Анығына келсек, тарихта бәрін жасайтын адам, сол арқылы ғана идея іске асады

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 21:34, дипломная работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі. Кез келген тарихи тұлғаға баға бергенде ол өмір сүрген заманы, қызмет етіп, қызу араласқан қоғамы тұрғысынан қарау қажеттігі мен болашақ үшін сіңірген еңбегі тұрғысынан зерделеу талабын ескеретін болсақ, ғылыми зерттеу саласындағы жеке тұлғалардың ашқан жаңалықтарын айқындап, болашаққа берер бағдарын көрсету.
Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға елдің тағдыры, тұлға – елдің тұтқасы болып табылады. Яғни тарих дегеніміз тек қана тап күресі мен қоғамдық формациялардың алмасуы емес. Бұл адамдар мен тарихи тұлғалардың әрекет ететін аренасы.

Работа состоит из  1 файл

Диплом жұмысы.doc

— 626.00 Кб (Скачать документ)

Екіншісі, тарих ғылымының саяси міндетін атқару сол қоғамның жетілу дәрежесі әсіресе оның саяси билігінің  ғылыми ұсыныстарды талап етіп қабылдау дәрежесіне байланысты. өкінішке орай, көптеген нақтылы жағдайда саяси  элита тарих тәжірибесін толық ескермейді және туындайтын проблемалар себебін өткен оқиғалармен салыстырып талдауға толық көңіл бөлмейді. Әсіресе, билік басындағы саяси буындар мен жеке тұлғалар тарапынан тарих тәжірибесін ескермеу ХХ ғасыр - тарихына тән сипаттың атағанымыз жөн. Келтірілген тұжырым мен ой-өрімдер тарих ғылымы әдіснамасының көптеген тауарларының шағын түйіні. Мысалы, ізденушілердің өз бетімен әдіснамалық шарттарын игеруге ұмтылысы оның тарауларын игерудің тиімді жолы. әдіснама пәні оқытушы мен студент ынтымақтастығына негізделген шығармашылық сала. Нақтылы доктринальді білім  алуымен қатар бұл курсты қазіргі заманғы кең көлемдегі әлеуметтік мәдениетті құрайтын тарих бейнесін қалыптастыруға араласып шұғыл өзгерістерге толы әлемде адамға тірек болады. Сондықтан, ғылым әдіснамасы және ол туралы З. Алдамжардың оның маңызы туралы пайымдаулары ізденімпаз мамандардың ой-өрісіндегі бірінші сатыда болған жөн [15,26 б.].

Академик  Зұлқарнай Алдамжарұлы тарих  ғылымының әлі де жеткіліксіз  зерттелген, қиын да, күрделі салсы – тарихнама: теориясы және әдіснамасы. «Зұлқарнай Алдамжарұлы, - әрбір ғылымның өз тарихы бар, оны білмей, оның дамуы мүмкін емес. Кез келген ғылымның өзектілігін, зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін анықтап алмайынша, оның зерттелу жағдайын білмейінше, кез келген нақты тақырып бойынша зерттеу жұмысын жүргізуге болмайды», - деп жазды. Бұл ғылымның құрамды бөлімі – тарих ғылымының тарихын зерттейтін «историяграфия» деп аталатын ғылым. Тарихнама саласындағы Қазақстанда бірден-бір белгілі ғалым, бұл саладағы З. Алдамжарұлының ғылыми еңбектері тек Қазақстан емес, посткеңестік кеңістегі елдерге де танымал [35,215 б.].

Зұлқарнай Алдамжар тарих ғылымының методологиялық күрделі мәселелеріне де көпшіліктің  назарын аудара білді. Зерттеуші  осы уақытқа дейін қалыптасып, ғылыми айналысқа енген методологиялық тұжырымдар мен қағидаларды түгелдей ысырып тастау асығыстық, бірыңғай пайымсыздық болатындығын атап өтеді. Өйткені, қай істе де жинақылық, асықпай-аптықпай саралау, бұрынғы методологиялық жүйенің қате тұстарын сезіну қазіргі жағдайда маңызды. Кешегі кеңестік жүйедегі барша ғылымға негіз болған таптық методология, тарихтық принциптің коммунистік партиялық принциппен біте қайнасуы, сөзсіз, тарихымызды толық тануға мүмкіндік бермеді. Мұны түсінген З. Алдамжар тәуелсіз тарихымыздың, оны жазудағы тарихшылардың мақсаты мен міндеттерін зерттеуді және осы бағыттағы тарихшылардың алдындағы жауапкершілігін сезіне білді. Ұлттық тарихымыздың көлеңкелі тұстарын жазу барысында қоғам сұранысын қамтамасыз ету үшін салиқалы зерттеуледің бір күнде қазылмайтындығын, ұзақ ізденіспен келетіндігін атап өтуден талмады. Бұл арада басқа қоғамдық пәндерді зерттеушілерге қарағанда, тарихшылардың өзіңдік ерекшеліктерін нақты көрсетіп береді. Ғылымның пікірінше, ең алдымен тарихшы ғалым өз мамандығына сүйіспеншілігімен, оның зерттеу барысында терең талдап, түрлі деректерді өзара салыстыра білумен, сыни тұрғыда қабылдай білумен ерекшеленуі тиіс. Оған соңғы жылдары тарихымызға қатысты алыс-жақынан келіп жатқан жаңа ақпараттық мәлеметтерді, деректерді қоссаңыз, көп мәселенің беті ашылады. З. Алдамжардың осындай ұстанымдары бүгінгі және ертеңгі тарихшыларымыз үшін аса маңызды [11,29 б.].

Уақыт өтер, әлі талай ізденуші Зұлқарнай  Алдамжар зерттеген тарихымыздың сан  қырлы мәселелерін сан мәрте тексерер, ой елегінен өткізер. Бірақ ғалым-тарихшы салған өзіндік жол, өзіндік пікір қай зерттеушіге де үлгі болып қалмақ [11,30 б.].

Зұлқарнай Алдамжарұлының ғалымдық қызметі сан-салалы. Соңын ішінде біздің елімізде қоғамның жаңа дәуірге аяқ басуы, тәуелсіздік жариялауы төл тарихымызға бүкіл қазақ жұртын ден қойғызды. Зұлқарнай Алдамжарұлы де елімізде болып жатқан қоғамдық-саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге баға бере келе, кәсіби тарихшы ретінде қазақ тарихы ғылыми саласының қазіргі жай-күй» туралы ой-толғамдарын  «тарих: пайым мен тағылым» және «История: размышления и суждения» атты еңбектерінде баяндайды. Әрине, осы бағыттағы, ата-бабаларымыздың тарихи баянының турасын біз білеміз бе, ендігі тарихымызды қалай, қай бағытта өрбітпекпіз, түттесек тарих дегеніміз не, қазақ тарихы ғылымы қалай дамуда? Біз тарихшылар өткен тарихымызға баға бере алдық па?, келер тарихымыз қалай өрбімек, тарихтың зерттеу әдісі, біз дүниежүзілік тарих ілімінің мемлекет, ел тарихын зерттеу үрдісі деңгейінен көріне аламыз ба? Деген көкіректі мазалаған  көп сұрақтардың түйіні ұлттық тарихымызды тарих ғылымы жүйесінде өз болмыс түсінігімізбен қалай жазып шыға аламыз? Міне осындай сұрақтарға жауап іздейді. Ғалым сөзімен келтірсек: «Әрине, бұл тұрғыда ой-сана өрісін, зерттеу бағыттары мен әдістерін нақты бір нұсқаумен шектеу орынсыз болмақ. Демек, ауқымды ізденіс, болашаққа бағытталған болжам, орынды ұсыныс, әрбір ой адамның өз қалауында еңбектену еркі ғана нәтиже береді. Ұлттық төл тарихты жасау үшін ұлттық парызды жан-дүниесімен сезіну, перзенттік адам ой-сана, жігерлі деп парасатты ізденіс, тарих алдындағы жауапкершілікті терең түсіну қажет болады», деп ойын білдірген [3,103 б.].

Қазақ тарихын ғылыми негізде баяндау  үшін ғылыми методологиялық негіздерін орнықтырудың қазіргі таңда аса жауапты іс екенін алға тартады. Бұл бағытта З Алдамжардың «Ер байлығы – ескірмейтін ұғым» атты Қазақ әдебиетінің 1998 жылғы 2 қазандағы мақаласында: «жалпы ғылыми ортақ негізбен қатар, әрбір ғылым саласы бойынша зерттеулердің методологиялық ұстанымдары мен әдістерінің өзіндік ерекшеліктерінің өзі қадау-қадау екенін ескерсек, бұл қиындығы жеткілікті жұмыс. Бірақ қол қусырып, күтіп отыруға тағы болмайды. Тарихты жаңаша жазудың жөні осы екен деп тым еркінсіп кетудің де қисыны жоқ. Жаңа шешімге бұрынғы таптық методологиялық негізде жетпекші керітатпа нұсқаға жабысушылық тіпті абырой берілмейді. Сондықтан да, гуманитарлық ғылым салаларының өкілдері күш біріктіріп, бүгінгі барымызды жетілдіріп, байыта түсіп, теориялық, методологиялық мәселелерді ауқымды зерттеуге ат салықссақ, дұрысы осы болар еді. Осы тұрғыда ескірді деген зерттеу тәжірибе қорын да парасатты түрде ғылыми сараптан шығып, оның объективті ғылыми талапқа, талғамға сай пайдалысын кәдеге жаратқан да артық болмас еді» [37,50-51 б.], -  деп ойын газет бетіне ашық жазған болатын. Пікірін білдіріп қана қоймай Қостанайда «Алдамжаров ғылыми-зерттеу және білім беру мәдени орталығын» құрды. Мақсат беру: тарихын сүйеген еліне қызмет ету болды. Бұл орталыққа топтасқан ұжымның еңбегінің нәтижесі Қостанай облысының энциклопедиясы 2006 жылы жарық көріп, орысша басылымын халық қолына табыстады.

Оның  баса назар аударған бағыттарының бірі методологиялық зерттеу әдісінің құралының  бірі ретінде тарихи дәуірлеу (периодизация) мәселелері еді. Ол ХІХ ғасыр аяқ  кезіңде пайда болған Маркстік дәуірлеу теориясы мен цивилизациялық методологиялық жүйеге назар аудара салыстырмалы түрде баяндайды.

Қазақ тарихын дәуірлеу мәселесіне ғалым  мынадай өз ұсынысын білдіре кетеді: «Дәуірлеу мәселесін зерттегенде, оның ішкі құрылымы мен хронологиялық шектерін анықтағанда, қоғамдық өмірдің бар құбылыстары мен қасиеттерін ортақ сипаттары мен нақты ерекшеліктерін, оған әсерін тигізген оқиғалардың, сонымен бірге жалпы адамзат болмысының арқауы-тарихи процесс жалғастығын бейнелейтін көріністерді түгел қамтуға ұмтылған орынды болмақ» [39,221 б.].

Біртұтас  қазақ тарихын толыққанды жазудың  басты шарты ретінде Зұлқарнай  Алдамжар тарихтың деректік негізінде  деп қарастырады. Тарихи деректеменің теориялық мәселелерімен қатар, тарихи деректердің бізге келіп жетуі, оның ғылыми айналымға енуі мәселелеріне баса назар аударған. Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ елінің орталық дәуірі кезеңіндегі тарихының үлкен дерегі ретінде Ресей мемлекетінің орталық әкімшілік мекемелерінің іс қағаздар құжаттары, орталық әкімшіліктің жергілікті құрылымы, орталық академиялық және ғылыми қоғамдар, мұражай мен өлкелік мұрағаттағы деректер топтамасын толықтырады [39,221 б.].

Тәуелсіз  қазақ мемлекетінің көне дәуірден қазіргі  кезеңге дейінгі қазақ халқы  туралы тарихи деректері Қытайдың, Иранның, Түркия, араб және европалық елдер мұрағаттарында жинақталғанын айта келіп, қазан төңкерісіне дейінгі ірі деректер көзін құрайтын Ресей мұрағаттарында, мұражайларында және ғылыми орталықтарында екендігін баса көрсетеді. Міне, осындай қазақ тарихының деректерін құрастырған, жинақтаған ғылыми мекеменің бірі 1887 жылы құрылған Орынбор ғылыми мұрағаттық комиммиясы. Бұл комиссия өзінің алдына 1881 таратылған Орынбор генерал-губернаторының концеляриясындағы іс-қағаз құжаттарын реттеп, жүйемен Орынбор қаласынан тарихи мұрағат жасақтауды өзіне міндет  етіп қойған болатын. Нәтижесінде 1887 жылдан 1917 жылға дейін қызмет атқарған комиссия қазірде Орынбор облыстық мемлекеттік мұрағаты деп аталатын тарихи мұрағаттың негізін қалады. Бұл мұрағатта қазақ тарихынан хабар берер біраз тарихи деректер жинақталынған. З. Алдамжар пікірінше, ендігі жерде сол тарихи деректерімізді жинақтап, деректану ғылымының теориялық мәселелерін негізге ала отырып деректерімізді жүйелеп, аршып алу қазіргі күннің талабы деп түсіндіреді [39,221 б.].

Ғалым зерттеулерінде көрініс тапқан Қазақстан  тарихы ғылымында жаңа қалыптасып жатқан тарихтың методологиялық мәселелері, тарих философиясы, тарихи үрдіс  теориясы, тарихнама, қазақ тарихи деректері, теориялық деректемелері туралы ой пікірлері қазіргі танда тарихшылар үшін аса маңызды.

Қорыта  келе ғалым артына сүбелі үш монография, жүздеген ғылыми мақалаларын қалдырды, оның барлығы өскелең ұрпақ үшін аса қажетті зерттеулер деп есептейміз [39,221 б.].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Зұлқарнай Алдамжардың педагогикалық және қоғамдық қызметі

 

3.1 Зұлқарнай Алдамжардың педагогикалық қызметі

 

«Ұстаз  болу – жүректің батырлығы, ұстаз  болу – сезімнің ақындығы» -  деп ақын жырлағандай, ұстаздық қызмет ең қызықты да қиын мамандықтардың бірінен саналады. Сондықтан да ұстаздық, ғылым жолы ауыр да сан салалы, соқпақты, қатпарлы, оның самғау биіктеріне, асқар асуларына тек бүкіл өмірін, бар күш-жігерін, көзінің майын тауысып, қабілетін толығымен арнаған адамдар ғана жетеді. Осындай абзал азаматтардың бірі – тарих ғылымдарының докторы, профессор, қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Зұлқарнай Алдамжарұлы [2,131 б.].

Қазақстан Республикасының білім және ғылым  саласындағы ірі мемлекет қайраткері, Қостанай қаласының құрметті азаматы, тарих ғалымдарының докторы, академигі Зұлқарнай Алдамжар ұстазымыздың арамыздан кеткеніне де төрт жылдай уақыт болып қалыпты.

1980 жылдары Гурьев педагогика институтында (қазіргі Х. Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті) білім алған, кейін ұстаздық қызмет атқарған жылдарда белгілі тарихшы ғалымдар Х.Табылдиев, Ү.Қыдыралин, Ғ.Ниғметов, Ж.Бақиев, К.Қайырбекова, т.б. аға буын өкілдерімен жиі араласты. Солардың ішінде З.Алдамжардың шоқтығы ардайым биік тұлға еді. Зұлқарнай Алдамжар Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Қазақстан тарихы», «КСРО тарихы тарихнамасы» және т.б. пәндерінен дәріс берді. Әрдайым талапшыл, әділ де шәкірттеріне үнемі қамқоршы болатын институттың ғылыми жұмыстар проректоры ретінде оқу орнында ғылымның, ғылыми-педагогикалық кадрлардың өсуіне көп қызмет атқарды [2,127 б.].

Зұлқарнай Алдамжарұлынан ғылым жолында ақыл-кеңестерін, қолынан жолдама алған шәкірттер  шоғыры да біршама мысалы, тарих  ғылымдарының докторы, бүгінгі күндері  Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Ә.Қ.Мұқтар, тарих ғылымдарының кандидаттары Ұ.Т.Ахметова, А. Айтмұхамбетов, М.Рахымжонов, С.Исмайлов,  Л.Б.Бердіғожин, Қ.С.Мұхитов, С.М.Шонаева, А.Қ.Ахмет және тағы басқаларды атап өтуге болады [2,130 б.]. Мысалы,  Л.Бердіғожин «Исатай-көтерілісі тарихнамасы», А.Қ.Ахмет «Қаратай Нұралыұлының қоғамдық-саяси қызметі (1797-1826жж)» тақырыптар бойынша Зұлқарнай Алдамжар жетекшілік еткен.

1989 жылы Қостанай педагогикалық институтында қызмет істей бастағаннан кейін, З.Алдамжар Қостанайдың белді, беделді сөз ұстайтын азаматтарымен жақсы танысып, етене жақындасып, үлкенге іні, кішіге аға болып кетті.

Зұлқарнай Алдамжар жарқын бейнесі көптеген шәкірттерінің  есінде адамгершілігімен, парасаттылығымен, еңбекқорлығымен және табандылығымен, ғалым һәм ұстаз ретінде мәңгі жүрер сөзсіз [2,130 б.].

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік  университеті Қазақстан Республикасында  шағын комплектілі мектептерге  мұғалімдер даярлауды ұйымдастыратын базалық жоғары оқу орны болып табылады [16,275 б.]. Білім министрлігінің университет жанынан шағын комплектілі мектептерге мұғалім даярлау және олардың білімдерін жетілдіру республикалық оқу-әдістемелік орталығы құрылды. Мұндай орталықтың ҚМУ жанынан құрылғанын Зұлқарнай Алдамжар негіз болған.

Республикамыздағы жоғары оқу орындарының оқу-әдістемелік  бірлестіктері жайлы типтік ережеге  сәйкес РОӘБ-тің негізгі мақсаты  еңбек нарығы жағдайында шағын комплектілі  мектеп мамандарын кәсіби даярлауды жетілдіру, білім беру қызметіндегі басқарушы буынның іс-әрекетін үйлестіру, осыған сәйкес нұсқаулықтар жасады [16,275 б.]. РОӘБ кеңесінің төрағасы Зұлқарнай Алдамжар болатын, ал оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша проректор болып педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор А.М.Сизоненко, әдіскері болып университет доценті Р.С.Ищанова тағайындалды [16,275 б.].

Аудандық  әкімшіліктермен шарт негізінде, шағын  комплектілі мектептерге мұғалім  даярлау мақсатында ҚМУ жанынан  оқу-әдістемелік орталық ашылды [16,276 б.]. «Ленин» қазіргі Ұзынкөл ауданындағы түгін тартсаң майы шығатын шұрайлы, құнарлы жерге аз да болса қазақтарды орналастырып, егін шаруашылығын меңгертіп, еңбегініңзейнетін көрсін деген тілек болатын [2,101 б.]. 1990 жылы Зұлқарнай Алдамжарұлының көмегімен Ленин ауданында университеттің филиалын ашып, көптеген адам мұғалімдік мамандық алды [2,101 б.].

Алғашқы оқу-әдістемелік орталығы облыс  орталығынан шалғай жатқан Ұзынкөл  ауданының орталығында құрылды. Содан кейін 1991 жылы Зұлқарнай Алдамжардың  арқасында Әулиекөлде, 1993 жылы Қарасуда, 1996 жылы Сарыкөлде, Лисаковкіде ашылды. Аудандық, әлеуметтік тапсырмасын орындай отырып, республикалық оқу-әдістемелік басқармасы 1996-1997 жылдарда даярлық бағдарламасына жаңа «практикалық психолог» мамандығын Зұлқарнай Алдамжардың көмегімен енгізілді [16,277 б.].

ОӘО-дан  басқа ауылдық, соның ішінде шағын  компектілі мектепке кадр даярлау 1990-1994 оқу жылынан бастап ҚМУ, РОӘБ және педагогикалық коледж профессор-оқытушылар құрамы бірлестігінің интегративті түрін көрсететін Қостанай педагогикалық «Университет-коледж» келешегінде жүзіге аса бастады және тек соңғы үш жыл ішінде ғана жүзден аса бастауыш және негізгі ауылдық шағын комплектілі мектеп маманы даярланып шықты [16,277 б.].

Информация о работе Анығына келсек, тарихта бәрін жасайтын адам, сол арқылы ғана идея іске асады