Анығына келсек, тарихта бәрін жасайтын адам, сол арқылы ғана идея іске асады

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 21:34, дипломная работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі. Кез келген тарихи тұлғаға баға бергенде ол өмір сүрген заманы, қызмет етіп, қызу араласқан қоғамы тұрғысынан қарау қажеттігі мен болашақ үшін сіңірген еңбегі тұрғысынан зерделеу талабын ескеретін болсақ, ғылыми зерттеу саласындағы жеке тұлғалардың ашқан жаңалықтарын айқындап, болашаққа берер бағдарын көрсету.
Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға елдің тағдыры, тұлға – елдің тұтқасы болып табылады. Яғни тарих дегеніміз тек қана тап күресі мен қоғамдық формациялардың алмасуы емес. Бұл адамдар мен тарихи тұлғалардың әрекет ететін аренасы.

Работа состоит из  1 файл

Диплом жұмысы.doc

— 626.00 Кб (Скачать документ)

Н.А.Абдоллаевтың «Зұлқарнай Алдамжар және қазіргі заманғы тарих әдіснамасы» аясындағы ой-пікірлер дара үлгі ретінде қаралған дұрыс болмас еді. Сондықтан, ғылым әдіснамасы және ол туралы Зұлқарнай Алдамжардың оның пайымдаулары ізденімпаз мамандардың ой-өрісіндегі бірінші сатыда болғаны жөн деп түйін жасады [15].

Үшінші  топқа Зұлқарнай Алдамжарұлы  туралы Қостанай қаласының жергілікті, сонымен қатар республикалық газеттер мен журналдарда шыққан мерзімді басылым материалдар жатады.

2002 жылы т.ғ.к. Ә.Мұқтар Зұлқарнай Алдамжардың «Арыс» баспасынан жарыққа шыққан «Тарих: пайым мен тағылым» [16] еңбегі туралы «Қазақ тарихы» журналында өз  мақаласын жариялады [17]. «Тарих: пайым мен тағылым немесе Зұлқарнай Алдамжар еңбегі хақында» мақаласында Ә.Мұқтар академиктің тарихи зерттеулерді қарастырды.

Зұлқарнай Алдамжар осы еңбек арқылы қазақ  тарихының бүгінгі қоғамымыздың күрделі мәселелеріне деген терең толғаныстың бірі екендігін дәлелдегені туралы жазады. Ол Қожаберген жырау, Исатай, Махамбет, Сегіз сері, Жәңгір хан, Ахмет Байтұрсынов туралы зерттеулер жазады. Ә.Мұқтар ғалым қоғамымыздағы тарихи тұлға, ұлт-азаттық қозғалыстар тақырыптарын, жалпы тарихымызды бүгінде қалай жазуымыз керек, қандай методологияныбасшылыққа аламыз деген күрделі сұрақтарға жауап іздегенін көрсетеді. Сонымен Ә.Мұқтар «Тарих: пайым мен тағылым» еңбегі «көзі ашық, көкірегі ояу»  оқырмандар үшін, зерттеуші ғалымдар үшін құнды ғылыми еңбек деп бағалады [17].

Сонымен қатар «Қостанай таңы» газетінің  беттерінде З. Алдамжардың өмірі мен қызметі туралы материалдар жариялаған.

2002 жылы 15 қазанда Қостанай таңы  газетінде Есенгельді Сүйінұлы  «Академик Зұлқарнай Алдамжар  ел игілігі үшін қызмет етуде» мақаласын жариялады [18]. Ол Зұлқарнай Алдамжар туралы оның тарихи зерттеулер туралы жазып, Зұлқарнай Алдамжарға өлең арнап шығарады.

Зұлқарнай Алдамжар қайтыс болғаннан кейін  көптеген мерзімді басылымда академик туралы мақалалар жарияланды.

2004 жылдан басылып шығатын Қостанай  әлеуметтік-техникалық университетінің  «Шамшырақ» газетінің беттерінде  З. Алдамжарға арналған көптеген  мақалалар жарияланған. 2005 жылы 24 қарашада  Сергазиеваның «Память о нем  будет жить в наших сердцах» [19], Д.Бергібаеваның «Зұлқарнай Алдамжар хақында» [20], А.Сахариеваның «Ғибратты ғұмыр» [21] мақалалары жарияланған.

«Великий  человек живет и после смерти»  мақаласында Қостанай әлеуметтік университетінің  педагогика факультетінің деканы Нелли  Тиграновна Лалаян естелігін жазды [22]. «Шамшырақ» газетінің 2006 жылының 26 қазанда «Ұстаз ұлағаты» филология ғылымдарының докторы, профессор К. Нұрмұхаметов жариялады [23]. «Там где жил Зулкарнай Алдамжар» [24], «Год без Зулкарная Алдамжара» [25] мақалаларын Иван Бугаев «Шамшырақ» газетінің беттерінде 2006 жылы 26 қарашада жариялады. Оразалы Жақсанов Академик З.Алдамжардың педагогикалық, қоғамдық қызметі туралы «Қостанайдың бағына келген қаза» мақаласын жазып, Гүлсара Шолпанбайқызының естелігін келтіреді [26].

2006 жылы 7 қарашада «Қостанай таңы» газетінде Қонқабаев өзінің мақаласын «Абыройы асқан ар тұлға» [27], М.Дәуенов «Ұмытылмас бейне» [28] жариялады. Зұлқарнай Алдамжардың жеке қасиеттерін, мінез туралы өзінің естеліктерін жазған.

Сонымен Зұлқарнай Алдамжарұлына арналған зерттеулерде өмірі, пелагогикалық, қоғамдық, ғылыми қызметі туралы жазылған. Осы зерттеулерді диплом жұмысымызды жазу барысымызда қолдандық.

Дипломдық жұмысымыздың мақсаты мен міндеттер.

З. А. Алдамжардың ғұмырының барлық кезеңдерін қамти отырып, оның қоғамдық-саяси қызметін, ғылыми және педагогикалық қызметін шығармашылық мұрасын тұтастай көрсету. Сондықтан Зұлқарнай Алдамжардың қоғамдық-саяси қызметіне, шығармашылық мұрасына сүйене отырып, оны ғалым-тарихшы ретінде қарастыруды мақсат еттік. Осыған орай мынадай міндеттерді алға қойдық:

–     Зұлқарнай Алдамжардың өмірбаянына тоқталып зерттеу.

–    Академик З. Алдамжардың еңбек жолын зерттеу.

–   Академик Зұлқарнай Алдамжардың ғылыми еңбектерін зерттеп, талдау     жасау.

– Профессор Зұлқарнай Алдамжар зерттеулеріндегі тарихи-методологиялық зерттеулерді қарастыру.

–    З. Алдамжардың педагогикалық қызметін жан-жақты ашып көрсету.

–    Зұлқарнай Алдамжардың қоғамдық-саяси қызметін зерттеп көрсету.

Жұмысымыздың  деректік негізі.

Диплом  жұмысты жазу барысында Зұлқарнай Алдамжарға арналған ғылыми зерттеулер, Зұлқарнай Алдамжардың өз еңбектері мен ол туралы мерзімді басылым материалдары кеңінен қолданылды.

Сондай-ақ ғалым З. Алдамжардың авторлығы мен жарияланған мақалалары, баяндамаларына ғылыми талдау жасалды. Сонымен қатар Зұлқарнай Алдамжарға арналған мұражайдың мәліметтер қолданылды.

Диплом жұмысының әдістемелік негізі.

Мәселені  талдау соңғы жылдар Отандық тарих  ғылымына тән методологиялық және теориялық таным негізінде алынды. Дипломдық жұмысымыз жүйелік, салыстырмалы талдау және жинақтау әдістеріне негізделді. Зерттеу мақсатына жету үшін жан-жақтылық, суреттемелік, тарихи салыстырмалық әдістер қолданылды.

Хронологиялық шеңбері: Зұлқарнай Алдамжарұлының өмір сүрген жылдары (1937- 2005 жж.) аралығын қамтиды.

Жұмыстың құрылымы: кіріспеден, 2 тарау, қорытынды, қосымшадан, пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Академик Зұлқарнай Алдамжардың өмірбаяны мен еңбек жолы

 

1.1 Академик Зұлқарнай Алдамжардың өмірбаяны

 

Тарих өмірдің қызық та күрделі құбылысы. Ол бір қарағанда адамзаттың, жалпы алға жылжыған уақыттың ізі сияқты. Бірақ артта қалғанның бәрі тарих па? Өткен-кеткеннің барлығын мұрнынан ұстап, жіпке тізе бергенмен, ол тарих бола ма? Белес-белес замандардан, қым-қуыт уақыттан қалған ірілі-уақты оқиғалардың шаңнан аршылған шыныдай мөлдір шындығы, халық үшін маңызы болмаса, оны тарих деп айту алдағы күнге қиянат емес пе? Ал оған ұлт мүддесін қосыңыз.

Халқымыздың ұлттық бояуының мәйегіндей салт-дәстүріне, мәдениеті мен әдебиетіне, діні мен діліне, тегіне кепіл тәуелсіздік келгенде қазақтың арғы-бергі тарихы ар жағынан күн көрінетін жұп-жұқа оқушы оқулығына ғана сыйып тұр. Үш жүз жылға созылған мұндай қиянатқа қарсы тұру үшін, тарихтағы әділеттілікті, шындықты қалпына келтіру үшін, жас тәуелсіз еліміздің болашағына тарихтың сара да дара дұрыс бағдары болу үшін халқымыз тарихын ұлт мүддесі тұрғысынан қайта зерделеу керек болды. Бұл міндет, әрине, тарихшыларымызға үлкен жауапкершілік жүктеді. Сол жауапкершілік жүгін абыроймен арқалаған ғалымның бірі тарих ғылымдарының докторы, профессор Зұлқарнай Алдамжар болатын.

          Академик Зұлқарнай Алдамжарұлы Алдамжар – ұстаз, ғалым, қайраткер. Зұлқарнай Алдамжардың үлкен ғалым болып өсуі – туған жеріне байланысты. Зұлқарнай Алдамжарұлы 1937 жылы 5 желтоқсанда Атырау (бұрынғы Гурьев) облысы, Махамбет ауданындағы Сарайшық кеңшарында дүниеге келген [29,4 б.]. Қазіргі Атырау облысынан 50 шақырым жерде, Жайық өзенінің оң жағасында, бір кездегі ұлы да атақты Сарайджук (қазіргі атауы Сарайшық) қаласының қираған құландысы жатыр. Сарайшықтың негізін Бату хан салған деген тарихи пікірлер бар. Батудың билік құрған уақыты 1221-1256 жылдар болып есептеледі. Сонда Сарайшықтың тарихы 750 жылдан асады. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Сарайшы қамалының маңында қазақтың Әлемұлы, Байұлы және Жетіру сияқты рулары көшіп-қонып жүрген. Он екі ата Байұлының ұрпағы Зұлқарнайдың тарихшы болып үлкен зерттеулер жүргізуіне Сарайшықта туып, бала күндерін осында өткізуі әсер етті [2,64-65 б.].

  Шежіресіне сүйенсек, он екі ата  Байұлының Беріш руынан Байсейіт, одан Қитас, Қитастан Есенғұл,  одан Жары, одан Сарлыбай, Сарлыбайдан  8 ұл тараған екен. Екінші баласы  Мәмбетәліден Төлеп, одан Бегейсін, Бегейсіннен Есет, Есеттен Айдабол, Алдамжар Зарип, Шауқат. Зұлқарнай Алдамжардың ағасы Айдаболдан ұрпақ жоқ. Ал Зариптан Құрылыс (Қостанайда), Имамұрат (Сарайшеңке) , Мұрат (қайтыс болды). Есет атадан тараған төрт ұлдың кенжесі Шауқат ұшақ апатынан дүние салды. Жолдасы Әмина, 80-гі ана, Атырауда тұрады [2,59 б.]. Зұлқарнай Алдамжар текті әулиеттің ұрпағы еді. Өйткені, атасы Есет өз заманына сай білім алған, бойына емшілік қасиет дарыған, елінің сый-құрметіне бөленген әулиедей ақылды адам болған.

Болашақ тарихшы Зұлқарнай Алдамжардың  алғашқы өмір мектебі осындай рухани қазынасы мол, текті ортада қалыптасты.

Атасының  осы қасиеттерін ерекше қадірлеген Зұлқарнай, Қостанай университетінің тізгінінің ұстаған кезде, арада көп жыл өтсе де атасының аруағын қастерлеп, 1999 жылы ата қауымға келіп, Есет атасының басына зәулім мазар тұрғызып, ас бергенін Атырау жұртшылығы осы кезге дейін ризашылықпен айтып жүр [14,5-6 б.].

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік  университетінің ректоры, кейін Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің президенті болғанда Зұлқарнай ағаның кабинетінде жұқалтаң келген, аппақ сақал мұртынан, байсалды жүзінен даланың даналығы төгілгендей қарияның суреті ілініп тұрар еді. Бұл бүкіл Атырау-Жайық өңіріндегі қазақтың шежіресі, арғы-бергі тарихы, батыры мен ақыны, жақсылары туралы әңгімесін немересі Зұлқарнайдың құлағына құйып, бойына ұлтына деген махаббатты сіңірген Есет Бегейсін қария болатын. Ол ХХ ғасырдың бас кезінде қазақтың игі жақсыларымен тығыз қарым-қатынаста болады. Қарттың қолында Алаш арыстарының, соның ішінде Ахмет Байтұрсыновтың да кітаптары сақталады екен. Отызыншы жылдарғы қуғын-сүргінді діндарлығы үшін Есет қария да көруіндей көреді. Оның жинаған Атырау өңіріндегі Кіші жүз қазақтарының шежіресі 1944 жылы республика Ғылым академиясының қолжазбалар қорына тапсырылады [13,4 б.].

          Алдамжар мен оның зайыбы Мәнзия алдымен Астрахань облысының Володаровка ауданында өмір сүрген.

Мұнда іргелес Батыс Қазақстаннан ерте кезде-ақ қоныс аударғандар, ел басқарған  болыстар мен старшындар, елдің осы қалай деген зиялылары. Я олардың көпшілігі соңғы кезде «Құлаққа» ілігіп, тәркілеуге ұшырағандар, оқуда қалып қойғандар болатын. Зұлқарнайдың әкесі Алдамжар әлді талай дүрліктірген дүрбелеңдердің қақ ортасында болып, Қазақстан мен Ресейде оның қалай орын алып отырғанын өз құлағымен естіп, көзімен көрген адам. Сол бір зұлматтың ажал қармағына ілігіп, құғын-сүргенге ұшыраудың, әділетсіздіктің құрбаны болып кетуге өз-ақ қалғаны есіне түсе-ақ төбе шашы тік тұрып, жүрегі алып-ұшып ұйтқитыны бар. Аман-есен қалғанына кейде іштей шүкіршілік етеді... [2,61 б.].

Мәнзия  апай өзінің қанына сіңген байсалдылығы мен салмақтылығына жеңдіртіп отыратын ақылды адам. Іргелес отырған ауылсовет  хатшысы үйіне келіп, жаңа тоқып  болған алашасын көргенде-ақ алып кетуден тайсалмады. Сол бойда ол: «Алашаңды маған бер, мандайыңа шаң тимейтін болады», - деп мықтылығын сездіртіп қойған-ды.

Апай: «Біраз тер төктім, өлсем сүйегімді  шығаруға керек болар деп арнайы тоқығанмын», - дегенде есікті тарс ұрып, шығып кетеді. Мұның соңы насырға шабатының кім білген [2,61 б.].

Ертеңіне  Совет хатшысы Алдамжарды кеңсесіне  шақыртады. Алашаның әлегі екен. Хатшы  бірден Алдамжарға қоқан-лоққы көрсетіп, сөзінің соңында: «Біздің қалаған  нәрсемізді бермесең, бұл жерден еріксіз  кетесің, қорлық көресің түсіндің бе?» - деп азап шылбырының ұшын шығарып, мойынға ілудің амалын жасырмапты [2,61 б.].

Алдамжар  әділеттік іздеп көріп еді, таба алмады, ол таптырмайтын да жылдар еді  ғой. әділеттің жоқтығына көзі жеткендей  сезінді совет хатшысының «Бекбаев Алдамжардың әкесі де, өзі де бай болған, сондықтан дүние-мүлігі конфискеленсін және жер аударылсын» - деп, қаскүнемділікпен жасалған қаулысының шыға келмесі бар ма [2,61 б.].

Әділетсіздікке  көзі жеткен Алдамжар мен Мәнзия бір  түннің ішінде екі қызы – Гауһар мен Ләззатты кішкентай қайығына отырғызып, Еділ өзенін жағалап, жолға шықты. Атамекені – Теңіз (Құрманғазы) ауданына барып, паналауға қорықты. Өйткені халқы аралас-құралас, біреулер «көрдік осында» деп айтып қойса түрмеден бір-ақ шығары хақ. Сондықтан із жасырудың амалын іздестірді. Енді Еділ өзенінен шығып, теңіз жағалап, Жайық бойындағы қайнағасына қайық тұмсығын тіреді [2,61 б.].

Он  шақты күн дамалғаннан кейін, әуелі Есбол (Индер), сосын Бақсай (Махамбет) аудандарында болып, Сарайшық кентіне дәрігері болып жұмыс істейді. Ол жүрген жерде мал шығыны бола бермейтін-ді. Қызметіне мұқият, күн-түн демей фермалардың ғана емес, жекеменшіктің малдарын аралап, ауруларын емдеумен жүретін. Алдамжардың да, Мәнзия апайдың да армандары бір ұл бала болатын. Сол ұл бала да өмірге келді. Қуаныштары қойындарына сыймады. Қолбасшы болмаса да даңқты болсын деп есімін Зұлқарнай қойды.

Зұлқарнай Алдамжарұлы қазақтың қарапайым  ғана отбасында өсті. Әкесі Алдамжар кезіңде Ұлы Отан соғысына азық-түлік жіберіп, тылда аянбай еңбек етті. Сөйтіп жеңісті жақындатуға көп үлес қосты. Анасы Мәнзия ақылды, сабырлы кісі еді. Ол өзінің қанына сіңген байсалдылығы мен салмақтылығына жендіртіп отыратын ақылды адам. Ата-анасы осы жалғыз ұлдарынан көп үміт күтті. Өйткені Зұлқарнай кішкентайынан зерек те зерделі болып өсті. Әкесі Алдамжар Есетұлы 1967 жылы қайтыс болды. Сарайшеңке селосындағы қауымда жерленген. Анасы Мәнзия 87 жасында қайтыс болды [2,61 б.].

Зұлқарнай Алдамжарұлы өсе келе анасының мінезіндей сабырлы, бір айтқанды ойына түйіп алатын, салмақты болды. Көбіне ертегі тындауды жақсы көретін-ді. Мектепте оқып жүргенде-ақ тарих пәнін ерекше ұнататын, оның үстіне сабақтарға да зеректік танытатын [2,61 б.].

Өзі бір шаңырақтағы тәрбиеленген бес  баланың ішіндегі жалғыз ұл екен. Қазір  апалары Гауһардың жасы 80-нен, Ляззат 70-тен асты. Өмірдегі артынан ерген қос қарындасы Меруерт – дәрігер, Мәрия – ғылым кандидаты, Атырау мемлекеттік университетінде студенттерге дәріс береді. Осы бауырларынан он сегіз жиені бар. Олардың бәрімен де дүниеден өткенше қатты сыйласты. Жиендерін өзінің туған балаларынан артық көрмесе, кем көрген жоқ. Олар да бұны асқар таудай арқа тұтты, бұл да оларға қашан да ақыл кеңесін беріп, көмекке қолын созуға дайын тұрды.

Информация о работе Анығына келсек, тарихта бәрін жасайтын адам, сол арқылы ғана идея іске асады