Ыбырай Алтынсарин қазақ әдебиеті тарихындағы орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2012 в 13:30, реферат

Описание

Әр заман, тарихи әр кезең әлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды өкілдерін жарыққа шығарып отыратыны мәлім.Олар елдің мұң – мұқтажын көре біліп, халқының сол мұқтажына перзеттік махаббаттын арнаған, туған халқының

Работа состоит из  1 файл

алтынсарин.docx

— 65.35 Кб (Скачать документ)

             1844 жылы Орынборда қазақ балаларына  арналған жетіжылдық мектеп ашу  туралы патша ережесі бекітіледі.

             Балғожа осы ашылмақ мектепке 1846 жылы 5 жасар немересі Ыбырайды  жаздырып қояды. 1850 жылы 23 августе  орыс-қазақ мектебі ашылып, қазақтардан  30 бала алынады, солардың бірі  Ыбырай Алтынсарин болады.

             Жеті жылда Ыбырай мектептен  ойдағыдай, жақсы білім алып  шығады.

             Мектеп программасы бойынша арифметика, тарих, татар тілі, дін сабағы, тағы басқалар өтілсе де, негізгі  нысана орыс тілін жақсы білгізіп  шығару болады да, басқалары осыған  бағындырылады. Өйткені орыс-қазақ  мектебін бітіріп шыққан қазақ  балалары писарьлік, тілмаштық  қызметтерін атқарып, патша чиновниктеріне  көмекші болуын, солар арқылы  қазақ даласына патшаның саясатын  молырақ, кеңірек таратуды мақсат  еткендіктен, орыс тіліне айрықша  көңіл бөлінеді.

             Алтынсарин 1857 жылы мектепті жақсы  бітіріп шығады. Біразырақ өз  елінде писарь болып істейді  де, 1859 жылдан бастап Орынборда  тілмаштық жұмысын атқарады.

             Алтынсаринның жалпы білімін  толықтыруда болсын, орыс тіліне  жетілуінде болсын, не әлеуметтік  мәні зор ірі мәселелерге құлаш  серпуінде болсын оның өмірінде  шешуші орын алған кез осы  Орынборда болған жылдары тәрізді. 

             Шығыс зерттеушісі, профессор  В.В.Григорьевпен жақындасып, оның  бай кітапханасын еркін пайдаланудың  арқасында орыс әдебиетінің және  шет елдердің ұлы адамдарының  еңбегімен мол танысады. Сөйтіп  кешегі жетіжылдықты бітіріп,  писарьлік, тілмаштыққа ғана жарап  жүрген Ыбырай Григорьевтің көмегі, өзінің талмай оқып, ерінбей еңбектенуінің  арқасында, 1860 жылдары елде учитель  боп, бала оқытуға жарарлық  дәрежеге шейін көтеріледі. Осы  мақсатпен ол 1860 жылы Торғайға  келеді. Бірақ мектеп ашу оған  оңайға түспейді. Жаңа талап жас  мұғалім кертартпа феодалдардың  әртүрлі бөгеттеріне кездесіп, көп  қиыншылықтар көреді. Көп жылдар  аңсап, өз өмірінің арманы болған  мектебі тек 1864 жылы ғана ашылады.  Бұл оқытушылық жұмысында бес  жыл болып, өзінің оқу-ағартушылық  майданында қабырғалы қайраткер  екендігін танытады. Енді оны  бір мектеп емес, Торғай облысының  барлық мектептеріне басшылық  етіп, ақылшы, жетекші боларлық орынға  тағайындайды. Оны 1879 жылы облыстық  мектептердің инспекторы етеді.  Қысқасы, 1864 жылдан бастап, 1889 жылға  шейін Алтынсарин өзінің барлық  күш, барлық ынта-жігерін халық  ағарту ісіне жұмсайды. Оның осы  ағартушылық жолында, әсіресе,  тарихи еңбегінің бірі - көп жылдар  бойы жоғарғы үкімет орындарынан  сұрана жүріп, ақыры 1887 жылы  қазақ қыздары үшін Ырғызда  мектеп-интернат ашқызып, әйел  балаларды оқыту ісіне өз халқының  тарихында бірінші рет жол  салушылығы. Ыбырай қайтыс болғаннан  кейін 1891-1896 жылдар аралығындағы  Қостанай, Қарабұтақ, Ақтөбе қалаларындағы  интернатымен ашылған әйелдер  училищелері де Алтынсаринның  ізденулерінің нәтижесі екендігі  документ арқылы дәлелденіп отыр. Қазақ балалары үшін ауылшаруашылық  қолөнер кәсібіне үйретерлік  училищелер ашу туралы да көп  ізденіп, үлкен әрекеттер жасағаны, ақыры Торғай қаласында ремесленное  училище ашуы, басқа қалалардағы  ауылшаруашылық оқу орындарына  қазақ балаларын жіберуге, оларды  орналастыруға күш салуы - бәрі  де оның өз халқы үшін істеген  айбынды іс, ұмытылмас еңбектері  екені сөзсіз.

             Алтынсарин 25 жасында Достарқызы  Айғанысқа үйленеді. Айғаныстан  Абдолла (1882ж.), Абдрахман (1884ж.) атты  екі ұл, Шәрипа деген бір қызы (1886ж.) болады. Ыбырай балаларына  өзі тәрбиеші болып, жасынан  орыс тіліне үйретеді. Абдрахман  гимназияда оқып жүргенде жастай  қайтыс болады. Абдолласы аурулы  болған себепті оқи алмайды  (ол революциядан кейін өлген).

             Алтынсаринның мектеп ашу, бала  оқыту, ондағы тәлім-тәрбие жұмыстарын  алдына нысана етіп қойып, белгілі  жүйемен жүргізу мәселесі өз  алдына, сонымен қатар ол өзінің  педагогтік, тәрбиешілдік міндетін  бір минут ұмытпай, оны әрбір  ісінде жүзеге асыруға тырысады.

             Оқыту, мектеп жұмыстарынан тысқары  кезде, халықтың көпшілігімен  қоян-қолтық келіп, асқан кішіпейілділікпен  олардың мұң-мұқтаждарына зор  көңіл бөлумен қатар, халықтың  жуан ортасынан шыққан талант  иелері, ақын, әнші, әр алуан өнерпаздардың  өсу, ілгерілеуіне көмек көрсетіп, жетекшілік еткен. 

             Күдері, Ақмолда, Сейтахмет, Нұржан, т.б. ақындардың теріс бағытын  оңға түзеуге кеңес береді. Күдері  де, Нұржан да ескішіл, кертартпалық  көзқараста болған ақындар. Әйтсе  де олардың кейбір шығармаларының  әдебиеттік, идеялық жақтарының  жақсаруына Ыбырайдың ықпал тигізгені  сөзсіз. 1879-1880 жылы болған «Жалпақ  қоян» атты жұтты суреттейтін  ұзақ өлеңін Күдері ақын Ыбырайдың  кеңесімен жазады. Оның бұрынғы  өлең, жырларына қарағанда, бұл  - анағұрлым бағалы шығарма. 

             Көп ақындар Ыбырайды өздерінің  рухани басшысы білген. Сондықтан  да олар Ыбырайдың іс-амалдарындағы  бұқарашылдықты, ел қамын сөз  етіп, жұрт пайдасын ойлаушылығын, ел арасындағы дау-шар мәселелерінде  туралық, әділдігін өздерінің  өлең-жырларына арқау етіп, өзін  әділдікті қолдаушы адам образының  негізгі үлгісі етіп алған.  Мысалы, Сейтахмет ақын өзінің  «Бір нашардың әділ төреге  айтқан сөзі» деген ұзақ өлеңінде  бай мен кедейдің арасында  болған бір дауға төреші болған  оқымысты қазақтың әділдігін  көрсетеді. Дауды тыңдап болып,  оқымысты төренің шындық кедей  жағында, байдікі даукестік, әлсізге  жасап отырған зорлық екендігіне  көзі жетеді де, билікті кедейдің  пайдасына шығарады.

             Алтынсаринның өмірбаяны жөнінде  көп материал берген және жақсы  білетін оның шәкірті Әбдіғали  Балғынбаев: «Бір нашардың әділ  төреге айтқаны» атты өлең  Ыбырайдың өмірінен алынған еді»1, - дейді (бұл өлең Алтынсаринның  1879ж. хрестоматиясына енгізілген).

             Алтынсаринның өмірбаянын сөз  еткенде, айрықша көңіл аударарлық  жайттың бірі - орыстың оқымысты-интеллегенттерімен  байланыс, қарым-қатынастары. Бұл  бізде әлі жүйелі түрде зерттелмей  келе жатыр. Әрбір мақала, зерттеу  еңбектерінде атүсті, шолу түрінде  ғана айтылып жүрген пікірлер  бағалы, керекті екені рас, бірақ  ол жеткіліксіз. 

 Алтынсаринның  достасқан, істес, пікірлес болған  адамдары ол кездегі Орынбор,  Қазан қалаларындағы шығыстану  ғылымымен шұғылданушы ғалымдар: В.В.Григорьев, Н.И.Ильминский, оқытушы  және тіл ғалымдары В.В.Катаринский,  А.А.Мазохин, үйездік қызметкерлер  Яковлев, Караулов, т.б. тығыз байланыста  болды. Оқу-ағарту мәселелері  жөнінде олардың Алтынсаринға  көп көмектері тиген. Әрине,  Ыбырай олармен достас, істес  болғанда қазақ халқының келешек  тағдырымен байланысты барлық  мәселелер жөнінде де пікірлес  болды десек, қателескен болар  едік. Кейбір күрделі мәселелер  жөнінде Алтынсаринның Ильминский, Григорьевтермен де келіспейтін  жайлары аз емес. Бірақ Ыбырай  олардың ешқайсысымен араздасып,  не айтысып-тартыспай-ақ өзінің  ойға алған жұмысын іске асыруға  тырысқан. Бәрімен де істесе білген. Бірақ ешқайсысының ықпалында  кетпеген.

             Әрі мәдениетті, әрі талантты  педагог-жазушы, әрі мінезге бай,  адамгершілік, жолдастық қасиеті  мол Ыбырай орыс жолдастарының  арасында да мейлінше беделді,  құрметті, бағалы болады.

             1889 жылы Ыбырай айлап ауырып, төсек  тартып қалғанда орыс жолдастарының  оны дәрігерге қарату ісін  ұйымдастырулары, ол қайтыс болған  күні ақырғы рет қоштасу үшін  қаладан көптеген жолдастарының арнайы келуі, өлгеннен кейін Н.И.Ильминскийдің «Ыбырай Алтынсарин туралы есте қалғандардан» деген атпен Қазан баспасында арнаулы кітап бастырып шығаруы, жоғарғы айтылған Алтынсаринның жолдастары арасында беделді, құрметті болғандығын және оның өзінің де, істеген жұмыстарының да тарихи-әлеуметтік мәні зор болғандығын дәлелдейді.

             Қазақ халқын мәдениетке үндеп,  халық ағарту мәселесінде көп  еңбек еткен қазақтың тұңғыш  педагогі, әрі ақын, әрі жазушысы  Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы дүние  салды дедік. Ол қайтыс болғаннан  кейін орыс жолдастарының Ыбырай  туралы жазған мақаласында оның  әлеуметтік ісі мен дүниетанушылық  көзқарастарына әрі шындық, әрі  дәл төмендегі тәрізді үлкен  бағалар береді.

     1Алтынсарин жөніндегі қолжазба, 10-бет. ИЯЛ қолжазбалар фондысында  сақтаулы.

             «Ыбырай Алтынсарин қазақ арасынан  шыққан тұңғыш кемеңгер адам  еді, ол қараңғы көшпелі өз  халқының ішіне европалық цивилизацияның  жарығын таратты және оларды  Россияны сүюге шақырды»1, - деді.

             Бұл - тамаша дұрыс, мейлінше  терең айтылған және күні бүгінге  шейін мәнін жоймаған, Алтынсаринның  өмірі мен творчествосын зерттеушілердің  әрдайым есінде боларлық құнды  пікір. Әрбір әлеумет қайраткерлеріне  жақсы білетін тұстас, замандастарының  қалай түсініп, оны қалай бағалағандықтары  көп жайттарда пайдалы, кейінгі  зерттеушілер үшін ат айдарлық  меже деуге болады.

Алтынсаринның өмір сүрген дәуірі, жағдайы ол кездегі  әлеумет өміріндегі тартыс, әлеумет  қайраткерлерінің өмірге көзқарастары, әдебиеттегі екі түрлі бағыт, ол тартыстарда Ыбырайдың жаңалықты  жақтаушы адамның бірі болғандығы кітаптың кіріспе бөлімінде айтылды. Біздің бұл жердегі тоқталмағымыз - оның жазушылық қызметі.

             Кейде біз Алтынсаринның ағартушылық  ісі, жазушылығы деп бөле сөйлейміз.  Мектеп ашу, бала оқыту, тағы  басқа игілікті жұмыстар жүргізгені, атүсті қарағанда, олар екі  бөлек нәрсе болып көрінетіндігі  рас. Бірақ Ыбырай бұл шеңберге  сыймайды. Өйткені ол - жай ғана  ағартушы емес, әрі оқытушы-педагог,  әрі жазушы. Көп жайттарда оның  бұл тәрізді екі алуан профессиясы  мидай араласып, жігін таптырмай  жатады. Сондықтан оны педагог-жазушы  деп бір сөзбен ғана атауға  болады.

             Ыбырайдың өмірі мен ісіне  көз жіберіп, оның жұмыс еткен  жағдайын еске алсақ, таңғалмасқа  болмайды. Ол ісіне кіріскенде, сонау  Торғай, Қостанай, Орынбор қолтықтарындағы  қазақ далаларында қараңғылықтың  қаймағы бұзылмай, мұрты кетілмей  жатқан болатын. Татар молдалары  арқылы, тағы басқа да жолдармен  ел ішіне уын жая бастаған  ислам дінін таратушылар «балаңды  орысша оқуға берсең, шоқынып  кетеді» деп, елді үркітуге  барынша күш салды. Ыбырай, не  Ыбырай тәрізділерді оқытып шығарғандағы  миссионерлердің ойлаған ойы  мен көздеген мақсаттарынан Ыбырайдың  ойлаған мақсат, көздеген нысанасы  мүлде басқаша болды. Олардың  үстіне елдегі бай-феодалдармен, ең ар жағы өз туыстарымен  де оның тілек-мүдделері қабыспады.  Ыбырайды оқытқанда «әкесінің  баласы болар» деп үміт етуші  еді. Ол армандары орындалмады.  Оқып, білім алып, өз тізгінін  өз қолына алған күннен бастап-ақ  Ыбырай туыстарынан іргесін бөлек  салды. Олардың күткен үміттерін  үзіп кетті. 

 

  

 

1МНП жанындағы  Педагогикалық ғылымдар институтының  қолжазба материалынан 

 Осы айтылғандардың  бәрі де Ыбырайдың жолында  бүк түсіп жатқан үлкен-үлкен  бөгеттер болатын. Өзімен білімі  деңгейлес, көзқарасы бір серігі  жоқ, ен қараңғылықтың жуан  ортасында жалғыз өзі болса  да, Ыбырай бар бөгетке қарсы  барып, күрес майданына шықты.  Сүйгені де, сүйенері де халық  болды. Сол халықтың келешегі  үшін басын бәйгеге тігіп, желіні  ұзаққа тартып, белсеніп іске кірісті. Кезіндегі жағдаймен санаса отырып, Алтынсарин екі түрлі ірі мәселені алдына мақсат етіп қойды: біріншісі - мектеп ашу, бала оқыту, жалпы халық ағарту жұмысы да, екіншісі - халықтың ой-санасын жаңалыққа қарай бейімдеу жолындағы тәрбиелік істері. Оның барлық іс-амалы мен бізге қалдырып кеткен мұраларына көз жүгіртсек, амалсыз осы қорытындыға келеміз.

             Өзінің алғашқы адымында-ақ ол  мектептің ролін бірінші орынға  қойды. 1871ж. 31 августа Н.И.Ильминскийге  жазған хатында жастарға дін  мектептерінің басын қатырған  зияннан басқа ешбір пайда  бермейтінін, халықтың ілгері  дамуына бөгет жасайтындықтарын  айта келіп: «Қазақтардың білімге  қол жеткізетін ең басты құралы - мектеп. Бірақ даладағы мектептер  шашылыңқы, сондықтан әлі пайдалы  бола алмай отыр, әйтсе де олардың  үміт күтері - мектеп, тек қана  мектеп және қазақ халқының  болашағы да мектептермен байланысты», - деді.

             Ол кезде мектеп, оқу, оқыту  мәселесіне әркім әртүрлі қарады. Қазақ ішінде мектептің, оған  бала оқытудың пайдасын тез  ұққандар да, баласын орысша оқытатын  мектептерге беруден тартыныңқырағандар  да болды. Тіпті үстем тап  өкілдері, феодалдардың өздері де  бірыңғай болған жоқ. Ислам  дініне берілушілер және ескілікті  берік сақтағысы келгендер қадым  оқуын қолдады. Кейбіреулері өздерінше  жаңаға қарай бейімделіп, ел билеу  үшін де, патша үкіметінің ұлықтарымен  араласу үшін де орысша білу  керек деп ұқты да, балаларын  жаңа мектептерге беруді мақұл  көрді. Мұндайлар қазақтың әр  губерния, әр үйездерінен табылды.  Бұлардың жерлері басқа болса  да, аңсаған арман, көздеген мақсаттары  бір болатын. 

 «Үміт  еткен көзімнің нұры, балам, 

 Жаныңа  жәрдем берсін хақ тағалам. 

 Атаң мұнда анаңмен есен-аман,

 Сүйіп  сәлем жазады бүгін саған. 

 Атаңды  сағындым деп асығарсың, 

 Оқуға  көңіл бөлсең, басыларсың.

 Ата-анаңды  өнер білсең асырарсың, 

 Надан  боп, білмей қалсаң, аһ ұрарсың. 

 Шырағым,  мұнда жүрсең, не етер едің?

 Қолыңа  құрық алып кетер едің.

 Тентіреп  екі ауылдың арасында,

 Жүргенмен  не мұратқа жетер едің?» -

 деп Балғожаның  Ыбырайға жазған хаты тек Балғожаның  ғана емес, сол сықылдылардың  бәрінің көздеген мақсатының  бір арнаға құйылатындығын аңғартады.  Балғожа, не Балғожа сықылдылар  баласын оқуға бергенде, оқы, білім  ал, өнер үйрен, соған қолың  жетсе ғана ата-анаңды асырай  аласың деп, оқудағы мақсатты  қара бастың қамына әкеліп  тіреді. Бірақ сол 1850 жылғы орыс-қазақ  мектебіне түскендердің бәрі  бірдей «әкесінің баласы» болған  жоқ, оның іштерінен «адамның  баласы», халықтың баласы болып  шыққандары да болды. Екінші  жағынан, олар патша үкіметінің  қазақ балалары оқитын мектеп  ашқандағы алдарына қойған мақсат-міндеттерін  орындаудан да бас тартты. Ата-аналары  «оқу-өнеріңмен тек біз үшін  қызмет ет» десе, миссионерлер  «біліміңді патша үкіметінің  ықпалын қазаққа молырақ таратуға  күш сал» десе, Ыбырай тәрізді  халықтың адал ұлдары алған  білімдерін өз елін мәдениетке  жетелеуге, оқу, ағарту ісін  өркендетуге жұмсады. Ол кезде  надандыққа белшесінен батып  жатқан елді оқуға шақыру, мәдениеттілікке  үндеу айтарлықтай тарихи іс  еді. Сол бір тарихи кезеңде  әлеуметтік мәні зор үлкен  іс, ауыр жүкті арқалаған адамдардың  бірі Ыбырай Алтынсарин болды. 

Информация о работе Ыбырай Алтынсарин қазақ әдебиеті тарихындағы орны