Экономикалык теория
Диссертация, 07 Февраля 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание
Қоғамның экономикалық жүйесі «экономикалық теория негіздері» курсының зерттеу объектісі болады. Тарихи және логикалық әдістер бірлігі, жүйелік көзқарас, экономиканың үлгілерін жасау, оларды графикалық және математикалық талдау экономикалық теорияның әдістері болады. Экономикалық теорияның ғылым ретінде ұзақ даму тарихы бар.
Работа состоит из 1 файл
ЭТН о_у-_дістемелік жиынты_.doc
— 2.84 Мб (Скачать документ)Халықаралық сауда теориясының негіздерін XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында ағылшынның аса көрнекті экономистері А.Смит пен Д.Рикардо қалыптастырды. А.Смит “ Халық байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеулер” кітабында абсолюттік басымдық теориясын қалыптастырды және халықаралық сауданы еркін дамытуға деген елдердің қызығушылықтарын да ашып көрсетті.
Д.Рикардо “Саяси экономика және салық салудың бастаулары” деп аталатын еңбегінде абсолюттік басымдықтар қағидасының жалпы ережесінің болуын, жекелеген жағдайлар ретінде дәлелдеп береді және біріншіден, экономикалық ресурстардың елдер арасында теңдей емес түрде бөлінуін, екіншіден, әртүрлі тауарларды өндіру әртүрлі технологияларды немесе ресурстарды пайдалануды талап ететіндігі туралы салыстырмалы басымдық теориясын негіздеді. Д.Рикардо сондай-ақ халықаралық айырбастың барлық елдердің мүдделері үшін мүмкін екендігін көрсетті.
Д.Стюард Милл пайымына сәйкес, халықаралық құн теориясы, елдер арасындағы тауарлар алмасуын оңтайландыратын бағаның өмір сүретіндігін көрсетеді. Мұндай нарықтық баға сұраныс пен ұсынысқа қатысты болады.
Эли Хекшер мен Бертиль Олин, өндіріс факторлары мен қамтамасыз етілгендік деңгейде, белгілі бір өнімдерге қатынасы бойынша қандай бір ел ие болатын, салыстырмалы басымдықтарға түсініктер береді. Олар “өндіріс факторларына бағаларды теңестіру” теориясын алға жылжытты, ол бойынша ұлттық өндірістік айырмашылықтар өндіріс факторларының әртүрлі мақсатымен, сондай-ақ қандай да бір тауарларға деген ішкі қажеттіліктердің түрлілігімен анықталады.
Аталған теорияларды экономист ғалымдар П.Самуэльсон, В.Стапер, В.Леонтев жетілдіріп және оны одан әрі дамытты.
Соңғы кезде зерттеушілердің
көпшілігі классикалық
Қазіргі жағдайдағы сыртқы сауданың өзіндік белгілер :
1. Негізінен шағын өндірушілердің тауарларын өткізуді бақылайтын, ірі монополиялардың шешуші позициялары;
2. Монополиялық үстемдік, сыртқы экономикалық өктемдіктің күрт күшеюі;
3. Қазіргі жағдайдағы сыртқы сауда, негізінен, капиталды сыртқа шығару әсерімен дамиды.
Қазіргі кездегі жиынтық халықаралық айналымның 4/5- тен басым бөлігін индустриалды дамыған елдер (ИДЕ) құрайтын әлемдік сауданың үлесіне келеді. Мәселен, 11 капиталистік елдің (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Жапония, Бельгия, Нидерландия, Швеция, Швецария, Канада) үлесіне, бүкіл әлем халқының 20% -на жуығын құрайтын, барлық халықаралық тауар айналымының 55%-дан астам келеді. Сонымен бір мезгілде, Қытай мен Индияның (жердегі халықтың 40%) үлесіне әлемдік тауар айналымының 5 %-ы үлес келеді.
Индустриалды дамыған елдер (ИДЕ) экспорты басым түрде дайын өнімдермен (машиналар мен жабдықтар), ал артта қалған елдердің экспорты аграрлы шикізат тауарларымен ұсынылады. Ірі монополиялар өздерінің тауарларын монополиялық жоғары бағалар бойынша сыртта (экспортқа) шығарады. Сонымен бірге индустриалды дамыған елдердің (ИДЕ) ірі монополиялары мейлінше нашар дамыған елдердің ұлттық табысының бір бөлігін өзіне сіңіріп алады. Батыс экономистерінің берген бағаларына сәйкес, 1950-1970 жылдар арасындағы кезеңді “алтын ғасыр” деп атауға болады, уақыттың тура осы үзігінде әлемдік экспорт қайырадан тұрақты жоғары қарқынын көрсетеді.
Халықаралық сауданың бұлайша өсуі:
1. халықаралық еңбек бөлінісінің дамуымен және өндірісті интернационалдандырудың дамуымен;
2. ҒТР-мен;
3. Нарықтағы трансұлттық корпорациялардың белсенді қызметімен;
4. БСҰ (ВТО) шаралары арқылы халықаралық сауданы реттеумен;
5. Сауда- экономикалық интеграциялық прогрестердің дамуымен байланысты бірқатар факторлардың нәтижесі болып саналады;
6. Халықаралық сауданы ырықтандырумен.
Сыртқы сауда байланыстарының дамуы экономика-ның табысты дамуы үшін экспорт пен импортты реттеу жөніндегі мемлекеттің қолданатын шараларымен тығыз байланысты болып саналады.
Халықаралық сауданы мемлекеттік реттеу:
1. Мемлекеттік реттеу құралдарын үкіметтің келісуінсіз немесе саудадағы әріптестерінің кеңесімен, біржақты реттеу;
2. Сауда саясатының шаралары, сауда саласындағы әріптестер болып саналатын елдер арасындағы келісілген екі жақты реттеу;
3. Сауда саясаты көпжақты келісімдермен реттелетін көп жақты реттеу. Мысалы, БСҰ, Еуропа одағына мүше елдердің сауда саласындағы келісімі.
Мемлекеттің халықаралық саудаға араласуының ауқымына қатысты сыртқы сауда саясатының келесі түрлері (типтері) ажыратылады:
1. Ырықтандыру немесе сауда еркіндігі - бұл сұраныс пен ұсыныстың еркін нарықтық күші кезінде дамитын, сыртқы саудаға мемлекеттің аздаған мөлшерде араласу саясаты.
2. Протекционизм - бұл сауда саясатының тарифтік және тарифсіз құралдарын пайда\лану жолымен ішкі нарықты шетелдік бәсекеден қорғаудың мемлекеттік саясаты.
Еркін сауданың жақтастары, негізінен, халықаралық еңбек бөлінісінің (ХЕБ) неғұрлым тиімді нұсқаларын таңдауды қамтамасыз етудің және осы негізгі қатысушы елдер халқының өмір деңгейін көтерудің мемлекетпен реттелмейтін қабілетін атап өтеді.Протекционистік шаралардың жақтаушылары, негізінен, кез келген ұлттық өнеркәсіптің мүдделерін қорғауды, халықты жұмыспен қамтуды, жоғары өмір деңгейін және т.б. қамтамасыз етуді олардың қажеттілігі деп атап көрсетеді.
Протекционистік шаралардың қазіргі заманғы жүйесі әртүрлі бағыттарды қамтиды. Солардың ішінде ең маңыздылары:
1. Басқа елдерден әкелуді қиындату немесе ол елден өнімдердің белгілі бір түрлерін сыртқа шығаруды сирету. Кедендік салық салулар ( тарифтік кедергілер). Ұлттық өндірушілердің шетел фирмаларымен бәсекелестігін жеңілдету үшін, негізінен шетелдерден дайын өнімдерді, әсіресе, қымбат сән-салтанат заттарын әкелу кезінде жоғары кеден баж салықтары белгіленеді, ал шикізат пен материалдар импорты кезінде кеденнің баж салықтары неғұрылым төмен болады.
2. Тарифтік кедергілер, экономикалық саяси және әкімшілік әдістердің көмегімен СЭҚ-тің тікелей және жанама шектеулерінің жиынтығын білдіреді.
Қазіргі тәжірибедегі мемлекетаралық алмасудың кейбір таралуы сыртқы экономикалық операциялардың мөлшерленуі мен лицензиялануына ие болады. Мөлшерлену-бұл, соның шегінде сыртқы сауда операциялары салыстырмалы түрде еркін жүзеге асырылатын, жекелеген тауарлар мен тауарлардың топтарын сыртқа шығаруға ( экспортқа) белгілі бір квоталардың белгіленуі. Тәжірибе жүзінде оның құрамын белгілеу (контигирование) еркін әкелінуі немесе сыртқа шығарылуы мүмкін шектелген тауарлардың тізімі түрінде белгіленеді.
Лицензиялау, ұйымдардың сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асыруға үкімет органдарынан рұқсат алу (лицензиясын) қажеттілігін болжайды. Салық жүйесі мен ұлттық шектеу жекелеген порттар мен темір жол станцияларының шетелдіктер үшін жабық болатын жанама шектеулеріне жатады.
Тәжірибеде мемлекеттердің сыртқы сауда саясаты, протекционизм мен ырықтандыру элементтерін ұштастыра отырып, алуан түрлілігімен өзгешеленеді. Халықаралақ сауданы жан-жақты реттеу, ең алдымен сауда жөніндегі бас келісім бағыты мен тарифтер (ГААТ) және оның мұрагері- бүкіләлемдік сауда ұйымы (БСҰ) арқылы жүзеге асырылады.
14.4. Халықаралық валюта – несие қатынастары
Халықаралық валюта несие қатынастары бөлу, айырбастау, тұтыну салаларына жатады. Өндіріс салаларынан еркін және төлем балансында көрініс тапқан, халықаралық экономикалық қатынастардың барлық формаларының аяқталғандығын білдіреді. Сонымен бір мезгілде олар салыстырмалы түрде дербес болып саналады, ұлттық экономика мен халықаралық экономикалық қатынастардың бүкіл жүйесіне кері әсерін тигізеді.
Әлемдік валюта жүйесі, ұлттық экономиканың өзара тәуелділігінің күшеюімен әлемдік шаруашылық байланыстарымен келісілген, ақша- экономикалық қатынастарының жиынтығын білдіреді. Халықаралық еңбек бөлінісі, тауарлы өндіріс пен әртүрлі елдер арасындағы сыртқа сауда оның базасы болып саналады.
Әлемдік валюта жүйесінің құрамды элементтері:
- Халықаралық төлем құралдарының белгілі бір жиыны (ұлттық, шетелдік және ұжымдық халықаралық валюта);
- Валюта бағамы және валюта өлшемі (паритеті) мен еркін айналым жасаушылығын қоса алғандағы, валюта айырбастау тәртібі;
- Халықаралық айналымды валюта-төлем құралдарымен қамтамасыз етудің тетігі (механизмі);
- Халықаралық есеп айырысу формалары мен валюта және алтынның халықаралық нарығының тәртібін ретке және жүйеге келтіру;
- Валюта қатынастарының тәртібін реттеуші, мемлекетаралық институттардың мәртебесі;
- Әлем шаруашылығының сыртқы экономикалық қызметімен байланысты халықаралық есеп айырысу мен несие операцияларын жүзеге асырушы халықаралық және ұлттық банк мекемелерінің жүйесі.
Әлемдік валюта жүйесіндегі барлық төлем мен есеп айырысу операциялары, аталмыш ұлттық валюта ақша бірлігінің бағасы басқа ел валюталарының ақша бірлігінде көрінетін валюта бағамдарының негізінде жасалады.
Алғашқы беттегі валюта бағамы (курсы) алтын мен және оның құнымен, ұлттық валютаның алтын құрамымен, валюталарды пайдалану арасындағы қарама-қайшылық тереңдей түседі. 60-шы жылдардың ортасында доллар стандарты, капиталистік әлемдегі Батыс Еуропа мен Жапонияның пайдасына өзгеруші күштер арақатынасының сәйкес келушілігін доғарды, әлем экономикасындағы тұрақсыздық империалистік шилініс факторына айналды.
Бреттон-Вуд жүйесіндегі құрылымдық дағдарыс 1971-1973 жылдары оның барлық қағидаларының үзілуіне алып келді: доллардың алтынға бөлшектенуі тоқтатылды, алтынның ресми бағасы алынып тасталды, белгіленген бағамдар тәртібі еркін айналыстағы бағамдармен ауыстырылды.
Жаңа әлемдік валюта жүйесі, алтынның демонитизациялануына белгілеген және валюталардың алтын өлшемдерін жойған, алтындоллар стандартының күйреуі 1976 жылғы Ямай келісімімен заңдастырылды. “Қарыз алудың арнайы құқығы” валюта жүйесі негізінде жарияланды. Әрбір ел, валюта бағамының тәртібін өздерінің қараулары бойынша таңдау құқығын алды. Валюта бағамдарының әртүрлі тәртіптеріндегі валюталар жүйесі қалыптасты. 1979 жылдан бастап әлемдік валюта жүйесі шеңберіндегі аймақтық деңгейде, өзінің есеп айырысу бірлігі – ЕВРО енгізілді. Толыққанды ұжымдық халықаралық валюта болып саналатын ЕВРО Еуропалық валюта жүйесі (ЕВЖ) қызметін жүргізеді. Доллардың өктемдігінен “Ортақ нарықты” қорғау, Еуропалық валюта жүйесінің (ЕВЖ) негізгі мақсаты болып саналады.
Қазіргі кезеңдегі әлем
шаруашылығы байланыстарының
14.5. Технологиялардың әлемдік нарығы
Технология бұл, өнімдердің технологиясы, технология процесі және басқару технологиясы сияқты үш негізгі топ кіретін іс-тәжірибелік мақсаттарға қол жеткізудің ғылыми әдістері. Заттанған (жабдықтар, агрегаттар, құралдар, технологиялық желілер) және заттанбаған (әртүрлі тектегі техникалық құжаттамалар, білім, тәжірибе ) формадағы интеллектуалдық қызметтің нәтижелері технологиялардың әлемдік нарығының объектілері болып саналады.
Мемлекет, университеттер мен фирмалар және жеке тұлғалар технологиялар әлемдік нарығының субъектілері болып саналады. Технология өзінен-өзі тауар болып саналмайды, ол белгілі бір жағдайларды ғана тауар бола алады. Мәселен, жоғарғы технологиялы тауарлармен, капитал сыйымды тауарлар мен халықаралық сауда жасау жағдайында әлемдік экономикадағы тауарлармен өндірістің басқа да факторлары технологиялардың таратушылары болып қатысуы мүмкін.
Идеяларды коммерцияландыру
нақты сезілгенде, сараптау жүргізілгенде,
оны пайдалануға болатын
Технологиялардың халықаралық берілуі - бұл ғылыми-техникалық жетістіктердің коммерциялық немесе өтеусіз негіздегі мемлекет аралық орналасуы болып табылады. Халықаралық технологиялық айырбасқа – ғылым, техника, өндіріс және басқару сияқты адамның өмірлік қызметінің барлық аясы кең түрде тартылған. Технологиялардың халықаралық берілуі құқықтық қорғаумен, бір немесе бірнеше құқықтық құралдармен, яғни патенттермен, лицензиялармен, копирайттармен, тауар белгілерімен қамтамасыз етіледі.
1. Патент – жаңалықты пайдаланушының (монополиялық) құқын растаушы және құзырлы үкімет органдарының өнертапқышқа (жаңалық енгізушіге) беретін куәлігі. Іс жүзінде тауарлардың барлығы патенттелген болып саналады. Патент күшінің мерзімі 15-20 жылмен шектеледі және ол берілген елдің аумағында ғана әрекет етеді. Патентті ұстап тұру үшін, заңдар жоғары патенттік салымдарды уақытылы төлеп отыруды талап етеді, сондықтан да патент иелері жаңалықтарды коммерциялық мақсатқа пайдалануға болатын елдегі оны пайдалану құқына маңызды түрде артықшылық береді.
2. Лицензия – технологияға иелік етушілердің (лицензиялар) қорғалған немесе қорғалмаған патенттермен оған мүдделік танытушы (лицензиат) жақтарға осы технологияларды белгілі бір уақытқа және белгілі бір ақыға беретін рұқсат.
3. Копирайт - өз өнімдерін шығару және әдеби, аудио немесе бейне шығармаларды көрсетуге автордың эксклюзивті құқығы.