Ыбырай Алтынсарин қазақ әдебиеті тарихындағы орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2012 в 13:30, реферат

Описание

Әр заман, тарихи әр кезең әлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды өкілдерін жарыққа шығарып отыратыны мәлім.Олар елдің мұң – мұқтажын көре біліп, халқының сол мұқтажына перзеттік махаббаттын арнаған, туған халқының

Работа состоит из  1 файл

алтынсарин.docx

— 65.35 Кб (Скачать документ)

Еңбекті сөз  еткенде, Алтынсарин жалпы түрде  емес, пайдалы және өнімді еңбекті  ұсынады, адал еңбек арқылы өмір үшін күрестің үлгісін және оның нәтижесін  мынандай деп, басқа елдің басшыларына - Сейтқұлды, бағынушыларына - оның соңынан  ерген еңбекшілерін үлгі етеді. Еңбексіз, ұрлықпен күн көрмек болған Сейтқұлдың ағасының сүйегі де табылмай қалды. Сөйтіп жазушы «Еңбек түбі - ырыс», «Ұрлық түбі - қорлық» деген қорытындыға келеді.

             Біз «Қыпшақ Сейтқұлда» жазушының  және бір көтерген мәселесі  отырықшылық пен сауда мәселесі  дедік. Енді соған келелік. 

             Қазақ халқының негізгі тіршілігі  - мал шаруашылығы, сол шаруашылықтың  жағдайы көшпелілікті керек етсе, ХІХ ғасырдың екінші жарымындағы  әр алуан әлеуметтік шаруашылық  жағдайлар, әсіресе қазақ халқының  көпшілігі болған еңбекші-кедей  шаруаларының отырықшылануын талап  етті.

             1868 жылғы «Жаңа низамнан» кейін  жердің қазыналық болып, түгелдей  патша өкіметінің меншігіне айналуы,  қырға капитализм элементінің  қанат жая бастауымен байланысты  ескі феодалдық қоғамның өз  ішінде әлеуметтік қарым-қатынастың  өзгере бастауы бір алуан жағдай  болса, 1865 жылдардың шамасында қазіргі  Қазақстанның Маңғыстау өлкесінен  басқа, түгел жайпаған «Жалпақ  қоян» жұты халықтың көпшілігін  керегесіне таяп, қолына таяқ  ұстатып кеткен жылдың бірі  болды. Бұл жағдайды қазақтың  үстемдік етуші бай-феодалдары  өзінше пайдаланып, кедей шаруаларды  қанауын бұрынғыдан да өршіте  түсті. Олардың ауыр халдерін  молынан пайдаланып, оларға «көтере  алмаған қосып арқалардың» кебін  келтіріп, тұра алмастай несиеге  малтықтырды. 

             Қазақтың кедей шаруаларының  бұл кездегі осы тәрізді ауыр  халі Шоқан, Алтынсарин, Абай тәрізді  адамдарын ойландырмауы мүмкін  емес еді. Алтынсаринның «Қыпшақ  Сейтқұл» аңызын әңгімеге айналдыруының  бір себебі осындай жайттармен  байланысты тәрізді. Жоғарғы айтылған  әлеуметтік және шаруашылық жағдайлар  ендігі кезде отырықшылану қажеттігін  керек етті. Ері мойнына кеткен  кедей шаруалардың ауыр халін  жақсартудың төте жолы отырықшылану, сүйтіп, егін кәсібімен айналысу  деген пікірді қазақ ағартушыларының  бәрі де мойындайтынға ұқсайды. 

             Шоқан Уәлиханов отырықшылану  мәселесіне айрықша көңіл бөлсе,  Абай:

 «Болмасын  кекшіл,

 Болсайшы  көпшіл,

 Жан аямай  кәсіп қыл! 

 Орынсыз  ыржың, 

 Болымсыз  қылжың,

 Бола ма  дәулет, нәсіл бұл? 

 Еңбек  қылсаң ерінбей, 

 Тояды  қарның тіленбей.

 Егіннің  ебін,

 Сауданың  тегін 

 Үйреніп,  ойлап мал ізде.

 Адал бол, бай тап,

 Адам бол,  мал тап, 

 Қуансаң,  қуан сол кезде, 

 Біріңді,  қазақ, бірің дос, 

 Көрмесең, істің бәрі бос»1, -

 десе, Алтынсарин  отырықшылану, егін кәсібін қолданудың  қазаққа пайдалы екендігін «Сейтқұл»  әңгімесі арқылы үлгі пішіп,  өнеге көрсетпекші болады. Бұлар  өзара кеңес құрып, келісімге  келмесе де, ой-пікір, көздеген  нысаналары «әу!» дескендей, бір  жерден шығады. 

             Егін кәсібінің, әсіресе еңбекші  кедей шаруалар үшін пайдалы  кәсіп екендігін ұғыну бұл  кезде, ХІХ ғасырдың екінші  жарымында, қиын мәселе емес  болатын. Өйткені 1861 жылғы реформадан  кейін қазақ даласына орналастырылған  орыс шаруалары Россиядан малсыз-мүліксіз  келсе де егін кәсібі, өздерінің  адал еңбектері арқасында аз  жылдың ішінде-ақ ес жиып, етегін  жапқаны, ауыр хал, аштық тұрмыстарын  анағұрлым жеңілдеткені Алтынсарин, Абайлардың көз алдында болған  оқиға еді. Ал қазақ еңбекшілері  үшін егін кәсібін үйрену де  бұл кезде оңайланған мәселе еді. Кімде-кім егін егуді пайдалы кәсіп деп үйренгісі келсе, ауылы аралас, малы қоралас жатқан орыс шаруаларынан үлгі алып, үйренуге болатын.

             «Сейтқұл» әңгімесіне қарағанда,  Ыбырай тек жалпы егін егу  ғана емес, Түркістан маңындағы  орашение мәселесінен де толық  хабардар екендігі аңғарылады. Әңгіменің  бір жерінде: «Қабырғаның бойына  келгесін Сейтқұл қолына кетпен  алып, отыз үйлі кедейіне де  кетпен беріп, жер тегістеп, егін  егуге кірісті. Түркістан жағында  көрген үлгісімен арық қазып,  су шығарып, егінге су жіберді»2 дейді. 

             Алтынсаринның бұл әңгімені саналы  түрде, алдына белгілі мақсат  қоя жазғандығын әңгімедегі суреттелетін  коллективизм мен оның айналасына  жинала бастаған кедей шаруалардың  өзі-ақ дәлелдейді.

1А.Құнанбаев.  Шығармаларының толық жинағы. 1945ж. - 71-72-беттер 

1Ы.Алтынсарин. Таңдамалы шығармалары. 1943ж. - 40-бет. 

     «Мұны көріп, - деді автор, - әрбір  көшпелі елдегі жарлы-жақыбайлар  да келіп, Сейтқұлға қосылып,  бес-алты жылда төрт жүз үйге  таянды»1. Бұл сөздерге қарағанда,  оның басқаларға үлгі ететін  елі рушылдық емес, таптық негізге  құрылған еді. 

             «Сейтқұл» әңгімесіндегі бұл  айтылған отырықшылану мәселесі  Алтынсаринның негізгі нысанасы - ағартушылық мәселесіне де дәл  келді. «Болыстық мектеп көшкен  елмен бірге көшіп» жұмыс істеуі  қажет деп Алтынсарин ұсыныс  жасағанда, осы әдіспен оқыту  әбден қолайлылығын айтқан жоқ,  сол жағдайда онан басқа мүмкіншіліктің  жоқтығы, лажсыздықтың күні еді.  Ал отырықшыланған елде оқу  жұмысын дұрыс жолға қою, көшпелілік  жағдаймен салыстырғанда, анағұрлым  оңай, анағұрлым ыңғайлы екені  тайға таңба басқандай айқын  нәрсе болатын. Сондықтан отырықшыланудың  барлық жағынан халыққа пайдалылығы  Алтынсаринның әбден көзі жеткен  мәселесі деуге болады. Демек,  «Сейтқұл» әңгімесі - Алтынсаринның  ағартушылық идеясымен де сабақтас.  

