Анығына келсек, тарихта бәрін жасайтын адам, сол арқылы ғана идея іске асады

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 21:34, дипломная работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі. Кез келген тарихи тұлғаға баға бергенде ол өмір сүрген заманы, қызмет етіп, қызу араласқан қоғамы тұрғысынан қарау қажеттігі мен болашақ үшін сіңірген еңбегі тұрғысынан зерделеу талабын ескеретін болсақ, ғылыми зерттеу саласындағы жеке тұлғалардың ашқан жаңалықтарын айқындап, болашаққа берер бағдарын көрсету.
Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға елдің тағдыры, тұлға – елдің тұтқасы болып табылады. Яғни тарих дегеніміз тек қана тап күресі мен қоғамдық формациялардың алмасуы емес. Бұл адамдар мен тарихи тұлғалардың әрекет ететін аренасы.

Работа состоит из  1 файл

Диплом жұмысы.doc

— 626.00 Кб (Скачать документ)

Сонымен Зұлқарнай Алдамжар ұлағатты ұстаз, педагог. Қазақстанда жоғары білімді дамытуға көп үлес қосқан. Жаңа оқу орындарын ашқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2 Зұлқарнай Алдамжардың қоғамдық қызметі

 

Зұлқарнай Алдамжар 80-жылдары Атырау пединститутында ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор болған кезінде ғалым-педагогикалық кадрларды даярлау ісіне үлкен көңіл бөлген. Жастарды аспираттураларға жіберу, оқытушыларды ғылыми жұмыстарға тарту, профессор, доцент ғылыми атақтарына ұсыну мәселелеріне баса назар аударды. Мұндай атақ, дәрежелер ол кезде тек Москвадан берілетін еді, мәселенің қаншалықты күрделі екендігі сондай-ақ белгілі ғой [2,136 б.].

Зұлқарнай Алдамжарұлының ойлары өте алысты болжайтын  еді. Мысалы, 1980 жылдардың өзінде «Қазақстанның астанасын Алматыдан орталық өңірге қарай көшірген дұрыс экологиялық зардап болмаған аудандардағы халықты ұжымымен, қалпын бұзбай солтүстік аудандарға қоныс аударту керек, сонда табиғат жағдайы да, демография мәселесі де оңалар еді», - дейтін-ді [2,136 б.].

Зұлқарнай Алдамжарұлы 1986 жылы Желтоқсан оқиғасының мән-жәйінің, сол кездегі оған берілген ресми бағамен қабыспайтындығын, оған ерте ме, кеш пе басқаша бағалануға тиісті екендігін оңашада айтып  отыратын-ды. Әсіресе СОКП Орталық  комитетінің 1987 жылы қаулы қабылдап, онда «қазақ ұлтшылдығы» деген ұғым енгізгеніне қынжылатын еді. Сол қаулы 1990 жылы майда күшін жойылған [2,136 б.].

Атырау, Маңғыстау облыстарында мұнай, газ  көптеп өңдіріледі және сол кен орындарында  елді мекендер салынады. Өндіріс қалдықтары экологияны нашарлата түседі. Соған байланысты «кен орындарына жақын жерлерден тұрғын үй салмау керек,  оны 100-200 шақырым қашықтан тұрғызу керек, адамдар вахталық әдіспен самолетпен, электропоездар мен қатынас жұмыс жасауы керек» дейтін-ді [2,136 б.]. Мұны да қисынсыз деуге келмейді. Жалпы экологияға байланысты осы күнге қойылып жүрген мәселелерді ол кісі бұдан 25-30 жыл бұрын айтып отыратын еді. Зұлқарнай Алдамжар үлкенді сыйлау, құрметтеу, ұлықтау, кішілерді қамқорлау, көмек көрсетуде алдына жан салмайтын-ды. Ол Қостанайға ректор болып барғаннан кейін оқуға құжаттар тапсырған бірнеше тұлдыр жетім балаларды оқуға емтихансыз қабылдап, сол үшін « оқуға қабылдау ережесін өрескел бұзған» - деген кінә тағылып, әңгіме Білім министріне жетіп, басылғаны бар. Қорыта айтқанда, Зұлқарнай Алдамжарұлы алыстан ойлайтын өте қашықтан болжайтын, өресі өте биік,  қауқары мықты, қамқорлығы мол адам еді [2,137 б.].

Зұлқарнай Алдамжардың жаны жайсаң, адамға қатты  бармайтын, ғылым үшін туған адам десе арттық айтқандық болмас. Бірақ ғылымға байланысты шаруашылық жұмысқа да ерекшелік таныта білді. Әсіресе Қостанай университетін ректоры болған кезде таныла түсті. Университеттің оқу корпустары мен жатақханаларының үйлері азып-тоза бастаған болатын. Олардың бәрін жөндеуден өткізу, аяғына тік тұрғызды [2,63 б.].

Міне, осы тартысқа бар күш-қайраты  мен жанын салған ол өз ұсынысын іс жүзіне асыра білді. Сондай-ақ орталық  мешіт те азып-тозудың аз-ақ алдында, біреу де назар аудармаған екен. Мұсылман қауымының көп баратын  орынының келеңсіз жайға ұшырауы  шын мәнінде жанын ашындырды. Жоғары оқу орындардың алдына мешітті қалыпқа келтіруді мәселе етіп қойды. Кейін оған барлық жағдай жасалды, өзін де аянбай жүріп, қолдау көрсетті. Мешіт еңсесін көтеріп, халық мақтанышына айналды [2,63 б.].

Зұлқарнай Алдамжарұлы республиканың, облыстық қоғамдық-саяси жұмыстарына белсене араласты. Ол әлденеше рет облыстық мәслихатының депутаты, 1994 жылы Қазақстан Республикасының жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды [31,3 б.]. Депутат бола жүріп, талай заңдарын өмірге дұрыс енуіне үлес қосып отырды. Мұның бәрі оның беделін арттырды. Депутаттылықтан босағаннан соң өз алдына университете ашу мақсат етіп қойды. Сөйтіп әлеуметтік-техникалық университет ашып, өмірге бейімдеуге біраз тер төкті. Бұл ретте ол АҚШ, Франция, Германия мемлекеттеріне барып, жоғары оқу жүйелерімен танысты, керегін қажетіне жарата білді [2,63 б.].

Зұлқарнай Алдамжар Республикамызда білім  мен ғылымның дамуына қомақты  үлес қосуымен бірге еліміздің көрнекті қоғам қайраткері де болды. Сондықтан  оған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбевтың жарлығымен 2005 жылы 25 тамызда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері мәртебесі берілді [2,94 б.]. Oл шын мәнінде,  «Егемен Қазақстан» газеті [2,94 б.] атап көрсеткендей, талантты және қайталанбас тұлға еді.

Желмая уақыт зымырып,  зырлап ағады,

Аударылып әр сәт фәнидің шимай парағы.

Тоқтаған  жүрек, сөнген жаңардың орнында,

Жоғалмас  белгі нұрлылардан ғана қалады! – 

Деп түйіндегендей, ел азаматы, ардақты  досы ол аппақ нұрдан жаралғандай, ары  мен жаны таза, асыл еді ғой [2,94 б.].

Сонымен қатар Зұлқарнай Алдамжар ғылым, жаңа технология және білім жөніндегі  дайындық комитетінің төрағасы жұмыстарына сайланды. А.Байтұрсынов атындағы университетінде жұмыс істей жүріп, республикалық оқу-әдістеме жоғары оқу орындарының ректорлар кеңесінің төрағасы болды [31,3 б.].

Зұлқарнай Алдамжар өзінің «Ұлт тағдыры - ұядан» атты мақаласында былай жазады: «Біз бүгінде Қазақстанның тәуелсіз мемлекетінің, егеменді елдігінің он жылдық биігіне халқымыздың жасампаздық құлшынысымен тұңғыш президентіміздің ұтымды ішкі және сыртқы саясаттарының сәтті сәйкестігі нәтижесінде ілгері дамыған әлем мемлекеттері санатында жетіп отырмыз. Бұл тәуелсіздік бақыты, егеменді елдіктің берекелігі. Мемлекеттік, қоғамдық өмірде Ата заңның аясында, демократиялық болмыс шеңберінде реформалық ірі құрылымдар жүйесін, әлеуметтік, экономикалық базисті жасадық. Соның арнасында ауқымды істер жалғасуда, енуде» [41]. Әсіресе білім, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау, спорт пен туризм, салауатты өмір салтын дамыту ерекше көңілге алынды. Бұл игілікті іс.

Ұлт ұрпағы үшін күресін патша заманында  бастап, содан бір мысқыл тап баспай, ақыры кеңестік тоталитарлық өктемдік кезінде өмірі үзілген А. Байтұрсынұлы: «Сол қаңғылып қалып тұрған балалар  ұлттың ұлы емес пе? Балалар деген  жұрт болмаса, жұрттым деп танымаса, сонда өкпелеу жөн ғой. «Аталық міндетін атқарып отырған жұрт жоқ, жұртқа борыштымын деп жүрген қазақ баласы жоқ», - деп жазды Зұлқарнай Алдамжарұлы [41].

2001 жылдың ақпан айында Алматыда  Республика білім және ғылым  қызметкерлері екінші съезінде жас ұрпақ болашағына арнай: «Осы он жылдың өн бойында біз үлкен қиындықтарды бастан кештік, жастар үшін, бүгінгі танда сіздер тәлім беріп жатқан мектеп оқушылары мен студенттер үшін елімізді тұрғыздық, мемлекет құрдық. Біздің заманымыздың тарихын жазатын да, қателескен тұстарымызға да, қол жеткен табысзтарымызға да әділ баға беретін де солар болады», - деп Президентіміз ашық айқан сөздерін өз мақаласында келтіреді.

Оның  көңіл қойып отырған басты  мәселеміз – ол осы жас ұрпағымызды білім, ғылым, мәдениет арнасына қалайша енгізу, үлгі тәрбиені, яғни отансүйгіштік, ар-ұждан намыс биіктігі деген қасиеттілікті, еңбекқорлық пен өнерге деген ұмтылысты, ата-анаға ағайын-туысқа қатар жүрген жолдасқа деген құрмет-ілтипаттылығы, салауатты өмір дәтүрін қай кезден бастап және қалайша қалыптастыруымыз керек деген ой-толғаулар жүйесінде ғана [41].

Зұлқарнай Алдамжардың пайымдауынша, бұл игілікті істі, екелгі ата-баба, ұлт дәстүріне  сай біздің бүгінгі қоғамдық өрлеу  жолымыздағы ұлт рухани қазынаны бойға сіңіріп, шаңырақ асты, отбасы деген үй тәрбиесінен, алақанға салып әлпештен отырған сәбилеріміздің тәрбиесінен басталғаны абзал [41].

Қадір тұтқан, жота көрген, байсалды міңезі мен  зердеде тұрақты орын алған, халқы  мен жеріне тұғыр боларлықтай  сөзімен ісіне ел ұйыған кім десек, ол – Зұлқарнай Алдамжар.

Зұлқарнай Алдамжарұлы Қазақстан Республикасының  тарих ғылымына, соның ішінде Қостанай өлкесінде мәдениетке, әдебиетке, ұлттық санаға ерекше із қалдырды [12,69 б.].

Зұлқарнай Алдамжар республиканың, облыстық қоғамдық саяси жұмыстарына белсене араласты. Қазақстан компартиясының Қостанай облыстық комитет бюросының мүшесі, Қостанай облыстық халық депутатары кеңесінің депутаты және оның ғылым, жаңа технология және білім беру комитеті төрағасының орынбасары, жоғары білім беру жүйесі бойынша төрағасының орынбасары, жоғары білім беру жүйесі бойынша құрылған арнаулы комитетінің төрағасы болып сайланды.

Бұл Қостанай қаласындағы іргелі оқу орындарының бірі – Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті жайлы сөз болғанда көз алдымызға осы білім ордасының негізін қалаушы, көрнекті ғалым, академик, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зұлқарнай Алдамжарұлы Алдамжардың жарқын бейнесі тұра қалады. Асыл ағамыз қазір арамызда жоқ болса да оның есімі ешқашанда өшпейді. Қайта жылдан-жылға оның халқы мен туған еліне сіңірген еңбегі жиі еске алынып, оның шәкірттері мен әріптестері ұлы ұстаздың қадір-қасиетін бұрынғыдан да асқақтата түсуде.

 Зұлқарнай Алдамжар шын мәнінде үлкен жүректі, нағыз ұлтжанды азамат болатын. Ол Қостанайға зиялылықты, қазақылықты өзімен бірге ала келді. Қостанай мемлекеттік университетінің қалыптасуына көп еңбек сіңірді. Осы оқу орнына ұлтымыздың біртуар перзенті Ахмет Байтұрсыновтың есімін бергізуге де тікелей мұрындық болды.

 Аталмыш айтулы оқу орнында қазақ бөлімдері мен топтарының ашылуына септігін тигізді. Қаншама ғылымға талабы бар талантты жастарды қамқорлығына алып, баулыды. Олар ғылыми диссертация қорғағанда жетекшілік етті. Осылардың бірқатары қазір еліміздің түкпір-түкпірінде жемісті еңбек етіп жатыр. Бұл замандастарымызбен тілдесе қалсаңыз, ғұлама азамат жайлы тебірене сөйлей жөнеледі.

 Соның бірі – бұл күндері Атырау мемлекеттік университетінде проректор болып жұмыс істейтін замандасымыз Әбілсейіт Мұхтар. Ол ұстазының сенімін толық ақтады. Тарих ғылымдарының докторы, профессор. Қазіргі таңда өзі де жас ғалымдарды тәрбиелеуге жеткілікті көңіл бөліп жүр. Бірқатар кітаптары да жарық көрді. Республикалық басылымдарда жарияланған танымдық-тағылымдық мақалалары да оқырмандар назарын аударып келеді [42].

 Зұлқарнай аға артында өшпес мұра қалдырған азамат. Еңбегі еленіп, мемлекет тарапынан өзінің лайықты бағасын алды. «Парасат» орденімен марапатталды, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атанды. АҚШ-тың Техас штаты мен Қостанай қаласының құрметті азаматы. Көптеген құнды әрі ғылым жолына түскен жастар іздеп жүріп оқитын кітаптардың авторы.

 Зұлқарнай аға ардақты әке, сүйікті жар болды. Бұл күндері оның асыл армандарын өмірлік жары Гүлсара, қос қарлығашы, яғни аяулы қыздары Бибігүл мен Гүлзада жүзеге асыруда. Оқу орнының құрылтайшысы Гүлсара апамыз болса, Бибігүл оқу орнының президенті, Гүлзада университеттің қаржы жөніндегі проректоры [42].

 Ал университеттің ректоры өзінің шәкірті, халықаралық ақпараттану академиясының академигі, физика-математика ғылым-дарының докторы, профессор, облыстық мәслихаттың депутаты, ізденімпаз ғалым Қадырғали Қоныспайұлы Жаманбалин [42].

 Жалпы, қазақ ғылымында өз орны бар Зұлқарнай Алдамжарұлы Алдамжар алдағыны болжай білетін ғұлама ғалым еді десек артық айтпаған болар едік. Ол облыс орталығында тұңғыш рет бүгінгі уақыт талаптарына сай келетін жеке оқу орнын ашуға бел буды. Сөйтіп, 1998 жылы 21 қазанда қазіргі Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті талапкер жастарға есігін айқара ашты. Ол алдымен академия ретінде дүниеге келсе, артынан жаңа мамандықтар қосылып, әлеуметтік-техникалық университетке айналды.

 Зұлқарнай аға болашақта елімізде техникалық мамандықтарға сұраныс артатындығын алдын ала біліп, осындай аса тапшы мамандық иелерін даярлауға ерекше көңіл бөлді. Оқу орнының атына заты сай болу үшін оның материалдық-техникалық базасына басты назар аударды. Осы бағытта уақытпен санаспай жұмыс істеді. Университеттің алдында студенттердің жан-жақты сапалы білім алуы әрқашан бірінші кезекте тұрды. Сонымен қатар, оларға күнделікті дәріс беретін оқытушылардың біліктілігі мен интеллектуалдық деңгейін де ұмытпады.

 Академик өзі негізін қалаған университеттің жалпы деңгейін, студенттерге білім беру сапасын халықаралық дәрежеге көтеру үшін еліміздің, көршілес Ресейдің және басқа да бірқатар шетелдердің жоғары оқу орындарымен арадағы байланысты нығайтып, шарттар жасасты. Өздерінде жастарға дәріс беретін оқытушылардың ғылыми жұмыстармен шұғылдануларына, магистратура мен аспирантурада оқуларына қолдан келген барлық жағдайларды туғызуға тырысты [42].

Өмірде  жаны жайсаң жандардың қоғам үшін атқарған ізгі істері ұмыт болмайды. Мұның өзі өмір заң дылығы болар. Осындай азаматтардың бірі академик Зұлқарнай Алдамжар еді.  
Бұл есімді білмейтіндер кемде-кем. Себебі ол ұрпақ үшін қам жеген, келешек үшін көп іс тындырған кісілердің бірі болатын. Көзі тірісінде Ахаң атындағы университетті басқарып, одан қалды қаңырап бос тұрған КСК мөлтек ауданындағы ғимаратты оқу ордасына айналдырған, сол мөлтек ауданға жан бітірген жан еді [42].  
         Енді бүгін ортамызда Зұлқарнай Алдамжардың өзі болмаса да көзіндей болған жан жары Гүлсара апа мен қыздары бар. Олар да жар, әке артында қалған келелі істі әрі жалғастырып, көзін табуда.  
Көпшілік қауымның басын қосқан шараға Зұлқарнай Алдамжарға арналған мұражайдың ашылуы. Желтоқсан айының 5-ші жұлдызында академик 70 жасты еңселер еді. Осы туған күннің қарсаңында көкейде жүрген бір іс – мұражай ашып, келер ұрпаққа аманат ету болатын. Ойға келген істің қолға алынса бітпейтіні жоқ. Сәтті іске жұмыла кіріскен отбасы мүшелері мен университет ұжымы тамаша мұражайдың есігін айқара ашуға кіріскен [42].  
       Мұражай ашуды Зұлқарнай өмірінің соңында бізге аманат етпеген еді. Бірақ артында қалған ұжымы, отбасы бірігіп, келер ұрпақ білсін, көрсін деген мақсатта осындай мұражайды ұйымдастырып, ашып отырмыз, – деп өзінің лебізін білдіре кетті Зұлқарнай Алдамжар атындағы оқу орданың құрылтайшысы, академиктің асыл жары Гүлсара Шолпанбайқызы.  
Одан әрі Зұлқарнай Алдамжардың жолдастары, үзеңгілес достары Мағауия Жүнісов, Михаил Дәуенов, Зейнеш Файзоллаұлы да көкейлеріндегі қуаныштарын жеткізіп, бұл іске сәттілік тіледі. Ақ шашумен тұсауы кесілген мұражайдың ішін аралауға кірген қонақтарды мұражай сыртында тізіле ілінген суреттер тізбегі қарсы алды. Елбасымен кездесу сәттерінен, жастық шағынан, оқу ордасын ашу салтанатынан түсірілген суреттер ілініпті. Мұражай ішінде Зұлқарнай Алдамжардың өмір жолынан сыр шертер заттар мен суреттер, киген киімдері, тіптен тартқан домбырасына дейін орын алған. Бес минуттік арнайы түсірілген бейнефильм де өткен күндерге жетелейтіндей. Ол туралы айтылған жылы лебіздер, мұражай иесінің кім болғанын анық аңғартатындай.  
Алдағы уақытта мұражай іші әлі де толықтырылып, мұрағаттар қатары бұдан да қызықты жәйттерден сыр бермек [42].

Информация о работе Анығына келсек, тарихта бәрін жасайтын адам, сол арқылы ғана идея іске асады