Егде адамдарға медициналық қызмет көрсету және оларға күтім жасау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 16:40, реферат

Описание

Қартаю проблемалары жөніндегі Вена халықаралық жоспарының 2 ұсынымына сәйкес егде адамдар туралы қамқорлық физикалық, психикалық, әлеуметтік, рухани факторлардың, сондай-ақ қоршаған орта факторларының арасындағы өзара байланысты назарға ала отырып, олардың жалпы хал-ауқатын қамтамасыз етуді болжайды. Сондықтан денсаулық туралы қамқорлық медициналық және әлеуметтік секторларды қамтуы тиіс.

Работа состоит из  1 файл

Егде адамдар.docx

— 415.66 Кб (Скачать документ)
  Егде адамдарға медициналық қызмет көрсету және оларға күтім жасау  

БҰҰ-ның егде адамдарға қатысты 11 ұсынымына сәйкес егде адамдар оларға психикалық және эмоционалдық салауаттылықтың оңтайлы деңгейін қолдауға немесе қалпына келтіруге мүмкіндік беретін медициналық қызме көрсетуге қол жеткізу тиіс.

Қартаю проблемалары жөніндегі Вена халықаралық жоспарының 2 ұсынымына сәйкес егде адамдар  туралы қамқорлық физикалық, психикалық, әлеуметтік, рухани факторлардың, сондай-ақ қоршаған орта факторларының арасындағы өзара байланысты назарға ала отырып, олардың жалпы хал-ауқатын қамтамасыз етуді болжайды. Сондықтан денсаулық туралы қамқорлық медициналық және әлеуметтік секторларды қамтуы тиіс. Денсаулық саласындағы күш-жігер, атап айтқанда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету қарттарға өз отбасы мен қоғамда қоғамның барлық салаларынын сырт қалмай, барынша ұзақ тәуелсіз өмір сүруге мүмкіндік беруге бағытталуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде 2006 жылғы 10 наурызда Адам дамуы туралы ұлттық есептің тұсау кесері кезінде  «Денсаулық жағдайы мен өмір сүру сапасы» - егде адамдардың маңызды проблемаларының бірі» деп атап өтілді.

Республикада  егде жастағы тұрғындардың ауру, мүгедектік және қайтыс болуының пайызы жоғары. Орта статистикалық зерттеулердің нәтижелері қарт азаматтардың қайтыс болуының себептері туралы олардың 30 пайызы – жүрек-қан тамырлары ауруларынан, 30 пайызы – қатерлі ісіктен, 40 пайызы – басқа да аурулардан болатынын куәландырады.

Қарт адамның ағзасында болатын органикалық өзгерістер мен функционалдық ауысулар нәтижесінде ол рухани, тәни қолайсыздықты сезінеді. Денсаулыққа байланысты бірнеше проблемалар бар: егде адамдар бір уақытта бірнеше аурумен ауырады; олар белгілері анық байқалмайтын аурулармен ауырады; егде адамдар басқаларға қарағанда қатерлі ісік ауруларына көп ұшырайды.

Осыған байланысты, Лайықты қартаю тұжырымдамасы «21 ғасырдағы қартаб проблемалары бойынша  ғылыми зерттеулер бағдарламасы» атты БҰҰ Бағдарламасының Жобасында қатысушы елдерді дамыту стратегиясының басым бағыттарына жатқызылған.

Вена халықаралық  жоспарының 6 ұсынымына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру мен денсаулық  сақтау жүйелерінің арасындағы барынша  тығыз үйлесімділік есебінен әлеуметтік және медициналық қызмет көрсету жүйелері құнының өсу үрдісін тоқтату қажет. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасында әлеуметтік-медициналық және әлеуметтік-психологиялық қызметтер қолданыстағы 1457-2005 ГОСТ-қа сәйкес үйге келіп әлеуметтік қызмет көрсету түрінің бірі болып табылады.

Сондай-ақ егде адамдарға медициналық көмекті  медициналық ұйымдар желісі, тұрғылықты жері бойынша, емханалар, СДА, ПМИП қала орталықтары көрсетеді. Республиканың барлық облыстарында травмотологиялық пунктер желісі бар.

«Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы» және «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан  Республикасының Заңына сәйкес азаматтардың жеңілдік берілген санаттарына амбулаторлық-емханалық көмек «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің 2006-2007 жылдарға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметнің 2005 жылғы 28 желтоқсандағы №1296 қаулысына сәйкес көрсетіледі. Тізбеге сәйкес егде адамдар дәрі-дәрмектермен 50 пайыз жеңілдікпен қамтамасыз етіледі. Тізбеде сондай-ақ БМСК маманы мен кәсіби мамандардың бағыты бойынша Ұлы Отан Соғысына қатысушыларға, мүгедектерге, зейнеткерлерге жасы бойынша медициналық көрсеткіштер бойынша қымбат тұратын тексерулер аясында жеңілдіктер берілетіні белгіленген. Жергілікті бюджеттен қатерлі ісік ауруларымен, қант және қантты емес диабетпен, демікпемен, психикалық аурулармен, Паркинсон ауруларымен ауыратын егде адамдар дәрі-әдрмекпен қамтамасыз етіледі.

Қазақстанда қартаюда егде адамдардың өмір сүру деңгейін сипаттайтын экономикалық жағдайлар, соның ішінде медициналық қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындар маңызды рөл атқарады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бір жыл ішінде 60 пайызға жуық егде адам дәрі-дәрмек сатып алуға қаражаты болмауына байланысты емнің әсері болмай медициналық мекемеге қайта қаралғанын анықтады.

Медициналық қызметкерлердің  арасында сырқат егде адамдарға қатысты  олардың адамдық қадір-қасиетін қорлау жиі кездеседі. Егде адамдар медициналық қызметкерлер тарапынан жасына байланысты жасырын кемсітушілікке ұшырайды. Егде адамдар барлық болуы мүмкін аурулардан зардап шегетініне қарамастан, олар жастар сияқты тексеріле алмайды.

а) Облыстарда көрсетілетін медициналық көмек

Жыл сайын республикада егде жастағы тұрғындарды алдын ала медициналық тексеру бойынша айлық өткізіледі. Айталық, мәселен, Батыс Қазақстан облысында 2006 жылы 23 мыңнан астам егде адам тексерілді.

Қазақстан облыстарының көпшілігінде егде адамдар мен қарттарға  сапалы медициналық көмек көрсету  үшін егде адамдарды кешенді тексеруге  арналған комиссиялар құрылды және ҰОС-қа қатысушыларға ерекше көңіл бөлінеді.

Аудандық, қалалық  және облыстық ауруханалардың стационарларында ҰОС мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға жеке палаталар көзделген. Алматы обылысында мәселен, 2006 жылдың 7 айы ішінде ҰОС мүгедектері мен қатысушыларының 98 пайызы медициналық тексеруден өтті, мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін 232 егде адамға квота берілді. Амбулаториялық жағдайларда және күндізгі стационарларда 2904 егде адам, оның ішінде ҰОС мүгедектері мен ардагерлері сауықтырылды. ҰОС қатысушылары мен мүгедектері тегін шипажайда емделумен қамтамасыз етіледі. Алматы қаласы ҰОС қатысушыларының емханасында 12805 соғыс және еңбек ардагерлеріне қызмет көрсетіледі. Олар үшін тегін есіту және тіс протездерін салу, сондай-ақ жекелеген аурулар бойынша дәрі-дәрмек беру көзделген. Сондай-ақ емханада 30 төсектік күндізгі стационар бар. Емхана қазіргі заманғы диагностикалық жабдықтармен, ыңғайлы функционалды жиһазбен және тұрмыстық техникамен жарақтандырылған. ЭКГ, физиотерапия, ультрадыбыспен тексеру кабинеттері ашылған. Емханада барлық мамандандырылған бағыттар бойынша тегін көмек көрсетіледі. Емханада жұмыс істеу үшін дәрігерлерді іріктеу егжей-тегжейлі конкурстық негізде жүргізілді. Барлық медициналық персонал 20 адамнан тұрады. Денсаулықты қолдаудың қалалық қоры емхананы жарақтандыруда материалдық көмек көрсеткенін, ал фармакологиялық компаниялар түрлі емдік дәрі-дәрмектерді өтеусіз бөлгенін атап өткен жөн. Астана қаласында ҰОС мүгедектерінің орталық клиникалық госпиталы жұмыс істейді. Қарттар мен мүгедектерге қосымша әлеуметтік қызмет көрсету мақсатында 2006 жылғы сәуірде Қарағанды облысында медициналық және әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс Теміртау және Қарағанды қалаларында 80 адам үшін Қызыл жарты ай қоғамының облыстық филиалының медициналық-әлеуметтік ұйымдарында орналастырылды. Петропавл қаласында халықтың әлеуметтік қауқарсыз тобынан 7242 адамға қызмет көрсететін «Ардагер» әлеуметтік дәріханасының 2 бөлімшесі жұмыс істейді. Алматы қаласында 16 геронтологиялық кабинеттер мен 100 төсектік медбикелік күтім ауруханасы жұмыс істейді.

б) Көпбейінді ауруханаларда  медициналық қызмет көрсету

Қартаю проблемалары жөніндегі Вена халықаралық жоспарының 3 ұсынымына сәйкес ерте диагностика  мен тиісті емдеу алдын алу шаралары сияқты егде жастағы мүгедектік пен аурушаңдықтың таралуын азайту үшін қажет.

Қазақстан Республикасында  егде адамдарға негізгі  көмек гериатр-дәрігерлердің (гери-+грекше іаtros) – егде жастағы және қарт ауруларға медициналық көмек көрсетумен айналысатын дәрігер-мамандар (әдетте терапевт) мүлдем жоқ болуына байланысты медициналық-санитарлық көмек шеңберінде көрсетіледі.

Егде жастағы  адамдардың медициналық-әлеуметтік көмекке мұқтаждықтары туралы мәселені зерделеу 60 жастан асқан аурулар көбіне учаскелік дәрігерлерге қаралған: оның 61 пайызы – емханаларға бару және 85,12 пайызы - үйге шақыру. Тексерілген адамдар құрамының арасында үйде медициналық көмек көрсетуді 60-69 жастағы әрбір 10-шы адам, 75-79 жастағы - әрбір 3-ші адам, 80 және одан үлкен жастағы - әрбір екінші адам пайдаланған. Өтініш жасаудың себептері әртүрлі, соның ішінде «тар» мамандардың құзыретіне кіретіндері де бар. Сонымен қатар, егде адамдарды тексеру кезінде 65 жастан асқан адамдардың 80 пайызы көптеген созылмалы аурулардан зардап шегетіні анықталды. Адамдардың 3,4 пайызында ғана 1, 18,5 пайызында – 2, 25,9 пайызында – 3 нозология, 37,4 пайызында – 4, 14,8 пайызында – 5 және одан да көп созылмалы ауруы болған. Оның үстіне, денсаулық бұзылулары дәрігерлерден жасырын қалатыны аз емес, өйткені емделушілер өзіндік ем жасаумен айналысады немесе көптеген аурулар диагностикасының жалпыға қабалданған сызбасы гериатрлық практикада қолдануға жарамсыз.

Дамыған елдердің тәжірибесі көпбейінді ауруханларада  медициналық көмекті көбіне үлкен  жастағы тұрғындар алатынын көрсетеді. Егде адамдар арасындағы алдын алу қызметі кешенді динамикалық тексеруді, диспансерлеуді, түрлі мамандар жұмысын қамтиды. Соңғы жылдары жоспарлы жүргізілген алдын алу жұмыстарының нәтижесінде белсенді барудың үлес салмағы 1997 жылғы 15,2 пайыздан 2004 жылы 33,7 пайызға дейін өсті. Бекітілген адамдар құрамына үйде көмек көрсету мөлшері 1997 жылғы 73,3 пайыздан 2004 жылы 90,4 пайызға дейін өсті. Патологияны ерте айқындау жөніндегі алдын алу қызметінде ерекше рөл – бекітілген адамдар құрамын жыл сайын кешенді динамикалық тексеруге беріледі. Тексерілушілердің тұрақты құрамына қарамастан, алдын ала қарау кезінде патологияларды айқындау жоғары күйінде қалып отыр. Ауруханаларда диспансерлік бақылау жоғары және орта есеппен тұрғындардың 97,6 пайызын құрайды.

Медициналық тескерудің барлық кезеңдерінің арасындағы ерекшеліктерді сақтау мақсатында, сондай-ақ қартаю процесінің өзі егде адамдарда біртіндеп олардың тәндік және әлеуметтік белсенділігінің азайуына, қозғалуға және өз-өзіне қарауға бейімділігін жоғалтуына әкелетін адамдар құрамының жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәулік бойы стационарда емдеуден басқа, күндізгі стационарда, отбасылық дәрігерлік кешендердің дәрігерлері де, үйде көмек көрсету бөлімшелерінің дәрігерлері де ұйымдастырған үйдегі стационарларда емдеу жүргізіледі. Емделушілер туған-туыстарынан және үйренген өмір салтынан алыс кетпей, үй жағдайында дәрігердің келіп, емдік-қозғалыс режимі мен емдік денешынықтыруды кеңейте отырып емдеу-алдын алу процедураларын жүргізумен білікті медициналық көмек алады. Бұл жұмыс нысаны қатты ауруларды да, егде емделушілерді де емдеу үшін жүргізіледі. Олардың денсаулық жағдайы, созылмалы ауруларының ушығуының жиілігі, сондай-ақ шұғыл көмек көрсетуге мұқтаждығы, жедел және қайта ауруханаға жатқызу қажеттігі көбіне егде емделушілерді қарау сапасына байланысты.

Мысалы, Алматы қаласында отбасылық дәрігерлік кешендерді біріктіру базасында  шұғыл бикелік көмек көрсету бригадасы құрылды. Оның негізгі міндеті бекітілген контингентке барынша қысқа мерзімде ықшамды білікті медбикелік көмек көрсету болып табылады. Бекітілген контингенттің ерекшеліктерін ескере отырып, учаскелік медициналық бикелердің функционалдық міндеттеріне шомылдыру, тамақтандыру, уқалап-сипалау сияқты қызмет көрсетулер енгізілді. Олар дәрігердің тағайындағаны бойынша емдік әрі диагностикалық рәсімдерді жүргізеді.

«Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, мүгедектерге және оларға теңестірілген адамдарға медициналық көмек көрсетуді одан әрі жақсарту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері агенттігі төрағасының 2001 жылғы 15 қаңтардағы № 41 бұйрығына сәйкес барлық амбулаториялық-емдеу ұйымдары мен диспансерлерде бас дәрігердің бұйрығымен Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге және оларға теңестірілген адамдарға мемдициналық қамсыздандыруды ұйымдастыруға жауапты дәрігер және медициналық бике тағайындалуы тиіс. Оларға мынадай міндеттер жүктеледі:

  1. бекітілген аумақта тұратын барлық Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектердің және оларға теңестірілген адамдардың есебін жүргізу;
  2. көрсетілген адамдарға жыл сайын кешенді медициналық тексерулерді ұйымдастыру, сырқаттарды емдлеу үшін стационарларға немесе мамандандырылған медициналық ұйымдарға жіберу;
  3. осы ұйымда жоқ мамандардың консультациялар беруін қамтамасыз ету;
  4. туберкулезбен, психикалық, онкологиялық және басқа да аурулармен ауыратын сырқаттарды емдеуде сабақтастықты жүзеге асыру мақсатында амбулаториялық-поликлиникалық ұйымдар және диспансерлер арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ету.

Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерді және оларға теңестірілген адамдарды медициналық қамсыздандыруды Отан соғысының мүгедектеріне арналған Респуликалық клиникалық госпиталь, мамандандырылған облыстық және қалалық ауруханалардың бөлімшелері, сондай-ақ басқа да ауруханалар мен амбулаториялық ұйымдар жүзеге асырады.

Алайда қарт адамдар стационарлық емдлеуге жатпайтынын атап өту қажет. Бұрынғы жедел жәрдем дәрігерлерінің ақпараты бойынша ауруханаларда созылмалы аурумен ауыратын сырқаттарды алмау туралы бұйрық бар – бұл учаскелік дәрігерлердің жұмысы. Аурулары асқынған жағдайда өздері дәрі тағайындап, егіп болған соң үйлеріне жібереді.

в) ҚР қорғаныс, ішкі істер зейнеткерлері

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және ішкі істер министрліктерінің  зейнеткерлеріне арнайы әскери-медициналық  мекемелерде қызмет көрсетіледі. Мұндай ауруханалар немесе онда арнайы бөлімше  не арнайы жабдық болмаған кезде оларға кепілдендірілген медициналық көмек көлемі шегінде мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында ведомстволық тиесілігіне қарамастан мемлекеттік бюджет қаражатының есебінен медициналық көмек көрсетіледі.

ІІМ зейнеткерлері  «Ішкі істер органдары туралы»  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚР ІІМ медициналық мекемелерінде тегін медициналық қызмет көрсетілуіне құқығы бар. ІІБ зейнеткерлеріне медициналық қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 қаңтардағы № 53 қаулысымен бекітілген Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, сондай-ақ ішкі істер органдарының зейнеткерлеріне медициналық және санаторлық-курорттық қызмет көрсету тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады. Ішкі істер органдарының медициналық қызметтері бастапқы медициналық-әлеуметтік және оңалту көмектерін стационарлық емделуде жатқан зейнеткерлерге кепілдендіріген тегін медициналық көмек көлемі шеңберінде жүзеге асырады. Астана мен Алматы қалаларынан тыс жерде тұратын ІІБ зейнеткерлері ІІМ республикалық медициналық денсаулық сақтау ұйымдарында емделуге жіберіледі. ІІБ зейнеткерлерін медициналық қамсыздандыруды қаржыландыру республикалық бюджеттің есебінен жүзеге асыр ылады.

г) Хоспистер

Қазақстан Республикасында  денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасының  басымдығы бастапқы медициналық-санитарлық көмек болып табылады. Ал хоспистер медицинаның тұтас даму бағыты ретінде шет қалуда.

Медбикелік күтіп-бағу үйлері, хоспистер (бикелік күтіп-бағу бөлімшелері) ауруханалардың жанынан ұйымдастырылады. Негізінен қарт және егде жастағы аурулардың емдлеун қолдайтын курстар жүргізуге арналған. Жұмысының негізгі бағыттары білікті медициналық күтіп-бағу, әлеуметтік қызмет көрсету, аурулар мен қарттарды медициналық оғңалту, асқынған және шиеленіскен ауруларға дер кезінде диагноз қою, консультациялық және психологиялық көмек ұйымдастыру болып табылады.

Бұдан басқа, хоспистер  жасына байланысты ауыр науқастағы қарттар  мен өте кәрі адамдарға қызмет көрсету мен емдеуге есептелген, онда ауыр және өлім халіндегі адамдарға көмек көрсетіледі.

Көшпелі дәрігерлер бригадасы емделушілердің үйінде жұмыс істеді, патронаждық бикелер медицниалық тұрғыдан ауруы өте қатты, мысалы – ең төмен сатыдағы онкологиялық аурумен ауыратын үйдегі қарттарды тауып, қызмет көрсетеді. Бұл жерде туған-туысқандарын ауруда қалай күтіп-бағуға болатындығына, оңалту процесінде, өмірдегі түрлі жағдайларда оларға қалай көмектесетіндігіне оқып-үйретеді.

Информация о работе Егде адамдарға медициналық қызмет көрсету және оларға күтім жасау