Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 19:52, реферат

Описание

Қоғамдық- экономикалық негізгі жүйелердің типтері жəне шаруашылық жүргізудің негізгі модельдері. Экономикаға мемлекеттің араласуының объективті қажеттігі. Мемлекеттік реттеудің əртүрлі модельдері. Мемлекеттік реттеудің классикалық моделі. Рыноктық экономикаға мемлекеттің белсенді араласу моделі. Мемлекеттік реттеу туралы қазіргі неоконсерваторлық тұжырымдама. Экономиканы «мемлекеттік реттеу» түсінігінің анықтамасы.

Содержание

Силлабус (пәннің оқу бағдарламасы) 4
Дәріс кешені 30-66
Семинарлық сабақтарды орындауға методикалық сілтемелер 67-72
Лабораториялық сабақтарды орындауға методикалық сілтемелер
СОӨЖ орындауға методикалық сілтемелер 73-80
СӨЖ орындауға методикалық сілтемелер 81-85 7
Пәннің оқу – әдістемелік картасы 86

Работа состоит из  1 файл

Эк.мем. реттеу бар. мам.doc

— 2.91 Мб (Скачать документ)

Мемлекеттік және жекеше секторлардың ғылыми-техникалық саланы теңдестірілген қолдауының тетігі елдегі ғылыми-техникалық қызметті базалық  және жобалық қаржыландыру болады. Бұл ретте ғылыми-техникалық жүйенің  тұрақтылығы іргелі зерттеулерді базалық  бюджеттік қаржыландыру арқылы сөзсіз мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етілетін болады.

Мемлекеттің рөлі инфрақұрылымның жұмыс істеуін (негізгі  құралдарды, оның ішінде бірегей зерттеу  құрылғыларын ағымдағы ұстап тұру және күрделі жөндеу, құрал-жабдықтар  сатып алу), кадрлар даярлауды және қайта даярлауды, ғылыми-техникалық қызметті ақпараттық және патенттік қамтамасыз етуді, халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуды базалық қаржыландыруда болып табылады.

Бұдан басқа, мемлекет мемлекеттік тапсырыс шеңберінде: математика, физика, жер туралы ғылым, химия, медицина, биология саласындағы, сондай-ақ қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар - тарих, археология, тілтану, әдебиет, экономика, шығыстану және философия (жалпыұлттық игіліктің бөлінбес бөлігі ретінде) саласындағы іргелі зерттеулерді; мемлекеттік маңызы бар бағдарламаларды (минералдық-шикізаттық, тау-кен-өндірістік, жылу-энергетикалық, су шаруашылығы кешендері, сейсмикалық, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою және т.б.) қаржыландыруға тиіс.

ЖҒТК мақұлдаған жаңа ғылыми бағдарламалар Республикалық  бюджеттік комиссияның бекітуіне  қосымша ұсынылады және осы Бағдарламада айқындалған қаржыландыру көлемінен  басқа, белгіленген тәртіппен қаржыландырылады.

Экономиканы ғылыми қамтамасыз етуді қаржыландырудың  өзіндік жеткіліктілігіне қол жеткізу  үшін салалардың жекеше секторын ғылыми өнімге олардың тапсырысын дербес орналастыруы үшін ынталандыру көзделетін болады. Жобаларды орындаушылар, мемлекеттік  мүдделер ескеріле отырып, нәтижелілік, тиімділік, өзектілік, біліктілік, жарақтану деңгейі өлшемдері бойынша елдегі және шетелдегі ғылыми ұжымдар қатарынан іріктеліп алынатын болады.

«Ғылым қоры»  АҚ 2005-2015 жылдарға арналған ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру және дамыту бағдарламасына сәйкес «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ, «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ және «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ даму институттарымен тиімді ынтымақтастықты жолға қояды. Бұл институттар ғылымның нақты сектормен кірігуіне және салынған қаражаттардың нәтижелілігін арттыруға ықпал етуге тиіс.

Сонымен қатар, 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан  Республикасының индустриялық-инновациялық даму стратегиясына сәйкес тиімділігі жоғары әзірлемелерді жеделдетіп өнеркәсіптік игеру мен пайдалану, сондай-ақ олардың негізінде ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамыту мақсатында сырттан әкелінетін технологиялық және қосалқы құралдарға кедендік баж салығының деңгейін мезгіл-мезгіл қайта қарап отыру қажет.

Сонымен қатар  ғылыми ұйымдар үшін құрамына мыналар  кіретін жеңілдіктер кешенін  көздеу қажет:

- ғылыми аспаптар  мен жабдықтарды әзірлеумен, өндірумен және оларға қызмет көрсетумен және осымен байланысты инвестициялармен айналысатын кәсіпорындардың тәуекелдерін сақтандыру;

- ғылыми ұйымдардың  материалдық-техникалық базасы объектілерін  жеңілдікпен сақтандыру.

Ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген салықтық, кедендік жеңілдіктер мен преференцияларға әкімшілік ету реттелетін болады.

Ғылыми-техникалық саладағы уәкілетті орган ұсынылған  тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді МГТС қорытындысы негізінде ғылыми-техникалық салаға жатқызудың орындылығы жөнінде шешім қабылдайды.

Тақырып №9. Мемлекеттің құрылымдық, өнеркəсіптік жəне инвестициялық саясаттарын қалыптастыру мен жүзеге асыру механизмдері

Макроэкономикалық тұрғыдан алғанда құрылымдық саясатты қалыптастыру негізіне өзара тиімді қатынастарды қамтамасыз ету жөніндегі бірқатар мәселелер жатады. Олар қоғамдық өнім өндіру бөлімшелері арасында, аралық және дайын өнім, өндіріс құралдарының өндірісі, ұлттық табыстағы тұтыну қорлары мен қор жинау, өндірістік және өндірістік емес күрделі қаржы жұмсау, құрылыс-монтаж жұмыстары мен өндіріс жабдықтарына шығын жұмсау араларындағы қатынастар.

Экономика  құрылымы деп еңбекті жалпы бөлуді сипаттаитын, олардың өзара байланысы, өндірістік ресурстары мен ұдайы өндіріс үдерісін көрсектетін, оның түрлі салаларының қатынастары түсіндіріледі.

Экономика құрылымы – ЖІӨ-дегі кейбір салалардың үлесі.

Егер нарық  экономикасының әр түрлі кесіндісін қарастырсақ, онда аумақтық, атқарымдылық, әлеуметтік құрылымынбөліп көрсетуге  болады.

Атқарымдылық  құрылым әр түрлі қажеттіліктердегі ЖІӨ-ді өндіріс факторларының кесіндісінде бөлуді сипаттаиды.

Әлеуметтік  құрылым  әлеуметтік секторға – жеке, корпоративтік, мемлекеттік, үй шаруашылығы секторына бөлшектеуді көрсетеді.

Салалық құрылым үш деңгейден тұрады – макроэкономикалық, салааралық және өндірістік.

Рыноктық қатынаста бәсекенiң  дамуымен экономикада мемлекеттiң ролi төмендейдi. Бiрақ дамыған елдер тәжiрибесi бойынша тек қана нарықтық принциптер негiзiнде материалдық-техникалық базаның қалыптасуы мүмкiн емес. Елдегi инновациялық даму мемлекеттiң араласуынсыз оң нәтиже бермейдi, сондықтан инновация мен инвестиция мемлекеттiң реттеудiң объектiсi болып табылады.1990 жылы бүкіл КСРО елдерінің экономикасында жағымсыз жағдай қалыптасты. Қазақстанда барлық салалар дағдарысқа ұшырап, ғылымға көңіл бөлінбеді, көптеген кәсіпорындар жұмысын тоқтату, бөлшектену, тіпті қайта құрылу сияқты құрылымдық өзгерістерге ұшырады. Мұның бәрінің себебі – нарықтың қатал талабы болды. Тозған құрал-жабдық, шығыны көп икемсіз өндіріс, тиімсіз басқару, сын көтермес қаржылық жағдай және осы сынды мәселелер жетіп артылады. Нарыққа көшу процесі аяқталғаннан кейінгі жылдарда экономиканың жанданып дамуы шикізат (газ,мұнай, металл) сатудан түскен валюталық түсімдерге тікелей байланысты болды. 2000-2002 жылдарда Қазақстанда экономикалық өсу байқалды. Бірақ бұл өсім шикізат сатудан түскен пайда есебінен, яғни «көз бояушылық» екенін түсінген ҚР Үкіметі қырағылық танытып, елдің индустриалды-инновациялық саясатын қолға алды. 2002ж. шілде айында ҚР Президенті Жарлығымен «Инновациялық қызмет» туралы Заң күшіне енді.Әрбір ел дүниежүзілік рынокта өз орнын тауып, үлесінен айрылмауға тырысады. Бұл тікелей инновацияларға қатысты екені мәлім. ХХ ғасырдың 50-60 жж. дамыған елдер қолға алған негізгі мәселе де осы болатын. Алайда, мемлекет құқықтық-нормативтік негізін жасап, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырып немесе басқа қаржы ресурстарын жұмылдырып, бағыт бермесе, бұл саланың қарқынды дамуы да екіталай. Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау үшiн ең бiрiншi құқықтық нысандары елiмiзде жоғарыдағы стратегия бойынша орындалуда. Ал мемлекеттiк қаржылық қолдау және инновациялық құрылымдарды құру үшiн оған көп мөлшерде қаржы керек. Осы мәселе қазiр елiмiзде күрделi мәселенiң бiрi болып отыр, сондықтан қаржыландыру, сырттан инвестиция тартуға негiзделген Инвестициялық, Инновациялық қорлар, Даму банкi, экспорттық несиелер мен инвестицияны сақтандыру корпорациясы сияқты даму институттары құрылды. Бұл мәселенің шет елдерде қалай шешілетініне назар аударып көрелік. Жапонияда инновацияларға II дүниежүзілік соғыстан кейін көп көңіл бөліне бастады. Елде шағын және орта кәсіпорындар бүкіл экономиканың негізін құрайды.

  Экономикалық өмiрге мемлекеттiк әсер ету шаралары: салық, ақша, бағам, баға және кеден саясаты, техникалық және экономикалық стандарттар. Олардың негiзгi мiндеттерi - индустрияның дамуына қолайлы ықпал ететiн жалпы жағдай туғызу;  нарықтың барлық субъектiлерiнiң экономикалық және институционалдық, ұйымдық және құқықтық белсендiлiк ортасын қалыптастыру.

 Мемлекет:

- ұлттық валютаның  айырбас бағамын реттеу;

- пайыздық ставкалардың деңгейiн реттеу;

- сыртқы экономикалық  қызметтi реттеудiң тарифтiк және  тарифтiк емес әдiстерi;

- отандық тауарлардың  сыртқы нарыққа шығуына жәрдемдесу (бизнеске оның сыртқы экономикалық  қызметiнде жәрдемдесу);

- табиғи монополия субъектiлерiнiң шығын құрамын реттеу және олардың қызметiне әдiл тарифтер белгiлеу;

- көлiк инфрақұрылымына  мемлекеттiң инвестициялары;

-  өндiрiстi сертификаттауды  және сапаны бақылауды дамыту;

-  индустриалдық  нарық инфрақұрылымының қалыптасуын  құқықтық және ұйымдық, қолдау арқылы өндiрiстi ынталандыратын қолайлы макроэкономикалық орта жасайды.

Мыналар өнеркәсiптiк  сектордың тұрақты дамуына кедергi келтiретiн факторлар болуы мүмкiн:

- өнеркәсiпте  және экономикада шикiзаттық бағыттың  бекуi, өңдеушi салалардың құлдырауы және елдi индустриясыздану қаупiнiң пайда болуы;

-  ел экспортының  негiзi баптары болып табылатын  тауарлардың шағын тобының әлемдiк  баға конъюнктурасының ауытқуына  тәуелдi болуына байланысты экспортқа  бағдарланған салалардың шатқаяқтығы. Шектес елдердегi осындай тауар өндiрушiлер тарапынан бәсекенiң өсе түсуi;

  - жабдықтар мен жинақтаушы бөлшектердi (технологиялық тәуелдiлiк), шикізат ат көздерiн (газды, электр қуатын, мұнай өнiмдерiн) өндiруге қолда бар және ықтимал iске асырылатын мүмкiндiктерi бола тұра сыртқы берiлiмдерге тәуелдiлiктiң күшеюi;

- импорттық  өнiмдердiң iшкi тұтыну нарығынан  отандық өндiрiс тауарларын ығыстыруы; 

- сыртқы сауда  қатынастарының реттелмеуi, отандық  тауар өндiрушiлердi экономикалық  кемсiтуге алып келетiн әлемдiк нарықтағы әдiлетсiз бәсеке мен протекционизм.

Сонымен, өнеркәсiптiк  секторды одан әрi дамыту императивi (талабы) өндiрiстiң тұрақтануы мен өсуi ғана емес, сонымен бiрге оның құрылымдарын тереңдетiп қайта құру мен бүкiл  экономиканың үдемелi өндiрiстiк процесiнiң тұтастығын қалпына келтiру болады.

Өткен жылдарда пәрмендi құрылымдық саясатты сәтсiз  өрiстету әрекеттерi көп жағдайда нарықтық экономикадағы мемлекеттiң  реттеушi рөлiн барынша төмендету  моделiнiң Қазақстан жағдайына  барабар келмеуi себепшi болды.

Мемлекет белсендi инвестициялық саясаттан қол  үзген өткен жылдар тәжiрибесi, жекеше сектордың экономикаға, ең алдымен  өңдеушi өнеркәсiпке ауқымды ұзақ мерзiмдi салымдарды қамтамасыз ете  алмағанын көрсеттi.

Қайта өңдеу  салаларын жаңғыртуға шетел инвестицияларын белсендi тарту үмiтi ақталмады.  Қазіргi кезеңде iс жүзiнде өнеркәсiптiк сектордағы құрылымдық өзгерiстердiң бастамашысы мемлекет қана бола алады.

Өнеркәсiптiк  салада саясаттың бiрнеше тұжырымдамалары  ауысқанымен, мемлекеттiң реформалау тәжірибесінде осы уақытқа дейiн айқын және жүйелi өнеркәсiптiк саясат болмай отыр. Бұл саясаттардың  негiзгi бағыты – ғылыми - техникалық прогрестi жеделдету қажеттiлiгi, өндiрiстің жоғары технологиялық салалары мен түрлерiн қалыптастыруға басым назар аудару, өңдеушi салаларында бәсекеге төзімділіктің әлемдік деңгейіне шығуы оларды экспорттық әлеуетті еселеудің басты көзіне айналдыру.

 

Тақырып №10. Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу

 

      Ауыл шаруашылығы саласын қолдау және оның ішінде азық-түлік рыногын қолдау – мемлекеттің ең бір маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Барлық дамыған елдерде ауыл шаруашылығы мемлекет қолдауында болады. Халық шаруашылығының бұл саласы рынокқа және бәсекелестікке төмен деңгейде бейімделген. Ауыл шаруашылығынан халық шаруашылығының көптеген салаларының өндірістің ерекшелік жағдайында айырмашылығы бар: жер – өндірістің негізгі қоры; жұмыс маусымдық сипатта болады; еңбек үдерісі жанды организммен байланысты; жұмыс кезеңі өндіріс кезеңімен сәйкес келмейді; инвестицияны жүзеге асыру мен тиімділікті алу арасында уақыт бойынша елеулі лаг бар; оның бағасына байланысты өнімге сұраныс үйлесімді емес; жоғары капитал және энергия қажеттілігі; төмен пайдалылығы және ақыр соңында табиғи-климаттық жағдайға қатаң тәуелділігі.

