Экономикалык теория
Диссертация, 07 Февраля 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание
Қоғамның экономикалық жүйесі «экономикалық теория негіздері» курсының зерттеу объектісі болады. Тарихи және логикалық әдістер бірлігі, жүйелік көзқарас, экономиканың үлгілерін жасау, оларды графикалық және математикалық талдау экономикалық теорияның әдістері болады. Экономикалық теорияның ғылым ретінде ұзақ даму тарихы бар.
Работа состоит из 1 файл
ЭТН о_у-_дістемелік жиынты_.doc
— 2.84 Мб (Скачать документ)4. Тауар маркасы (таңбасы) - иесінің ресми рұқсатынсыз басқа ұйымдар пайдалана алмайтын және тауар өндірушіні даралап тұру үшін қолданылатын, белгілі бір ұйымдардың белгісі. Бұл негізінен сурет, кескінді бейнелер, әріп тіркестері және т.б. болып келеді.
Технологиялардың берілісі мынадай негізгі формаларда жүзеге асады:
а) патенттік келісім - патент иесінің патентті сатып алушының жаңалықты пайдалануына өзінің құқын беруі арқылы жасалатын халықаралық сауда келісімі;
ә) лицензиялық келісім - жаңалықтың иесі немесе техникалық білімдер екінші жаққа белгілі бір шекте өзінің құқықтарын технологияға беретін, халықаралық сауда келісімі;
б) “ноу-хау”- технологиялық, экономикалық қаржылық сипаттағы мәліметтерден тұратын техникалық тәжірибе мен өндіріс құпияларын беру;
в) инжиниринг - сатып алынған немесе жалдауға берілген машиналарды алу, құрастыру және пайдалану үшін қажетті технологиялық білімдердің берілуі.
Ғылыми – техникалық жарияланымдар, жеке байланыстар арқылы зерттеу нәтижелерімен алмасу, өндірістік - техникалық жетістіктермен өзара танысу, көрмелер, ғылыми конференциялар және т.б. технолгияларды берудің коммерциялық емес формаларына жатады.
Жаңа технологияларды жасаудың басты мақсаты - өндірілген өнімдердің әлемдік нарыққа еркін өтіп, бәсекелестікте басқаларды артқа тастауы болып саналады.
Технологиялардың халықаралық берілуіне мелекеттік реттеу мен бақылауды енгізу мынадай себептерден туындауы мүмкін:
- технологиялық тепе-теңдікті ұстап тұруға деген ұмтылыс;
- ұлттық қауіпсіздік;
- халықаралық келісім шарттары және т.б.
Технологияларды сыртқа
шығару мен әкелуді тікелей
Қызмет көрсетудің әлемдік нарығы. Тауарлардың, капиталдардың, жұмыс күштерінің, технологиялардың әлемдік нарығы, сондай - ақ қызмет көрсетудің әлемдік нарығы өмір сүреді және өзара байланыста әрекет етеді. Қызметтер – бұл бақа институционалдық бірліктермен өзара келісімдер кезінде және іс-әрекеттер нәтижесінде болған, институционалды бірліктердің ережелеріндегі өзгерістер.
Қызметтер көрсету тауарлармен халықаралық сауда жасаудан кейін ғана барып дами бастады. Осыдан 3,5 мың жылдан аса бұрын, басқа елдердің саудагерлері үшін тауарлар саудасымен айналысқан финикиндіктер қызмет көрсетудің алғашқы негізін салды, мысалы философ Пифогор мен тарихшы Геродот дүниені танып-білу мақсаттарымен басқа елдерге сапар шекті.
Әлемдік шаруашылықтағы аса ауқымды әрі тез өсіп отырған қызмет көрсету саласы қызметтердің әлемдік нарығының негізі болып саналады. Еңбектің тұтыну құнын өндіретін, еңбек қызметінің алуан түрлерін көрсететін сала түрінде түсіндіріледі. Қызмет көрсету аясының тез өсуі, экономикалық өркендеуінің жоғары дәрежесімен және халықтың өмір деңгейінің дәрежесінен көрінеді. Бұдан басқа халықаралық еңбек бөлінісі қызметтердің жаңа түрлерінің, ең алдымен қызмет көрсету аясындағы қызметтердің жаңа түрлерінің пайда болуына әкеледі.
