Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 19:52, реферат

Описание

Қоғамдық- экономикалық негізгі жүйелердің типтері жəне шаруашылық жүргізудің негізгі модельдері. Экономикаға мемлекеттің араласуының объективті қажеттігі. Мемлекеттік реттеудің əртүрлі модельдері. Мемлекеттік реттеудің классикалық моделі. Рыноктық экономикаға мемлекеттің белсенді араласу моделі. Мемлекеттік реттеу туралы қазіргі неоконсерваторлық тұжырымдама. Экономиканы «мемлекеттік реттеу» түсінігінің анықтамасы.

Содержание

Силлабус (пәннің оқу бағдарламасы) 4
Дәріс кешені 30-66
Семинарлық сабақтарды орындауға методикалық сілтемелер 67-72
Лабораториялық сабақтарды орындауға методикалық сілтемелер
СОӨЖ орындауға методикалық сілтемелер 73-80
СӨЖ орындауға методикалық сілтемелер 81-85 7
Пәннің оқу – әдістемелік картасы 86

Работа состоит из  1 файл

Эк.мем. реттеу бар. мам.doc

— 2.91 Мб (Скачать документ)

Ұлттық Банк ақша айналысын мынадай құралдардың көмегімен реттейді:

есептік (дисконттық) және ломбардтық саясат;

ашық нарықтағы операция;

міндетті резервтер саясатын жүргізу.

Есептік ставка – Ұлттық банктің коммерциялық банктерге беретін ссудасының (қарыз, несие) пайызы. Ұлттық банк есеп ставкасын өсіреді және кемітеді. Нарықтық экономиканың тәжірибесінде мұндай өзгеріс «қымбат» және «арзан» ақша саясаты деп аталады. Қымбат ақша саясаты (есеп ставкасы өседі) егер инфляцияны тоқтату керек болған жағдайда қолданылады, есеп ставкасы өскен кезде коммерциялық банктер кредит ала алмайды, ал ақша ұсынысы да төмендейді. Нәтижесінде көптеген фирмалар кредит ала алмағандықтан өндірісті қысқартады, сонымен үкімет қымбат ақша саясатын қолдану арқылы бағаны төмендетеді де, жұмыссыздықты өсіреді.

Арзан ақша саясаты (есеп ставкасы төмендейді) өндірістің құлдырауын азайту, кәсіпорындарға көмек беру кезінде  жүргізіледі.

ҰБ-нің есептік саясаты  векселдерді қайта есептеу немесе сатып алуға негізделген. Вексель – қатаң түрде формасы белгіленген төлем құжаты, онда ақшалай міндеттемесін төлеу көрсетіледі. Бұл жағдайда ҰБ вексель валютасынан дисконтты немесе есептік процентті ұстап қалады, оның өзгеруі елдегі кредиттеуге әсерін тигізеді: Валюта векселі – вексельдің суммасы көрсетілген ақша бірлігі. Дисконт – пайыз, есеп конторасы төлем мерзімі басталғанша вексель суммасының төлеуге ұстап қалынған бөлігі.

Есептік саясаттың маңызы мынада: кредиттік институттарды  қайта қаржыландырғанда ақша және капитал  нарығына әсер ету болып табылады. 

Ашық нарықтағы операция – бұл мемлекеттік құнды қағаздарды сату және сатып алу. Бұл операцияларға нарықтық экономиканың бірнеше субъектілері қатысады. Біріншіден, мемлекет, Ұлттық банк арқылы, екіншіден, коммерциялық банктер, үшіншіден, халық. Бұл операцияның бастамашысы мемлекет болып табылады. Ал коммерциялық банктер мен халық белгілі бір экономикалық пайда табу мақсатында оның қатысушылары болады. Ашық нарықта операцияны бастай отырып, мемлекет ақша массасы ұсынысын ұлғайту немесе азайту керектігіне қол жеткізеді. Мәселен, үкіметтің пікірі бойынша елде инфляция нышандары біліне бастады, оны болдырмау мақсатында үкімет Ұлттық банкке мемлекеттік құнды қағаздарды сату бойынша тапсырма береді. Дегенмен кейде коммерциялық банктер мен халық оны сатып алуға тілек білдірмейді. Нарықта мемлекетік құнды қағаздардың пайда болуы ұсыныс заңының іс қосылуымен түсіндіріледі. Облигацияны сатуға шешім қабылдау арқылы мемлекет нарықта құнды қағаздардың ұсынысын көбейтеді, нәтижесінде оларға баға төмендейді, ал табысы жоғарылай түседі. Бағалы қағаздар бойынша табыстар келесідей формуламен анықталады:

дивиденд / сатып алу бағасы * 100%

Мемлекеттен құнды  қағаз сатып алу арқылы кмооерциялық банктер мен халық оған ақшаларының  жартысын береді. Осылайша айналыстағы  ақша массасы азаяды.

