Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы мектеп және педагогика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2013 в 20:21, реферат

Описание

Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Кеңес халқы көптен күткен жеңіс жолында барлық қиыншылықтардан мүдірмей өтті. Кеңес мектебінде тәрбиеленген көптеген біздің түлек. Ұлы Отан соғысы майданында ерлікпен, жанқиярлықпен күресіп, тылда ерен еңбектің үлгісін көрсете білді

Работа состоит из  1 файл

Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы мектеп және педагогика.docx

— 33.75 Кб (Скачать документ)

Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы мектеп және педагогика (1946-1958 ж.ж)  26.02.2011, 16:40

Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы мектеп

 

және педагогика (1946-1958 ж.ж)

 

 Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Кеңес халқы көптен күткен жеңіс жолында барлық қиыншылықтардан мүдірмей өтті. Кеңес мектебінде тәрбиеленген көптеген біздің түлек. Ұлы Отан соғысы майданында ерлікпен, жанқиярлықпен күресіп, тылда ерен еңбектің үлгісін көрсете білді.

 

 Соғыстан кейінгі жылдарда республика еңбекшілерінің алдында орасан зор міндеттер тұрды. Ең алдымен, тез арада соғыстың зардаптарын жою, халық шаруашылығы мен мәдениетімізді тез арадан қалпына келтіру, еліміздің экономикалық және мәдени дамуын қамтамасыз ету. Отанымыздың қорғаныс қуатын одан әрі нығайту. Бұл міндеттерді орындауда еліміздің зиялы кадрлары ерекше роль атқарды.

 

 Ұлы Отан соғысында жауды жеңгеннен кейін кеңес халқы соғыстың халық шаруашылығына келтірген зиянын қайдан қалпына келтіруге ерекше өрлеу жағдайында жігерлене кірісті.

 

1946-1950 ж.ж арналған халық шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту туралы соғыстан кейінгі бесжылдық жоспарда соғыс кезінде қираған мектеп үйлерін тек ғана құрылыстар салу, мектептердің жүйелерін одан әрі дамыту, балаларды міндетті жетіжылдық оқытумен толық қамту үшін соған сәйкес жағдайлар жасау және орта мектептердің жоғары сыныптарында оқитындардың санын 31,8 млн.адамға жеткізу көзделді.

 

Соғыс жылдарында қиратылған мектептерді қалпына келтіру және жаңа мектеп үйлерін салуда, олар үшін оқу-шығармашылық жабдықтарын даярлауда мектептерді қамқорлыққа алған өндірістік мекемелер белсене қатысты, ал ауылдық жерлерде – кеңшарлар мен ұжымшарлар, сонымен қатар еңбекшілердің өкілдері мұғалімдер, мектеп оқушылар кеңінен қатыстырылды.

 

Осындай шараларды іске асырудың нәтижесінде 1949 ж.жалпыға бірдей міндетті жетіжылдық білім беруді барлық жерде енгізу үшін толықтай мүмкіншілігі жасалды. Партияның ХІХ съезі халық шаруашылығын дамытудың 1951-1955 жж. арналған бесжылдық жоспарында төмендегі міндеттерді қойды: жалпыға бірдей жетіжылдық білім беруден жалпыға бірдей орта білім беруге көшуді аяқтау (республика орталықтарында, республикаға, облыстық, өлкелік және ірі өндіріс орталықтарында). Өткен бесжылдықпен салыстырғанда съез қалалық және ауылдық мектептер үшін мектеп үйлерінің құрылысын 70 пайызға арттыруды белгіледі. Осының нәтижесінде бұл жылдары біршама жетіжылдық мектептердің жүйесі артты, сонымен қатар орта мектептердің әсіресе ауыл мектептерінің жүйесі өсті.

 

1955-56 оқу жылы ауылдық жерлерде еліміздің орта мектептерінің жалпы санының жартысынан астамы орналасты. 1959-1960 оқу жылы жалпы білім беретін мектептерде 33361 мың, ал 1964-1965 оқу жылында – 46700 мың адам оқыды. 1964 жылы сегіз жылдық мектепті 4 млн.адам бітірді, орта білім беретін мектепті – 1 млн 400 мың адам тамамдады. Соңғы 5 жылда 7 мыңнан астам жаңа сегізжылдық мектептер ашылды. Жалпыға бірдей міндетті білім беруді іске асыруда ерекше жетістіктерге қарамастан, ауылдық мектептердің әлі де көптеген мектеп жасындағы балалар оқытумен қамтылмаған.

 

Ұлы Отан соғысына дейінгі қалыптасқан халыққа білім беру жүйесі, оның ішінде жалпы білім беретін орта мектептің құрылысы соғыстан кейінгі жылдарда да ешқандай елеулі өзгеріссіз сақталды. Директивтік құжаттарда айтылғандай, мектептің жұмысында кейбір өмірмен, тәжірибемен байланыс болмады, оқытудың сөздік сипаты берік орын тепті.

 

Партияның ХІХ съезі өзінің шешімдерінде жалпы білім беретін политехникалық мектепті құрудың қажеттігін атап көрсетті, бірақ ол партияның ХХ съезінде де күн тәртібіне қойылғанмен, бұл шешімдер іске асырылмады. 1956-1960 жж.арналған халық шаруашылығын дамытудың жоспарында жалпы білім беретін мектепте политехникалық оқытуды одан әрі дамытудың міндеттері қойылды.

 

50-жылдары орта мектептің жоғары мынып оқушыларының саны біршама артты. Егер де 1950-1951 оқу жылында ҮІІІ-Х сыныптарда 2 млн.адам оқыса, 1955-56 оқу жылында олардың саны 6 млн.адамға жетті. Орта мектептердің санының өсуіне байланысты пән мұғалімдерінің қажеттілігі артты. Егер де 1950-51 оқу жылында олардың саны 1330 мың болса, ал 1958-59 оқу жылында олар 1813 мың адамға жетті.

 

50-жылдардың екінші жартысында, ХХ съезден кейін оның шешімдеріне сәйкес оқу орындарының жаңа түрлері мектеп-интернаттар ашылды, оларға негізінен жалғыз басты аналардың, еңбек және соғыс ардагерлерінің, сонымен қатар жанұясында бала тәрбиелеуге қажетті жағдайы жоқардың балалары қабылданды. Соғыстан кейінгі жылдарда мектептің өмірімен байланысына, оның ішінде мектептегі политехникалық оқытуға ерекше мән берілді. Мәселен, 1954-55 оқу жылынан бастап, РСФСР мектептерінде оқу жоспарына төмендегі пәндер енгізілді: І-ІҮ сыныптарда – еңбек, Ү-ҮІІ сыныптарда – шеберханадағы және оқу-тәжірибе алаңдарындағы практикалық сабақтар, ҮІІІ-Х сыныптарда машинатану, электротехника және ауыл шаруашылығынан практикумдар. Осындай пәндер одақтас республикалардың мектеп бағдарламаларына да енгізілді. Оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбекке баулудың өте қажетті түрлерінің бірі оқушылардың өндірістік бригадаларын ұйымдастыру болып табылады. Алғашқы рет осындай бригадалар 1955 ж. Ставрополь өлкесінде ұйымдасты, ал содан кейін басқа облыстар мен республикада кең өріс алды.

 

40-жылдардың аяғы мен 50-жылдардың бас кезінде педагогика ғылымы мектептің оқу-тәрбие жұмысының идеялық-саяси деңгейін арттыру мәселелерін зерттеуге және практикалық іс-әрекетке оқушыларды даярлауға ерекше мән берді. Бұл кезеңде педагогика теориясы мен тарихынан монографиялар мен оқулықтар жарық көрді: Н.К.Гончаровтың "Педагогика негіздері” (1947), И.А.Кайровтың педагогикалық институттар мен универсиеттерге арналған "Педагогика” оқулықтар (1948), И.Т.Огородников пен П.Н.Шимбиревтің "Педагогика” оқулығы (1950), Б.П.Есипов пен Н.К.Гончаровтың педагогикалық училищелерге арналған "Педагогика” оқулығы (1950).

 

Партияның ХХ съезі (1956) педагогика ғылымының алдына көптеген жаңа өзекті мәселелерді қойды және мектептің оқу-тәрбие жұмысының деңгейін арттыру, политехникалық білім беруді дамыту, мектептің өмірден алшақтығын жоюдың қажеттігін атап көрсетті.

 

Осыған байланысты Педагогикалық ғылымдар академиясының және педагогикалық институттардың педагогикалық кафедрасының ғылыми бағыты мектептердің өзекті мәселелерін зерттеуге біріктірілді: орта мектептегі жалпы және политехникалық білім беруді оқытуды ұйымдастыру және әдістері, мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ғылыми негіздері, балалардың жас және дара ерекшеліктерін ғылыми жаратылыстану және психологиялық тұрғыдан зерттеу. 50-жылдардың аяғында мектептегі білім берудің мазмұнын жетілдірудің жолдарын теориялық және экспериментальдық ізденістер басталды. Осыған байланысты жан-жақты мәселелер зерттелді: білім берудің мазмұнының, ғылымның, техниканың және мәдениеттің деңгейі мен сипатына тәуелділігі, жас өспірімдерді тәрбиелеу мен білім беруге қойылатын жаңа талаптар; оқушылардың оқытудың әртүрлі тәрбие жұмысының бағдарламаларын құрудың қағидалары және т.б.

