Анығына келсек, тарихта бәрін жасайтын адам, сол арқылы ғана идея іске асады

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 21:34, дипломная работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі. Кез келген тарихи тұлғаға баға бергенде ол өмір сүрген заманы, қызмет етіп, қызу араласқан қоғамы тұрғысынан қарау қажеттігі мен болашақ үшін сіңірген еңбегі тұрғысынан зерделеу талабын ескеретін болсақ, ғылыми зерттеу саласындағы жеке тұлғалардың ашқан жаңалықтарын айқындап, болашаққа берер бағдарын көрсету.
Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға елдің тағдыры, тұлға – елдің тұтқасы болып табылады. Яғни тарих дегеніміз тек қана тап күресі мен қоғамдық формациялардың алмасуы емес. Бұл адамдар мен тарихи тұлғалардың әрекет ететін аренасы.

Работа состоит из  1 файл

Диплом жұмысы.doc

— 626.00 Кб (Скачать документ)

Зұлқарнай Алдамжар Исатай, Махамбет замандастары, ұлт-азаттық, қозғалысқа белсене араласып, қол бастаған Тінғали Тайсойғанұлы, Тәни Түменұлы, Есенаман Боранбайұлы, Құсқара Саратұлы, Сарт Еділұлы, Досқан Жәнібекұлы, Үбі Есейұлы, Сегіз сері туралы мол фальклорлық мұраларымызды ғылыми айналымға қосты. Сол арқылы тарихи зерттеулерде айтыла қоймаған деректерді оқырманға жеткізді. Мәселен, Жәңгір ханның өлімі, Баймағамбет сұлтанның Елек өзеніне суға кетуі Исатай, Махамбет өлімінің кегі ретінде түсіндіріледі [17,4 б.].

Қазақ тарихындағы күрделі тарихи тұлғаның бірі – Жәңгір хан. Қазір Жәңгір ханды мемлкеттік деңгейге көтеріп, оның қоғамдық-саяси қызметін жаңаша саралауда. З. Алдамжар бұл мәселелерде ханның іс-әрекетін не ұлықтап, не даттап, бірыңғай бірсыдырғы бағалау сыңаржақтық болады деп ескертіп, оның тағдырын замандастары би, батырларымен, бай-қарашасымен байланыстыра зерттеу қажеттігін алға тартады. Сонымен бірге Жәңгірдің Орда ігінде жүргізген реформалары «патша үкіметінің отарлық саясаты шеңберінде рұқсат, бағыт берген ауымдағы тіршілік еді» деген салмақты қорытындысын ұсынады. Бұл арада зертеуші  Жәңгір хан, Исатай, Махамбет батырлардың арақатынасында бір жақты бағаланған пікірлерді де анықтайды. Мәселен, Исатайдың мүмкіндігі бола тұра хан ауылын шаппауын батырдың аңғалдығы сенгіштігінің кесірінен деген сияқты түсіндірулерді автор жоққа шығарып, Исатай бір қазақты екіге бөлмей, қантөгіске бармай-ақ келісімге келіп, ортақ жау – Ресей империясына қарсы бірлесуді көздеді дейді.

Ғалым қоғамымыздағы тарихи тұлға, ұлт-азаттық  қозғалыстар тақырыптарын, жалпы  тарихымызды бүгінде қалай жазуымыз керек, қандай методологияны басшылыққа аламыз деген күрделі сұрақтарға жауап іздейді. Ол кеңестік замандағы тарих ғылымындағы кемшіліктерді саралайды. Бұл кемшіліктер қоғамының қарама-қарсы екі тапқа бөлінуі, жұмысшы табының басшылық ролін дәріптеу, соның көзқарасын өзгеге телу, т.б. ұлтымыздың тұтастығын бұзғаны, сол арқылы оның ең қабілетті де саналы бөлігін таптық идеологиямен санасы шырмалған екінші таптық аяғына таптатқаны жасырын есем.

Төл тарихымыздың методологиясы – нақты  зерттеліп, қолға алынбай келе жатқан күрделі мәселелердің бірі. Бірақ  автор «бұл бағытта әзірге жинақталған іс-тәжірибеміз мардымсыз. Оның үстіне тарихты қалай жазу керек деген сауал ерте заманда-ақ қойылып, осы кезеңге дейін артық түйінін шештірмей келе жатқан құпия» деп те ескертіп қояды.

«Тарих: пайым мен тағылым» «көз ашық, көкірегі ояу» оқырмандар үшін, зерттеуші ғалымдар үшін құнды ғылыми еңбек деп бағалайды [17,4 б.].

«Тарих: пайым мен тағылым» атты еңбегінің  басым бөлігі Қазан төңкерісімен, оның тарихын жаңаша жазудың методологиялық ізденістеріне назар аударылған. Тәуелсіз еліміз үшін мұндай ізденістер аса маңызды. Қазақ тарихшыларының халқымыздың өткен жолына еш қыспақсыз еркін қалам алып, бұрыңғы кеңестік орталықта қалыптасқан ұстанымға жалтақтамай, алыс шетелдік ғалымдардың пікірін, тоталитарлық жүйеде қаза тапқан ұлтымыздың зиялыларының еңбектерін саралап, қатаң сыни көзқараспен, тарихи салыстырмалы әдістермен тәуелсіз тарихымызды жазудағы сүбелі үлес болды. Ол арқылы З. Алдамжар Қазан революциясы жеңісінің әскери төңкерістің ымырасыз шайқастың нәтижесінде жеңіске жеткендігін дәлелдейді. әскери төңкеріс салдаттар мен матростардың қарулы күресінің нәтижесінде және Орта Азия М.В.Фрунзенің батыс, Шығыс, Түркістан, Жетісу майдандарында Қызыл армиясының қолбасшысы болып, оңға-солға кесіп, өтіп, әскери күшпен таптық жауды талқандаудың нәтижесінде жүзіге асты деген қорытындыға келеді [11,61 б.].

Сөйтіп, «Қазан революциясына қазақ халқы  ешбір қажеттілік сезінбеген» деген А.Байтұрсынов пікірінің тарихи шындығы анықталып отыр [16]. Зерттеуші осы еңбегінде кеңестік тарихнамада қалыптасқан төңкеріс барысындағы жұмысшы табының жетекшілігі, Қазақстан мен Орта Азияда да орталық Ресейдегідей революциялық алғышарттар пісіп жетілген, социолистік революция Азамат соғысына дейін-ақ барлық жерде, оның ішінде ауыл мен қыстақтарда да жеңіске жетті, Азамат соғысынан кейін кеңестік үкімет нығайа түсті, қазақ халқы Қазан революциясын зор қуанышпен қарсы алды деген пікірлердің асыра сілтеуден пайда болып, санамызға сіңіріліп, оның басты мақсаты Ресейден шеткері аймақтарды, орыстан өзге ұлттарды аты өзгерген кеңестер одағына түпкілікті мәжбүрлеу екендігін ашып жазды. Осының арқасында ғалым Алаш қозғалысына, оған қатысқан қазақ зиялыларына, кеңестік үкімет жағына шығып халқы үшін еңбек еткен ұлтымыздың өкілдері туралы тың қорытындыларға келді. Автор Алаш ардагерлері - Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов кеңес үкіметін нығайтуда көзге түскен Ә. Жанкелдин, Т.Рысқұлов, О.Жандосов, т.б. өзімізге – қоғамдық – саяси қызметімен, халқына қалдырған мұрасымен жете таныс тұлғаларға аса құрметпен қарап, олардың күресінің басты мақсаты ұлтымыздың ертеңі үшін түбінде олардың тәуелсіздігі үшін күрескендігіне кәміл сеніммен, қарап оларға кеңестік үкіметтің ешқашан сенбегендігін алға тартты [11,62 б.].

Зұлқарнай Алдамжар ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсыновты  ерекше құрмет тұтып, оның Қостанай төріне оралуына айырықша еңбек сіңіреді. Зерттеуші «Байтұрсынұлы үшін халқының тағдыры мен өз басының тіршілігі арасында алшақтық жоқ, біте қайнасқан бір болмыс. Ол – ұлт тарихының қандай да болмасын өзекті жекелеген, нақтылы мәселесін де болашақта да Ахаң мұрасы – бүкіл ұлттық рухани қазына, оның ішінде төл тарихымызға да оның теориялық, методологиялы, тарихнамалық, деректемелік салаларына да баға жетпес құнды қор, табан тірер негіз» деп айырықша қастерлейді [16,62 б.].

Академик Зұлқарнай Алдамжарұлының Ахметтану ісіндегі алғашқы қадамы оның қазыналы Қостанай өңірінде атқарған мемлекеттік және қоғамдық қызметімен қатар басталады. Зұлқарнай Алдамжарұлының Қостанай жеріндегі ректорлық қызметі Алаш орыстарының ақталу уақытымен тұптатұс келді. Алаш азаматтары ақталып жатқан тұста ол Қостанай педагогикалық институтының ректоры қызметі мен Қостанай облыстық «Ана тілі» қоғамы төрағасының орынбасары қоғамдық қызметін қоса атқарады. Тәуелсіздік алған алғашқы күндерден бастап Зұлқарнай Алдамжар өзі басқарып отырған педагогикалық институтқа университет мәртибесін алуға күш салып, ол университетке А. Байтұрсыновтың есімін беруге жұмыстанады. Оның бұл ұмтылысы үлкен қажыр-қайрат пен тынымсыз ізденудің арқасында жүзіге асырады.

З.Алдамжар А.Байтұрсыновтың халқының көсемі екендігін алғаш айтқан М.Әуезов болатын деп көрсетті [16,192 б.].  «Алғашқы оқыған қазақ азаматтарының А. Байтұрсыновпен аз уақыт ішіндегі өмірге саналы көзқарасын оятқан ұлтжанды қасиеттерді ұялатқан үлгі өнегелі өмір жолдарының ішіндегі қиын да, қысқа да болса көп істің ішіндегі ірісі еді» деген Мұхтар Омарханұлының естелігін еске салады. Мұхтар Омарханұлы А. Байтұрсынов туралы естеліктерін оқи отырып, Зұлқарнай Алдамжар өзінің ішкі сезімін алаштың ордақтыларына деген тебіреніс, толғаныс сезімін былай жеткізеді: «Біз бірін-бірі тани білген қазақтың екі маркаскасына еріксіз сүйсінеміз» [16,192 б.].

Мұнан әрі Зұлқарнай Алдамжар Алаштың  екі алыбының Кеңес заманындағы  тар жол тайғақ кешудегі сәттеріндегі, азаматтық ақыл кеңестері туралы пайымын былай жеткізеді: «Мұхтар інім, ең болмағанда сен азат бол» деп Ахаң аманат қалдырыпты деген сөз естеліктерден еміс-еміс естіледі.

«Тән  көмілер, көмілмес еткен ісім,

Ойлайтындар мен емес, бір күнгісін.

Жұрт  ұқпаса, ұқпасын жабықпаймын, ел бүгіншіл, менікі ертең үшін!» - деген.

Көсем сөзінің өзі өмірдегі ұстамы болғанын бізге жеткен естеліктер мен Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қызметіне байланысты құжаттар дәлелдеп отырғаны қазақ халқы үшін Ахаңның еткен еңбегінің бағасын Мұхаң берген. Халқының Ахаңды көзі тірісінде көсемдеп соңынан ергенін кейінгілер ұмытпасын деп айқындап жазып қалдырғаны сөзсіз деп [16,193 б.], Мұхаңның естелігі кейінгі ұрпаққа жеткізуді жаңғыртқан Зұлқарнай Алдамжарұлы болатын.

«Құл  болып қорлықта өткен тоқшылықтан  басың бос болып жоқшылықта өткен  тіршілік мың қайта артық, әуелден өзгелерден бірдей жаратылған қазақ халық та тәңі берген нәсібесімен жұрт қатарлы өмір сүруді қалаған, бірақ оның шайдай ашық шағырмақ күндерінен төрі қаралы мұнды түндері көп болған. Қазақ қазақ болғалы ұлтының азаттығы аңсап дербес жеке ел болу жолында күресіп келді». Осындай тағдыр тауқыметін халқы үшін, Ахмет Байтұрсыновтың басынан кешкенін айтты [16,193 б.].

А.Байтұрсынов сияқты рухани көсемдердің өмір жолдарымен халық үшін еңбек етіп тер төгіп қана қоймай жанында қиғандығы келешек ұрпақтың рухына дем, келешегіне өнеге берді. Жарқын болашаққа үміт артқан әрбір өркен оны ғасырдан ғасырға он бойында алып өткеніне сенді [16,194 б.].

Ахмет Байтұрсыновтың мұрасын зерттеген  Зұлқарнай Алдамжар мынадай пайым  тағылымын айтты: «Жеке адамның азаттығы адам қоғамының, елдің тұтастай азаттығымен келмекші. Еліңің басы байлаулы болса, қарақан басың түккен  тұрмайды» [16,194 б.].

Ахмет Байтұрсынов сияқты, азаттық бостандық  деп аңсап өткен елдердің өздегін  өртеген өкініші іштегі жанын  ұдай ашытқан запыранын бүгінгі ұрпақ өкілдеріне түсінікті – деп жазды [16,194 б.]. Өзінің еңбегі арқылы жастарға сенетіндігін А. Байтұрсынов сияқты рухани көсемдер мен біртуар тарихи  тұлғалардың талайының еңбегінің еш кетпегендігі хақында Зұлқарнай Алдамжардың өз замандастары мен шәкірттері де қалам тартты [3,5 б.]

ХХ  ғасырдың басында қазақ халқының саналы азаматтары халқының қамымен елінің елдігін ойлаған көзі ашық зиялы адамдар қатарында Ахмет Байтұрсынов та болған. Ахмет Байтұрсынов жалғыз емес болды. Оның замандастары Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, Т.Рысқұлов, О. Жандосов сынды қазақ зиялыларының қай қайсысында бөле жарып қарау әбестік болатының еске салды [16,196 б.].

А.Байтұрсыновтың мақсаты қазақ елін алдымен отаршылдық езгіден құтқару болған [16,197 б.]. Патша империясының жасаған жағдайынан қалай шығу, құтқару жолдарын мұрат етіп қойғандағы өзіндік ізденістерін Зұлқарнай Алдамжар өзінің еңбегінде талдай отырып баяндай берді [16,197 б.].

Ахмет Байтұрсынов патша өкіметінің отаршылдық саясатын әшкерлеуде қозғалыстың тірегі етіп «Қазақ» газетін алғандығы көсемдік көрегендігі болғандығын жазады. Жаяу жүрген адам емес. Бұқара халықты оята білгендігін заманының озық ойлы азаматтарының ісі екендігін жеткізді [16,201 б.].

Академик Зұлқарнай  Алдамжарұлы Ахметтануға қосқан үлесінің басты үш саласын былайша көрсетуге болады:

1. Ахмет Байтұрсыновтың  халқымыздың рухани көсемдігі  ретінде қайраткерлік қызметі  мен халық үшін атқарған істерінің  бағасын айқындау;

2. А.Байтұрсыновтың тарих ғылымына деген көзқарасы мен пайым-түсінігі ғылыми тұрғыдан талдау;

3. А.Байтұрсыновтың жас ұрпаққа тәлім-тәрбие боларлық ғибратының тағылымын пайымдау [7,58 б.].

Ахмет Байтұрсыновтың тарих ғылымына, оның теориялық, методологиялық негізіне ғылыми кең шеңберде қарағандығы  белгілі. Тарихты ұлы дерек, сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы деп бағалаған А.Байтұрсыновты халқының ертеңі үшін табандылық көрсеткен, қайтпас жігер, саяси көрегендік, ұлтжандылық танытқан ұлы тұлғалар қатарына қосты [7,58 б.].

Зұлқарнай Алдамжар ұлт-азаттық қозғалыстар  тарихын зерттеуде де тың көзқарастарымен көпшілікке танылды. Қазақстан Ресейдің отарлау заманында Сырым батыр, Арынғазы хан, Махамбет, Исатай батырлар тарихын жазуда мұрағаттық деректермен қатар, ұлттық дерегіміз шежірені пайдалану аса мұқияттылық керектігін жас зерттеушілерге айтудан талмайтын. Сырым бабамыздан қалған аталы сөздердің тарих ғылымы үшін маңыздылығын ескертеді. Автордың қазақ шежіресіне байланысты көзқарасы «Ұрпақтар сабақтастығы – тарихи проблема» деген мақаласында анық жазылған. Автор шежіреші қарттардың «тегі қазақтың билерінің бәрі, қай-қайсысы да сөз ұстаған, тарихты таңбалап отырған адамдар болған ғой. Олар заманының білімдар адамы. Тарихты қаз-қалпында қолданып, көз алдына әкеп, екшеп-текшеп, одан өз биліктеріне қажетті мән шығарып, мақалдап отырған. Билер де жан-жақты білім билік болғаны белгілі. Шексіз талант иелері, сөз, шешендік өнерін қуған. Өзге  қатарларынан артықшылығы да осыдан болған» деп қастерлеу де одан [3,39-40 б.].

Зұлқарнай Алдамжардың атасы – Есет бабамыз  да елге сыйлы, шежіреші қарттардың бірі болатын. Зұлқарнай Алдамжардың  белгілі тарихшы болуына атасының ықпалының басым болғандығын жоққа шығаруға болмас. Елдегі қарттардың айтуынша, Есет бабамыздың жинақтаған мол құжаттары отызыншы жылдардың аяғында қазақ шежірелерін жинау кезеңінде Ғылым Академиясына тапсырылған екен. Міне, өз бабасынан естіген, ауызекі cақталған Сырым батыр туралы әңгімелер атадан балаға жетіп, бүгінде біздің баға жетпес мұрамызға айналып отыр. Сондықтан да болар, ғалым ұлтымыздың намысы мен абыройы үшін күрескен ерлерді ұлықтай білді. Осы мақсатта 2000 жылдары көпшілік қауым үшін белгісіз Арынғазы ханды зерттеу мәселесін көтеріп, кейін кандидаттық диссертация қорғалды. Автор Исатай, Махамбет батырлар мен Жәңгір ханның  қазақ тарихындағы орындарын айқындауға жұмыстанды. Ол үшін арнайы орталық құрып, оның төңірегіне Л.Бердіғожин, А.Ахмет, Ұ.Ахметова, С.Дәрменов, С.Исмаилов сияқты жастарды жинақтап, Ресей мұрағаттарына бағыттай білді. 2003 жылы қыркүйек айында Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығын ЮНЕСКО көлемінде тойлау қарсаңында Қостанай қаласында Зұлқарнай Алдамжар басқарған Әлеуметтік академиясында республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды [35].

Оған  белгілі ғалымдар, шежірешілер – өлкетанушылар, журналистер арнайы шақырылды. Конференция барысында Махамбеттану тарихындағы ақтандақ мәселелер жан-жақты көтерілді [11,63 б.].

Академик  Зұлқарнай Алдамжар ғылымның методологиялық күрделі мәселелеріне де көпшіліктің  назарын аудара білді. Зерттеуші  осы уақытқа дейін қалыптсып, ғылыми айналысқа енген методологиялық тұжырымдар мен қағидаларды түгелдей ысырып тастау асығысып, бірыңғай пайымсыздық болатындығын атап өргеді. Өйткені, қай істе де жинақылық, асықпай-ақтықпай саралау, бұрынғы методологиялық жүйенің қате тұстарын сезіну, қазіргі жағдай да маңызды. Кешегі кеңестік жүйедегі барша ғылымға негіз болған таптық. Методология, тарихтың принциптің коммунистік партиялық принциппен біте қайнасуы, сөзсіз, тарихымызды Зұлқарнай Алдамжар тәуелсіз, тарихымыздың, оның жазудағы тарихшылардың мақсаты мен міндеттерін зерттеуді және осы бағыттағы тарихшының алдындағы жауапкершілігін сезіне білді. Ұлттық тарихшымыздың көлеңкелі тұстарын жазу барысында қоғам сұранысын қамтамасыз ету үшін салиқалы зерттеулердің бір күнде жазылмайтындығын, ұзақ ізденіспен келетіндігін атап өтуден толмады. Бұл арада басқа қоғамдық пәндерді зерттеушілерге қарағанда, тарихшының өзіндік ерекшеліктерін нақты көрсетеді. Ғылымның пікірінше, ең алдымен тарихшы ғалым өз мамандығына сүйіспеншілігімен, оны зерттеу барысында терең талдап, түрлі деректерді өзара салыстыра білуімен, сины тұрғыда қабылдай білуімен ерекшеленуі тиіс. Оған соңғы жылдары тарихшымызға қатысты алыс жақыннан келіп, жатқан жаңа ақпараттық мәліметтерді, деректерді қоссаңыз, көп мәселенің беті ашылады. Зұлқарнай Алдамжардың осындай ұстанымдары бүгінгі және ертеңгі тарихымыз үшін аса маңызды.

Информация о работе Анығына келсек, тарихта бәрін жасайтын адам, сол арқылы ғана идея іске асады