Резерв нормасының өзгеруі. Резерв нормасы (тезервтік талаптар) – Ұлттық банктегі банктердің депозиттерінің бөлігі (коммерциялық банктерде қолма-қол ақша түрінде болатын халықтың салымдары немесе басқада пассивтер). Басқаша айтқанда, резервтік норма – коммерциялық банктер өз операцияларын жүзеге асыруға қолдана алмайтын ақша қоры. Оның мөлшерін мемлекет Ұлттық банк арқылы белгілейді. Мысалы, коммерциялық банктің депозиті 100 000 долларды құрайды, Ұлттық банктің резерв нормасын ұлғайту керектігі жөніндегі шешімі қабылданғаннан соң, коммерциялық банк кредиттік эмиссияны азайтуға мәжбүр болады. Резерв нормасын ұлғайту арқылы коммерциялық банктер экономикаға кредит бөле алмайды. Бұл шаралар инфляцияны болдырмау мақсатында жасалады.    

Ақша-несие жүйесінде  қарастылған әдістердің ішіндегі тиімдісі ашық нарықтағы операция.

Ал инфляция жыл сайын 1000 пайызға жетсе, онда мемлекет “хирургиялық операция”  жасауға көшеді, яғни ақша реформасын (нуллификация – ақшаны жарамсыз деп  тану; деноминация – ақша өлшемін  ірілендіру) жүргізеді. Ескі ақша толықтай жойылады, орнына жаңа ақша келеді. Бұл ақша-несеие саясатының бір бөлігі болып табылады.

 

Тақырып №7. Экономикалық өсу: негізгі факторлары жəне оны қамтамасыз етудің мемлекеттік іс-шаралары

 

Экономикалық  өсу деп жалпы ұлтық өнім, жалпы жиынтық өнім, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім т.б. сияқты  макроэкономикалық көрсткіштер динамикасының өзгерістері арқылы сипатталатын ұлттық шаруашылық дамуындағы оңды қозғалысты айтамыз.

«Экономикалық өсу» негізінен сандық сипаттағы  категория болып табылады. Бұл категорияның сандық мәні ретінде пайыздық өлшемдегі өсу қарқыны және жалпы ішкі өнімнің нмесе ұлтық табыстың өткен жылғы салыстырмалы көрсеткіштері алынады. 

Ал «экономикалық  даму» болса ел экономикасын негізінен  сапалық тұрғыдан сипаттап, оны жан басына шаққандағы ұлттық табыс өндірісімен анықтайды. 

Экономикалық  өсу қарқыны ұлттық экономиканың динамикасын, оның салалық және аумақтық құрылымдарын сараптау үшін пайдаланылады. Экономикалық өсу экономикалық факторлармен қатар экономикалық емес факторлар әрекетінің нәтижесі болып табылады.  Экономикалық емес факторларға әскери – саяси, географиялық – климаттық, ұлттық – демографиялық, мәдени және т.б. факторлар жатады.

Экономикалық  өсу бірнеше жағдайда пайда болады:

1) пайдаланбайтын ресурстар өндіріске бағытталғанда;

2) өндірістің  сандық факторы көбейеді;

3) өндірістің бар факторлары  жақсы технологияларды ашу мен  пайдалануға немесе қызметкерлерді  жақсы оқытуға орай, одан гөрі  өнімді бола алады. 

Экономикалық өсу екі  түрге бөлінеді: экстентивті және интенсивті болып бөлінеді. Экономикалық өсудің  экстенсивті түрі – бұрынғы техникалық негізін сақтауына орай өндіріс факторының сандық көбеюіне қол жеткізуі. Экономикалық өсудің интенсивті түрі өнімдерді шығару көлемін көбейтуді қарастырады және  оған өндіріс факторын сапалы жетілдіру жолымен: еңбек құралдарының одан гөрі жетілдірілген түрін және еңбектің үнемді құралдарын қолдану және жұмыс күшінің  мамандығын көтеру арқылы қол жеткізеді.

Экономикалық  өсудің сыртқы және ішкі факторларына келетін болсақ, онда көмірсутек шикізаттарына (мұнай, газ   және т.б.) әлемдік бағалардың өсуі мемлекеттік бюджет табыстарын арттырып, экономикалық өсуді қамтамасыз етеді. Бірақ, бұл сыртқы, коньюктуралық фактор болып табылады.

