Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 11:49, реферат

Описание

Тақырыптың өзектілігі: Қазақ хандығының шығуы Шығыс Дешті Қыпшақтың, Жетісудың және Түркістанның (Оңтүстік Қазақстан) кең байтақ жерінде етек алған әлеуметтік-экономикалық және этно-саяси процестердің заңды қорытындысы болды. Әр текті экономикасы, көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшылықты егіншілікті, сауда-қолөнер кәсібі бағытындағы қала шаруашылығы бар облыстардың табиғи интеграциясы негізінде XIV—XV ғғ. бірыңғай экономикалық аймақтың құрылуы сол аймақтың барлық жерін саяси құрылымға біріктіруге жағдай әзірледі

Содержание

Кіріспе
І. Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары.
ІІ. Қазақ хандығының негізін қалаушылар-Жәнібек пен Керей.
ІІІ. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Работа состоит из  1 файл

сталиннің өмір жолы.docx

— 44.21 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

Кіріспе

І. Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары.

ІІ. Қазақ хандығының негізін қалаушылар-Жәнібек пен Керей.

ІІІ. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Қазақ хандығының шығуы Шығыс Дешті Қыпшақтың, Жетісудың және Түркістанның (Оңтүстік Қазақстан) кең байтақ жерінде етек алған әлеуметтік-экономикалық және этно-саяси процестердің заңды қорытындысы болды. Әр текті экономикасы, көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшылықты егіншілікті, сауда-қолөнер кәсібі бағытындағы қала шаруашылығы бар облыстардың табиғи интеграциясы негізінде XIV—XV ғғ. бірыңғай экономикалық аймақтың құрылуы сол аймақтың барлық жерін саяси құрылымға біріктіруге жағдай әзірледі. Көшпелі және отырықшылықты аймақтың экономикалық, мәдени, қоғамдық-саяси байланыстарын нығайту қазақ рулары мен тайпаларының этникалық бірігуіне, халықтың қосылуының ұзақ мерзімді процесінің іс жүзінде аяқталуына мүмкіндік туғызды. Бұл жағдайлар өзіндік қазақ мемлекеттігін құрудың объективті себептері мен алғы шарттары болды. Қалыптасқан ірі этно-әлеуметтік мүдде ортақтығынан өз дара мемлекеттігіне және өздерінің әлеуметтік-теориялық мемлекеттік ұйым құруға талпынуы тек кейінгі уақытқа — ұлттарды қалыптастыру уақытына ғана емес, сонымен бірге Орталық Азия аймағында негізінен алғанда осы заманғы халықтардың қосылуы аяқталып біткен орта ғасырға да тән еді.

Қазақ халықының бір бөлігінің  әр түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап кетушілігін, саяси жағынан  бастарының бірікпеушілігін жеңу Жәнібек  және Керей есімдерімен байланысты. Олардың әулеттік мүдделері, сайын далада билік жүргізу үшін Шыңғысханның өзге әулеттерімен күресі ру ақсүйектерімен бірге қатардағы малшы еңбеккерлерден және егінші-диқандардан шыққан халықтың әр түрлі әлеуметтік таптарының мүдделерімен дөп келді. Мұның өзі бірігіп нығайған халықтың дербес өз мемлекетін құруға деген талпынысын бейнелейді.

Бірқатар түпкі материалдардағы (мысалы, «Таварих-и гузида-ий нусрат-наме») шежірелер бойынша Жәнібек пен  Керей жақын туыс адамдар болған. XV ғ. 50—70 жылдарында елді бірлесіп басқарған бұл алғашқы қазақ хандары жайында баяндайтын жазба материалдарда бұлардың қайсысы бірінші басшы болғаны жөнінде дәл түсініктеме жоқ, олардың есімдері ешбір реті сақталмай қатар жазыла берген. Бірі Барақ ханның тікелей ұрпағы (Жәнібек) ретінде, де, бірі — жасы жағынан үлкен ретінде (Керей) бұлардың екеуінің де елге билік жүргізуге құқы болды. Бірақ орта ғасырдағы Қазақстан мемлекеттерінде бірте-бірте орныққан хан билігіне тікелей мұрагерлік принципімен қатар (әкесінен баласына) хан билігін алуға балалардын, үлкені басым құқықпен пайдаланатын көне түрік-монғол принципі де сақталып қалғандықтан Жәнібек сияқты Керейдің де хан атағын иеленуге талаптануына болар еді. Қазақ хандығының құрылуына сол кездегі Қазақстан жеріндегі екі мемлекеттің-Әбілхайыр хандығы (көшпелі өзбек мемлекеті) мен Моғолстанның ішкі саяси ахуалы нақты жол ашты. Өйткені XV ғ. екінші жартысында бұл мемлекеттердің тарихи тағдыры елдігінен айрылып күйреумен аяқталған-ды. Екі мемлекетте де көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуаты күшейе түсті, оның сыртқа тепкіш талпынысы артты. Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісудың рулары мен тайпаларының неғұрлым ықпалды көсемдері саяси тәуелсіздікке ұмтылды немесе ғасырдың орта шенінде Әбілхайыр (көшпелі өзбектер мемлекеті) мен Есенбұға (Моғолстан) хандардың билігіне таласуларын жалғастырып жатқан Шыңғысхан әулеттерінің әйтеуір біреуінен қорғаушы іздестірді.

Қазақ қоғамы билеуші топтарының мүдделерін бейнелегендіктен алғашқы  қазақ хандарының бірыңғай мемлекет құрып, нығайтуға бағытталған әрекеттері қазақ рулары мен тайпаларының ақсүйектері  тарапынан қолдау тауып отырды. Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы — Қаратау қойнауларындағы, Сырдария сағаларындағы, Түркістанның солтүстік бөлігіндегі олардың едәуір бөлігі 40—50 жылдардың өзінде-ақ Керей мен Жәнібектің төңірегіне топтасты. Әбілқайыр хан даладағы өз билігін нығайту жолындағы күреспен айналысып жүргенде Ақ Орда хандарының мұрагерлері Қазақстанның оңтүстігінде өздерінің күшті билігін қамтамасыз ете алды. Рулар мен тайпалардың Әбілхайырға наразы көптеген көсемдері өздерінің қол астындағылармен бірге бұларға ағылып келіп жатты.

Тынымсыз дерлік өзара  тартыстар мен соғыстар халық  бұқарасының жағдайына ауыр тиді. Соғыс қимылдары қатардағы көшпелілерді өнімді еңбектен қол үздірді, оларға бақытсыздық пен қайыршылық, кесел мен өлім-жітім әкелді. Халық бұқарасының наразылығы ортағасырлық көшпелі қоғамға тән қарсыласу түрінде — өз әкімдерінің билігінен кетіп қалуға, басқа жаққа көшіп кетуге әкеп соқтырды. XV ғ. 50-жылдардың аяққы шенінен бастап ондаған жылдар бойы осындай бір үдере көшіп кетушілік — қазақ халқының бір бөлігінің Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне, Моғолстан жеріне жаппай көшіп баруы еді. Әбілхайыр хандығының сыртына кетуші рулар мен тайпаларды Жәнібек пен Керей басқарды. Бұл жөніндегі хабар бірінші рет Мұхаммед Хайдар дұғлаттың «Тарихи — Рашидиінен» көрінді, Махмуд пен Вали, Жәнібек пен Керей Әбілхайыр ханға бағынудан бас тартты. Және өздерінің бұл бас тартуларын Шыңғысхан әулетінің далаға билік жүргізуге мұрагерлік дәстүрімен ол Ақ Орда хандары ретінде өздеріне Шығыс Дешті Қыпшақта билік жасау құқығын қамтамасыз ететіндігімен дәлелдеді [1, 220б].

 Зерттелу деңгейі: Қазақ хандығының құрылу тарихы XIX ғасырдың 60 жылдарынан зерттеушілердің назарында болып келе жатыр. Солардың ішінде В.В.Вельяминов – Зернов, Ш.Құдайбердіұлы, А.П.Чулошников, М.Тынышпаев, С.К.Ибрагимов, В.Г.Юдин, Т.И.Сұлтанов және тағы басқа тарихшылардың бұл мәселені зерттеуге қосқан үлестері орасан зор. Қазақ хандығының тарихына қатысты сан түрлі мәселелерді зерттей отырып, бұл ғалымдар қазақ хандығының құрылған уақыты деп әртүрлі жылдарды атап келеді. Шамамен алғанда аталған зерттеушілердің еңбектері XV ғасырдың 50–70 жылдарын қамтып, 10–20 жылдар алшақтықта тұр. Соңғы 5–10 жыл ішінде бұл мәселе бойынша тарихшылар Ә.Хасенов, С.Жолдасбаев, Б.Кәрібаев өз ойлары мен пікірлерін білдірді. Сондай – ақ қазақ хандығының құрылу тарихы осы жылдары өткен бірнеше ғылыми конференцияларда да қарастырылды. Соған қарамастан қазақ хандығының құрылған жылы – толық анықталмай, даулы мәселе болып қалып отыр.

Қазақ хандығының алғашқы кезеңі тарихына байланысты жағдайларды бағалау үшін қажетті көптеген материалдар береді. «Та'рих-и Рашидиден» жиырма-отыз жыл бұрын жазылған XVI ғасырдың басындағы бұл деректемелерде де (Камал ад-дин Әли Бинаидің «Та-варих-и гузида-йи нусрат-наме», «Шайбани-наме», Шадидің «Фатх-наме», Руз-бихан Исфаханңдің «Михман-наме-йи Бухара» және басқалары) Жәнібек пен Керей хандар аталады

Тарихнамасы: Ең алғашқы рет Қазақ хандығының құрылу тарихы туралы жазба дерек мәліметтерін XVI ғасырда өмір сүрген тарихшы М.Х.Дулати жазды. Ол өзінің 1541 – 46 жылдары жазған «Тарих – и - Рашиди» деп аталатын еңбегінде XIV – XVI ғасырларда Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстан, Шығыс Түркістан жерлерінде болған Моғолстан атты мемлекеттің тарихын баяндай келе, Қазақ хандығына қатысты бірнеше мәлімет береді. «Тарих – и - Рашиди» екі бөліктен немесе екі дәптерден тұрады және олар әр жылдары жазылды. Бірінші дәптердің 39 тарауында аталмыш еңбектің авторы Моғолстан ханы Есен – Бұға ханның тұсында болған оқиғалардың біріне – Керей мен Жәнібек хандардың Әбілхайыр ханнан бөлініп, Есен – Бұғаға келуін және оның оларға Моғолтанның батысындағы Шу бойынан жер бергендігін жатқызады. Осы жерде М.Х.Дулати: «Қазақ сұлтандарының билігі 870 жылдан (хиджра бойынша – 1465 – 66 жж.) басталады» - деп айтып өтеді [1].

Юдин В.П. Жәнібек пен Керейдің арғы атасы «Барақ ханның атасы, Алтын Орда ханы Ұрұс» «Астархан әулетінің бабасы», яғни Кіші-Мүхаммедтің балалары Ахмет хан мен Махмұд ханның да атасы болған деп санайды [2].

Б. А. Ахмедов 40-жылдары Керей  мен Жәнібек Сырдария бойында  болмаған, әйтпесе олар Ақ Ордаға қарайтын осы қалалардың бірінде болса, олар Мұстафа ханмен шайқаста күші әлсіреген  Әбілқайырға қарсылық көрсетер еді  деп санайды [3].

Хандықтың құрылуы мен  Шығыс Дешті Қыпшақта қазақ хандары  билігінін таралу уақытын Мырза  Мұхаммед Хайдар Дуғлаттың «Та'рих-и  Рашидидегі» мағлұматтарына сүйеніп, В. В. Вильяминов-Зернов әлдеқашан-ақ хижраның 870 жылы, XV ғасырдың 60-жылдарының ортасы деп есептеуді ұсынған [4].

Xижраның 870 жылы — біздің  жыл санауымыздың 1465—1466 жылдар бес  томдық «Қазақ ССР-ның көне  заманнан бүгінге дейін тарихында»  Қазақ хандығының құрылған уақыты  ретінде алынған [5].

А. П. Чулочников Қазақ хандығы XV—XVI ғасырлар шебінде құрылды деп жазды. Сөйтіп ол құрылу фактісін XVI ғасырдың басына жақындата түседі[6].

П.П Румянцев дербес мемлекеттің түпкілікті құрылуын бұдан да кешірек мерзімге — XVI ғасырдың 30—40 жылдарына әкеледі. Ол XV ғасырдың аяғына қарай Жәнібек пен Керей ұлдары бастаған бірнеше феодалдық иеліктер ғана бөлініп шықты да, жаңаша, яғни Қазақ хандығы деп аталған жеке көшпелі мемлекеттің іргетасын қалады деп есептейді С. К. Ибрагимов Әбілқайырдың Жошы әулетімен, соның ішіңде Ақ Орда хандарының ұрпақтарымен, Барақ ханның туыстары Махмұд ханмен, Ахмед ханмен күресі ұзақ уақытқа созылғанын атап көрсетеді.[7].

Қазақ халқының ортағасырлық тарихын зерттеуші көрнекті ғалым  Т.И.Сұлтановтың Қазақ хандығының құрылу уақыты туралы пікірі көңіл  аудартады. Ол «Қазақ хандығының құрылуы  бір мезгілде жүзеге асқан акті емес», ұзақ уақытқа созылған процесс деген  орынды пікір айтады. Т.И.Сұлтанов «жаңа  хаңдықтың құрылуын» Әбілқайыр  хан өлген соң, Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына қайтып келіп, мұнда  жоғарғы өкіметті басып алуымен  байланыстырады. Бұл автордың ойынша XV ғасырдың 70-жылдарына, нақтырақ айтқанда 1470жылға келеді [8].

А.А.Семенов XV ғасырдың бірінші  жартысында барлық өзбек тайпала-рының  одағы бола қоймағанына күдік  білдіріп, яғни өзбек тайпалары деп  ата-лғандардың барлығының бір мемлекетке — Әбілқайыр хандығына бірікпегенін жазады [9].

Мақсаты: Өзіндік жұмысты өз деңгейінде жазып, Қазақ хандығының негізін қалаушы Керей мен Жәнібек хандар туралы, дерек көздерін пайдлана отырып өз деңгейінде аша білу.Дерек көздеріне  негізделіп жазылған материалдарды пайдалану  барысында тақырыпты нақтылап мүмкіндігінше  жан-жақты дерек көздерін іздестіріп, мол деректерді пайдалана отырып түсінікті әрі сауатты түрде жазып зерттей отыра, тақырыптың  мазмұнын аша білу.

Міндеті:

  • Қазақ хандығының құрылуының алғышарттарын қарастыру;
  • Қазақ хандығының негізін қалаушылар-Керей мен Жәнібек хандар туралы зерттеу жүргізу;
  • Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайын анықтау;

 

І.Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары.

Саяси бытыраңқылық Әбілхайыр  билігі тұсында шарықтау шегіне жетті. Ол Ақ Орда билігін алу үшін 20 жылға  жуық күрес жүргізген.

Қазақ хандығының дербес мемлекет болып қалыптасуына түрткі болған алғышарттар:

  • Әбілхайыр хандығындағы тоқтаусыз соғыстар.
  • Ішкі феодалдық қырқыстардың үдеуі.
  • Феодалдық езгі мен қанау.
  • Халықтың ауыр күйзеліске ұшырауы.

Қазақ хандығы көшпелі  ақсүйектер басымдығы артқан Әбілхайыр  хандығы мен Моғолстанның ішкі сяси қақтығыстарының нәтижесінде құрылды. Шығыс Дешті-Қыпшақ пен Жетісуда тұратын ру, тайпа көсемдері саяси  тәуелсіздікке ұмтылып, Әбілхайыр  мен Есен-Бұғаның билігіне мойынсұнбады. Сондықтан, ХV ғасырдың 40-50-жылдары олар Керей мен Жәнібектің маңына : Қаратау, Сырдария, Түркістанның солтүстігіне топтаса бастады. 1446 жылы Әбілхайыр  Созақ, Сығанақ, Аркөк, Үзгент, Аққорған қалаларын басып алғаннан кейін  ұлыстар арасындағы тартыс күшейе түсті. XVғ. 20-ж. бастап ойраттар Жетісуды жиі шабуылдай бастады:

  • Жайылым қажеттілігі.
  • Сауда орталықтарына ұмтылу.

ХVғ. 50-жылдары  - ойраттар Түркістан аймағына жетті. 1457 жыл  – Әбілхайыр ханның ойраттардан  жеңілуі қазақ ру, тайпаларының Керей  мен Жәнібектің төңірегіне тығызырақ  топтасуын тездетті. Әбілхайыр ханның билігіне наразылық жаппай көшу тасқынын туғызды. ХV ғасырдың 50-жылдарынан бастап 10 жыл бойы осы тасқын толастамады.  Халық Жетісудың батысына Моғолстанға қарай көшті. Қазақтардың бір мемлекетке бірігу қозғалысы осылайша басталды.

Жәнібек пен Керей сұлтандар  қазақтардың саяси тұрғыдан бірігуіне, қазақ хандығының құрылуына негіз қалады [10, 266б].

М.Х.Дулати: «Ол кезде Дешті  Қыпшақты Әбілхайыр биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн  көрсетаеді. Нәтижесінде Керей, Жәнібек  сұлтандар Моғолстанға көшіп  барды. Олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті» [1, 221б].

Көшіп келген қазақ руларына Моғолстан ханы Есен-Бұға Шу мен  Талас бойынан жер берді. Есен-Бұғаның  мақсаты:

  • Әбілхайыр мен Темір әулетіне қарсы қазақтардың күшін пайдалану;
  • Ойраттар шабуылынан Моғолстан шекараларын қорғау .

Ұлттық мемлекеттің құрылу қарсаңындағы Қазақстандағы саяси  жағдайына келсек, ХV ғасырда орта кезінде қазақ жерінің батысында Ноғай Ордасы Жетісу аймағында Моғол хандығы, Сыр бойы, Орталық Қазақстанда Әбілқайыр хандығы сияқты хандықтар өмір сүрген. Олар жер үшін және билік үшін бір-бірімен соғысып жатты. Бұған қосымша Әмір Темірдің ұрпақтары қазақ жеріне шабуылдар жасап саяси жағдай мүлде нашарлаған. Қазақ хандарының бастауы болған Ақ Орданың ханы Барақ Тоқтамыс ханның бес ұлының бірінен соң бірімен алысып жатты. Осы кезде 1428ж. Барақ ханның белгісіз жағдайда қаза болуы Ақ Орданың саяси жағдайын мүлде әлсіретеді. Сыр бойынан Батыс Сібірге дейінгі аралықта бес ұлыс пайда болды. Олар бас-басына хандық құрып өзін-өзі билеушілік туады. Бұлардың арасындағы жер үшін талас ел арасындағы араздықты туғызып бей-берекетсіздік өршіді. Сөйтіп, мұндай саяси бытыраңқылық біртұтас ұлттық мемлекеттің қажет екендігін көрсетеді.

Қазақ жеріндегі саяси  бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың хандық өкіметінің кезінен бастап, өзінің шарықтау шегіне жетеді. Тарихи деректерге қарағанда Әбілқайыр хан Ақ орда билігін өз қолына алу үшін 20 жылға жуық күрес жүргізген. Ал Ақ Орданың мұрагерлері Орыс хан мен Барақ ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілқайырдың билігін ешбір мойындамаған. Бұлардың алдарына қойған басты мақсаттары өздерінің жеке ұлттық мемлекеттерін құру еді. Міне, Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы саяси жағдай осындай бытыраңқы, аумалы-төкпелі болған [10, 267б].

Информация о работе Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары