Атырау өңірінің тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 21:05, реферат

Описание

Атырау қаласы (1662), облыс орталығы(15.01.1938) Каспий теңізінің солтүстігіне қарай 30км жерде, Жайықтың екі жағасын бойлай орналасқан. Су, темір жол, әуе көліктері Атырауды еліміздің көптеген қалаларымен, автомобиль жолдары облыстың елді мекендерімен басқа қалаларымен байланыстырады.

Работа состоит из  1 файл

атырау.doc

— 33.50 Кб (Скачать документ)


Атырау өңірінің тарихы

Атырау қаласы (1662), облыс орталығы(15.01.1938) Каспий теңізінің солтүстігіне қарай 30км жерде, Жайықтың екі жағасын бойлай орналасқан. Су, темір жол, әуе көліктері Атырауды еліміздің көптеген қалаларымен, автомобиль жолдары облыстың елді мекендерімен басқа қалаларымен байланыстырады.

Тұрғыны 1897жылы 9,3 мың, 1923 жылы 12,5 мың, 1939 жылы 41,5 мың, 1971 жылы 114 мың, 1998 жылы 145 мың адам болды. Қазақстандағы байырғы қалаларының бірі. Каспий теңізінің тартылып кеткен табанына салынған (1580). Кейін мұнда ел қоныстанып, балық және мал шаруашылығымен айналысқан. 1640 жылы патша үкіметі ағайынды Гурьевтерге қалашық салуға рұқсат етеді. Қала үлкен қиындықшылықтармен 1962 жылы салынып бітеді де, патша жарлығымен Гурьев аталады. Жергілікті қазақтар оны Үйшік деген. 1865 жылы уездік қала болды. 1917 жылға дейін және одан кейінгі 15 жыл бойы әскери облыстың, 1925 жылдан Бөкей губерниясындағы Гурьев уезінің, 1929 жылы Гурьев округінің, 1930 жылы аудан, 1938 жылғы 15 қаңтардан облыс орталығы. 1992 жылы ақпан айының 21-і күні ҚР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы Гурьев облысын Атырау облысы, Гурьев қаласын Атырау қаласы деп атау жөнінде қаулы қабылдады.

Қала елеулі тарихи, саяси оқиғалардың орталығы болды. 1916 жылы Гурьев уезіндегі Өтепқали Исатаев бастаған толқу Қазан Төңкерісіне ұласты, Азамат соғысы кезінде шетелдіктер мен ақ казактар қаланы өзінің тірек базасы ретінде пайдаланды. Қала өнеркәсібінің басты саласы – мұнай мен химия өндірісі. Мұнай айыру, полиэтилен, машина жасау, метал өңдеу, кеме жөндеу, балық құтылау, басқа да тамақ жеңіл өнеркәсіп орындары бар. Мұнда мұнай өнеркәсібінің жобалау институты, мұнай және табиғи тұздар ғылыми зерттеу институты, университет, драма театры, филармония бар.

Атырау архитектурасы жағынан үшке бөлінеді. Жайықтың оң жағасындағы ескі қалада, негізінен 20 ғасырдың басында салынған бір қабат ағаш және кірпіш үйлер кездеседі. Орталық бөлігінде екі қабатты тас үйлер , 4-5 қабатты тұрғын үйлер мен мекеме жайлары бар. Өзеннің сол жағалауында Кеңес өкіметі жылдары «Ембімұнай» кенті мен мұнай айыру зауытының қалашығы пайда болды.

Жайыққа салынған көпір 1965 жылы Еуропа мен Азия құрлықтарында жатқан қаланың екі бөлігін байланыстырады. Облыстың драма театрының алдындағы алаңда Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісовке ескеркіш орнатылған.

Атырау ескерткіштері- көне дәуірлерден сақталған археологиялық ескеркіштер. 1989 жылы Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі З.Самашев) зерттеген. Аймақтың солтүстігінен және оңтүстігінен мезолит (орта тас) дәуірінің (б.з.б. 11-7 мың жылдықта) кремний, кварцит, халцедон, яшма тектес тастардан жасалған еңбек құралдары табылды. Тайсойған, Азғыр, Қанішкен, Исатай елді мекендерінен, Махамбет, Кулагин, Бекбике, Мақан, Сағыз, Жем өзендерініғ бойынан тастан, ұлутастардан, балшықтан, қыштан жаслаған бұйымдар көптеп табылды. Неолит заманының бірнеше тұрақтары (б.з.б. 4-3 мыңжылдықта) Сағыз өзенінің төменгі жағында, Жем өзеніне жақын Аққұм деген жерден табылды. Бұл дәуір адамдары аңшылықпен, балық аулаумен және өсімдік терумен шұғылданғанын дәлелдейтін тас балта, қару жарақ, ошақтың орны т.б. ашылды.

Энеолит дәуір ескерткіштері (б.з.б. 4 мыңжылдың аяғы – б.з.б 2 мыңжылдықтың басы) үшбұрыш, төртбұрыш пішінді тарақ пен оюлармен өрнектелген құмыра сынықтары түрінде жиналды. Иманқара тауынан б.з.б. 5-4 ғасырдағы ерте темір дәуіріне жататын қорғандар қазылып, олардан жерлеу рәсімін, мәдени, экономикалық және әскери істерінің деңгейін білдіретін ескерткіштер табылды.

Сары Қамыс, Қаратон кенттерінің маңындағы және Азғыр құмшағылдарында қойылған Сармат мәдениетінің мүрделері зерттелді.

Атырау ескерткіштерінің ішінде Алтын Орда кезеңінен қалған ескерткіштер мол. Олар – Сарайшықтан Үстіртке дейін созылып жатқан 13-14 ғасырлардағы қалалар, керуен-сарайлар, қамал-бекіністер, құдықтар, жер-суару жүйелері, зираттар. Солардың ішіндегі ең белгілілері - Сарайшық, Теңдік, Қайнар, Ұшқан қалашықтарында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Атырау өңірінің тарихы»

Пәні: Қазақстан тарихы
        Қабылдаған:       Ж.Шахманқызы

Орындаған: 5 «Б» сынып оқушысы Қазыбеков Абзал

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда қаласы 2011



Информация о работе Атырау өңірінің тарихы