1924-1926 жылдарғы ұлттық мемлекеттік үшін күрес

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 11:30, дипломная работа

Описание

Қазақстанның саяси өміріндегі аса елеулі кезеңде ұлт тұтастығына қол жеткізу, сөйтіп ұлттық мемлекеттікті бекем негізге орнату және қалыптастыру жолында жүргізілген күресті идеологиялық бүркемелерден ажыратып, объективті түрде зерттеу; БК(б)П құрып қойған қатаң да қасаң шектеулер ішінде әрекет еткен республика басқарушы элитасының осы уақытқа дейін "ақтаңдақ" боп жабық жатқан қызметін көрсету; күрестің даму барысын, жетістігі мен кемшілігін, құлдырау себептерін талдау; сөйтіп, тарихи шындықты қалпына келтіру арқылы бүгінгі ұлттық мемлекеттігіміз сабақтасатын тамырларды және аталған кезеңнің қазіргі тәуелсіздік дәуіріне қызмет ететін тағлымды тұстарын айқындау

Содержание

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАР...........................................................................5
КІРІСПЕ....................................................................................................................15
I ТАРАУ. ОРТА АЗИЯ РЕСПУБЛИКАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ МЕЖЕЛЕУДІҢ БАРЫСЫ.............................................24
ІІ ТАРАУ. СЫРДАРИЯ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ХАЛҚЫ МЕН АУМАҒЫ .......................................................................................................27
ІІІ ТАРАУ. СЫРДАРИЯ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА ҚОСЫЛУЫНЫҢ ТАРИХИ ЖАҒДАЙЫ............................51
IV ТАРАУ. 1924 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚ РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ КОМИТЕТТІҢ СЫРДАРИЯ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚОСУ ӘРЕКЕТТЕРІ............................................................................................................60
V ТАРАУ. КЕҢЕС ДӘУІРІ КЕЗІНДЕ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕЖЕЛЕУДЕН КЕЙІНГІ ҚАЗАҚСТАН ШЕКАРАСЫНДАҒЫ КЕЙБІР ӨЗГЕРІСТЕР............................................................................................................67
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................69
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................72

Работа состоит из  1 файл

1924-1926 жылдарғы ұлттық мемлекеттік үшін күрес. ДИПЛОМ.DOC

— 527.00 Кб (Скачать документ)

Бұл еңбектер, қасаң идеологиялық және саяси құрсау шегінде ор-ындалғанымен, қазақтың кеңестік мемлекеттігінің негізі қалай қаланғаны, компартияның қамқоршылық рөлі, қазақ мемлекеттігін құрудың қандай кезеңдерде жүзеге асырылғаны, батыстағы, солтүстіктегі және шығыстағы шекаралардың белгіленуі, жапсарлас губерниялармен екі арадағы мәселелердің қайтіп шешілгені, шаруашылық саясаты, мәдени құрылыс мәселелері, орталықтағы және көрші облыстардағы өкілдіктер мен олардың жұмысы, орталықтың өлкедегі кадр саясаты, жергілікті кеңестердің нығаюы мен Алашорданың құлауынан құнды мәліметтер береді.

         Қазақстандағы кеңестік мемлекеттіктің табиғатын түсінуге Кеңес Одағындағы ұлттық мемлекеттікті зерттеген ресейлік К.Д.Коркмасова, белоруссиялық А.И.Коваленко, мәскеуліктер Д.Л.Златопольский мен О.И.Чистаков, грузиялық В.Н.Мерквилидзе, тәжікстандық С.А.Раджабов, басқа да ғалымдардың жұмыстары бар. Қайта құру саясаты жарияланған шақта С.З.Зиманов пен И.К.Рейтор "Кеңестік ұлттық - мемлекеттік құрылыстың теориялық мәселелері" деген еңбегін жариялады. Бұл жұмыста Ұлттық мемлекеттіктің кеңес халқының мемлекеттік бірлігін нығайту рухында, өмірдің бар саласын интернационалдандыру жолымен құрылғандығы сараланады. Ал идеологиялық құрсаудан босанған шақта С.З.Зиманов Кеңестік Ұлттық мемлекеттіктің табиғатын мейлінше ашып талдады. Ол өзінің "КСРО-дағы ав-тономияландырудың теориясы мен практикасы" деген еңбегінде одақтың империялық ұмтылыстары, ұлттардың өз тағдырын өзі айқындауы мәселесінде жол берілген аса терең бұрмалаулар КСРО тағдырында апатты рөл атқарғанын дәлелді түрде айтты. Лениннің "қамшы мен тәтті нан" саясатын қатаң үйлестіріп жүргізу жағындағы саясаткер болғанын дәлелдеді. Коммунистік партияның ұлттық мемлекетке көзқарасы мен өз нұсқасын өмірге енгізу тәжірибесі қалай жүзеге асырыла бастағаны татар коммунисі Мирсат Сұлтанғалиевтің қайғылы тағдырынан айқын танылатынын зерттеуші Б.Сұлтанбеков ашып көрсетті. Кеңес Одағындағы ұлттық-мемлекеттік құрылыстың  асаң шектеулермен жүргізілгенін, түрлі бұрмалау, жазалаулармен астасып отырғанын, кеңес өкіметінің пайда болуын, тарихы мен ыдырауын Р.Конквест, М.Олкотт, А.Каппелер секілді шетелдік ғалымдар да зерттеді [8].

Қазақ саяси басшылығының ұлттық мемлекелтік түрін орнықтыру жолындағы ізденістері мен қызметі өзінің маңыздылығына байланысты арнайы қарастыруға лайық болса да, өкінішке қарай, осы уақытқа дейін ғылыми тұрғыдан талдауға алынған жоқ. Жоғарыда аталған ғалымдардың іргелі де сүбелі жұмыстарында зерттеу кезеңіне қатысты аса маңызды деректер ғылыми түрде жүйеленгенмен, олар биліктегі партияның тоталитарлық қыспағында, партиялық-таптық мүддені күштеп жазылғандықтан да, толық мәніндегі тарихи объективтілік принципіне жауап бермейтін.

Ұлттық Ғылым академиясының академигі М.Қ.Козыбаевтың, ҰҒА корреспоңдент-мүшелері К.Н.Нүрпейісовтің, М.Х.Асылбековтың, ғылым докторлары, профессорлар М.Қ.Қойгелдиевтің, Т.О.Омарбековтың, ғылым кандидаты Қ.С.Алдажұмановтың басқа да ғалымдар мен зерттеушілердің жаңаша көзқараспен жазылған еңбектері тарих ғылымына жаңғырған беттер мен жолдар ұсынды [9], олар Қазақстанның өткен белестерін, әсіресе, тақырыбымызға тікелей қатысы бар XX ғ. 20-30-жж. оқиғаларды жаңғыртып, бұрынғы бұрмалаулардан аршыды. Жалпы, қайта құру мен тәуелсіздік жылдары жұмыс тақырыбын ашуға жәрдемдесетін зерттеулер көбейді. Бұл қатарда, республика партия ұйымдарында 20-жж. жүргізілген идеялық-саяси жұмысты әлі де тоталитарлық пайымдау шырмауында, бұрмалаудан арылмаған ахуалда талдағанмен, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жанындағы партия тарихы институты қызметкерлерінің (В.К.Григорьев, Н.Р.Джагфаров, В.П.Осипов) еңбегі де бар [10].

90-жж. басында М.Қ.Қойгелдиев пен Т.О.Омарбеков қазақ интел-лигенциясының қатал тағдыры мен голощекиндік геноцидті арқау еткен ғылыми еңбегін жарыққа шығарды [11]. Бұл еңбек қазақ саяси элитасының ел тағдырымен тығыз байланысты ізденістері мен қызметі, жеңісі мен ұтылысы, большевизм туғызған қасірет жайынан құнды мағлұматтар береді. Кейінгі жылдары осы сипаттағы басқа да зерттеулер дүниеге келді. Олардың ішінде Орта Азиядағы ұлттық-аумақтық межелеудің Қазақстан тарихына қатысты, біздің тақырыбымызға жақын әрі елеулі тұстары өзбек зертеушісі Р.Я.Раджапов мен тәжік қаламгері Н.Табаров еңбектерінде көрініс тапты. Дегенмен жариялылық жылдарынан бері, соның ішінде тәуелсіздік дәуірінде өмірге келген еңбектерде де біз нысанаға алған проблема арнайы зерттелмеді. Сондықтан да олар мәселенің тақырыпта белгіленген мерзімдік ауқымдағы қойылысы мен практикасына жанжақты ғылыми талдау жүргізуге, сөйтіп, диссертация тақырыбын мейлінше объективті тексеріс жасау арқылы ашып-түзуге жетімсіздік ететін. Бұл жәйт аталған тақырыппен арнайы зерттеу жүргізудік кажеттігі мен маңыздылығын арттыра түседі.

          Диссертацияның деректік негізі. Жұмыстың зерттемелік негізін құрайтын дерек көздері былай жүйеленді: 1. мұрағаттарда сақтаулы іс жүргізу құжаттары; 2. өз уақытында ресми басып шығарылған хаттамалар мен қарарлар; 3. құжаттар жинақтары; 4. мерзімді баспасөз; 5. мемлекет басшыларының, большевик-зерттеушілер мен ұлт қайраткерлерінің еңбектері; 6. эмиграциялық әдебиет.

Дерек көздерінің екінші тобын жеке басылымдар түрінде жарық көрген Қазақстан Кеңестері 5-Құрылтайының хаттамасы, Қазобком сессияларының материалдары, БК(б)П Қазақ Өлкекомының өлкелік ұйымының 5-конференциясына берген есебі, Қазөлкекомның З-Пленунумындағы ішкіпартиялык мәселелер, БК(б)П Қазақ Өлкелік Бақылау комиссиясының есебі, сондай-ақ Түркістандағы РК(б)П мұсылман бюросы конференцияларының хаттамалары, ұлт қызметкерлерімен  өткізілген  маслихаттардың есептері құрайды [12].

Үшінші топтағы маңызды деректер бұлағының бірі - "БК(б)П-ның қазақстандық ұйымы оның конференциялары мен пленумдарының шешімдерінде, Қазақстан туралы аса маңызды жалпыпартиялық құжаттар қоса тіркелген" деп аталатын, 1920-1925 жылдарды қамтып, 1931 ж. шығарылған құжаттар жинағы. Мұнда кейінгі осындай жинақтардың ешқайсысына енгізілмеген, зерттеуіміздің тақырыбына тікелей байланысы бар, Орта Азиядағы ұлттық межелеуге орай Қазобком пленумы қабылдаған қарардың толық мәтіні бар. Ол ғылыми айналымға тұңғыш мәрте енгізіліп отыр. Сондай-ақ ҚКП ОК жанындағы партия тарихы институты әр жылдарда әзірлеген Қазақстан Компартиясы съездері мен конференциялары шешімдері мен түрлі тақырыптық құжаттардың басын қосқан жинақтар да осы топта [13].

          Төртінші топқа жіктелген мерзімді баспасөзден - ұлттық-мемлекеттік межеленуге байланысты маңызды дерек көзі ретінде Түркістан Компартиясы Орталық Комитетінің органы "Туркестанская правда" газеті, қазақстандық  тыныс-тіршілікті әр қырынан сипаттайтын мәліметтер бұлағы ретінде пайдаланылды.

Бұрынғы Сырдария облысының көптеген материалдары кезінде қазіргі Оңтүстік Қазақстан облыстық мұрағатына берілген екен. Бұл құжаттар да зерттеу жұмысымызда пайдаланылды. Мұрағат құжаттарынан басқа мерзімдік басылымдарға сүйендік.

Әсіресе 1920-1924 жылдарғы "Туркестанская правда" газетінің материалдары көп пайдаланылды. Бұл газет Түркістан Компартиясы Орталық Комитеті, ВСЦПС, Туркбюросы, Түркістан Орталық Атқару Комитетінің және Сырдария облыстық партия комитетінің органы болып есептелген. Газет материалдары зерттеуге байланысты мәселелерді жалпы тұрғыда ашып беруге негіз бола алады. Себебі газет тақырыпқа байланысты мәселелерді күнделікті жазып отырған. Газет бетінде Түркістан Республикасының басшылары, басқа да тұлғалар Орта Азия мен Қазақстанды ұлттық-мемлекеттік межелеуге байланысты мәселелер жөнінде үнемі материалдар жариялап тұрған.

Зерттеу үшін Қазақ обкомының және ҚазОАК-тың органы болып табылған "Советская степь" газетінің де материалдарының маңызы үлкен болды. Бірақ сол кездегі Қазақстанның астанасы Орынборда шығып тұрған бұл газет қаланың Түркістаннан тым шалғай жатуына байланысты мәселені жүйелі түрде ашпаған десе болады. Осы тұрғыдан "Советская степь" газетінің біздің зерттеуге қатысты материалдары "Туркестанская правда" газетіне қарағанда тым сирек.

Сонымен қатар еңбекте басқа да баспасөз органдарының материалдары пайдаланылды. Олардың аттары еңбектегі сілтемелерде көрсетілген. Еңбекті жазу барысында мынандай жинақтар:  "Сборник законов СССР", "Собрание узаконений и распоряжений Правительства РСФСР" , Түркістан Республикасының және Қазақ АКСР-нің заңдарының жинақтары пайдаланылды.

Зерттеу жұмысына тартылған дерек көздерінің бесінші ретпен жүйеленген келесі бір маңызды тобы большевиктер практикасында теориялық қағидалары басшылыққа алынған К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, И.В.Сталин еңбектерінен және революциялык өзгерістердің нақты көріністерін қарастырған Г.Сафаров, Т.Рұсқұлов, М.Тынышпаев, С.Қожанов, С.Садуақасов, С.Аспандияров, басқа да қайраткерлер мен зерттеушілердің жұмыстарынан тұрады [14]. Олар зерттеліп отырған кезеңнің тынысы мен рухын заманның өз кейіпкерлері көмегімен тануға мүмкіндік берді.

          Дерек көздерінің алтыншы топқа бөлінген тағы бір елеулі қатары -маңыздылығы жағынан орны ерекше, ғылыми айналымға тартудың мүмкіндігі тәуелсіздік жылдары ғана туған эмиграциялық әдебиет. Бұл орайда біз бірінші кезекте большевизм саясаты мен практикасын қабылдай алмай, шетелге асып кеткен, сонда орыс эмиграциясының мерзімдік басылымдарына қатысу, өз ұлттық басылымдарын шығару арқылы кеңес өкіметінің бітіспес оппоненттері болған Қоқан (Түркістан) және Башқұрт автономиялары үкіметтерінің бұрынғы басшылары Мұстафа Шоқай меи Зәки Валиди жұмыстарын атаймыз.

Зерттеуге олардың мұраларымен қатар басқа да, естеліктер пайдаланды [15]. Кеңестік идеология ауқымында жазылған еңбектерді сыни көзқараспен қайта қарауға, сөйтіп, тарихи-салыстырмалылық тәсілмен тиісті пайымдар қорытып түзуге - шартты түрде осылай топтастырылған дерек көздері кеңінен қатыстырылды.

Зерттеудің хронологиялық шеңбері. Жұмыста қарастырылмақ уақыттық ауқым 1924-1926 жылдармен шектелген. Зерттелуге алынып отырған осынау мерзім шегі Қазақстан өміріндегі ірі тарихи бетбұрысымен ерекшеленген кезеңді қамтиды. 1924 жылы Орта Азияда жүргізілген ұлттық-территориялық межелеу кезеңінде қазақ халқы мен оның басқарушы элитасының ұлттық мемлекеттік үшін күресі жаңа сипат алды, жаңа мазмұнға ие болды. Межелеуге қатысқан тұлғалар керегесі кеңейген Қазақстанның белсенді қайраткерлері болды. Сондай-ақ бұл жылдар, әсіресе 1925 ж. сәуірдегі Қазақстан Кеңестерінің бесінші съезі, кеңестік билік ауқымында мүмкін болған ұлттық мемлекеттік үшін күрестің ең биігіне шыққан салтанатты шағына айналды. Сонымен қатар,   көп ұзамай-ақ, РК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің 1926 ж. қарашада өткен 3-пленумы республиканың басқарушы элитасындағы ұлттық-мемлекеттік мүдде үшін батыл күрес жүргізетін көрнекті қайраткерлерге ойсырата соққы берді. Бұл - ұлт мәселесін пайымдау кілті орталықтың тоталитарлық билігі қолына біржолата көшкенін, Қазақстанның саяси басшылығындағы қазақ элитасының ұлттық мемлекеттік үшін күресінің жеңілгенін көрсететін саяси оқиға болатын. Кеңестік жүйе ауқымындағы қазақтың ұлттық мемлекеттігі үшін күрес табиғатын зерттеудің жоғарыда көрсетілген хронологиялық  шегі осындай пайымдармен белгіленді.

Зерттеудің методологиялық негізі. Зерттеу жұмысы жан-жақты тексерілген, обьективті ғылыми жүйелілік негізінде орындалды. Тарих материалдарын бағалауда қоғамның даму шындығының тарихи және логикалық қисындарын әділ сараптау жолымен қорыттық. Тарих сахнасынан ығысқан билеуші партияның "маркстік-лениндік методология" атты ғылыми таным құралымен қарастырылып бағаланған оқиғаларды талдауымызға пайдаланғанда, оны анықталған дәл тарихи фактілер негізінде қайта саралап, тарихи деректерді салыстырып қарау әдісін қолдандық.Ұлттық мемлекеттік идеясына байланысты XX ғ. алғашқы ширегінде  ұлт зиялылары (Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсын, М.Шоқай және т.б.) еңбектерінде айтылған теориялық тұжырымдар зерттеуде басты методологиялық принцип ретінде негізге алынды.

Осыған байланысты мына жәйтті еске сала кету ләзім. 20-жж. қайраткерлерінің тарихтағы рөлі мен орыны әлі күнге дейін жеткілікті дәрежеде, тарихи контексте, объективтілікпен зерттеліп-анықталмаған қызметтерінің тиісті бағасы беріле қоймаған Олардың кейбірінің  өз істердегі қызметіне орай қалыптасқан қилы пікірлер бар. Бұларды талдап  ақ-қарасын ажырату біздің жұмысымыздың міндетіне жатпайды. Сондықтан біз оларды зерттеу тақырыбымыздың талабы тұрғысынан, белгіленген уақыт кесіндісінде ғана қарастырамыз.

Қазақстан Ресей империясының отарына айналғаннан бастап, жер-су мәселесі ұлттың тұтастығын, халықтың елдігін сақтаудың ең өзекті проблемаларының біріне айналған еді. Бұл жайында XX ғ. алғашқы онжылдықтарында қилы әрекеттер жасалды. Депутат Бақытжан Қаратаев   2-мемлекеттік дума мінбесінен қазақтардың жер-су мүддесін қорғаған атақты сөзін сөйледі. Ресей конституцияшыл - демократтар партиясы орталық комитетінің мүшесі Әлихан Бөкейхановтың кадеттер қатарынан кетіп, Алаш партиясын құруға кірісуінің басты себептерінің бірі осы жер иелігін шешу мақсатынан [16]. Әкелерден мұраға қалған атамекен аумағын сақтау - қазақ халқының ұлттық экономикасын дамытып, ұлттық тұрғыда дамуының негізгі шарты еді. Сондықтан да 1917 ж. жалпықазақ Желтоқсан құрылтайы федеративті негізде ұйысуға тиіс Ресей Республикасының құрамында қазақтардың саяси және экономикалық дербестігі бар автономиясын құру қажет деп қорытқанды.

Орыс демократиясының және большевизмнің табиғатын терең тани келе, Түркістандағы (Орталық Азия аумағы) түркі халықтарының ұлттық тұтастығы үшін күресі барысында, Мұстафа Шоқай осы тұжырымды ілгері дамытты. Ол шынайы ұлттық мемлекеттікті тек тәуелсіздік жағдайында ғана құруға болады деп есептеп, эмиграцияда өткен бүкіл публицистік-қайраткерлік ғұмырын сол ойды насихаттауға арнады. Оның бұл реттегі көзқарастары "Ресейдегі ұлттық мемлекет мәселесіне орай" деген мақаласында неғұрлым айқын қорытылған. М.Шоқайдың тұжырымдауынша, КСРО «орыс» емес халықтардың мемлекеттігі мен тәуелсіздігіне жау жалғыз ғана ел... Осы елдің құрамындағы Қазақстанда ұлттық тәуелсіздік мәселесі түгел, саяси және ұлттық бостандықтың ең қарапайым нышандары туралы сөз болуы мүмкін емес. Өйткені қашан да орыс солдатының соңынан орыс мұжығы ілесіп отырады. Басып алынған жерде орыс билігі орнаған соң-ақ, пүшәйман  халықтың жері тартып алына басталады. Британия халықтар одағы құрылымындағы басты  фактордың бірі - еркін сауда байланысы болса, орыс халқының әдеті - басқалардың жерін басып алумен қоймай, оны орыстың жеріне айналдырып жіберуді көздейді. Сол себепті де осындай жолмен  біріктірілген мемлекет ішінде ұлттардың ерікті түрдегі тең құқықты одағын құруға ешқандай орын қалмайды". [18] Осындай пайыммен М.Шоқай қазақ халқының ұлттық дамуын тек тәуелсіз ұлттық мемлекеттік қана қамтамасыз ете алатынын дәйектеді.

Информация о работе 1924-1926 жылдарғы ұлттық мемлекеттік үшін күрес