Егде адамдарға медициналық қызмет көрсету және оларға күтім жасау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 16:40, реферат

Описание

Қартаю проблемалары жөніндегі Вена халықаралық жоспарының 2 ұсынымына сәйкес егде адамдар туралы қамқорлық физикалық, психикалық, әлеуметтік, рухани факторлардың, сондай-ақ қоршаған орта факторларының арасындағы өзара байланысты назарға ала отырып, олардың жалпы хал-ауқатын қамтамасыз етуді болжайды. Сондықтан денсаулық туралы қамқорлық медициналық және әлеуметтік секторларды қамтуы тиіс.

Работа состоит из  1 файл

Егде адамдар.docx

— 415.66 Кб (Скачать документ)

Атырау қаласының 2000 жылы құрылған қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйі үлгі тұтарлық. 2001 жылы 1000 орындық жаңа 3 қабатты тұрғын-үй кешені салынған. 2003 жылы интернат-үйдің ескі ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүгізіліп, қайта жаңартылған.

Өкінішке орай, мұндай үлгілі істер өте аз кездеседі  және интенат-үйлердің көпшілігі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Қарттар мен мүгедектерге арналған әлеуметтік объектілерді жобалау және салу жөніндегі құрылыс нормативтері мен ережелері де олардың қозғалу және өз-өзіне қызмет ету мүмкіндіктерін барынша толық ескеру мақсатында қайта қарауды қажет етеді. Мемлекеттік интернат-үйлердің ғимараттары көбінесе күрделі жөндеуді, ішкі құрылғыларды жаңартуды талап етеді. Басты назар аударуды қажет ететін мәселе – ғимараттардың мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қажеттілігіне бейімділігі және қауіпсіздігі.

2) Еркін және өз  бетінше қозғалу үшін жағдай жасау

Адам құқықтары  жөніндегі уәкіл бірнеше интернат-үйлерге барған кезде оларда мүмкіндіктері шектеулі адамдардың тұруына жағдай жасалмағандығы фактілері анықталды: лифтер, пандустар, түсуге арналған жерлер, бейімделген дәретхана орындары. Мысалы, Астана қаласының интернат-үйінде Мүгедектердің құқықтары туралы декларацияның 5-бабының талаптары бұзылған, мұнда лифт мүгедектердің арбасының мен мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған көмекші механизмдердің көлемін ескермеген.

Қызылорда қаласындағы «Мейірімділік» интернат-үйінде мүмкіндіктері шектеулі адамдардың еркін және өз бетінше қозғалуына жағдайлар жасалмаған. Интернат-үйде қамқорлыққа алынушылардың айтуы бойынша бірнеше лифтер көбінесе істемейді және кейбір қамқорлыққа алынушылардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескермейді. Қамқорлыққа алынушылардың барлығының жоғары орналасқан лифтіні шақыру түймесіне қолдары жете бермейді, лифтіден өз беттерінше шыға алмайды.

Бұл фактілер Мүгедектердің  құқықтары туралы декларацияның  мүгедектердің айрықша қажеттіліктері экономикалық және әлеуметтік жоспарлаудың барлық сатыларында назарға алынуы тиістігі туралы 8-бабына және БҰҰ-ның Егде адамдарға қатысты қағидаларының егде адамдар қауіпсіз болып табылатын және жеке әдеттері мен өзгеретін мүмкіндіктері ескеріле отырып бейімделуі мүмкін жағдайда өмір сүру мүмкіндігін иеленулері тиісті туралы 5-қағидасына сәйкес келмейді.

3) Санитарлық-гигиеналық және тұрмыстық жағдай

Көптеген интернат-үйлердегі санитарлық-гигиеналық жағдай қанағаттанарлық.

Көптеген мекемелерде  төсекке қажетті бұйымдардың  жағдайы гигиена талаптарына  сай: төсек бұйымдары 2 аптада 1 рет  ауыстырылады (мысалы, «Астана қаласының  қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі»  ММ), 10 күнде 1 рет не аптасына 1 рет (Шымкент  қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйі).

Барлық интернат-үйлерде душтар, моншалар мен кір жуатын бөлмелер бар. «Астана қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі» ММ-де қамқорлыққа алынушылар аптасына 2 рет моншаға түседі, Шымкент қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйінде аптасына 1 рет барады.