Экономикалық өсудің қарқыны мен сипатын келесі факторлар анықтайды:

  1. Табиғат ресурстары. Бай табиғат ресуртарына ие болу экономикалық өсу қарқынына кепілдеме бола алмайды. Оларды ұтымды және тиімді пайдалану маңызды.
  2. Еңбек ресуртары. Экономикалық өсуге жұмыспен қамтамасыз етілу деңгейі, білім сапасы және жұмысшылар күшін кәсіптік  шеберлікке дайындау, оларды ұтымды пайдалана білу, еңбек өнімділігінің деңгейі, денсаулық жағдайы және т.б. ықпал етеді.
  3. Негізгі капитал. Экономикалық өсуге инвестицияның үнемі көбеюі, капиталдың жаңаруы және көбеюі, қордың қайтарылымының өсуі және қордың қарулануы маңызды.
  4. Ғылыми – техникалық үдеріс. Өнертапқыштық және жаңартпалық, оны өндіріске енгізу экономикалық өсудің  маңызды факторы болады.
  5. Қоғамның жиынтық сұранысы. Жиынтықты сұраныстың жоғары  деңгейі кәсіпкерлерді өндірістің көлемін көбейтуге ынталандырды.

             Экономикалық өсудің әр түрлі  моделі кездеседі. Экономикалық  өсудің неокейнсиандық моделі  «инвестициялар» және «мультипликатор»  санатында негізделеді. Экономикалық  өсу алғашқы салынған  инвестицияның мультипликациялық тиімділігінің нәтижесі болып табылады. Экономикалық өсудің неоклассикалық моделі «өндірістік қызмет» санатына негізделеді. Экономикалық өсуге тек микро және макродеңгейге ғана емес, барлық өндірістік факторларды (еңбек, жер, капитал, ғылыми – техникалық үдерістерді) жақсы пайдалану жолымен де жетуге болады. В. Леонтьев ұдайы өндіріс - өндріті, айырбастың және тұтынудың барлық кезеңіндегі құрылымды өзара байланыс негізінде құрылған, жалпы нарықтық теңдесудің макроэкономикалық моделін үсынды. Оның моделі шахмат кестесі түрінде құрылған және «шығын - шығару» деп аталады. Бұл кестедегі бөлек салаларды екі жақты қарастырумен байланысты. «Нөлдік экономикалық өсудің» тұжырымдамасы. Бұл тұжырымдамаға сәйкес, шикізаттық, энергетикалық және басқа да ресурстардың шектелуі тез арадағы уақытта адамзатқа апатты қауіп төндіреді. Бұны болдырмас үшін, «нөлдік өсуге» көшу, яғни, материалдық  игіліктерді ұдайы өндірудің қарапайым түріне көшу керек. «Экономикалық дамудың тұрақтылығы» тұжырымдамасы (Рио-де-Жанейро).  Тұрақты даму идеясы алғаш рет  1987 жылы қоршаған орта және оны дамыту бойынша Халықаралық комиссиясының дайындаған «біздің ортақ келешегіміз» баяндамасында тұжырымдама ретінде қорытындыланған. Келешек ұрпақты тұтыну мүмкіндіктерінен айырмайтын, бүгінгі күннің талаптарына жауап беретін даму, тұрақты даму ретінде анықталған.

Экономикалық өсуді орнықтыру  мақсатындағы мемлекеттің экономикалық  саясаты келесі мәселелерді қарастыруы тиіс:

- қолайлы инвестициялық  және кәсіпкерлік ахуалды қамтамасыз ететін базалық заңнамалық негіздер жасау;

- мемлекеттік міндеттемеледі  қолда бар ресурстармен сәйкестендіру  және ресурстарды мемлекеттің  базалық функцияларын орындауға  шоғырландыру. Ал мұның өзі инвестициялау  мен шаруашылық жүргізуді едәуір жақсартуды, салық ауыртпалығын кемітуді, сондай – ақ салықтық және кедендік жүйелердің тиімділгін арттыруды көздейді;

- бюджеттік жүйенің тепе  – теңдігіне  және оның қызметі  тиімділігін арттыруға қол жеткізу;

- Қазақстан экономикасында  прогрессивті құрылымдық өзгерістерді ынталандыру;

            - Қазақстанда әлемдік экономикаға  интеграциялау үшін қолайлы жағдайлар   қалыптастыру.

 

Тақырып №8. Ғылыми-техникалық прогрестің бағыттары жəне оны жеделдетудегі мемлекеттің рөлі 

Ғылыми- техникалық революцияның дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне тән ортақ жағдайлары мен заңдылықтары бар. Олардың негізгілері мыналар: шаруашылық салаларының және экономиканың құрылымдық өзгеріске ұшырауы ; техника мен технологияның бір типтегі түрлері; бірлескен жұмыс күшінің кәсіптік- мамандық құрылымының өзгеруі; - жұмыс күшінің сапасына деген талаптың өсуі; еңбек өнімділігі мен еңбек интенсивтілігінің артуы; жұмысшы күшінің әрдайым босап қалуы; өндірістік емес салада жұмыс істеушілердің үлес салмағының өсуі және т. б. 

Ғылыми – техникалық прогрестің екі нысаны бар. Ол эколюциялық және эволюциялық нысандар. Бірінші нысанда өндіріске енгізілген техника мен технологияны жетілдіру және тарату прцестеті сол бұрынғы ғылыми- техникалық принципке негізделген. Ғылыми – техникалық прогрестің революциялық нысны өндірісте жаңа сападағы ғылыми – технкалық прнциптерді пайдалануға негізделген. Бұл процесс қазіргі заман – ғылыми- техникалық прогресс заманы екендігін көрсетеді. 

Қазіргі ғылым  мен техниканы адамдардың игілігіне  қызмет еткізу үшін не қажеттің бәрі бар. Қазіргі ғылыми – техникалық прогресс қоғамдық өндірістің материалдық негізін түбегейлі өзгертті. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, басқару, еңбек жағдайын жақсарту және т. б. әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешуге қадам жасалды. Ғылыми-техникалық прогресс қоғамының басты өндіргіш күші адамның жан-жақты өсіп жетлуіне, оның әл-ахуалы мен рухани байлығын арттыруға әсерлі ықпал жасап келеді. Сөйтіп ғылыми-техникалық прогресс қоғамның барлық саласында дамытушы пәрменді күшке айналды.

Қазіргі технологияның  дамуы өндірістің табиғи фактордан  тәуелсіздігін бәсеңдетсе, екінші жағынан, оның рөлі барған сайын күшейіп (мысалы, ұдайы өндіріс процесінде бұрын  ескерілмеген немесе жете ескерілмеген ресурстар) әуе және космос кеңістігі, дүниежүзілік мұхит т.б. еніп отыр. Осылайша табиғат ресурстарын экономикалық айналымға қамту көлемі барған сайын арта түсуде. Бұдан бір тұтас экологиялық-экономикалық ұдайы өндірістік жүйе қалыптасты деп қорытынды жасауға болады. Заманымыздың ғұлама ғалымы академик Вернадскийдің сөзімен айтқанда, бұл – ноосфера дәуірінің басталуы. 

Еліміз серпінді дамуы барысында өркендеудің  жаңа сатысы-ақпараттық кезеңге аяқ  басуда. Интернет, жедел байланыс сияқты коммуникацияның жаңа құралдары  әлемдегі дерек көздері мен базаларын жаппай пайдалануға мүмкіндік беріп отыр. Ақпарат өндірістік фактор ғана емес, қоғамды демократияландырудың, билік құрылымдары ашықтығының негізгі құралдарының біріне айналуда.

Қазіргі кезде  әлемдік қауымдастықта біртұтас ақпараттық кеңістік терминінің ортақ түсінігі қалыптасты. Біртұтас ақпараттық кеңістік деректер базалары мен банктерінің, оларды енгізу және пайдалану технологияларының, азаматтар мен ұйымдардың ақпараттық өзара байланысын және олардың ақпараттық сұраныстарын қамтамасыз ететін біртұтас қағидаттар мен жалпы ережелер негізінде жұмыс істейтін ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер мен желілердің жиынтығы болып табылады. Біртұтас ақпараттық:

-      тиісті ақпарат тасушыларда бекітілген деректер, мәліметтер мен білімдер жинақталган ақпараттык ресурстар;

-      біртұтас ақпараттық кеңістіктің жұмыс істеуі мен дамуын, атап айтқанда ақпаратты жинауды, өңдеуді, сақтауды, таратуды, іздестіру мен беруді қамтамасыз ететін ұйымдық құрылымдар;

-      азаматтар мен ұйымдардың ақпараттық өзара байланыс құралдары, атап айтқанда тиісті технологиялар негізінде ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдар және ұйымдық-нормативтік құжаттар сияқты негізгі компоненттерден тұрады.

Қазақстан Республикасының жаңа ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы ақпараттық саясатты ұтымды ұйымдастырумен, жаңа үрдістер мен тәжірибелерді өмірге батыл енгізумен тығыз байланысты. Қазіргі таңда елімізде ақпараттық қоғамды қалыптастыру және дамыту жолдары нормативтік-құқықтық тұрғыда белгіленген. Қазақстан ғаламдық ақпараттық қоғамға кірігуге және ғаламдық ақпараттық инфрақұрылымға қосылуға ұмтылыс танытуда. Мұның өзі республиканың технологиялық және экономикалық тұрғыдан дамыған елдердің ат төбеліндей тобына саяси тәуелсіздікті, ұлттық ерекшеліктер мен мәдени дәстүрлерді сақтай отыра қосылуына, дамыған азаматтық қоғамы бар құқықтық мемлекет ретінде әлемдік өркениеттік дамуға үлес қосуына мүмкіндік бермек.

Информация о работе Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға