Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 19:52, реферат

Описание

Қоғамдық- экономикалық негізгі жүйелердің типтері жəне шаруашылық жүргізудің негізгі модельдері. Экономикаға мемлекеттің араласуының объективті қажеттігі. Мемлекеттік реттеудің əртүрлі модельдері. Мемлекеттік реттеудің классикалық моделі. Рыноктық экономикаға мемлекеттің белсенді араласу моделі. Мемлекеттік реттеу туралы қазіргі неоконсерваторлық тұжырымдама. Экономиканы «мемлекеттік реттеу» түсінігінің анықтамасы.

Содержание

Силлабус (пәннің оқу бағдарламасы) 4
Дәріс кешені 30-66
Семинарлық сабақтарды орындауға методикалық сілтемелер 67-72
Лабораториялық сабақтарды орындауға методикалық сілтемелер
СОӨЖ орындауға методикалық сілтемелер 73-80
СӨЖ орындауға методикалық сілтемелер 81-85 7
Пәннің оқу – әдістемелік картасы 86

Работа состоит из  1 файл

Эк.мем. реттеу бар. мам.doc

— 2.91 Мб (Скачать документ)



 

 

 

15.2 Қорытынды  бағаны есептеу

 

Пән бойынша қорытынды  бағаның пайыздық құрылымы келесі формуламен есептеледі:

 

И% = Р1+Р2 х 0,6 + Э х 0,4

                                                                                                           2      

мұнда:

            Р1 –1-ші рейтингті бағалаудың пайыздық құрылымы;

             Р2 – 2-ші рейтингті бағалаудың пайыздық құрылымы;

         Э – емтихан бағасының пайыздық құрылымы (тест-емтихан).       

 

 

    1. Білім алушылардың балдық-рейтингтік оқу жетістіктерінің бағасын дәстүрлік баға шкаласына ауыстыру

 

Таңбалық жүйе бойынша баға

Сандық эквивалент бойынша  баға

Оқу пәнін меңгерудің % мазмұны 

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз 


    

15.4 Академиялық тәртіп саясаты

 

Мінез-құлықты  бағалау шарттары

Балл саны

1.

Сабаққа кешігіп  келу

-3

2.

Сабақ уақытысында  ұялы телефонмен қолдануы 

-3

3.

Практикалық (семинарлық) сабақтарға белсенді қатысуы 

+3

4.

Басқа да шарттар

 

 

 

 

Тұрар Рысқұлов   атындағы  Қазақ  экономикалық университеті

«Экономика  және басқару» факультеті

«Экономиканы  мемлекеттік реттеу»  кафедрасы

 

 

 

 

ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

 

 

EMR - «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2012 ж.

 

Тақырып №1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері

Экономиканы  Мемлекеттік  реттеудегі  негізгі  объективті ұғымын, ең алдымен оның  өзіне тән ғылыми қажеттілігінен анықтауға болады. Себебі білімнің әр-бір саласы "оның тәжірибемен  дәлелденгенін бастапқы негізгі  аксиомалары арқылы жасалып, құрастырылғаннан кейін ғана ғылым саласына айналады". Экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік-шаруашылық процестеріндегі олардың тиімді паидалану мақсатында  макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету және мемлекеттің әкімшілік-экономикалық және ұйымдық-құқықтық негізде араласуын білдіреді.

Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда — өзін-өзі реттеу мен мемлекеттік реттеу нысанында  жүргізіледі:

  • Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады.
  • Екінші қоғамдық өндірістің даму процесіне мемлекеттің сан алуан экономикалық тетіктерін соның ішінде қаржы тұтқалары арқылы араласуын бейнелейді.                                                                                                                                                                                                                                                                         

  Экономиканы  мемлекеттік реттеу — бұл макроэкономикалық тепе-теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдауы процесі. Мұндай реттеудің қажеттігі мемлекет тарапынан қоғамдық өндірісін барысын қоғамға керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.

Нарық экономикасына  мемлекеттік араласу қатынасы оның дамуы мен қалыптасуының әр түрлі  сатысында түрліше болды. ХVII-XVIII ғасырлардағы нарықтық қатынастардың  қалыптасу кезеңінде үстем болған экономикалық доктрина-меркантилизм –  елдегі сауда мен өндірістің дамуы үшін, мемлекеттік реттеудің сөзсіз қажеттілігін тануға негізделген. Нарықтық қатынастардың дамуымен күш жинаған кәсіпкерлер табы мемлекеттік араласуды және осымен байланысты шектеуді өз қызметтеріне кедергі ретінде қарастыра бастады. А. Смит өзінің «Табиғат және халықтың баюының себептері туралы зерттеу» еңбегінде, экономикалық либерализм идеяларының пайда болуын алғаш рет толық негізделген және оның көптеген жақтаушылары болды.  А. Смит көзқарасы бойынша, пайда алуға ұмтылуға байланысты, жеке мүдде көздеген нарық жүйесі өзін-өзі реттеуге қаблетті екенін байқатты. Бұл мүдде экономикалық дамудың ең басты қозғаушы ретінде көрінеді. Рыноктық үйлестіру ресурстардың тиімді пайдалануды қамтамасыз етпегенде, нарық сәтсіздігі деп аталатын жағдай болатынын экономикалық тәжірибе растады. Рыноктағы нарық сәтсіздігі қоғамның игілігі мен сыртқы әсерлерге ғана емес, басқа жағдайларға да байланысты пайда болады. Оның ең маңызды себебі – рынокқа тән монополияланған беталыс. Бұл жағдайда бәсекелесті қамтамассыз  ету үшін, рынок қызметін реттейтін жағдайды толық анықтау – монополияға қарсы заңды әзірлеу және оны мемлекеттің қолдануы өмірлік қажеттілік болды. Нарық экономикасында мемлекеттің рөлін теориялық танудың маңызды сатысы көрнекті ағылшын экономисі Дж.М. Кейнстің есімімен байланысты. «Кейнсиан революциясы » барысында алға қойылған идеялар, экономикалық құлдыраудан өз бетімен сауығудың мумкін емес екенін, мемлекеттік саясат экономиканы дағдарыстық жағдайдан шығару үшін, жиынтықты сұраныс пен жиынтықты ұсынысты теңдестіруге және әрі қарай тұрақтандыруға көмектесетін қабілетті құрал ретінде қажет екенін дәлелдеді. Дж.М. Кейнс идеяларын екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің көптеген елдері қабылдады. Сұраныс жиынтығын реттеуде кредиттік-ақшалы және қаржылық саясатты пайдалану, бұл елдердегі экономиканың кезеңдік ауытқуларын жұмсартуға көрсетеді деп есептеледі.

 Сөйтіп, ЭМР-дің  (экономиканы мемлекеттік реттеудің)  объективті мүмкіндігі экономикалық  дамудың белгілі бір деңгейіне  жетумен, өндіріс пен капиталдың  үйлесуінде, өндірістің шоғырлануында, өндіріс күші мен өндіріс қатынастарының дамуында пайда болды. ЭМР қазіргі замандағы жағдайда ұдайы өндіріс үдерісінің құрамды бөлігі болып табылады. Олар экономикалық өсуді ынталандыру, жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу, салалық және аймақтық құрылымдағы ілгерілеушілікті көтермелеу, экспортты қолдау сияқты әр түрлі тапсырмаларды шешеді. ЭМР-дің көлемінің нақты нысаны қоғам дамуындағы әр сатыдағы сипатпен,экономикалық және әлеуметтік мәселелердің өткірлігімен анықталады.

 ЭМР-дің объектілері – бұл  автоматты турде шешілмейтін, немесе алыс келешекте шешілетін қиындықтар, проблемалар пайда болуы мумкін немесе пайда болған еліміздің өміріндегі әлеуметтік жағдай мен оқиғалардың аялары, салалары, аймақтары, сонымен бірге бұл проблемалардың алып тасталуы - әлеуметтік тұрақтылықты қолдау және экономиканың қалыпты дамуы үшін қажетті. Экономикалық қызметтерді жүзеге асыру үдерісінің мемлекет алдында тұрған міндеттерді шешу үшін мемлекет өкімінде бірнеше құралдар болады. Олардың ішіндегі маңыздыларына - қазыналық және қаржылық саясат, әлеуметтік саясат пен табыстарды реттеу саясаты; сыртқы экономикалық саясат және т.б. жатады.

Мемлекет реттеу объектілеріне ықпал еткенде  нарықтық өзін-өзі реттеу мен мемлекеттік  реттеуішті ұштастыру қарастырылады.

Мемлекеттік  реттеуіш  –  бұл мемлекеттік  биліктің  нормативтік-құқықтық құжаттардың  негізінде  экономикалық  қызметті  реттеу  жөніндегі  əдістері  мен  құралдары. Мемлекеттік  реттеуіштер  елдің  экономикалық  міндеттерін (нарықтың құрылымына, фирманың  іс-əрекетіне ықпал ету) шешуге де, сонымен бірге əлеуметтік мақсаттарєа (əлеуметтік реттеуіш) қол жеткізуге баєытталуы мүмкін.

Негізгі мемлекеттік  реттеу құралына  əлеуметтік жəрдемақы,  санкция,  стандарт, сертификат, лицензия, квота, ставка, тариф, норматив, салық, баж, банк пайызы жатады.

Экономиканың  жұмысының құқықтық негізін құру мен реттеу – бұл  іс жүзінде  экономикалық агенттердің мінез-құлқының ережелерін, сондай-ақ өндірушілер,  тұтынушылар  мен  мемлекет  өздерінің  іс-қимылында  ұстануы  тиіс  экономикалық қатынастың заңдылық қаєидаларын белгілеу, сондай-ақ мемлекет тарапынан олардың орындалуын бақылау.

 Мемлекет  реттейтін объектілерге ықпал  ету процесінің сипатына байланысты  мемлекеттік реттеудің  сан   алуан  əдістерін тікелей жəне  жанама  əдіске бөлуге болады (төмендегі схеманы қараңыз).

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып №2. Экономиканы мемлекеттік реттеу əдістемесінің түсінігі жəне оның негізгі элементтері

Экономиканы мемлекеттік  реттеудің методологиялық негіздері  мына бастапқы негіздемелер мемлекеттік қаржылық реттеуді жүзеге асырудың  алғышарттары  болып табылады:

1.   Қоғам дамуының объективті экономикалык, заңдарының іс-әрекетін есепке алу.

2. Қоғамның барлық мүшелерінің  түпкілікті мүдделерін білдіретін  қоғам дамуының ғылыми негізделген  стратегиялық бағдарламасын әзірлеу. Бағдарлама мемлекет пен оның төменгі құрылымдарының нормативтік актілерін қамтамасыз ететін тұтас, ұзақ мерзімді бағыт ретінде анықталады; онда болмаған жағдайларға байланысты тактикалық сипаттағы түзету жасалуы мүмкін.

3. Көзқарастарды білдіретін демократиялық жүйенің болуы және халықтың барлық жіктерінің, әлеуметтік, ұлттық топтарының мүдделерін еркін білдірудің мүмкіндіктеріне арналған олардың демократиялық институттарының болуы.

4.  Шаруашылық қызметте  қылықтың нормасы мен ережесінен шегіністі айқын және жедел сезінетін елде жақсы жолға қойылған заңнамалық жүйенің болуы.

Қаржылық реттеудің көмегімен  мемлекет халықтың төлем қабілеттілігінің сұранымына және сұранысына, қорланудың қарқынына, тауарлар мен қызметтерді  өткізуге, елдер арасындағы тауарлар мен капиталдардың қозғалысына, макроэкономиканың салалық және аумақтық құрылымына ықпал етеді.

Сонымен қатар қаржы тұтқаларының көмегімен мынадай негізгі мәселелер  шешіледі:

- материалдық өндіріс  сферасында жұмылдырылатын қаржы  ре-сурстарының жалпы деңгейін реттеу;

- өндірістік сферадағы  монополиялық қызметтерді экономикалық  түрде шектеу;

- кәсіпорындардың, ұйымдардың  сыртқы экономикалық қызметін  реттеу,

 олардың құқықтық және  келісімшарт тәртібін қамтамасыз  ету;                                                

- кәсіпорындарда, ұйымдарда,  фирмаларда өндірісті дамытуды  материалдық жағынан ынталандырып  отыру;

- кәсіпорындардың, ұйымдардың, фирмалардың ақшалай ресурстарын  бөлудің  ішкі өндірістік арақатысын  реттеу;

- ел, аймақ, сала, кәсіпорын, ұйым, фирма көлемінде инвестициялық және инновациялық процестерді реттеп отыру. Сөйтіп, өндірісті қаржылық реттеу мен ынталандырып отырудың негізінде жалпы алғанда елдің экономикалық дамуының тенденциясына қаржы тұтқаларының көмегімен ықпал жасалады.

Нәтижелілікке, яғни мемлекеттік қаржылық ретеудің нақтылы қорытындысына оны жүзеге асырудың белгілі бір шарттары сақталған  кезде қол жетеді. Мұндай шарттарға  мыналар жатады:

а)     экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру;

ә) басқарудың барлық деңгейлерінде және меншіктің барлық нысандарында шаруашылық процестер мен құрылымдарды монополиялау;

б) нарықтық бастамаға, коммерциялық қызметтің, заңдағы ес-кертпелерден басқа қызметтің бірдей барлық түрлеріне  еркіндік беретін барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігінің бүкіл нысандарының шынайы теңдігін жасау негізінде бәсекені, кәсіпкерлікті дамыту;

в) жоғарыда айтылған шарттардан туындайтын мемлекет шеңберінде де, халықаралық кооперация мен еңбек  бөлінісінің артықшылығынан шығатын  ынтымақтастықты дамыту жөніндегі экономикалық одаққа бірігетін бірнеше елдердің бірыңғай интеграциялық кеңістігі шегінде де салалар, өндірістер, аумақтар арасында өндірістің өзгермелі факторларының (әр түрлі нысандағы капиталдардың, жұмыс күшінің, технологиялардың, ақпараттың, меншік құқықтарының және т.т.) еркін кедергісіз ауысу мүмкіндігі.

Әдетте реттеу процесі объективті және субъективті  факторлардың, экономиканың жұмыс істеу  шарттарының сан алуандығымен, әр түрлі категорияларды, олардың элементтерін пайдаланумен сипатталады. Сондықтан осы негіздемелер бойынша мемлекеттік реттеудің жүйесін межелеудің типтерге, түрлерге, нысандарға және әдістерге сыныптаудың маңызы зор.

Реттеудің екі типі бар: ол экономикалық (оның қаржылық, бағалық, кредиттік, валюталық, еңбекке ақы төлеу бөліктерімен) және әкімшілік реттеу.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің  негізгі элементтері. Соңғы он жылда  экономиканы мемлекеттік басқарудың тұрақты механизмдерінің құлауы теориялық және практикалық түрде  олардың жаңа модельдеріне осы механизмдердің трансформацияларының эвалюцияларына қарама-қарсылығы көрінген. Осындай тоқырау жағдайда мемлекеттік реттеудің қаржылық-несиелі механизмдерін және стратегиялық жоспарларды өңдеуде басты болып табылатын аспаптарды ел экономикасын дамытуда мемлекеттің араласуы күшейе түседі.

Ең алдымен  ғылыми зерттеу және дүние жүзілік  тәжірибелерді жалпылау және әртүрлі  шаруашылық жүйелердің дамуы экономикалық процестерді жылдамдату құралы сияқты жоспарлауды активті түрде қолдану  мен технико-экономикалық қатынаста  дамығандар санына тез енген елдермен куәландырылады.

Оны Қазақстан жағдайында қолдану қызығушылығы халық шаруашылығын басқару органдарының жүйелерінде  жалпы статусы бар стратегиялық жоспарлар бойынша агенттік- салалық  және регионалдық жоспарлаудың координациясы  бойынша арнайы мемлекеттік орган құруына қажеттіліқ тудырады.

Информация о работе Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға