ХІХ–ХХ ғ. басындағы Тарбағатай өңірінің қазақтары (тарихи-этнографиялық зерттеу)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 14:19, диссертация

Описание

Еліміз тәуелсіздігін баянды етуге ұмтылған, ғаламдану белең алған заманда халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін зерттеу арқылы ұлттық болмысты, менталитетті жете танып білудің көкейкестілігі артып отыр. Тоталитаризмнен кейінгі кезеңде отандық тарих пен төлтума мәдениеттің жете зерттелмей келген кейбір тұстарына жіті назар аударылып, соның ішінде қазақ мәдениетіндегі жалпы этникалық, аймақтық және жергілікті этнографиялық ерекшеліктерге арналған ізденістер жандана түсті.
Қазақ халқының тарихын, мәдениетін, тұрмыс-тіршілігін зерттеуде белгілі бір аймақта өмір сүретін қазақтардың этнографиялық болмыс-бітімін сипаттай отырып, ондағы ерекшеліктерін, басқалардан даралап тұрған айырмашылығы мен ұқсастығын айқындаудың ғылыми маңызы зор екендігі белгілі. Мұндай этнографиялық ерекшеліктерді жіктеп, саралау арқылы біртұтас қазақ мәдениетінің кешенді төлтума бейнесі хақында, сондай-ақ көрші жұрттар арасындағы тарихи-мәдени ықпалдастық, байланыс туралы мағлұматтар кеңейе түседі, әрі ондай байланыстар мен өзгерістерге түсудің тетігі, себеп-салдары туралы кеңірек танып білеміз. Сол арқылы төл мәдениетімізді дәріптеудің, дамытудың жолдарына жауап таба аламыз.

Работа состоит из  1 файл