Банкке тартылған қаражаттар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2012 в 22:06, курсовая работа

Описание

Банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операцмялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы банктік ресурстар болып табылады.
Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:
1. Банктің меншікті капиталы

Содержание

Кіріспе ………………………………………………………………………
I Бөлім. Меншікті капиталдың маңызы, орындайтын функциялары мен құру тәртібі
1.1. Банктің мешікті капиталының құрылымы…………………………....
1.2. Банктің меншікті капиталы мен оның қызметі.....................................
1.3. Банктің жарғылық капиталының құру тәртібі......................................
1.4. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі......................................
II Бөлім. Депозитті теориялық тұрғыдан сипаттау
2.1.Депозит туралы түсінік.................................................................
2.2.Депозиттің сыныпталуы...............................................................
III Бөлім.Депозиттік операцияларды дамыту жолдары...............
Қорытынды ..................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер ..............................................

Работа состоит из  1 файл

БАНККЕ ТАРТЫЛҒАН ҚАРАЖАТАР ЕСЕБІ.doc

— 296.00 Кб (Скачать документ)

-         кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардың шоттарына;

-         жергілікті билік ұйымдарының шоттарына;

-         қаржылық мекемелердің шоттарына;

-         шетелдік азаматтардың шоттарына.

Талап етуіне дейінгі депозиттер - бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.

Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар жатады:

-         мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;

-         әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;

-         есеп айрысудағы қаражаттар;

-         жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;

Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады.

Талап етуге дейінгі депозиттік шоттарға қаражаттар , шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.

Ал, кемшілігі - бұл шот бойынша пайыз мүлдем төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың төмендегідіей өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:

-            ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге асырылады;

-            Бұл депозиттер есебінен қолма-қол ақша мен чекпен аударымдар жүргізуге болады;

-            Шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе коммиссиондық ақы алып отырады;

-            Банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды үшін өте төменгі деңгейгі пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;

-            талап етуге дейінгі депозиттер бойынша, коммерциялық банк Орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.

-            Бұл депозиттің үлес салмағының көбеюі, банктің өтімділігіне деген талаптарды күшейте түсіреді және банктің өтімділігін басқару кезіндегі де күшейе түседі;

-            Бұл депозиттердің тарту шығындары аз болып келеді, яғни пайызы төмен болып келеді.

Мерзімді депозит - бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.

Бұл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша алынуы мүмкін. Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылмайды, бірақ қолма-қол ақша түрінде еркін аударылады. Егер мерзімге дейін бұл салымды алатын болса, онда шот иесі айып пұл төлеуге міндетті.

Бұл салымның ерекшелігі - талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда, оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді

Депозиттің бұл түрін алдын ала хабарлау негізінде немесе уақыты жеткен кезде салым иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы алуға болмайды. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады.

Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:

Меншікті мерзімді депозиттер;

Алдын алуы ескертілетін мерзімді депозиттер.

Меншікті-мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:

30 күнге дейінгі:

30-90 күнге дейінгі;

90-180 күнге дейінгі;

180 күннен 360 күнге дейінгі;

360 күннен жоғары.

Мерзімді депозиттер бойынша, салым иесінен алдын ала хабарлау депозиті бойынша міндетті түрде өтінішін талап етеді. Өтініш беру уақыты алдын ала келісіледі және депозит бойынша, соған сәйкес пайыз белгіленеді. Әдетте, алдын ала алуын хабарлау мерзімі жеті күннен жоғары болып келеді.

Мерзімді депозиттердің мынадай ерекшеліктері болады:

-         есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;

-         шоттағы қаражат баяу айналады;

-         тұрақты пайыз төленеді;

-         пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Ұлттық банкі тарапынан реттеліп отырады;

-         ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі;

-         бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер белгіленеді;

-         бұл депозиттерді мерзімі өткенше трансакциялық мақсатқа жұмсауға болмайды;

-         Мұндай депозиттер шотынан қажетті уақытта, қажетті мөлшерде ақша алуға болмайды.

Тағы бір кеңінен таралған депозиттердің түрі – жинақ салымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.

Банктер үшін мұндай шоттар қосымша жұмыстарды талап етеді: операцияны рәсімдеу қиынырақ, кітапшаны жоғалту және ұрлатып алу жағдайына сай екі жақты тіркеу енгізу қажет және т. б. Компьютердің көмегімен жасалған жеке бет шоты туралы көшірмесі негізінде жинақ салымдары мен басқа салымдарды ауыстыруға мүмкіншілік бар.

Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозитті ресурстардың біршама тұрақты бөлігін білдіреді.

Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді. Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.

Жинақ салымдарының төмендегідей ерекшеліктері болады:

-         ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзім болмайды;

-         шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандай да ескерту талап етілмейді;

-         ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талап етіледі.

Отандық банктік тәжірибеде жинақ шоттар тек жеке тұлғаларға ғана ашылады. Ал, шетел тәжірибесінде мұндай шоттар коммерциялық емес ұйымдарға және іскер фирмаларға ашыла береді.

Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдары салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай төмендегідей түрлерге бөлінеді:

-         мерзімді жинақ салымдары;

-         қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;

-         ұтыс салымдары;

-         ақшалай-заттай ұтыс салымдары;

-         мақсатты және ағымдық салымдар;

-         алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;

-         валюталық салымдар.

Мерзімді жинақ салымдарға тұрақты мерзімі белгіленетін және сол мерзім өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарына басқа жинақ салымдарға қарағанда жоғарғы мөлшерде пайыз төленеді.

Қосымша жарна қосатын салымдар - бұл шоттағы қаражатқа алдын ала келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға болатын салымды білдіреді. Бұл шотта жинақталынған соманы белгілі бір күнде (жаңа жылдық салым, бойжеткен кезде және т. с . с.) толық төленеді.

Ағымдық жинақ салымдар, негізінен, жалақы, зейнетақы, үздіксіз төлемдерді төлеу үшін жинақталатын және пайдаланылатын қаражаттарды білдіреді. Мұндай салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді.

Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.

Депозиттік және жинақ сертификаты - бұл салым иесіне белгілі мерзім өтен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куәландыратын банк эмитенттің жазбаша куәлігі.

Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып келеді:

Атаулы сертификаттар;

Мәлімдеуші сертификаттар.

Атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің атына толтырылып беріледі. Ал, мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты-жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.

Депозиттік және жинақ сертификаттар сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметін атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбінесе ірі сомада шығарылатындықтан да, оларды заңды тұлғалар сатып алады.

Әлемдік банктік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай екі түрі бар:

-         Аударылатын;

-         Аударылмайтын.

Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.

Аударылатын депозиттік сертификаттар басқа бір тұлғаларға екінші нарықта сатып алу - сату арқылы өтеді.

Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналып шығарылады. Жинақ сертификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзім аралығын құрайды. Жинақ сертификаты да жеке тұлғаларға ғана беріледі.

Мерзімді депозиттік және жинақ сертификаттары мерзімінен бұрын төлеуге ұсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайда банк сертификатты сатып алады, бірақ төменгі мөлшерде пайыз төлейді. Коммерциялық банктер үшін бұл сертификат ресурсты жинақтау тиімділігімен, яғни ірі соманың белгілі бір мерзімге түсуін сипаттайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III Бөлім. Депозиттік  операцияларды  дамыту  жолдары

 

Еліміздегі қалыптасқан банктердің депозиттік операциялары қазіргі таңда даму үстінде өзімізге белгілі депозит банктердің негізгі ресурс көзі болып табылады. Бұл ресурстардың көбеюі, қосымша несиелік ресурстардың көбеюін қалыптастырады.

Депозиттік операциялардың дамуна әсер ететін бірден – бір көрсеткіш, бұл халықтың сенімділік дәрежесін арттыру үшін банктер өз алдына осы бағытта арнайы стартегиялар қабылдау қажет Шетел тәжірибесіне жүгінсек , банктер туралы қарапайым халық толық ақпаратқа ие. Олардың балансын, тартылған қаражаттар көлемін , сыйақы мөлшерін толық бөледі. Ал біздің елде кейбір банктерден басқа банктер өз балансын жарияламайды. Қазіргі таңда кезкелген ел тұрғынынан депозит туралы сұрасақ және қай банкке сенімділігін сұрасақ жауап бере алмайды. Сондықтан осы проблеманы жою үшін банк арнайы маркетингтік зерттеу жүргізіп, үнемі призентациялар, бұқаралық ақпарат құралдары мен сұқпат өткізіп, баспа беттеріне жариялау керек. Ашық ақпарат бар жерде сенімділік те бар.

Елде депозиттік операциялардың дамуына кедергі жасайтын тағы бір көрсеткіш халықтың әлеуметтік жағдайы. Онсыз да бір айлықтан екінші жалақыға өз шығындарын зорға өтеп отырған халық депозит салуды ойламайды да. Бұл тұрғыдан мемлекеттің және банктердің стратегиясын дамыту қажет. Мемлекет тарапынан айлық көлемін өзгерту, әлеуметтік көмек көлемін ұлғайту болса, банк стратегиясы, мысалы басқа операциямен ұштастыру болып табылады. Өзімізге белгілі қазіргі таңда елімізде ипотекалық несиелеу дамуда. Бұл несие шарты бойынша белгілі көлемде алғашқы жарна төлену керек. Егер осы жарнаны депозит ретінде қабылдаса, онда екі жақты пайда болар еді. Банктен депозиті бар тұлғаға пайызы төмен қызмет көрсету сияқты шараларды қолдану ыңғайлы.

Қазақстан Республикасында 2000 жылдан кері жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру қоры жұмыс істейді. Соңғы кезде осы қордың сақтандыру сомасын 400 мың теңгеден 600 мың теңгеге дейін өсіруді қарастыруда. Көптеген қаржыгерлердің ойлары әр түрлі болуда. Біреулері дұрыс деп санаса, біреулері қарсы.

ҚБА төрағасының айтуынша қор туралы заңдық жоба осымен қатар тағыда басқа. Кемшіліктері бар, бірақ депозиттік операциялардың дамуына ондай көп кедергісін тигізіп жатқан жоқ. Идеалды модельді қазіргі таңда құру өте күделі. Өйткені, қор аз депозиттер, бірақ көп халықпен жұмыс істеуі керек немесе үлкен салымдармен, аз халықпен жұмыс істеуі керек. Оларды бір орталыққа теңестіру өте күрделі. Б.Жамшиевтің айтуынша «Кішігірім депозиттермен, көп халықпен жұмыс істеу оңтайлы нұсқалардың бірі болып табылады».

Болашақта кепілдендіру қорының дамуы халықаралақ ең жақсы тәжірибе негізінде болады. Банктердің еріксіз жабылу кезінде тезарада салымдарды қайтару, жүйенің қызмет атқару тәуекелін минимализациялау, сақтандырылатын депозиттерінің түрін көбейту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қазақстан банктерінің меншікті капиталдарының көлемі үлкен болып табылмайды. Оны банктердің ерте жұмыс істеуімен түсіндіруге болады немесе бұрыңғы мемлекеттік банктер меншікті капиталға үлкен мән берген жоқ. Себебі, олардың банкротқа ұшырауы болуы мүмкін емес болған. Қазақстан банктерінің меншікті капиталдарының (Ұлттық банктен басқа) мөлшері 100 млн долларға дейін жетеді және ол ірі әлемдік банктердің меншікті капиталдарынан 100 есе аз.

Банктің ресурсы ретінде, меншікті капитал акционерлерге дивидент формасындағы құнға ие. Бұл ресурстің өсуі екі әдіспен жүруі мүмкін: жарғылық капиталды немесе банк табысының өсуі. Банктердің кірісін қалыптастырудың талдауы көрсеткендей кірістерді қалыптастыру процессі екінші деңгейлі банктерге қиынға түсіп жатыр. Қазіргі таңда банктердің көбі үлкен емес меншікті капиталдарға ие және оны қазіргі уақытта кірістер есебінен ұлғайту қиынға түсіп жатыр.Сонымен қатар, кірістері жоғары топ банктер бар, бырақ олардың меншігінде қалатын және жинақталатын кірістер сомасын несиелік қызметтен болатын шығындарды жабуға қалыптасқан резервтер (провизиялар) кемітеді.

Ал жарғылық капиталды ұлғайту, қазіргі таңда бірнеше себептерге байланысты қиынға түсетін операция болып табылады. Яғни:

Информация о работе Банкке тартылған қаражаттар