Әлеуметтік педагогика методологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 18:49, реферат

Описание

Мақалада әлеуметтік педагогиканың әдіснамасының мәні, әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздері мен құрылымы, гносеологиялық және логикалық- гносеологиялық негіздері, әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық білімдерінің технологиялық деңгейі, таным әдіснамасының негіздері және субъект тұрғысынан әлеуметтік педагогикалық болмыстың сапасының бағалау ерекшеліктері, әлеуметтік педагогиканың аксиологиялық негіздері, көзқарастық және әдістемелік негіздері қарастырылады.

Работа состоит из  1 файл

Әлеуметтік педагогика методологиясы.doc

— 135.00 Кб (Скачать документ)

Әлеуметтік педагогиканың  аксиологиялық негіздері – таным құндылығы және әлеуметтік-педагогикалық ақиқат туралы ілім. Олар артықшылықтарды, идеалды, құндылықтарды, мақсаттарды, қағидаларды, нормалар мен ережелерді, сонымен қатар  әлеуметтік педагогика қызметіндегі негізгі білімді көрсететін білімдерден тұрады; адам бағытын әлеуметтік-педагогикалық білімді тасымалдаушы ретінде анықтайды; тириихи, әлеуметтік-педагогикалық сипатта болады.

  Артықшылықтар  мемлекеттің әлеуметтік саясаты  мен қоғамнан және олардың  өзара әрекеттестігіне тәуелді.  Заманауи Ресейде оларға: әлеуметтік  әділеттілік; адамды әлеуметтік  қорғау, соның ішінде бала; тұлға  дамуының әлеуметтік-педагогикалық еру; әлеуметтк-педагогикалық қызметтер; адамның әлеуметтік дербестігі жатады.

 Қазіргі  кезде идеалдар көбінесе РФ Конститутциясымен және басқа да нормативтік құжаттармен анықталады. Олардың негізінде адамды әлеуметтік-педагогикалық қорғау артықшылығы жатыр. Әлеуметтік педагогиканың көптеген идеалдары ұлттық және діни дәстүрлермен, адамға,  балаға, отбасына, отбасылық тәрбиеге, мектепке деген қатынаспен және басқа әлеуметтік-мәдени факторлармен анықталады.

Құндылықтар адамның  қоршаған ортасына оң немесе теріс әсер ететін объектілер мен құбылыстар маңыздылығы және олардың адам тіршілігіне еліктірілгенін анықтайды. Бұл мәдениеттің негізгі элементтерінің бірі. Әлеуметтік-педагогикалық құндылықтар негізіне тұлғалық және мемлекеттік құндылықтар жатады. Олар ұлттық жобалар мен азаматтық қоғам құндылықтарында көрсетілген.    

Қағидалар объективті сипатқа ие, олардың есебі мен негізгі талаптарының орындалуы әлеуметтік-педагогикалық қызметтің сәтті келешегін анықтайды.     

Мақсаттар – мінез-құлықтың бір элементі, саналы қызметтің қозғауыш күші, қызмет нәтижесін ойлау және оған жету жолдары мен тәсілдері, тамаша нәтиженің саналы көрінісі және соған жетуге бағытталған іс-әрекеттер. Әлеуметтік-педагогикалық ақиқатты тану және түрлендіру мақсаттары ерекшеленеді. Таным саласында - бұл себеп-салдар байланыстардың құбылысы; әлеуметтік-педагогикалық құбылыстардың заңдылығы және олардың негізінде теориялық әдістемелерді  дайындау; түрлендіру саласында – тұлғаның мақсатты қалыптасуын үйрету, орта мен адам қатынасын үйлесімдеу. 

  Әлеуметтік нормалар ресми және бейресми сипатта болады, ресми түрде қойылған немесе  әлеуметтік-педагогикалық тәжірибе әсерінен қалыптасқан ұйғарым – қоғамның нақты-тарихи өмір сүру шарттарындағы қоғамдық өзін-өзі ұстау ережелері. Олар индивидтің әрекеттесуінің негізгі шарты болып табылатын тұлғаның топтағы тәртібінің қалыптасқан немесе орнатылған стандарттарын анықтайды. Ресми – бұл заңнамалық акттарда, лауазымдық қызмет нұсқаулықтарында, ережелерде, жарғыларда және басқа ұйымдастырушылық құжаттарда көрсетілген әлеуметтік нормалар. Бейресми – қоғамда қалыптасқан, жазылмаған ережелер түріндегі нормалар. Ережелер жеке сипатта болады.

Әлеуметтік  педагогиканың дүниетанымдық деңгейі – дүниеге деген көзқарастар жүйесі. Ол субъектінің көзқарасын, нанымын, оның әлеуметтік-педагогикалық қызметке деген қатынасын және негізігі өмірлік позициясын, идеалдарын, қағидаларын, құндылықтар ориентациясын анықтайды. Дәл осы дүниетанымдық деңгей көбіне субъектінің әлеуметтік педагогиканың мәнін қалай қабылдайтындығын, оның сәйкес көрінісін не анықтайтындығын айқындайды.     Әлеуметтік педагогиканың әдістік деңгейі танымдық және түрлендіру қызметінің тәсілдерін құрайды. Түрлендіру қызметінің тәсілі нақты педагогикалық технологияны жүзеге асыру бойынша қалыптасқан қызмет тәсілін құрайды: нақты әдістің техникалық тәсілі; жеке бөлімдерді меңгеру бойынша ұсыныстар беретін оқу пәндерін жүргізу үрдісіндегі педагогикалық қызметтің ерекшеліктері.

Әдістерді қолдану  адамды дербес шешімдер қабылдайтын  әрекеттерге тартуға бағытталған; меңгерілгенді игеру; қандай да бір мүмкіндіктерді жетілдіру; білімді, ептілікті қалпына келтіру және дамыту. Әдістің негізгі міндеті объектпен (ада, топ) және болжамдалған мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін әрекеттер сипатымен анықталады. Қамтамасыз ететін міндет – әрекеттер әдісіннің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуға ықпал етеді. Онымен адам санасы мен сезімдеріне әсер ететін әдістер; қызметті ұйымдастыру; әрекеттерді ынталандыру; өзін өзі сендіру, ұйымдастыру, мәжбүрлеу, өзін өзі марапаттау әдістреі анықталады. Осымен қатар, субъективті фактор туралы ұмытпаған жөн, әдісті қолдану субъективтілігі маманмен шартталады; объективті – мақсатқа байланысты әрекеттесетін адам; функционалды – әдісті тағайындау: негізгі және қамтамасыз ететін; пәндік – әдістің қызметтік мүмкіндіктерінің жүзеге асу тәсілі; орталық – әлеуметтік-педагогикалық қызметтің жүзеге асу орны.

Айтылғандарға байланысты әдістердің келесідей топтары  ерекшеленеді: әрекеттер әдісі –  жаттығу, машықтану, ойын әдістері, оқу; әсер ету – сендіру, ақпараттық әдіс; қызметті ұйымдастыру – басқару, қызмет сипатын анықтайтын бақылау әдісі; ынталандыру – мадақтау, жарыс, әрекеттерде белсенділікті жаттықтыратын жағдайлар тудыру.         

Құрал – таңдалған мақсатқа жетуде пайдаланылады. Ол әдісті таңдауда шешуші фактор болуы мүмкін және оның құрал-сайманы ретінде жүреді, әлеуметтік-педагогикалық технологияның негізгі қызмет ету көзін тапқандағы  факторы болып табылады.

  • Педагогикалық үрдіс құралы – маманның әлеуметтік-педагогикалық технологияны ендіру үрдісі кезінде қолданылады; мәдени бос уақыт қызметі; физикалық-спорттық қызмет; қоғамдық жұмыс кезінде қолданылады.
  • Педагогикалық қызмет құралы – маман әлеуметтік-педагогикалық жұмста адамға, топқа әсер ету кезінде қолданады – әдістің құрал-сайманы (сөз, әрекет, мысал, техникалық құралдар)     

Әлеуметтік-педагогикалық  технологияның немесе әдістің ұйымдастырушылық жағын форма анықтайды. Қолдану  саласына байланысты олар мыналарды  айқындайтын формаларға бөлінеді:

  • әлеуметтік педагогика орталығының ұйымдастырушылық тиістілігін: мемлекеттік, ведомстволық, діни, коммерциялық, қоғамды;.
  • әлеуметтік педагогика орталығының қызмет ету міндеті: оқыту, педагогикалық тәрбиелеу, түзету, балаларды, жасөспірімдерді педагогикалық қалпына келтіру;
  • әлеуметтік педагогика орталығының қызмет етуінің ұйымдастырушылық формалары: әріптестік, авторитарлы, гуманитарлы, спорттық;
  • әлеуметтік педагогика орталығының педагогикалық үрдісін қамтитын мазмұндық-ұйымдастырушылық факторлар: оқыту, оқыту-тәрбиелік, қайта тәрбиелеу, спорттық;
  • кеңістік пен уақыттағы педагогикалық әрекеттесу: жалпы, топтық, жеке.

Осылайша, әлеуметтік педагогика әдістемесі әртүрлі деңгейде талдана алады: гносеологиялық, дүниетанымдық, ғылыми жетекшілік, ғылыми- мазмұнды технологиялық, ғылыми-әдістік. Әрбір деңгейде әлеуметтік педагогиканың ір түрлі элементтерін  таным үрдісі жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиет

  1.Загвязинский  В.И.Методология и методика социальная -педагогического исследования: Кн.для  соц. Пед. и соц.работ.-М.,19..

  2.Иванов  А.В и др.Социальная  педагогика:  Учеб. пособ./Под общ. ред.А.В.,,,,,, -М.: Дашков и К ,2010.-С.34-4

  3.Краевский  В. В.,  Бережнова  Е.В. методология  педагогики: новый этап: Уч. пособ.  для студ.выш.учеб.завю-2-е и:М.:Академия,2008.

  4.Никадров  Н. Д. Состав  и структура – методологии социалистической педагогики.-М.,1987.

  5.Философиялық энциклопедялық сөздік..-М.,1983.


Информация о работе Әлеуметтік педагогика методологиясы