Түрік-монғол тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 18:31, доклад

Описание

Тарих жолымен жер жүзіндегі жұрттар екі бөлінеді: өнерлі, талапты, қатардан қалыспаған жұрттар. Бұларды-тарихи жұрттар деп атайды. Екінші, неше мың жылдардан бері қалыпта тұрған, баспаған аң сияқты халықтар - тарихсыз халықтар. Енді бұрыңғы өткен-кеткенге құлақ салсақ, түрік-монғол жұрты ескі замандарда атақты дәурен сүріп, айтқандай-ақ болған екен. Баяғыдан қытай, монғол, түріктерді қаратып, кейін Европаны астан-кестен қылатын ұнны(һұны), түріктен шыққан.

Работа состоит из  1 файл

Еңбектер Тынышпаевтың.docx

— 16.76 Кб (Скачать документ)

"ТҮРІК-МОНҒОЛ ТАРИХЫ"

Тарих жолымен жер жүзіндегі жұрттар екі бөлінеді: өнерлі, талапты, қатардан қалыспаған жұрттар. Бұларды-тарихи жұрттар деп атайды. Екінші, неше мың жылдардан бері қалыпта тұрған, баспаған аң сияқты халықтар - тарихсыз халықтар. Енді бұрыңғы өткен-кеткенге құлақ салсақ, түрік-монғол жұрты ескі замандарда атақты дәурен сүріп, айтқандай-ақ болған екен. Баяғыдан қытай, монғол, түріктерді қаратып, кейін Европаны астан-кестен қылатын ұнны(һұны), түріктен шыққан.

 Бұлғарды Дунайға бастап  барған хандары дулаттан шыққан. Бір кезде Россияны тыншытпай  отырған қарақалпақ, қыпшақ түріктің  бір бөлегі.

Атақты Шыңғыс ханның елі, һәм тұқымы осы күнде қазақ-қырғыз арасында отыр. Иранды қаратқан Әлеке (Һулагу) ханның әскері һәм елі, көбінесе жалайырдан болған.

Осман түрік қанлыдан шыққан. Алтыншы  ғасырда Монғолияда ұйғырдың өздері шығарған әліппесі болған. 1069-шы жылы Баласағұн деген шаһарда (осы күні Тоқмақ қаласының қасында) Юсуф деген ұйғыр тілінде "Құтадғу білік" деген өлең кітап жазған.

XII-XII ғасырларда ұйғырлар тарих, философия һәм өзге нәрселерді жазып шығарған. Қытай патшалары кітаптарын жөндеп жазуына ұйғырлардан ғұлама шақыртып алады екен.

Әмір Темірдің немересі атақты Ұлығбек  өз заманында бірінші астроном болған. Осы күні Самарқанның қасында  Ұлығбектің обсерваториясының тамтығы  бар.

Міне, түрік-монғол жұрты қандай болғаны, осы бес-алты ауыз сөзден көрініп тұр.

Түрік-монғол тарихы екіге бөлінеді:

1.Ең ескі заманнан бастап, 1456-шы жылға шейін (Өзбек пен қазақ-қырғыз айрылатын жыл).

2. 1454-ші жылдан бері қарай, қазақ-қырғыз бөлініп шыққан жылға шейін, қысқаша түрік-монғол тарихын бәрін жазбақшымыз, сол жылдан бері қарай бір-ақ қазақ-қырғыз тарихын айтпақшымыз.

3. Түрік-монғол арасында алғаш белгілі болып атағы шыққан - түрік жұрты. Шынғыс ханнан бастап монғол күшейіп, түрікпен араласып, кейін түрік-монғол аталып, бір жұрт  болып кеткен. Осы күні жалғыз Россияға қараған түрік-монғол тұқымы 25миллионнан артық. Басында бұл жұрт тұтас отырушы еді. Осы күні бөлек-бөлек болып отыр. Бұлардың арасында өзге нәсілді, өзге дінді жұрттар отыр.

Түрік-монғол екіге бөлінеді:

1.Күншығыс түріктері: Сібір, Саян, Алтай тауындағы көшпелі абақан, шолым, қызыл, қашын, сағай, қарақас һәм өзгелері. Бұлар бұрынғы мажүс дінінде, біразы христиан дінінде деп аталады.

2.Күнбатыс түріктері: қазақ-қырғыз, өзбек, сарт, тараншы, түрікпен, башқұрт, мешер, Қырым, Кавказ, Оспан(Стамбол) түркі.

Осы жұрттардан қаны бір, тілі бір  һәм діні бір. Қанша бір-бірінен бөлек отырса да бір-бірімен тәржімесіз сөйлеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Түрік-монғол тарихы