Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 11:49, реферат

Описание

Тақырыптың өзектілігі: Қазақ хандығының шығуы Шығыс Дешті Қыпшақтың, Жетісудың және Түркістанның (Оңтүстік Қазақстан) кең байтақ жерінде етек алған әлеуметтік-экономикалық және этно-саяси процестердің заңды қорытындысы болды. Әр текті экономикасы, көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшылықты егіншілікті, сауда-қолөнер кәсібі бағытындағы қала шаруашылығы бар облыстардың табиғи интеграциясы негізінде XIV—XV ғғ. бірыңғай экономикалық аймақтың құрылуы сол аймақтың барлық жерін саяси құрылымға біріктіруге жағдай әзірледі

Содержание

Кіріспе
І. Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары.
ІІ. Қазақ хандығының негізін қалаушылар-Жәнібек пен Керей.
ІІІ. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Работа состоит из  1 файл

сталиннің өмір жолы.docx

— 44.21 Кб (Скачать документ)

 

ІІ. Қазақ хандығының негізін қалаушылар-Жәнібек пен  Керей.

Қазақ халқының құрылуы және оның жүздерінің айқындалуы, әлеуметтік қатынастардың нығаюы, Қазақ мемлекеттілігінің  пайда болуын туғызған басты себептер болды. Ал Қазақ хандығының негізін  қалаушылар Ақ Орданың билеушісі  Ұрұс ханның ұрпақтары Керей мен  Жәнібек болды. Бұлар Әбілқайыр  ханға қарсы ел ішіндегі наразылықтарды пайдалана отырып, Ақ Орда хандары  әулетінің билігін қалпына келтіру  үшін күрес жүргізіп отырды. Күрес  ашық майданда  емес, жабық түрде, Шайбани әулетіне қарсы ру-тайпаларды өз жақтарына тарту болды.

Жәнібек пен Керейдің алдарына қойған басты бір көкейісті мәселе-қазақ халқын бытыраңқылықтан, саяси шашыраңқылықтан шығару болды. Жетісуға қарай ойысудың басты мақсаты – Орталық және Оңтүстік Қазақстанның қазақтарын Ұлы жүз тайпаларымен біріктіру болды. Сөйтіп қазақ халқының  шоғырлануына жағдай туғызып, Қазақ хандығының құрылуына қолайлы мүмкіндік жасау еді. Екі хан бұл армандарына жетті. Жәнібек пен Керей Батыс Жетісуға , Қозыбасы мен Шу бойына хажраның 870 жылы, біздің жыл санауымызша 1465-1466 жылдары келіп орналасып, алғаш рет қазақ хандығының шаңырағын көтеріп желбіретеді[2, 71б].

Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеюі 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды. Әсіресе Әбілхайыр(1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты. Бір орталықа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен Ахметханды (Тоқа Темір тұқымы) жеңді. 1446 жылы Әбілхайыр Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы — Сығанақ, Созақ, Аққорған, Үзгент, Аркөк сияқты қалаларды басып алады. 1457 ж. Үз-Темір тайшы бастаған ойраттардан Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында, қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деген өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды[3, 149б].

Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі бұқара феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстарға наразылық ретінде, хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударды. Сөйтіп, 15 ғ. 50-70 жж, яғни 1459ж. Әбілхайыр хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас өзендерінің жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталығына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Моғолстан ханы Есенбұға өзінің солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ өзінің бауыры Тимурид Абу Саид қолдап отырған Жүністің шабуылынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы келді. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы. Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы табиғи құбылыс. Мырза Мұхамед хайдар Дулати Қазақ хандығының құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465-1466 жж.) жатқызады[4, 36б].

Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинаған және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды [5, 142б].

Сыр өңірі мен Қаратау  — қазақ хандарының Батыс Жетісудағы иеліктеріне ең жақын болды. Жәнібек пен Керей хандар сауда-экономикалық байланыстардың маңызды орталықтары және күшті бекініс болатын Сыр бойындағы қалаларға өз құқықтарын орнатуға тырысты. Сондай-ақ Сырдың төменгі және орталық сағаларының жерлері қазақтың көшпелі тайпалары үшін қысқы жайылым да еді. 70-жылдары Сауран, Созақ түбінде, үлкен шайқастар болды. Ясыны (Түркістанды), Сығанақты біресе қазақ хандары, біресе Мұхамед Шайбани басып алып отырды. Осындай шайқастардың бірінде көрнекті қолбасшы Керейдің ұлы Бұрындық болды. Ол 1480 жылдан бастап хан болды. Соның нәтижесінде 15 ғ. 70-ж.да қазақ хандығының шекарасы кеңейе берді. Оңтүстік қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығын билеген Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да толастамады. Батыс Жетісудағы иеліктеріне оңтүстіктегі өздеріне қараған қалаларға (Созақ, Сығанақ, Сауран) сүйене отырып, алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақтағы өкімет билігіне талаптанушы барлық хандарды жеңіп, өз иеліктерін ұлғайтты. Дешті Қыпшақта қазақ хандары билігінің орнығуы, Мұхаммед Шайбаниды Дешті Қыпшақтағы тайпалардың кейбір бөлігін соңына ертіп Мәуереннахрға кетуге мәжбүр етті. Мұнда ол Темір әулеті арасындағы өзара тартысты пайдалана отырып, өкімет билігін басып алды.

Сонымен қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер — саяси және этникалық процестер  болды. Оның басты этапы — Керей мен Жәнібектің қол астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілхайырдан кетіп, Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға — Керей мен Жәнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы. Әбілхайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына келіп, үкімет билігін басып алуы. Жаңа мемлекеттік бірлестік Қазақстан атана бастады[6,372б].

 

 

ІІІ. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.(ХV ғасырдың соңғы ширегі).

  Хандықты басқару ісі. Жазба деректерде Жәнібек пен Керейдің қайсысы бұрын хан болғандығы жайлы дерек жоқтың қасы. Алайда бұл екеуінің де Шыңғыс ханның ұрпағы болғандықтан, жаңа құрылған Қазақ хандығының тағына отыруға құқығы болды. Бірақ Керейдің алғаш хан болғандығы тарихи еңбектерде кездесіп отырады. Керейдің бірінші хан болғанының да жөні бар. Олай болатын себебі, түрік-моңғол дәуірінен сақаталып келе жатқан салт бойынша билік жүйесінде мұрагерлік және сайланбалы қызмет қатар қолданылған. Хан атағы әкеден балаға қалатын мұра болмаған, негізгі шарт ағадан ініге қалады. Алайда дала демократиясының салты бойынша көпшілік халықтың көңілдері белгілі, атақты өздеріне жағымды бір адамды  қаласа, сол адамға дауыс берген.

Ал, Жәнібек пен Керейдің хан болудағы жағдайлары аға жолының  үлкендігіне сәйкес келіп тұр. Бұл  жағдайда Керейдің жасының үлкендігіне  байланысты алғашқы хан Керей  болған. Ал Жәнібек оның әрі көмекшісі, әрі ақылшысы болған. Сонымен Керей  хан хандықтың басқару ісін Жәнібек  пен келісе отырып ойдағыдай жүргізген [7, 13б].

Хандықтың ішкі жағдайы. ХV ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығы қоныс теуіп, орда тіккен Жетісу жеріне екі жүз мың жан саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс-қонысты керек етті. Көшпелі қазақ тайпаларының отырықшы егіншілігі дамыған аудандармен, әсіресе қолөнері мен саудасы өркендеген орталықтармен тікелей байланысты болуын қажет етті. Әсіресе, Сырдария бойындағы қалалармен сауда-саттық қатынастарына қолайлы жағдай жасау халық тұрмысындағы маңызды мәселеге айналды. Өмір талабына айналып отырған бұл мәселенің дұрыс шешілуіне тек көшпелі халықтар ғана емес, отырықшы аймақтағы егіншілік өнімдерін өткізуді аңсаған егіншілер де, қолөнер өнімдерін өткізіп, шикізат-жүн, тері, т.б. алуды аңсаған қолөнершілер де, тауарларын өткізіп, пайда табуды көздеген саудагерлер де мүдделі болды. Бай аймақтарды және қалаларды өз қол астына қаратуға  феодалдар тіпті мүдделі еді. Әсірсе жаңадан шаңырақ көтерген Қазақ хандығы өз алдына мынадай тарихи міндеттер қойды:

  1. Көшпелі шаруалардың жайылымддарды пайдаланудағы  Дешті Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан тәртібін қалпына келтіру;
  2. Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолы үстінде орналасқан Сырдария бойындағы  Сығанақ, Созақ, Отырар, Ясы (Түркістан), т.б. қалаларды Қазақ хандығына қарату;
  3. Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық аумағын құру.

Хандардың Сырдария бойындағы  қалаларды өзінің экономикалық және әскери тірегіне айналдыруы Дешті Қыпшақ даласын билеудің басты шарты  болып келген. Сыр бойындағы қалалардың  саяси-экономикалық және әскери-стратегиялық маңызы зор еді. Сырдария бойындағы егіншілігі мен қолөнері өркендеген қалалы аудандармен сауда-саттық жасауға тек даланың байлары ғана емес, Дешті Қыпшақтың шаруалары да ынталы болатын[8, 233б].

Сыртқы саяси жағдай. ХV ғасырдың аяғы мен ХVІ ғасырдың басында Орта Азия мен Қазақстан жерінің саяси өмірінде айтарлықтай тарихи оқиғалар болды. Темір әулеті Мұхаммед Шайбанимен күресте жеңіліс тапты. Моғолстан хандығы іс жүзінде бірнеше иеліктерге ыдырай түсті. Шығыс Дешті Қыпшақта Әбілқайыр билігі жойылды. Қазақстан жеріндегі бір кезде  әлемді дүр сілкіндірген Алтын Орда  хандығы ыдырап, жаңа мемлекеттер – Сібір хандығы, Қазан хандығы, Астрахан хандықтары тарих сахнасынан орын алды.

XV ғасырдың 70-жылдары қазақ хандары Сырдария бойы мен оған жалғас жатқан Қаратау өңірін басып алды. Нәтижесінде Қазақ хандығының жер көлемі әлдеқайда ұлғайды, оған тұс-тұстан қазақ тайпалары келіп қосылып жатты. Қазақ хандарының Сыр бойындағы қалалары үшін Әбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбани ханмен соғысы отыз жалдан астам уақытқа созылды [9, 36б].

1470 жылы Керей хан бастаған  қол Түркістанға, Жәнібек хан  бастаған Созаққа шабуыл жасады. Сауран түбінде қазақтардан жеңіліс  тапқан Шайбани хан Бұхараға  қашты. Созақ пен Сауран Қазақ  хандығының құрамына кірді. Шайбани  хан екі жылдан соң Ноғай  Ордасының мырзаларымен одық  құрып, Аркөк пен Сығанақ қалаларын  басып алды. Қазақ хандарының  жіберген әскерлері Шайбанидің  бірлескен әскерін талқандап,  Сығанақ қаласын қайтарып алды. Шайбани хан Маңғыстаға қашты.  Сыр бойындағы қалалар Қазақ  хандығының құрамына қосылды.

Қазақ хандары Әмір Темір  ұрпақтарымен бірлесе отырып, Шайбани  ханға қарсы шабуылға шықты. Созақ  қаласы түбінде болған шайқаста Созақтың атақты адамдары Қазақ хандығын қолдап, жеңіске жетті. Шайбани ханның Сауранды билеуге қалдырған туысын тұтқындайды. Қазақ жасақтары Сауранды қайтарып алған соң, жау қолындағы Отырар қаласын қоршауға алды. Шайбани хан  қазақтармен бітім жасауға келісетінін  білдірді.

Сыр бойындағы қалалар  Сығанақ, Сауран, Созақ – Қазақ  хандығының күш-қуатын, саяси беделін нығайтып, әлемге танытты. Сондықтан қазақ хандары бұл қасиетті, қадірлі жерді басып алуға ұмтылғандарды бірінен соң бірін жеңіп, оны қорғап қалды. XV ғасырдың аяғында Сырдария өңіріндегі күрес барысы, билікке таласушы күштердің ара қатынасы, түптеп келгенде қазақ хандарының басымдылығын танытты[10, 271б].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қазақ халқының тарихында  қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының тарихи маңызы орасан зор болды. Қазақ  халқының халық болып қалыптасуына негізгі этникалық арқау болған ежелгі сақ, үйсін, қаңлы, т.б. түркі  тілдес тайпалар мыңдаған ауыр жылдарды бастарынан өткізді. Олар бірде қосылып, бірде шапқыншылықтың әсерінен бір-бірінен  ажырап, талай тарихи тауқыметтің  ауыр зардаптарын бастарынан өткізді. Қандай алапат ауыр жылдар болса да, келешек қазақ халқының этникалық  құрамы арқандаған ат секілді, кең – байтақ жерінің бірде терістігін, бірде шығысын, бірде түстігін паналап, ұлттық мемлекеттік дәрежеге жеткенше, атамекенін тастап басқа жаққа ауып кетпеді. Соның арқасында бүгінгі таңда кең-байтақ жеріне ие болып, Қазақтың ұлттық мемлекеті болып, дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы ел санатына қосылып отыр.

Біріншіден, әр хандықтың  билігінде ел болуды аңсап жүрген, ру-тайпалардың қазақ ұлты болып  қалыптасуының аяқталуы.(Оған дәлел  Жәнібек пен Керейдің төңірегіне топтасушылық).

Екіншіден, осы қалыптасқан  ұлтты бастау, басқару, оны сырт жаудан қорғау үшін ұлттық қазақ  мемлектінің  құрылуы.

Үшіншіден, бұл құрылған мемлекет өзінің шаңырақ көтерген жерінде отырып қалмай, туының астына біріккен қазақы тайпалардың жерлерін өздеріне қосуға әрекет жасап, бүгінгі таңдағы шекарамызға дейін жер аумағын кеңейтуі.

Төртіншіден, өзін қоршап жатқан үлкенді-кішілі мемлекеттермен терезесі тең дәрежеде қарым-қатынас  жасауы.

Бесіншіден, ұлттық мемлекет дәрежесіне, әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағынан өзінің салты, әдет-ғұрпы, ділі, діні бар ел санатында даму жолына түскен азат еркін ел болуы.

Міне, XV ғасырдың ортасында құрылған қазақ мемлекеті өзінің халқына осы жоғарыда көрсетілген тарихи маңызы аса зор мәселелерді алып берген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.Мухамед Хайдар Дулати. Тарих –и Рашиди. А.,-1996ж. 480 б.

2. Юдин В.П. Известия  «Зийа ал-кулуб» Мухаммад Аваза о казахах XVІ века. Вестник АН КазССР, Алма-Ата,-1966, № 5, 142 б.

Информация о работе Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары