсу қаласына арнаулы керуендер жіберіп, тұрудың қажеттігін бекітті. Дәл осы жылы татар көпесінің өкілі ретінде Шәуешек және Құлжа қалаларына аудармашы Н. Путинцев барып қайтты. Осы қалаларға орыстың шұғалары мен жергілікті жерде мал терісі өзкізуге айрықша қолайлылығын атап көрсетеді. Бұл кездегі барлық сауда әрекетті негізінен заттай айырбас тәртібімен атқарылған. [16; 18]

Информация о работе Тақырыптың өзектілігі