Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 19:52, реферат

Описание

Қоғамдық- экономикалық негізгі жүйелердің типтері жəне шаруашылық жүргізудің негізгі модельдері. Экономикаға мемлекеттің араласуының объективті қажеттігі. Мемлекеттік реттеудің əртүрлі модельдері. Мемлекеттік реттеудің классикалық моделі. Рыноктық экономикаға мемлекеттің белсенді араласу моделі. Мемлекеттік реттеу туралы қазіргі неоконсерваторлық тұжырымдама. Экономиканы «мемлекеттік реттеу» түсінігінің анықтамасы.

Содержание

Силлабус (пәннің оқу бағдарламасы) 4
Дәріс кешені 30-66
Семинарлық сабақтарды орындауға методикалық сілтемелер 67-72
Лабораториялық сабақтарды орындауға методикалық сілтемелер
СОӨЖ орындауға методикалық сілтемелер 73-80
СӨЖ орындауға методикалық сілтемелер 81-85 7
Пәннің оқу – әдістемелік картасы 86

Работа состоит из  1 файл

Эк.мем. реттеу бар. мам.doc

— 2.91 Мб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  «Табиғи монополиялар туралы» Заңына сәйкестабиғи монополия категориясына:

-магистральді құбырлар  арқылы мұнай және мұнай өнімдерін  тасымалдау;

-құбырлармен газ тасымалдау;

-электр және жылу энергиясын  жеткізу бойынша қызмет көрсетулер;

-теміржол тасымалдары;

-транспорттық терминалдар,  порттар және әуежайлар қызметі  жатқызылады .

Тақырып №12. Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу жəне халықты əлеуметтік қорғау

Жұмыспен қамтамасыз ету мен жұмысқа қабілетті  тұрғындардың жұмыссыздығының деңгейіне  мемлекеттік ықпал ету, реттеудің  жалпы жүйесі мен әлеуметтік саясатының бөлінбейтін бөлігі болып табылады. Қазіргі заманғы еңбек рыногы өзінің стихиялы сипатын жоғалтып,мемлекеттік араласу обьектісі болып таблады.Сонымен бірге басқа тауарлардың рыногы тәрізді, іштен (жұмыс берушімен және кәсіподақтармен) және сырттан (мемлекетпен) реттелетін болды.

Бұл үдерісте мемлекеттің  рөлі екі жақты. Бір жағынан мемлекет жұмыс беруші ретінде, яғни өзінің мүддесін қорғап, еңбек рыногында дербес субъект ретінде көрінеді. Екінші жағынан мемлекет төреші (арбитр) – жұмыс беруші мен жалданушы жұмыскер арасындағы даулы мәселелерді реттеумен айналысуы тиіс. Еңбек  рыногының басқа рыногтардан айырмашылығы, адамдардың тұтыну мен мүдделерін есепке алу қажеттілігіне байланысты оныңң әлеуметтік табиғаты болады.

«Еңбек рыногы - жұмыс күшіне сұраныс, оған қажеттілігінің болуы ,екінші жағынан – жұмыс күшін ұсынуды тұтынуды қанағаттандыратын мүмкіндігі бар араласатын қарама – қарсы келетін сала» (Лившиц).

Еңбек рыногы - бұл рынок  экономикасы құрылымының құрамдас болігі. Ол басқа да рыноктармен: шикі материалдар,халық тұтынатын тауарлар мен қызметтер, тұрғын үй, бағалы қағаздар және т.б рыноктармен қатар қызмет етеді. Еңбек рыногында бір тарап (сатушы) қолайлы жұмыс іздеуші  ретінде, екінші тарап (сатып алушы)-жұмыс берушілер:кәсіпкерлер немесе олардың өкілдері болады.Еңбек рыногы жұмыспен қамтамасыз етудің мемлекеттік және мемлекеттік емес жүйелерімен,сондай-ақ кәсіпорындар мен мекемелердің тікелей кадр қызметі арқылы немесе тікелей жұмысшы мен жұмыс беруші арасында жүзеге асады.

Еңбек рыногында жұмыс  күшінің құны бағаланады, оны жалға  алу талаптары, оның ішінде еңбекақы көлемі, еңбек ету жағдайы, кәсібінің өсу мүмкіндігі, жұмыспен қамтамасыз ету кепілдігі анықталады. Еңбек рыногы-бұл тек қана жұмыс күшін сату және сатып алу емес, ол сандық және сапалық жағынан да, еңбек ресурстары мен жұмыс орындарының арасындағы теңдестік проблемаларын шешеді. Негізгі проблемалар – салалар мен кәсіптік біліктің теңдестірілмеуінде.