Сауданы ырықтандыру туралы халықаралық келіссөздер жүргізу кездерінде, өзіне қызмет көрсетудің 600-ден аса түрін енгізетін сыртқы сауда ұйымдарының жіктелуі пайдаланылады. Қызметтер жіктелуін әлемнің басым көпшілік елдері таныған және БҰҰ-да қабылданған, халықаралық стандартталған өнеркәсіп жіктелуіне негізделген.
Тауарлар мен қызметтер нарығы және олармен сауда жасау аралығында сапалық айырмашылықтар өмір сүреді:
- біріншіден, тауарлардан қызметтердің айырмашы-лығы сезілмейді және көрінбейді;
- екіншіден, қызметтер негізінен бірмезгілде өндіріледі және қолданылады, сақтауға жатпайды. Сондықтан қызметтердің басым көпшілік түрлері тұтынушылар мен өндірушілер арасындағы тікелей байланыстарға негізделеді;
- үшіншіден, көрсетілген қызметтер арқылы жасалатын халықаралық сауда, оларды өндірумен тікелей байланысты. Шетелдерге тауарлар жеткізу үшін, нарықтарға талдау жасаудан басталып, тауарларды тасымалдаумен аяқталатын қызмет көрсетудің барлық түрлері қатыстырылады. Қызметтер арқылы жасалатын халықаралық сауда, капиталдардың халықаралық сауда, капиталдардың халықаралық қозғалуымен, жұмыс күштерінің нарығында орналасуымен тығыз байланысты өзара әрекет етеді;
- төртіншіден, тауарлардан өзгешілігі, қызметтердің барлық түрлері шаруашылық жүргізудегі халықаралық айналымға кең түрде қатыстыру үшін жарамды емес болып саналатындығы, мысалы, жеке тұтыну үшін қызметтер және т.б;
- бесіншіден, қызмет көрсету аясы, метериалдық қызмет аясына қарағанда, негізінен шетел бәсекесінен мемлекет арқылы көбірек қорғалады.
Сатылатын қызметтер
түрлі белгілері бойынша
Қызмет көрсету көпшілік жағдайларда, тауарларды сатумен немесе белгілі бір елдерде қаржы салуды жүзеге асырумен бірмезгілде болады. Сондықтан:
- инвестициялармен байланысты банкілік, қонақ үйлердегі және кәсіптік қызметтер;
- саудамен байланысты көлік, сақтандыру қызметтері;
- бірмезгілде инвестициялармен және саудамен байланысты байланыс, құрылыс, компьютерлік және ақпараттық қызметтер бөліп көрсетіледі.
Экспорттық қызметтер көлемінің жартысынан көбі халықаралық көлік пен халықаралық жеке іскерлік сапарлар үлесіне келеді. Қызметтердің құндық көлемінің 75%-на жуығына индустриялды дамыған елдер, 24%-ын дамушы елдер және 1%-ын халықаралық ұйымдар пайдаланады. ССҰ (ВТО) секретариатының берген бағалары бойынша қызметтердің әлемдік экспортының 16,2%-ы АҚШ - тың үлесіне келеді, Францияға 10,2%, Италияға 6,5%, Германияға 6,4%, Ұлыбританияға 5,5%, Жапонияға 5%, тиеді Соңғы жылдары туризмнің үлесі арта түсуде, басқа қызметтердің көлемі өсуде. Жергілікті нарықта қызмет түрлерін көрсетушілерден басып озушылық пен шетел фирмаларының нарыққа кіру мүмкіндігін шектеу немесе тыйым салу мына тармақтардан тұрады:
1. Қызметтермен сауда жасауды шектеу;
2. Шетел қызметтері импортына сандық квота енгізу;
3. Ішкі нарықта шетел компанияларының фирмаларын құруды шектеу;
4. Қызмет көрсетулердің алға жылжуын шектеу;
5. Көрсетілген қызметтердің тұтынушыларға жылжуын шектеу
Қызметтермен халықаралық сауда жасайтын бүгінде қырықтан аса халықаралық ұйымдар: ГАТТ БСҰ (ВТО) ОЭСР, ЮНК-ТАО және т.б. бар.
ТМД аймақтарындағы қызмет көрсету саласының бүгінде дамуын, экономистер бұл аймақтағы саяси жағдайдың тұрақсыздығымен, өтпелі кезеңмен байланыстырады. Қазақстан Республикасында бұрын дамымаған немесе нашар дамыған қызмет түрлері дамуда, мысалы, ғылымды көп қажетсінетін тауарларды, шетел тауарларын, жабдықтарды, машиналарды және т.б. сатудан кейінгі қызмет көрсетумен байланысты қызметтер және т.б.
14.6. Қазақстан халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде
Қысқа мерзім ішінде Қазақстанды егеменді тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзінің 160-тан астам елі мойындады. Минералды ресурстарға бай Қазақстан шетел капиталын өзіне тартып, 250-дей біріккен кәсіпорын құрылды. Соңғы үш жылда (2002, 2003, 2004) инвестицияның келуі өсіп, 182 доллардан асып отыр, адам басына шаққанда.
Өнеркәсібі дамыған елдермен (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея т.б.) халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жүзеге асуда. Осындай игі істер АСЕАН елдерімен, әсіресе – Индонезия, Малайзия, Сингапурмен жасалуда. Ынтымақтастық Таяу және Орта Шығыс елдерімен дамуда. Оларға: Түркия, Иран, Сауд Аравиясын жатқызамыз. Ресей, Өзбек, Қырғыз елдерімен, экономикалық одақ елдерімен Қазақстанның экономикалық қатынаста болуы үлкен стратегиялық мүдделілікті байқатады.
Дәстүрлі экономикалық қатынастарды Қзақстан барлық ТМД елдерімен және Шығыс Еуропамен жалғастыруда.
Қытаймен өзара ұзақ
мерзімді қатынас жаңа деңгейге көтерілді.
Қазақстан қазіргі кезде
Қазақстан экономиканы реформалауда шетел капиталын бәсекелестік негізде тартуды алға қоюда. Ол экономиканың күрделі мәселесін шешіп қана қоймайды, жаңа технологияны әкелуді, экпорттық өнімнің өзімізде шығарылған тауар мен толтырылуын мақсат етеді.
Жоғарыда атап өткеніміздей, экспорттық өндірісті дамыту Қазақстанда басым бағыттарға ие болуда. Қазақстан Республикасы ТМД елдерімен кең көлемде экономикалық байланыстар жасап келеді. Демек, республика үшін ТМД елдері негізгі серіктес болып саналады, оның ішінде біріншісі-Ресей. Республикадағы экспорттық құрылымның негізін ірі-тонналық өнімдер – мұнай, астық, көмір, руда және концентраттар, қара металл прокаты, мыс, мырыш, қорғасын құрайды. Осы өнімдерді алыс жаққа тасу экономикалық жағынан тиімсіз, себебі оларды қымбаттатып жібереді. Сондықтан, Қазақстан үшін таяу көршілермен сауда-саттық жасау пайдалы.
Тұжырымдамада интеграциялық процесті дамытудың мынандай қағидалары қаралған: кеден кедергілерін жоюуы, салық, акциз алымын төмендету, отандық тауар өндірушілерді қорғау шараларын жасау. Осы процестерге – “микродеңгейдегі интеграция” деген айдар тағылды.
Шаруашылық субьектісінің әр түрлі осы аталған негізінде “микродеңгейдегі интеграцияны” жүзеге асы-рады. Бұл Ресей мен Қазақстан жобасында тәп-тәуір ескерілмек. Біріккен кәсіпорындар мен қаржы - өнеркәсіп топтары құрылып, керек жобаларды мұнай өндіру және газ салаларында, көмір өндіру, машина құрылысында өткеру жүзеге асырылуды.
Қазақстанның егемен ел ретінде БҰҰ – ны және басқа да көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болуы, ел экономикасын халықаралық сауда қарым-қатынасына интеграциялауға обьективті жағдайлар жасады.
Қазақстанның жағдайын талдап қарасақ, онда біз мынадай оңды құбылыстарды байқар едік:
1. Теңге тұрақтылығының нығаюы. Егер 1995 жылы теңге доллармен салыстырғанда 28,8% төмендеген болса, 1996 жылы 4,5% ғана төмендеді.
2. Инфляция деңгейінің төмендеуіне байланысты ұлттық банктің қайта құру ставкасы егер 1995 жылдың ортасында жылдық 75% болса, сол жылдың аяғында 52,5% ал 1996 жылда 30% болды.
3. Өндірістің құлдырауы тежеліп, макроэкономика-лық ахуал барынша түрақтанып, келешегіне болжам жасайтындай күйге жете бастады. Ішкі жалпы өнім 1996 жылдың бірінші жарты жылында 1995 жылғы сол кезеңмен салыстырғанда 100,1%, соның ішінде өнеркәсіп өнімі 100,2% болды. Соңғы жеті жылдың ішінде тұңғыш рет Қазақстанда өндірістің құлдырауы тоқтатылып, біршама экономикалық өсуге қол жеткізілді.
4. Экспорт өнімдері тұрақты түрде ұлғаюда, егер 1995 жылы оның өсімі 154,5% болса, кейінгі жылдары да едәуір өседі деп күтілуде.
Солардың ішінде:
- Облыстардың лицензиялар беру құқығын жойып, сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінен мемлекеттік сыртқы сауда компанияларын бөліп, олардан монополиялық сауда жасау құқығын алу қажет;
- Барлық лицензиялар мен үлестерді аукциондарда сатуды заңдастыру керек. Мұның өзі пайданың бір бөлігін мемлекет қазынасына алуға, меншіктік әртүрлі нысандағы кез келген кәсіпорынның лицензиялар мен квоталарға ашық және бәсекелестік түрде қол жеткізуіне мүмкіндік береді.
Экспорттық салалар мен өндірістің дамуын жетілдіре беру мен ынталандыру мақсатында экспорттың салық салу жүйесінде тұрақты түрде талдаулар жасап, қажет болған жағдайда оларға өзгерістер енгізу бүгінгі – күннің талабы. Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы орнын тұрақтандырып, рөлін мейілінше арттыру бағыттарында қолға алатын жұмыстар жеткілікті. Бұл жұмыстардың негізгілерінің ішінде аяқталған кешен құрып, экспорттағы шикізат бағытын жеңу үшін сыртқы экономикалық байланыстар саласын, республика экономикасын құрылымдық қайта құру бағдарламасына сәйкестіндіре білу қажет. Бұл ретте дайын өнім өндіретін аяқталған техникалық кешендер құрып, өндіру салаларын экстенсивті дамудан интенсивті дамуға көшіріп, дүниежүзілік деңгейдегі жаңа технологияларды пайдалануды мақсат тұту керек.
Аталған салалар мен өндірістерді шұғыл дамыту мемлекеттердің экспорттық әлеуетін ұлғайтып қана қоймай, жұмыспен толық қамту мәселесіне де қолайлы жағдай жасайды. Егер республикадағы жұмысшы күшінің салыстырмалы арзандығы мен қолда бар шикізатты, мысалы, өндірістік қалдықтарды жеңіл және тез іске асыруға болатындығын ескерсек, олардың экономикалық тиімділік деңгейі жоғары екендігі түсінікті. Қазақстанның халықаралық саудадағы рөлін күшейту үшін, оған тән ерекшеліктерді байқап бағдарлау қажет. Қазақстанның ерекшелігі оның дамыған, сондай-ақ дамушы елдер қатарында бірдей болуы.
Қазақстанды дамыған елдер қатарына қосатын факторларға халқының жаппай сауаттылығы, ғылыми-зерттеу мекемелерінің кең жүйесі – ғарыштық зерттеулерге қатысу мүмкіндіктері жатады.
Экономиканың шикізаттық бағыты, шетел инвестициялары мен жаңа технологияларға деген қажеттілік, инфрақұрылымның төмен дәрежесі, Республиканың дамушы ел екендігінің дәлелдері. Ал, дамушы елдердің өз экспортына қолайлы база жасау бағытындағы іс-қимылдары көптеген кедергілерге кездесетіні белгілі.
1997 жылдың басында
Мәскеуде интеграциялық