1924-1926 жылдарғы ұлттық мемлекеттік үшін күрес

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 11:30, дипломная работа

Описание

Қазақстанның саяси өміріндегі аса елеулі кезеңде ұлт тұтастығына қол жеткізу, сөйтіп ұлттық мемлекеттікті бекем негізге орнату және қалыптастыру жолында жүргізілген күресті идеологиялық бүркемелерден ажыратып, объективті түрде зерттеу; БК(б)П құрып қойған қатаң да қасаң шектеулер ішінде әрекет еткен республика басқарушы элитасының осы уақытқа дейін "ақтаңдақ" боп жабық жатқан қызметін көрсету; күрестің даму барысын, жетістігі мен кемшілігін, құлдырау себептерін талдау; сөйтіп, тарихи шындықты қалпына келтіру арқылы бүгінгі ұлттық мемлекеттігіміз сабақтасатын тамырларды және аталған кезеңнің қазіргі тәуелсіздік дәуіріне қызмет ететін тағлымды тұстарын айқындау

Содержание

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАР...........................................................................5
КІРІСПЕ....................................................................................................................15
I ТАРАУ. ОРТА АЗИЯ РЕСПУБЛИКАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ МЕЖЕЛЕУДІҢ БАРЫСЫ.............................................24
ІІ ТАРАУ. СЫРДАРИЯ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ХАЛҚЫ МЕН АУМАҒЫ .......................................................................................................27
ІІІ ТАРАУ. СЫРДАРИЯ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА ҚОСЫЛУЫНЫҢ ТАРИХИ ЖАҒДАЙЫ............................51
IV ТАРАУ. 1924 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚ РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ КОМИТЕТТІҢ СЫРДАРИЯ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚОСУ ӘРЕКЕТТЕРІ............................................................................................................60
V ТАРАУ. КЕҢЕС ДӘУІРІ КЕЗІНДЕ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕЖЕЛЕУДЕН КЕЙІНГІ ҚАЗАҚСТАН ШЕКАРАСЫНДАҒЫ КЕЙБІР ӨЗГЕРІСТЕР............................................................................................................67
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................69
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................72

Работа состоит из  1 файл

1924-1926 жылдарғы ұлттық мемлекеттік үшін күрес. ДИПЛОМ.DOC

— 527.00 Кб (Скачать документ)

Алайда большевизм тарих сахнасында  тұрғанда, М.Шоқай бағ-дарламасындағы  азаттыққа жету мүмкін емес еді. Осындай жағдайда, ұлттық өркениетке сай өркендеуін  қамтамасыз ететін  ұлттық мемлекеттік идеяны тек сол большивизмнің өз тұғырында дамытып өмірге енгізу міндеті алға тартылды. Ал оны жүзеге асыру - Тұрар Рұсқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Смағұл Садуақасов, Сейтқали Меңдешев, Темірбек Жүргенов секілді қазақ коммунистерінің үлесіне тиген-ді. Олар, маркстік-лениндік теорияны игерудегі даярлығы жеткілікті коммунистер ретінде, қарастырылған уақыттық  кеңістік шегінде, қолда бар қазақ мемлекеттігінің мазмұнын осынау мұратпен байытуды қалады. Бірақ, орталықтың қасаң да бірізді тоталитарлық бағытын жүзеге асырушылар ондай ізденістерге жол бермейтін. Осылай  ұлттық мемлекеттік үшін күрес туды. Уақытында ол әртүрлі ауытқушылықтар мен антипартиялық бұрмалауларға баланды да, кеңестік тарихнамада өзіне тиесілі көрініс таппады. Тарихи мәніне сай бағаланбады.

Осы жәйттерді қарастыруда - тәуелсіздік жарияланғалы бергі уақыт ішінде гуманитарлық ғылым саласындағы мәселені зерттеу теориясы мен методологиясында Қазақстанда қол жеткізілген жетістіктер ескерілді. Соның нәтижесінде, Ә.Бөкейхан, М.Шоқай тұжырымдауындағы ұлттық мемлекеттіктің ұғымының дәлелдік, салыстырмалық үлгі ретінде,  жаңа парадигма санатында алу жолымен, сондай-ақ, үстем идеология қысымымен бұрмаланған деректік құжаттарды жаңаша қарастыру, бұрын беймәлім болып келген деректерді ғылыми айналымға енгізу арқылы, зерттеліп отырған кезеңді мейлінше объектиівті бағамдауға талпыныс жасалды. [17]

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жұмыстың ғылыми  мәнділігі партия-кеңес дәуірінің тарихшылары соңғы кездерге дейін ашып айтпай, идеологиялық ой-долбар орайымен бұрмалап түсіндіріп келген, алайда кеңестік автономияның алғашқы жылдарындағы қоғамдық-саяси тыныс-тіршілікте маңызды орын алған құбылысқа жаңаша көзқараспен талдау жүргізуінде; қазақ саяси элитасы тарапынан еліміздің даму жолымен өзектесе жүргізілген ұлттық мемлекеттік кеңестік ауқымда іздеу және оны орнықтыруға тырысу желісін арнайы қарастыруында.

Қазақстандағы мемлекеттіктің мазмұнына байланысты, қазақ басқарушы тобының 1924-1926 жж. Орталықпен, сондай-ақ республикалық партия үкімет органдары аясында жүргізген күресі кезінде кеңестік тарихнама тұрғысынан "оңшылдық" немесе "ұлтшыл - ауытқушылық" көрінісі ретінде бағаланды. Ал шын мәнінде бұл қызмет кеңестік жүйе шеңберіндегі ұлттық мемлекеттік үшін күрестің нағыз өзі болатын. Талқыға ұсынылып отырған диссертациялық жұмыста мәселе осы тұрғыдан, яғни ұлттық мемлекеттік үшін күрес мағынасында.         

Ұлттық  мемлекеттік үшін күрес неге жеңіліске ұшырады? Кеңес үкіметі құрған автономиялық республиканы  ұлттық мемлекетке айналдыру идеясы неге жүзеге аспай қалды? Осылай алғаш рет тұжырымдалған  сауалға дисертациялық зерттеу өз тұрғысынан жауап береді; Коммунистік тоталитаризм дәуірінде зерттеуге жабық саналған, тәуелсіздік кезеңінде де қолға алынбай, соңғы уақытқа дейін ғылыми тұрғыда қайта қаралмаған саяси науқан - Орта Азияны 1924 ж. ұлттық-аумақтық жіктерге бөлшектеудің астарын, шындығын ашады;

Жұмыс Орталық  Азия мен оны мекендейтін халықтар тағдырын өзара сан дәнекермен жалғасқан тұтастықта қарастырады. Осы орайда қазақ мемлекеттігінің Орта Азияда бой түзеген басқа ұлттық құрылымдармен тығыз байланыста дамытылуы қажеттігін жан-жақты дәйектеген қайраткерлер көзқарастарын ғылыми айналымға тартады. Түркістан және Қазақ республикаларының аса көрнекті қайраткері С.Қожановтың Орта Азия Федерациясын құру және Орта Азия республикалары мен Қазақстанды бір экономикалық қауымдастыққа біріктіру идеясының бүгінгі тәуелсіздік дәуірінде де өзектілігін дәйектейді.

Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Диссертацияның негізгі тұжырымдарын мәселеге қатысты іргелі зерттеу еңбектерін жазғанда, мәселен, "Қазақстан тарихын" оқуға пайдалануда пайдалануға болады. Кеңесік дәуірдегі ұлттық мемлекеттік үшін күрестің басқа да толық ашылмаған, яки мүлдем қозғалмаған тұстарын зерттеуге оның нәтижелері мен қорытындылары қолданыла алады. Олар, сонымен бірге, коммунистік идеологияның ұзақ жылдарғы үстемдігі қанға сіңірген құлдық психология зардаптарын жоюға, жаңа тарихи сана өрісін кеңейтуге бағытталған оқу-тәрбие жұмыстарында пайдаға асырылуы ықтимал.

Зерттеу жұмысы сондай-ақ, тәуелсіз еліміздің тарихын және 20-жылдар қайраткерлерінің көзқарастары мен іс-әрекеттерін қазіргі таң тұрғысынан, жаңаша бағамдау қызметін көрсете алады. Өткенді шынайы тану арқылы бүгінгі тәуелсізідік келбетін айқын танып, тәуелсіздіктің болашақта нығаю шарттарын дұрыс түсінуге мүмкін болмақ. Осы орайда ол ұлттық идиологияны  қалыптастыру ізденістеріне де өз септігін тигізе алады.

          Ресей империясы шекарасындағы Орталық Азияда [Түркістанда] тұрған түркі халық ұлтарының ішіндегі саны ең көбі қазақтар еді. Революция қарсаңыңда олардың жартысы Дала өлкесінде, екінші жартысы Орта Азияда [Түркістан генерал-губернаторлығы, Бұхара, Хиуа хандықтары аумақтарында] өмір сүрді. Түркістанда орнаған кеңес үкіметі алғашқы қадамын көшпенділер мүддесін елемеуден, іс жүзіне оларды ұлттық апатқа ұшыратқан "аштық саясатын" жүргізуден бастады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                                                                                                

 

І Тарау. Орта Азия республикаларындағы ұлттық-

                       территориялық межелеудің барысы

 

              Қазақстанның оңтүстік мемлекеттік шекарасына келетін болсақ еліміз тәуелсіз болып, өз шекарасын көрші елдермен айқындайтын кезде, біраз болса да келеңсіз мәселелер туындаған болатын. Бұл көршілес, тағдырлас, бауырлас түркі тілдес елдердің территориялық мәселелерінің тарихи тереңде жатқаны баршаға мәлім.

              Мәселен, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы территориялар бірнеше ғасырлар бойы сол тұстағы тарихи жағдайға байланысты бір елден екінші елге алма кезек өтіп отырғаны белгілі.

              Екіншіден, Сыр өзені бойындағы қалалар мен Түркістан қаласының бірнеше ғасырлар бойы қазақ хандығының астанасы болуы екі елдің арасындағы қарым-қатынас мәселесіндегі маңызды істердің бірі болып табылады. Қазан төңкерісіне дейінгі тарихтың қай кезеңін алсақ та, Орталық Азия мен Қазақстан тарихы тұтастай бірігіп жатыр. Бұл ғасырдың аяғы мен XX ғасыр басындағы ұлттық бірлік, тәуелсіздік үшін болған қозғалыстар мен көтерілістер. 

              XIX ғасырда Қазақстанның оңтүстік территориясын үш өзбек хандықтары – Бұқар, Хиуа және Қоқан хандықтарымен шектесіп жатты. XIX ғасырдың бірінші жартысында  Қоқан және Хиуа хандықтары көрші қазақ, қырғыз және түрікмен халықтарына қарсы экспансиялық саясат жүргізіп отырды. XIX ғасырдың  20 жылдарына қарай Қоқан хандығы батысында Арал теңізі, шығысында Шу және Іле өзендері бассейндері аралығында орналасқан Ұлы және Кіші жүз иеліктеріндегі ұланғайыр территорияны басып алды. Сол кезде Қоқан хандығының қол астында 150 мың қазақ отбасы өтті деп көрсетеді С.Мадуанов [19. 37-38б.].

              Ресей патшалығы Орта Азиялық хандықтарды жаулап алғаннан кейін, орталығы Ташкент қаласында орналасқан Түркістан генерал-губернаторылығы құрылды. Түркістан генерал-губернаторылығының қарамағына қазақ жерлерінің Жетісу және Сырдария облыстары қарады. 1876 жылы патша өкіметі Ферғана даласындағы халық көтерілісін әскери күшпен басып, Қоқан хандығын толықтай жойды. Қоқан хандығының территориясын тұтастай Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына – Ферғана облысы деген атпен қосты.

              Патшалық Ресейдің 1867-1868 жылдары Қазақстанда жүргізілген әкімшілік реформаларының нәтежиесінде Сырдария облысы: Қазалы, Перовск, Шымкент және Жизақ уездерінен құралды. 1886 жылғы Түркістан өлкесін басқару жөніндегі ереже енгізілгеннен кейін, Ходжент уезі жаңа құрылған Самарқанд облысының құрамына кірді. Осы тұста Түркістан уезі қысқартылып, оның территориясы Шымкент және Перовск уездері арасында бөлінді. Ал құрамының өзі Ташкент болып өзгертілді.

              Жаңа реформа бойынша Жетісу облысына құрамындағы Сергиополь, Капал, Верный, Ыстық көл уездеріне қосымша Алатау округі мен Тоқмақ және Жаркент уездері қосылды. 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Түркістан генерал-губернаторлығының территориясының көп бөлігі 1918 мамыр айында Түркістан өлкесі Кеңестерінің V-съезінде құрылған Түркістан Автономиялы  Кеңестік Социялистік Республикасының құрамына өтті. Сондай-ақ, оның құрамына Қазақстан жеріндегі Жетісу және Сырдария облыстары да кірді.

              Бүкіл ресей Орталық Атқару Комитеті және Халық Комиссиялары Кеңесі Совнаркомның  1919 жылғы 10 шілдедегі №354 қаулысына сәйкес Қазақ  АКСР-і территориясының  шекарасын бекіткен болатын. Бұл құжат бойынша  Қазақ АКСР-і құрамына Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары мен Закаспий облысының Маңғышлақ және Краснавод уездері, Астырахань губерниясының Синемор және Бөкей ордалары, сонымен қатар қосымша біраз жерлер қосылды. Ал қарастырып отырған қазақ жерлерінің оңтүстік шекарасына келгенде, Декретке Түркістан құрамына кіретін қазақ жерлері халықтың қалауы бойынша шешілсін деген бап енгізілген болатын [20].

              Орталық Азияда ерте заманнан экономикасы, шаруашылығы мен мәдениеті дамыған қалалардың көп болғандығын біз осы аймақта өткізілген  архиологиялық зерттеулер мен бізге жеткен жазба деректерінен білеміз, ал табиғатының қолайлығы мен осы аймақтан дүниенің бір басымен екінші басын жалғап жатқан Жібек Жолының өтуі мұнда халықтың  көптеп шоғырлануына алып келеді. Аймақта халықтың тығыз және аралас орналасуы XX ғасырдың 20 жылдарының бас кезеңінде  ұлттық республикалар арасында әкімшілік шекараларды анықтау  барысында көптеген қиындықтар туғызғаны белгілі.

              1921 жылы Түркістан Республикасы БОАК-тің 1921 жылғы 11сәуірдегі  Декретіне сәйкес РКФСР құрамындағы Түркістан Автономиялы  Кеңестік Социялистік Республикасы болып қайта құрылды.Бірақ кеңес үкіметі «Ресейдің ескі әкімшілік бөліністерін», яғни крепостник-помещиктер мен самодержавиелік-крепостниктік мемлекетінің шенеуніктері  орнатқан бөліністерді ескі деп тауып, оның орнына жаңа шарушылық өмірдің талаптарына және тұрғындардың ұлттық құрамына сәйкес жасау керек деп айтқан болатын.

              Түркістанды ұлттық-территориялық межелеу мәселесі БОАК-тің 1921 жылғы 11 сәуіріндегі Декреті қабылданғанға дейін көтерілді.Межелерді жүргізу үлкен дайындық жұмыстарын талап етті, ал осы кезде аймақта жағдай өте ауыр еді. Аймақтағы әлеуметтік-экономиялық ахуал үздіксіз соғыстар мен көтерілістердің нәтежиесінде күрт қиындады. 1920 жылдың басына дейін Закаспийде ағылшындар мен ақ гвардишыларға, біріккен Хиуа және Қоқан хандарына қарсы соғыс жүріп жатты. Ферғанада басмаш құрылымдары белсенділік танытса, 1920 жылдың сәуіріне дейін Жетісу майданы жойылмаған болатын. 1920 маусымда Верныйда кеңеске қарсы бүлік шықты. Тек Хиуа мен Бұқараны алғаннан кейін ғана, Орта Азиядағы жаңа ұлттық-территориялық бөліністері мен қайта құрылған Қазақ АКСР-ның шекарасын анықтау мәселесін шешуге мүмкіндіктер туды.

              Бұрынғы Хиуа мен Бұқара хандықтарының орнына жаңадан Хиуа мен Бұқара Республикалары құрылды.1920 жылғы қазандағы Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің құрылтай съезінде Түкістанның қазақ  облыстарын Қазақ АКСР-нің  құрамына қосу мүмкіндіктері талқыланды.Аймақтағы саяси-экономиялық жағдай күрделі болғандықтан Орталық Азияда мемлекеттердің шекараларын ұлттық құрамына қарай бөлу тек 1924 жылы ғана іске асты.1923 жылы Түркістан, Бұқара және Хорезм ұлттық  республикаларын  біріктіру ісі жүзеге асты.  

              1920 жылы 25 қыркүйекте Жанкелдин, Әлібеков, Меңдешев және т.б. қатысқан Облбюроның мәжілісінде республиканың шекарасын анықтауға қатысты жасалған баяндаманың тезисі тыңдалды. Мәжілісінің шешімі бойынша Қазақ АКСР-іне қазақтардың Сырдария обылысынан Торғайға көшкенге дейін мекендейтін жерлері қойылсын деген шешім қабылданады. Ал Сырдария облысының бөлігін нақты анықтау әкімшілік бөлу секциясына жүктелді.

              РКФСР аймақта барлығына ортақ ақша белгілерін енгізді, бүкіл Орталық Азияға ортақ сыртқы сауда мен темір жол басқармасы құрылды, бірыңғай экономикалық жоспарлау орнатылды. Хорезм және Бұқара республикалары халықтың республикадан социалистік республикаға ауыса қайта құрылып, КСРО құрамына кірді.

              Орталық Азия республикалары арасында ұлттық-территориялық межелеуді жүргізу аса күрделі мәселе еді. Мұндағы халықтардың тарихи байланыстарының тереңде жатуы мен ұлттардың бір-бірімен аралас және тығыз орналасуы ұлттық республикалардың шекараларын анықтауда көптеген қиындықтар туғызды. Сондай-ақ, экономикалық орталықтар мен ірі елді-мекендерді бөлу мәселесі көп жағдайда тығырыққа тіреліп отырды. Экономиканың даму деңгейі мен халықтың ұлттық құрамы туралы статистикалық мәліметтердің мардымсыздығы жағайды одан әрі қиындатты. Осының бәрі көптеген жұмысты талап етті. Осы мақсатта РК(б)П ОК Орталық Азиялық бюросы жанынан және әр ұлттық республикалардың жеке комиссия бөлімшелері құрылды.

              РК (б)П-ның XII съезіндегі кейін Орта Азия республикаларының партия және кеңес органдары РК (б)П ОК-нен Орта Азияны ұлттық территориялық жағынан межелеуді жүргізу мәселесін құрауды сұрап тілек білдірді. Қазақ АКСР-інің үкіметі 1924 жылы қаңтарда кеңестердің IV съезінде берген есебінде Жетісу мен Сырдария облыстарындағы қазақ аудандарын қосу туралы мәселені орталық партия комитетінің және мемлекет органдарының алдына қойды. Түркістан кеңестерінің XII съезінде делегаттары сөйлеген сөздерінде межелеу жөніндегі мәселені тез арада шешу қажеттігін ерекше атап көрсетті.

              1924 жылы 31 қаңтарда РК(б)П ОК-нің хатшысы Я.Э. Рудзутакқа осы мәселе жөнінде Ташкентте кеңес шақыруды тапсырды. Кеңес 1924 жылы наурызда өткізілді. Түркістанның ұлттық-территориялық межеленуі туралы Түркістан коммунистік партиясының орталық коммитетінің хатшысы А. Рахымбаев баяндама жасады [21]. Кеңеске қатысушылар межелеудің жүргізілуін қолдады. Түркістан ОАК төрағасы Айтақов өз сөзінде Орта Азияның ұлттық-территориялық межеленуін және түркімен халқының біртұтас кеңес республикасына бірігуінің қолайлы екенін айтты.

Информация о работе 1924-1926 жылдарғы ұлттық мемлекеттік үшін күрес