Егде адамдарға медициналық қызмет көрсету және оларға күтім жасау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 16:40, реферат

Описание

Қартаю проблемалары жөніндегі Вена халықаралық жоспарының 2 ұсынымына сәйкес егде адамдар туралы қамқорлық физикалық, психикалық, әлеуметтік, рухани факторлардың, сондай-ақ қоршаған орта факторларының арасындағы өзара байланысты назарға ала отырып, олардың жалпы хал-ауқатын қамтамасыз етуді болжайды. Сондықтан денсаулық туралы қамқорлық медициналық және әлеуметтік секторларды қамтуы тиіс.

Работа состоит из  1 файл

Егде адамдар.docx

— 415.66 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасында 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша  қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған 9 мемлекеттік емес интернат-үй жұмыс істейді.

Жеке меншік интернат-үйлерін кәсіпорындар, ұйымдар мен Қазақстан Республикасының азаматтары құра алады, олар, мемлекеттік интернат-үйлер секілді, медициналық қызметке лицензия алулары және әділет органдарынан тіркеуден өтулері тиіс. Адамдарды қабылдау уәкілетті органның жолдамасын қоспағанда мемлекеттік мекемеге қаылдауға арналған құжаттарға ұқсас құжаттар тізімі негізінде жүзеге асырылады. Ғимараттар жиынтығын ұстау шарттары мен талаптары Үлгі ережелерде белгіленген. Интернат-үйдің құрылтайшысы Ішкі тәртіп ережесін бекітеді және интернат-үйдің директорын тағайындайды. Қарттарға арналған жеке меншік интернат-үйге қабылданушылар әкімшімен тұру шарттары, тараптардың құқықтары мен міндеттері, қамқорлыққа алынушыларға көрсетілетін қызметтер, тамақтану мәселесі, сондай-ақ тұрғаны үшін мекемелег төлейтін баға көрсетілетін шарт жасауы қажет. Бағаны құрылтайшы өзі белгілейді немесе екі тараптың келісімі арқылы белгіленеді. Мысалы, Алматы облысы Қарасай ауданында орнласқан жеке меншік пансионатта тұру ақысы айына 20 мың теңгені, Алматы қаласындағы «Мирный» пансионатында – 30 мың теңгені құрайды. Жеке меншік пансионаттарда тәулік бойы медициналық қызмет көрсетіледі, төрт мезгіл тамақтандырады, ауруға қарайтын кіші қызметкер қызметі, көп жағдайда, өте жоғары тұрмыстық қызметтер көрсетіледі. Ақмола облысында үйдегі жағдайға барынша бейімделген тұрушылар саны 8-ден 50-ге дейін 7 әлеуметтің интернат-үй жұмыс істейді. Бұл мекемелер ішінара облыс бюджетінен, ішінара онда тұратын егде адамдардың ақшалай қаражаты есебінен қаржыландырылады.

Жеке меншік интернат-үйлер Үлгі ережелер мен ГОСТ қабылданғанға дейін Қазақстан Республикасының құқықтық өрісінен тыс әрекет етті және оларды тексеру тек қамқорлыққа алынушылардың шағымдары бойынша ғана жүргізілді. Бұл ретте тексеруді прокуратура органдары жүргізді, ал әлеуметтік қорғау саласындағы органдар жеке меншік интернат-үйлерде тұратын қарттар мен мүгедектердің құқықтары мен мүдделерінің бұзылуы туралы ақпараттардан хабардар бола түрып, олардың құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдамады. Әлеуметтік өорғау органдарының әрекетсіздігіне бу қазандарының жарылуына байланысты қыста интернат-үйде жылу болмаған Қарағанды облысы Сарани қаласы Ақтас ауылындағы қарттар мен мүгедектерге арналған «Намыс» жеке меншік пансионатындағы (бұдан әрі – «Намыс» пансионаты) жағдай мысал бола алады.

Өзінің әрекетсіздігін жергілікті әлеуметтік қорғау басқармасы қарттарға арналған жеке меншік интернат-үйлерді реттейтін нормативтік құқықтық базаның жоқтығына негіздеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысымен бекітілген ережеге сәйкес ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді, өз құзыреті шегінде әлеуметтік нормативтер мен стандарттарды, оларды есепке алу әдістемесін әзірлеуді және бекітуді жүзеге асырады, сондай-ақ халықты әлеуметтік қорғау туралы заңнаманы сақтауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Алайда, бұл функция толығымен іске асырылмайды.

Кейбір жеке меншік интернат-үйлер өз жұмысын 2000 жылдан бастағанын ескерсек, ЕХӘҚМ қарттар мен мүгедектерге арналған жеке меншік интернат-үйлердің болуы мүмкіндігін болжай отырып, олардың қызметін реттейтін құжатты дер кезінде әзірлеуге күш салмады. Бұған қоса, Қарттар мен жалпы түрдегі мүгедектерге арналған интернат-үйлер туралы ереженің 2-тармағына сәйкес интернат-үй ерекше мемлекеттік меншікте болуы тиістігіне байланысты, ЕХӘҚМ-нің 2005 жылғы 13 қазанға дейін қолданыста болған 1997 жылғы 13 тамыздағы № 134-б бұйрығымен олардың қызметі заңсыз болып табылды.

Мемлекеттік органдар тек қарттарға және тек мүгедектерге арналған интернат-үйлердің негіздемесі мәселесін қарастырмайды, ал жас мүгедектер жасы бойынша мүгедектер мен қарттардан бөлек ұсталды.

Қазақстан Республикасында  интернат-үйлер аралас түрде болып келеді, яғни қарт және жас мүгедектер бір ғимаратта, бірақ әртүрлі бөлімдерде ұсталады. Еңбек терапиясы бір цехта өтеді, қорғауға алынушылар қарым-қатынас тапшылығын бастан кешіреді, мүгедек болып табылатын қорғауға алынушылар қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерге 18 жасынан бастап қабылданады да, өмірінің соңына дейін сонда тұратын бұл жағдайды теріс көреді. Сонымен бірге егде адамдар интернат-үйлерге қартайған шақта ғана қабылданады. Бала жастағы мүгедектер мен ауру не жасына қарай мүгедек болған қарттардың, сондай-ақ қарапайым қарттардың ділі (менталитеті), психологиялық бейімділігі мен қабылдаулары әртүрлі. Бейімделу проблемаларын, жүйке-психологиялық ынтаны, жүйкенің қажуын бастан өткізе отырып, түрлі жас санатында бола отырып және ұрпақтар арасындағы қақтығыстардан өте отырып, олар бір-біріне жағымсыз ықпал етеді.

Осыған байланысты көптеген шет мемлекеттердің әлеуметтік саясаты қарттарға арналған интернат-үйлерге жастарды және керісінше орналастырылуы мүмкін болмайтын, халықтың бұл санаттарын бөлек ұстау қағидасына бағытталғандығын атап өту қажет.

Еуропа елдерінде  еңбекке қабілетсіз адамдарға арналған үйлерде негізінде ұзақ мерзімдік  күтімді қажет ететін қарттар тұрады, олардың орташа жасы – 84 жас. Олардың көп бөлігін ешқашан некеге тұрмаған және балалары жоқ әйелдер құрайды. АҚШ-тағы еңбекке қабілетсіз адамдарға арналған үйлердің көп бөлігі (80%) оларды иеленуші жеке меншік иелеріне қорғауға алынушылардың олардың қызметіне төлемдері, демеушілердің көмегі және мемлекеттік демеуқаржы есебінен табыстар әкеледі. Мемлекет лицензия береді және нормативтердің оларда белгіленген шарттарына сәйкестігін бақылауға алады. Нормативтер федералдық сипатқа ие, яғни олар мұндай үлгідегі мекемелердің барлығына да міндетті. Үйлердің көп бөлігі коммерциялық емес сипатқа ие және түрлі қайырымдылық және діни ұйымдарға немесе мемлекетке тиесілі. АҚШ-тың барлық (көбінесе – протестанттық, католиктік және иудалық) конфессияларының өз қайырымдылық ұйымдары, оның ішінде қарттарға арналған үйлері бар. Қорғауға алынушылар бір дінді ұстанушылар ғана емес, басқа да діни қоғамдарға жататын адамдар да болып табылады. Бұл ұйымдардың штатында еріктілер өте көп.

Испания мен  Грецияда да жас мүгедектер жалғысбасты  қарттар мен қарт мүгедектерге арналған интернат-үйлерге орналастырылмайды, олар бөлек қауымда өмір сүреді. Сонымен бірге бұл елдерде 15-20 адамға арналған қайырымдылық қорлары мен жеке адамдар ашқан кішігірім интернаттар құру кеңінен тараған.

Данияда 2002 жылдан бастап қарттарға арналған интернаттар  салынбайды, бұлардың орнына егде адамдардың қажеттіліктеріне бейімдендірілген жеке тұрғын-үйлер салынады. Олар қарапайым үйлерде орналастырылуы немесе жеке салынуы мүмкін. Қарттарға арналған кейбір үйлер жеке пәтерлері бар үйлерге қайта жабдықталған және «егде азаматтарға арналған орталықтар» деп аталады.

Қазақстан да бұл  процеске біртіндеп қосылуда. Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30қарашадағы № 1241 қаулысымен бекітілген Қазақстан  Республикасында әлеуметтік реформаны  одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерді ірілендіру, аз орынды үйлер ашу және арнайы мамандандырылған тұрақты мекемелер ашу көзделген.

Мемлекеттік интернат-үйлерде қорғауға алынғандардың тұруы мониторингінің нәтижелері олардың қызметін басқару және ұйымдастыру тұжырымдамасы жетілдіруді қажет ететіндігін көрсетеді. Қызметтің қабылданған әдістемесі қазіргі сатыдан алшақ қалып барады және дамыған шет елдердің тәжірибелерін назарға алмайды. Мысалы, Қызылорда қаласындағы қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйінің «Қайырымдылық үйі» деген атауының өзі мүгедектік және қарттар проблемасына деген көзқарастың қандай екендігін, яғни мүмкіндіктері шектеулі адамдар қайырымдылық объектісі ретінде ғана қаралатындығын көрсетеді. Мұндай тәжірибе қарттар мен мүгедектерді кірме топтарға бөліп тастайды, олардың оқшаулануына ықпал етеді.

Интернат-үйлерді  түрлеріне қарай  топтастыру қажет, себебі қазіргі интернат-үйлердің жүйесі қоғамға ақтауға және ендіруге ықпал етіп қана қоймайды, керісінше жеке адамды деградацияға алып келеді (қарттарға арналған интернат-үйлер, жас мүгедектерге арналған интернат-үйлер). Бұл ретте интернат-үйлер туралы ережеде олардың бір түрге ғана жататындығын көздеу қажет. Интернат-үйлер туралы ереже қабылдау заңнама актілеріне өзгерістер енгізудің алдында болуы тиіс. Заңдарға өзгерістер мен толықтырулар қабылдаумен бірге кәсіби мамандармен: дәрігерлермен, құрылысшылармен, ақтап алу шараларын дұрыс ұйымдастыруға ықпал ететін жобалаушылармен келісілген нормативтік-техникалық құжаттар қабылдау қажет. Яғни, медициналық қызмет көрсетуді, оқытуды, еңбек пен демалысты ұйымдастыруды, тынығуды, бөлмелерді жоспарлауды, спорт залдарын және т.б. ұйымдастыру және нысанын белгілеу.

Интернат-үйлердің қызмет ету жүйесінің сипаты қоғамға  толық ашық еместігін атап өту  қажет. Әкімшілік көбінесе мүгедектер мен қарттар проблемасымен айналысатын ұлттық және халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық жасамайды. Бұған қоса, қоғамдық ұйым өкілдерінің әлеуметтік мекемелерді аралауы онда тұратын адамдардың құқықтарының сақталуын бақылаудың негізгі тиімді тәсілі болып табылады. Сонымен бірге интернат-үйлердің әкімшіліктері интернат мекемелерінің қызметін жетілдіру мақсатында немесе қамқорлыққа алынған адамдарды ұстау жағдайларын жақсарту мәселелері бойынша жергілікті, өңірлік деңгейдегі жобаларды, бағдарламаларды жүргізуді үйымдастырмайды.

а) Тұрғын-үй жағдайы

БҰҰ Бас Ассамблеясының 1991 жылғы 16 желтоқсандағы 46/91 қарарымен  қабылданған егде адамдарға қатысты  БҰҰ Қағидаларына сәйкес егде адамдар  қауіпсіз болып табылатын және жеке әдеттері мен өзгеретін мүмкіндіктері  ескеріле отырып бейімделуі мүмкін жағдайда өмір сүру мүмкіндігін иеленулері тиіс.

Қарттарға арналған интернат-үйлеріне дамыған елдерде қойылатын талаптардан ғимараттың безендірілуінде мыналарға кепілдік берілуі тиіс:

  • қамқорлыққа алынушылардың тәуелсіздігі мен қауіпсіздігі (құлауды, еңбекке қабілетсіздікті және сенсорлық қабілеттіліктерінің төмендеуін болдырмау);
  • психологиялық тепе-теңдікке және қауіпсіздікке қол жеткізу (кеңістіктен адасудың орнын толтыра алатын және ішкі әлеммен және табиғатпен байланысты оятатын белгілі бір кеңістік);
  • жеке өмірге құрмет;
  • персоналдың функцияларын іске асыру үшін оның жұмысын жеңілдету.

Үлгі ережелерге сәйкес Қазақстан Республикасында  интернат-үйлер оған кедергісіз қол жеткізуді, өмір сүру қолайлылығын, ғимараттың ішінде қозғалып жүруді, сауықтыру және көңіл көтеру іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында арнайы бейімделген құралдармен жабдықталуы тиіс. Интернат-үйдің құрылтайшысы қазіргі техникалық жарықтандыруды қамтамасыз етуі тиіс. Қамқорлыққа алынушылар бөлмелерге денсаулық жағдайлары, жынысы мен жеке мүдделері есепке алына отырып орналастырылуы тиіс.

Үлгі ережелерге сәйкес МӘҰ ғимараттары ішіндегі бөлмелер көлемі, орналасуы және кескіні  бойынша сапалы әлеуметтік қызмет көрсетуді  қамтамасыз етуі тиіс. Алайда ЕХӘҚМ  әрбір қамқорлыққа алынушының тұруына арналған шаршы орын санының нормативтерін әзірлемеген.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша 2005 жылы қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлеріндегі қамқорлыққа алынушылардың тұрғын алаңының орташа көлемі 8,5 шаршы метрді құраған.

Интернат-үйлердің көбісінде қамқорлыққа алынушылар жынысына, жасына, қозғалу мүмкіндіктеріне сәйкес орналастырылған. Ал Жезқазған интернат-үйінде прокуратура органдары мүгедектер мен психикалық аурулардың қысылысты жағдайда бірге орналастырылғандығын анықтады. Сеймей интернат-үйінде Үлгі ереженің қамқорлыққа алынушыларды бөлімдер мен бөлмелерге денсаулығын, жынысын, жеке мүдделерін ескере отырып орналастыру туралы 18-тармағының талаптары сақталмайды. Бұл сәйкессіздік тұратын орындардың жетіспеушілігінен туындаған. Адамдарды мекемелерге жалпы қайта қоныстандыру орын алуда.

Интернат-үйлерде тұратын жұбайларға бірге тұру үшін оқшауланған жеке бөлме бөлінуі тиіс, осыған байланысты барлық интернат-үйлерде мүмкіндіктері шектеулі адамдардың Мүгедектерге тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандартты ережелерінің 9-ережесінде және БҰҰ-ның егде адамдарға қатысты қағидаларында көзделген жеке бостандықтары мен отбасылық өмірі құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ететін отбасы жұптарының бірге тұруына рұқсат етілген.

Отандық интернат-үйлердегі  ұнамды сипаттарына олардың көбісі өсімдіктермен қоршалғандығын жатқызуға болады, қамқорлыққа алынушылардың серуендеу мүмкіндіктері бар. Семей қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған № 3 интернат-үйі ауласында отырғызылған өсімдіктердің арқасында 2002 жылғы сәуір айында Американың «Каунтерпарт Консорциум» кампаниясының «Жасыл үй» жобасы бойынша грантты ұтып алды. Аумақтың көлемі үлкен, онда қамқорлыққа алынушылар жыл сайын өздеріне көкөністер, жемістер өсіретін бау-бақша бар. 2005 жылы мұнда Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 60-жылдығына арналған Даңқ аллеясы ашылды. Бұдан басқа, қамқорлыққа алынған қарттар мен мүгедектер гүлдердің түрлі сорттарын өсіреді, көрмелер ұйымдастырады және қалалық гүлдер көрмесінің үздік жобасы конкурсына қатысады.

Мекемелердің  көбісінде бөлмелер тұрақты желдетіледі.

1) Интернат-үйлері ғимараттарының жай-күйі

Интернат-үйлердің көбісі осыдан 30-40 жыл бұрын салынғандығын атап өту қажет. Астана қаласында интернат-үйі 1965 жылы, Семейде – 1970 жылы, Оралда – 1965 жылы, Ақмола облысында – 1963 жылы, Павлодар облысында – 1974 жылы салынған.

Павлодар облысындағы  қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйін аранлау кезінде әйелдер бөлімінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатты. Бұл интернат-үйде жөндеу жұмыстары соңғы рет 7 жыл бұрын жасалған екен. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге бар жоғы 10 млн. теңге бөлінген, оның 4 млн. теңгесі электромонтаждық жұмыстарға жұмсалған. Тұрғын жайлардың есіктері мен жапсарларын ауыстыру жұмыстары жүргізілген.

Информация о работе Егде адамдарға медициналық қызмет көрсету және оларға күтім жасау