Ыбырай Алтынсарин қазақ әдебиеті тарихындағы орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2012 в 13:30, реферат

Описание

Әр заман, тарихи әр кезең әлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды өкілдерін жарыққа шығарып отыратыны мәлім.Олар елдің мұң – мұқтажын көре біліп, халқының сол мұқтажына перзеттік махаббаттын арнаған, туған халқының

Работа состоит из  1 файл

алтынсарин.docx

— 65.35 Кб (Скачать документ)

             Тәрбие мәселесін сөз қылғанда, ерекше тоқтап өтуге керекті  мәселенің бірі - Ыбырай еңбектерінде  түрлі елдердің мәдениет майданындағы  өзара достық қарым-қатынастарды  да бейнелеп отырады. Ыбырай  балаларға шетелдің жақсы адамдарын  үлгі етуі - оның жалпы адам  баласының достық идеясын аңсағандығын  көрсетеді. 

             Ыбырай қазақ халқын қалай  еткенде тез көркейтуге болады  деген сұраққа жауап іздеді, төбеге  шығып, төңірегіне қарады. Оның  көзіне өскелең орыс елінің  озық мәдениеті түсті, осы мәдениетке  бойұрды. Орыс халқы - қазақтың  досы, үлгі-өнеге боларлық үлкен  ағасы. Біз осы халықтан үйренуіміз  керек, идеясынан рух, мәдениетінен  нәр, өнерінен үлгі алуымыз  керек деді. Сөйтіп, Ыбырай бұдан  жарты ғасыр бұрын осы идеяның  жаршысы болды. Жаршысы болып  қана қойған жоқ, оны өз қолымен  іске асыруға кірісті. 

             Біз жоғарыда хрестоматияға енгізілген  әртүрлі әңгімелердің Паульсон, Ушинский, Толстой, тағы басқалардан  алынғандығын көрсетсек те, талдау  үшін мысалға келтірілген әңгімелерді  «Алтынсарин әңгімелері» деп  атадық. Өйткені олардың аударма  екені белгілі бола тұрса да, орта мектептерге арналған оқу  құралы, не кейбір мақалаларға  көп жылдар бойы шартты түрде  солай жазылып келгендіктен, бұл  ұғымды біз де шартты түрде  қолданып отырмыз. Екінші, сол  тақырыптарды қамтитын оның өз  қаламына тән де әңгімелері  болғандықтан («Асан мен Үсен»,  «Надандық», «Сейтқұл». Олар жөнінде  кейін тоқталамыз) аудармаларын  да қоса «Алтынсарин әңгімелері»  деп атауды ерсі көрмедік.

             Бұл жерде біздің дәлелдемегіміз  жастарға дұрыс, жақсы тәрбие  берудегі оның көзқарасы мен  үлгі үшін кітабына енгізілген  әңгімелерінің тәрбиелік мәнін  көрсету болғандықтан солай жалпылай  атадық та, аудармалары туралы  жазалған жеке зерттеулерге сілтей  бердік1.

             Екінші жағынан, Алтынсаринның орыс авторларынан алған әңгіме, көркем шығармаларын қазақшалауында ерекшеліктер де бар. Ол әңгімелерді аударғанда Алтынсарин барлық жерде түпнұсқасын бұлжытпай, сол күйі аударуды принцип етіп қоймаған. Кейде тақырыбын, кейде сюжетін, кейде баяндау әдісін өзгертіп, қайткен күнде де қазақ өміріне жақындатып, қазақ балаларына түсінікті баяндауды негізгі нысана еткен. «Алтынсарин әңгімелері» дегенде біз бұл жағын да еске алдық.

Әңгіме атында емес, тәрбиелік мәнінде, ол әңгімелердің өз кезінде атқарған қызметінде ғой. Мәселеге осы тұрғыдан келсек, өзі  жазған әңгімесі болсын, орысшадан  аудармалары болсын, Алтынсарин жазба  әдебиетіміз тарихында балалар  әдебиетінің негізін салушы - атасы  болды.

             Ыбырай Алтынсаринның кезінде  орыс не Европа елдерінде балалар  әдебиеті сол елдің жалпы әдебиетінің  негізгі бір саласына айналып  еді. Біздің қазақ жағдайында (ХІХғ.) Махамбет, Абай тәрізді ұлы  ақындарымыздың кейбір өлеңдерін  айтпасақ, балалар әдебиеті жоқ,  не жоқтың қасы болатын. Бұл  мәселені биік сатыға көтеріп,  балалар әдебиетін жасауға саналы  түрде кіріскен бізде бірінші  адам - педагог-жазушы Алтынсарин.

             Оған шейінгі балалар әдебиетінің  үлгілері тек фольклорымызда  ғана болатын. «Жаңылтпаш», «Бесік  жыры», «Құйыршық», «Қотыр торғай»,  «Өтірік өлең», «Жұмбақ», «Тазша  бала» туралы ертегілер, бәрі  де жастардың ой-санасына лайықталынған  балалар әдебиеті қатарына жатады. Халық өздерінің дүниетанушылық  көзқарастарына сәйкес кекілді  жас, келешек ұрпаққа өздерінше  жақсы тәрбие беруге тырысты. 

     Ал тарихи жазба әдебиетімізді  алсақ, бұл мәселе ашығырақ  айтқанда, ескерусіз қалған болатын.  Әлеуметтік мәні зор барлық  істің тетігі жастарда деп  сенуші Ы.Алтынсарин басқа мәдениетті  елдердің жазба әдебиетінің үлгісінде  өз халқы, оның келешегі үшін  керекті балалар әдебиетін жасауға  күш салды. Орыстың педагог,  ұлы жазушыларынан аудару, кейбір  тақырып, әңгіме сюжетін оның  өзінше жазу, араб, түркі халықтарының  қазақ ауыз әдебиетінен естіген,  оқыған әңгімелерінің іштеріндегі  қызықтыларын балалардың ой-санасы, жасына лайықтап жазу және  өз жанынан да бірнеше әңгімелер  шығару арқылы Ыбырай кейінгі  ұрпақтары үшін аса құнды мұралар  қалдырды. Кейінгі жазба әдебиет  өкілдеріне балалар әдебиетін  қалай жасау керектігінің үлгісін  пішіп берді. 

1Қай әңгімесі  кімнен аударылғанын білгісі  келген жолдастарға Ә.Дербісәлиннің  «Алтынсаринның жазушылық қызметі  туралы» кітабының 114-115-беттерін  қарауды ұсынамыз.

             Бұл салаға жататын әдебиеттің  өзіндік ерекшеліктері бар. Ол  ең алдымен, уақиғалы, қысқа, қызықты,  тартымды болуы қажет. Мейлінше  түсінікті, балалардың ұғымына  жеңіл, тілі жатық және әдеп-әркен,  оқу, өнер, адамгершілікке жетектейтін  тәлім-тәрбие берерлік болуы шарт. Балалар ешбір зорланбай, қызыға  отырып оқумен қатар, көздеген  нысана, ойлаған мақсат іске асуы  керек. Яғни, автор әңгімесіне  қандай мақсат қойса, сол балалардың  ой-санасында мәңгілік қалатын  болсын. Сонда ғана әңгіме өз  міндетін атқармақ. Ыбырай әңгімелері  осы шарттардың барлығына дәл  келеді.

             Мысалы, жоғарғы Паульсонның хрестоматиясынан  алып, қаһарманына Сейт деп ат  беріп, кейбір жерлерін өзгертіп, қазақшалаған «Ауырғаннан аяған  күшті» («Чувство любви сильнее  боли») дейтін әңгімесіне назар  аударсақ, бірнеше жолдан ғана  құралады. Бірақ сол кіп-кішкентай  әңгіменің ішінде оқиға бар,  диалог бар. Қысқасы, өзінше  басы-аяғы бүтін, жап-жақсы шағын  ғана шығарма болып шыққан.

             Бұл келтірген мысалдардан басқа  да Алтынсаринның аударған, өзі  жазған қысқа әңгімелері әрі  тәрбиелік мәні үлкен, шеберлігі  жағынан мүлтіксіз әңгімелері  көп және өмір құбылысы, адам  өмірінің әр алуан жақтарын  қамтиды. 

             Солардың ішінде, әсіресе, оның  «Бай мен кедей баласы» атты  әңгімесі айрықша көңіл бөлуді  қажет етеді. 

             «Бай мен кедей баласында»  ел көшіп кетіп, ойламаған жерден  жұртта ұмытылып қалған екі  баланың бастарынан кешірген  бір тәуліктегі оқиғаны суреттеуге  арналса да, тереңірек қараған  адамға автордың ой түйінінде  көптеген сыр жатқандығын аңғаруға  болады.

             Бұл әңгіме сюжеті, құрылысы жағынан  орыстың ұлы демократ жазушысы  Салтыков-Щедриннің «Бір шаруа  екі генералды қалай асырады?»  деген сатиралық ертегісіне ұқсайды. 

             Ол әңгімеде де екі генерал  бір себептермен елсіз-күнсіз  тоғайдың ішінде қалады. Екеуі  де әбден ашығады. Өздері амал  жасап, тамақ табу, күн көрудің  шарасын іздеудің орнына, сол  елсізден орыс крестьянын іздейді.  Олар өзара сөйлескенде «Бір  мужик тауып алсақ, тамақ та, шарап та табылар еді, ол  бізді қалай да асырар еді»  дейді. Сөйтіп жүргенде екі  генералдың тілегі қабыл болып,  елсіз тоғайдың ішінде ұйықтап  жатқан бір мужиктің үстінен  шығады. Екеуі оны көрісімен-ақ: «Тұр, біз ашпыз, тамақ тап бізге!»  - деп әмір етеді. Бұрыннан оларды  бағып қалған мужик, аң аулап,  тұзақпен құс ұстап, екеуін  де асырап, еліне әкеледі. 

             Барлық салыстыру дәл шыға  бермейді. Біз бұл мысалды келтіргенде  Алтынсарин Салтыков-Щедринді аударды,  не соның әңгімесін көшіріп  алды демек емеспіз. Біздің  бұл жерде айтпағымыз - екеуінің  пікір ұқсастығы. 

             Салтыков-Щедрин өзінің әңгімелерінде  шаруалардың күшін ақысыз-пұлсыз  пайдаланудың арқасында өмірге  түк икемдігі жоқ адамдардың  пайда болуын, мүгедек-дәрменсіздікке  әкеліп тіреген сол жағдай  екендігін, сондықтан ондай қоғамның  тозығы жеткендігін, енді өмір  сүруге правосы жоқтығын көрсетіп  өлтіре шенеу Салтыков тәрізді  демократ жазушыларға тән болса,  Алтынсарин әңгімесінің идеясы  да солармен ұштасады.

             «Бай баласы мен кедей баласы»  атты Алтынсаринның әңгімесінде,  бізше, үлкен идея бар. 

             Ғасырлар бойы еңбекшілерді қанап,  халықты қанауды ата мирасындай  көріп, соның арқасында үлде  мен бүлдеге оранып өскен бай  баласының басына күн туғанда  дәрменсіздігін суреттеу арқылы  жазушы сол қоғам құрылысының  тамыры шіріп, оның адамдары  өмірдің жасаушысы, күресушісі  емес, бишарасы, үстемдік етуші таптың  үлкені - жауыздық пен қаярлықтың  қапшығы да, жасы - мүгедектіктің  бейнесі деген қорытындыға келетін  сықылды. 

             Шығармасының бас геройы етіп, бай баласы мен кедей баласын  алуының өзінде үлкен сыр жатыр. 

             Егер оның көздегені тек Үсеннің  ақылдылығы, Асанның ақылсыздығы,  яғни бір жастағы балалардың  бірі ақылдырақ, екіншісі ақылсыз  болуы мүмкін екендігін көрсету  болса, онда оларды екі таптан  шығарудың қажеті болмас еді.  Жазушының бұл жерде көрсетейін  дегені - биологиялық, не психологиялық  мәселе емес, әлеуметтік мәселе. Асанның есі дұп-дұрыс, дені  де сап-сау. Бірақ оған қарағанда,  Үсен көш ілгері жатыр. Өмірмен  бетпе-бет келгенде, Асанның әлсіз,  мүгедектігіне кінәлі де, Үсеннің  өз құрдасынан асып түсіп, бетпе-бет  келген өмір қиыншылығымен алыса  кетуіне негіз де тұрмыс. Өз  бетімен жерден еңкейіп шөп  алмай өскен Асанды өскен ортасымен  ақысыз-пұлсыз асыраған тұрмыс  өз бетімен күн көруге келгенде  әлсіздікке, бишаралыққа ұшыратса, әкесін де, өзін де өз күші, өз еңбегімен күн көруге дағдыландырған  қиыншылық тұрмыс кедей баласы  Үсенді күрес ері етті.

             Асан да, Үсен де жай ғана алына салған балалар емес. Бір - бай баласының, екіншісі - кедей баласының типі.

             Жазушы өз ортасынан үздік  шығатын бірен-саран ақылды, талантты  Үсендердің, не ақылсыз Асандардың  да болу мүмкіншілігін, әрине,  жоққа шығармайды. Бірақ ол бай  балаларының көпшілігіне тән  мінез Асанда, кедей баласының  көпшілігіне тән мінез Үсенде  деп, оларды өз орталарының  кейіпкері - типі етіп көрсетеді. 

             Әңгімені абайлап оқушыға жазушының  симпатиясы Үсен жағында. Мұны  олардың іс-әрекеттерін суреттеуінен  де, диалогтарынан да көру қиын  емес. Жазушы болашақ та кедей  баласы Үсенде деп біледі.

             Асан мен Үсен образына байланысты  және бір айта кететін нәрсе,  бай баласы мен кедей баласын  салыстырғанда, алдыңғысы ақылды, соңғысы ақылсыз келеді деген  ескі ұғымға да жазушы соққы  бере кетеді.

             Сөйтіп Алтынсарин «Бай баласы  мен кедей баласында» өз кезіндегі  қазақ даласындағы, Обломов, обломовшылдықтың  кішігірім бір көрінісін суреттеу  арқылы соны туғызып отырған  негізгі себептердің бетін ашып, оқушыларын оған қарсы тәрбиелейді. 

             «Надандық» әңгімесі де көлемі  шағын, бір-екі эпизодтан ғана  құрылған кішкене әңгіме болса  да, мәні зор. Өйткені бұл қазақ  даласындағы ғасырлар бойы серпілмей  келген қараңғылықтың бір алуан  көрінісі және сол қараңғылыққа  дін надандығы ұштасып, тұншықтыра  түскен ескілікке жаңа заман,  жаңа адамның шығарған үкімі  деуге болады.

             Алтынсарин тек балалар ғана  емес, үлкендердің өзін де еңбекке,  отырықшылыққа, саудаға тәрбиелеу  мәселесін көтерді дедік. Бұл  жөнінде «Қыпшақ Сейтқұл» әңгімесінің  мәні зор. Автордың өзі: «... Тілеу Сейдалин сұлтанның куәландыруы  бойынша, Сейтқұл 1830 жылдарда  өліпті»1 дейді. 

             Торғайдың терістігі Қабырға  өзенінің бойында қыпшақтардың  барлығы, ол жерде «Сейтқұл  қорғаны» атанатын оба және  осы тәрізді ел аңызы барлығы  рас. Әрине «Сетқұл» оқиғасы  тарихи нәрсе емес, бұл - ел  аңызы, сондай адам мен сол  тәрізді өмірдің болуын аңсаған  үміт елесі. Зерттеушілердің міндеті  - ол әңгімедегі оқиғаның болуы-болмауын  дәлелдеуде емес, Алтынсаринның  басқа аңызды алмай, осы аңызды  алып, оны көркем әңгімеге айналдыруы, осының себебін ашу болу керек. 

             Орыс зерттеушілері Чернышевскийдің  «Что делать?» романын сөз қылғанда, Вера Павловнаның мастерскаясы, не ондағы еңбек ұйымдастыру  мәселесі шынында болды ма, жоқ  па, оны сөз етпейді. Солай етіп  көрсеткендегі автордың идеясы  не еді, соны ашуға тырысады. Бұны мысалға келтіргендегі мақсат - Алтынсарин «Қыпшақ Сейтқұл»  әңгімесін Чернышевскийден алды  деу емес, бұл тәрізді әңгімелерді  қалай талдаудың керектігіне  бағыт сілтеу ғана.

             «Қыпшақ Сейтқұл» әңгімесінің  сюжет негізі халық аңызынан  алынғандығы талассыз. Бірақ қаншасы  халықтікі, жазушы өз жанынан  нені қосты, ол арасын ашу  қиын. Әйтсе де, халық арасындағы  көп аңыздан «Қыпшақ Сейтқұлды»  таңдауы, бізше, кездейсоқ емес.

             Қай кезде болсын, мәдениетті  жазушы фольклордан сюжет негізін  алғанда жай ала салмайды, сол  фольклор материалында жазушының  идеялық бағытына сәйкестігі  бар, кейбір жақтарынан өз пікірімен  өрістес, аңыздың шығу негізінде  қиял да болса бір шындық  нәрі бар нұсқаларды алады. 

             Бізше, «Сейтқұл» аңызынан Алтынсарин  де өз ойы, өз идеясының талшығын  тапқанға, соны дамытқанға және  оған әлеуметтік мән беріп,  аңызды шындыққа жақындатып, аңыз  адамдарын тарихи, хақиқат болған  адамдар етуге тырысқанға ұқсайды.  Әңгімесіне реалистік түс беруі,  бас геройының өлген жылы туралы, сөз арасында болса да белгілі  дата көрсетуі де осыны аңғартады.  

 

1Ыбырай Алтынсарин. Таңдамалы шығармалары. - Алматы, 1943ж. - 39-бет. 

             «Қыпшақ Сейтқұлда» негізгі тақырып - еңбек. Сонымен қатар, отырықшылық, егін кәсібі, сауда және еңбексіз, ұрлықпен күн көрушілік мәселелері. Жазушы осы төрт түрлі мәселенің негізіне сюжет құрады да, оның әрқайсысына оқушыға бағыт сілтерлік өз көзқарасын білдіреді.

Информация о работе Ыбырай Алтынсарин қазақ әдебиеті тарихындағы орны