Қазақстандағы табиғат байлықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 22:08, реферат

Описание

1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім.
а)Туған жердің табиғи байлығы.
ә)Әулие бұлақтың қасиеті.
3.Қорытынды.
4.Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа состоит из  1 файл

Қазақстандағы табиғат байлықтары.docx

— 19.56 Кб (Скачать документ)

Қазақстандағы табиғат байлықтары

1.Кіріспе  

2.Негізгі  бөлім. 

а)Туған  жердің  табиғи  байлығы.

ә)Әулие бұлақтың қасиеті.

3.Қорытынды. 

4.Пайдаланылған  әдебиеттер.       

 

  «Менің  Отаным — Қазақстан.   Қазақстанның жерінде пайдалы  қазбалар бар.. Қазақстан Республикасы  Еуразия құрлығындағы мемлекет  Қазақстанның жері кең — байтақ  және өте бай. Табиғаты әр  алуан. Мұнда жазық дала да, орман да, тау да, өзен де, көл  де, шөлді аймақтар да бар. Тәуелсіз  Қазақстанның бас қаласы  —  Астана. Ол Есіл өзенінің бойында  қасиетті Сарыарқа жерінде орналасқан. Өз салт — дәстүрлері бар.. Астана — үлкен, әсем, таза  қала. Қазакстан Республикасының   Мемлекеттік  Елтаңбасында  бидай   масағы  мен қанаттанған пырақ  бейнеленген. Бұл - туған жерімізге  деген терең сүйіспеншілік. Өсімдіктер  мен жануарлар әлемін қадірлеп  құрметтеуден туындаған. 

– Менің туған өлкем Қазақстан. Қазақстанның табиғаты өте тамаша. Мұнда көк аспанмен таласқан әсем таулар,  тап– таза бұлақтар мен  өзендер, ну ормандар, жидек бұталары, сан алуан өсімдіктер бар.

Бұл ғажап өлкенің аң  – құстары  мен қоса жер қойнауындағы қазба  байлықтарын айтсаңызшы. Бұл - туған  жерімізге деген терең сүйіспеншілік. Өсімдіктер мен жануарлар әлемін қадірлеп құрметтеуден туындаған.

Халқымыздың өз ұрпағын, табиғатты  аялап, сақтауға тәрбиелейтін алуан  түрлі кұралдары бар. Солардың бірі - тыйым салатын сөздер: «Көк шөпті  жұлма, таптама», «Көктемде жан-жануарға тиіспе», «Үйге кірген жыланға ақ құйып шығар», т.б.Дүние  жүзі  көлемі  және  жекелеген   мемлекеттер  ішінде  жануарлар  мен  өсімдіктерді  қорғау  туралы  комиссиялар  құрылып ,сирек  кездесетін  және  құрып  бара  жатқан  түрлер  тізімі  жасалды.Сонан  кейін  Халықаралық  және  жеке  мемлекеттер Қызыл  кітаптары  жазылды.Жойылып  бара  жатқан  өсімдіктер,өсіп  тұрған  табиғат  жиынтығын  шама  келсе  толықтай  қорғағанда  ғана  сақтау  мүмкін  шығар.Себебі:қазағым  айтады  ғой «Жалғыз  ағаш  орман  емес,жалғыз  үй  қорған  емес»деп,сол  айтқандай  өсіп  тұрған  өсімдіктеріміз  келер  ұрпаққа  да  қызмет  етуі  керектігін  түсінетін  мезгіл   жеткен  сияқты.

«Қызыл кітап» сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау мақсатымен жазылған. Қазақстанда «Қызыл кітап» тұңғыш рет 1978 жылы шықты. Онда омыртқалы  жануарлардың сиреп бара жатқан түрлері  тіркелді. Екінші басылымы 1991 жылы, үшінші басылымы 1996 жылы шығарылды. Мұнда балықтардың 16 түрі, бақалардың 3 түрі, жорғалаушылардың 40 түрі енгізілген. Өсімдіктерге арналған Қазакстанның «Қызыл кітабы» 1981 жылы жарық  көрді. Бұл кітапта гүлді өсімдіктердің 304 түрі сипатталған.Әр  азаматтың  міндеті-өз  өлкесінің  сирек  кездесетін   өсімдіктерді  біліп ,оларды  қорғауға   жағдай  жасау  керек.

Бұлардан баска өсімдіктер мен  жануарлардың жекелеген түрлерін қорғау мақсатында 62 қорықша, 5 ұлттық саябақ (Алтынемел, Баянауыл, Көкшетау, Іле  Алатауы, Қарқаралы) және табиғат ескерткіштері  ұйымдастырылған. Табиғат қазынасы сарқылмас кор емес. Адам игілігіне  пайдалану, қайта қалпына келтіру  ісі адамның камқорлығының арқасында  жүзеге асады. Табиғатымызды қорғап, экологиялық жағдайын жақсартуымыз керек.Сирек  кездесетін  өсімдік  түрлері  Қазақстанның  10 қорығы  мен 8  ұлттық  саябақтартарында  ,сонымен  қатар  көптеген   арнайы  қорықшаларында ,ал,мәдени  жағдайда  - ботаника  бақтарында  қорғалады.Дегенмен,егер  республикамыздың  әрбір  азаматы  оларды  қорғаудың маңызын  саналы  түрде  ұғынбаса,біздің  керемет  тірі   асылдарымызды  ешқандай   айып   пен  тыйым  салу   құтқармайды.   Қорықтар. Елімізде  өсімдіктері  мен  жануарлары  әр  алуан,  арнайы қорғалатын тұтас табиғи  аймақтар - қорықтар  ұйымдастырылған.

1. Алматы мемлекеттік қорығы (Іле  Алатауы).

2. Ақсу - Жабағылы мемлекеттік қорығы (Талас Алатауы).

3.    Барсакелмес мемлекеттік  қорығы (Арал теңізінің солтүстік  батыс бөлігіндегі Барсакелмес  аралы). Кейбір жануарлары (ақбөкен,  құлан, қарақұйрық, ор қоян) Қапшағай  аңшылық-корық шаруашылығына және  Үстірт қорығына көшірілген.

4.   Қорғалжын   мемлекеттік  қорығы (Ақмола облысының 

су-батпақты аймағы).

5.   Наурызым    мемлекеттік  қорығы (Қостанай далалы аймағы).

6.   Марқакөл    мемлекеттік  қорығы (Оңтүстік Алтай).

7.   Үстірт корығы (Маңғыстау).

8.   Батыс Алтай корығы (Шы-ғыс  Қазакстан).

9.    Алакөл қорығы (Алматы  облысы, Талдықорған).

Енді  Қазақстанның  ұлттық  саябақтарына  тоқтала  кетейік,бізде  8ұлттық  саябақ  бар.Атап  өтсек:

1.Қарқаралы  саябағы 

2.Бурабай  саябағы 

3.Чарын  саябағы 

4.Алтынемел саябағы 

5.Баянауыл  саябағы 

6.Іле  Алатауы 

7.Көкшетау  саябағы 

8.Бұйратау  саябағы 

 Соның  ішінде  Бұйратау  ұлттық   саябағын   тоқталамыз.                                         

Негізгі  бөлім 

– Туған жер – өз үйің ғана тұрған жер емес, өз халқыңның кіндік қаны тамған , ата – бабаңның достар, салты  қалыптасқан , тірлік қарекетін бастаған жер. Ал оның  кешесі, бүгіні, ертеңі туралы біз білуіміз керек. Сондықтан  алтын бесік Алғабас  туралы, оның табиғаты, байлығы туралы сыр шертелік.

. Халқымыз табиғатты анаға теңеген.  Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-өнеді.  Өзіндегі барды адамға, жан-жануарға, өсімдікке берген.

Қазақстанның  ұлттық   саябақтарының  бірі-Бұйратау.

Бұйратау  саябағы  2010 жылы  ашылды.Бұйратаудың    жер   көлемі  600 мың  га  бар.  Ол  Алғабас  ауылының  шекарасында  орналасқан,бірақ  Молодежный  жеріне  қарасты .Бұйратау  саябағында  маралдар, еліктер,арқарлар,сілеусін,қасқыр,т.б.бар.  Маралды  алатын  болсақ , оның  мүйізін  кесіп  алып ,оның  қанын  емге  пайдаланады  және  ішуге  болады. Ал,қасқырдың  қасиеті  оның  тістерін,өтін  бала  ит  болған  кезде  пайдаланады.Тістерімен  немесе  өтімен  үш  күн  жуындырып  емдейді  және  де  суын  үш  күн  бойы  ауыстырмай  киген  киімін  үш  күн  шешпейді.Үш  күннен  кейін  баланы  таза  сумен  шомылдырады.

Сонымен  қатар,Ескі  Алғабас,Жүзбас,Ырғайлы  тауы, Ақшоқы,Алғабас  платинасы,Солдат  тауы, т.б. деген  жерлер  бар.Солдат  тауы  деп  атаған  себебі:сол  тауға  дейін  әскерге  кетіп  бара  жатқан  балаларды  шығарып  салатын,сол  жерде  суретке  түсетін.Сондай-ақ  Аққулар, тырналар ,қаздар,т.б.құстар  бар.

 Шипалы  -  Әулие  бұлақ 

Халық  жердің  атауын  оның  негізгі  қасиетіне  қарай   қойып    отырған ғой.Су  ана  жер  жүзіне  тіршілік  нәрін  сіңіріп,тірек  болып  тұр.Халық  судың  шығып  жатқан  жерін  «Әулие  бұлақ»деп  тегін  айтпаған.

Әулие  бұлақ  бұл  жер  қасиетті. Онда  ақ  ниеттерімен  келіп ,  бір  Аллаға  сыйынып, тиындарын  орамалға  түйіп   ағаш  басына  байлап  қояды. Содан  кейін  бұлақтың  суын  ішуге  болады.Әулие  бұлақ  таудың  ең  биік тасты жерінде  орналасқан.Бұл  тауға  мініп  түсуде өте  қиын.     

– Емдік қасиеті бар, суы шипалы - Әулие  бұлақ.  Бұлақтың  суы  неше күн тұрсада  бүлінбейді.Қысы-жазы  бұлақ  қаттпайды,басында  аршасы  және ұялы  сары  бас  жыландары  бар.Қасында  қарақат,  мойыл,қына,итмұрын  бүлдірген  бар.»Әулие» атанған   жерлерде  табиғатқа  қарсы  әрекеттер  жасалынбауына  жағдай  жасаған.Бұл  таудың  маңында  көптеген  табиғи  үңгірлер   орналасқан  және  қайыңды-көктеректі –талды  ормандар  мен  шалғындар  өседі.»Әулиелік»сипатқа  ие  болған  басқа су  көздерінің  маңына  мал  бақпаған, суын  ластамаған.

Қызғалдақтың  мұңы  Танып  еді  туған  жерім  «балам»деп

Қанатының  қорғауына  алам  деп .               

Саным  кеміп  ,өзім  семіп  барамын,             

Болашаққа  үміттен  де  алаң  көп.        

Қырдың   қызыл   қызғалдағы  ем  жайнаған

Менсіз   сәні   кірмейтіндей   айналам .         

Мені  көріп  қаны  қызып   ақынның  ,            

Еріксізден   ерке   жырын   арнаған.    

 

             (Қадылбек  Арай)

Дей отырып ,Қызғалдақтар  жолақты  ормандарда  ,биіктеу  жерлерде  шашырап  өседі.Улы  өсімдік ,жас  өсімдікті  жегенде  малдың ас  қорыту жүйесі  қабынады  және  жансызданады.Ал  құрғақ  шөпті  жесе,  зияны  жоқ.Өсімдіктің  топырақ  үсті  бөлігінің  құрамында  эфир  майы  болады,оның  ұйықтататын  әсері  бар.Сондықтан  халық  оны   «Ұйқы  шөп»

деп  атайды. Өсімдік - тіршілік тірегі. Ғаламшардағы өсімдіктер жылына ауа  қабатына 400 млн. тонна оттегін бөліп  шығарады. Жылына бір адам тыныс  алу үшін 173 мың литр оттегін қабылдайтыны анықталған. Жасыл желектер ауаны  улы газ бен шаңнан тазартады. Өсімдіктер ауада ауру түдыратын  бактерияларды жоятын ерекше зат бөліп шығарады.медицинада алатын орны үшан-теңіз. Сондықтан әсімдіктің қызметін бірде-бір жетілген механизм атқара алмайды. Жүздеген жылдар бойы шаруашылық мақсаттар үшін ағаштарды кесуге, құстарды, сүтқоректілерді, балықтарды жыртқыштықпен аулауға шек қойылмады. Мұндай жағдай жер бетіндегі өсімдіктер түрлерін, кәсіптік жануарлар санын күрт азайтты. Кейбір түрлер мүлдем жойылып кетті.                                     

  Қазақстанның  табиғатын   қорғау  баршамыздың  міндетіміз.

Табиғатты  қорғайық

Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан  халқына дәстүрлі Жолдауында табиғатты  қорғауға ерекше мән беріп, белгіленген  ауқымды міндеттерді жүктейді. Нақтырақ айтсақ, экологияны сақтау, орман тоғайдың байлығын қорғап, халық игіліне жарату. Әрі отын көзі ретінде пайдаланылады. Тоғайлы орман тек қана отынға қолданылмай, сонымен қатар жаға қорғау, су сақтау және құстардың ұялауына, аңдардың өсіп-өнуіне қызмет етеді. Жүздеген жылдар бойы шаруашылық мақсаттар үшін ағаштарды кесуге, құстарды, сүтқоректілерді, балықтарды жыртқыштықпен аулауға  шек қойылмады. Мұндай жағдай жер  бетіндегі өсімдіктер түрлерін, кәсіптік жануарлар санын күрт азайтты. Кейбір түрлер мүлдем жойылып кетті.

Міне, осындай ізгі міндеттер жолында  аянбай еңбек етеміз. Табиғат байлығын қорғап, ел ырысына айналдыру, болашақ  ұрпақтарға қалдыру басты мақсат болып болып саналады.

Ата Заңымыздың 38-бабында: “Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты  сақтау және табиғат байлықтарын  ұқыпты қорғауға міндетті” деп жазылғанын әркім ұмытпағаны жөн. Сондықтан  ел байлығын бағалап, орманның бірінші  жауы - өрттен қорғауымыз қажет. Мемлекеттік  орман қоры аумағындағы жұмыс  істейтін әрі сонда орналасқан барлық ұйымдардың, шаруа қожалықтарының, сондай-ақ, орманда болатын жеке тұлғалардың ормандағы өрт қауіпсіздігі мен санитарлық ережелерді сақтауын қамтамасыз ету әркімнің азаматтық  парызы екенін ұмытпағаны абзал.

Біздің өрт қауіпсіздігіне байланысты бірлесіп жұмыс істеуіміз нәтижелі болады. Өйткені кезкелген жерден өрт шықса, өртті бірінші болып  көрген адам сөндіруге ұмтылуы керек  және жергілікті ауылдық әкімшілікке  жедел хабар беруі міндетті. Мейлі, ол мемлекеттік жер қоры болсын, мейлі, орман қоры болсын, сексеуілді орман болсын, бәріміз бірлесіп өшіруіміз  қажет.

Орман байлығы – бәрімізге ортақ. Сол табиғи құт-берекені қорғау, оған зиян келтірмеу, керісінше қоршаған ортаны аялау - әрбір адамның міндеті  болуға тиісті. Сонда ғана туған  жер табиғаты түлеп, халыққа қызмет ететін болады.

Өсімдіктер мен жануарларды  қорғау.

«Қызыл кітап»  Қорықтар мен  қорықшалар

Жүздеген жылдар бойы шаруашылық мақсаттар  үшін ағаштарды кесуге, құстарды, сүтқоректілерді, балықтарды жыртқыштықпен аулауға  шек қойылмады. Мұндай жағдай жер  бетіндегі өсімдіктер түрлерін, кәсіптік жануарлар санын күрт азайтты. Кейбір түрлер мүлдем жойылып кетті.

Халқымыз ежелден-ақ өсімдіктер мен  жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі қадір-қасиетін, пайда-маңызын жақсы  білген. Жас ұрпақтың көкейіне кұйып, оларды сақтап, қорғауға баулып, тәрбиелеген.

«Ер - елдің көркі, орман-тоғай жердің көркі», «Бір тал кессең, он тал ек». «Дәрі - шөптен шығады, дана - көптен шығады». «Қорада малың болсын, көшеңде  талың болсын». «Тау бұлағымен көрікті, бұлақ кұрағымен көрікті». «Дала  көркі — мал, өзен көркі - тал». «Мал өсірсең - қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деген сияқты мақал-мәтелдер бұған  толық дәлел.Табиғат-бізді  қоршаған  орта,адамдардыҚорытынды

Экология қазіргі дәуірде адамзатты  толғандырып отырған аса маңызды  проблемаға айналды. Табиғатты, қоршаған ортаны жою арқылы бүкіл қоғамды, тіршілікті жойып жіберуге болатынын  көптеген елдер түсіне бастады. Біздің өмір сүріп отырған дәуірімізде техникалық құралмен қаруланған адамның жер шарын аз уақытта айналып өтуі де, құрта салуы да оп-оңай. Сондықтан әлем халықтары ел тағдырларын экологиямен байланыстырып, экологиялық апатқа қарсы тұруы қажет. Қазақстан табиғатының өлшеусіз байлығын игере отырып, бізді қоршаған ортаның бүтіндігін сақтау да республикада шешуін күтіп тұрған мәселе. Сырт қарағанда, оңай көрінгенмен бұл мәселені шешудің күрделілігін де түсінуге болады. Ол үшін адамның менталитетін, оның моральдық, этикалық дағдыларын өзгерту керек. Табиғат пен адамның арасында жаңа көзқарас қалыптастыру қажет. Қазақстан табиғатының өлшеусіз байлығын игере отырып, бізді қоршаған ортаның бүтіндігін сақтау да республикада шешуін күтіп тұрған мәселе. Сырт қарағанда, оңай көрінгенмен бұл мәселені шешудің күрделілігін де түсінуге болады. Қазақстанда кен байлығы бар. Ұлтаралық келісім сақталып отыр. Өйткені Қазақстан достығы, бірлігі мықты ел. Туған тілді, салт — дәстүрді оқу керек. Қазыбек би айтқан: «Біз достықты бағалаймыз». Қазақстанда бірлік, достық, байлық, тыныштық бар. Елдің байлығын көру үшін бізге сабырлылық керек. Қазақстан бүкіл әлемге үлгі болады. Қазақстанның табиғаты тамаша, бірақ табиғатты қорғау керек. Қазақстандық патриотизм  — Отанды, туған өлкені, оның халықтарын сүю, табиғатын қорғау. Мен өз елімді әлемдегі дамыған елдердің қатарынан көргім келеді.


Информация о работе Қазақстандағы табиғат байлықтары