қылымыстың көптігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 16:26, курсовая работа

Описание

Қылмыстық құқық дегеніміз – құқық саласының негізгі түрлерінің бірі ретінде қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың негізі мен шектерін, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың шарттарын айқындайтын құқықтың нормалардың жиынтығы. Жалпы қылмыстық құқықтың негізгі міндеттері - әлеуметтік құндылықтарды қорғау және қылмыстардың алдын алу (қылмыстарды болдырмау; қылмыстардың профилактикасы) болып табылады.

Содержание

Кіріспе

Негізгі бөлім

1.1. Қылмыстың көптігінің түсінігі;

1.2. Қылмыстардың көптігінің жекелеген қылмыстардан ерекшелігі

1.3. Қылмыстардың көптігінің ажыратылуы:

а) Қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуы;
б) Қылмыстардың жиынтығы;
в) Қылмыстардың қайталануы.
III Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің белгілі бір бабында немесе бабының бөлішінле көзделген екі немесе одан да көп әрекетті жасау.docx

— 57.19 Кб (Скачать документ)

    Қылмыстардың  көптігін жекелеген қылмыстан, яғни қылмыстың бір ғана құрамының  белгілерінен тұратын әрекеттен  ажырата білу керек. Егер де жасалған қылмыс қарапайым құрамның белгілерінен тұратын қылмысты қылықтың бір ғана көрінісі болса, әрине, жекелеген қылмыс түрін қылмыстардың көптігінен ажыратып алу, әдетте, қиынға соқпайды.  
Алайда, сот тәжіребесінде сырттай қарағанда жекелеген қылмыстардың қылмыстың көптігіне өте ұқсас болып келетін жағдайлар да ұшырасады. Бұл күрделі (құрамдас), созылмалы, жалғаспалы қылмыстар жасағанда орын алады. Жеке алғанда әрқайсысының өзі қылмыстың дербес құрамының белгілерінен тұра алатын, алайда ішкі тұтастығына қарай бір қылмыс ретінде қарастырылушыекі немесе бірнеше әрекеттерден құралатын қылмыстар күрделі (құрамдас) қылмыстар деп танылады. Мұндай қылмыстардың ең кең тараған түрі ретінде бөтен мүлікті иелену мақсатымен жәбірленушінің өміріне не денсаулығына қауіпті болып табылатын күш қолдану арқылы қол жеткізетін қарақшылықты мысалға алуға болады. Жекелеген күрделі қылмыстардың қатарына екі әрекеттен, соның ішінде балама әрекеттерден де тұратын қылмыстар жатады. ҚК-тің 202-бабында төмендегідей балама әрекеттерден тұруы мүмкін бір ған қылмыс туралы сөз болады: құнды қағаздарды эмиссиялау жобасын оның жалған ақпараттардан тұратынын біле тұра бекіту, сонымен бірге, құнды қағаздарды шығару жөніндегі есептің жалған екендігінбіле тұра оны бекіту. Кінәлі адам осы аталған әрекеттердің тек біреуін ғана жасаса да, бірнешеуін жасаса да оның ісі, бәрібір, қылмыстың бір құрамынан тұрады деп есептеледі. Белгілі бір қылмысты әрекет құрамын үзбестен жүзег асырып отыру – созылмалы қылмыс болып табылады. Атап айтқанда ол – заңмен қылмыстық қудалану қаупін төндіре отырып кінәлінің мойнына артқан міндеттердің өп уақыт бойына орындалмауына келіп тірелетін әрекет немесе әрекетсіздік. Айталық, П. өзінің ұлын асырауға қажетті, сот шешімі арқылы белгіленген қаржыны төлеуден бір жарым жыл бойы қасақана бас тартты. Бұл уақыт аралығында ол өзінің жұмыс орнын сегіз рет өзгертіп, бір қаладан екінші қалаға көшумен болды. Қылмысты қылығының осыншама уақытта созылмағанына қарамастан, П-ның ісі қылмыстың көптігіне жатпайды, ол созылмалы жалғыз ғана қылмыс болып табылады. Созылмалы қылмыстар қатарына, сонымен қатар, қашқындық (ҚК-тің 373-бабы), несиелі берешекті өтеуден әдейі жалтару (ҚК-тің 195-бабы), шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (ҚК-тің 213-бабы) және т.б. ҚК-тің 11-бабының бірінші бөлігіне сәйкес – жалғаспалы қылмыс ортақ ниетпен және мақсатпен қамтылып, тұтас алғанда, бірдей қылмыстық әрекеттер қатарынан тұрады. Әдетте, жалғаспалы қылмыстар әрекеттерден туындайды, бірақ әрекетсіздіктен де тұруы мүмкін (ҚК-тің 315-бабындағы қызметтік әрекетсіздік). Барлығын тұтас алғанда жалғаспалы қылмысты құраушы әрекеттердің әрқайсысы жеке алғанда дербес қылмыс болуы да, болмауы да мүмкін (әкімшілік немесе тәптіптік жауаптылықпен байланысты немесе тіпті ешқандай заң жауаптылығына байланыссыз). Алайда, кез-келген жағдайда да, мұндай әрекеттердің әрқайсысы заң тұрғасынан өз алдына жеке сараланбауы тиіс, себебі, ол жалғаспалы қылмыс болып табылатын тұтас әрекеттің бір кезеңі ғана. Мысал ретінде жалғаспалы ұрлықты алуға болады. Егер де кінәлі деп танылған адам қоймадағы азық – түлікті белгілі бір уақыт аралығында азғантай мөлшерде алып шығып ұрлап отырса, оның әрекеттерінде қылмыстың көптігі болмайды. Бұл орайда, қылмыскердің әр кезде ұрлап шығарған мүлкінің мөлшерінің маңызы жоқ. Әр жолғы ұрланған мүлік мөлшері әртүрлі болып келтірілген залал бір жолы айтарлықтай келесі бір жолы елеусіз болғандықтан қоғамдық қауіптілікке жатпайтын және ҚК-тің 9-бабының екінші бөлігіне сәйкес қылмыс болып табылмайтын күнде де бұл ұрлықтың–жалғаспалы деп танылғаны орынды. Ұрлықпен бірге тұтынушыларды алдау (ҚК-тің 223-бабы), азаптау (ҚК-тің 107-бабы), ұрып – соғу (ҚК-тің 106-бабы) және басқа да қылмыстар жалғаспалы қылмыстар қатарында жиі ұшырасады.
 

    1.3. Қылмыстардың көптігінің ажыратылуы 

    Қазіргі қылмыстық заңдар бойынша қылмыстардың көптігінің төмендегідей түрлері айқындалып, ажыратылады:  
1) қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы;  
2) қылмыстардың жиынтығы;  
3) қылмыстың қайталануы.
 

    Қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы 

    Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің белгілі  бір бабында немесе

    бабының бөлішінле көзделген екі немесе одан да көп әрекетті жасау –  қылмыстардың бірнеше рет жасалуы  деп танылады. Қылмыстық Кодекстің  Ерекше бөлімінің түрлі баптарында көзделген екі немесе одан да көп  қылмыс жасау Қылмыстық Кодексте арнайы көрсетілген жағдайларда  ғана бірнеше рет жасалған деп  танылуы мүмкін. Егер адам бұрын  жасаған қылмысы үшін заңмен белгіленген  тәртіп бойынша қылмыстық жауаптылықтан  босатылған болса не адамның бұрын  жасаған қылмысы үшін соттылығы  жойылған немесе онысы алынған болса  немесе мұндай қылмыс үшін қылмыстық  жауапқа тарту мерзімі өтіп кетсе, қылмыс бірнеше рет жасалған деп  танылмайды.

    Жалғасатын  қылмыс, яғни бір ниетпен және бір  мақсатпен қамтылып, тұтас алғанда  бір қылмысты құрайтын бірқатар бірдей қылмыстық әрекеттерден тұратын  қылмыс бірнеше мәрте жасалған қылмыс деп танылмайды.

    Қылмыстардың  әлденеше рет жасалуы осы Кодексте неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтыратын мән – жай ретінде көзделген  жағдайларда адамның жасаған қылмысы осы Кодекстің Ерекше бөлімінің қылмыстарды бірнеше мәрте жасағаны үшін жазалауды көздейтін бабының тиісті бөлігі бойынша айқындалады.

    Қылмыстардың  бірнеше рет жасалуы дегеннің мағынасына тереңірек үңілер болсақ, ол – бір тұлғаның екі немесе одан да көп қылмыстар жасалуы. Бұл  әрекеттері үшін тұлғаның сотталған  – сотталмағандығы ескерілмейді.

    Теория  жүзінде де, практика жүзінде де қылмысты бірнеше рет жасау екі  түрге бөлінеді: жалпы және арнайы.

    Қылмыстардың  қайталануының кез келген түрі, оның қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен  деңгейіне қарамастан жалпы бірнеше  рет қайталану деп табылады. Жалпы  бірнеше рет қайталану қылмыстардың бағалануына ықпал жасамайды, бірақ  жаза тағайындау кезінде сот бұл  жағдайда жауаптылықты ауырлатушы мән  – жай ретінде ескеруі мүмкін. (ҚК 54-бап 1-бөлім «а»).

    Кінәлі  тұлғаның  ұқсас немесе біртекті екі немесе одан да көп қылмыс жасауы арнайы бірнеше рет жасалу деп  табылады. ҚК – тің 11-бабының бірінші  бөлімінде дәл осындай бірнеше  рет жасалу туралы айтылған: Осы  кодекстің Ерекше бөлімінің белгілі  бір бабында немесе бабының бөлігінде  көзделген екі немесе одан да көп  әрекетті жасау – қылмыстардың бірнеше  рет жасалуы деп танылады.

    Шынайы  жағдайлар тұрғысынан өзара айырмашылықтары  болғанымен, бірдей қылмыс құрамының  белгілерінен тұратын қылмыстар  ұқсас (бірдей) қылмыстар деп есептеледі.

    Мысалы, бір тұлғаның кісі өлтіру қылмысын екі рет жасауының бір –  бірінен қылмыстық уақыты, орны және басқа да шынайы жағдайлары тұрғысынан өзара айырмашылығы болуы мүмкін, бірақ ҚК -тің 96-бабында қарастырылған  қылмыс құрамының белгілері бойынша  ұқсас (бірдей) болып келеді.

    ҚК-тің  Ерекше бөлімінің бірқатар нормаларында ұқсас қылмыстардың бірнеше мәрте  жасалуының орын алуы мән – жайды  бағалаушы ретінде аталады (ҚК 96-бап 2-бөлім «а» тармағы, ҚК 120-бап 2-бөлім  және т.б.).

    Заңмен  тікелей қарастырылған жағдайларда  біртекті қылмыстардың да бірнеше мәрте  жасалуы ескеріледі. Қайтадан бұрынғы  объектіге (нысанға) немесе соған ұқсас  объектіге (нысанға) қиянат келтіруші, кінәнің түрі бірдей және басқа да объективті және субъективті ұқсас  белгілерден тұратын қылмыстар (мысалы: ұрлық, тонау, қарақшылық, т.б.) біртекті қылмыстар деп танылады. Біртекті қылмыстарды есепке алу мүмкіндігі ҚК-тің 175-бабына қатысты 3-ші ескертуде тікелей қарастырылған, атап айтқанда, былай делінген: «Осы кодекстің 175-181-баптарындағы бірнеше рет жасалған қылмыс деп осы баптарда, сондай  - ақ осы кодекстің 248,255,260-баптарында көзделген бір немесе одан да көп қылмыстардан кейін жасалған қылмыс танылады». Осыған орай, бөтен мүлікті ұрлау қылмысы, бұған дейін де мүлік ұрланғандықтан ғана емес, сонымен қатар, кінәлі тұлға жоғарыда аталған қылмыстардың бірін бұрын жасаған жағдайда да бірнеше рет жасалған деп танылатын болады.

    Бірнеше рет жасалу ұғымы, кінәлі тұлғаның сотты болған қылмыстарымен қатар, оның қылмыстық жауаптылыққа әлі тартылмаған әрекеттерін де қамтиды. Аяқталған немесе аяқталмаған қылмыс деп бағалануына, кінәлі тұлғаның бұл қылмыстардың орындаушысы немесе оған бірлесіп қатысушы болуына қарамастан, бұл әрекеттер – бірнеше рет жасалған деп танылады.

    Бірнеше рет қайталанудың заң тұрғысынан алғандағы мәні мынада:

    біріншіден, жоғарыда айтылғандай ҚК-тің 54-бабының  бірінші бөлімі, «а» тармағына  сәйкес сот оны жауаптылық пен  жазаны ауырлатушы жағдай ретінде ескереді. Екіншіден, ҚК-тің 11-бабының 5-бөліміне орай «Қылмыстардың әлденеше рет  жасалуы осы кодексте неғұрлым қатаң  жазаға әкеп соқтыратын мән-*жай ретінде  көзделген жағдайларда адамның  жасаған қылмысы осы Кодекстің  Ерекше бөлімінің қылмыстарды бірнеше  мәрте жасағаны үшін жазалауды көздейтін  бабының тиісті бөлігі бойынша айқындалады».

    Көптіліктің өзіне тән белгісі болады. Ол –  бір тұлғаның кемінде екі қылмыс, яғни қылмыстардың дербес құрамдарының белгілері бар әрекеттер (немесе жиынтықталған бір әрекет) жасауы. Ал әкімшілік құқық бұзушылық, тәртіпке қарсы қылық, азаматтық – құқықтық тәртіп бұзушылық, сол сияқты, ҚК-тің 9-бабының екінші бөлімінде қарастырылушы іс – әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстың көптілігіне жатпайды.

    Қылмыстық жауаптылығының ескіру мерзімі өтіп кеткен немесе соттылығы жойылған (алынып тасталған) заң бұзушылықтар да қылмыстың  көптілігіне жатпайды. Бұл туралы қылмыстың бірнеше мәрте жасалуына  қатысты ҚК-тің 11-бабының үшінші бөлімінде анық айтылған, сот сияқты, бұл жағдайда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы да бірнеше рет атап көрсеткен.

    Сонымен қатар, қылмыстық – құқықтық салдар қолданылмайтын жағдайларда жасалған әрекеттер де көптілікке жатпайды. Ол жағдайлар, атап айтқанда, мыналар: шынайы өкінуіне (ҚК 65-бап), қажетті  қорғанудың шегінен асуына (ҚК 66-бап), жәбірленушімен татуласуына (ҚК 67-бап) байланысты немесе рақымшылық жасау  актісі негізінде (ҚК 76-бап, 2-бөлім), немесе ҚК-тің Ерекше бөлімінде көрсетілген  жағдайларға орай (ҚК 125, 165, 231, 233, 312 және басқа баптарда кездесетін ескертулер) қылмыс жасаған тұлғаның қылмыстық жауаптылықтан босатылуы немесе босатылуға тиістілігі.

    Қылмыстың көптілігін жекелеген қылмыстан, яғни қылмыстың бір ғана құрамының  белгілерінен тұратын әрекеттен  ажырата білу керек. Егер де жасалған қылмыс қарапайым құрамның белгілерінен тұратын қылмысты қылықтың бір ғана көрінісі болса, әрине, жекелеген қылмыс түрін қылмыстардың көптілігінен ажыратып алу, әдетте, қиынға соқпайды.