Жұмыс деп халықтың жеке және қоғамдық қажеттерін қанағаттандыратын  және кіріс әкелетін қоғамдық пайдалы  іс әрекеті түсіндіріледі. Жұмыспен қамтуды реттеуде экономикалық, ұйымдастыру, әкімшілік құқықтық әдістер қолданылады. Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

  • Жұмыс орындар жүйесінің дамуын реттеу;
  • Жұмыс орындарына сұранысты реттеу;
  • Мемлекеттің білім беру және қызметкерлерді кәсіби даярлау мен қайта даярлау жүйесін дамытуға мемлекеттің қатысуы.

Жұмыссыздықты сипаттайтын негізгі көрсеткіштер: жұмыссыздық деңгейі, жұмыссыздықтың табиғи деңгейі, жұмыспен қамту қызметі  органдарына тіркелген, материалдық  көмек тағайындалған жұмыссыздардың саны.                                                                                      

Мемлекет адамдардың жұмыс іздеуге кетіретін уақытын  қысқартып, бос жұмыс орындары туралы ақпаратты ұйымдастыруда және жетілдіруде  осы шартты толық сақтайды.

 Жұмыссыздық  проблемасын шешудің бірден бір жолы бұл еңбек биржалары туралы көптеген мемлекеттердің практикасының нәтижелерін көруіміз керек. Еңбек биржалары бойынша тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету жұмыссыздықпен қамтамасыз етудің бірден бір жолы.Бұл еңбек биржалары  ең алғашқы кездерде дамыған мемлекеттерде жұмыссыздарға көмек беру мақсатындағы адамгершілік институттары ретінде пайда болды.Уақыт өте келе және еңбек қатынастарының дамуына байланысты оның атқаратын қызметі мен өзгеруі.Еңбек биржасы- бұл еңбекті талдау барысында жұмыскерлер мен кәсіпкерлер арасында делдалдық қызметтер атқаратын келісімдер жайын, тұрақты мерзімді қызмет жасайтын мәселе.

Тәуелсіздік алғанымызға  жиырма жылдай болып қалсада біздің мемлекетіміз жұмыссыздық мәселесімен  күресуде, бірақ осыған қарамастан жұмыссыздар саны таңдаусыз өсуде.Болашақта жұмыссыздар санын азайту үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сай жұмыс істеуі керек.Ал, бірақ әзірге ондайдың болуы мүмкін емес.Себебі жемқорлықпен күрес жүргізіп жатқанымызда сол проблемаларды шешудің негізі екендігінде.Үкіметтің «Дағдарысқа қарсы күрес» бағдарламасы аясында қысқартуға ұшырағандар қоғамдық жұмыстарға жұмылдырылады.Республика бойынша мұндай жұмыс орындарының саны әзірге он мыңға жуық. Онда орташа айлық жиырма мың теңге болмақ.

Қазіргі елімізде орын алып отырған жұмыссыздық мәселесі әсіресе, ауылдағы жастардың көпшілігінің жұмыспен қамтылмай ауылға тұрақтамауы, еліміздің өсіп өркендеуіне кедергі келтіріп отырған аса қауіпті жағдай. «Береке түбі бірлік » деген атадан қалған ұлағатты сөздің өміршеңдігі қазіргі уақытта айқын дәлелденіп отыр. Қай жерде болсын іріленген шаруашылықтар ілгері басып, ұсақ шаруашылықтар басы бірікпей, елдің де, жердің де жағдайын жөндей алмай, берекесіздікке ұшырап отыр.Бұл жөнінде биылғы Президенттің жолдауында нақтылы, тұжырымды айтылған, «Ұсақ шаруа қожалықтарының бытыраңқылығын еңсеру мәселелерін жүйелі түрде шешіу қажет» деген.

      Үкімет әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеудің, әлеуметтік әріптестік тараптарының арасында келісімге қол жеткізудің тетігі ретінде әлеуметтік диалогты одан әрі нығайту мен дамыту жөніндегі жұмысты жалғастырады.Мемлекеттің мүмкіндіктерін және зейнетақымен қамсыздандырудың ортақ жүйесінің халықаралық қағидаттарымен жүрудің қажеттілігін ескере отырып, зейнетақы төлемдерінің деңгейін арттыру жөнінде шаралар қабылданатын болады.Заңнаманы жетілдіру жолымен халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен және міндетті әлеуметтік сақтандырумен қамтуды кеңейту жөніндегі жұмыс жандандырылатын болады.Үкімет жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін төлеу жүйесін жетілдіруді және зейнетақыны аннуитеттiк сақтандыруды дамытуды ұйғарып отыр.Қаржы құралдарының тізбесін кеңейту және басқа да шаралар есебінен жинақтаушы зейнетақы қорлары кірістілігінің өсуін ынталандыру жөніндегі жұмыс жалғастырылады.

Үкімет жұмыссыздарды  оқыту мен қайта оқытудың, жұмыстан босатылған қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен оларды қайта даярлаудың, жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастырудың тиімді жүйесін қалыптастыруға, бизнестің жаңа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарын құруға қатысуына ықпал етуді ұйғарып отыр.Жергілікті мамандарды кәсіби даярлау мен қайта даярлауға  ерекше назар аудара отырып, шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен алмастыру саясаты жүргізілетін болады. Бұдан басқа, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жағдайында ішкі еңбек нарығын қорғауға бағытталған тетіктерді қалыптастыру алда тұр.

 

Тақырып №13. Аймақтардың əлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу

 

Нарықтық қатынастарының дамуы мен қалыптасуы жағдайында радикалды экономикалық реформалардың ғылыми негізделуіне - аймақтық экономика маңызды роль атқарады.

Аймақтық экономика  географиямен жақындығына қарамастан экономиканың құрамдас бөлігі болып  табылады. Сонымен қатар, экономикалық теория мен макроэкономикалық болжаумен, салалық экономикамен, статистикамен тағы да басқа әлеуметтік - экономикалық ғылымдармен тығыз байланысты. Аймақтық экономика экономикалық мәселелермен бірге экологияны әлеуметтік мәселелерді, демографияны, географияны, этнографияны тағы да басқа ғылымдарды қарастырады. Аймақтың экономикалық  және әлеуметтік даму аспектілерін зерттеу Ресейде ХІХ ғасырда, ал Қазақстанда ХХ ғасырдың аяғында ғылыми негізде дами бастады. Батыста аймақтық экономика "аймақтық ғылым" деп анықталады. Экономист ғалым Н.Н.Некрасовтың анықтамасында "аймақ" дегеніміз біртекті табиғат шарттарын және өндірістік қатынастардың маңыздылығына бағытталған бір елдің ірі территориясы.

Әлеуметтік  саясат – бұл барлық азаматтардың жан-жақты дамуы, тұрмыс жағдайы, әл-ауқатын жоғары деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Әлеуметтік саясаттың маңыздылығы жұмыс күшін ұдайы өндіру процесіне, еңбек өнімділігін арттыруға, еңбек ресурсының білім және мамандық деңгейін көтеруге, өндіргіш күштердің ғылыми техникалық деңгейіне, қоғамның мәдени және рухани өміріне байланысты анықталады.

Әлеуметтік  саясаттың негізгі мақсаттары:

  1. Қоғамдық қатынасты үйлесімді дамыту, халықтың әр түлі топтарының мүдделері мен қажеттіліктерін қоғамның мүддесімен келістіру, қоғамдық саяси жүйені тұрақтандыру.
  2. Халықтың материалдық тұрмыс жағдайын көтеруге жағдайлар жасау, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталандыру, әлеуметтік мүдделерді теңестіру.
  3. Халықты әлеуметтік қорғау мен мемлекеттік кепілдік беретін әлеуметтік экономикалық құқықты қамтамассыз ету. Оның ішінде халықтың табысы аз, тұрмыс жағдайлары төмен бөлігіне қолдау көрсету.
  4. Қоғамдағы еңбекпен қамтамасыз етуге ықпал ету.
  5. Қоғамдағы қылмыс деңгейін төмендету.
  6. Әлеуметтік салаларды (білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, тұрмыстық үй т.б) дамыту.
  7. Еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамассыз ету.

Әлеуметтік саясатты жүзеге асыру үшін мемлекеттік реттеу әдістері қолданылады:

  • құқықтық реттеу – бұл барлық деңгейде қабылданған құқықтық актілер мен нормативтік құжаттардағы міндеттердің орындалуы;
  • қаржы- несиелік реттеу – қаржы ағындарын реттеу құралдары, яғни әлеуметтік саланы қаржыландыру үшін мемлекеттік бюджетте арнайы баптың қаралуы. Сондай-ақ бюджеттен тыс әлеуметтік қорлар құру (зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру т.б.)
  • жекешелендіру - әлеуметтік саладағы кәсіпорындарды жеке меншікке беру шектелген, өйткені мұндай кәсіпорындардың шығындарын көпшілік жағдайда мемлекет өтейді. Сондай-ақ әлеуметтік саясатта төмендегі маңызды ұғымдар қарастырылады.

Әлеуметтік саясатты жүргізу құралдарына мыналар жатады:

  • Әлеуметтік кепілдік - мемлекеттің азаматар алдындағы, азаматтардың мемлекет алдындағы міндеттері мен жауапкершілктерін заңды түрде қамтамасыз ету.
  • Әлеуметтік стандарттар - бұл әлеуметтік қызмет көрсетудің әр түрлі формалары мен көлемдерін қалыптастыру. Бұл қаржы норматиытерін белгілеу үшін қажет. Мемлекеттік әлеуметтік стандарттар бірыңғай негізде және жалпы әдістемелік принциптерде жасалады.
  • Минималды тұтыну бюджеті тұрмысы төмен отбасыларына көмек беру үшін, сондай-ақ зейнетақы мен жалақының минималды деңгейін белгілеу үшін қолданылады.
  • Өмір сүру минимумы - бұл минималды табыс. Ол әлеуметтік саясаттың маңызды құралы. Оның көмегімен халықтың өмір сүру деңгейі бағаланады, табыстар реттеледі және әлеуметтік төлемдер белгілегенде қолданады. Өмір сүру минимумы экономиканың белгілі деңгейінде адамның денсаулығын сақтау мен қызметке қабілетін қамтамассыз ету үшін қажет. Оның құрамына ғылыми негізделген азық-түлік, өндірістік тауарлар мен қызметтердің жиынтық құны және салықтар мен міндетті төлемдер кіреді. Минималды өмір сүру минимумын анықтау үшін тұтыну қаржыны қолданылады.
  • Жалақының минималды көлемі – квалификациясы төмен қарапайым еңбекке негзделген жалақының ең төменгі шегі. Оны басқа маман жұмысшылардың жалақысын белгілеу үшін қолданады.
  • Зейнетақының минималды деңгейі – нормативті актілер бойынша белгіленетін зейнетақының ең төменгі шегі. Ол минималды жалақы мен өмір сүру минимумына негізделеді.

Республиканың қазіргі экономикалық кеңістігі әлеуметтік, экономикалық, экологиялық ерекше мәселелермен сипатталатын әр түрлі аумақтарды қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда және аймақтардың мамандандырылу қағидасына сәйкес республика аймақтарын төрт топқа бөлуге болады.

  • шаруашылықтарының құрылымы экспортқа бағытталған;
  • индустриялық дамыған;
  • агроөнеркәсіптік;
  • дағдарыстық.

   Бірінші топ – стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың айтарлықтай қорларын иеленетін және ғылми-өндірістік әлеуетінің қарқынды дамуына жеткілікті мүмкіндігі бар, бірақ ауылдық аумақтарының экономикалық - әлеуметтік артта қалуымен, экологиялық жағдайларының нашар болуымен ерекшеленетін аймақтар. Бұл аймақтарға Қазақстанның экономикасын дағдарыстан шығару және тұрақтандырудың рөлі беріледі.

 Екінші топқа- ауыр индустрия салаларына нақты маманданған, жоғары техногиялық ғылыми жетістіктер қажетсінетін өнріс құру үшн қолайлы экономикалық жағайлары және жоғары ғылми-өндісті әлеуеті бар, негізінен қаржылық ресурыстармен өзін-өзі қамтамасыз ете алатын аймақтар жатады.

   Үшінші  топ- ауыл шаруашылығына маманданған агроөнеркәсіптік кешенді аймақтар. Бұл топтағы аймақтар үшін халықтың жұмысбастылығын қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында ауыл шаруашылығы мен оған сабақтаса дамитын салаларда шағын және орта бизнесті дамыту қажет.

Төртінші топқа- қысылшаң (экстремльный) табиғи-климаттық, әлеуметтік - экономикалық және техника - технологиялық жағдайдағы, шаруашылықтың салалық құрлымы ұтымды емес дағдарыстық аймақтар, сонымен қатар экологиялық дағдарысқа ұшыраған аудандар жатады. Бұл аймақтарда жинақталған мәселелерден «арылу» үшін мемелекеттік реттеудің нақты шаралары қажет.

Аймақтар экономикасын мемлекеттік реттеу - еліміздің және оның жекеленген аймақтарының экономикалық жағдайын қамтамасыз етуге қойлған мақсаттарға жетуді көздейтін мәселелерді шешуге бағытталуы керек. Ал, аймақтық саясаттың мәні - жалпы ұлттық мақсаттарға жету үшін аймақтық дамуды тиімді басқару болып табылады.

                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұрар Рысқұлов   атындағы  Қазақ  экономикалық  университеті

  «Экономика және басқару» факультеті

«Экономиканы  мемлекеттік реттеу»  кафедрасы

Информация о работе Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға