Қазақ халқының салт дәстүрі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2011 в 20:56, реферат

Описание

Той малы (дәстүр). «Жүз жылқы той малына кетіпті» (М.Ж.Көпеев). Келін алуға келген қадірлі құдалар ел дәстүр салты бойынша сән салтанатымен, жөн жосығымен келіп түседі. Бұл жолдың кәде жоралары да көп болады. Соның ішінде ең басты кәдесінің бірі осы топқа арнайы әкелген « той малы» деп аталатын жолды дәстүр.

Работа состоит из  1 файл

Қазақ халқының салт.docx

— 45.53 Кб (Скачать документ)

Қазақ халқының салт-дәстүрі

 
                           

  Қазақ халқының  салт-дәстүрлері                  

Той Малы 

Той малы (дәстүр). «Жүз жылқы той малына кетіпті» (М.Ж.Көпеев). Келін алуға келген қадірлі құдалар  ел дәстүр салты бойынша сән салтанатымен, жөн жосығымен келіп түседі. Бұл  жолдың кәде жоралары да көп болады. Соның ішінде ең басты кәдесінің  бірі осы топқа арнайы әкелген  « той малы» деп аталатын жолды  дәстүр. Бұған әр құда өз дәулеті  мен шамасына қарай жылқы немесе бірнеше қой әкеледі. Күйеудің абырой, беделі осы кәдеге де байланысты болады. Бұған қымбат мата, бұйым, жеміс, қант, шәй да қосылады. Әкелген мал арқылы құдалар қыз әкесінен, атасынан немесе сол ауылдағы жолы үлкен ақсақалдан бата тілейді. Батадан кейін әлгі мал сойылып, тойға жиналғандар  одан ауыз тиеді. Той малы толымсыз болса қыз жеңгелері құдалардың бетіне басады. Сондықтан да «той малының» мүшесі түгел әрі семіз болуы  қатты қадағаланады.  

Дәмету 

«Дәметкен сары майдан кеудең құрсын» (халық өлеңі).

Дәметудің әр түрі бар Ал ырымда жас келіншектердің дәметуінің жөні бөлек. Жас балалар  мен келіндер ата енелері қонақтан келсе, олардан тәтті дәмететтін әдеті бар. Әсіресе, балалы жас келіндер дәметсе оның меселін қайтаруға  болмайды. Өйткені, дәметіп отырып ойындағысы болмаса оның емшегі ісіп кетеді. Бұл  өмір шындығы. Ал үлкен кісілер, аналар, әжелер жас келіншегі бар үйге дәметіп қалар деп қашанда  қалтасына дәм тұзын сала жүреді. Бұл әркім ескере жүретін ескіден  келе жатқан ырым.

Қалың мал 

«Қалың мал» (дәстүр, кәде). «Мен ат тон айыбымен қалың мал қайтартпақшы болдым ғой» (С.Көбеев). Құда түсу рәсімі келісілген соң дала заңы бойынша күеу жағы «қалың мал» төлеуге тиіс. Бұл қазақ, қазақ болғалы бұлжымаған ежелгі дәстүр. Оның мөлшері құдалардың дәрежесі мен дәулетіне байланысты екі  жақ келісе отырып шешеді. «Бұрынғы кедейлер арасындағы қалың мал мөлшері  бес алты малмен тынса, ірі байлар арасында екі жүз, бес жүз, мың  жылқыға дейін жеткен. Би мен байлар, хан мен төрелер арасында қалың  мал үстіне «бес жақсы» деп аталатын бес түйеге қосып бір «жетім қыз (күң), «аяқ жақсы» днп беретін үш түйеге қоса бір «еркек жетім» (құл) бергендігі кейбір деректер арқылы белгілі. Қалың малдың «қырық жеті», « отыз жетінің бүтіні», «отыз жеті», «отыз  жетінің жартысы», «жақсылы отыз жеті», « жиырма жеті», « он жеті», «домалақ қалың мал», «домалақ бата» сияқты түрлері болған. Мұның сыртында той  мал, сүт ақы, күйеу апаратын ілу, өлі тірі апаратын, тағы басқа көптеген бағалы кәде, жоралар да болады. Бұған  кеңес үкіметі кезінде «қызды малға сату» деп қара күйе жағылып  келді. Ал шындығында қыздың жасауы «қалың мал» мөлшерінен кем болмаған. Демек, бұрынғы дала заңында бұл ескерілген сияқты. Әрине «қалың мал» құдалардың дәулетіне байланысты болған. Бұл  істе әркім өз шама шарқына қарай  белгілеген. Бұрынғы заманда «қалың мал» байлық пен мырзалықтың дәрежесін  әйгілейтін көріністің айғағы болғаны  шындық. ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде  Кіші жүзде Байсақал мен Орта жүзде  Сапақ құда болған. Сонда Байсақалдың  қызының «қалың малы» бес жүз  жылқы болған. Үш жүз жылқы қара малы, жүз жылқы үйге кіргізер, жүз жылқы той малына кетіпті (М.Ж.Көпеев).

Күйеуаяқ 

Күйеуаяқ (ғұрып). Жігіт қалыңдығын алғаннан кейін  әдеп бойынша енесін қошаметпен өз үйіне апарып салады. Ата енесі  күйеу баласына ірі мал атайды. Мұны «күйеуаяқ» дейді.

Түйемұрындық  

Түйемұрындық (ғұрып). Ұзатылып жатқан келіншек көшінің  жолында отырған ауылдың адамдары (жастары, әйелдері) керуен атының ноқтасынан, не түйесінің бұйдасынан ұстап тұрып  сұрайтын кәдесі. Қыз анасы оларға кәдесін жасайды, кәде алған риза болып, бақыт тілеп батасын беріп, жол болсын айтады.

Қыз қашар 

«Қыз қашар» (дәстүр). «Былайша қыз қашар дәстүрін өткізетін үйді «болыс үй» дейтін көрінеді». (Х.Арғынбаев). Күйеудің келуін «ұрын келу» десе, қыздың атастырылған күйеуін көруі «қыз қашар» дейді. Бұл «ұрын тойы» өтетін күні болады. «Ұрын той» жастар үшін көңілді, думанды  тойлардың бірі. Бұған жас жеңгелер мен жастар қатынасады. Күйеуден алынатын «қол ұстатар», «шаш сипатар», «қыз құшақтар», «арқа жатар», «көрпе қимылдатар»  тағы сол сияқты кәделер осы жолы беріледі. Екі жастың бірін бірі көріп, тілдесуі де осы тойда болады. Екеуі де бірін бірі ұнатып, қалыңдық жігітке қыз белгісі орамалын және оның іні қарындастарына да түрлі  сыйлықтар береді.

Күйеу ұрын барғаннан  кейін құдалық бұзылатын болса  қазақ заңында өте ауыр іс. Үлкен  дауға кетеді. Күйеу себепсіз бас  тартса бұрынғы берілген мал қайтарылмайды  және айып салынады. Батаны қыз жағы бұзатын болса қалың мал толық  қайтарылады әрі айып төлейді.

Балдыз  қалың 

Кейде қалыңдық қайтыс болатын жайлар кездеседі. Мұндайда қалың малын төлеген болса, онда сол үйдің екінші қызын алуға  құқы бар. Егер ер жігіт қалыңдығына  ұрын барып, ол үйдің басқа қызы болмаса  төлеген малдың жартысы қайтарылады. Егер бұрынғы қалыңдығына ұрын барған күйеу енді балдызын алатын болса, онда бұрынғының үстіне «балдыз қалың» төлеуге  тиіс. Оған түйе бастатқан бір тоғыз  қосылады. Күйеу бұрынғы қалыңдығына  ұрын келмеген болса «балдыз қалың» төленбейді. 

Күйеу киімі 

Күйеу киімі (салт). «Әкесі күйеу, шешесі қалыңдық болмаған ба?» деп бізді мінейді. Ки! деп  аттанар жерде Абайға жаңағы күйеу  міндетті түрде «күйеу киімін» киюге  тиіс. Алдынан шыққан жеңгелер мен  жас қыз келіншектер күйеуді  киімінен танып алады. Сондықтан  күйеу басқа жігіттерден салт бойынша ерекше киінеді. Бөркіне  үкі тағып, қызыл шапан, биік өкше етік киеді. Бөркін көзіне түсіріп төмен  қарап, кішілік көрсетіп тұрмаса  айып төлейді немесе сөзге, күлкіге  ұшырайды. Сол бетімен қыз келіншектердің ортасына түскен күйеу небір азапты әзіл қалжыңға төзеді. Оның мінген атын «күйеу атымен күл тасы» дегендей ауыл балалары мініп алып қызыққа  бөленеді. Бұл да ауыл салты 

Шаңырақ көтеру 

Шаңырақ көтеру (салт). Жас отаудың алғаш рет  шаңырағын көтерудің өзі қазақ  үшін тағы бір қызықты, ерекше сәт. Мұны қазақ салт дәстүрін жетік білетін  белгілі этнограф жазушы Ахмет Жүнісұлы былай деп жазған: «.... қазақта  отаудың шаңырағын албаты адам көтермейді. Бұған баласы көп, кәрі күйеу керек. Оны қос атпен болса да алғызады. Ыңғайлы жер болып, отау өте үлкен  болса кәрі күйеу шаңырақты аттың  үстінде тұрып көтереді. Бұл еңбегіне ол не ат мінеді, не түйе жетектейді. Бұған  малды отауды көтерткен жақ береді. (А.Жүнісов «фәниден бақиға дейін»). Әдетте киіз үйдің шаңырағын ер адамдар  көтереді. Ал, жас отаудың шаңырағын  кәрі күйеуге көтертуде үлкен  мән, ырым бар. Өйткені «жасы үлкен  күйеу» қашанда елге сыйлы және тілектес адам. Және күйеу қартайған сайын жұртына қадыры, сыйы арта түседі. Қазақ елі осы жолдан әлі айрылған жоқ. Кәрі күйеу келсе, ауылдың үлкен кішісі, еркек әйелі онымен бір қағыспай, қажаспай қалмайды. Оның шаңырақ көтеруінде де осындай терең сыйластық бар. 

Шаңырақ түйе 

«Шаңырақ  түйе» (дәстүр). Ұзатылып келе жатқан қыздың және оның жанындағы әйелдердің (шешесі, жеңгесі, сіңлісі, т.б.) мініп келе жатқан көлігі «шаңырқа түйе» деп аталады. Және ол келін үшін ыстық қасиетті мал болып саналады. Бұған жолшыбай кездескен немесе бөтен адам мінбейді. Егер міне қалса оны көрген жұрт « пәленше келіннің шаңырақ түйесіне»  мініп келді деп келемеждеген. Ертедегі салт бойынша көште үлкен  шаңырақ жеке түйеге артылып, алдымен  жүреді екен. Оған адам мінбейді, атпен  жетелейді, «шаңырақ түйе» деген  сөз осыдан шыққан.  

Итаяғына  салу 

Итаяғына  салу (дәстүр, ырым). Жас келіншек бір  ауылға қыдырып барғанда, не есік көруге шақырғанда әйелдер не үлкен әжелер оған «итаяғына» сал деп сақина,күміс, жүзік сияқты заттар береді. «Итаяғына  салу» деген келіншек босанып  баланы шаранасынан жуатын суға яғни «шілде суына» әлгіндей күміс жүзік, сақина, күміс түйме сияқты заттарды ыдысқа салып жіберіп, нәрестені  жуады. Жуып болғаннан кейін әлгі заттарды сол жердегі әйелдер  ырым қылып бөлісіп алып, мәз мейрам болып тарасады. 

Қапқа салар 

Қалыңдығын  алуға келген күйеу барлық жол  жоралғыларымен яғни құдалық кәделерімен, үлкендерге арналған сый сияпатымен, той малымен келеді. Той басталды. Қыз өз үйінен аттанар алдында  оның әкесі барлық құдаларға киіт кигізеді. Күйеу баласына да сыйлық береді. Бірақ ол киіт емес «қапқа салар» деп аталады. Ол бағалы киім, қымбат ер тоқым, жігіт жарақтары немесе мал болуы мүмкін. Әрине, бұл қайын  атаның дәулеті мен мырзалығына, абырой беделіне сай жасалатын жолды  дәстүр. 

Сыңсу 

Сыңсу (салт). «Халқымызда тұрмыс салт жырларының ең көп тарағандарының бірі сыңсу». Ұзатылған қыз өз босағасынан  аттанр алдында ағайын туғандарын аралайды. Былайша айтқанда қоштасады (Бірақ  бұл дәстүрлі қоштасу емес). Жеңгесін ертіп ағайындарын аралап жүрген қыз жәй жүрмейді. Ол өзінің балалық  дәуренінің, оң жақта бұлғақтап өскен  бақытты күндерінің өткендігін, аяулы  ата анасының, туысқандарының өзін мәпелеп өсірудегі еңбегін өлеңмен  айта жүріп өксиді. Ондай өлең жырды  сыңсу дейді.

Базардан  келген құйысқан

Тарамай шашым  ұйысқан.

Келіп кетіп  жүріңдер,

Сағындырмай туысқан

деп өзінің өтінішін де айта жүреді.

Қыздың сыңсуы жарасымды әрі тәрбиелік мәні бар салтанатты салт. Бұл адамгершілік, әдептілік жағынан алғанда да өте орынды дәстүр. Өйткені балалық  күндерден ағайын ортасынан бөлініп  кету оңай іс емес. Ал қазақтың қазіргі  қыздары бұл дәстүрдің алтын  арқауын үзді десе де болады. Өйткені  ауыл, үй аралап сыңсу, жылау түгілі, оң жақтан аттанарда күліп, қуанып жүргендерін  де көз көрді. Бұл ұлттық тәрбие мен  ұлттық мәдениеттің ұмытылғандығынан деп танимыз. 

Үй  көрсету 

Үй көрсету (дәстүр). Жаңа түскен келінді туыс туған, көрші көлем, ілік жекжаттар «үй  көрсетуге» (шығыс жақ «отқа шақыру» дейді» яғни есік ашарға шақырады. Мұның мағынасы келін отбасымен танысып, үйге келіп жүрсін деген сөз. Бұл үйге келін құр қол бармайды, кәде жорасымен барады. Мұны « ілу» дейді. Бұл мәселені шақырған үйдің дәрежесіне (үлкен, кіші деген мағынада) келіннің енесі шешуі керек. Мұнымен бірге келінді шақырған үйлер келіннің мінез құлқын, жүріс тұрысын яғни әдеп, тәртібін байқап сынап отыратыны да бар. Мұны болашақ келіндер ескере жүруі керек. Өйткені аталған дәстүр әлі жалғасып келе жатыр. 

Қоштасу 

Қоштасу (салт). Ұзатылатын қыз өз үйінен аттанар  алдында өзінің ата анасымен, аға  інісімен, сіңлісі, жақын жуықтарымен  қоштасу жырын айтады.

әуеден ұшқан  бұлдырық,

Құбыладан соққан ызғырық.

Жатқа кетіп  барамын

Жаратқан  соң қыз қылып,

Атасы жақсы  құл болмас,

Анасы жақсы  күң болмас.

Оң жақтан кетіп барамын.

Қыз еркелеп  ұл болмас,

деп өзінің жат  жұрттық болып жаратылғанын жырға  қосады. Ең соңында:

Жанымдағы қыным  ау,

Сіңлілер  мен інім ау.

Жыл айналып  келгенше,

Қош аман бол  күнім ау,

деп бауырларымен қоштасады. Мұнда «жыл айналып келгенше»  деген сөздің мағынасы бар. Өйткені  дәстүр бойынша ұзатылған қыз  жыл толмай өз үйіне бара алмайды.

Қоштасу қазақ  халқының бауырмалдық, әншілік, айтқыштық  қабілетін көрсететін тұрмыс салт жырларының ішінде көркем де көрнекті дәстүр. Қоштасу  жыры соңынан қыздың жеңгелері мен  серіктері:

Жылама, бикем, жылама,

Көзіңнің  жасын бұлама.

Ұл болып  тусаң әуелден,

Сені мұндай қыла ма?

Деп оған жұбату айтып, келешегіне жақсы тілек білдіреді.

Салт жырларының тәрбиелік маңызы зор. Мұнда ұлттық дәстүр, халықтық қағида, ағайын туыстық  қимас сезім, алдағы арман бәрі бәрі де бар. Қоштасу, жұбату жыры сонысымен құнды.  

Қыз ұзату 

«Қыз ұзату» (салт, той). «Ұлын ұяға, қызын қияға  қондыру» ата ананың тілегі әрі парызы. Соның ішінде қыз ұзату үлкен  той, думан әрі қызық. Бұл күні ата ана қуанады, әрі жылайды. Қуанатыны қыз өсірді және оны  құтты жеріне қондыруы, жылайтыны  әрине қимастық көңілі.

Қызды алуға  құда (тақ санмен) бес не жеті кейде  одан да көп адам келеді. Мұның ішінде бас құда, құдалар және күйеу жолдас болады. Солтүстік және Орталық Қазақстанда  тек ер адамдар барады. Құдалар  әдетте кешкілік баруы керек. Мұнда  ойын сауық, құдалық рәсімдер мен  кәде жоралар жасалады. Жақын адамдар  құданы үйіне шақырады.

Ұзатылатын  қызды дәстүр бойынша таң ата, күн шыға жөнелтеді. Оның алдында  қыз «Қоштасу жырын», жастар «Жар жар», «Ау жар», «Аушадияр» айтылады 

Сәукеле кигізу 

Сәукеле кигізу (салт). «Қара мақпал сәукеле, шашың  басар жар жар ау» (жар жар). Өмірде қазақ салт дәстүрлерінің  түрлері көп. Соның ішінде қалыңдыққа сәукеле кигізудің орны бір бөлек. Себебі сәукеле әйел киімдерінің  ішіндегі ең асылы ғана емес, оның жұбайлық өміріндегі елеулі кезінің естен  кетпес ыстық сәті. Ол бұлғақтап  өскен оң жақтағы және ақ босаға аттар арасындағы қимас та қызықты  кездің ескерткіші. Бұл аз болса  келіншекке сәукеле кигізудің өзі  бір ерекше салтанат. Бұған құда құдағилар шақырылады. Шашу шашылады. Ақ бата арналады. Сәукеле байғазысының бағасы да олқы болмайды. Сәукелелі  келіншек ажарлы да базарлы көрінеді. Оны жұрттың бәрі көруге ынтық. Оның көрімдігі де соған лайық болу керек. Жас отау, сәукелелі келіншек, ойын сауық, көңілді күлкі жаңа өмірдің  бақыт есігін ашқандай әсер етеді.

Сәукеле туралы бірер сөз. Сәукеле келіншек киімі. Ол бас киім ғана емес қазақ сән  салтанатының, салт дәстүрінің мәдениеі мен шеберліктің озық үлгісі, өнер туындысы. «Алтынмен апталып, күміспен күптеліп» дегендей, ол інжу маржан, гауһар, лағыл, жақұт сияқты асыл тастар тізбегімен әрленіп, әшекейленеді. Негізі мақпал, барқыт сияқты қымбат маталардан тігіліп, бұлғын, құндыз терілерімен  жиектеліп, оқамен оюланып, түрлі түсті  моншақтармен шашақталып, көркем жіптермен  кестеленіп, алдыңғы жағы көзді тастармен  қапталып, түрлі тағым, алтын, күміс  теңгелермен безендіріледі, төбесіне үкі тағылады. Көрсе көздің жауын  алатын осы бұйым тек келіншек сәні ғана емес, той салтанаты мен  құдалар беделін де көтере түсетін  ерекше көрініс! ХІХ ғасырдың алғашқы  жартысында өмір сүрген Кіші жүздің Байсақал атты байының қызының сәукелесін Кенесары ханның ағасы Саржан төре бес жүз байталға бағалаған. 

Отау  көтеру 

Отау көтеру (салт). «Көтерілген отауың құтты  болып, ұзақ жасап ішінде сүйсін жарың» (Қыз Жібек). Ұлтымыздың мәдениетінде «отау көтердің» деген сөз  бар. Ол «үйлендің, жұпты болдың»  деген мағынаны білдіреді. Демек, үйленумен  бірге отау көтеруге тиіс. Әдетте ұлы  үйленетін, қызы тұрмысқа шығатын ата  ана алдымен отау дайындайды. Қыз  жасауына отау қосыла берілетін. Отау жас отбасының бақыт шаңырағы болып саналатындықтан оны барынша  әсемдеп, әдемілеп, толық жабдықтап  әзірлеу аз шаруа емес. Оған көрші  көлем, жақын туыс, нағашы жиендер  тегіс араласады. Кесе аяқтан бастап үй киізіне дейін әкеледі. Сөйтіп бүкіл ауыл болып отау көтеру әрі  қызық, әрі міндетті іс. Отау алғаш  тігілгенде оны құрметті әрі елге сыйлы аналар бастайды. Шаңырақты  да бақанға ақ мата байлап, ел ағалары  көтереді. Отқа май құйылады, «босаға  майлау» жасалады. Алғашқы дастархан  жайылып, оған мол тағам жасалады. Кіргендер шашу шашып, «құтты болсын», «іші жанға,сырты малға толсын»  деген тілекпен қуанышын білдіреді. Жақын туыстар отауға көірмдік әкеліп, мал атайды, бағалы мүліктер сыйлайды.

Жас отау әке  үйінің оң жағына тігіледі. Бұл үйге жасы үлкендер шақырусыз кірмейді. Ал жастар мен балалар қызықтап, осы отауды төңіректейді. Ауылдастар мен жанашырлар жас отау түтінінің  түзу шығуын, жаңа үйленгендердің тұрмыс тіршілігін сырттай бақылап, келінге  баға беріп отырады. Жас келін  ерте тұрып өз үйінің ғана емес, жанындағы  іргелес үйлердің де түндігін ашуы оның әдептілігі мен мәдениеттілігін  білдіреді. 

Атбайлар 

Атбайлар (салт). Мұның да екі түрі бар.

Жас отаудың  шаңырағы көтерілген соң ағайын туытсра  оған шашу шашып, «керегесі кең болсын», «босағасы берік болсын» деген  тілек айтады. Байғазы береді. Ет жақыны босағаға жылқы байлайды. Мұның  аты «атбайлар».

«Атбайлардың» екінші түрі кәде. Құда құдағилар келгенде немесе күйеу қалыңдығын алуға келгенде олардың жеңгелері алдынан шығып  түсіріп алып, атын байлайды. Бұл  «атбайлар» деп аталатын той салты. Оған арнайы кәде беріледі. Ол кәдеден  тағы бір әйел тәбәрік сұрайды.  

Сүт ақы 

Қыз ұзату  тойы мерзімін қалыңдық ауылы құдаларымен  келісе отырып белгілейді. Бұл тойға  күйеу бас құда бастаған құдалар  тобымен және өнерлі күйеу жолдастарымен  келеді. Мұнда құдалық кәделері өте  көп. Соның ішіндегі жолы бөлек, қымбат кәделердің үлкені «сүт ақы» деп аталады.

Бұл қыздың анасына  тартылатын сыйлық. Бұған анасы бата береді.  

Жолдық (дәстүр). «Қайным, жолдығымды ұмытпа, толымды  болсын, деді жеңгесі Қаным күле сөйлеп» (ел аузынан). Алғашқы неке түні жігіт пен жас келінді жеке бөлмеге кіргізіп өздеріне төсек  салып алаңсыз, жайлы жатуына  жағдай жасайтын әйел әдетте жігіттің жеңгесі болады. Ол жастарға бақыт  тілеумен бірге, әзіл қалжыңын араластыра жүріп, алғашқы төсек ләззатының жөн жосығын, әдет ғұрпын түсіндіреді. Ертеңіне келіннің пәктігіне де осы  жеңге куәлік береді. Мұндай сәт  әдепті, үлгілі, үлкен кіші бірдей сыйлайтын, бала шағалы келіндерге ғана тапсырылады. Бұл күн жұптық, некелік өмірдің  ұмытылмас сәттерінің бірі. Сондықтан  бұл түнді көңілді әрі жайлы  өткізудің орны мүлде бөлек. Бұл  күтіп, қайнысының жылы төсектен тұрған сәтін күтіп тұрып, « ерініңді жібіттім, қойыныңды жылыттым, енді жолдығымды бер» деп назданады. Жөн  білетін қайнысы жеңгесі риза болатындай «жолдығын» беріп, ерлі зайыптының алғашқы таңын күліп қарсы  алады.

«Жолдықтың» жолы бөлек. Сондықтан оған аталатын кәде де толымды әрі бағалы болады. 

Қыз көші 

Қыз көші (салт). Құда аттандырар кәдесі жасалғаннан  кейін ұзатылған қыз шешесі, жеңгесі, жас іні, сіңлілермен бірге көлікке  отырып жолға шығады. Қыз артта  қалғандарға қарамауы керек. Құдалар  алға түседі. Одан кейін шаңырақ  түйе (қыз көші) жүреді. Тойшы жігіттер көш соңынан әсем киініп ән-күймен ереді. Былайша айтқанда көште ерекше салтанатты жарасымдылық болады. Қыз  ауылынан бір көш жер шыққанша мұны «қыз көші» деп атайды. Одан әрі асқаннан кейін «келіншек  көші» дейді. Келіншек көшінің келе жатқанын білетін жолдағы ауыл қыз-келіншектері, жастары «келіншек көшін» тоқтатып «түйемұрындық» алып, батасын беріп, «жол болсын» айтып шығарып салады.  

Жарысқазан  

Жарысқазан (ырым). Әйелдер босанар сәтте  басқа әйелдер қазанға жеңіл  желпі тамақ істеп оны босанатын  әйелден бұрын пісірмек болып  «жарысады». Халық ұғымы бойынша  туатын бала «жарысқазанға» қатысып, одан бұрын өмірге келуге тырысады деп  түсінген. 

Жар жар 

Жар жар (ғұрып). Ұзатылған қыз тойында қыз  жігіттер тобы кететін қыздың көңілін  аулап, баратын жағында да осындай  жақсы жайлар болатынын өлеңмен  айтысады. Сонымен бірге олар қыздың бақытты, елге сыйлы болуына тілектестік  білдіреді. Мұның бәрі өлеңмен айтылатындқтан «Жар жар» қызықты болып естіледі. Мысалы: «Жар жарды» жігіт былай бастайды:

Алып келген базардан,

Қара насыр, жар жар ау

Қара мақпал сәукеле,

Шашың басар, жар жар ау!

Мұнда әкем қалды  деп,

Қам жемеңіз, жар жар ау

Жақсы болса  қайны атаң,

Орнын басар, жар жар ау!

Қыз былай  деп жауап қайтарады:

Есік алды қара су,

Майдан болсын, жар жар ау.

Ақ жүзімді  көргендей,

Айнам болсын жар жар ау.

Қайын атасы  бар дейді ау,

Осы қазақ, жар  жар ау

Айналайын әкемдей,

Қайдан болсын, жар жар ау! 

Келін түсіру 

Келін түсіру (салт). Біздің халқымыз үшін де дүниедегі  қызық пен қуаныштың ең бастысы  осы келін түсіру. Бұған бүкіл  ауыл болып атсалысады, бірге қуанады, бірге тойлайды, намысы бір қазақта  «тойдың болғанынан боладысы қызық» деген бар. Ал келін түсірудің  өзі де, «боладысы» да қызық.

Қазақ салты  бойынша келінді ауылға көлікпен әкелмейді. Бір қырдың астына жеңгесімен бірге түсіріп кетеді. Ауылдың  қыз келіншектері жас келіннің алдынан  шығып, ешкімге көрсетпей шымылдық ішіне кіргізіп әкеледі. Ақ босағаны оң аяқпен аттайды. Шашу шашылады. Құтты  болсын айтылады. Келінді шешесі, жеңгесі, сіңлілері ертіп әкеледі. Қуаныш, ырду, дырду, ойын сауық басталады. Шымылдық жиналған сәтте салтанатпен «Беташар»  басталады

Информация о работе Қазақ халқының салт дәстүрі