Егде адамдарға медициналық қызмет көрсету және оларға күтім жасау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 16:40, реферат

Описание

Қартаю проблемалары жөніндегі Вена халықаралық жоспарының 2 ұсынымына сәйкес егде адамдар туралы қамқорлық физикалық, психикалық, әлеуметтік, рухани факторлардың, сондай-ақ қоршаған орта факторларының арасындағы өзара байланысты назарға ала отырып, олардың жалпы хал-ауқатын қамтамасыз етуді болжайды. Сондықтан денсаулық туралы қамқорлық медициналық және әлеуметтік секторларды қамтуы тиіс.

Работа состоит из  1 файл

Егде адамдар.docx

— 415.66 Кб (Скачать документ)

Қамқорлықтағылар  жауапты қызметші ұйымдастыратын спорттық жарыстарға үнемі қатысады.

Алайда кейбір интернат-үйлердің әкімшілігі кейде қамқорлықтағылардың демалысын ұйымдастыруға жеткілікті күш салмайды. Мәселен, Қызылорда қаласындағы «Мейрімділік» интернат-үйінің қамқорлығындағылар сауалнама кезінде өткізілетін мәдени іс-шаралардың санын арттыруға тілек білдірген.

Интернат-үйлерде қамқорлыққа алынған адамдарды ойын-сауық шараларына тасымалдауға арналған көлік құралдары бар. Қамқорлықтағыларды серуендету үнемі ұйымдастырылады.

Ұлттық мерекелерді  мейрамдау кезінде қамқорлықтағыларға салтанатты құттықтау ұйымдастырылып, осында тұратын егде жастағы адамдар мен мүгедектерге сыйлықтар тапсырылады.

Қамқорлықтағылар  арасында ең жақсы бөлме, ең жақсы бөлме гүлдері конкурстары, спорт ойындары, шашки, шахмат бильярд, теннис, домино бойынша жарыстар үнемі өткізіледі.

Мәдени-ойын-сауық  іс-шараларына демеушілік және қоғамдық ұйымдар жиі түрде белсене қатысады. Мәселен, 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап осы кезге дейін «Отан» Алматы облыстық қоғамдық-саяси партиясы Текелі интернат-үйінің қамқорлықтағыларға 300 мың теңге, Қапшағай интернат-үйінің қамқорлықтағыларға 150 мың теңге, Сарқанд интернат-үйінің қамқорлықтағыларға 220 мың теңге сомаға қайырмалдық көмек жасады.

Сонымен бірге, интернат-үйлерде тұратын адамдарға олардың өздері қатысатындай неғұрлым жан-жақтылы және белсенді бағдарламалар қажет. Қамқорлыққа алынған адамдармен шығармашылық жұмыс олардың адамдармен араласуына және өздерін қоғамға пайдалы сезінулері қажеттігін іске асыруға мүмкіндік береді.

3) Қамқорлықтағылар  бірлестігі

Барлық интернаттарда  өкілдік өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін, ардагерлер хоры, зейнеткерлердің және мүгедектердің өздері ұйымдастыратын мәдени-тұрмыстық комиссиялары жұмыс істейді. Бұл БҰҰ-ның егде жастағы адамдарға қатысты 9 қағидасына жауап береді, оған сәйкес егде жастағылар қозғалыстар немесе қауымдастықтар құру мүмкіндігіне ие.

Алайда, кейбір мекеме-үйлерде мәдени-тұрмыстық комиссиялары мүшелері әкімшіліктермен келіспей тағайындалады. Сонымен, № 2 Тараз интернат-үйінде қамқорлығындағылар мен медициналық персоналдары өтініш жасаушыларының өтінішінде мәдени-тұрмыстық комиссиясы директор А.Сегізбаевтың жақтастарынан құрылғаннын атап өткен жөн. Бұл комиссия өз жұмысында қамқорлыққа алынғандардың ұсыныс-тілектерін ескермейді, сондай-ақ өзінің алдында тұрған қызметтер мен міндеттер жайын білмейді.

4) Діни-сенім қажеттіліктерін өтеу

Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес интернат-үйлерде діни сенім бостандығы қалыптасқан.

Көптеген мемлекеттік  интернат-үйлерде әкімшілікпен қамқорлыққа алынған адамдар өз діни-сенім қажеттіліктерін іске асыра алуы үшін барлық жағдай жасалған: мекемелерде арнайы бейімделген және жабдықталған сыйыну бөлмелері бар, бұл БҰҰ-ның егде жастағы адамдарға қатысты 16 қағидасына және Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықарлық пактінің 18-бабына сәйкес келеді.

Адам құқықтары  жөніндегі уәкіл болған кезінде  діни-сенім қажеттіліктерін өтеуге бірден бір жағдай жасалмаған интернат-үй – Атырау қаласының егде жастағы және мүгедектерге арналған интернат-үй болды.

5) Мұражайлар

Кейбір интернат-үйлерде қамқорлықтағылардың өз күштерімен ерлік даңқы мұражайлары ұйымдастыралған. Онда интерната тұрған және тұратын соғыс және еңбек ардагерлері туралы ақпарттар бар, сондай-ақ олардың марапаттамалары және кейбір жеке заттары сақталады. Мұражайға отаншылдық сағаттарды өткізетін мектеп оқушылары, студенттер келіп тұрады (Семей интернат-үйі).

6) Еңбек терапиясы

Интернат-үйлердегі қамқорлықтағылармен жұмыс қамқорлыққа алынғандардың мүдделерімен, қазіргі уақытпен байланыс жасауды ояту мақсатында жүргізіледі. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды оңалту шегіндегі қызметтің бір түрі еңбек терапиясы болып табылады. Дәрігер интернат-үй жағдайында жұмыс істей алатын адамдар шегін анықтап, қамқорлықтағы адамның мүддесін, оның бейімі мен қалауын ескере отырып, жұмыстың дербес түрін белгілейді.

Көптеген интернат-үйлерде әлеуметтік оңалту проблемаларын шешуге арналған тігін цехтары, аяқ-киім жөндеу және ағаш бұйымдары шеберханалары бар. Мұнда өзі қалауынша аяушылық режимінде еңбек терапиясымен айналысады, бұл БҰҰ-ның егде жастағы адамдарға қатысты өз мүдделері мен қажеттіліктеріне сәйкес келетін жұмысты ерікті орындау құқығы туралы 8 қағидасына сәйкес келеді.

Алайда кейбір интернат-үйлерде еңбек терапиясына тиісінше көңіл бөлінбеген. Қызылорда қаласындағы егде жастағы адамдар мен мүгедектердің «Мейрімділік» интернат-үйінде, қамқорлығындағыларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға еңбекпен оңалту үшін жағдай жасалмаған және Еңбекпен айналысу құқығы туралы стандарттық ереженің 7 ережесі мен БҰҰ-ның егде жастағы адамдарға қатысты өз мүдделері мен қажеттіліктеріне сәйкес келетін жұмысты ерікті орындау құқығы туралы 8 қағиданың талаптары ескерілмеген.

Осы стандарттарды  іске асыруға ықпал жасай отырып № 3 Семей интернат-үйінде мекеменің бау-бақшасы мен аумағында, тұрмыс техникасына ұсақ жөндеуді орындай отырып қамқолыққа алынған үш адам еңбек келісім-шарты бойынша жұмыс істейді.

Қамқолыққа алынған  адамдар аумақты тазарту, бау-бақшашылық, гүл өсірумен, жеміс-жидектерді өңдеумен, киім тігумен, аяқ киім тігу және жөндеумен, дивандарды, орындықтарды әрлеумен, сүрткіштерді, тақия, жапқыш тігумен айналысады.

Егде жастағы  әйелдер шұлық бұйымдарын тоқуға маманданады. Олардың көбісі мүмкіндігі шектеулі, үйде қызмет жасайтын балаларды басқаруды қолға алған. Оларға барып тұрады, оларға кофта, нәски тоқып береді және т.б. Сегіз егде жастағы қамқорлыққа алынғандар Халықарлық волонтерлер клубының волонтерлері болып табылады.

Егде жастағы  адамдар сондай-ақ Семей қаласындағы  № 3 балалар үйіндегі балаларға мереке күндері барып тұрады.

Алайда, еңбек терапия  рәсімін ұйымдастыру кезінде материалдық қызығушылық сияқты факторға назар бөлінбейді. Осы мақсатта интернат-үйлер жанынан жылжымалы бригадалар, шағын кәсіпорындар, өндірістік цехтар құру ынталандыруды қажет етеді. Онымен бірге, компьютерді пайдалануды үйренуді, шет тілін үйрену немесе кез-келген қызығатын нәрсе бойынша курс жүргізуді қоса алғанда жаңа нәрсеге бейімделу қамқорлықтағыларға жаңаша білім игеруге және қоғамдық өмірге бірігуге, сонымен өзін қажетті болуын, жалғыздықты сезінбеуге мүмкіндік береді.

7) Спорт залдары  және тренажерлер

Барлық интернат-үйлерде залдар жұмыс істейді, бірақ күнделікті тренажерлер стандарты ескірген үлгідегілер. Мұндай тренажерлер аурулардың жекелеген түрлерін және мүгедектік түрін ескемейді. Бұл қамқорлықтағылардың көбісінің тренажерлерде айналысуды қаламайтындығымен байланысты болуы керек.

2003 жылы Малотимофевка  интернат-үйіне Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің келген кезінде спорт залдары және тренажерлер болмаған, ал 2004 жылы тренажерлер сатып алынып, спорт залдары жабдықталды.

Интернат-үйлердегі әкімшілік және жергілікті мемлекеттік басқару органы интернат-үйлерде тұратын мүгедектер мен егде жастағы адамдарға, олардың мүмкіндіктеріне бейімделген спорт құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету мәселесіне көңіл бөлуі қажет.

Д) Персонал

Қартаю мәселелері бойынша Халықаралық Вена конференциясының 7 ұсынымы егде жастағылармен және олардың отбасыларымен қатынас  жасауына, денсаулық сақтау мен түрлі  деңгейдегі әлеуметтік қамсыздандыру  қызметкерлері арасындағы ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлуді қажет ететіндіктен үйде немесе арнайы мекемелерде егде жастағылармен жұмыс істейтін адамдар осы міндетті орындау үшін негізгі дайындықты алуға тиістігін көздейді.

Қазақстан Республиасы  Еңбек және халықты әлеуметік  қорғау министрлігінің ақпаратына сәйкес 2005 жылы егде жастағы адамдар мен  мүгедектер үшін жалпы түрдегі интернат-үйлерде іс жүзінде 3594,3 немесе штатта көзделгенен 96,3 % штат бірлігі айналысты.

Көптеген интернат-үйлерде терапевт-дәрігерлер, тіс дәрігерлері, ортопедтер, медбикелер, заңгерлер, психологтар, диетбикелер жұмыс істейді. Мәселен, Асатан қаласындағы интернат-үйде 2006 жылғы 24 августа штатта 2 терапевт-дәрігер, 1 тіс дәрігері, 1 ортопед, 14 медбике, заңгер, психолог, диетбике жұмыс істеді, Оралдағы жалпы түрдегі интернат-үйде 287 қызметкер, оның 12 дәрігер болды.

Алайда № 3 Семей  жалпы түрдегі егде жастағы және мүгедектер интернат-үйінде, Павлодар облысындағы егде жастағы және мүгедектер интернат-үйінде, Қызылордадағы «Мейрімділік» егде жастағы және мүгедектер интернат-үйінде психолог, заңгер, тәрбие жұмыстары жөніндегі мамандар жоқ.

Республикадағы  барлық интернат-үйлерінде ең ауыр жұмысты орындаушы – тазалықшылардың еңбек ақыларының төмендігінен (шамамен 15000 мың теңге) не тұрғындардың тұратын ірі орталықтарынан (Малотимофеевтегі интернат-үй) алыс болғандықтан, сондай-ақ кәсіби дәрігерлер сияқты кадрлар тұрақсыздығы байқалады.

Осыған  байланысты кіші персоналдың  жетіспеу проблемасын  шешу үшін азаматтық  балама қызметтің  мүмкіндіктерін пайдалануға назар бөлу керек деп санаймыз. Бұл мәселе әскери міндеттерін өтеу орнына егде жастағы және мүгедектер интернат-үйінде, психоневрологиялық диспансерлерде, хоспистер - әлеуметтік мекемелердіне қамқорлыққа алынған адамдарға күтім жасауды таңдайтын жастардың күшімен шешілуі әбден мүмкін. Алайда азаматтық балама қызметті енгізу үшін одан өту тәртібі мен тетіктерін реттейтін заң актісін қабылдау қажет. Сондай-ақ мәселені шешетін жолдың бірі қамқорлықтағы адамдарға күтім жасауға волонтерлерді тарту болып табылады. Алайда, әрбір интернат-үй волонтерлік көмекті қабылдауға әзір және көп жағдайда мекемелерді қоғамдық бақылауға қол жетімді бола бермейді.

Әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережесіні 24 ережесіне  сәйкес Егер денсаулық жағдайы бойынша  осы жұмысты істеуге тыйым  салынбаса, қамқорлықтағы адамдар  жалақысы еңбек заңдарына сәйкес төленіп, жалпы үлгідегі медициналық әлеуметтік қызметке кіші қызмет көрсетуші персоналдың немесе жұмысшылардың штаттық лауазымдарына жұмысқа қабылдануы мүмкін. Осылайша, қызмет көрсету персоналының жетіспеу мәселесі жастардың кейбірі қаламай жұмыс істейтін жұмыстарға еңбекке қабілетті қамқорлықтағы адамдарды тарту арқылы ішінара шешілуі мүмкін.

Қамқорлықтағыларға  күтім жасауды жүзеге асыратын медициналық  қызметкерлер (мәселен, медбикелер, әлеуметті  қызмет көрсетеу және т.б. қызметкерлер) геронтология, гериатрия, психогериотрияның  тиісті салаларының қағидалары мен бейімін игере отырып, егде жастағыларға күтім жасаудың дайындығынан өтуі тиіс. Сонымен бірге қазақстандық интернат-үйлерде неғұрлым халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған санаттарымен жұмыс істеуге үйретілген әлеуметтік қызметкерлер іс жүзінде жоқ. Бұл Стандарттық ереженің мемлекеттің мүгедектер үшін тең мүмкіндігін қамтамасыз етудегі мүгедектерге қызмет көрсететін персоналды тиісті дайындауды қамтамасыз етудегі мемлекеттің міндеті туралы № 19 ережесіне қайшы келеді.

Тараз қаласындағы  № 2 егде жастағы адамдар мен мүгедектер арналған интернат-үйінде 2004 жылы егде жастағы адамдар мен мүгедектер құқықтарының сақталу мониторингі адамдық ар-ожданды кемсіту жағдайын анықтады. Адам құқықтары жөніндегі өкіл офисінің қызметкерлері жүргізген жасырын сауалнама жасау нәтижесінде сұралғандардың көпшілігі осы мекеменің тұрғындарына интернат әкімшілігінің, оның директоры А.М.Сегізбаевтың тарабынан физикалық тұрғыда үш қолдану қаупі болғаны жөнінде хабарлаған. Өкілдің болған кезінде қамқорлықтағылар мен медициналық персоналдардың қатысуымен жиналыс өткізілген. Интернаттың көптеген тұрғындарының сұрауына байланысты мекеме директоры А.М. Сегізбаев бұл іс-шараға қайта жіберілмеді. Персоналдар мен қамқорлықтағы адамдардан директордың тарабынан өрескел қараудың болғаны туралы шағымдар түсті, директордың тарабынан қол жұмсау, қызметке жиі мас күйде келудің болғаны дәлелдері аталды. Мекеме қызметкерлерінің тарабынан адамға сыпайы, кемсітпейтін қатынасты қамқорлықтағылардың 75 %, сонымен бірге қызметкерлер қатынасының өзгермелілігін 20 % атап өткен. Персоналдың қызмет көрсету деңгейі сұралғандардың 70 % қанағаттандыратынын, ал сонымен бірге қамқорлықтағылардың 35 % қызмет көрсету сапасы үнемі олардың қалауына сәйкес келмейтінін атап өтеді. Сонымен қоса, сауалнама жүргізу кезінде қаморлықтағылардың барлығы медициналық персонал қамқорлыққа алған адамдарға көп көңіл бөліп, қамқорлық көрсетуіне тілек білдірген.

Сондай-ақ, 2005 жылы жалпы типтегі орал интернат-үйінде Адам құқықтары жөніндегі өкіл офисінің қызметкерлері жүргізген сауалнама кезінде қамқорлықтағы адамға медбикенің адамдық ожданды кемсітетін қатынас жағдайы болғаны анықталды. Қамқорлықтағының айтуынша бөлме өсімдігін бүлдіргені үшін медбике қарт әйелді қатты ұрған. Қамқорлықтағы адамның басшылыққа шағымдануынан кейін медбике басқа бөлімге ауыстырылған.

Информация о работе Егде адамдарға медициналық қызмет көрсету және оларға күтім жасау