 

Педагог-теоретиктер 7-10 жастағы балалардың бастауыш мектепте оқыту үрдісінде жалпы дамуының мәселелері зерттелді.

 

Профессор Л.В.Занковтың басшылығымен "Оқыту және даму” атты өте күрделі және болашағы зор мәселе бастап зерттеліне бастады, сонымен қатар орыс тілі және арифметиканы оқыту мәселелері, алты жасар балалардың сауат ашу, санау, жазу дағдыларын қалыптастыруда тәжірибе жұмыстары жүргізілді.

 

Қарастырып отырылған кезеңде педагогика тарихынан зерттеу жұмыстары кеңінен жүргізіле бастады. Оның нәтижесінде педагогикалық институттарға арналған "Педагогика тарихы” (1955) оқу құралы жарық көрді. Сонымен қатар Е.Н.Медынскийдің "Украина мен Белоруссиядағы ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Туысқан мектептері” (1954), Н.А.Константинов және В.Я.Струминскийдің "Ресейдегі бастауыш білім берудің тарихы очерктері” (1949), М.Ф.Шабаеваның "Орыс прогрессивті – демократиялық, педагогикасының қалыптасу тарихынан” (1951), Н.А.Константинов және Е.Н.Медынскийдің "РСФСР кеңес мектебі тарихының очерктері” (1948) және т.б.

 

Аса көрнекті орыс педагогтары К.Д.Ушинскийдің, Д.Д.Семеновтың, В.Я.Стоюниннің, В.И.Водовозовтың, Н.И.Пироговтың, Л.Н.Толстойдың, П.Ф.Лесгафтының еңбектері кеңестік тарихи-педагогика ғылымын байытты.

 

 

 

Жалпыға бірдей орта білім беруді жүзеге асыру.

 

1958 жылы 24 қыркүйекте СССР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған "Мектептің өмірмен байланысын нығайту және СССР-де халық ағарту жүйесін одан әрі дамыту туралы” заң жалпыға бірдей міндетті сегіз білім беруді енгізу туралы шешім қабылдады. 1962 – 1963 оқу жылы барлық жетіжылдық мектептер сегіз жылдық мектептерге айналды. Халық ағарту органдары мектеп жүйесін қайта құруды және педагогикалық кадрларды орналастыруда біршама жұмыстар атқарды.

 

ХХІІ съезде қабылданған партия бағдарламасында бүкіл кеңес халқының мәдени деңгейі мен ғылыми білім беруді арттыру мақсатында жалпыға бірдей орта білім берудің қажеттігін жариялады. Бұл талаптар 10 қараша 1966 жылы қабылданған "Жалпы білім беретін орта мектептің жұмысын одан әрі жақсарту шаралары туралы”қаулысында көрініс тапты. Бұл қаулыда мектептердің материалдық-техникалық бағасын нығайту үшін ынталандыратын шараларды белгіледі (мектеп құрылысы, оқу жабыдықтары, мектеп жиһаздарын және оқу құралдарын шығару, мектеп бөлмелері мен зертханаларды жабдықтау және т.б.) Бұл шешімдерді іске асыруда негізгі ұйымдастыру шараларының ішінде РСФСР Педагогикалық ғылымдар академиясын СССР Педагогикалық ғылымдар академиясына айналдыру және одақтық-республикалық министрлікті құру болды.

 

Бастауыш мектепте төртжылдықтан алынатын білімнің деңгейін түсірместен үшжылдық бастауыш оқытуға көшу іске асырылды.

 

Жетіжылдық толық емес орта мектеп сегізжылдық жаппай міндетті оқытуға айналды.

 

Сегізжылдық мектеп оқушыларды ғылыми білімнің, ептіліктің және дағдының жан-жақты көлемімен қаруландыру және олардың жан-жақты даму мүмкіншілігін қамтамасыз ету болып табысады. Ол шәкірттерді толық орта мектепте білімін жалғастыруға даярлайды және сонымен қатар болашақ еңбек іс-әрекетіне дайындық береді. Оқушылар жалпы білім алумен қатар, политехникалық даярлықты алады, техника саласында кейбір мәліметтер алады, қарапайым жалпы техникалық дағдыларды және еңбектің элементарлық мәдениетін меңгерді.

 

Сонымен, сегізжылдық мектепті бітіргендер төмендегі оқу орындарында орта білімді жалғастыра алады:

 

1) Жалпы білім беретін  толық орта мектептерде (ІХ-Х сыныптар оның ішінде кейбір пәндерді тереңдете оқытумен).

 

2) 3-4 жылдық оқу мерзімді техникумдарда олар жалпы білім беретін даярықты және техник мамандығын алып шығады.

 

3) кәсіби және жалпы білім беретін даярлықты ұштастыратын кәсіптік-техникалық училищелерде

 

4) жұмысшы және ауыл жастары мектептерінде өндірісте жұмыс істейтін жастар оқиды.

 

Ғылым мен техниканың дамуының өскелең деңгейі, әрбір оқушыға оның қабілеттілігі мен қызығуын дамытуда жағдайды жасаудың қажеттілігі орта мектептің ІХ-Х сыныптарында даралап оқытуды енгізу туралы мәселе қойылды. Кейбір мектептерде жекеленген пәндерді тереңдетіп оқыту енгізілді.

 

Мектеп туралы заң бойынша елімізде халыққа білім беру жүйесінің жалпы білім беретін мектептің жаңа құрылымы қалыптасты. Елімізде толық жалпы орта білім алу үшін онбіржылдық мерзім енгізілді орта білім беру екі кезеңге бөлінді. Бірінші кезеңде балалар 7-ден 15-16 жасқа дейін сегізжылдық жалпы білім беретін еңбек политехникалық мектепте толық емес орта білім алады. Сегізжылдық мектептегі білім беру белгілі дәрежеде аяқталған сипатқа ие.

 

Екінші кезеңінде 15-16 жастан бастап, жастар толық орта білім алады және бірінші кезеңнен айырмашылығы бір ғана мектепте емес, мектептердің бірнеше түрінде білім алады:

 

а) жұмысшы және ауыл жастарының кешкі (кезекті) орта жалпы білім беретін мектептері (3 жылдық оқу мерзімі);

 

ә) өндірістік оқытумен орта жалпы білім беретін еңбек политехникалық мектептерде. Онда сегізжылдық мектептерді бітіргендер 3 жыл ішінде толық орта білім мен кәсіби даярлық алады.

 

б) техникумдарда және орта арнаулы оқу орындарында онда жалпы орта және арнаулы орта білім алады.

 

Мектеп туралы заң мектеп-интернаттарды одан әрі жетілдіру және қалалық және ауылдық жерлерде ұзартылған күн мектептері мен топтарын құру қарастырылған.

 

Арнаулы білім беру жүйесіне төмендегідей өзгерістер енгізілді: фабрика-зауыт оқыту мектептері, кәсіптік-техникалық мектептер, фабрика-зауыт оқушыларының мектептері және басқа да кәсіптік оқу орындары күндізгі және кешкі қалалық кәсіптік-техникалық училищелерге және ауылдық кәсіптік-техникалық училищелерге айналды. Кәсіптік-техникалық училищелер өз жұмысын сегізжылдық мектептердің негізінде құрды.

 

Жалпыға бірдей орта білімді іске асыру-кеңес үкіметінің ерекше жетістіктерінің бірі: Қоғамның әрбір мүшесіне жалпы және кәсіптік орта білім берумен қамтамасыз ету үшін жалпы білім беретін мектептің негізгі буыны білім беру жүйесінде ерекше орын алатын сегізжылдық мектепті нығайту қажет. Сегізжылдық мектептің алдына жеткіншектерді ғылым негіздері мен берік қаруландыру, олардың жалпы еңбек ептіліктері мен дағдыларын меңгеру, көзқарасы мен дүниетанымын, сенімдерін қалыптастыру бейімділіктері мен қабілеттіліктерін анықтау және дамыту. Сонымен, барлық жастардың жалпы орта және кәсіптік білім алу үшін берік негіз қаланды.

 

Мектептердің оқу-материалдық базасын нығайтуда 60 жылдары және 70 жылдардың басында алынған шаралар, атап айтқанда, оқытудың сапасын арттыру, осының негізінде екінші жылға қалушылықты болдырмау жағымды нәтижелер берді. Жалпы орта білім беруге көшу сегізжылдық мектепке талаптарды күшейтті, себебі оның түлектерін даярлаудың сапасына білім берудің кейінгі сатыларында жастарды оқытудың жетістігі тәуелді болып табылады.

 

60-жылдардың аяғы мен 70-жылдардың бас кезінде сегізжылдықты бітіргендердің көбі өз білімдерін жалғастырғандығы өте қажет болды. 1970 жылы, мысалы, сегіз жылдықты бітірген түлектердің жалпы санының орта мектептің ІХ сыныбына 2555,7 мың адам түсті (60,2 пайыз), күндізгі орта арнаулы оқу орындарына – 495 мың (11,7 пайыз), орта кәсіптік-техникалық училищелерге – 99,5 мың (2,3 пайыз), орта білім бермейтін кәіптік-техникалық оқу орындарына – 552 мың (13 пайыз), сыртқы және кешкі мектептердің, сырттай арнаулы оқу орындарының – 305,8 мың (7,2 пайыз)

Информация о работе Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы мектеп және педагогика