Егде адамдарға медициналық қызмет көрсету және оларға күтім жасау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 16:40, реферат

Описание

Қартаю проблемалары жөніндегі Вена халықаралық жоспарының 2 ұсынымына сәйкес егде адамдар туралы қамқорлық физикалық, психикалық, әлеуметтік, рухани факторлардың, сондай-ақ қоршаған орта факторларының арасындағы өзара байланысты назарға ала отырып, олардың жалпы хал-ауқатын қамтамасыз етуді болжайды. Сондықтан денсаулық туралы қамқорлық медициналық және әлеуметтік секторларды қамтуы тиіс.

Работа состоит из  1 файл

Егде адамдар.docx

— 415.66 Кб (Скачать документ)

Негізгі » Құжаттар мен баспада жарық көрген материалдар » Жарияланымдар » Арнайы баяндамалар » Доклад Уполномоченного по правам человека в Республике Казахстан "О соблюдении прав пожилых людей в Республике Казахстан" (kz)

2.2.1. Қарттар мен мүгедектерге  арналған интернат-үйлер
Версия  для печати
 
 

  

БҰҰ-ның егде адамдарға қатысты 1-қағидасынан шығатын, егде адамдар оларға қоғам тарапынан қолдау көрсету, кіріс қамтамасыз ету арқылы азық-түлік, су, тұрғын-үй және медициналық қызмет көрсету талаптарына сәйкес қол жетімділікке ие болу тиіс.

Қарттар мен  мүгедектерге арналған интернат-үйлері бүгінде қарттарға қамқорлықты жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелердің кең тараған түрі болып табылады.

Қарттар мен  мүгедектерге арналған интернат-үйлердің қызметін Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушысының 2005 жылғы 1 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген Қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетулердің үлгі ережелері (бұдан әрі – Үлгі ереже), 2005 жылғы 1 желтоқсанда қабылданған «Мүгедектер мен қарттарды үйде әлеуметтік көмек бөлімшелерінде, аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында, мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік қызмет көрсету» 1457-2005 ҚР ГОСТ (бұдан әрі – ГОСТ) реттейді.

Қарттар мен  жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған интернат-үйі денсаулық жағдайына байланысты тұрақты күтімді, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуді, әлеуметтік-еңбекке бейімделуді қажет ететін қарттар мен 1, 2-топтағы мүгедекердің уақытша немесе тұрақты тұруына арналған медициналық-әлеуметтік мекеме болып табылады. Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйінің қызметін басқаруды облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы жүзеге асырады.

Интернат-үйге жақын, кәмелетке толған, еңбекке қабілетті туыстары жоқ, заң бойынша оларды асырау және қамқорлыққа алу міндетті, сондай-ақ объективтік себептерге (жасының егделігіне байланысты, бірінші, екінші топтағы мүгедек, онкологиялық, психиатриялық ауру, бас бостандығынан айыру орындарындағы немесе шетелге тұрақты тұру үшін көшіп кеткен) байланысты оларға тұрақты көмек пен күтім көрсетуді қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары бар адамдар (жұбайлар) қабылданады.

Ардагерлер, мүгедектер ісі кеңесінің шешімі бойынша  ерекше жағдайларда интернат-үйге қақтығыстар себебінен бірге тұру мүмкін емес жақын кәмілетке толған еңбекке қабілетті туыстары бар қарттар мен бірінші, екінші топтағы мүгедектер қабылдануы мүмкін. Интернат-үйде мемлекеттік қамқорлыққа алынған негізгі контингентке залал келтірмей, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуді қажет ететін қарт азаматтардық уақытша және тұрақты тұруына араналған ақылы бөлімдер ұйымдастыруға жол беріледі.

Интернат-үйлерде арнайы мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеуді қажетететін процестің белсенді сатысындағы туберкулездің, невроздарды қоспағанда, соматикалық аурулар кезіндегі невроздық жағдайларды, психиатриялық аурулардың, жеңіл сатыдағы ақыл-ой кемдігін, адамдардың ақыл кемдігінсіз және айтылған өзгерістерсіз сирек талып қалатын (2-3 айда кемінде 1 рет) түрлі этиологияның тырысу синдромдарын, уақытша тыйым салынған жұқпалы ауруларды, тері мен шаштың зиянды ауруларын, венериологиялық ауруларды, ЖҚТБ-нің болуы әлеуметтік қызмет көрсетуді медициналық теріске шығару болып табылады.

Интернат-үйінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: қарттар мен мүгедектерді материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету, оларға үйдегіге ұқсас өмірдің қолайлы жағдайларын жасау; онда тұратын адамдарға күтімді үйымдастыру, оларға медициналық көмек көрсету және мәденибұқаралық жұмыс жүргізу; мүгедектерді әлеуметтік-тұрмыстық және еңбектік ақтап алуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру.

Негізгі әлеуметтік терапия қамқорлыққа алынған  адамдардың өз ішінтерінде де, дені сау адамдармен де әлеуметтік байланысын орнату болуы тиіс. Сонымен қатар, әлеуметтік терапия палаталардағы жабдықтаулар, өзіне және басқаларға өзгелердің көмегінсіз қызмет көрсету мүмкіндігі, жұмыс тәртібі, микро және макро әлеуметтік топтарды ұйымдастыру, өзіндік культтерапия, қызметтің психотерапевтік өнері секілді элементтерді қамтуы тиіс.

Қарттар мен  мүгедектерге халықты әлеуметтік қорғау саласындағы облыстық (республикалық  дәрежедегі қалалық, астаналық) уәкілетті  орган интернат-үйлерге жолдама береді. Әлеуметтік қызмет көрсетуге адамдарды қабылдау мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылады:

  1. үлгі ережелері бекітке нысан бойынша өтініш;
  2. уәкілетті органның жолдамасы (ММӘМ-де әлеуметтік қызмет көрсетуге қабылдау үшін);
  3. жеке куәлік;
  4. салық төлеушінің тіркеу нөмірінің бар екендігі туралы куәлік;
  5. әлеуметтік жеке кодының бар екендігі туралы куәлік;
  6. үлгі ережелері бекіткен нысан бойынша медициналық карта;
  7. емхана картасынан үзінді;
  8. зейнеткерлік куәлігі (зейнеткерлік жастағы адамдар үшін);
  9. мүгедектігін, ҰОС-на қатысушы және оған теңестірілген адамдарды (мүгедектер, ҰОС-на қатысушы және оған теңестірілген адамдар үшін) растайтын куәлік;

мүгедектер үшін қосымша:

  1. мүгедектігі туралы анықтама үзіндісінің көшірмесі;
  2. мүгедекті ақтап алудың жеке бағдарламасы үзіндісінің көшірмесі.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2006 жылғы 1 қаңтардағы мәліметтері бойынша Қазақстанда қарттар мен мүгедектерге арналған 78 мемлекеттік интернат-үйі (2002 жылға қарағанда 20-ға артық), оның ішінде қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған 48 интернат-үйі және 30 психоневрологиялық интернат-үй есептелген.

Қарттар мен  мүгедектерге арналған интернат-үйлердің көп бөлігі Шығыс Қазақстанда жұмыс істейді – 2380 орындық 11, олардың 8-і қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған, 3-уі – психоневрологиялық интернат-үй; Ақмола облысында – 1103 орындық 10, оның ішінде 7-і қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған, 3-уі – психоневрологиялық интернат-үй; Қостанай облысында – 1129 орындық 9, оның ішінде 6-уы қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған, 3-уі – психоневрологиялық интернат-үй; Қарағанды облысында – 1802 орындық 8, оның ішінде 5-еуі қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған, 3-уі – психоневрологиялық интернат-үй; Батыс Қазақстанда 4 жалпы үлгідегі интернат-үй; Жамбыл облысында қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған 3 интернат-үй жұмыс істейді.

Қарттар мен  мүгедектерге арналған мемлекеттік  және мемлекеттік емес интернат-үйлерде тұратындардың саны 2006 жылғы 1 қаңтарда 15923 адамды құраған. Олардың ішінде 5300 адам – зейнеткерлер, 10257 адам – мүгедектер, 252 адам – Ұлы Отан соғысына қатысушылар және мүгедектер. Мысалы, Алматы қаласында қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерде тұратындардың жалпы саны – 350 адам, Қарағанды облысында – 652 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 1160-нан астам, Жамбыл облысында – 450 адам, Астана қаласында – 250 адам, Маңғыстау облысында – 156 адам. 
 

2006 жылғы 1 қаңтардағы жай-күй бойынша облыстардағы медициналық-әлеуметтік мекемелер саны туралы мәлімет

(ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми ақпараты)

 
 
  

Қазақстан Республикасындағы  қарттар мен

жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған интернат-үйлер

2006 жылғы 1 қаңтардағы жай-күй бойынша

Облыс/қала Үйлердің  саны Интернат-үйлерде тұратындардың саны
Ақмола  облысы 7 458, оның ішінде  қарттар – 240
Ақтөбе  облысы 1 245, оның ішінде  қарттар – 153
Алматы  облысы 3 590, оның ішінде  қарттар – 451
Атырау  облысы 1 122, оның ішінде  қарттар – 92
Шығыс Қазақстан облысы 8 1132, оның ішінде  қарттар – 778
Жамбыл  облысы 3 449, оның ішінде  қарттар – 367
Батыс Қазақстан облысы 4 580, оның ішінде  қарттар – 233
Қарағанды облысы 5 637, оның ішінде  қарттар – 476
Қызылорда облысы 1 166, оның ішінде  қарттар – 77
Қостанай  облысы 6 582, оның ішінде  қарттар – 473
Маңғыстау облысы 1 130, оның ішінде  қарттар – 87
Павлодар  облысы 3 526, оның ішінде  қарттар – 397
Солтүстік Қазақстан облысы 2 419, оның ішінде  қарттар – 287
Оңтүстік Қазақстан облысы 1 258, оның ішінде  қарттар – 162
Астана  қаласы 1 233, оның ішінде  қарттар – 148
Алматы  қаласы 1 340,оның ішінде  қарттар – 310
Барлығы 48 6867
 
 
 
 

2006 жылғы 1 қаңтардағы  жай-күй бойынша  қарттар мен мүгедектерге  арналған мемлекеттік  және мемлекеттік  емес интернат-үйлерде тұратындардың саны (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми ақпараты бойынша)

 
 
  

Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелер қызметін қаржыландыру ұлғайды. 2002 жылы қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған интернат-үйлерін және психонерологиялық интернат-үйлерді ұстауға арналған облыстық бюджет шығыны 1022,7 және тиісінше 1090,6 мың теңгені құрады, 2004 жылы – 1718 мың теңге және 1828,6 мың теңге, 2005 жылы бұл сомалар 1820,03 мың теңгені және 1906,2 мың теңгені құрап, 2002 жылмен салыстырғанда 78%-ке және 75%-ке өскен. Мысалы, Батыс Қазақстан облысында 2005 жылы интернат-үйлерді ұстауға 210,1 мың теңге, ал 2006 жылы – 215,4 мың теңге бөлінген.

Орташа есеппен  республика бойынша қарттар мен  жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған мемлекеттік интернат-үйлерінде тұратын бір адамға шаққандағы шығын 2005 жылы 295,9 мың теңгені құраған. 

2002-2005 жылдардағы қарттар  мен мүгедектерге  арналған интернат-үйлерді ұстауға арналған облыстық бюджеттің жалпы шығыны, мың теңге  

 
 

2005 жылы қарттар  мен жалпы үлгідегі мүгедектерге  арналған мемлекеттік интернат-үйлерге қабылдану кезегі 129 адамды құрады, бұл 2002 жылмен салыстырғанда 113 адамға (47%-ке) қысқарған. Бұл ретте, интернат-үйлерге кезекке тұру Шығыс Қазақстан (69 адам) және Жамбыл (60 адам) облыстарында белгіленген.  
 

Жергілікті  басқару органдары  ескі үйлерді қайта  тұрғызу және жаңа үйлер құрылысы бойынша шаралар қабылдап жатқандығы туралы факт назар аударуға тұрарлық. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облыстық маслихатының 2005 жылғы 6 желтоқсандағы № 21/2 шешіміне сәйкес, Тайынша ауданының Тайынша қаласында әкімшілік тұрмыстық ғимаратты интернат-үйіне, моншаға, кір жуу орнына, жұмыс бөлмелеріне қайта тұрғызуға және қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған «Надежда» интернат-үйінің жеміс сақтау ғимаратының құрылысына, сондай-ақ аумақты көркейтуге және инженерлік желіні жаңартуға берілген, бұл үшін облыстық бюджеттен 57848 мың теңге қаражат бөлінген. Батыс Қазақстан облысында 1 және 2 орынды бөлмелерден тұратын жалпы үлгідегі Орал интернат-үйінің жаңа жатын ғимараты салынған. Оның құрылысына жергілікті бюджеттен 2898 мың теңге бөлінген. Астана қаласында 2006 жылы Көктал кентінде ардагерлерге, мүгедектер мен қарттарға арналған жаңа интернат-үйін салу көзделген, бұл үшін республикалық бюджеттен 1018277 мың теңге бөлінген.

Информация о работе Егде адамдарға медициналық қызмет көрсету және оларға күтім жасау