    Алайда, сот тәжірибесінде жекелеген  қылмыстың сырттан қарағанда  қылмыстың көптілігіне өте ұқсас  болып келетін жағдайлары да ұшырасады. Бұл күрделі (құрамдас), созылмалы, жалғастырылушы қылмыстар жасағанда орын алады.

    Жеке  алғанда әрқайсысының өзі қылмыстың  дербес құрамының белгілерінен тұра алатын, алайда ішкі тұтастығына қарай  бір қылмыс ретінде қарастырылушы  екі немесе бірнеше әрекеттерден құралатын қылмыстар күрделі (құрамдас) қылмыстар деп танылады.

    Мұндай  қылмыстардың ең кең тараған түрі ретінде бөтен мүлікті иелену мақсатынан жәбірленушінің өміріне  не денсаулығына қауіпті болып табылатын  күш қолдану арқылы қол жеткізетін қарақшылықты мысалға алуға болады.

    Жекелеген күрделі қылмыстардың қатарына екі  әрекеттен, соның ішінде альтернативті  әрекеттерден де тұратынқылмыстар жатады. ҚК-тің 202-бабында төмендегідей альтернативті  әрекеттерден тұруы мүмкін бір ғана қылмыс туралы сөз болады: құнды  қағаздарды эмиссиялау жобасын оның жалған ақпараттардан тұратынын  біле тұра бекіту, сонымен бірге, құнды  қағаздарды шығару жөніндегі есептің  жалған екендігін біле тұра, оны  бекіту. Кінәлі адам осы аталған  әрекеттердің біреуін ғана жасаса да , бірнешеуін жасаса да оның ісі,  бәрібір, қылмыстың бір құрамынан тұрады деп есептеледі.

    Белгілі бір қылмысты әрекет құрамын үзбестен жүзеге асырып отыру – созылмалы  қылмыс болып табылады. Атап айтқанда ол – заңмен қылмыстық қудалану қаупін төндіре отыра кінәлінің мойнына артқан міндеттердің көп уақыт бойына орындалмауына кепіл тірелетін әрекеттер немесе әрекетсіздік.

    Айталық, П. Өзінің ұлын асырауға қажетті, сот  шешімі арқылы тағайындалған қаржыны  төлеуден бір жарым жыл бойы қасақана бас тартты. Бұл уақыт аралығында ол өзінің жұмыс орнын сегіз рет  өзгертіп, бір қаладан екінші қалаға көшумен болды. Қылмысты қылығының  соншалықты уақытқа созылғанына  қарамастан, оның ісі қылмыстың көптілігіне  жатпайды, ол созылмалы жалғыз ғана қылмыс болып табылады.

    Созылмалы қылмыстар қатарына, сонымен қатар, қашқындық (ҚК 373-бап), несиелі берешекті  өтеуден әдейі жалтару (ҚК 195-бап), шетел валютасындағы қаражатты  шетелден қайтармау (ҚК 213-бап) және басқалар жатады.

    Жалғасатын  қылмыс, ҚК-тің 11-бабының 4-бөліміне сәйкес, ортақ ниет пен мақсатпен қамтылып, тұтас алғанда, бірдей қылмыстық  әрекеттер қатарынан тұрады. Әдетте, жалғасатын қылмыстар әрекеттерден туындайды, бірақ әрекетсіздіктен  де тұруы мүмкін (ҚК 315-бап – қызметтегі әрекетсіздік). Барлығын біртұтас алғанда жалғасатын қылмысты құраушы әрекеттердің әрқайсысы жеке алғанда дербес қылмыс болуымен қатар, болмауы да мүмкін (әкімшілік немесе тәртіптілік жауаптылық тиісті немесе тіпті ешқандай заң жауаптылығы тиісті емес). Алайда, кез келген жағдайда да, мұндай әрекеттердің әрқайсысы заң тұрғысынан өз алдына жеке бағаланбауы тиіс. Себебі ол жалғасатын қылмыс болып табылатын тұтас әрекеттің бір кезеңі ғана. 

Информация о работе қылымыстың көптігі