Егде адамдарға медициналық қызмет көрсету және оларға күтім жасау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 16:40, реферат

Описание

Қартаю проблемалары жөніндегі Вена халықаралық жоспарының 2 ұсынымына сәйкес егде адамдар туралы қамқорлық физикалық, психикалық, әлеуметтік, рухани факторлардың, сондай-ақ қоршаған орта факторларының арасындағы өзара байланысты назарға ала отырып, олардың жалпы хал-ауқатын қамтамасыз етуді болжайды. Сондықтан денсаулық туралы қамқорлық медициналық және әлеуметтік секторларды қамтуы тиіс.

Работа состоит из  1 файл

Егде адамдар.docx

— 415.66 Кб (Скачать документ)

Ішкі әлеуетті іске асыру. Өз әлеуетін жан-жақты іске асыру үшін мүмкіндіктер; білім беру, мәдениет, рухани өмір және демалыс салаларында қоғамның мүмкіндіктеріне қолжеткізу.

Қадір-қасиет. Лайықты және қауіпсіз өмір сүру мүмкіндігі, пайдалану мен дене және психологиялық күштеуге ұшырамау; жасына, жынысына, нәсілдік немесе этникалық тобына, мүгедектігіне немесе өзге де мәртебесіне, олардың экономикалық салымына тәуелсіз әділ қарау құқығы.

1992 жылы БҰҰ-ның Бас Хатшысы Бас Ассамблеяға «Қартаюға қатысты 2001 жылға арналған ғаламдық міндеттер: практикалық стратегия» баяндамасын ұсынды. БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің қарауына ұсынылған әрекеттер Қартаюға қатысты іс-әрекеттердің халықаралық жоспарының басымдық салаларына сәйкес келді және ұлттық инфрақұрылымның, денсаулық пен тамақтанудың, тұрғын-үй мен өмір сүру ортасының, отбасының, білім беру мен бұқаралық ақпарат құралдарының, әлеуметтік игілік пен жұмыспен және демалыспен қамтамасыз етудің негіздеріне бағытталды.

Осы 1992 жылы Қартаю проблемалары жөніндегі Дүниежүзілік Ассамблеяның қартаю проблемалары бойынша іс-әрекеттердің Вена халықаралық жоспарын қабылдауының он жылдығына орай Бас Ассамблея Қартаю проблемалары декларациясын қабылдады. Ол онда егде әйелдерге олардың толық танылмаған қоғамға сіңірген еңбегі үшін тиісті қолдау көрсету үшін қартаю проблемаларына байланысты ұлттық бастамашылықты қолдауға табандылықпен шақырды. Онымен егде ер кісілер әлеуметтік, мәдени және мүмкін олар асыраушы болып жүрген жылдарында дамытып үлгермеген рухани сапаларын дамытуға көтермеленуі тиіс. Онымен отбасылар қарттарға қамқорлық көрсетуде көмек алуы, ал отбасының барлық мүшелері бұған қатысқаны үшін көтермеленуі үшін және онымен 2001 жылға дейінгі кезеңдегі қартаю проблемалары бойынша ғаламдық мақсаттарға жету стратегиясының контексінде халықаралық ынтымақтастықты кеңейту үшін. Онымен егде адамдар масыл ретінде емес, қоғамның дамуына үлес қосушы мүшелер ретінде қаралуы, барлық халық өмірдің соңғы кезеңіне өздерін дайындауы, аға және жас буын экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуда ескі мен жаңаның арасындағы оңтайлы ара қатынасты бірлесіп іздеуі үшін.

Декларация азамзаттың қарттық кезеңге демографиялық кіруін тану құрметіне 1999 жылды Халықаралық қарттар жылы деп жариялады.

2002 жылы Қартаю проблемалары жөніндегі Дүниежүзілік екінші Ассамблеяның қорытындысы бойынша Қартаю проблемалары жөніндегі іс-әрекеттердің Мадрид халықаралық жоспары қабылданды (бұдан әрі – Мадрид жоспары). Құжаттың мақсаты – әлемнің барлық елдерінің қарттарының қауіпсіз және лайықты жағдайда өмір сүруін және қоғам өміріне толыққанды азамат ретінде қатысуын жалғастыруды қамтамасыз ету. Мадрид жоспары саясатты жүргізуге жауапты басшылардың қолындағы олардың назарын жеке және демографиялық қартаю процесіне байланысты негізгі басымдық міндеттерге аударуға көмек беретін практикалық құрал болуға арналған.

Мадрид жоспарының құрамында оны орындауды жүзеге асыру және бақылау бойныша іс-әрекеттер мен шараларға қатысты ұсынымдар бар. Үш негізгі басымдықтар деп мыналар танылды:

1. Егде адамдардың дамуға қатысуы.

Егде адамдардың қоғам өміріне және даму процесіне белсенді қатысуы проблемаларын шешу үшін міндетті түрде егде адамдардың экономикалық және саяси еңбектерін, егде адамдардың барлық деңгейлерде шешім қабылдау процесіне қатысуларын тану.

Жұмыспен толық қамту мақсатына қолжеткізу үшін жұмыс істегісі келетін егде адамдардың барлығын жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.

Білімге, білім беру мен кәсіби дайындыққа қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін бүкіл өміріндегі үздіксіз білім беруге, кәсіби дайындық пен қайта даярлауға, сондай-ақ кәсіптік бағдар мен жұмысқа орналастыру бойынша қызмет көрсетуге қатысты мүмкіндіктер жоспарында тепе-теңдікті белгілеу маңызды. Адам жасы ұлғайған сайын тәжірибенің молаятындығын ескеру негізінде барлық жастағы адамдардың әлеуеті мен арнайы білімдерін толық пайдалануды қамтамасыз ету бойынша шараларды міндетті түрде қарастыру қажет.

Түрлі буын өкілдері арасында ынтымақтықты орнату проблемасын шешу оның әділдік қағидасы және буындар арасындағы өзара көмек көрсету негізінде нығаюынан көрінеді.

Егде адамдар ортасында кедейшілік көлемін қысқарту, кірісті, әлеуметтік қорғауды кепілдендіруді қамтамасыз ету және кедейшіліктің алдын алу мақсатында міндетті түрде барлық жұмысшылардың әлеуметтік қорғаудың/әлеуметтік қамтамасыз етудің базалық жүйесін, соның ішінде, тиісті жағдайларда зейнетақы, еңбекке жарамсыздығы бойынша төлемдер мен медициналық жеңілдіктер алу құқығын пайдалануына мүмкіндік беретін бағдарламаларды іске асыруға ықпал ету керек. Әлеуметтік-экономикалық жоспарда халықтың жағдайы нашар топтарына көңіл аударуды көтеру негізінде егде адамдарды жеткілікті ең аз кіріспен қамтамасыз ету де маңызды болып табылады.

2. Ересек жаста денсаулық қорғау мен әл-ақуатты қамтамасыз ету. Бүкіл өмір бойына денсаулық пен әл-ауқатты нығайту үшін міндетті түрде науқастылық қауіп-қатерін және ересек жаста тәуелділіктің туындауын, салдарларын көтеретін факторлардың жиынтық әсері азаюы тиіс, сондай-ақ егде адамдар ортасында науқастылықтың алдын алуға бағытталған саясатты әзірлеу және егде адамдардың барлығын азық-түлік пен тиісті тамақтануға қолжетімділікпен қамтамасыз ету қажет. Медициналық-санитарлық қызмет көрсетуге әмебап және тең қолжетімділік проблемаларын шешу үшін егде адамдардың денсаулық сақтау жүйесінің қызметтеріне әмбебап және тең қолжетімділікке ие болуын қамтамасыз ету үшін жасына, жынысына немесе тілдік кедергілерді қоса алғанда, өзге де белгілеріне байланысты әлеуметтік және экономикалық теңсіздіктің туындауын жою қажет. Бұдан басқа, қарттардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және оларды осы процеске тарту үшін алғашқы медициналық-санитарлық қызмет көрсету қызметін құру және жақсарту, қарттардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін денсаулық сақтау жүйесі қызметінің толық өрісін құру қажет. Акцент күтіммен айналысатын адамдарды және денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерін кәсіби даярлауға қойылады. Ересек жастағы мүгедек адмдардың қоғам өмірінің барлық аспектілеріне жан-жақты қатысуына ықпал ету және өмірінің барлық кезеңдерінде ең жоғары функционалдық әлеуетін сақтау маңызды міндет болып табылады.

3. Қолайлы жағдай жасау. Тұрғын-үй проблемалары және өмір сүру, қоршаған орта, қарттарды қолжетімді және арзан көлікпен, күтім және күтіммен айналысатын адамдарға қолдау көрсету жағдайлары жаңғыртылады. Сонымен бірге қарттарға, қарттардың келеңсіз таптаурынды өміріне қатысты қамқорлықтың жоқтығы, мейірімсіз қарау және қорлау, қамқорлық жоқтығының барлық нысандарын түп-тамырымен құрту проблемалары түсіндіріледі.

Жоғарыда аталған орнықты халықаралық құжаттармен бірге ішінара егде адамдардың құқықтарына қатысты міндеттер мен басқару қағидалары қабылданды. Бұл құжаттардың қатарында: Әлеуметтік даму туралы Копенгаген декларациясы және 1995 жылы наурызда қабылданған Жоғары деңгейдегі Бүкіләлемдік кездесулердің іс-қимыл бағдарламасы, Пекин декларациясы және Әйелдердің жай-күйі жөніндегі төртінші Бүкіләлемдік конференцияның іс-әрекет платформасы (1995 жылғы қыркүйек), БҰҰ Бас Ассамблеясының 2000 жылғы 1 шілдедегі 24 арнайы сессиясында қабылданған Одан әрі әлеуметтік даму мүддесіндегі бастамашылықтар және 2000 жылғы қыркүйектегі Мыңжылдық саммитінде қабылданған Мыңжылдық декларациясы бар.

Бұдан басқа, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде Қазақстан мынадай келісімдер бойынша зейнетақымен қамтамасыз ету саласында міндеттер қабылдады:

зейнетақымен қамтамасыз ету саласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттер азаматтарының құқықтарын кепілдендіру туралы (1992 жылғы наурыз);

ТМД қатысушы-мемлекеттердің ішкі істер органдары қызметкерлерін зейнетақымен қамтамасыз ету және мемлекеттік сақтандыру тәртібі туралы (1993 жылғы желтоқсан).

Осы келісімдерге сәйкес Қазақстан Республикасы өзіне ТМД елдерінен көшіп келген, сондай-ақ осы мемлекеттердің кез келгенінің аумағында жүрген еңбек өтілін есепке алу бойынша азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету міндетін алады.

Сондай-ақ Қазақстан Үкіметі зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша мынадай екіжақты келісімдер жасады:

  • Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Әзербайжан Республикасы Үкіметі арасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы ытымақтастық туралы (1996 жылғы қыркүйек);
  • Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Байқоңыр қаласы тұрғындарының зейнетақы құқықтарын кепілдендіру туралы (1996 жылғы сәуір).

Бұдан басқа, ТМД қатысушы-мемлекеттерінің 1998 жылғы 15 маусымдағы Үкіметаралық Ассамблеясында тәуелсіз мемлекеттердің парламенттері мен үкіметтерін ұлттық бағдарламаларды әзірлеуді және заңнамалық актілерді қабылдауды, егде адамдардың лайықты өмір сүруіне, өздерінің адамгершілік әлеуетін толық іске асыру қауіпсіздігі мен іс жүзіндегі мүмкіндіктері құқықтарын белгілейтін жағдайларға қол жеткізуді өздерінің саясаты деп санауға шақыратын Егде адамдар хартиясы қабылданды. Атап айтқанда:

  • кепілдендірілген зейнетақы, арнайы төлемақы, лайықты өмір сүру үшін қажетті, жиынтығы күнкөріс минимумынан төмен болмайтын басқа да кіріс көздерін алу, өздерінің жинақ қорлары мен кірістеріне сенімді қорғауға алу құқығы;
  • тәуелсіз мемлекеттер шегінде орын ауыстыруды қоса алғанда, тұрғылықты орынды еркін таңдау құқығы;
  • еңбек ету құқығы;
  • өз жасына дене, адамгершілік және эмоционалдық көңіл-күйі деңгейі үшін оңтайлы қолдауға және қайта қалыптастыруға, белсенді өмір сүру кезеңін ұзартуға мүмкіндіктер беретін ақысыз және сапалы медициналық қызмет алу құқығы;
  • қажет болған жағдайда үйге өмірлік маңызды қызметтер мен күтімдерді, сондай-ақ интернат-үйінің, өмірдің адамгершілік және қауіпсіз жағдайларн қамтамасыз ететін басқа да қамқорлық мекемелерінің қызметтерін пайдалану құқығы, егде адамның негізгі саяси және азаматтық құқықтары мен құндылықтарын сақтау;
  • жалпы білім берудің және кәсіби дайындықтың тиісті бағдарламаларына қатысу құқығы;
  • сайлау және әкімшілік органдарда тиімді өкілдік ету жолымен қоғам өміріне, оның саясатын әзірлеу мен жүзеге асыруға белсенді қатысу құқығы;
  • жастамен өзінің білімімен және тәжірибесімен бөлісу құқығы, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге қатысу;
  • мүшедектердің, егде адамдардың билік органдарында олардың мүдделерін ұсыну және қорғау мүмкіндіктері бар ерікті ұйымдарын құру құқығы, егде адамдардың тынығуын ұйымдастыру.

Қартаю проблемалары жөніндегі Бүкіләлемдік ассамблея шешімінің негізінде 2003 жылғы 16 маусымда Еуразия экономикалық қоғамдастығы ЕурАзЭҚ-қа мүше-мемлекеттердің құқықтық жүйелерінде егде адамдарға қатысты мемлекеттік саясаттың халықаралық қағидалардың имплементациясы бойынша ұсынымдар қабылдады.

Ұсынымдар Еуразия  экономикалық қоғамдастық елдерінде  егде адамдардың БҰҰ-ның енге адамдарға қатысты халықаралық қағидаларына шарттастырылған құқықтарын мемлекеттік қорғау және ынталандыру бойынша іс-әрекеттің жалпы негіздерін белгіледі.

Сонда да, жоғарыда аталған құжаттардың құндылығын түсіретін әлемдік қоғамдастық  егде адамдар құқығы бойынша арнайы халықаралық шарт қабылдаған жоқ. БҰҰ  шеңберінде әзірленген аталған халықаралық  актілердің барлығы шарттан тыс механизм және декларация сипатында болып табылады. Бұл ретте басқа халықтың әлеуметтік қорғауға алынбаған топтарына қатысты арнайы конвенциялар бар: Бала құқықтары туралы конвенция, Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенция және т.б.

Сонымен қатар, арнайы халықаралық шарттың болмауы  БҰҰ-ға қатысушы елдерді БҰҰ-ның егде адамдарға қатысты қағидалары, Іс-әрекеттің халықаралық жоспарлары секілді ұсыныс сипатындағы халықаралық стандарттарды орндаудан босатпайды.

Бұдан басқа, Қазақстан 2005 жылы 21 қарашада ратификациялаған Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық  пакт нормалары міндетті сипатқа ие.

Пактің «Әлеуметтік  сақтандыруды қоса алғанда, әрбір адамның әлеуметтік қамтамасыз ету құқығына» қатысты 9-бабында егде адамдардың құқықтарына ешқандай сілтемелер жоқтығына қарамастан, қартайған шақта жәрдемақы алу құқығын жанама мойындалады. Пактің ережелері қоғамның барлық мүшелеріне толығымен қолданылатындығы фактісі күшінде егде адамдар Пакте танылған барлық құқықтарды пайдалануға құқылы. Бұл көзқарас Қартаю проблемалары бойынша іс-әрекеттің Вена халықаралық жоспарында да олығымен көрсетілген.

Егде адамдардың құқықтарын қорғау арнайы ерекше шаралардың қабылдануын талап ететіндігін  ескере отырып, Пакт қатысушы-мемлекеттердің олардың қолда бар ресурстарының  мүмкіндіктеріне қарай осындай  шаралардың ең жоғары деңгейін қабылдауын белгілейді. Сонымен бірге, Пакт бойынша қандайда бір жоспарлы құжат қабылданған жоқ. Пактті имплементациялау мәселесі әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеу кезінде есептелмейді.

Ұлттық  заңнаманың халықаралық  стандарттарға сәйкестігіне талдау жасау халықаралық  құқық қорғау шарттарын  имплементациялау және стандарттарды есепке алу процесі бүгінгі  күні жүйеленбегенді туралы қорытынды  жасауға мүмкіндік  береді. Мысалы, егде адамдардың құқықтары  саласындағы соңғы  және ғаламдық халықаралық  құжаттардың бірі, бұрын аталып өткен – Қартаю проблемалары жөніндегі Мадрид халықаралық жоспары біздің елімізде мүлдем ұмытылған. Осындаң кең ауқымды оспарлы құжаттың бар екендігін кейбір құқық қорғау ұйымдарыға ғана біледі, Үкіметте Мадрид жоспары қаралмады. Осыған қарамастан Мадрид жоспарын жүзеге асыру қазігі демографялық құрылымның өзгеруіне әсер ету және егде адамдардың дағдылары мен жігерлерін жұмылдыру үшін барлық деңгейлерде тұрақты шаралар қабылдау үшін өте қажет.

БҰҰ Қағидалары да бүгінде  тіптен қолданылмайды, сонда да болса  олар егде адамдарға қатысты кази-конвенцияны ұсынады.

Қамсыз  қарттық қайда  бар?

Елімізде соңғы  он жылда жасы 60-тан асқандардың  үлес салмағы бір пайыздан асыпты. Яғни, «жасы егде тартқан адамдар  көбейді» деген сөз, бұл — өмір сүру деңгейіміздің де жақсара түскені  шығар. Десек те, сол қарттарымыз  қалай өмір сүріп отырғанына тереңірек  үңілсек, түйінді түйткілдерді де аңғармау мүмкін емес. Республикада 2010 жылдың 1 қыркүйек айына жасы бойынша зейнетақы  алатын зейнеткерлердің саны — 1 684 580 адам. Оның 116 188-і еңбек өтілімінің толық болмауынан төменгі зейнетақы  алады. 
Ең төменгі зейнетақының мөлшері қазір 16047 теңге ғана болса, әлеуметтік жәрдемақымен күн көріп отырғандар да аз емес. Осылай зейнетақысы күнкөрісіне жетпей, қалт-құлт етіп отырған қарттарымыз материалдық жағынан қиындықты бастан кешірумен қатар, моральдық жағынан күйзеліске ұшырауда. Олар қарнының ашқанына емес, қадірінің қашқанына жылайды. Өйткені, жалғызілікті қарттар өз алдына, туған балаға керексіз болып, интернат үйінен бір-ақ шыққан қарттар да аз емес. 
 
Қарттарды қорғайтын құрылым керек

Информация о работе Егде адамдарға медициналық қызмет көрсету және оларға күтім жасау