             Бұл әңгімеде сауда-саттық мәселесі  де қозғалады. Әңгіменің бір  жерінде: «Сейтқұл енді Бұхар,  Қоқанға мал айдатып, ол кенттерден  қазақ қолы әртүрлі товар алдырып,  жылда егін піскен уақытта  манағы қорғанда жәрмеңке реуішті  базар болды, көшпелі халық  белгілі уақытта малын, жүн-жабағысын,  тері-терсегін келтіріп, егіншілер  оған астығын, товарын айырбас  етіп, осы қалыпты бір жағы  егін, бір жағы саудамен Сейтқұлың  жұрттан асқан бай болыпты»2 дейді. 

             Бізше, бұл үзіндіден екі түрлі  мәселенің беті ашылатын сықылды.  Бірінші, Алтынсарин - өз кезіндегі  қазақ даласына ене бастаған  капитализм элементін қолдаушы  капиталистік даму жолы, ескі  феодализм қоғамымен салыстырғанда,  анағұрлым прогрессивті жағы  көп екендігін дұрыс болжап, дұрыс  түсінген адам. Бұл өз кезінде,  сөз жоқ, прогрессивтік пікір  еді. 

             Екінші, өз еңбегімен күн көру, отырықшыланып, егін кәсібі арқылы  кедей шаруалардың тұрмысын жақсартуды  ең керекті мәселе деп біліп  және оны бірінші орынға қойса,  мал жиып қоңданған елге қосымша  түрде сауда кәсібін ұсынады.  Сейтқұл елінің бәрі теп-тегіс  сауда арқылы байиды. Сауда арқылы  баю мүмкіншілігін жоққа шығармағанда, сауда болған жерде қанау бар,  қаналу бар. Демек, Сейтқұл  елінің басына жазушы қаншама  жұмақ орнатамын деп «боз торғайды  қой үстіне жұмыртқалатпақ» болса  да, ол жері - шындықтан тыс, қияли  ғана нәрсе. Және саудагер жай  халықты қанау арқылы ғана  байитындығын көре алмаушылық. Бұл  жазушының өмірдің кейбір құбылысын  топшылауда аяғын шалыс басқан  де кезі болғандығын аңғартады. 

1Ы.Алтынсарин. Таңдамалы шығармалары. 1943ж. - 41-бет. 

2Бұл да  сонда, 41-бет 

             Сөйтіп, жоғарғы айтылған пікірімізді  қорыта келгенде, ақын және жазушы  Алтынсаринның ХІХ ғасырдағы  қазақ әдебиетінің даму тарихында  негізгі ролі - өзіне шейінгі әдебиетте  болмаған тақырып. «Тақырып дегеніміз  - идея» деп Горький айтқандай,  жаңа мәселе көтеруінде өзінің  алдындағы және өз кезіндегі  әдебиеттегі кертартпа-ескішілдік, діншілдік, мистикалық көзқарастарға өзінің барлық ісі, творчествосымен тойтара соққы беріп, өз халқына болашағы мол прогрессивтік үлгі-өнеге ұсынуында. Бұл - бір.

             Екінші, орыстың ұлы демократтарының  еңбектерімен танысып, олардың  революцияшылдық жолмен ескі  өмір құрылысын өзгерту идеясын  толық түсініп, толық меңгеру,  күреске шақыру дәрежесіне көтеріле  алмаса да, ескі өмірдің мызғымас  салбөкселігін, діннің уы қорғасындай  халықтың ой-санасын уландырып  бара жатқандығын, алуан түрлі  қанауға ұшырап жатқан халық  көпшілігінің ауыр халін көріп,  ескі феодалдық қоғамның кейбір  жақтарына ғана емес, оның негізіне  қарсы шығуында. Келешегі жоқ,  қараңғылық, діншілдік тұманы басқан  ескі қоғамның мұнан былай  өмір сүруіне правосы аздығына  өз творчествосымен үкім шығаруында. Орыстың ұлы демократтарының  Алтынсаринның көзқарасына, творчествосына  еткен әсерін де біз осы  мәселенің айналасынан іздеуіміз  керек. Үшінші, Алтынсарин - ескі  өмірдің надандығын көріп, тек  сынаушы, халықтың ауыр халін  көріп, налушы емес, сол шытырманнан  шығудың өз дәуіріндегі мүмкіншілікке  сай дұрыс жол көрсетушісі. 

             Ескі өмірге қарсы «Сейтқұл»  елін, кержалқаулықтан зілі басқан, ақ алақандықтың арқасында дәрменсіздікке  айналдырғандарға қарсы - Сейтқұл,  оның маңындағы атсыз геройларды, көпшілікке қарсы - отырықшылық,  надандыққа қарсы - ғылым, ағартушылықты  ұсынды. Жұртшылыққа оқуды - өнеге,  «Сейтқұл елін» үлгі етті.

             Ыбырай Алтынсаринның бұл пікірлерінің  қайсысы болсын, қазақ әдебиетінде  бірінші рет айтылған жаңа  сөз, жаңа пікір, өзіне шейінгі  әдебиеттегі зиянды идеологиялық  сарынға қарсы ашылған майдан, белдескен күрес. ХІХ ғасырдың  екінші жарымында қазақ әдебиетінің  даму жолындағы оның үлкен  ісі, негізгі ролі осы айтылған  идеологиялық майданында жүргізген  күресінде деп білуіміз керек. 

             Біз жоғарыда орыстың демократтық  бағыттағы әдебиет пен Алтынсаринның  идеологиялық байланысы туралы  қысқаша айтып өттік. Оның орыс  әдебиетімен үндес, туыстас жақтарын, тек жоғарғы аталған шығармалары  ғана емес, басқа да өлең-әңгімелерінен  көруге болады.

             Алтынсарин орыс халқын қалтықсыз  шын жүректен сүйді, оның мәдениеті  дүниежүзі мәдениетінің алдыңғы  сапындағы мәдениет екенін, әдебиеті  бүкіл Европаға әсерін тигізе  бастағанын, әлемді таңғалдырған  демократтық ұлы идеялардың қайнар  бұлағы да орыс елі екендігін  ол дұрыс түсінді. 

             Ұлы орыс халқына, оның мәдениетіне деген сүйіспендік Алтынсарин шығармасына өзек болып тартылды, оның шығармаларының бір саласы - орыстың ақын-жазушыларынан аударма. Ақынның игілікті бұл еңбегі де далаға кеткен жоқ. Орыстың ұлы классик ақындарын аудару, олардан үлгі алу арқылы Алтынсарин қазақ әдебиетіне жаңаша леп беріп, жаңа бағыт сілтеді. Сол арқылы өзіне шейінгі қазақ әдебиетінің фольклорлық қалпын өзгертпекші болды.

Ол ең алдымен, қазақ әдебиетіне басня-мысал өлеңінің түрін енгізді. Оған шейінгі қазақ  поэзиясындағы қара өлең, қайым өлең, толғау, жыр тәрізді өлеңдер, орыс әдебиетінің үлгісінде тәрбиеленген ақынға аз, жеткіліксіз  көрінді. Екінші жағынан, бұл мысал өлеңдер оның алдына қойған негізгі тілегіне дәл  келді. Өз кезіндегі қоғамның салтына  айналған зорлық, зомбылық, екіжүзділік, қаярлық, өзімшілдік, менмендік, жалқаулық, пәлеқор, парақорлық тәрізді өмірдің  көлеңке жақтарын өлтіре сынап, бүккенін жазып, бүкпегенін ашу үшін, улы сарказм, өткір иронияға толы орыс халқының ұлы ақыны Иван Алексеевич Крыловтың  мысал өлеңдері оның көңіліне қона кетті. Өз кезіндегі орыс өмірінің қалтарыс жақтарының бетін ашып, Белинский, Добролюбов тәрізді әділ төре, қатал сыншылардың  сотына тартқан орыстың дана ақыны  Крыловты Алтынсарин өзінің ұстазы деп  білді. Өмірдің әр алуан құбылысы жөніндегі Крыловтың көзқарасын өзіне өнеге, кейінгілерге үлгі етті. Ыбырай аударған «Егіннің бастары», «Екі шыбын», «Қарға мен түлкі», «Қайырымды түлкі» өздерінің мазмұны жағынан  да қазақ әдебиетіндегі көрнекті аудармалардың төрінен орын алады.

             Алтынсаринның орыс әдебиетінен  үйрену арқылы қазақ поэзиясына  және бір енгізген жаңалығы - табиғат  лирикалары.

             Табиғат - тек байлық кені, адам  баласы рызығының сарқылмас қазынасы  ғана емес, көркемдік, сұлулықтың  да әлемі. Сарғая атқан таң,  қызара батқан күн, дірілдеген  сәуле, үдере көшкен бұлт, жайнаған  жаз, құлпырған жазық, асқар  алатау, тулаған теңіз, дүлей орман  - барлығында да өзінше әдемілік, әр алуан сұлулық, ақын-жазушылардың  эстетикалық сезімін оятарлық  күш, қиялын серпінтерлік қуат  бар. Табиғат, оны суреттейтін  өлеңдердің мәні туралы ұлы  сыншы Белинскийдің: «Табиғат - ақынның  алғашқы оқытушысы, рух берушісі...»,  «Табиғатты сүйе білу - ақындық  рух, ақындық шабыттың алғашқы  адымы» дейтіні де сондықтан. 

             Мәдениетті елдердің ұлы ақындарының  қайсысын алсақ та, табиғаттың  әр алуан кезі мен көрінісін  шебер суреттеген, ақынның ой-пікір,  сезім күйін оқушыларына жай  өлеңдерден анағұрлым тез жеткізетін  табиғат лирикаларын жалпы әдебиет  тарихында аз кездестірмейміз. 

             Ал қазақтың ХІХ ғасырдағы  поэзиясын алсақ, шын мәніндегі  пейзаждық өлең жоқ деуге болатын.  Табиғаттың кейбір құбылыстарын  басқа жағдайлармен байланысты:

 «Мұнар  да, мұнар, мұнар күн, 

 Бұлттан  шыққан шұбар күн» (Махамбет).

 не,

 «Ылдиы  жоқ, өрі жоқ, 

 Ат тайғанар  жері жоқ, 

 Жазып  салған кілемдей,

 Аман бол  қайран, жерлерім», -

 дегендері  тәрізді сөз арасында ғана  суреттелетін табиғаттың кейбір  көріністері болмаса, табиғат  құбылысы өз алдына жеке алынып, оқиға да, герой да өзі, ақынның  ой-пікірлері де сол пейзаждың  өз ішінде түйіндеген пейзаждық  өлең жоқ десек, қателеспейміз. 

 «Қараңғы  түнде тау қалғып,

 Ұйқыға  кетер балбырап.

 Даланы жым-жырт, дел-сал қып,

 Түн басады  салбырап...» 

     Пейзаждық өлеңмен машықтану  немесе ақындардың табиғатқа  барулары, табиғатты сырласар әлемі,  сүйсінер керегі деп білушіліктің  сан түрлі себебі, әр алуан  сыры мен шыны бар. Оның әрқайсысына  жеке тоқталып, әлеуметтік-таптық  сырын ашу - өз алдына жеке  бір мәселе. Сондықтан Алтынсаринның  табиғат лирикаларына келелік. 

             Алтынсаринның бұл тақырыптағы  бізге мәлім өлеңдері: «Жаз», «Өзен», «Жаз шыққанда». Бұл өлеңдердің  алдыңғы екеуі - шын мәніндегі  лирикалық өлеңдер. Мұнда негізгі  тақырып та, герой да табиғат  құбылысы. Автордың ойын да, сезімін  де, айтайын деген пікірін де  сол пейзаждың өзінен көруге  болады. «Жаз шыққанда» атты өлеңі  - пейзаждан гөрі де портретке  жақын, жаз кезіндегі ел өмірінің  картинасы. Мұнда сол жаз кезіндегі  адамдардың қарым-қатынастары, күйініш-сүйініштері  суреттеледі. Табиғат сол қарым-қатынастардың  фоны ғана.

Информация о работе Ыбырай Алтынсарин қазақ әдебиеті тарихындағы орны