Әлеуметтік жұмыс және психология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 17:32, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты. Курстық жұмысты оқырмандарға дұрыс жеткізу үшін бірнеше мақсаттар көзделеді. Олар:
- әлеуметтік, психологиялық көмекті қажет ететін азаматтарды анықтау;
- әлеуметтік жұмыста жүргізілетін психологиялық көмектерді әдістемелер арқылы заң бойынша дұрыс бөлу;
- психологиялық көмектердің түрлерін анықтап талдау;
- психологиялық көмектер қандай жағдайда қажет екенін анықтап білу;

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3-4
II.Негізгі бөлім
1.Әлеуметтік жұмыстағы психологияның орны.................................................5-11
1.1. Әлеуметтану, психология ғылымдарының түсінігі, байланысы..................5-6
1.2. Психо-әлеуметтік іс-әрекет, әлеуметтік жұмыс жүйесінде алатын орны мен рөлі.............................................................................................................................7-8
1.3. Әлеуметтік жұмыстың психологиялық негіздері….....................................9-11
2. Асырап алушы ата-аналар мен балаларға әлеуметтік-психологиялық зерттеу жүргізудің негіздері.............................................................................................12-35
2.1.Институализация жағдайларында баланың дамуының психологиялық ерекшеліктері........................................................................................................12-17
2.2. Балаларды әлеуметтік-психологиялық зерттеу негіздері..........................18-22
2.3. Баланың асырап алушы отбасына кіруге әлеуметтік-психологиялық дайындығы............................................................................................................23-27
2.4.Асырап алушы отбасына әлеуметтік-психологиялық жол көрсету..........28-35
III.Практикалық бөлім.....................................................................................36-37
IV.Қорытынды бөлім..............................................................................................38
VI.Қолданылған әдебиет тізімі..............................................................................39
Қосымша..............................................................................................................40-43

Работа состоит из  1 файл

АЖ и психология.doc

— 180.50 Кб (Скачать документ)

-         әлеуметтік сезімдерінің қалыптасуы;

-         қауіп деңгейі;

-         басқыншылық деңгейі;

-         ырықсыздық деңгейі.

Қатынас ортасының ерекшеліктері:

-         қатынасты жете білу деңгейі;

-         өзінің іс-әрекеттерін серіктестерінің іс-әрекеттерімен келістіре білу;

-         жанжалдық жағдайларын шешу дағдыларының болуы;

-         әлеуметтік нормалар мен ережелер жүйесінде бағыт бағдар таба білу.

Бала қажеттіліктері:

-         басты физиологиялық қажеттіліктердің қанағаттану деңгейі;

-         әлеуметтік қажеттіліктердің қанағаттану деңгейі; (сүйіспеншілікте, достықта, адамдармен қарым-қатынаста);

-         өз-өзін дамыту қажеттіліктерінің қанағаттану деңгейі (өзінің мүмкіндігі мен мүмкіншіліктерін дамытуда).

Диагностика әдістері:

1.      Жеке әңгімелесу (интервью):

      бала жөнінде жалпы ақпарат;

      баланың қызығушылығы мен әуестенуі;

      баланың қажеттіліктері мен сезімдік жағдайы.

2.      Тәрбиеші анкетасы.

3.      Әлеуметтік қызметкердің, психологтың және медицина қызметкерінің анкетасы.

4.      «Әдемі сурет» әдістемесі.

5.      «Шварцландердің моторлық сынау» әдістемесі.

6.      Жеке сапа жөнінде балалық сауалнама.

7.      Айзенк сауалнамасы.

8.      «Адам суреті» әдістемесі.

Асырап алушы ата-аналарды потенциалды әлеуметтік-психологиялық тексеру

Асырап алушы ата-аналарды іріктеу белгілерін анықтау көптеген жағдайларда қызмет жұмысының мақсаты мен міндеттеріне байланысты. Не маңызды екенін білу қажет: тез арада көптеген балаларды орналастыру немесе сәтсіз орналастыру санын азайту. Іріктеу белгілері мақсаттарға сәйкес елеулі айырмашылықта болуы мүмкін.

Потенциалды ата-аналарды/тәрбиелеушілерді бағалау үш бағытта орындалады:

-         асырап алушы ата-аналардың/тәрбиелеушілердің дәлелді деңгейінің бағасы;

-         ата-аналардың мүмкіндіктерін бағалау;

-         асырап алушы ата-аналардың/тәрбиелеушінің баланы отбасына қабылдап алуға психологиялық тұрғыда дайын болуын бағалау.

-         Асырап алушы ата-аналардың/тәрбиелеушілердің мотивациясын бағалау

Асырап алушы ата-ана боламын деуші кандидаттардың келесі тобын бөліп көрсетуге болады:

-         отбасы құрылымын өзгертуді қалау (туған балаларының болмауы, көп балалы болуды, отбасының жыныстық құрылымын өзгертуді армандау, «бос ұя» синдромы);

-         өзін-өзі дамыту (өзін кәсіпкерлік дамыту, біреуді сүю);

-         адамгершілік көмек көрсету себептері (күйсіз қалған балаға көмек көрсету, қоғамның әділетсіз құрылымын өзгерту және т.б.);

-         отбасына қосымша құралдарды алу мүмкіндігі.

Артықшылыққа ие отбасылар:

      Соңына дейін қолданылмаған ата-аналық потенциалын іске асыруы, өйткені туған балалары ержеткен.

      Отбасында бір баладан көп бала болғанын қалайтындар.

      Жалғыз адамдардың толық отбасы құруды қалайтыны.

      Туған балалары жоқ отбасыларға.

Мұндай ата-аналардың арнайы дайындықтан өткеннен кейін өзінің ата-аналық қабілетінің дамуымен қоса оларда өзінің балаға деген байланысы айқындалады, болашақ үшін жауапкершілгі қалыптасады.

Асырап алушы ата-аналардың/тәрбиелеушілердің ата-аналық мүмкіндіктерін бағалау

 

 

 

 

 

 

Көрсетілген баланың қажеттілігін қанағаттандыру үшін асырап алушы ата-аналардың/тәрбиелеушілердің келесі ата-аналық қабілеттері болуы керек:

-         баланың денсаулығын сақтау қабілеті

-         баланың білім алуға көмек көрсету қабілеті

-         баланың өзіндік дамуына көмек көрсету қабілеті

Асырап алушы ата-аналардың/тәрбиелеушілердің баланы отбасына қабылдап алуға психологиялық дайындығын бағалау.

Кандидаттың баланы отбасына қабылдауының психологиялық дайындығын бағалау келесі бағыттарда жүргізіледі:

      өзіндік ерекшеліктерін анықтау;

      өзіндік қарым-қатынас диагностикасы;

      отбасындағы қарым-қатынастар.

Асырап алушы ата-аналардың/тәрбиелеушілердің ата-аналық мүмкіншіліктерін және  баланы отбасына қабылдап алуға психологиялық дайындығын бағалауды әлеуметтік қызметкер және психолог жүргізеді.

Бағалау әдістері:

-         Диагностикалық сұхбат

-         Арнайы тесттер, сауалнамалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Баланың асырап алушы отбасына кіруге әлеуметтік-психологиялық дайындығы

Баланы отбасына беру және дайындау кезеңдері

Дайындық жұмыстарын жүргізу баланың жаңа отбасында ойдағыдай бейімделуінің түрі деп санауға болады. Баланы жаңа отбасына кіруге дайындаудың анықталған этаптары бар.

1. Ең алдымен, баланың алғашқы орналасқан мекемесінде оның дамуының кешенді диагностикасы жүргізіледі. Педиатр, психоневролог және басқа да дәрігерлер оның қазіргі кездегі денсаулық жағдайын зерттейді; дефектолог және логопед оның таным ықыластығын, сөз даму деңгейін, оқу мүмкіндігін зерттейді, психолог - психикалық дамуы мен денсаулығының деңгейі мен күйін зерттейді. Бұл кезеңде ең бастысы әлеуметтік қызметкер баланың өткен өмірі, оның отбасы, отбасынан айырылғаны, құқықтық жағдайы жөнінде ақпараттар жинауы тиіс.

Мамандардың жасаған қорытындысын негізге ала отырып, баланың жеке тұлға ретінде дамуы, оқытылуы, емделуге мұқтаждығы мен қажеттіліктері анықталып қана қоймай, сонымен қатар болашақ өмірі жоспарланады. Қамқорлық мекемесі отбасын қолдау қызметімен бірлесе отырып баланың құқығын қорғау жоспарын құруы тиіс.

Алынған деректер негізінде ересектер жиылысы баланың одан арғы тағдырын талқылайды, баланы жаңа отбасына тапсырылуын немесе баланың құқықтық, денсаулық және психологиялық жағдайы тапсыруды қазіргі уақытта жасалуына кедергі болатындығын шешеді. Сосын баланың одан арғы тағдыры жөнінде шешім қабылданады: асырап алына алатындығы, қамқорлыққа немесе асырап алушы отбасына тапсырылатындығы немесе бала мемлекеттік жетім-балалар мекемесінде болатындығы. Баланың тағдырын шешу кезінде, жақсы, тәртіпті балаларды жібермей, ең алдымен тәртіпсіз, бұзақы балаларды отбасына тапсыруға тырысатын, баланы қоршаған ересектердің қажеттіліктері емес, ең маңыздысы баланың қажеттіліктері ескерілуі қажет. Бұндай жағдайларды болдырмау үшін бала дамуының кешенді диагностикасы қажет.

2. Бұл кезеңде баланың жаңалауына жәрдем болатын жағдайларды құру өте маңызды.

Баланы өмірге дайындау кезінде балаға оның өткен өмірінің тарихын, отбасынан балалар үйіне ауысуын және болашағын айқындап құрып беру маңызды. Бұл балалардың өздерінің өмірінде болған өзгерістерді және алдарында қандай болашақ келетінін түсінуі үшін жасалады. Олардың ата-анасымен неге бірге тұра алмайтындығын және өміріндегі өзгерістердің неден пайда болғандығын түсіндіру маңызды. Ол үшін психологтар келесі әдістерді қолдануды ұсынады: бала өмірінің кітабын құру, баланың өмірлік жолы жайында әңгімелесу және белсенді тыңдау әдістері, баланың өміріне ұқсас келетін әңгімелерді қайталап айту және т.б.

Бала 6 жасқа келгеннен кейін, оған биологиялық және психологиялық ата-ана айырмашылығын түсінуге көмектесу, және де болған оқиғада оның ешқандай кінәсі жоқ екенін түсіндіру қажет. Баланың биологиялық отбасымен тұра алмайтын себептерді  бала санасына дейін жеткізу керек. Жаңа отбасына тапсырыла алатын балаға былай деп түсінік беруге болады: «Сен өсіп келесін, сенің сұрақтарың, сұраныстарың да көп, сондықтан сені біз қамқорлыққа алдық. Саған қамқоршы боламын дейтін басқа да ересек адамдар бар, біз оларды іздеп табамыз (таптық)» және осы ой оның санасында қалыптасуы тиіс.

Балалар мекемелеріндегі жұмыстың дайындау кезеңіне, өткен өмір тәжірибесін қайта ойлап түсінуге көмектесетін арнайы терапевтік, психологиялық-педагогикалық жұмыстар кіреді. Осымен бірге психологтар мен оқытушылар баланың сезімдік ерекшеліктерімен, теңбе-тең іс-қимылдарымен, өзін-өзі қабылдау өзекті проблемаларымен жұмыс жасайды, баланың білімділік деңгейінің, зияткерлік өрісінің дамуындағы кемшіліктерді, педагогикалық қараусыздығын түзелтеді. Бұл кезеңде балада жаңа отбасында өмір сүруге қажетті дағдылардың және өзін-өзі бақылау, рефлексия, қатынас дағдыларының қалыптасуы жүреді.

Дайындаудың бұл кезеңінде қорқыныш сезімін азайтуға бағытталған жұмыс жүргізілуі тиіс. Осы кезеңдегі дайындаудың маңызды мағынасы, бұл баланың күтетін жағдайларын басқару. Көптеген балаларда демалыс күндерінде отбасында болған және де, қызметкерлердің үйлеріне қонаққа барған кездерінде отбасының мерекелік бейнесі қалыптасады. Балалар жаңа ата-ананың жақсы болатынына, баланың қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз ететініне үміттенеді.

Балаға отбасын таңдау үшін, баланың байланыстары мен оның не күтетінін білу керек. Баладан бір үйде кіммен тұрғысы, көрші ретінде кімді көргісі келетіндігі жайында сұралады. Отбасы бейнесін қалыптастыру үшін кітаптар, өлеңдер, әңгімелер, қол астындағы ақпарат құралдарын, баланың өткен және болашақ өмірі туралы әңгімелесулерді қолдануға болады.

Осы әдістердің барлығы баланың жаңа күйін ауыртпалықсыз өткізуге, оның жаңа отбасы боламын деушілер бар екендігіне көз жеткізуге көмегін тигізеді.

3. Баланың биологиялық ата-анасын орнына ата-ана боламыз деуші отбасы табылған кезде дайындаудың келесі кезеңіне өтеміз. Баланың жасына қарай жұмыстың әдістері мен мазмұны анықталады. Бұл жерде екі сатыны бөлуге болады:

Сырттай танысу.

Бұған көп уақыт бөлінбегенімен, көптеген нәрселерді жасауға болады. Талдау мәселесі баланың жасына байланысты. Хаттар және суреттер алмасу – кеңінен таралған түрі. Бала таныс адамдар мен бөгде адамдар айырмашылығын біле бастағанда, оған асырап алушы ата-аналарының суреттерін көрсете бастау керек. Ол суреттер үлкен болғаны дұрыс, дара және бірге. Болашақ ата-аналар балаға бір ойыншық жіберсе және кейін келгенде өздерімен бірге тура сондай бір ойыншық ала келсе, балаға көрсетіп ойнаса жақсы.

Жеке танысу.

Бұл этаптың ойдағыдай өтуі бірінші кездесудің уақыты мен өтетін жеріне байланысты. Баланың ерекшелігіне, мекеменің жағдайына байланысты алғашқы кездесу өтетін жер таңдалады.

Сұрақтардың толығымен рәсімделуіне дейін (тапсыру келісім шарты құрылуы, сот шешімі немесе қамқорлықты тағайындау жөнінде шешім қабылдануы) бала болашақ ата-анасының үйінде тұруы әбден мүмкін, егер қарама-қайшылықтар туындаса балаға жақын ересек адамы делдал ретінде жұмыс атқарады. Болашақ ата-анасымен қатынастарды, алғашқы байланысты орнатуға  бірге уақыт өткізу (ойын ойнау, кітаптарды оқу, теледидар көру), тамақтану кездері үлкен жәрдемін тигізеді.

Асырап алуға дайындау тәжірибесінде жаздық демалыс кездерінде балалардың асырап алушы отбасыларында болуы қарастырылған. Бұл балалардың жаңа ересек адамдармен жақын танысуына, отбасы өміріне қосылуына мүмкіндік береді. Ересек адамдардың баланы жақсы танып білуіне, шешім қабылдауына мүмкіндік туғызады. Осының барлығы балаға жаңа ата-ана іріктегенде қателік жібермеуді қамтамасыз етеді.

Баланың жаңа отбасында бейімделуі

Баланың жаңа отбасында бейімделуіне отбасын қолдау орталығының мамандары көмектеседі. Осы кезеңде бала мен ата-аналарға көмек көрсету үшін, бейімделу процесінің ерекшеліктерін жетік білу қажет.

Жаңа деңгейге түскенде асырап алынушы бала мен оның жаңа ата-анасы бейімделу күйінде болады. Бейімделу дегеніміз – адамдардың бір-біріне, өзгерген жағдайларға, мән-жайларға үйренуі.

Жаңа отбасындағы бейімделу екі жақты болып келеді, өйткені жаңа жерге келген бала да  тұрмыс жағдайлары өзгерген ата-ана да бір-біріне үйренеді.

Балаларда бейімделу әр түрлі болып өтеді. Бұл жерде көбіне баланың жасына және мінез құлқына байланысты. Баланың өткен өмірі маңызды рөлге ие. Бірінші сәбилер үйінде сосын балалар үйінде өскен баланың жаңа отбасына бейімделуі, бұрын отбасында өскен сосын балалар үйіне келген баланың жаңа отбасына бейімделуінен айырмашылығы үлкен. Олардың әр қайсысының алғашқы көңіл күйі түрліше болады. Олардың біреуі көзіне көрінгеннің бәрін қолымен ұстап, көзімен көруге ұмтылады, егер де қасында басқа адам болса, қоршағанның бәрін көрсетуін және түсіндіруін сұранады. Біреулері жаңа жерде қорқып ересек адамға тығылады, жаңадан көрінген әсерлерден қорқа бастайды. Тағы біреулері заттарға қарап, оларды ұстауға, қозғауға қорқып тұрады. Ересек адамнан бір затты алғанда, оны өзіне қысады немесе бір жерге тығып қояды, ол затты жоғалтуға қорқады.

Біріншіден, баланы қорқытатындай және жағымсыз сезімдер пайда болатындай  жағдайларды туғызбау қажет. Ол бұрын бала көрмеген үй жануары да болуы мүмкін. Баланың отбасы мүшелеріне деген әрекеті де әр түрлі болуы мүмкін. Біреулері ата-ананың екеуіне де бірдей көз қараспен қарайды. Көптеген жағдайда бала ата-ананың біреуін екіншісінен көбірек бағалайды. Біреулері - әкесін таңдап, анасына көңілін аз аударады, ал басқалары керісінше, әйел адамға тартылады, үшінші біреуі әжесіне тартылуы мүмкін.

Информация о работе Әлеуметтік жұмыс және психология