Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 19:52, реферат

Описание

Қоғамдық- экономикалық негізгі жүйелердің типтері жəне шаруашылық жүргізудің негізгі модельдері. Экономикаға мемлекеттің араласуының объективті қажеттігі. Мемлекеттік реттеудің əртүрлі модельдері. Мемлекеттік реттеудің классикалық моделі. Рыноктық экономикаға мемлекеттің белсенді араласу моделі. Мемлекеттік реттеу туралы қазіргі неоконсерваторлық тұжырымдама. Экономиканы «мемлекеттік реттеу» түсінігінің анықтамасы.

Содержание

Силлабус (пәннің оқу бағдарламасы) 4
Дәріс кешені 30-66
Семинарлық сабақтарды орындауға методикалық сілтемелер 67-72
Лабораториялық сабақтарды орындауға методикалық сілтемелер
СОӨЖ орындауға методикалық сілтемелер 73-80
СӨЖ орындауға методикалық сілтемелер 81-85 7
Пәннің оқу – әдістемелік картасы 86

Работа состоит из  1 файл

Эк.мем. реттеу бар. мам.doc

— 2.91 Мб (Скачать документ)

а) республика экономикасын мемлекеттік реттеуде қолданылатын құралдардың тиімді болуына қол жеткізу;

б) нарық механизмдерінің  әрекеті негізінде экономиканың өзін-өзі реттеу деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз ету және шаруашылық жүргізуші субъектілердің өзіндік  экономикалық белсенділігін пайдалануына кеңінен жағдай жасау;

в) әлемдік тәжірибеде кеңінен қоланылып жүрген және тиімділігі дәл елденген экономикалық талдау,болжау мен реттеу әдістерін пайдалану;

д) аумақтық экономикалық саясаттың тиімділігін қамтамасыз ету.

Стратегиялық  жоспарлау-көптеген мемлекеттер,ірі  және орта компаниялар соңғы кездері кеңінен қолданып жүрген арнаулы білім саласы.Ол басқаруда ертеден қолданып келеді,бірақ жиі және кең көлемде қолданылуы екінші дүние жүзілік соғыс кезінен басталды және тек әскери ғана емес,сонымен қатар азаматтық қызмет пен бизнес сферасында да кеңінен қолданылғандықтан қазіргі кезде жеке ғылым саласы ретінде қалыптасты.

Қазақстан Республикасының  Стратегиялық жоспарлау және реформалау жөніндегі Агенттігі әзірлеген  «Министрліктер мен ведомстволарға арналған жылдық стратегиялық жоспарларды дайындау жөнінде әдістемелік ұсыныстарына» сәйкес стратегиялық жоспарлар төмендегі бөлімдерден тұрады:

  • саланың ағымдағы жай-күйіне баға беру;
  • жоспарлы кезеңдегі министрлік жұмысының мақсатын анықтау;
  • басыңқылар SWOT-мақсаттарға қол жеткізу мүмкіндіктерін талдау;
  • мақсаттарға қол жеткізу стратегиясы;
  • стратегияларды жүзеге асыру кезеңдері,немесе аралық мақсаттар.

Қоғам дамуын болжаудың  негізгі бір бағыты болып экономикалық болжау танылады. Экономикалық болжау обьектісі – қоғамдық ұдайы өндіріс  процесі, ал зерттеу заты- экономикалық обьектілердің даму заідылықтары, болашақ жай күйі және экономикалық болжамдар жасау, әзірлеу әдістері. Экономикалық болжау дегеніміз экономикалық прогностиканың барлық әдіс –тәсілдерін, құралдарын қолдануға және экономикалық құбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық болжамдар жасау процесі.

Зерттеу процесін жүргізу амалдарының қолданылуына және болашақ жәй-күйдің айқындалу  деңгейіне байланысты болжау, болжап көрсетудің үш формасы бар.Олар гипотеза(жалпы ғылымдық болжау),болжам жоспар. Гипотеза жалпы теория деңгейіндегі ғылыми болжауды бейнелейді.Болжам,гипотезамен салыстырғанда,әлдеқайда нақты сипаттама береді,өйткені ол сапалық қана емес,сандық өлшемдерге негізделген.

Болжам ықтималдық сипатта болады, ал жоспар - алдыға белгілі бір мақсат қойып,соған жетудің нақты жолдарын белгілеу.

Қазіргі кезде,ғалымдардың  бағасы бойынша экономикалық болжам жасаудың 150-ге жуық әдісі бар.Іс жүзінде  соның15-20 шақтысы ең негізгі әдістер  ретінде көп қолданылады.

  Сыртқы белгісіне сәйкес болжау әдістерін екі топқа бөлуге болады:интуициялық  әдістер(эксперттік баға әдістері) және математикалық әдістер.

   Интуициялық  әдістер екі топқа бөлінеді:дербес  эксперттік баға беру және  коллективтік эксперттік баға  беру әдістері.Бірінші топқа,интервью(сұхбат) жүргізу,логикалық анализ жасау,сценарий құру әдістері жатады. Екінші топқа: комиссия құру,коллективтік идеяны жинақтау(«дөңгелек стол») және «Дельфи» әдісі кіреді.

   Математикалық  әдістер де екі топқа бөлінеді:экстрополяциялық әдістер және модельдер құру әдістері.Бірінші топқа ең кіші квадраттар,экспоненциялдық түзеу,тұрақсыз орташа көрсеткіштер әдістері енеді.Екінші топқа құрылымдық модельдер,матрицалық модельдер әдістері жатады.

 

 

Тақырып №5. Экономиканы реттеудің қаржы-бюджеттік əдістері

 

Мемлекеттік бюджеттің  экономикалық қатынастар жүйесі ретінде  ерекшілігі бар. Бұл ерекшілік мынада: осы қатынастар мемлекет тікелей  қатысатын бөлу процесінде пайда  болады және орталықтандырылған ақшалй қаражат қорын қалыптастырып, оны  пайдаланумен байланысты. Ұлттық экономиканы үздіксіз қаржыландыру, оның субьектілерінің қоғамдық тұтынуын қанағаттандыру үшін мемлекет қолына ақшалай қаражатты шоғырландырады. Мемлекетік бюджет республикалық  бюджет туралы бекітілген заңға сәйкес көрсеткіштері мүлтіксіз орындалуға тиіс еліміздің қаржы жоспары ретінде оның табысы мен шығысын қалыптастыратын әрі пайдаланатын көздерді көрсетеді.

Бюджет жүйесі - бұл экономикалық қатынастар мен  заң нормаларына негізделген  бюджеттің барлық түрінің жиынтығы. Қазақстан Респуб -ликасының  Бюджеттік кодексіне сәйкес бюджет жүйесі-бұл ҚР бюджеттері мен Ұлттық  қорының , сондай-ақ бюджет процестері мен қатынастарының жиынтығы. Бюджет жүйесі елдің мемлекетік құрылымына сәйкес ұйымдастырылады. Қазақстан ұлттық-мемлекеттік тұрпаты бойынша бірегейге жатады және оның бюджет жүйесі орталық бюджет және жергілікті бюджеттер деп аталатын құралады.

  Қазақстан  Республикасының бюджет жүйесінің  құрамына:

  • республикалық бюджет;
  • жергілікті бюджеттер;
  • облыстық, республикалық маңыздағы қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңыздағы қаланың) деңгейі кіреді.

Бюджет жүйесі ұйымдастыру тұрғысынан келесі қағидаларға  негізделеді:

  1. Біртұтастық қағидасы - Қазақстан Республикасынң аумағында бірыңғай бюджер заңнамасының қолданылуын, бірыңғай бюджеттік жіктеудің, бюджет процесін жүзеге асырудың бірыңғай рәсімдерінің пайдалануын қамтамасыз ету;
  2. Толықтық қағидасы - бюджеттер мен Ұлттық қорда еліміздің заңнамасында қарастырылған барлық түсімдер мен шығыстарды көрсету;
  3. Нақтылық қағидасы - бюджет көрсеткіштерінің экономиканың ағымдағы жай күйінің параметрлеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының параметрлері мен бағыттарына сәйкестігі;
  4. Транспаренттік қағидасы - бюджет заңнамасы аласындағы нормативтік актілерді міндетті түрде жариялау, бюджет процесінің ашықтығы, мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу;
  5. Жүйелілік қағидасы-мемлекеттік басқару органдарының бюджеттік қатынастар саласында бұрын қабылданған шешімдерді сақтауы;
  6. Нәтижелілік қағидасы-бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген белгілі бір нәтижелерге жету қажеттілігіне байланысты бюджеттерді әзірлеу және оларды атқару;
  7. Тиімділік қағидасы - бюджет процесін бюджет қаражатының өз мөлшерін пайдалана отырып ең үздік нәтижеге жету;
  8. Жауапкершілік қағидасы - бюджет процесіне қатысушыларды бюджет заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту;
  9. Бюджеттердің дербестік қағидасы - әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің арасында түсімнің тұрақты бөлінуін белгілеу.

 Қаржы саясаты  нақты шаруашылық өмірде қаржы  механизмі арқылы іске асырылады, ол қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау және басқару түрлерінің , нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады. Қаржы механизмі арқылы шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде және қызмет сфераларында экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік бағдарламаларын орындау үшін мақсатты ақша қорлары мен ақша қорланымдарын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қаржы қатынастары басқарылады.

Қаржы механизмі  мемлекет белгілеген қаржы шараларын  атаулы, нақты нәтижелерге – қоғамдық-экономикалық өмірдің барлық деңгейлері мен сфераларындағы қоғамдық өнімдерінің, матриалдық емес игіліктердің, қызметтер көрсету мен құндылықтардың толып жатқан барлық элементтері құнының құрамына кіретін қаржы ресурстарының ұдайы өндірілуіне айналдырып, іске асырады.

Қаржы механизмі- экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысандарының, қаржы  ресурстарын қалыптастырып, пайдалану  әдістерінің жиынтығы. Ол қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын кіріктіреді.

Қоғамдық шаруашылықтың  жеке бөлімдерінің ерекшеліктеріне  қарай және қаржы қатынастарының сфералары мен буындары бөлінуінің негізінде қаржы механизмі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы механизмі, сондай-ақ мемлекет қаржысының механизмі болып бөлінеді. Ол кезегінде, бұл сфералардың әрқайсысы жеке құрылымдық буындарды қамтиды. Мысалы, мемлекет қаржысының механизмі бюджеттік механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмі болып бөлінеді.Аумақтық бөлініске сәйкес республиканың, биліктің жергілікті органдарының қаржы механизмі деп бөлуге болады.

Қаржы механизмінің элементі- бұл қарапайым шаруашылық нысан, ол арқылы қоғамдық өндіріске қатысушылардың мүдделері айрықша түрде білінеді.

Әрбір элемент біріңғай қаржы  механизмінің құрамды бөлігі болып  табылады. Бірақ өзінше жұмыс істейді  және барлық элементтер келісуді талап  етеді.

Қаржы құқығы қаржы  саясатын қалыптастыру мен жүргізудің тетігі болып табылады және экономикалық саясаттыққа әсер етеді.

Қаржы механизмдерін  қалыптастыра отырып, мемлекет сол  бір кезеңнің қаржы саясаты талаптарына  оның толығырақ сәйкестігін қамтамасыз етуге тырысады, бұл саясаттың  мақсаттары мен міндеттерін толық  жүзеге асырудың кепілі болып табылады.

Экономиканы реттеудің  басты мазмұны фискалдық саясатты- бюджет пен салық саясатын жүргізуді  қамтамасыз етуде затталады. Тікелей  қаржылық реттеудің процесін жүргізе  отырып, ұлттық  табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджеттік қаржыға аса зерек өндірістік емес сфераның жай- күйі де осындай тәртіппен реттеледі. Ел экономикасының өнімділігі мен оны әртараптандыруды арттыру, әлеуметтік-экономикалық дамудың басым міндеттерін шешу мақсатында салық-бюджет саясатының тетіктерін жетілдіру.

Міндеттері: 
1. Салық-бюджет жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету, фискалдық тәртіпті арттыру, мемлекеттік шығыстардың қалыпты қатаң саясатын жүргізу және ұлттық қордың активтерін тиімді басқаруды жүзеге асыру.

