Экономикалык теория
Диссертация, 07 Февраля 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание
Қоғамның экономикалық жүйесі «экономикалық теория негіздері» курсының зерттеу объектісі болады. Тарихи және логикалық әдістер бірлігі, жүйелік көзқарас, экономиканың үлгілерін жасау, оларды графикалық және математикалық талдау экономикалық теорияның әдістері болады. Экономикалық теорияның ғылым ретінде ұзақ даму тарихы бар.
Работа состоит из 1 файл
ЭТН о_у-_дістемелік жиынты_.doc
— 2.84 Мб (Скачать документ)Халықаралық экономикалық қатынастар теориясы да өз бастауын экономикалық теориядан алады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мәні, осы қатынастарды жүзеге асыру тетіктерін талдап оқытады.
Халықаралық экономикалық қатынастар жекеленген елдердің салалық аймақтық шаруашылығының субьектілері.
Халықаралық экономикалық қатынастың қалыптасып орнығуы, оны өз заңдары, қызмет нысандары, ішкі тетіктері бар дербес құбылысқа айналдырады.
Халықаралық экономикалық деңгейде оны жекелеген елдер мен аймақтардың халықаралық экономикалық белсенділігі мен шетелге шығуға ұмтылыстары айғақтайды. Макроэкономикалық деңгейде мұны фирмалар мен кәсіпорындардың күші нарықтың шеңберінен шығып, әлемдік нарықтың кеңістіктеріне ұмтылыстары байқалады. Халықаралық экономикалық қатынастың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады.
Қазақстанда кәсіпкерлік басым мөлшерде халықаралық экономикалық қатынас негізінде дамуда. Кәсіпкерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен кәсіпорын, оның қатарында шет ел кәсіпорындарымен біріккен түрлері. Экономикалық категория ретінде ол өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастарды ұйымдастырудың негізгі буыны. Құқықтық тұрғыдан кәсіпорын заңдылық құқықтары бар дара шаруашылық суьектісі, өзіне бекітіліп берген мүліктерді пайдалана отырып, өнімдерді өндіреді, жұмыстар атқарады, әр түрлі қызмет түрлерін көрсетеді.
Дүниежүзілік тәжірибе негізінде кәсіпорындардың әр қилы ұйымдық және құқықтық формалары пайдаланылады, оны елдің ұлттық заң шығарушы органдары анықтайды. Оларға әрдайым заңды мәртебе беріледі, осыған сай мүліктері болады, міндеттемеге сәйкес оған жауапкершілігі болады. Сөйтіп кәсіпорындар азаматтық процесте, сотта, шаруашылық сотында және аралық сотта да өз мүдделерін қорғайды.
Қазақстанда қолданып жүрген заңдарға сәйкес кәсіпорындардың мынадай ұйымдық – құқықтық формалары бар:
- мемлекеттік кәсіпорын;
- толық жауапкершілікті серіктестік (толық серіктестік), аралас жауапкершілікті (араласа серіктестік), шектеулі жауапкершілікті (шектеулі серіктестік);
- акционерлік қоғам;
- ашық және жабық типтері.
Орын алып келген мынадай түсініктер: шағын кәсіпорын, бірлескен кәсіпорын, “кооператив”, бұлар шын мәнінде кәсіпорынның заңды мәртебесін бейнелейді, оның экономикалық мазмұнының кейбір жақтарын ғана түсіндіреді. Мысалы, шағын кәсіпорын атауы мұнда жұмыс істейтіндердің санына қарай берілген анықтама. Бүкіл әлемде оның ішінде, біздің елде де кіші бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламасы бар. Шағын кәсіпорындар үшін жеңілдіктер берілген, бірінші жылы салықтың толық мөлшерінің төрттен бірін, екінші жылы жартысын төлейді. Дүниежүзілік экономикалық байланыстағы Қазақстанның орны ерекше. Неге десеңіз, ұлтаралық өзара тығыз қарым – қатынастар, әсіресе экономика саласында кең қанат жаюда. Соңғы қырық жылда дүниежүзі мемлекеттерінің халықаралық саудасы олардың жиынтық өнімімен салыстырғанда 7,5 есе өскен, ал 2000 – жыл басында дүниежүзінде өндірілген өнімнің 30 пайызы халықаралық саудаға түсетін болады.
Түйін
Экономиканың салалық құрылымы – бұл қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі өндірістің жағдайымен сипатталатын, сапалы түрде шаруашылық жүргізуші бірліктердің бірыңғай топтарының жиынтығы. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік, салааралық байланыстарды жасаудың базалық салалары болып саналады.
Әлемдік нарық – ұлттық нарықтың, мемлекеттер арасындағы шекаралардың, сыртқы экономикалық қызметтердің, әлемдік бағалардың ықпал ететіндігімен ерекшеленеді. Әлемдік нарық пен сыртқы сауда тығыз байланысты.
Халықаралық валюта – несиелік қатынастар дербестікке ие бола отырып, экономика мен саясаттың дамуына ықпалын тигізеді және сонымен бір мезгілде олар бөлу, айырбастау, тұтыну салаларына жатады. Халықаралық валюта түріндегі барлық операциялар валюта бағамы негізінде жүзеге асырылады.
Экономикалық және басқа
сипаттағы себептермен
ҒТР – дың дамуымен байланысты әрбір мемлекет өнімдерді әлемдік өндіріс нарығына шығару мен бәсекелестікте озып шығу үшін жаңа технологияларды жасауға тырысады. Әрбір ел технологияны ұлттық шеңберде ұстап тұруға ұмтылады.
Тауарлардың, капиталдардың, жұмыс күштерінің әлемдік нарығымен қатар әлемдік шаруашылықтың бір бөлігі болып саналатын қызмет көрсетудің әлемдік нарығы өмір сүреді. Тауарлардан қызметтердің өзгешілігі - өндіріле отырып бірден сатылумен байланысты, сондай-ақ сауда саласына қарағанда мемлекет арқылы көбірек қорғалған.
Қайталауға арналған сұрақтар
- Халықаралық экономикалық интеграция деген не?
2. Халықаралық экономикалық интеграцияның обьективті негізі неде?
3. Сауда экономикалық одақтардың түрлерін атаңыз?
4. Батыс Еуропа экономикалық интеграциясының даму ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
5. Аймақтық экономикалық интеграцияның негізгі белгілері қандай?
6. Дүниежүзілік шаруашылық, оны қалай түсінесіз? Оның ерекше тетігі мен даму дәуірі қандай?
7. Халықаралық еңбек бөлісі, ол дегеніміз не және оның маңыздылығы қандай?
8. Дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуы XVI – шы ғасырдың аяғында басталды. Ұлттық мемлекеттің феодалдық шеңберін қандай экономикалық күш бұза алады?
9. XX – шы ғасырдың басында дүниежүзілік шаруашылыққа өзінің салалық дамуымен қандай мемлекеттер енді?
10.Қазіргі жағдайда дүниежүзілік шаруашылық дамуы қандай ерекшелігімен сипатталады?
11.Өндіргіш күштерді интернационалдандыру, дегеніміз не?
12. Өндірісті интернационалдандыруға қандай обьективті себептер алып келеді?
13.Трансұлттық корпорация (ТҰК), оның экономикалық табиғаты қандай?
14.Макро-микро деңгейдегі интеграция дегеніміз не?
15.Қазақстанның әлем шаруашылығындағы алатын орны қандай?
16.Елбасы 2015 жылда Қазақстан қандай ел болады дейді?
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1-Тақырып.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ, САЯСИ
ЭКОНОМИЯ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКСТІҢ
ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТАРЫ
1.1. Экономика. Экономиканың негізгі элементтері 5
1.2. Экономикалық заңдардың объективтік сипаты 12
1.3. Экономикалық теорияның функциясы 15
Түйін 19
Қайталауға арналған сұрақтар 20
Тестілер 20 2-Тақырып.
МЕНШІКТІК ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ
ОЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ОРНЫ
2.1. Меншіктің экономикалық және құқықтық негізі 22
2.2. Меншіктің құрылымы мен формалары 23
2.3. Меншіктің көп түрлілігінің объективті қажеттілігі 25
2.4. Қазақстан Республикасындағы меншіктік қатынастардың қайта құрылуы 28
Түйін 33
Жаңа терминдер мен түсініктер 34 Практикум 34
Қайталауға арналған сұрақтар 35
Тестілер 35
3-Тақырып
ЭКОНОМИКАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ 37
3.1. Тауарлы шаруашылықтың пайда болуы 37
3.2. Тауар және оның қасиеттері 42
3.3.Ақшаның пайда болуы, мәні және теориясы 45
3.4.Ақшаның қызметтері 49
3.5.Ақша мен ақша айналымының эволюциясы 49
Түйін 52
Негізгі терминдер 53
Практикум 53
Қайталауға арналған сұрақтар 54
Тестілер 54
4-Тақырып.
ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІС НЕГІЗДЕРІ
4.1. Адам және оның экономикалық қызметтері 56
4.2. Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары60
4.3. Қоғамдық өндіріс құрылымы және нәтижелері 63
4.4. Жай және кеңейтілген ұдайы өндіріс 70
Түйін 77
Жаңа терминдер мен негізгі түсініктер 77
Практикум 78
Қайталауға арналған сұрақтар 78
Тестілер 79
5-Тақырып.
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ, ОНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ФОРМАЛАРЫ 82
5.1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық
мәні және оның сипаттайтын өзгешеліктері 82
5.2. Фирма және кәсіпкерлік 88
5.3. Кәсіпкердің сатып алушы алдындағы
жауапкершілігі 95
Түйін 106
Қайталауға арналған сұрақтар 106
Тестілер 107
6-Тақырып.
ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫ, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ 108
6.1. Еңбек ресурстары ұғымы және жұмыс
күшінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы 108
6.2. Жұмыспен қамту, жұмыссыздық нысандары
және түрлері 114
- Оукен заңы және жұмыссыздық деңгейін
мемлекеттік реттеу 116
Түйін 117
Практикум 117
Мұны сіз білуге тиіссіз 120
Тестілер 120
7-Тақырып.
КАПИТАЛДЫҢ АУЫСПАЛЫ АЙНАЛЫМЫ
МЕН АЙНАЛЫСЫ 122
- Кәсіпорын капиталының айналымы мен айналысы 122
Түйін 135
Қайталауға арналған сұрақтар 135
8-тақырып.
ФИРМА (КӘСІПОРЫН) ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ
ТАБЫСЫ 136
8.1. Фирма шығынының құрылымы және пайда 136
Қорытынды 141
Терминдер және түсініктер 141
9-тақырып.
ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА - ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ 145
9.1. Ұлттық есеп-шотты жүргізу - қоғамдық
өндірістің нәтижесі ретінде 145
9.2. Жиынтық қоғамдық өнім және өзара
байланысқан көрсеткіштер жүйесі 147
9.3. Жалпы ішкі өнім және өзара
байланысқан көрсеткіштер жүйесі 151
9.4. Ұлттық байлық: құрамы, құрылымы және
оны өлшеудің тәсілдері 15
Категориялар мен терминдер
10-тақырып.
ЖАЛПЫ экономикалық тепе-теңдік
жӘне оНЫҢ БҰЗЫЛУЫ 165
10.1. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс 165
10.2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның
ауытқуы 167
Түйін 171
Есеп 171
11-Тақырып.
Ауытқу экономикалық дамудағы заңдылық ретінде 172
11.1.Ауытқу экономиканың жалпыға ортақ
дамуының формасы 172
11.2.Экономикалық цикл теориясы 177
11.3.Қазіргі кезеңдегі ауытқулық ерекшеліктері 182
11.4.Мультипликатор-акселерато
ету тұжырымдамасы 182
11.5.Ауытқуға қарсы мемлекеттік реттеу 186
Түйін 189
Негізгі терминдер 189
Практикум 190
Мұны сіз білуге тиіссіз 190
Қайталауға арналған сұрақтары 191
Тестілер 191
12-Тақырып.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЖӘНЕ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕНД1К ТЕОРИЯЛАРЫ 194
- Экономикалық өсу, оның типтері мен факторлары 194
12.2.Экономикалық өсудің теориялары
Мультипликатор және акселератор эффектісі 196
12.3.Экономикалық өсудің
қазіргі типтері және оның
ерекшеліктері
13-Тақырып.
ЭКОНОМИКАДА МЕМЛЕКЕТТІҢ РОЛІ 215
13.1.Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі
және маңызы 215
13.2.Экономиканы мемлекеттік реттеу үлгілері 211
13.3.Шаруашылық мүдделерін
орындаушылар (субъектілер) 216
13.4.Мемлекеттік реттеу объектілері және
функциялары
13.5. Экономиканың мемлекеттік реттеудегі құралдары
мен әдістері қажеттілігі 222
Түйін 227
Практикум 228
Сіз білуге тиіссіз 229
Қайталауға арналған сұрақтар 229
Тестілер 230
14-ТАҚЫРЫП.
МЕМЛЕКЕТТІҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ 232
14.1. Халықаралық еңбек бөлінісінің теориясы 232
14.2. Халықаралық еңбек бөлінісі 236
14.3. Халықаралық экономикалық қатынастардың
негізгі түрлері 239 14.4. Халықаралық сауда және сыртқы сауда саясаты 247
14.5. Халықаралық валюта - несие қатынасы 249
14.6. Қазақстан - халықаралық экономикалық
қатынастар жүйесінде 255
Түйін 261
Бақылау сұрақтары 262
Зейнеш Шахметұлы Шүмеков
Жеңісбек Сүйіндікұлы Сүйіндіков
Алтын Шәкірұлы Жаңағұлов
Редакторы: Б.М.Семқұлов
Компьютермен тергендер: Г.М.Батырова
Л.К.Мустияр
Басуға қол қойылды____________
Көлемі:__________ б.т.
Тапсырыс___________ Таралымы 300 дана
Қарағанды экономикалық университетінің
баспаханасында басылған
Қарағанды қаласы, Академиялық көшесі 9
Тел. 44-17-29