Егде адамдарға медициналық қызмет көрсету және оларға күтім жасау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 16:40, реферат

Описание

Қартаю проблемалары жөніндегі Вена халықаралық жоспарының 2 ұсынымына сәйкес егде адамдар туралы қамқорлық физикалық, психикалық, әлеуметтік, рухани факторлардың, сондай-ақ қоршаған орта факторларының арасындағы өзара байланысты назарға ала отырып, олардың жалпы хал-ауқатын қамтамасыз етуді болжайды. Сондықтан денсаулық туралы қамқорлық медициналық және әлеуметтік секторларды қамтуы тиіс.

Работа состоит из  1 файл

Егде адамдар.docx

— 415.66 Кб (Скачать документ)

Көптеген хоспистердің қызметін қаржыландыру қалалық бюджеттен  жүзеге асырылады, алайда кммерциялық, қоғамдық және өңірлік ұйымжар жиі  қайырымдылық көмектерін көрсетеді.

Хоспистер Павлодар, Өскемен, Қарағанды, Алматы, Қостанай, Семей қалаларында ұйымдастырылған.

Қарағанды қаласында  онклогиялық ауурумен ауратындарға медицналық және әлеуметтік қызмет көрсететін хоспис жұмыс істейді. Хосписті қаржыландыру Қызыл жарты ай қоғамдық ұйымының қаражатынан да, ішінара облыстық бюджет қаражатының есебінен де жүзеге асырылады. Бөлінген ақша нысаналы мақсаты бойынша: тағам сатып алуға, коммуналдық қызметке ақы төлеуге, медқызметкерлердің жалақысына қатаң жұмсалады. Алайда ол жеткіліксіз. Мәселен, қарағандылық хоспис тұрмысқа жайлы ғимараттан Федоровка кентіне жөндеуді қажет ететін барак түріндегі құрылысқа көшірілді. Хосписте ауыр операциядан кейін ашық жараларымен ауыр халдегі адамдар жататындықтан, ерекше күтімді талап етілетіндігі оның жұмыс істеу ерекшелігін көрсетеді. Аурулар күшейтілген тағамға, қатты әсер ететін медпрепараттарға, төсек жаймаларына мұқтаж. Төсек жаймалары күн сауын ауыстырылады және қайнатылып жуылатындықтан тез тозады. Қарағандылық хоспис қажетті заттарға, тамақ өнімдеріне, төсек жаймаларына, сондай-ақ құрылыс материалдарына зәру. Ғимаратты жөндеуге және қолайлы тұрмыс жағдайын қамтамасыз етуге қаражат жетіспейді.

Алматы қаласының  «Хоспис» мемлекеттік қазыналық  коммуналдық кәсіпорнында қарт адамдардың проблемасымен айналысатын 100 орынды гериатрия бөлімшесі жұмыс істейді. Хоспис қарттар арасында өте танымал. Хосписке келуге 1,5-2 ай бұрын кезекке тұрады. Өйткені көбісі емделіп, күш жинағысы, білікті медициналық күтім алғысы келеді. Бұл қарт адамдардың мамандандырылған амбулаториялық-поликлиникалық көмекке мұқтаждығын айғақтайды. Алматы үшін, дәрігерлердің пікірлерінше, бүгінгі таңда кемінде төрт хоспис қажет. Жұмыс істейтін хоспистерде ең «нашар» деген аурулар жататын паллиативтік бөлімше 40 төсекке дейін көбейді. Сондықтан дәрігерлер мен бикелерге жұмыс істеу өте қиындай түсті. Мұндай аурулар сағат сайын, тәулік бойы күтім мен қадағалауды (жатуға ыңғайлы болуы үшін аударуды, көбінесе түтік арқылы тамақтандыруды, жаймаларды ауыстыруды) жиі-жиі талап етеді.

Семейлік хоспистің  көшпелі қызметі 120 онкологиялық аурулар  мен олардың отбасыларына үнемі  медициналық көмек көрсетеді, 50-ге жуық адам бір жолғы қолдау табады. 25 төсектік стационарда медқызметкерлер жылына 350-400 ауруды қабылдайды. Хоспистің медициналық қызметкерлері мен волонтерлер көрсететін көмек:

  • аурулардан тапсырыс қабылдаудан, бастапқы тексеруден, қажетті көмек түрін айқындаудан;
  • симптомдық емдеуден;
  • ауырсындырмайтын патологенетикалық терапияны іріктеуден тұрады.

Медицниалық көмектен басқа, хоспис қызметкерлері мен  волонтерлер ауруларға және олардың туған-туысқандарына психологиялық көмек көрсетеді.

Хоспистің қамқорлығындағылардың  көпшілігі төлеуге қабілеті жоқ  зейнеткерлер, көбісі жалғызілікті. Олар хосписке материалдық көмек көрсететіндей жағдайда емес. Осыған байланысты семейлік хоспис мемлекеттік бюджеттен ешқандай көмек алмайтынын атап өту қажет. Жобаны мүдделі медициналық қызметкерлер тобы жұртшылықтың қаражатын, кәсіпкерлердің көмектерін, қорлардың гранттары мен демеуақыларын тарта отырып дербес жүзеге асыруда. 2005 жылы хосписке ғимаратты жалға беруге бас тартылғандығын да атап өткен жөн. Стационардың жоқтығынан оның жұмысы қиындай түсті, бірақ қалалық биліктен еш көмек болған жоқ.

Егде  адамдарға медициналық  көмек қарапайым  биемедициналық ұғым денсаулық/ дене ауруымен ғана шектелмеуі тиіс. Сонымен бірге функционалдық, ақыл-ой және әлеуметтік салаларды (биопсихикалық, әлеуметтік және функционалдық тәсілдер) қамтуы тиіс. Дегенмен, медициналық мекемелерде егде адамдар толыққанды және жн-жақты медициналық көмек алмайды. Егде амдарға арналған аурулар мен жарақаттардың алдын алу бағдарламалары жұмыс істемейді.

Медициналық жүйе күтімнің бір  түрін басқаларға салмақ түсірмей, емделушілерге  ұзақ уақыт көмек  берілуін қамтамасыз етуі тиіс. Дегенмен, егде адамдар тек мерзімді көмек алады. Ұзақ уақыт бойы көмек болу үшін медбикелер саны көп боуы керек. Ол үшін мемлекет ақша қаражатын бөлмейді.

Егде  адамдарға аса білікті және медициналық қамсыздандыру үшін медициналық көмек ұсыну сапасын бақылаудың қазіргі заманғы жүйесі талап етіледі.

                                       2-текст.

Халықаралық қоғамдастық салыстырмалы түрде егде адамдар құқықтарын қорғау жөніндегі стандарттарды әзірлеумен таяуда ғана айналысты. Осы саладағы іс-шаралар әсіресе соңғы жылдары үдей түсті.

Егде адамдарды әлеуметтік қорғау проблемалары 1948 жылдан бастап БҰҰ-да бірнеше рет қаралуда, онда «егде адамдардың құқықтары туралы декларация» дайындалды. Кейінірек: Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы (1948 жылғы 10 желтоқсандағы БҰҰ бас Ассамблеясының 217 А (III) қарары), еуропалық әлеуметтік хартия (еуропа Кеңесі 1961 жылы 18 қазанда туринда қабылдаған), Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакті тәрізді халықаралық құжаттар қабылданған болатын. Алайда Жалпыға бiрдей декларация және Халықаралық Пакт егде адамдарға ерекше мәртебе бөлмеді және сонымен бірге арнайы құқытарды көздемеген.

Бұл ретте 1996 жылғы 3 мамырда Страсбургте қайта қаралған Еуропалық әлеуметтік хартияда егде адамдардың құқықтарына қатысты бір норма (23-бап) бекітілді.айталық қартайған адамдардың әрқайсысының әлеуметтік қорғауға құқығы бар. Осы мақсатта егде адамдарға егде адамдарға оларға лайықты өмір сүруге және жариялы, әлеуметтік және мәдени өмірде белсенді роль атқаруға мүмкіндік беретін барабар ресурстар ұсынылуы, олардың жеке басына қол сұғылмаушылықты құрметтеу және мұндай қарттарға қарттар үйінлегі өмір жағдайына қатысты шешімдерге қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етуі, қарттар үшін құрылған қызметтер туралы ақпаратты беруі тиіс.

Әлем халқының өсіп келе жатқан бөлігін алаңдататын қартаю проблемаларына аса назар бөліну қажеттігін сезіне отырып, БҰҰ бас Ассамблеясы 1978 жылғы 14 желтоқсандағы 33/52 қарада 1982 жылы Қартаю проблемалары бойынша Әлемдік ассамблея өткізуге шешім қабылдады. Әлемдік Ассамблеяның мақсаты форумды «егде жастағы адамдарға экономикалық және әлеуметтік қамтамасыз етуге кепілдіктер беруге бағытталған әрекеттердің халықаралық бағдарламасын әзірлеу үшін, сондай-ақ ұлттық дамуға үлес үшін мүмкіндіктер» қамтамасыз ету болды.

Бас Ассамблея 1980 жылғы 11 желтоқсандағы өзінің 35/129 қарарында Дүниежүзілік Ассамблея «халық қартаюының әлеуметтік-экономикалық салдарларын және егде жастағы адамдардың нақты қажеттілігін неғұрлым толық түрде ескеретін қоғам құруға ықпал етуінеә тілек білдірді.

1982 жылы қартаю проблемары жөніндегі Дүниежүзілік Ассамблея қартаю проблемалары жөніндегі іс-әрекеттердің ВЕна халықаралық жоспарын (бұдан әрі – Вена Жоспары) қабылдады. Бұл маңызды құжатты Бас Ассамблея мақұлдады және Адам құқықтары жөніндегі Халықаралық пакта бекітілген құқықтармен байланыста егде адамдар құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында қатысушы-мемлекеттер қабылдауы тиіс шараларға қатысты өте пайдалы басшылықты білдіреді. Ол 62 ұсынымды қамтиды, олардың көбі Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакті ережелерімен тікелей байланысты.

Вена Жоспары өзінің негізгі мақсаты етіп егде жастағы адамдарға экономикалық және әлеуметтік қамтамасыз ету кепілдіктерін беруді қояды. Оның алдыңғы кезектегі міндеті елдердің мүмкіндіктері кеңейгенде халықтың қартаюымен байланысты проблемалардышешуден, ерекше проблемаларды шешуден және егде адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырудан тұрады. Бұл жоспар елдердің егде адамдарды әлеуметтік және экономикалық қамтамасыз етуге кепілдік беруге бағытталған практикалық сипаттағы саясат пен бағдарламаларды әзірлеуді, сондай-ақ оларға дамуға қатысу мүмкіндігін беруді ынталандыруы керек. Вена Жоспарының өзі негізге алған қағидаттары, сондай-ақ нақты проблемалар сипаттамасы және оларды шешу бойынша ұсынымдары бар.

Бізге де адамдар үшін алаңдаушылық мәні болып табылатын мәселелерге және Вена Жоспарында көзделген оларды шешу жөніндегі ұсынымдарға тоқталамыз:

  • Денсаулық және тамақтану. Егде адамдарға деген қамқорлық ауруға деген бағдармен байланыстан шығуы керек және олардың дене, психикалық,әлеуметтік, рухани факторларды, сондай-ақ қоршаған орта факторларын назарға ала отыра жалпы әл-ауқатын қамтамасыз етуді болжайды. Сондықтан да денсаулық туралы қамқорлық медициналық және әлеуметтік секторды, сондай-ақ қарттардың өмір сапасын жақсарту мақсатында отбасын қамтуы тиіс.
  • Егде тұтынушыларды қорғау. Тамақ өнімдері, үй-тұрмыс заттары, аспаптар мен құралдар егде адамдардың қауқарсызыдыгын ескеретін қауіпсіздік нормаларына сәйкес келуі тиіс; егде адамдар үшін дәрілер, есту аппараттары, тіс протездары, көзілдірік қол жетімді жерде болуы керек; егде адамдардың тапшы қаражатына басты бағытталған белсенді реклама мен өткізудің басқа да әдістерін шетген жөн.
  • Тұрғын үймен қамтамасыз ету және өмір жағдайы. Қарттар үшін тұрғын үйді басына пан болдан гөрі маңыздырақ ретінде қарастыру қажет. Дене компонентіне қосымша тұрғын үйдің психологиялық және әлеуметтік мәнін тиісті түрде ескеру керек; тұрғын үй саясаты қарттардың қажеттілігін ескеруі керек, сондай-ақ коммуналдық қызмет саласындағы саясатпен жалпы халық үшін арналған тұрғын үймен салыстырғанда қарттар үшін тұрғын үй неғұрлым ыңғайлы орналасуы үшін, үйлестірілуі тиіс; тұрғын үйді бейімдеу қажет, қозғалысы шектелген егде адамдар үшін арнайы үй құралдарында күнделікті өмірді жеңілдететін практикалық тұрмыстық икемділіктер берілуі тиіс.
  • Отбасы. Отбасын қолдау, оны қорғау әр қоғамның мәдени құндылықтары жүйесіне және оның қартайған мүшелерінің қажеттіліктеріне сәйкес оны нығайтуға күш салу керек; өздерінің егде туыстарын күтетін отбасы мүшелерін қолдау керек.
  • Әлеуметтік қамтамасыз ету. Әлеуметтік қамтамасыз ету қызметі қарттардың әлеуметтік функцияларының ауқымды орындалуын мақсат етуі керек; қарт адамдарды алдын алу және дамыту саласында қызмет көрсетудің негізі және кең ауқымы болуы керек. Сонымен олар өзінің жеке үйінде белсенді және пайдалы азамат ретінде қала отырып, неғұрлым тәуелсіз өмір сүре алатындай.
  • Табыспен қастамасыз ету және жұмыспен қамту. Мемлекеттің әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі барлық егде адамдарға қорғаныш болуы тиіс; жәрдемақыны нақты төлеу, отбасыларға тікелей көмек көрсету сияқты басқа да тәсілдер қолдану қажет: ең аз жәрдемақы егде адамдардың негізгі қажеттіліктерін қанағтандару үшін жеткілікті болуын және олардың дербестігін қамтамасыз ету қажет; қарттардың жинақтарын инфляция әсерінен қорғау жолдары белгіленуі тиіс; қарт еңбекшілер жұмысын қанағаттанарлық жағдайда жағастыруы және жұмысқа орналасуға кепілдігі болуы керек; жұмысқа орналастыру, егде адамдарды дайындау және қайта даярлау саласында жаңа мүмкіндіктер жасау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
  • Ағарту. Егде адамдардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне бейімделген жалпы білім беру бағдарламалары, қартық кезеңге дайындықты қоса, әзірленуі тиіс; білім беру қарттарды кемсітусіз болуы тиіс; қарттар үшін жан-жақты ақпарат, олардың өмірінің барлық қырлары бойынша нақты және түсінікті нысан бойынша қол жетімді болуы тиіс.

Қартаю проблемалары бойынша халықаралық әрекет жоспарын және онымен байланысты іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі 1990 жылы  
14 желтоқсандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 45/106 қарарымен 1 қазан Халықаралық қарттар күні болып жарияланды.

1991 жылы Қартаю жөніндегі Дүниежүзілік Ассамблеядан соң БҰҰ-да бар қартаю мәселесі бойынша ұсынымдармен жаңа белестер алынды. Бас Ассамблея егде адамдарға қатысты БҰҰ Қағидаттарын қабылдады, ол өзінің бағдарламалық сипаты жағынан біз қараған байланыста маңызды құжат болып табылады. Негізгі қағидат былайша тұжырымдалуда: егде жастағы адамдардың өмірін толыққанды жасау». Құжаттың негізгі мақсаты –айтарлықтай айырмашылықтарға қарамастан егде адамдардың жай-күйін елдер арасында ғана емес, сонымен қатар жекелеген елдер ауқымында және жекелеген адамдар арасында қамтамасыз ету, ұлттық заңнамаға (бағдарламаларға) енгізу және егде адамдарға қатысты белгілі бір стандарттарды (қағидаттарды) сақтау.

  • Тәуелсіздік. Қағидат белгілі бір жағдайлар жиынтығының болуы ретінде түсіндіріледі: егде адамдардың өндіріске, суға, тұрғын үйге, киімге және олардың табыс алуы арқылы медициналық қызмет көрсетуге қолы жетуі, отбасы, қауым тарапынан қолдау және өзіне-өзі көмектесу; егде адамдардың жұмыс істеу мүмкіндігінің болуы немесе табыс әкелетін қызметтің басқа түрлерімен айналысу, еңбек қызметінің мерщімдерін анықтау мен тоқтату нысандарын анықтауға қатысу; білім беру және кәсіби дайындық бағдарламаларына қатысу; қауіпсіз жағдайларда тіршілік ету; үйінде әзірше ол мүмкін болғанша тұру.
  • Қатысу. Бұл қағидат егде адамдардың қоғам өміріне белсенді тартылуын, саяси шешімде қабылдауда қатысуын, өзінің тәжірибесі мен білімімен жастармен бөлісуді білдіреді; егде адамдар өздері мүшесі болып табылатын қоғамдастық мүддесінде жұмысты, соның ішінде ерікті негізде орындауы мүмкін; егде адамдар егде жастағы адамдардың қозғалысын және қауымдастығын құруға құқылы.
  • Күтім. Бұл қағидатты сақтау үшін мынадай жағдайлар жиынтығы әрекет етуі тиіс: егде адамдарды күтіммен және қорғаумен қамтамасыз ету; дене, психикалық және эмоционалды игіліктер деңгейін қолдауға және қалпына келтіруге мүмкіндік беретін медициналық қызмет көрсетуге қол жеткізу; ізгілік және қауіпсіз жағдайларда қорғауды және оңалтуды қамтамасыз ететін қамқоршы мекемелердің қызметін пайдалану мүмкіндігі; адам құқықтарын және негізгі бостандықтарды, қадір-қасиет, нанымды, қажеттіліктер мен жеке өмірді толық сыйлауды қоса, пайдалану мүмкіндігі,

Информация о работе Егде адамдарға медициналық қызмет көрсету және оларға күтім жасау