2.Экономикаға салық жүктемесін оңтайландыруға, салықтық рәсімдерді оңайлатуға және олардың ашықтығын арттыруға бағытталған салық саясатын жүргізу жолымен шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың іскерлік белсенділігінің өсуін ынталандыру.

3. Бюджет қаражатының  мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық  саясаттың негізгі міндеттерін  шешуге жұмсалуын қамтамасыз ету.

Тақырып №6. Экономиканы ақша- несиелік реттеудің  негізгі механизмдері

 

Ақша – несие  саясаты – мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі, ол инфляциямен күресуге, ұлттық валюта курсын көтеруге, нарықтың дұрыс қызмет етуіне қалыпты қаржы жағдайын туғызуға бағытталған.

Мемлекеттің ақша-несие  саясатын Ұлттық банк жүргізеді. ҰБ эмиссиялық, резервтік, касалық орталық болып табылады. Ол елдің ақша-несие, валюта саясатын анықтайды. ҰБ тек қана ҚР Президентіне бағынышты. ҚР “ҰБ туралы” Заңына 1993 жылдың 13 сәуірінде қол қойылды. 1992 жылы ҚР-ң басшылығы өзінің валютасын шығару үшін “Харрисон және оның ұлдары” атты фирмамен келісім шартқа қойды.

Ақша – несие  саясатына қатысты ғылыми ұстанымдар Д.Кейнс және М.Фридмен еңбектерінде бар. Инфляцияны келесідей көрсеткіштермен сипаттауға болады:

инфляция деңгейі  – белгілі бір уақыт ішінде баға деңгейінің пайыздық өзгеруі (ай, жыл);

гиперинфляция – инфляцияның өте жоғары деңгейі (әдетте 200%);

жасырын инфляция – қатаң реттелетін бағамен экономикада  инфляциялық процестердің пайда  болуының арнайы түрі.

Ақша массасын реттеу. Айналыстағы ақша санына мемлекет бақылау жасайды. Айналыстағы ақша массасынбақылап отыру үшін әртүрлі ақша агрегаттары қолданылады. Мәселен, М0, М1, М2, М3, М4.

Ақша базасы М0 – айналыстағы қолма-қол ақша, кәсіпорындардың кассасындағы ақша.

М1 ақша - М0 + халықтың және кәсіпорындардың салымдары, жол чектері, яғни айналыстағы қаржы және ағымдағы төлем айналысына қызмет етуші ақша санының жиынтығы.

М2 ақша - М1 + халықтың және кәсіпорындардың жедел салымдары.

М3 ақша – ағымдағы айналысқа қызмет етуші ақшалар + жедел салымдар, өтімді бағалы қағаздар (облигациялар, сертификаттар, қазыналық міндеттемелер) және бюджет шотындағы, қоғамдық ұйымдардағы ақша және күрделі қаржыландыру қаржылар.

М4 ақша - М3 + банктерде сақталып тұрған ақшалай емес өтімді қаражаттар.

Ақша несие  саясатын жүргізу үшін бірнеше тәсіл  бар. Олардың ішінде екі бағытты айтуға болады:

Кейнстық доктрина (басшылыққа алынатын теориялық не саяси қағида) 1929-1933 жылдардағы экономикалық дағдарыстан  кейін пайда болды. Ағылшындық экономист  Кейнс тапшылықты қаржыландыру теориясын  ұсынды. Экономикалық дағдарысты болдырмау мақсатында және халықты еңбекпен қамтуды қарастырды. Оның пікірінше, «арзан ақша» саясаты жүргізіліп, яғни төмен пайыздық ставка тиімді сұранысты (жеке тұтыну және инвестиция) қамтамасыз етуі керек болды. Кейнс ұлттық банктің эмиссиясын ұлғайту керек деген пікір айтты. 1970 жылдардан бастап Кейнс үлгісі қолданылған жоқ, оның орнынан М.Фридмен теориясы келді. Монетаристер ақшаның халық шаруашылығындағы маңызы зор екендігіне көз жеткізіп, ақша массасымен айла-шарғы жасау ең қауіпті деп түсінді.

Информация о работе Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға