Ыбырай Алтынсарин қазақ әдебиеті тарихындағы орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2012 в 13:30, реферат

Описание

Әр заман, тарихи әр кезең әлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды өкілдерін жарыққа шығарып отыратыны мәлім.Олар елдің мұң – мұқтажын көре біліп, халқының сол мұқтажына перзеттік махаббаттын арнаған, туған халқының

Работа состоит из  1 файл

алтынсарин.docx

— 65.35 Кб (Скачать документ)

             Алтынсаринның пейзаждық өлеңдері - қалай болса, солай жазыла  салған, табиғаттың әр алуан кезі  мен кезеңдерін құптау, не машықтау  емес, бәрі де өмір шындығы,  ел тіршілігінің сәулесі. 

             Қатал табиғаттың ойыншығы тәрізді  қыста қысылып, жазда ғана кеуде  керіп дем алатын көшпелі елдің  көңіл-күйлері мен өздеріне тән,  ерекше тұрмысы шебер түрде  суреттелмеген деп таласу қиын.

             Алтынсаринның пейзаждық өлеңдерімен  байланысты айта кетуді керек  ететін бір нәрсе, өмір құбылысын  пейзаж арқылы шебер суреттеу  әдісі де Алтынсарин, Абайлардан  басталады. 

             ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясына  негізгі тән, өлеңнің негізгі  түрлері - саяси лирика мен  дидактикалық өлеңдер болатын.  Үздік талант иелері Махамбет  өлеңдері мен Біржанның айтысын  ғана алмасақ, өмір құбылысына  суреттегенде, оны полотноға түсіретін  суретшілердің портреттері тәрізді,  суреттемек объектісінің әрбір  қимылы мен қыбын, кескіні мен  түсін, ісі мен әрекетін, бояуын  қандыра, жеріне жеткізе суреттеу  болған емес. Өмір құбылысын бұл  тәрізді барлық жағынан мүлтіксіз  етіп, тым шебер, аса міскерлікпен  және өмірдің шындығына дәл  етіп суреттеу әдісінің Алтынсарин, Абайлардан бері ғана үлгісі  салынды. 

             Алтынсаринды орыс әдебиетінен  үлгі алды дегенде айрықша  тоқтауды керек ететін бір  мәселе - оның қара әңгімелері. Ең  алдымен, өз қаламына жататын  новеллалары. 

             Алтынсаринға шейінгі қазақ әдебиеті - түп-түгел поэзия. Ауыз әдебиетіндегі  ертегі әңгімелерді ғана айтпасақ, тарихқа аты мәлім ХІХ ғасырдағы  қазақ ақындарының біреуі де  қара сөз жазған емес. Тіпті  ұлы ақынымыз Абай да көркем  қара сөзбен шұғылданған жоқ.  Эпостық жанрдың бұл түрін  жасауда бірінші рет қолына  қалам ұстап, әдебиетімізге соныдан  жол салып, үлгі пішкен жазушы - Алтынсарин. Сондықтан оны қазақ  әдебиетіндегі көркем қара сөздің  негізін салушы атасы десек,  мақтау емес, шындық.

             Қара сөз жазудың үлгісін де  Алтынсарин орыс әдебиетінен  алғаны айрықша дәлелдеуді керек  етпейді. 

             Оның жоғарғы талданылып өткен  «Бай баласы мен кедей баласы»,  «Надандық», «Қыпшақ Сейтқұл» әңгімелері  бізді өзінің мазмұны ғана  емес, көркемдігі, композициялық құрылысының  шеберлігімен де қызықтырады. 

             Бұлардың бәрі де шебер жазылған  новелла. Новелла - эпостық жанрдың  әріден келе жатқан түрі. Оның  өзінше даму тарихы, әр дәуір,  әр жағдай, кезеңдерге, авторларының  таптық көзқарастарына байланысты  әр алуан болатындықтарын атап  өтіп, кейбір өзіне тән ерекшеліктеріне  ғана тоқталалық.

             Шын мәніндегі новелла өмір  құбылысының жұртшылық үшін ең  керекті, ең маңызды жағын алады  да, әрі қысқа сюжетті, әрі ауызша  айтып беруге лайықты оқиғаға  құрады. Әңгіме көбіне бір не  екі эпизодтан ғана құралады. Әрдайым оқиғаның шешуі оқушының  күтпеген жерінен шешіледі.

             Осы айтылған ерекшеліктер Алтынсаринның  новеллаларында шебер түрде қолданылады.  Новелла жазамын деушілерге, бізше,  оның әңгімелерінің күні бүгінге  дейін үйренерлік жағы көп. 

             Біз өткен бөлімдерде Алтынсаринның  өмір құбылысын шындық-реалистік  тұрғыдан суреттейтіндігін сөз  арасында айтып өттік. Бірақ  ол - жеткіліксіз. Өйткені ХІХ  ғасырдың екінші жартысындағы  қазақ әдебиетінің негізгі методы  реалистік әдіс болды. Бұл жайт  сол әдеби бағыттың ең басты  өкілдерінің бірі Алтынсарин  шығармаларында өзінің қандай  сәулесін қалдырғандығын аша  түсуді керек етеді. 

             Алтынсаринның ел арасында көп  болғандығы бізге өмірбаянынан  мәлім. Бұл оның жалпы қазақ  жақсы білуі үшін ең қажетті  жағдайдың бірі болды. Жаратылысында  сезімтал, аңғарымпаз және өз  халқының ауыр халін көріп,  оны жеңілдету үшін көркем  туындылары арқылы ат салысқан  орыстың ұлы классиктерінің даналық  еңбектерімен жақсы таныс Ыбырай - өз кезіндегі әлеуметтік өмірдің  жай-жапсарын жай ғана бақылаушы  емес, бүккенін жазып, бүркегендерін  ашушылардың да бірі. Ең алдымен  ол қазақ даласындағы әлеуметтік  теңсіздікті көре білді. 

             Теңсіздік мәселесі сонау хандық  замандардан бері қарай келе  жатқандығын, үстемдік етушілер  өз қожалықтарын жүргізу үшін  қандай сұмдықтан болсын жерінбейтіндіктерінің  бетін ашты. Өзінше өлтіре шенеді.

  

                         ***

 Азған  елдің хандары 

 Тақ үстінде  отырғандары. 

 Жарлыдан  алып байларға,

 Сыйлар  берсе керек-ті...

  

                         ***

 Азған  елдің билерінің 

 Барар  болсаң алдына 

 Алым берсең  тамағына,

 Қарар  ма ол сенің әліңе, 

 Қорадағы  малыңа.

 Төре берсе  керек-ті...

  

                         ***

 Азған  елдің байлары 

 Ұлық тұтар  басын-ай,

 Қайда  дәулетті болса, 

 Берер  соған асын-ай.

  

                         ***

  

 Азған  елдің молдасы 

 Үлкен  болар сәлдесі. 

 Аса бауыр  қылмаңыз,

 Оның рас  емес алласы.

 Көрмей-білмей  біреуге, 

 Куәлік  берсе керек-ті.

             Тағы басқа осылар тәрізді  қожалық етуші, арамтамақтардың  көпшілікке шын бейнесін ашып  береді. Қазақ өмірінде нақ осындай  іс-әрекет, мінез-құлықтардың болғандығы  даусыз. Сондықтан мынау көрсеткені  шындыққа қайшы деп ешкім де  таласа алмайды. 

             Өмір құбылысын реалистік әдіспен  суреттеуде оқушылардың айрықша  көңілін аударарлық Алтынсарин  шығармаларының бір алуаны табиғат  лирикалары - «Жаз», «Жаз шыққанда»,  «Өзен».

             Бұл өлеңдердің лирикалық жағы  қырдағы жаз көріністеріне сүйсіну,  сезіне, толқына жырлау, құбылысқа  өзінің көзқарасын көрсету десек,  мал баққан елдің қыстан қысыла  келіп, жазға жеткендегі тынысының  кеңуі, қуаныш-шаттықтары шындық  түрде мейлінше шебер суреттелінеді. 

  

... Бір малы  шаруаның екеу болып, 

 Қыстаудан  ауыл көшер алуан-алуан. 

 Күлісіп,  құшақтасар, әзіл етер,

 Әйелдер  көш жөнелтіп кейін қалған.

 Жүгіріп  киік, құлан тау мен қырда, 

 Қуанып  ықыласпен келген жылға...

 Алыстан  мұнарланған сағымдары, 

 Шақырып  тұрар күліп, кел деп мұнда!..

  

             Осы тәрізді Алтынсаринның ана  туралы өлеңдері де өзінің  өмір шындығын дәл берушіліктерімен  құнды. 

             Ыбырай Алтынсариндағы реалистік  әдіс туралы сөз қозғағанда  және бір көңіл аударарлық  жайт - образ, сөз қолданыстарының  өмір шындығына сәйкестігі. Үздік  теңеу, асқақ әсірелеу Алтынсаринде  кездеспейді. Теңейтін нәрсесі  де өмір шындығында кәнігі, жұртшылыққа  таныс құбылыстар. Не өмір көрінісінің,  не адам қимылын көзге елестету  үшін жазушы дағдыдан тыс не  үлкейтіп, не кішірейтіп көрсетуге  тырыспайды. Қандай құбылысты болсын, сол өз қалпында көрсетуге  лайықты сөздерді таңдайтыны  аңғарылды. 

             Бұл бірінші жағынан, оның өмір  құбылыстарын суреттеудегі реалистік  әдісімен нық байланысты десек,  екіншіден, педагог-жазшы Алтынсаринның  қазақ тілін ұлттық тіл дәрежесінде  сақтау, оның тазалығы үшін күресу  идеясымен байланысты.

             1871 жылы 31 августе қазақтар үшін  орыс әліппесін алудың пайдасы  жайлы Н.И.Ильминскийге жазған  бір хатында Ыбырай: «Орыс әрпін  қолданумен байланысты қазақ  тіліне орынсыз кірген араб, татар  сөздерінен тазарды. Орыс әрпімен  жазғанымызда ғана сөзіміз дұрыс  жазылатын болды. Қазір молдалар  оқытып жүрген араб, парсы, татар  тілдерінде шыққан діни кітаптар  бізді кері кетіреді, таза ойымызды  кірлетеді, басымызды құммен толтырады,  таза тілімізді шұбарлайды»1 деді.

    1Ыбырай  Алтынсарин. Таңдамалы шығармалары. - Алматы, 1943ж. - 6-бет. 

             Бұл тарихи жағынан да, теориялық  жағынан да қырағылықпен, өз халқының  келешегіне ғажап болжампаздықпен  айтылған пікір болатын. Бұдан  бір жүз отыз жыл бұрын Алтынсарин  әліппе жөнінде ұсынған бұл  жобасының дұрыстығын өмірдің  өзі дәлелдеп берді. Жалғыз  қазақ қана емес, шығыс халықтарының  қазір көпшілігі орыс тілінің  графикасына негізделген жаңа  Әліппені қабылдап алды. Қай жағынан  болсын бұл шығыс халықтарының  мәдени дамуларындағы игілікті  іс, үлкен табыстарының бірі екендігі  сөзсіз.

             Қорыта айтқанда, Алтынсаринның өз халқын оқуға, өнерге үндеуі надандыққа, зұлымдыққа қарсы шығуы, сол кезде әлеумет өміріндегі теңсіздіктің бетін ашып, өмір шындығын көрсетуі, жастарды жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуі оның творчествосының халықтық жағы десек, қазақтың қазіргі ержеткен проза жанрының және балалар әдебиетінің ең алғашқы негізін салушы болды. Сондықтан да Ыбырай Алтынсарин жазба әдебиетіміздің төрінен заңды түрде орын алып отыр.

 

 

Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) —  қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы.

 

Туып-өскен  жері — Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы. Осы өңірде, Тобол өзенінің жағасынан топырақ  бұйырған.

 

1850 ж. Орынбор  шекара комиссиясының қазақ балалары  үшін ашқан мектебіне оқуға  түседі. Мектепті бітірген соң,  Орынбор шекара комиссиясында  әскери старшина болып қызмет  атқаратын үлкен әкесі Балғожа  Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857—1859). Орынбор облыстық басқармасында  тілмаштық қызмет атқарады.

 

1860 жылы Орынбор  бекінісінде (Торғай) қазақ балалары  үшін мектеп ашу тапсырылады,  әрі сол мектепке орыс тілінің  мұғалімі болып белгілінеді.

 

Ыбырайдың бүкіл  өмірін арнаған ағартушылық-педагогтық қызметі осылай басталады. Тікелей  өзінің араласуымен халықтан жинаған  қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің  жаңа ғимаратын салтанатты түрде  ашады.

 

Ұстаздық-ағартушылық  қызметке қоса Ыбырайға басқа да жұмыстарды атқару жүктеледі. Орынбор генерал-губернаторының тікелей тапсыруы бойынша Торғайда төрт рет уездік судья болып (1868—1874), торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі (1876—1879) қызметін атқарады.[1]

 

Ыбырай инспекторлық қызметке кіріскен соң оқу-ағарту жұмыстарын одан әрі жандандырып, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екі кластық орыс-қазақ мектептерін  ашады, оларды қажетті кітаптармен  жасақтайды. Әсіресе, елді көшпелі өмір салтын ескеріп, Ресейдің халық ағарту жүйесіне жаңа үлгілі білім беру тәсілін  ұсыныс етеді.[2]

 

Нәтижесінде, 1888 жылы 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жатарынан  оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі  ашылады. Ыбырай мұнан әрі қазақ  жастары арасынан экономика, ауыл шаруашылығы, қол өнер кәіспшілігі салаларына қажетті мамандар даярлайтын училищелер ашуға көп күш жұмсайды. Тіптен, Қостанайдан ашылатын ауыл-шаруашылық училищесіне өзінің иелігіндегі  жерін беретіні туралы өсиет қалдырады. Ыбырайдың қазақ қыздары үшін Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде мектеп-интернат аштыруының тарихи мән-маңызы зор болды.

 

[3]

 

Ыбырай орыс-қазақ  мектептері үшін арнаулы оқу құралдарын шығару қажет деп санады. Оқыту  әдістерін жаңа бағытта құрды, оқуға  деген баланың ынтасы мен қызығушылығын  арттыруды көздеді, оқуды ана  тілінде жүргізді. Мектеп оқуында, әсіресе, ана тіліне үйретуде К.Д.Ушинскийдің  ойларына жүгінді. Қазақ балаларының  таным-түсінігіне лайықты оқу-әдістемелік  құралдар жазды. Ол орыс-қазақ училищесінде Ушинскийдің «Балалар дүниесін», Л.Н.Толстойдың «Әліппе және оқу құралын», Д.И.Тихомировтың «Грамматиканың қарапайым курсын»  оқу құралы ретінде ұсынды.

 

Ыбырайдің пікірінше, мектептерге арналып жазылатын  оқу кітаптары өзінің идеялық  мазмұны және нақты материалдары жағынан ана тілінің және халық  даналығының бай қазынасына негізделуге  тиіс болды. 1879 ж. оның «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулығы және дидактик. оқу  мәселесі жөнінде «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы»  жарық көрді. Бұл екі кітап  та қазақ балаларын кириллица  негізінде оқытуға арналған тұңғыш оқу құралдары болды. [4]

 

Ыбырай –  жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің  қалыптасуына қомақты үлес қосқан. Ол қазақ жастарын ең алдымен оқу, өнер-білім, тех-ны игеруге шақырады («Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан, Іздемей-ақ табылар»). Автор оқу-білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына мән берді. Бұған  инемен құдық қазғандай ыждаһаттылық, талап пен сабырлылық қажет екенін ескертеді. Ал оқымаған надандарды ақын аз ғана сөзбен сынап, олардың ақ, қараны айырмайтын көрсоқыр екенін айтады («Оқымаған  жүреді, Қараңғыны қармалап. Надандықтың  белгісі – Еш ақылға жарымас»). Оқу, білімнің пайдасы қандай, ол неге керек  деген мәселеге келгенде, оның өмір үшін, болашақ үшін қажет екенін талдап көрсетеді («Ата-енең қартайса, Тіреу болар бұл оқу. Қартайғанда  мал тайса, Сүйеу болар бұл  оқу»). Жастарды өнер-білім, тех-ны игеруге  үндеу ақынның «Өнер-білім бар  жұрттар» деген өлеңінде өз жалғасын тапқан. Ол өнер-білімі жетілген елдердің артықшылығы қандай, олар сол өнерімен нені игеріп отыр, ертеңгі өмірдің  талап-тілектері не секілді күрделі  мәселелерді жастар алдына көлденең тарту арқылы оларға ой тастап, өнер-білімді  батыл игеруге шақырады («Адамды  құстай ұшырды, Мал істейтін жұмысты, От пен суға түсірді. Отынсыз тамақ пісірді, Сусыздан сусын ішірді»).

 

Ыбырай сондай-ақ Ушинский, Л.Н.Толстой, И.А.Крылов, И.Паульсон шығармаларын қазақ тіліне тәржімалап, қазақ әдебиетінде көркем аударма  жанрын қалыптастырды. Қазақстан Үкімет 1989 ж. 22 желтоқсандағы қаулысымен Ыбырайдің  туғанына 150 жыл толуына орай мерейтойы  өткізіліп, ұстаздың мұраларына арналған ғылыми, тарихи, педогогикалық еңбектер жарық көрді. Арқалық қаласында  Ыбырай мұражайы ашылды. Тобыл бойындағы  Ыбырай қыстауы жанында, мүрдесі  қойылған жерде, Ыбырайға күмбезді мазар  орнатылды. Қазақстанда Ыбырай атында аудан, ауылдар, жоғары оқу орындары, шың, т.б. бар.

Информация о работе Ыбырай Алтынсарин қазақ әдебиеті тарихындағы орны