Әлеуметтік педагогика методологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 18:49, реферат

Описание

Мақалада әлеуметтік педагогиканың әдіснамасының мәні, әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздері мен құрылымы, гносеологиялық және логикалық- гносеологиялық негіздері, әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық білімдерінің технологиялық деңгейі, таным әдіснамасының негіздері және субъект тұрғысынан әлеуметтік педагогикалық болмыстың сапасының бағалау ерекшеліктері, әлеуметтік педагогиканың аксиологиялық негіздері, көзқарастық және әдістемелік негіздері қарастырылады.

Работа состоит из  1 файл

Әлеуметтік педагогика методологиясы.doc

— 135.00 Кб (Скачать документ)

Әлеуметтік  педагогика методологиясы

 

Л.В. Мардахаев

педагогика ғылымдарының докторы, профессор,

Ресей мемелекеттік әлеуметтік университетінің 

әлеуметтік  және отбасы педагогикасы кафедрасының меңгерушісі,

педагогикалық білім беру ғылымы Халықааралық академиясының академигі

E-mail: mantissa – m@mail.ru

 

Мақалада әлеуметтік педагогиканың әдіснамасының мәні,  әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық  негіздері мен құрылымы, гносеологиялық және логикалық- гносеологиялық негіздері, әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық білімдерінің технологиялық деңгейі, таным әдіснамасының негіздері және субъект тұрғысынан әлеуметтік педагогикалық болмыстың сапасының бағалау ерекшеліктері, әлеуметтік педагогиканың аксиологиялық негіздері, көзқарастық және әдістемелік негіздері қарастырылады.

Кілттік сөздер: әдіснама, әлеуметтік педагогиканың әдіснамасы, логикалық-гносеологиялық негіздері, технологиялар, әдістер, тәсілдер.

 

«Методолгия»  және «әлеуметтік педагогика методологиясы» ұғымы. Әлеуметтік педагогиканың методологиясы (грек.methodos-әдіс, және logos–ғылым) оның негізін, базалық сипатын анықтайды. Осының негізінде әлеуметтік педагогиканың жалпы ғылыми бағытының және оның құрылымдық компоненттерінің мәні анықталып, теория мен практиканың өзекті мәселелері зерттеледі.

Методологияның  мәні жөнінде әртүрлі пікірлер бар. Кейбір ғалымдар әдіснаманы логикалық құрылымның, теориялық әрекеттің әдістері мен тәсілдерінің құрылым туралы ғылым деп таныса, екіншілері – ақиқаттың түрленуі және оны тану әдістерін қолдану қағидалары, рәсімдерінің қалыптасуы туралы; үшіншілері – күрделі практикалық сұрақтарды шешуші қағидалардың жалпы жиынтығы туралы; төртіншісі - теориялық және практикалық әрекеттер құрылымы мен құрылым әдістері және сонымен қатар осы жүйені оқыту туралы; бесіншілері – бастапқы ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері мен қызметтері, құрылымы, ережелері туралы ғылым деп таниды.        

Белгілі педагогика методологы В.В.Краевскийдің (1926-2010) тәсілдемесіне  сүйене отырып «әлеуметтік педагогика методологиясы» туралы ұғымды анықтауға болады. Бұл әлеуметтік-педагогикалық ақиқатты қоршаған, әлеуметтік-педагогикалық теория құрылымы мен негізі, білім алу әдісі мен амалы туралы жүйе, сонымен қатар ғылыми әлеуметтік-педагогикалық зерттеулердің сапасын бағалау әдісі мен логикасы, негіздеуші бағдарламалар мен осындай білім алу әрекетінің жүйесі.  

Әлеуметтік  педагогика әдіснамасының мәні әлеуметтік-педагогикалық категорияларының құрылымдық негізі туралы білім жүйесі, бағдарламалардың негізі және білім алу әрекеті жүйесін тану ұстанымдары мен әдістерін, ғылыми әлеуметтік-педагогикалық зерттеулердің сапасын бағалаудың логикалық әдісі сынды маңызды екі компоненттен тұрады.    

Әлеуметтік педагогиканың  әдіснамалық негізі құрамдас педагогикада өзге – педагогика және әлеуметтік философия, әлеуметтану педагогикасы, әлеметтік құқық, әлеуметтік басқару, валеология сынды ғылымдарды қамтып көрсетеді. Оның астарында:

- кең мағынада – әдіснамалық бағытты анықтаушы қоғам мен адам жөніндегі ғылымдардың негізгі ережелері,  заттық-объектілік сала ерекшелігіне сай әлеуметтік-педагогикалық пәнді оқыту және әдісін тану;

- тар мағынады  – қайта өзгеру әрекеті мен танымдық ерекшелігін анықтаушы әлеуметтік педагогиканың негізгі ережелері (оның ағымында, бағытында, пәнінде, бөлімдерінде жәене т.б.  жинақталған теорияларды анықтаушы бастапқы ереже) және нақты социомәдени орталарда әлеуметтік педагогиканың нақты әрбір объектісіне (процесс немесе құбылысқа) қатысты қолданылатын зерттеудің теориялық функциясын орындайды.

Әлеуметтік  педагогика методологиясының құрылымы оның мазмұнын қамтып көрсетеді:

  • ғылыми-зерттеу әрекетінің теориясын. Әлеуметтік-педагогикалық тәжірибе танымы туралы білім әлеуметтік педагогтың ғылыми-зерттеу әрекетінің және ғылыми-танымдық қағидасының және сонымен қатар ұйымдастырудың, мазмұнның, логикалық құрылымның қалыптасуы мен зерттелуін жобалайды. Ол тақарып, мәселе, маңыздылық, зерттеу объектісі, аймағы, мақсаты, тәжірибеге арналған тапсырмалар сынды ғылыми зерттеудің сипаты ретінде танылатын әдіснамалық категориялар тізімі түрінде берілуі мүмкін;
  • ғылымтанудың тәртілік теориясы. Әлеуметтік педагогика методологиясының    әлеуметтік-педагогикалық ғылымтану деп аталатын бөлімі зерттеумен айналысатын әлеуметтік-педагогикалық ілім туралы білім. Соңғысы  ғылыми әрекет процесінің тиімділігін арттыру мақсатында, тұтас жүйе ретінде ғылыми қызмет тәжірибесінің зерттеу жиынтығы мен теориялық жалпылауы болып саналады. Ол ғылыми пән ретінде әлеуметтік педагогиканың логикалық құрылымының терең талдамасы және оның негізгі қызметтерінің іске асуы мен дамуы үшін қажет;
  • әлеуметтік-педагогикалық ғылыми-қайта өзгеру теориясы (әлеуметтік-педагогикалық әркет әдісі). Әлеуметтік-педагогикалық тәжірибенің қайта құрылуы, практикалық әрекетте инноватика мен алдыңғы қатарлы тәжірибелерді пайдалану.    

Әлеуметтік-педагогикалық  методология  негізін мынадай  компоненттер құрады:

  • әлеуметтік педагогика методологиясы – ғылымтану тұрғысынан әлеуметтік-педагогиканың мәнін тану деңгейлері: гносеологиялық (әлеуметтік-педагогикалық көрініс танымы), логико-гносиологиялық және технологиялық (әлеуметтік-педагогикалық ақиқатты қалай тану керек);
  • субъект тұрғысынан әлеуметтік-педагогикалық ақиқаттың сапасын бағалау және таным деңгейі, әлеуметтік-педагогиканың қайта құрылуы және таным методологиясы (әлеуметтік-педагогикалық әрекетті орындаушы және оны бағалаушы маман, әлеуметтік-педагогикалық тапсырысты анықтаушы мемлекет): аксеологиялық (әлеуметтік-педагогикалық құбылыстарды бағалау), дүниетанымдық (әлеуметтік-педагогикалық әрекетті бағалау және қайтақұруға, танымға қажетті білім жүйесі) және әдістемелік (әлеуметтік-педагогикалық ақиқатты бағалау және қайта құру, таным технологияларын іске асыру тәсілі).

(1-сурет)


 

 

Әлеуметтік  педагогика методологиясы 

 

 

 





 



 



 


 

 


 

 

 

1-сурет.  Әлеуметтік педагогика әдіснамасының негізі

Әлеуметтік-педагогиканың  гносеология негіздері (мазмұнын анықтаушы  әлеуметтік-педагогикалық мәнін  тану) гносеология (грек сөзі. gnosis (gnoseos) – білім, таным, және logos – ғылым, білім алу) деңгейінде ғылымтану тұрғысынан әлеуметтік-педагогика әдіснамасының маңызды компоненттерін ұсынады – таным теориясы, адамның ақиқатты тану қабілетін анықтаушы, ғылыми таным әдісі мен формасының қайнаркөзін зерттеуші философия бөлімі. Олар әлеуметтік-педагогиканың мазмұнын, оның бөлімдерін, ықпалын, қайшылықтарын, үрдісі мен заңдылықтарын, қамту аймағын ашатын теориялық білімін анықтайды.       

Әлеуметтік педагогиканың  теориялық білімі – бұл теорияның  танымдық қызметін іске асырушы білім. Ол әлеуметтік-педагогика тәжірибесін тану мәселелерін зерттеудің алғышарттарымен және де алған білім нақтылығын анықтаушы шарттармен қамтамасыз етеді. 

Ғылыми пән ретінде  қалыптасуда әлеуметтік педагогика көптеген қайшылықтарға кезікті  және де бұл оның парадимасында (грек. paradeigma – мысал, үлгі) – негізгі ғылыми жетістіктер жүйесінен (теориялар, әдістер) көрініс тапты.   Осы үлгі негізінде белгілі тарихи кезеңде, нақты білім аймағында (пән) ғалымдардың зерттеу тәжірибесі ұйымдастырылатын. Олардың жіктелуіне негіз ретінде адам мен қоғам жөніндегі ғылымдар жиынтығында әлеуметтік педагогикалық тәжірибенің сан қырын қамтуы, ғылымдар мен ғылыми пәндер арасындағы әдіснамалық алғышарттардың айқындалуы негіз болып отыр.

Бірінші парадигма – педагогикалық  – әлеуметтік педагогиканың жалпы педагогикалық  ғылымдармен тікелей әдіснамалық байланысын мойындау, оның тұлғаның әлеуметтік дамуы сынды ғылымның жеке бөлімін анықтаған,  педагогиканың бір саласы ретінде танылуы. 

Екінші парадигма –  әлеуметтік – әлеуметтік педагогика әдіснамаысының әлеуметтік ғылымдармен байланысындағы артықшалағы, осының нәтижесінде туындаған: әлеуметтік педагогика, қоршаған орта педагогикасы.

Жоғарыда аталған  парадигмалар жалаң түрде сирек  кезігеді. Оларды көбінесе аралас түрде  алады, себебі дәл осы парадигма  аймағында зерттеумен айналысатын зерттеушілер оның кемшілігін дәл осы әлеуметтік педагогиканың пәнаралық қасиеттерінің бірлесуінде байқай алады.

Үшінші парадигма – әлеуметтанулық-педагогикалық әлеуметтік орта жағдайында тұлға ретінде тәрбиелеу әдісін байланыстырады

Төртінші парадигма – әлеуметтік-педагогикалық – оның бағасына сай әлеуметтік-педагогикалық білімді қамтиды және осыған қатысты жаңа методологиялық көзқарасты туындатады. Оның мәні арнайы ұйымдастырылған әлеуметтік әр алуандылық; әлеуметтік тәрбие, яғни әлеуметтік әрекет әсерімен өтетін социумның әр түрлі әлеуметтік-педагогикалық институттың әлеуметтік процесінің үшбірлігін мойындауда болып отыр. 

Демек әлеуметтік педагогика бір жағынан адам мен қоғам туралы ғылым салаларымен байланысатын педагогика ғылымының бір бөлігі; ал екінші жағынан – педагогика ғылымынан бөлініп , одан еш уақытта ажырамайтын әлеметтік ғылым саласы десе; үшінші жағынан білімнің  теория, практика және оқу пәні ретіндегі жеке дара сала ретінде есептеледі. Ол:

  • әр түрлі процесс аясында (әлеуметтену, әлеуметтік тәрбие, әлеуметтік қалыптасу, әлеметтік қалпына келу, әлеуметтік шынығу) адамның әлеуметтік дамуымен (қалыптасуымен);
  • мегаполис, қала, ауыл инфрақұрылым педагогикасымен құрылымданған педагогикалық әдістеремен қайта өңделуі;
  • тұлғаның әлеуметтік ортаға енуімен байланысты тәжірибені қамтиды.

Бұл әлеуметтік педагогиканы өзге ғылымдардан айырмашылығы және ғылыми пән ретінде оның негізгі  бөлімдерін айқындайды.

Негізгі факторлар (лат.сөзі factor - өндіруші). Әлеуметтік педагогика мен оның негізгі бөлімдерінің дамуын анықтаушы негізгі факторлар. Әлеуметтік педагогиканың қалыбы мен дамуына айтарлықтай әсер ететін процесс немесе құбылыс. Олар бір деңгейлі болмайды. Олардың әрбір жүйесінің астарында жеке жүйе болады және де оның әрқайсысы әлеуметтік педагогикалықтәжірибенің тиісті аймағында өз міндетін атқарып, әлеуметтік педагогика бағытының, теориясының, нақты бөлімінің теориялық тұрғыдан қамтиды.  

Әлеуметтік педагогикада адамның әлеуметтік тәрбиесінің  жалпы факторы егжей-тегжейлі сарапталған. А.В. Мудрик мегафакторлар, макрофакторлар, мезофакторлар және микрофакторлар деп бөліп көрсетеді. Фактор автоматты түрде әсер етпейді, ол тек құбылыс (процесс) құзіреттілігіне тигізер әсердің болашағын ғана анықтайды.

Оның өзекті мәселенің  біріне, фактор әлеуметтік педагогикалық құбылысты дамытушы қозғаушы күшке айналуы үшін нақты жағдайлардың болуы тиіс. 

Әсер ету  деңгейі әр түрлі факторлардың өзара  байланысы, мынадай қарама қайшылықтардың қалыптасуына мүмкіндік береді: 

  • адамның жеке және әлеуметтік әрекетінің арасында (дәл осы қарама қайшылық әлеуметтік педагогика үшін негізгі болып табылады);
  • әлеуметтік педагогикалық әрекет және оны қамтушы теория арасында;
  • қолданыстағы әлеуметтік педагогика мен нақты болуы тиіс түрінің арасында;
  • қарқынды түрде дамушы әлеуметтік педагогикалық тәжірибе мен әлеуметтік педагогикалық кадрлерді даярлаудағы консерватизм арасында; 
  • әлеуметтік педагогикалық әрекет кәсіптілігіне қойылар талап пен кадр даярлаудағы төменгі деңгей арасында;
  • қоғамдық және мемлекеттік әлеуметтік педагогикалық әрекет жүйесі арасында.

Белгілі бір  қарама қайшылықтың болуын бағыттау әлеуметтік педагогиканың беталысын (лат. сөзі tendere – бағытталу, талпыну) сипаттайды. Әлеуметтік педагогикада және оның ғылыми білім беру жиынтығында тенденциялар анықталады. Әлеуметтік педагогикада тұрақты тенденция жиі байқалып, заңдылыққа айналады. Өз табиғатына сай олар анықталу шарттарына қарай үдеріс пен құбылыстың объективті байланысының тұрақты беталысын байқатады

Әлеуметтік  педагогика заңдылықтарының арасында келесі тәуелділіктер байқалады:

  • әлеуметтік педагогиканың қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік саясаты арасындағы өзара әрекеінен;
  • әлеуметтік педагогикалық теорияның әлеуметтік педагогика тәжірибенің даму деңгейінен;   
  • әлеуметтік педагогикалық әрекет сапасы мен тиімділігінің білім берудің барлық деңгейінде сәйкес мамандарды даярлаудың кәсіби сапасынан;
  • қоғамның әлеуметтік дамуы мен халықтың әлеуметтік педагогикалық инфрақұрылымының даму деңгейінен.

Социомәдени ортаның  факторларымен байланыс, топтар, тұлғаның әлеуметтік қалыптасуына, оның әлеуметтенуіне тән құбылыстар мен үдерістердің заңдылықтары аса әсерлі болып келеді.

Кеңістік шектері  – бұл әлеуметтік педагогиканың  кәсіби практикалық әсерін айқындаушы сала. Олар адам топтары мен жеке тұлғаның қалыптасуына әсер етуші әлеуметтік фактормен белгіленеді және мындай әсері болады:

  • федералдық деңгейде – әлеуметтенуге, әлеуметтік тәрбиеге, адамның әлеуметтік қалыптасуына және халық арасындағы әр түрлі топтардың дамуына, әлеуметтік педагогикалық саясатқа, әлеуметтік құқық, экономиканың әлеуметтік педагогикалық аспектілеріне;
  • аймақтық деңгейде – әлеуметтік педагогикалық саясатқа, Федерация субъектілерінің әлеуметтік құқғына, модельдің аймақтық әлеуметтік педагогикалық әрекетіне;
  • территориалық деңгейде –  белгілі территорияның әлеуметтік педагогикалық саласының бағдарламасына; территорияның экономикалық дамуына  әлеуметтік педагогикалық бағытталуына;
  • муниципалдық деігейде –  әлеуметтік педагогикалық қызметтерге, әлеуметтік педагогикалық әрекеттің ұйымдастырылуының муниципалдық моделіне, әлеуметтік педагогикалық бағыталудың экономикалық бағдарламасы;
  • институтционалды деңгейде – социумның нақты инфрақұрылымы институттарының әлеуметтік педагогикалық әрекетінің моделіне;
  • ведомство аралық, институт аралық және ұйымаралық деңгейде – әлеуметтік педагогикалық әрекет қызметінің моделіне.

Информация о работе Әлеуметтік педагогика методологиясы