      Аграрлық секторды реттеуді аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің (АӨК) дамуымен байланыстыру қажет. АӨК үш қызметтік аяны біріктіреді:

І. Ауыл шаруашылығы  үшін өндіріс құралдарын шығаратын  және соған сәйкес қызмет көрсететін қор құраушы салалар.

ІІ. Ауыл шаруашылығы (өсімдік және мал шаруашылығы).

ІІІ. Дайындауды, сақтауды, ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдеуді және АӨК соңғы өнімдерін  өткізуін қамтамасыз ететін салалар  мен өндірістің жиынтығы.

Қазақстанның жаңа аграрлық саясатының концепциясы:

  1. Мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін әр адамның тамақтану физиологиялық қажеттілігінен бастау. Қазақстандағы бекітілген нормаларды халықаралық стандарттарға сәйкес қайта қарау.

2. Мемлекеттің  азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемасын шешуді кешенді және жүйелі түрде жүргізу.

Қазақстанның жаңа аграрлық саясатының мақсаты – мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, яғни отандық сапалы тағам өнімдерімен халықты қамтамасыз ету көрсеткішін 80 пайызға жеткізу және оған тұтынушылардың қолжетімдігін жақсарту. Атап айтқанда, ауыл тұрғындарының тағам түрлерімен өздерін толық қамтамасыз етуі және қала тұрғындарына отандық өнімдерді арзан бағамен жеткізу. Түпкі мақсат – аграрлық салада шикізаттық экономикадан арылып, Қазақстанның тағам индустриясы дамыған елдердің қатарына қосылуына батыл қадам жасау.

Сонымен қатар  уақыт ұттырмай импортталған азық-түліктердің  санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық  тазалығы мен жоғары сапалылығын  қамтамасыз ету. Мал шаруашылығын дендеген жұқпалы аурулардан арылту, медициналық ветеринария жұмысын жолға қою

Қазақстанның жаңа аграрлық саясатының принциптері:

– ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен ауыл шаруашылығы  саласының дамуын макроэкономика және әкімшілік реформа тұрғысында бөліп қарау. Ауылға бюджеттен бөлінетін қаржы үлесі қалалар мен тең, яғни 50 пайызға дейін жетуі керек, ал ауылшаруашылық өндірісімен айналысатындарға несие және субсидия түрінде беріледі;

– елді мекендер мен аймақтардың тағам өнімдерімен  өзін-өзі қамтамасыз етуі;

 – ауыл  экономикасын әкімшілік реттеу мен реформаны төменнен, яғни ауыл және аудан әкімдерінің деңгейінен бастау;

– азық-түлік  қауіпсіздігіне байланысты қажетті  тағамдардың түрлерін өндіруді үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың  бақылау мен жауапкершіліктерінде болуы;

 – мемлекеттік қаржылық қолдауды тек халыққа қажетті тағамдардың керекті мөлшерін өндіруге және оны ұқсатуға бағыттау;

– қаражатты  мемлекеттің үлесі бар екінші деңгейлі банктер арқылы микрокредиттік ұйымдардың қатысуымен және жергілікті атқарушы органдардың бақылауымен жұмсау.

Қазақстанның жаңа аграрлық саясатының маңыздылығы:

1. Қазақстанның  аграрлық саласы мен мемлекеттің  азық-түлік қауіпсіздігін сақтау  көрсеткіші Дүниежүзілік сауда ұйымының талабына сәйкестенеді.

2. Азық-түлік  индустриясын қалыптастыру мыңдаған жұмыс орындарының ашылуы мен ауылда тұратын адамдардың материалдық жағдайының көтерілуіне жағдай туғызады.

3. Қазақстандық  тауар брендтерінің қалыптасуы.

4. Азық-түлік  тауарларының экспорттық мүмкіндіктерінің өсуі.

Информация о работе Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға