Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 19:52, реферат

Описание

Қоғамдық- экономикалық негізгі жүйелердің типтері жəне шаруашылық жүргізудің негізгі модельдері. Экономикаға мемлекеттің араласуының объективті қажеттігі. Мемлекеттік реттеудің əртүрлі модельдері. Мемлекеттік реттеудің классикалық моделі. Рыноктық экономикаға мемлекеттің белсенді араласу моделі. Мемлекеттік реттеу туралы қазіргі неоконсерваторлық тұжырымдама. Экономиканы «мемлекеттік реттеу» түсінігінің анықтамасы.

Содержание

Силлабус (пәннің оқу бағдарламасы) 4
Дәріс кешені 30-66
Семинарлық сабақтарды орындауға методикалық сілтемелер 67-72
Лабораториялық сабақтарды орындауға методикалық сілтемелер
СОӨЖ орындауға методикалық сілтемелер 73-80
СӨЖ орындауға методикалық сілтемелер 81-85 7
Пәннің оқу – әдістемелік картасы 86

Работа состоит из  1 файл

Эк.мем. реттеу бар. мам.doc

— 2.91 Мб (Скачать документ)

5. Деурбанизация  және кіші қалалар санының артуына мүмкіндік туады. Ол мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайтып, қауіпсіздігінде маңызды рөл атқарады.

6. Ауыл экономикасының  қалыптасуы, әлеуметтік-экологиялық жағдайдың жақсаруы халық санының өсу динамикасын жеделдетеді.

7. Мемлекеттің 90 пайыздан астам территориясын қамтитын, халықтың 47 пайыз тұратын ауыл экономикасы саяси тұрақтылықтың қайнар көзі болмақ;

8. Ішкі және  сыртқы инвестициялық мүмкіндіктер ашылады.

9. Екінші деңгейлі  банктердің аймақтық жүйелері, басқа да қаржылық институттар дамиды және нығаяды.

10. Республиканың  өндірістік көрсеткіштері жақсарады және шағын және орта бизнесі дамыған индустриалды мемлекет қалыптасады.

Аграрлық жоспарлау  макро және микро экономикалық көлемдерді реттеуді, мынандай стратегиялық және тактикалық міндеттердің оңтайлы ара-қатынасын айқындауды талап етеді:

- аграрлық реформа  жүргізудің мемлекеттік саясаты  негізінде бәсекеге қабілетті  тауар өндірушіні қалыптастыру;

- баға деңгейін  қадағалап отыру негізінде бағаны  реттеу;

- қаржы тәртібін  жетілдіру негізінде өндірістің құлдырауын болдырмау;

- өнім өткізу  рыногын дамыту мен тауар өндірушілерге  қызмет жөнінде құрылымдық және  мекен-мекемелік (институттық) өзгертулер  жүргізу;

- еңбек дәйектілігіне  лайықты жүйе құру, еңбек ресурстары  рыногын дамыту және келісім-шарттар жүйесін меңгеру жолымен кадрлардың жауапкершілігін нығайту.

Көптеген елдерде  экономиканың аграрлық бөлігін мемлекеттік  қолдауға тәжірибесі көрсетіп отырғандай, экономикалық даму деңгейлері әртүрлі  болуына қарамастан, ауыл шаруашылығына зор қаржылық көмек жасалуда, ондағы мақсат тауар өндірушілердің бір қалыпты кірісі бар жағдаайда тұрғындарды бағасы қолайлы азық-түлікпен қамтамасыз ету болып отыр.

Тақырып №11. Бəсекелік ортаны қалыптастыру жəне монополияны реттеу

 

Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің даму сатылары М. Потердің «Халықаралық бәсеке» атты еңбегіндегі қалыптасқан теориялық ұстанымға сәйкес жекелеген уақыт аралығындағы дамуын анықтайтын негізгі төрт қозғалыс күшіне немесе ынтаға сәйкестендірілген ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің ерекше төрт сатысы бөліп көрсетіледі

Өндіріс факторлары негізіндегі бәсеке

Аталған сатыда іс жүзінде барлық ұлттық салалар  әлемдік нарықта ойдағыдай әрекет етіде, бәсеке күресіндегі өзінің артықшылықтарына негізгі өндіріс факторларының арқасында жетуде: табиғи ресурстар, ауыл шаруашылығы мәдениетіндегі өнімді өсіруге қолайлы жағдай, жартылай білікті арзан жұмыс күщі.

Осындай экономикада  ел ішіндегі фирмалар арасындағы бәсеке қарапайым және қол жетімді технологияны талап ететін салаларда өнімнің бағасыныы төмендету негізінде айрықша жүреді. Өндіріс факторларына сүйемелденген экономикада ірі нарыққа бағдарланған салалар ауқымы импорттық тауарларды алмастыратын отандық алмастырушыларды құру арқылы кеңейтіледі.

Алайда, алмастырушы  тауарларды өндіретін отандық салалардың бәсеке қабілеттілік деңгейі әлемдік нарыққа шығу үшін жеткілікті дәрежеде емес, ал кейбір импорттық шектеулерде экономиканың тиімділігі төмендеуі мүмкін.

Инвестиция  негізіндегі бәсекенің дамуы 

Аталған сатыда экономиканың бәсекелестік артықшылығы ұлттық фирмалардың агрессивті инвестициялауға дайындығы мен қабілетіне негізделеді.Фирмалар қаражаттарын әлемдік нарықтан сатып алуға болатынсоңғы тиімді жабдықтар мен үздік технологияларға салады. Инвестиция көлемінің өсуі алдыңғы қатарлы жаңа факторлардың (ғылым сиымдылығы жоғары жаңа технологиялар, алдын-ала құрамдық байытылған материалдар және т.б.) құрылуы мен қазіргі заманғы инфрақұрылымның дамуына алып келеді. Осы  сатыға жетудің айтарлықтай жағдайы ұлттық фирмалардың тәуекелге байланысты іс-әрекеттерді жеңіл қабылдауы болып табылады, сондай-ақ, аутсайдерлер санының өсімі көптеген салалардың ішкі бәсекесін күшейтеді.

Инвестиция  негізінде бәсеке қабілеттілігін арттыру  жоғары капиитал сыйымдылық, көлемі өндірістің есебінен едәуір үндеу, стандартталған өнім сияқты әлбеттегі мінездемесіне сәйкес белгілі класстардағы салаларда ғана мүмкін.

Мемлекет бұл  сатыдағы факторларды құру мен көтеруді инвестициялау бағытында басты  рөл ойнайды, алайда фирманың осы  саладағы белсенділігі  де арта түсуі қажет.

Жаңартпа  енгізу негізінде бәсекені дамыту

Аталған сатыда факторлық шығын есебінен ұлттық экономиканың бәсеке артықшылығын қамтамасыз ету сирек жағдай бола түседі. Енді факторлардың болуы емес, керісінше  олардың жетіспеуі жаңа технологияларды енгізуді ынталандыра отырып, бәсекегі қабілеттіліктің өсуіне алып келеді. Университеттер, ғылыми мекемелер мен инфрақұрылымдық ұйымдар санының өсуі мен құрылымдарының күрделенуі жүруде. Нақты салалардың қажеттілігіне бағдарлану дәрежесі өсе түскен өндіріс факторларында жаңа механизмдердің қалыптасуы мен соңғы үлгіде жарақтандырулар пайда болуда.

Аталған сатыда фирмалар ғаламдық стратегиялар жасауда, халық аралық жеткізушілер мен қызмет көрсетудің өзіндік жүйесін жасауда. Өндірісті шетелге шығаруға мүмкіндіктер туындайды.

Дамыған елдер  арасында Ұлыбритания жаңартпа енгізу сатысына 20 ғасырдың бірінші жартысында жетті, АҚШ, Германия және Швеция 19-20 жүзжылдықтың бірнеше онжылдық аралығында жетті, Италия мен Жапония бұл сатыға тек 20 жүзжылдықтың 70-і жылдары жетті.

Байлық  негізіндегі бәсеке

Байлық негізіндегі  бәсекелестік сатысының алғашқы  үшеуінен айырмашылығы соңғы есепте өндірістің құлдырауына алып келеді. Экономикалық күшпен жылжуы ол молшылыққа жеткен болып табылады. Байлықтың  арасында жылжып отырған экономиканың басты прблемасы кезінде құрылып, жаулап алынған ұстанымдар мен артықшылықтардың қабілеттіліктерін жоғалта бастауында болып тұр.

Осы сатыда фирмалар халықаралық бәсекеде өздерінің  позициясын жоғалта бастайды. Бұл  басты бейнеде өздарінің бұрынғы үстанымын күшейтуге емес, сақтап қалуға көбірек  көңіл бөлу нәтижесінде компанияның инвестициялауға деген қызығушылығы төмендеуінен болады.

Экономика аясы бәсеке артықшылықтарын жоғалту  есебінен алғашында базистік салалар  мен соңғы өнім өндірісінде, сосын буып-түйю бұйымдарын шығару саласында және соңында машина жасауда тарылады.

Сол уақыттаға  салалардың үлкен сатысына қатысты  жаңартпа енгізу сатысы бәсеке қабілеттілігіне  жағдай жасау кезінде, байлық сатысы, керісінше, өзінің бәсеке артықшылықтарын жоғарғы деңгейде ұстап тұра алатын салалар аясы тарыла түседі.

Бәсекелестік өндірушілердің (сатушылардың)тауарлар мен қызметті тұтынушылар (сатып алушылар) үшін күресі ретінде көрінеді.

Егер жалпы  бәсекелестік қатынастар туралы айтылса,онда бәсекелестік қатынастары мен экономикалық субъекті арасындағы қатынастар кез келген экономикалық жүйеге тән. Олар ресурстардың шектеулігінің болмай қоймайтын салдарлары болып табылады. Ресурстар шектеулі болғандықтан, шаруашылық жүргізуші субъектілер оларға ие болу үшін күресуге мәжбүр болады.

Мемлекеттік араласудың қажеттілігін атай отырып, біз бәсекелестік күрес монополияның пайда болуы  факторларының бірі болып табылады. Монополияның дамуы экономиканың бәсекелестік бастауларына тосқауыл қояды. Яғни, бәсекелестіктің бастауын арнаулы қолдау және монополиялық танденцияны шектеу қажеттілігі туындайды. Бұл мемлекеттің монополияға қарсы қызметінің арқасында ғана болуы мүмкін.

Сөйтіп, монополия  бәсекелестікке қарама-қарсы жұмыс  істейді.

Алайда таза монополия өмірде сирек кездеседі. Нарықта бір фирманың билік жүргізуі жеткілікті түрде шартты болады. Шынайы өмірде белгілі бір салаларда ірі фирманың шектеулі саны болғанда, олигополия жиі кездеседі.

Жетілген бәсекелестік үшін фирмалар көп болса және оның әрбірі монополиялық биліктің бір шағын бөлшегіне ие болса, оңтайлы болар еді. Мұндай жағдай монополистік бәсекелестік деп аталады, оған сатып алушылар мен сатушылардың көптігі , бағалық кемсітушіліктің болмауы, капиталдың құйылуының еркіндігі сипатты болды.

 Монополияға  қарсы реттеудің басты міндеті-бөлек фирмалармен рыноктың монополиялануына жол бермеуге бағындырылған. Оған әкімшілік (заңдылық) және нормативтік бағыттамалы (түзетуші) ықпал жүретін әдістері енеді.

Мемлекет тиімді нарықтық ортаның қалыптасуына мүдделі. Ол экономиканы  мемлекеттік реттеу бағыттарының бірін құрайтын монополияға қарсы саясат жүргізеді және қалыпты бәсекелестік ортаны қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін көрсетеді.

Мемлекеттік монополияға  қарсы саясатты бәсекелестік нарығында  «ойын ережесін» белгілеуге шақыратын, бірінші кезекте, монополияға қарсы (треске қарсы) заңдар жиынтығын жүзеге асырады.Әрекеттің нақты бағдарламасын үкімет әзірлейді және жүзеге асырады.

Мемлекеттің монополияға  қарсы саясаты-тиімді нарық экономикасы  мен бәсекелесті нарықтық ортаны қалыптастыру мақсатын жүзеге асыратын заң актілері мен әкімшілік шаралардың жүйесі.

Монополияға қарсы  саясат шеңберінде екі негізгі бағытты  бөліп алуға болады:Монополиясыздандыру  және кәсіпкерлік монополияны реттеу.

Бірінші бағытқа  төмендігілер жатады:

    • жаңа фирма құру тәртібін мүмкіндігінше жеңілдету;
    • бірігу тәртібіне және фирмалардың жұтылуына мемлекеттік бақылауды енгізу, кейбір жағдайда, бірігу мен жұтылудың мемлекеттің рұқсатымен болған кезінде, тәртіп орнату;
    • бағалық кемсітушілік саясатын жүргізгені үшін фирманы жазалау;
    • кішірейту жүргізу;

Кәсіпкерлік монополияның қызметін реттеудің екінші бағытын  қарастыра отырып, реттеудің дәстүрлі объектісі табиғи монополияның қызметі  болып табылатынын қадағалау  қажет.

 Табиғи монополия.  Сирек және орны толтырылмайтын  өндiрiс элементтерiне бiр ғана субьектiнiң  ие болып пайдалануы. Мысалы, жер қойнауының пайдалы қазбалары: сирек металлдар, құнарлы жерлер. Мұндай монополия тұрақты болады. Қазақстанда табиғи монополияға жатады: халыққа коммуналды қызмет (сумен, газбен,электр күшiмеен, жылумен қамтамасыз ету), темiржол, әуе жолы, энергетиканың обьектiлерi. Мұнайды, мұнай өнiмiн, газды тасу, байланыс қызметi, қорғаныс кәсiпорындарының кешенi, ядролық кәсiпорын, уландыратын,нашақорлық заттар, қымбат бағалы заттар, қымбат бағалы металлдар.

Табиғи монополия–белгілі  бір қызмет түрлеріне сұранысты  қанағаттандыру үшін бәсекелесті жағдай жасау мүмкін емес және қызметтің  осы түрін көрсету және өндірістің технологиялық ерекшеліктеріне  байланысты экономикалық мақсатқа лайықты емес қызметтер (тауарлар мен жұмыстар).

Монополиялық  экономика үшін қажетсіздігі, тіпті  зияндылығының өзінде олар белгілі  бір талассыз, ал белгілі бір дәрежеде экономикаға имманентті (табиғи тиісті) болып келеді. Объективті себептер бойынша рыноктық бәсеке әрекеті аумағынан тыс экономикалық қызмет сферасын табиғи монополиялар деп атайды.

Табиғи монополияның қызметін реттеу жоспарлы  экономикадағы  тәрізді, қағидалар негізінде жүзеге асады: мемлекеттік басқару органы (Монополиға қарсы комитет) немесе бағалар бойынша басқарма баға мен тарифтер деңгейін, сондай-ақ, ұсынылатын тауарлар мен қызметтің негізгі сұрапталымы мен көлемін сипаттайтын параметрін анықтайды.

Табиғи монополияға  бәрінен бұрын көлік, байланыс, газ-сумен  қамтамасыз ету, элекрт тораптары және әуе тасымалдары кәсіпорындары жатады. Табиғи монополия үшін, өнім бағасы орта шығынға теңелгенде, әдетте, «әділ табыс» белгіленеді.Бірақ мұндай жағдай ережедегідей, монополист-кәсіпорынға шығынды төмендетуге ынталандыруда залал әкеледі.

Табиғи монополияны мемлеттік реттеудің мақсаты екі жақты: бір жағынан ол рынокта монополияның жан-жақты билеуінен бағаны реттеу жолымен қоғамды қорғау үшін, екінші жағынан олардың тиімді дамуына жағдайды қамтамасыз етеді.

Табиғи монополияны  реттеу кезінде шаралардың құрамдастыруы қолданылады:

    • өнімге белгіленген бағаны бекіту;
    • баға өзгерістерінің шектеулі коэффициентін бекіту;
    • еркін бағаның тәртібін бекіту.

Табиғи монополиялардың  болуы тауардың бәсекелестік рыногын  құру мүмкін болмаған жағдайда (мысалы, монополистің авторлық құқығы бар және оны ешкімге бергісі келмейді), немесе бәсекелес өндірістерді құрудың экономикалық тұрғыдан қажетсіздігі (мысалы, магистральды газ құбырларының параллельді желісін тарту).

Кейбір жағдайларда  ұйым, компания тауар мен қызмет көрсетулердің берілген түрін өндірістің минималды шығындарымен өндіру әдісіне қол жеткізіп , рынокта ең төмен бағаларды ұстап тұруына байланысты белгілі бір уақыт ішінде табиғи монополист болуы мүмкін. Мұндай ситуация егер компания ешкімнің қолы жетпеген ең жоғары сапа биігіне көтерілсе де орын алады.

Табиғи монополия  объектілеріне, мысалы, пайдалы қазбалардың  көптеген түрлерін шығаруды, бір ғана нұсқадағы транспорт және транспорттық коммуникациялардың жекелеген түрлерін, қару-жарақтың ең қауіпті түрлерін, улы заттарды өндіру мен сатуды, бірегей каналдыр мен байланыс құралдарын жатқызуға болады.

Информация о работе Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға