Банкке тартылған қаражаттар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2012 в 22:06, курсовая работа

Описание

Банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операцмялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы банктік ресурстар болып табылады.
Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:
1. Банктің меншікті капиталы

Содержание

Кіріспе ………………………………………………………………………
I Бөлім. Меншікті капиталдың маңызы, орындайтын функциялары мен құру тәртібі
1.1. Банктің мешікті капиталының құрылымы…………………………....
1.2. Банктің меншікті капиталы мен оның қызметі.....................................
1.3. Банктің жарғылық капиталының құру тәртібі......................................
1.4. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі......................................
II Бөлім. Депозитті теориялық тұрғыдан сипаттау
2.1.Депозит туралы түсінік.................................................................
2.2.Депозиттің сыныпталуы...............................................................
III Бөлім.Депозиттік операцияларды дамыту жолдары...............
Қорытынды ..................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер ..............................................

Работа состоит из  1 файл

БАНККЕ ТАРТЫЛҒАН ҚАРАЖАТАР ЕСЕБІ.doc

— 296.00 Кб (Скачать документ)

      Банкті қайта ұйымдастыру (қосу, бөлу, біріктіру, оқшаулау, қайта құру);

      Қосымша акция шығару жолымен банктің жарғылық капиталының көлемін көбейткенде немесе акцияның номеналдық құнын көбейткенде;

      Банк капиталының мөлшерінің өзгермегені кезінде немесе акцияның номеналдық құнынын өзгерген жағдайында;

      Акцияның номеналдық құнын азайту жолымен немесе акциялардың жалпы санын азайту мақсатында меншікті акциялардың бір бөлігін сатып алу жолымен жарғылық капиталының мөлшерін азайту жағдайында;

      Облигациялар шығарған кезде;

Бағалы қағаздар шығару проспектілерін сараптаудан өткізу үшін банк, Ұлттық банкке төмендегі құжаттарды ұсынады:

1.      Еркін түрде жазылған және банк басшысы қолымен куәландырылған өтініш;

2.      Бұдан бұрыңғы бағалы қағаздарды шығарылуын тіркеу және оның қорытындысы туралы қабылданған есептер құжаттарының көшірмелері;

3.      Банктің жарғысы мен құрылтай шартына өзгерістер еңгізу туралы банктің өтініші және жарғы мен құрылтай шартына енгізілген нотариалды рассталған өзгерістер (егер ондайлар бар болса);

4.      Бағалы қағаздар шығару түрі көрсетілген (құжатты және құжаттсыз), заңдылық талаптарына сәйкес толтырылған, акциялар шығару туралы шешім қабылданған, акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасының көшірмесі, сондай-ақ жарғылық капиталдың қалыптастыру көздері;

5.      Банктер үшін өкілетті орган белгілеген нысан бойынша құрылған эмиссия проспектісі (үш данада);

6.      Банк қызметін аудиторлық тексеруге құқылы лицензиясы бар, соңғы қаржы жылынжағы банктің табысы мен шығындары туралы есеп пен баланстың сенімділігін растайтын аудитор немесе аудиторлық ұйымның есебінің көшірмесі;

7.      Құрылтайшылар мен акционерлердің өкілетті аудиторлық қызмет пен аудитор растаған соңғы қаржы жылындағы баланстың есебі мен табыстар мен шығындар туралы есебі, бірінші басшы, бас бухгалтер қол қойған, ұйымның мөрімен расталған соңғы есептік күндегі табыстар мен шығындар туралы есеп;

 

Бағалы қағаздарды эмиссия проспектісін сараптамадан өткізу кезінде банкті қайта ұйымдастырған жағдайда, Ұлттық банкке төмендегі қосымша құжаттар ұсынылады:

1.      Қосылу, бірігу жағдайында - өткізу-қабылдау актілері көшірмелері, қосылу туралы шарттар, белгіленген заңды тәртіппен толтырылған шоғырлама балансы;

2.      Бөлінген, оқшауланған жағдайда – бөліну балансы;

3.      Қайта құрған жағдайда - өткізу-қабылдау актісі және жаңа құрылған банктің тіркелген күнгі балансы;

 

Ұлттық банк жағымсыз қорытынды беруі де мүмкін. Оған мыналар негіз бола алады:

      Ұсынылған құжаттардың заңдылыққа сәйкессіздігі;

      Эмисся проспектісіне кіргізілген мәліметтердің бағалы қағаз шығарушының нақты қаржылық жағдайына сәйкессіздігі;

      Ұлттық банктің келісімінен өтпеген банктің басшы қызметкерлерінің бар болғаны: директорлар кеңесінің төрағасы, басқарма төрағасы және бас бухгалтер;

      Салымшылар мен кредиторлардың мүддесін қорғау үшін Қазақстан Республикасының қажылық ұйымдар мен қаржы нарығын қдағалау мен реттеу агенттігімен белгілеген пруденциялдық нормативтерді бұзуына алып келетін, жарғылық капиталын азайту туралы шешімінің қабылдануы;

      Құрылтайшылар мен акционерлердің қаржылық жағдайы нашар болуы;

 

Бағалы қағаздардың эмиссия проспектісі жөнінде жағымды қорытынды беруден бас тарту туралы Ұлттық банктің мәліметі банкке жазбаша түрде беріледі.

Шығарушы банктердің әрбір бағалы қағаз шығаруы, орналастыру тәсілінен тәуелсіз, оларды шығару үшін проспекттер құру мен эмиссия проспектінің сараптамадан өтуіне алып келеді.

Алғашқы шығаруды тіркеу үшін банк құру туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің рұқсаты негіз бола алады. Жекелеген банк операцияларын іске асыратын банктер мен ұйымдар шығаруды тіркеу кезінде өкілетті органға Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде сараптамадан өткен және аудиторлық қорытындысымен бекітілген қосымша шығару проспектісін ұсынады.

Акцияларды одан әрі (қосымша) шығарғанда:

      Өтініш;

      Акцияларды қосымша шығару туралы акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бар хаттама (хаттамадан көшірме);

      Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

      Жарғылық капиталының көлемінің өзгергені туралы көрсетілген статистикалық карточканың көшірмесі;

      Қосымшалар мен өзгерістер енгізілген, нотариалды расталған жарғы көшірмесі немесе жарғыға өзгерістер мен қосымшалар еңгізу туралы акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бар хаттама (хаттамадан көшірме);

      Құрылтайшы құжаттарға өзгерістер еңгізілген датадан бастап, бір ай мерзімде тіркеуші органның хабарламасын растайтын пошталық түбіртек немесебасқада құжаттар (егер қоғам көрсетілген өзгерістермен қайта тіркеуден өтпеген болса);

      Әр акция түрінің үлгілері – шығару құжаттамасы нысаны түрінде екі данада;

      Тәуелсіз тіркеушімен келісім-шарт көшірмесі және маманның біліктілік куәлігінің көшірмесі бар акционерлердің тізімін жүргізу туралы ішкі жағдай (атаулы акциялар шығарған кезде, егер алдыңғы шығаруларда бекітілмесе немесе өзгерістер барда);

      Акцияларды шығаруды тіркеу кезінде бағалы қағаздармен жұмыс операциясына салық төленгенін растайтын төлем құжаттарының көшірмесі;

      Бухгалтерлік баланстармен тігілген эмиссия проспектілері (шығару шарттары) екі данада;

      Аудиторлық қорытынды;

      Акциялардың бұрыңғы шығарудың мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің көшірмесі;

      Қоғамды тіркеушісі берген, 5% жоғары акцияны иеленуші акционерлердің мәліметі тізімінен көшірме;

 

Шығарушы банк бағалы қағаздарды тек эмиссия жарияланып, проспект тіркелгеннен кейін ғана өткізеді.

Банк тәжірибесінде бағалы қағаздарды өткізудің бірнеше әдістері бар:

1.      Акционерлердің акцияларды материалдық құндылықтармен, материалдық емес активтермен, сондай-ақ ұшінші тұлғалар шығарған және нарықтың белгісі бар бағалы қағаздармен төлеу. Акционерлер өздері шығарған бағалы қағаздармен акцияларді төлеуге құқығы жоқ;

2.      Акцияның белгілі бір санына келісім-шарт сатып алушысымен келісілген негізде акцияны теңгеге немес ешетел валютаға сату. Бұл жағдайда шығарушы банк бағалы қағаздар нарығының делдалының қызметін пайдалана алады. Қазақстан Республикасында қаржылық делдалдарының қызметі бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және диллерлік лицензиялау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 наурыздағы №293 қаулысымен бекітілген Ережемен реттеледі;

3.      Акционерлердің арасында тиістімөлшердегі акцияларды бөлу арқылы банктің басқа да меншікті қаражатын капиталға айналдыру (мысалы, жай акцияларды бөлінбеген табысқа немесе дивиденттерді қайта капиталға айналдыру);

4.      Банктің бұрыңғы шығарған айырбас акцияларын акцияларға айырбастау;

 

Бағалы қағаздарды өткізгенде шығарушы банк оның нәтижелерін сараптайды және эмиссия бойынша есеп жасайды. Есепке банк басқармасының төрағасы, бас бухгалтер қол қояды, банктің мөрімен бекітіледі және тіркеуші органға ұсынылады. Бағалы қағаздарды өкілетті органда тіркеу үшін ұсынғанға дейін оларды нақты орналастыру нәтижелері туралы есеп Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен бекітілуі тиіс.

Шығарушы банк акцияларының төленгенін растайтын құжаттар қатарына келесілер жатады: Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде шығарушы банктің жинақтау шотына ақша қаражаттарының төленгені туралы растайтын төлем құжаттарының көшірмелері; банк басшысы мен бас бухгалтер қол қойған және мөрмен расталған жарғылық капиталының бөлігінің шығарушы банк ақша қаражатымен төленгені туралы банк анықтамасы; акциялар төлеміне мүліктік салмдар салынғанын растайтын қабылдау-өткізу актілері мен басқа да құжаттар; жарғылық капиталын қалыптастыру туралы аудиторлық қорытынды.

Бағалы қағаздарды шығару және шығарушы банк нақты өткізгенбағалы қағаздар құны қорытындылары туралы есепті тіркеуден өткізген соң өкілетті орган төлемге түскен акциялар қаражатын пайдалану шектеулерін алып тастауға және оларды акционерлік ретінде жарғылық капиталына кірістеуге рұқсат береді.

 

 

 

 

 

 

1.4 Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі

Егер банк өзінің меншікті қаржыларын тиімді қолдана алса, онда ол олардың көмегімен банк кірісін көтеріп, салымдардың сақталуын қамтамасыз ете алады. Кіріс деңгейін арттыру үшін, банк ең алдымен өзінің меншікті қаржыларын қысқа мерзімді бағалы қағаздарға салмай, оның орнына несиелердіберумен айналысатын жағдайда, өзінің кіріс деңгейін көтере алады. Қосымша төлемділік қабілеттілігін немесе міндетті резервтердің көлемін ұлғайту қажеттілігін қанағаттындыру үшін, несиелік портфельдің немесе бағалы қағаздардың кейбір бөлігін нақты ақшаға айналымдар арқылы жетуге болады. Егер менеджер қосымша салымдарды тартумен байланысты сұранысты қанағаттандырған болса, онда ол банктің төлем қабілеттілігінің жеткілікті деңгейін сақтай отырып, тартылған салымдарды инвестициялаумен қатар, несиелерді берумен байланысты операцияларды жүзеге асыра алады. Өзінің қысқа мерзімді берешектері мен депозиттік шоттарын реттей отырып, банк өзінің төлем қабілеттілігін және кіріс көлемінің деңгейін арттыра алады.

Капиталдың көрсеткіштері арқылы мемлекеттік қадағалау органдар банктердің қызметін қадағалап, оларға баға бере алады. Әдетте меншікті капиталға жататын көсеткіштерге:

1.      Меншікті капиталдың минималды көлемі;

2.      Активтер бойынша шектеулер мен басқа банктің активтерін сатып алу шарттары кіреді;

Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі ұзақ уақыт бойы ғылыми-зерттеу затына және банктер мен оны реттеуші ұйымдар арасындағы пікірталасқа айналып келеді.

Банктер өздерінің активтерін арттыру үшін капиталдың төмеңгі мөлшерде болғанын қалайды. Ал банкті бақылаушылар, банктердің банкроттықтан аулақ болуы үшін капиталдың жеткілікті мөлшерде болуын талап етеді. Банктердің банкроттығы ондағы басқарудың нашарлығынан болуы мүмкін, себебі банкті жақсы басқарса, ол төмеңгі капитал нормасында жұмыс жасай алады деген пікірлер бар.

«Капиталдың жеткіліктілігі» термині банктің жалпы тұрақтылығын және оның туекелге бару дәрежесін көрсетеді. Капиталдың жеткіліктілігі – бұл банк капиталының мөлшерін тәуекел дәрежелері ескерілген банк активтеріне сәйкес болуға тиісті. Сондай-ақ, коммерциялық банктер өз жұмыстарында банк капиталын шамадан тыс ұлғайтуды теріс санайды. Өйткені, ол банктің қызметіне кері әсер етуі мүмкін. Банктердің көбі акция шығара отырып, қаражат тартуға ыңтасыз болып келеді. Сондықтан банк жетекшілері бір жағынан, қадағалау және бақылау ұйымдары, екінші жағынан, банк капиталы мен коммерциялық банктердің басқа да қызметіндегі параметрлер арасындағы қолайлы қатынасты табуға тырысады.

Банктің ресурсындағы меншікті капиталдың өте төмеңгі үлесінде болуы да дұрыс емес. Себебі, ол банктің салым иелері алдындағы жауап беру мөлшеріне сәйкес келмейтіндігін сипаттайды.

Банк меншікті капиталын ұлғайтуға негіз болатын мынадай факторларды ескеру қажет:

      Банктердің дивиденттері өнеркәсіптік кәсіпорын активтеріне қарағанда, пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне, қарыз алушының несиелік қабілетінің нашарлауына байланысты, олардың нарықтық құндары өзгеріп отырады;

      Банк көбіне тұрақсыз қысқа мерзімді қарыз көздеріне көңіл бөледі, бырақ олардың көбі талап етуге байланысты қайтарылып алынуы мүмкін.

Сондықтан, кез келген саяси немесе экономикалық өмірдегі жағдайлар банктердегі ресурстардың сыртқа ағылуына себеп болуға тиіс. Бастапқыда банк капиталының активтерге қатысты қатынас 20% шамасында болса, ал қазіргі оның шамасы 12%-ды (пруденциялдық номативтердегі КII-нің мәні) құрайды.Бұл дегеніміз банк жүйесіндегі төлем қабілетінсіздік тәекелдің уақыт өте келе арта түсетіндігін көрсетеді. Себебі, банк жүйесіндегі банктердің активтерінің сапасы әлі де болса өз деңгейінде еместігін ескерсек, онда болашақта оның орнын жабатын меншікті капитал үлесі жеткіліксіздігі байқалады.

Демек, банк капиталының жиынтық деңгейінің жеткіліктігі банк жүйесін қолдайтын басты шарттардың біріне жатады.

Банктердегі немесе жалпы банктік жүйедегі капитал көлемін тура анықтау қиын, бырақ жоғарыда қарастырылған қызметтердің орындалуы үшін салым иелері мен бақылаушы ұйымдардың сенуі үшін капитал жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Қажетті капиталдың сомасы банктің тәуекел деңгейіне байланысты болуға тиіс. Мысалы, егер банктің берген несиелерінің тәекел дәрежесі өте жоғары болса, онда банкке көп мөлшерде қорлар құруға тура келеді. Қажетті меншікті капитал мөлшерін анықтай отырып, банк алдында мынадай міндеттер тұрады: тәекелдің артуына байланысты өз капитал мөлшерін ұлғайту қажет пе немесе тәекел деңгейі төмен болып келетін активтерге өз қаражаттарын орналастырған тиімді ме? Осындай жағдайда банк капиталы, оның активтер сапасына, басқару сапасына, қызметіндегі саясатқа және банктің басынан кешетін тәекелдерге тәелді ме, жоқ па? деген балама сауал туындайды.

Банк меншікті капиталын бағалау әдістемесі туралы сұрақ 80-ші жылдардың екінші жартысында халықаралық қаржы ұйымдарында да үлкен пікірталас туғызған болатын. Сөйтіп, 1988 жылдың Базель комитеті келісімінің шешімімімен «Халықаралық біртұтас капитал есебі және капитал стандарты туралы келісім-шарт» негізінде «Кук коэффициенті» деп аталатын капитал жеткіліктілігі нормативі іс жүзіне енгізілді. 1993 жылдан бастап күшіне енген бұл коэффициент көптеген елдердің Орталық банктерінде, біздің Қазақстан Ұлттық банкінде пруденциялдық норматив қатарында пайдаланылуда.

Информация о работе Банкке тартылған қаражаттар