Ыбырай Алтынсарин қазақ әдебиеті тарихындағы орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2012 в 13:30, реферат

Описание

Әр заман, тарихи әр кезең әлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды өкілдерін жарыққа шығарып отыратыны мәлім.Олар елдің мұң – мұқтажын көре біліп, халқының сол мұқтажына перзеттік махаббаттын арнаған, туған халқының

Работа состоит из  1 файл

алтынсарин.docx

— 65.35 Кб (Скачать документ)

             Ыбырай өзінің көптеген бір  алуан өлең, әңгімелерін жастарды  оқуға шақыруға арнады.

 «Оқысаңдар, балалар, 

 Шамнан  шырақ жағылар. 

 Тілегенің  алдыңнан 

 Іздемей-ақ  табылар. 

 Кел, балалар,  оқылық,

 Оқығанды  көңілге 

 Ықыласпен  тоқылық!» -

 деді.

             Кезінде бұл өлеңнің тарихи  мәні айрықша зор болды. Ақын  бір жағынан, жастарды оқуға,  білім алуға үндесе, екінші жағынан,  өмірдің бар қызығы тек қана  байлықта деп ұғатын, оқу-өнер, ғылым-білімге,  оның жалпы халық үшін керектілігіне  еш мән бермейтін ескі көзқарасқа  соққы берді. 

             Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық  білім екендігін айта келіп,  білімге адамның қолы жету  үшін ерінбей оқу, қажымай еңбек  ету керектігін түсіндірді. Есті  бала мен ессіз баланы қарама-қарсы  қойып, жастарға кімнен үлгі  алып, кімнен безу керектігін  көрсетті.

             Ақын «Өнер, білім бар жұрттар»  атты өлеңінде оқу, білім алудағы  мақсатты алдыңғысынан да гөрі  аша түседі. Балғожа сықылдылардың  бала оқытқандағы арманы «ата-ананы  асырау» болса, Алтынсарин оқушылардың  білімді адам болғандағы мақсат, міндеттері өз халқының бір  керегіне асу, оның прогрестік  жолмен ілгерілеуіне жетекшілік  жасау, мәдениет жағынан салыстырғанда,  басқалардан бірнеше ғасырлық  кейін қалған өз елін, «тастан  сарай салдырып, айшылық алыс  жолдардан, көзіңді ашып-жұмғанша  хабар алдыратын» елдердің қатарына  жеткізу деп білді. 

             Алтынсарин мейлінше қиын жағдайда  жұмыс істеді, талай бөгеттерге  кездесті. Өтірік арыз, «Жаптым жала, жақтым күйенің» неше түріне  жолықты. Бірақ ол күрестен  қажыған жоқ. Әсіресе, оның  келешекке сенімі зор болды.  Аңсаған армандарын өзі орындай  алмаса, болашақ жастар орындайды  деп білді. Елді қараңғыдан  жарыққа шығаратын жастар, тек  қана жастар деген қорытындыға  келді. Өзін қоршаған қараңғылық, надандықтарды шеней келіп: 

 «Біз надан  боп өсірдік, 

 Иектегі  сақалды. 

 «Өнер  - жігіт көркі», - деп, 

 Ескермедік  мақалды. 

 Біз болмасақ, сіз барсыз,

 Үміт еткен,  достарым,

 Сіздерге  бердім батамды», -

 деді.

             Ыбырай қазақ жастарын оқуға  үндеумен қатар, адамгершілікке, махаббат-достыққа, еңбекке, жігерлілікке, тапқырлыққа, халқын сүюшілікке, қысқасын айтқанда, адам деген  ардақты есімді ақтай алатын  кісі болып шығуға үндеді және  жастарға бала кезінен бастап  дұрыс тәрбие бергенде ғана  бұл міндеттерді іске асыруға  болатындығын ол жақсы ұғынды. Сондықтан Ыбырай өзінің оқытушылық, жазушылық, аудармашылық жұмыстарын  осы мақсатқа бағындырды.

             Балаға жастай дұрыс тәрбие  беру бүкіл дүниежүзіндегі педагог-ғалымдардың  кәрі замандардан бері үлкен  көңіл аударып, айрықша көтерген  мәселесінің бірі десек, ХІХ  ғасырдың екінші жартысында қазақ  даласынан оларған үн қосушы  бірінші қазақ педагогі - Ыбырай  Алтынсарин. Бұл мәселе жөнінде  ол көптеген педагогтердің, әсіресе,  орыстың алдыңғы саптағы ұлы  педагог-ғалымдары К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой,  Бунакаковтармен пікірлес болды.  Оның 1879 жылы басылған «Қазақ  хрестоматиясын» алсақ, әрі методология,  әрі методика жағынан жастарға  дұрыс тәрбие беруге лайықталынып  құралғандығын көреміз. Методологиялық  жағы, татар тіліндегі әдебиеттер  арқылы далаға кең тарауға  бет алған ислам діні, оның  зиянды әрекеттеріне қарсы шығу, оның орнына шын ғылым беретін  жаңа принципті ұсыну және  оны орыс алфавиті арқылы өзінің ана тілінде тарату болса, методика жағынан, балалардың жастарына лайықты, ең керекті материалды теріп жинастыру болды.

 Бұл кітап 1) балалар өмірі туралы орыс тіліндегі әртүрлі хрестоматия, көбіне Паульсонның хрестоматиясынан алынған әңгімелер; 2) әртүрлі жастағы адамдардың өмірін суреттейтін әңгімелер; 3) қазақ жыршыларының өлең-жырларынан үзінді; 4) қазақтың мақал-мәтелдері тәрізді төрт бөлімнен құралады. Жинастырған материалдарына да, құрастыруларына да автордың мейлінше ұқыптылықпен қарауымен қатар, олардың тәрбиелік мәніне зор көңіл бөлгендігін де аңғару қиын емес.

Соңғы зерттеушілер (жолдас Ә.Дербісәлин) Алтынсаринның  отыз бес аудармасының барлығын айқындап және әңгімелерінің көпшілігі И.И.Паульсонның  «Книга для чтения и практических упражнений в русском языке» хрестоматиясынан алынған да, басқалары К.Д.Ушинскийдің  «Детский мир», «Родное слово», Л.Н.Толстойдың балаларға арналған кітаптарынан алынғандығын анықтап отыр.

             Бұлардың көпшілігі дәл аудармалар  да, бірқатары - ерікті аудармалар. Кейбіреулерінде орысшадан тек  тақырып, сюжетін ғана алып, қазақтың  өмірі мен тұрмыс-салтына жақындатып, өзінше жазған деуге болады.

             Қалай болғанда да жастарға  дұрыс тәрбие беру үшін олардың  дүниетанушылық көзқарасын кеңейту  үшін «Қазақ хрестоматиясының»  тек өз кезі ғана емес, қазірдің  өзінде де мәні зор. Сондықтан  да ол талай жылдар талай  рет басылып, мектеп оқушыларына  ұсынылып келеді. Бұл кітапқа  енгізілген әңгімелер: еңбек сүюшілік, оқу, өнерге ұмтылушылық, отанын-елін  сүюшілік,талаптылық, жігерлілік, іздемпаздық,  кіші-пейілділік, махаббат, қайырымдылық, адамгершілік, жинақтылық, тағы басқа  осылар тәрізді жақсы мінез-құлыққа  тәрбиелеуге керекті мәселелерді  қамтиды. Бұларға жалқаулықты,  қиянатшылдықты, надандықты, сотқар-лықты  қарсы қойып, жастардың мұндай  әрекеттерден аулақ болуына жол  көрсетті. Мысалы, Хрестоматияға енгізілген  өлең, әңгімелердің балалардың жасына, сана-сезіміне лайықталынып, педагогика  ғылымының міндетті түрде тәрбиешілерден  талап ететін әдіс мәселесінің  берік сақталынуы өз алдына, сонымен  қатар жоғарғы аталып өткен  оқу, еңбек, талап, мейірімділік, тағы басқа тақырыптарға арнаулы,  қолға таяқ ұстатқандай әңгімелерді  әдейі, саналы түрде таңдап  алғандығын да көрмей кетуге  болмайды.

             Кітаптың беташары оқуға шақырудан  басталып, оның әлеуметтік мәнін  түсіндіру болса, сонымен қатар  негізгі тақырыбының бірі - еңбек. 

             «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінде,  ең кішкентай жәндіктердің де  өмір, тіршілік үшін тыным таппай  еңбек етіп жүретінін көрсете  келіп, оларды балаларға үлгі  етеді. Қарлығаш, өрмекші құрлы  жоқпысың, сен де еңбек ет, босқа  жатпа дейді. Мысалы, Ыбырайдың  «Әке мен бала» деген шығармасында  мынадай әңгіме айтылады: «Бір  адам он жасар баласын ертіп,  егістен жаяу келе жатса, жолда  қалған аттың бір ескі тағасын  көріп, баласына айтты: «ана  тағаны, балам, ала жүр», - деп.  Бала әкесіне: «Сынып қалған  ескі тағаны не қылайын», - деді. Әкесі үндемеді. Тағаны өзі іліп  алды да, жүре берді. Қаланың  шетінде темірші ұсталар бар  екен, соған жеткен соң әкесі  қайрылып, тағаны соларға 3 тиынға  сатты. Одан біраз өткен соң,  шие сатып отырғандардан 3 тиынға  бірталай шие сатып алды. Сонымен  шиені орамалына түйіп, шетінен  өзі бірлеп алып жеп, баласына  қарамай, аяңдап жүре береді. Біраз  жер өткен соң, әкесінің қолынан  бір шие жерге түседі. Артынан келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен. Жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Біраздан соң және бір шие, одан біраз өткен соң және бір шие, сонымен, бала әрбір шие тастаған жерге бір еңкейіп, шие теріп жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұрып айтты: «Көрдің бе, бағана тағаны жамансынып, жерден бір ғана іліп көтеріп алуға еріндің. Енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп, бір еңкеюдің орнына, он еңкейдің. Бұдан былай есіңде болсын, «аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың, азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың», - деді».

             Кейде сәл нәрсені қомсынып, оған  көңіл бөлмеушілік, «аз жұмысты  қиынсынып», бойкүйездікке салынушылық  өмірде көп кездеседі. Бұл - жақсы әдеттің нышаны емес. Сондықтан  балаларды жастайынан-ақ бойкүйездікке,  жалқаулыққа қарсы еңбекке тәрбиелеу  мәселесіне Ыбырай ерекше көңіл  бөлген. Жастарды еңбек етуге  дағдыландыруды үгіттеген оның  басқа да әңгімелері аз емес.

             Жазушы «Атымтай жомарт» әңгімесінде  еңбекті дәріптейді. Ешнәрсеге мұқтаждығы  жоқ Атымтай еңбектен ұдайы  қол үзбейді. Бұл ел аузында  ертегі-жыр болып кеткен, ежелгі  араб жұртының әңгімесі болатын.  Ыбырай осы ел аузындағы ертегіні  балаларға арнап, әңгіме ұсынды. Әңгіменің идеясы да, кейінгілерге  үлгі боларлық жағы да Атымтайдың  сөзінен анық көрінеді. Атымтай  бір сөзінде: «Күн сайын өз  бетімнен тапқан пұлға нан  сатып алып жесем, бойыма сол  нәр болып тарайды. Еңбекпен  табылған дәмнің тәттілігі өзгеше  болады екен», - дейді. 

             Алтынсаринның тәрбие жөніндегі  негізгі тақырыбының бірі - талап.  Талап етіп талпынбаса, адам баласы  ешбір алға баспаған болар  еді. «Талапты ерге нұр жауар»  деген халық мақалы да өмір  тәжірибесінен туған пікір. Жастық  шақ - жігер, қайраттың толы  кезі. Бойдағы жасырын талант, өнерлерін  жарыққа шығарып қалатын кез  де осы. Ол үшін талап керек.  Әр нәрсені де жігермен істе, өзіңнің не нәрсеге қабілетің,  ыңғайың бар, қолыңнан не келеді, соны жақсы біл, қай өнердің  соңына түссең, әрі өзіңе, әрі  қоғамға пайда келтіре аласың, талаптан да таңдап ал дейді.  Кейде талаптың, жігердің жоқтығынан  жап-жақсы өнердің жарыққа шықпай  кетуі де мүмкін. Сондықтан өз  талабыңмен өрге шық дегенді  айтады. Міне, Ыбырай «Талаптың пайдасы»  деген әңгімесінде өзінің осы  пікірін, негізгі идеясын жеткізіп  бере алды. Әңгіменің мазмұны  мынадай: «Даңқты І Петр шіркеуге  барып ғибадат етіп тұрғанда, сурет салып жатқан бір баланы  көреді де, оның не жасап жатқанын  сұрайды. Бала: «Сіздің суретіңізді  салып жатырмын», - дейді. Петр  суретті көрсе, мәз еш нәрсесі  жоқ екен. Бірақ ақылды Петр  патша ол баланың суретке талабы  бар екенін аңғарып, сурет салуға  үйрететін орынға бергізеді. Кейін  сол бала үлкен суретші болады»

             Жазушының бұл арадағы көздегені  - Петрдің ақылдылығын көрсету  ғана емес, жас баланың талабын,  сол талаптың арқасында неге  қол жеткендігін көрсету, кім  талап етсе, сол мақсатына жететіндігін  дәлелдеу.

             Ыбырай жас ұрпақтарға дұрыс  тәрбие беру, оларды жас кезінен  дұрыс баулу мәселесіне ерекше  көңіл бөлді. Баланы дұрыс күт,  түзу тәрбиеле, қисығын түзе, адасса  айқын жолға сал деді. Бұл жөнінде  де елге үлгі боларлық әңгімелер  жазды. Ыбырай осы тақырыпта  жазған бір әңгімесінде: «Жаздың  бір әдемі күнінде бір кісі  өзінің баласымен бақшаға барып,  екеуі де егілген ағашты көріп  жүрді. «Мына ағаш неліктен  тіп-тік, ана біреуі неліктен  қисық біткен?» - деп сұрады  баласы. «Ата-анаңның тілін алсаң,  ана ағаштай сен де түзу  болып өсерсің. Бағусыз кетсең, сен де мына қисық ағаштай  бағусыз өсерсің. Мынау ағаш  бағусыз өз қалпымен өскен», - деді атасы. «Олай болса, бағу-қағуда  көп мағына бар екен ғой», - деді баласы. «Бағу-қағуда көп  мағына барында шек жоқ, шырағым,  бұдан сен өзің де ғибрат  алсаң болады, сен жас ағашсың,  саған да күтім керек. Мен  сенің қате жеріңді түзеп, пайдалы  іске үйретсем, менің айтқанымды  ұғып, орнына келтірсең, жақсы,  түзу кісі болып өсерсің. Бағусыз  кетсең, сен де мына қисық біткен  ағаштай қисық өсерсің», - деді.

             Бұл әңгіменің оқушылар үшін  де, оқытушылар үшін де үлкен  тәрбиелік мәні бар. «Балан  жастан» дегендей, оған жас күнінен  түзу тәрбие беру оның болашақ  өмірі үшін керек. Есейіп кеткен  соң қисығын түзеу қиынға түседі. Кейде сол қисаюмен барып, мерт  болады. Ыбырайдың бұл әңгімесі  қазіргі мектеп балаларын тәрбиелеу  үшін де үлгі бола алады. 

             Махаббат, мейірімділік туралы, әсіресе,  «Мейірбанды бала», «Шеше мен  бала», «Аурудан аяған күштірек»  деген үш әңгімесін алуға болады.

             Махаббат, мейірімділік ата мен  ананың үй-ішіне деген махаббатынан  басталады. Адамгершілікті ту  қып көтерген ұлы адамдар да  алдымен өз атасын, өз туғандарын  сүйеді. Олардың кейбіреулері өсе  келе тек «атасының баласы  болмай, адам баласы» бола біледі. Тек өзіме ғана болсын деген  мещандық көзқарасты аттап өтіп, адам деген ардақты атқа ие  болушылардың шын бақыты үшін  қол созады.

             «Мейірімді бала» әңгімесінде  13 жасар қыз патшаның үкімі  бойынша қолы кесілуге бұйырылған  әкесі үшін патшаға арыз етіп, өз қолын кесуге ұсынады. Қыз:  «Тақсыр, жұмыс жасап, бала-шағаларын  асырайтын атамның қолын қалдырып, мына менің қолымды кесіңіз», - дейді. Мұнда жас қыздың тек  қана атасы емес, анасы мен  бауырларына деген де махаббаты  суреттеледі. 

             Ананы қандай түрде бағалап,  қалай сүюдің айқын үлгісін  жазушы «Аурудан аяған күштірек»  деген әңгімесінде айқын көрсеткен.  Бұл әңгімеде аяғы сынған Сейт  деген бала жанына аяғының  ауруы қанша батса да, анасын  ренжітпеу үшін қабақ шытпағандығы  айтылады. Автор бұл көріністі  былай суреттейді: «Сейт орам-ораммен  жүгіріп бара жатқанда, бір арбалы  келіп, аңдаусыз соғып кетіп,  аяғын сындырыпты. Ойбайлап жылап  жатқан баласын көріп, шошынғаннан  шешесі талып қалыпты. Мұны  көрген соң Сейт жыламақ түгіл,  сынған аяғын орнына салып  таңып жатқанда да дыбысын  шығармай, қабағын да шытпай жатты.  Сонда сынықшы кісі: «Аяғың ауырмай  ма, қабағыңды шытпайсың?» - деп  сұрайды. Сейт шешесі шығып  кеткен соң, демін алып, сынықшыға  сыбырлап: «Ауырмақ түгілі, жаным  көзіме көрініп тұр, бірақ менің  жанымның қиналғанын көрсе, әжем  де қиналып жыламасын деп жатырмын», - деді.

             Сейт шын мәнінде мейірімді  бала болып суреттеледі. Мұндай  жастарда жалпы адамды сүйетін  жақсы мінездің біртіндеп өсетіндігі  сөзсіз. Бала кезінен әлпештеп  өсірген анасының қадірін білген  жас, алақанына салып аялап,  тәлім-тәрбие беріп отырған ұлы  анасы - Отанын сүйетін, ол үшін  де өз жанының ауырғанына ыңқ  етпейтін нағыз отаншыл болып  шығады. Ыбырайдың бұл әңгімесінің  идеясы - осы. Бұл әңгімені осылай  түсінсек қана Сейттің мейірімді  мінезін дұрыс түсіне аламыз.

Информация о работе Ыбырай Алтынсарин қазақ әдебиеті тарихындағы орны