Ережеге сәйкес, мекеме әкімшілігі гигиенаға қажетті  заттармен: сабынмен, тіс пастасымен, кір жуу ұнтағымен және т.б. қамтамасыз етеді.

Көптеген интернат-үйлер мүмкіндігі шектеулі адамдарға бейімделмеген, бұл ондағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды қиындатады. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар өздеріне қызмет көрсете алмайды, көп уақыттарын бөлмелерінде өткізуге мәжбүр, бұл олардың денсаулықтары мен көңіл-күйлеріне әсер етеді. Мысалы, өздерін күтіп ұстау мүмкіндіктері жоқ қарттар тұратын Тараз қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған № 2 интернат-үйінде, Қызылорда қаласының «Мейірімділік» интернат-үйінде және Малотимофеевский интернат-үйінде тұрақты жағымсыз иіс бар, бұл мекеменің әкімшілігі мен персоналы қарт мүгедектердің қажеттілігіне тиісті назар аудармайтындығын куәландырады.

Тиісті бақылаудың жоқтығынан жеке меншік интернат-үйлерде санитарлық жағдай қанағаттанарлықсыз болып табылады. «Намыс» пансионатын тексеру кезінде төсек бұйымдары гигиена талаптарына сай еместігі, бөлмелердің ластығы анықталды.

Қарттарды бөлмелерге орналастыру  кезінде олардың  құқықтарын қамтамасыз ету де проблемалық  мәселе болып табылады. Мысалы, интернат-үйлердің барлығында дерлік 3 адам тұратын бір бөлмеге 3-6 адам орналастырылған. Мұндай жағдай Малотимофеевский интернат-үйінде, Орал қаласының жалпы үлгідегі интернат-үйінде, Астана, Семей қалаларының интернат-үйлерінде және басқа да мекемелерде орын алған. Қарт және мүгедек адамдардың тым тығыз орналастырылуы олардың рухани тепе-теңдік жағдайына кері әсерін тигізеді және көңіл-күйлерін төмендетеді. Сонымен бірге бұл факт БҰҰ-ның Егде адамдарға қатысты қағидаларының егде адамдар қауіпсіз болып табылатын және жеке әдеттері мен өзгеретін мүмкіндіктері ескеріле отырып бейімделуі мүмкін жағдайда өмір сүру мүмкіндігін иеленулері тиісті туралы 5-қағидасына сәйкес келмейді. Тығыз орналастыру қарттардың өздерін жалғыз сезінулеріне және өз істерімен айналысуларына мүмкіндік бермейтін шектеулі жеке кеңістігінің болуы немесе болмауы себепті олардың арасындағы қақтығыс жағдайларын тудыруға себепші болады.

Атырау қаласының  қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйінде бұл мәселе дұрыс шешілген, мұнда тек екі орынды және үш орынды бөлмелер бар.

Шымкент және Павлодар қалаларындағы қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерде арнайы бейімделген дәретхана орындары жоқ. Мекемелердің әкімшілігі бұл жағдайды қаражаттың жоқтығымен түсіндіреді және қажетті материалдарды сатып алуды, сондай-ақ тиісті қаражат деңгейінде мүгедектердің қажеттіліктерін ескере отырып дәретханаларды қайта жабдықтауды жоспарлап отырғандықтарын айтады. Бұл фактілер Мүгедектердің құқықтары туралы декларацияның 8-бабына және БҰҰ-ның қарттарға қатысты 5-қағидасына сәйкес келмейді.

Қарттар мен  мүгедектерге арналған интернат-үйлерді тексеруге жүргізілген мониторинг кейбір интернат-үйлерде жылумен қамтамасыз ету, тұмыстық қызметтерді пайдалануға қол жеткізу секілді талаптармен қамтамасыз ету мәселесіне тиісті назар аударылмайтындығын көрсетті.

Мысалы, «Намыс»  қарттар мен мүгедектерге арналған жеке меншік пансионатына 2005 жылғы  ақпанда жүргізілген прокурорлық  тексеру нәтижелері пансионатта  батареялар жарылып, қамқорлыққа алынған 84 адам төрт күн бойы +3-5 градус Цельсий  жылулықта өмір сүргендігін көрсетті. «Намыс» пансионатының директоры әкімдікке апат туралы және тиісті коммуналдық қызмет туралы хабарламаған.

Интернат-үйлердің барлығында дерлік электр қуатын өшіріп тастау кездеседі. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар қамқорлыққа алынушылардың қажеттіліктері үшін электр энергиясын үзіліссіз беруді қамтамасыз ету мақсатында интернат-үйлерін энергиямен қамтамасыз етудің бірінші санатына көшіру мәселесін қарауы тиіс.

4) Киіммен, аяқ киіммен  қамтамасыз ету

Мемлекеттік интернат-үйлердің көпшілігінде қамқорлыққа алынушылардың киімдері мен аяқ киімдерінің жағдайы қанағаттанарлық. Киімді жылына бір немесе екі рет не қажетіне қарай береді.

Бұған қоса, Шымкент және Орал қалаларындағы  қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерде тұратын адамдарға жүргізілген сауалнама киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз етуді жақсарту қажеттігін анықтады.

ҚР Бас проуратурасының мәлімдеуі бойынша, Қарағанды облысы «Қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған Жезқазған интернат-үйі» ММ-де психоневрологиялық профильді мекемелерде болуы тиіс 62 ауру жатқан бөлім бар. Бұл аурулар прокурорлық тексеру жүргізу барысында төсек жабдықтарымен толық қамтамасыз етілмеген және тиісті киімдері мен аяқ киімдері болмағандықтан қыста интернат ауласына шығу мүмкіндіктері болмаған.

Адам құқықтары  жөніндегі уәкіл Қызылорда қаласындағы  «Мейірімділік» интернат-үйіне барған кезде жиһаздардың ескі екендігі, ауыстыруды қажет ететіндігі анықталды. Интернат-үйі әкімшілігінің айтуы бойынша төсек жабдықтары аптасына 1 рет ауыстырылады, ал киім жартыжылда 1 рет немесе қамқорлыққа алынушылардың өтініші бойынша беріледі.

Сонымен бірге қамқорлыққа  алынғандардың киімдері ескі, ұқыпсыз көрінеді. Олардың айтулары бойынша, әкімшілік оларға жаңа киімдер, аяқ киімдер, бас киімдер бермейді.

5) Зейнетақымен қамтамасыз  ету

Интернат-үйлермен танысу барысында анықталғандай, қамқорлыққа алынғандардың зейнетақы алуы кезінде егде адамдардың құқықтарын өрескел бұзуға жол беріледі.

Тараз қаласының  № 2 қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйінде тұратын қамқорлыққа алунышыларға сауалнама жүргізген кезде, С. Есіпқалиев пен Әбелевтер олардың зейнетақыларын ұстап қалғандығын көрсеткен. Малотимофеевский интернат-үйінде интернатта тұратындардың жалпы жиналысының шешіміне сәйкес мемлекеттік қамқорлыққа алынушылар зейнетақысының 70%-ін аударып тұратын демеушілік есепшот болған. Бұл жағдай интернат-үйде тұру ақылы болғандығын (зейнетақының 70%-і көлемінде) және онда тұратын егде адамдардың өз зейнетақыларын интернат-үйі әкімшілігінің басқаруына тәуелді болғандығын білдіреді.

Мұндай жағдай Алматы облысындағы қарттар мен  мүгедектерге арналған Текелі, Қапшағай және Сарқанд интернат-үйлерінде де кездескен. Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының прокуратуралары 2005 жылы жүргізген тексеру барысында қамқорлыққа алынушылар қабылданған кезде интернат басшылары оларды зейнетақы мен жәрдемақылардың 70%-і мекеменің материалдық-тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін интернат-үйлерінің есебіне аударылатындығы туралы шарттарға қол қоюға міндеттегендері анықталды. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық қарттар мен мүгедектерге арналған Бірінші мамыр интернат-үйінде әкімшілік қарттардың ай сайынғы зейнетақысының 50%-ін, Бородулихинский интернат-үйінде – 70%-ін, «Өскемен интернат-үйі» ММ-де – 20%-ін, Сотүстік Қазақстан облысы «Қарттар мен жалпы профильді мүгедектерге арналған Смирновский интернат-үйі» ММ-де – 70%-ін төлеттірген. Бұған қоса, әкімшілік, мысалы, Бірінші мамыр қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйінің әкімшілігі қамқорлыққа алынушыларға заң талаптарына сәйкес мекеменің қажеттілігіне ақша төлеуге міндетті екендіктері туралы ақпар таратып, оларды адастырған.

«Намыс» пансионатында 2004 жылға дейін мекеме директоры  өз тарапынан тиісті күтім мен тамақтандыруға кепілдік бере отырып, қамқорлыққа алынушылармен олардың зейнетақысының 80%-і пансионат есепшотына аударылатын шарт жасасып келген. Алайда 2004 жылдан бастап пансионат директоры шарт жасамастан зейнетақының 90%-ін тартып алған, ал онда тұратындар ай сайын өздеріне азық-түлік сатып алатын 1 мың теңге ғана алған.

6) Келушілермен сөйлесу  құқығы

Үлгі ережелерге сәйкес интернат-үйлер келушілерді қабылдау жағдайын қамтамасыз етулері тиіс.

Адам құқықтары  жөніндегі уәкіл аралап шыққан интернат-үйлердің барлығында да қамқорлыққа алынушыларға туыстары мен таныстары келе алады, оларды қажетіне қарай қалаға барып келе алады. Тек № 2 қарттар мен мүгедектерге арналған Тараз интернат-үйінде ғана мұндай жағдай жасалмаған, мекеме директоры қамқорлыққа алынғандардың туыстарының келуіне тыйым салған, сондай-ақ ғимаратқа баспасөз өкілдерінің кіруіне де шек қойды (Галина Выборнованың «Время» газетінің 2006 жылғы 13 сәуірдегі 14-нөмірінде жарияланған «Явление второе» атты мақаласы).

Барлық интернат-үйлерде онда тұратындарға телефон байланысы рұқсат етілген.

Шымкент қаласындағы  қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйінде тұратындарға уақытша (2 аптаға дейін) туыстары мен жақындарының үйінде тұруға рұқсат етілген, бірақ та олардың көбісі жалғысьастылар және жақын туыстары жоқ адамдар.

Сонымен бірге интернат-үйлерге қоғам – үкіметтік емес үйымдардың өкілдерінің еркін кіре алмайтындығын атап өту қажет.

 
  

7) Ұлы Отан соғысына  қатысушылар және  ардагерлер

Интернат-үйлерде Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен ардагерлерге ерекше назар аударылады. Үлгі ережелердің 9-тармағына сәйкес, Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар заң бойынша оларды асырауға және оларға қамқорлық көрсетуге міндетті жақын кәмілетке толған еңбекке қабілетті туыстарының болуына тәуелсіз интернат-үйлерге бірінші кезекті тәртіпте қабылданады. Бұған қосымша интернат-үйлердің әкімшілігі олардың тұруы үшін айрықша жағдай жасайды. Мысалы, Астана қаласының интернат-үйінде Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен ардагерлердің барлығы да бір орынды бөлмелерге орналастырылған.

Бұған қоса ҰОС-на қатысушылар  мен ардагерлерге тек интернат-үйлерінің әкімшілігі тарапынан ғана емес, сонымен бірге қоғам тарапынан да тиісті назар аударылмай отыр. Негізінде олар атаулы күндерлі мерекелеу кезінде ғана назар аудару объектісі болып келеді.

8) Бейімделу проблемалары

Интернат-үйге қабылданған қамқорлыққа алынушылар үшін алғашқы айлар аса қиын болып табылады. Егде адамдар жарты жылға дейін дағдарысты жағдайды бастан өткереді. Алғашқы күндері бұл интернат-үйге түсумен, тұратын орнын өзгертумен, өмірлік таптаурынның ауысуымен, басқа біреулердің көмегін қажетсінумен байланысты болады. Қабылданған бір ай ішінде бөлмелерге орналастыру мәселесі шешіледі. Бұл ретте жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас, психологиялық үйлесімділік мәселелері туындайды.

Информация о работе Егде адамдарға медициналық қызмет көрсету және оларға күтім жасау