Рефераты по педагогике

Қоғамның дамуына сәйкес мектепті қайта жаңарту

30 Октября 2012, реферат

Қазіргі өзгермелі уақытта білім берудің жай – күйі дүние жүзінде де күрделі және қарама – қайшылықтарға толы. Қоғамның дамуы білім беру сапасынан үнемі алды болды, тіпті бұл алшақтық кейбір кездерде ондаған жылдармен өлшенді. Күн сайын адамға көптеген ақпарат тасқыны келеді. Ал оқу мазмұны мен оқыту әдістері ескі сарында қалып қоюда. Сондықтан білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен ол қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы қарама – қайшылық білім беру саласының дағдарысына әкеліп соғуда.

Құзыреттілік – кәсіби маман даярлаудың басты сапасы

22 Февраля 2012, контрольная работа

Еліміздің саяси, экономикалық, мәдени, қоғамдық өміріндегі өзгерістерге сай жоғары оқу орындарының үлкен жауапкершілікті сезініп, білікті, өз ісінің шебері, бәсекеге қабілетті, кең ауқымды, жан-жақты дамыған маман дайындауға ұмтылуы, өзінің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипаттарының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың жоғарылуына байланысты өз ісін жетік білетін, кәсіби білігі мол мамандарды қажет етеді.

Құқықтық тәрбие – құқықтық мәдениетті жетілдірудің басты мақсаты

25 Января 2013, курсовая работа

Қазақстан Республикасының Конституциясында – Қазақстан Республикасы өзінің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны аталған. Бұл еліміз үшін мәртебелі мақсат. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 – бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», – деп баян етілген .

Үйде оқыту жұмыстарының түрлері

27 Декабря 2012, курсовая работа

Курстық жұмыстың тақырыбы – «Үйде оқыту жұмыстарының түрлері» болғандықтан ағылшын тілін үйде оқыту технологиясының бірнеше түрлерін қарастырдым:
- Сыныптан тыс оқыту, яғни үйде оқу жұмыстарын жүргізу мұғалімнің ұйымдастыру шеберлігімен іске асады. Сонымен қатар сыныптан тыс оқыту әртүлі жұмыстар арқылы жүзеге асады. Сол жұмыстар арқылы оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, өз қабілетін танып білуге, қосымша жұмыс жасауға үйретіп, дүниетанымын кеңейтеді.
- Үйірме жұмыстары - сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры. Оқушылардың ағылшын тілі пәніне қызығуы мен қатар белсенділігін көтеру үшін мектептерде ағылшын тілі үйірмелері жұмыс істейді. Бұл үйірмелерді көбіне ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері, ұстаздар, сынып жетекшілері жүргізеді. Үйірме жұмыстарының арнаулы органы – қолжазба журналы, газеті болады. Жұмыс жоспары жасалады.
- Ағылшын тілін әрі қарай дамыта оқыту үшін үйде интернетпен жұмыс жасау.

Ұлттық спорт пен ойындардың теориялық және педагогикалық негіздері

01 Марта 2013, автореферат

Дене тәрбиесі басқа да тәрбие құралдары сияқты жас баладан бастап, барлық жастағы адамдар тәрбиесінде кеңінен қолданылады. Дене тәрбиесін игеру кезінде оның теориялық және тәжірибелік бағыттары негізге алынып, оқу-жаттығу жұмыстарының жоспарлары мен бағдарламалары түзіледі. Осы бағдарламалар негізінде педагогикалық жұмыстардың принциптері мен әдістемелері жасалады.

Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы мектеп және педагогика

09 Апреля 2013, реферат

Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Кеңес халқы көптен күткен жеңіс жолында барлық қиыншылықтардан мүдірмей өтті. Кеңес мектебінде тәрбиеленген көптеген біздің түлек. Ұлы Отан соғысы майданында ерлікпен, жанқиярлықпен күресіп, тылда ерен еңбектің үлгісін көрсете білді

Ұстаздық шеберлік,өнер,шығармашылық

29 Октября 2013, курсовая работа

Ұлы ғұлама Әл- Фараби: "Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің барлығын жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсесін ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., меніңше шешен, өнер-білімге құштар қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ ..., жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізеттілік көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек" дейді.

Әкімшілік реформа

05 Февраля 2013, доклад

Қазіргі кезде біз осы кезеңге және экономикалық дамудың талаптарына сай келетін басқару жүйесін құруға талаптанудамыз. Әкімшілік реформа ол бір жолғы акция емес, ол тұрақты мемлекеттің ұстанатын жұрмыс бағыты десек болады. Бұл ретте осы үдіріс жаңа тәуелсіз мемлекеттерге ғана қатысты емес. Өткен ғасырдың 80-90 жылдарында әлемнің дамыған елдерінде де мемлекеттік басқарудың жаңа тұжырымдамасы негізінде ауқымды

Әл-фараби атындағы қазұу-дың тәрбие жұмысының бағдарламасы

05 Февраля 2013, доклад

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тәрбие жұмысының стратегиясы жоғары оқу орнының студенттің тұлға ретінде қалыптасу үдерісіне белсенді қатысуына бағытталған. Тәрбие жұмысы оқудан тыс жеке педагогикалық әрекет емес, жалпы даму мен оқыту үдерісіне кіріктірілген педагогикалық іс-әрекеттің қажетті органикалық құрамдас бөлігі болуы тиіс.

Әл-Фараби еңбектеріндегі халықтық педагогика мәселелері

19 Ноября 2012, реферат

Халықтық педагогикалық құбылыстарды зерттеушілер ресми педагогика мен халық педагогикасының бірін-бірі толықтыратын, кеңейтіп отыратын өзара ықпалы мен өзара шарттастығын дәлелді ашып түсіндіреді. Егер ресми педагогика түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіретін саяси, құқықтық философиялық, моральдық, эстетикалық және діни кезқарастардың ықпалы қашаңда сезіліп отырса, халық педагогикасы бүл ықпалға үшырағанмен, түтас алғаңда халықтың ойы мен мүддесін, ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту жайлы түсінігін білдірді.

Әлеуметтік педагогика методологиясы

08 Февраля 2013, реферат

Мақалада әлеуметтік педагогиканың әдіснамасының мәні, әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздері мен құрылымы, гносеологиялық және логикалық- гносеологиялық негіздері, әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық білімдерінің технологиялық деңгейі, таным әдіснамасының негіздері және субъект тұрғысынан әлеуметтік педагогикалық болмыстың сапасының бағалау ерекшеліктері, әлеуметтік педагогиканың аксиологиялық негіздері, көзқарастық және әдістемелік негіздері қарастырылады.

Әлеуметтік жұмыстың педагогикалық әдістері мен әдістемесі

11 Февраля 2013, доклад

Бұл жұмыстың мазмұнының әдістері мен түрлеріне қарай өзіндік ерекшелігі болады. Ол әрекеттің өзіндік ерекшелігі бірқатар факторларға байланысты. Олар педагогикалық процестің обьективті заңдылықтарын білу; қазіргі жағдайдағы мектептің әлеуметтік қызметіне қанық болу; қазіргі отбасының ерекшеліктері мен даму тенденцияларын түсіну, мұғалімнің, ата-аналар, жұртшылық өкілдері мен жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты жұмысқа практикалық тұрғыдан дайын болуы - мектеп балалар тәрбиесі мен отбасы тәрбиесін педагогикалық басқарудағы тікелей іске асыратын маңызды әлеуметтік институт болып табылады. Мектептің, отбасының және жұртшылықтың тәрбиелік қызметінің біртұтастығы мектептің мақсатты түрде жүргізген жүйелі жұмыстарының нәтижесі. Ал бұл нәтиже қазіргі заманғы білім беру мекемесіне қойылатын басты талаптардың бірі.

Әлеуметтік психологияға қысқаша шолу

15 Сентября 2013, реферат

Әлеуметтік психология (гр. psyche — жан және logos — сөз, түсінік, ілім) — әлеуметтік топтарғақосылуымен байланысты адамдардың қызметі мен пәнінің заңдылықтарын, сонымен қоса ол топтардың өздерінің рухани ерекшеліктерін зерттейтін жантану ғылымдарының саласы.
Әлеуметтік психология отбасының, ұжымның, таптың, ұлттың, тағы да басқа адамдардың тұрған жеріне, кәсібіне, қоғамдағыалатын орнына қарай жіктелетін топтарының психологиясын зерттейді.

Өзімді – өзім танумен өсіп келемін

28 Февраля 2013, реферат

Оқушылардың адам өмір жолының маңызды құрамдасы ретіндегі өзін-өзі тану туралы түсініктерін кеңейту.

Өзін-өзі тану сабағын экскурсия түрінде өткізу ерекшеліктері

01 Апреля 2014, курсовая работа

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Қазіргі кезде оқыту теориясы мен практикасында сабаққа дамып отыратын жүйе ретінде қарайтын көзқарас қалыптасқан. Сабақты үнемі бір сарынмен қалыптасқан әдіс бойынша өткізу мүмкін емес.Себебі, сабақ – сыртқы ортамен ақпараттық және басқа да арналар арқылы байланысатын жүйе. Осы сыртқы байланыстар мен ішкі қайшылықтар ықпалы арқылы сабақ дамып, жетіліп отырады. Сабақ – өзара тығыз байланысқан, өзара әрекеттесетін бөліктерден тұратын бүтін жүйе. Оқушыға сабақты түсіндірудің түрлі жолдары бар. Қазіргі заман талабына сай түрлі әдіс-тәсілдердерді қолданып сабақтың мазмұнын ашуға болады.Өзін-өзі тану сабағы әр сабақты жаңашылдықпен өтуді қажет етеді. Әр бір сабақ қызықты және басқа сабақтардан ерекше бір әдіспен өткізу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

өздік жұмыс

22 Ноября 2011, курсовая работа

Қазақстан Республикасының бүкіл әлемдік білім кеңістігінен өз орнын алуы-үлкен әлеуметтік және саяси мәні бар мәселе. Осыған байланысты егеменді еліміздегі жалпы білім беретін мектептердің алдына жауапты да, абыройлы міндеттер қойылып отыр. Солардың бірі – оқушыға өз бетімен жұмыс істете отырып білім алудың - қарапайым дағдыларын менгерту, алған білімді біліктілік дәрежесіне көтеру.

Оқушыға өзбетімен жұмыс істетіп, дағдыны жүйелі жүргізілетін жұмыстардың нәтижесінде қалыптастыру. Атап айтқанда, бастапқыда жеңіл, кейін біртіндеп күрделі тапсырмаларды орындау барысында салыстыру, қорытынды жасау, түрлі жағдайда өздігінен ойлау процестерінен өтеді.