Анығына келсек, тарихта бәрін жасайтын адам, сол арқылы ғана идея іске асады

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 21:34, дипломная работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі. Кез келген тарихи тұлғаға баға бергенде ол өмір сүрген заманы, қызмет етіп, қызу араласқан қоғамы тұрғысынан қарау қажеттігі мен болашақ үшін сіңірген еңбегі тұрғысынан зерделеу талабын ескеретін болсақ, ғылыми зерттеу саласындағы жеке тұлғалардың ашқан жаңалықтарын айқындап, болашаққа берер бағдарын көрсету.
Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға елдің тағдыры, тұлға – елдің тұтқасы болып табылады. Яғни тарих дегеніміз тек қана тап күресі мен қоғамдық формациялардың алмасуы емес. Бұл адамдар мен тарихи тұлғалардың әрекет ететін аренасы.

Работа состоит из  1 файл

Диплом жұмысы.doc

— 626.00 Кб (Скачать документ)

        Ғасырлар қойнауынан жеткен жәдігерлер «айтып» отырғандай, гүлденген өркениетке мекен болған кең байтақ жердің иесін «бұратана» атандырған өктем саяси қасандандырған, тапталған тарихты қайта серпілту, жазу оңай ма еді? Оған тарихтың, тарихнаманың методологиясын меңгерген, олы іздеген, тарих ғылымының қалыптасып, даму барысынан білімі, дайындығы мол ғалымдар ілі іске кірісті.

Кемеңгер  жазушы Әбіш Кекілбайұлы журналистерге  берген бір сұхбатында:

          -  Тәуелсіздік келгеннен кейін  ұлттық зерделеуіміз түбегейлі  өзгерді. Сол саналы ұғымға  іс жасаған адамдар санаулы  болды, Зұлқарнай Алдамжарұлы  сол санаулылар тобынан. Көпшілігі сол кешегі жамандағанды бүгін жақтаса, кешегі мақтап жүргенді бүгін жамандаса біздің тарихи санамыз өзгерді деп ойлайды...

Тарихи  сананың өзгеруі үлкен эволюциялық, диалектикалық қарама-қайшылыққа толы құбылыс. Руханият саласында прогресс болатын болса, ол өзгермейтін, барлық уақытта адамдар үшін құндылық болып табылатын құбылыстардың арқасы. Сол құндылықтардың жиындысын, құбылыстардың ұлы жемісін бұзып алмай, ұлттық қалыптасудың бағыт бағдарын оң бағыттай білу ол тарих ғылымының қолындағы іс болатын. Зұлқарнай соны түсінген, бірден бір түсінген тарихшылардың бірі еді, деген Әбіш Кекілбаев [30].

Зұлқарнай Алдамжарұлы негізін қалаған  Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті-халықаралық  білім кеңістігіне құлаш сермеген таяу және алыс шетелдермен байланыста жұмыс істеген жекеменшік жоғары оқу орны. З. Алдамжар Халықаралық білім Консорциумын ұйымдастырған, оның құрылтайшылары Қостанай әлеметтік-техникалық университеті мен Орал мемлекеттік-техникалық университеті (Екатеринбург қаласы).

Консорциумның құрамына Орал мемлекеттік заң академиясы және Атырау мұнай және газ институты кіреді. Университете Челябі мемлекеттік медицина академиясының өкілеттілігін ашқан.

2005 жылдың 7 қарашасында 68 жасқа қараған  шағында тарих ғылымдарының докторы,  профессор Зұлқарнай Алдамжарұлы қайтыс болды [2,160 б.].

Сонымен Зұлқарнай Алдамжар Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің депутаты, Халықаралық ақпараттандыру академиясының, Қазақстан Жоғары мектебі халықаралық академиясының академигі болып сайланды. Оған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қостанай қаласының және Техас штатының құрметті азаматы атағы берілді.

 

 

 

 

Қорытынды

 

Зұлқарнай Алдамжар – халықаралық информатизациялау Академиясының академигі, Қазақстанның халықаралық Жоғары мектебі Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер, Қостанай қаласының құрметті азаматы, «Парасат» орденнің иегері.

Зұлқарнай Алдамжар бала жасынан қазақтың шежіресі, арғы бергі тарихы, батыры мен ақыны, жақсылары туралы әңгімесін атасы Есет құлағына құйып, бойына, ұлтына деген Махаббатты сіңірген.

Болашақ тарихшы Зұлқарнай Алдамжарұлының алғашқы өмірі мектебі осындай  рухани қазынасы мол, текті ортада қалыптасты.

Зұлқарнай Алдамжарұлы 1957 жылы қаладағы Абай атындағы орта мектепті үздік бітіріп, сол кездегі қазақтың жалғыз мемлекет университетінің тарих факультетіне оқуға түседі. 1962 жылы Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекет университетті үздік, қызыл дипломмен бітіріп, сол кездегі Гурьев педагогикалық институт қазіргі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне Қазақстан жоғары және орта дәрежелі Білім министірлігінің жолдамасымен қызметке орналасып, жастарға білім беру бағытындағы ұстаздық жұмысқа құлшына кірісті.

1960-1970 жылдары университетінің ғылыми істер жөніндегі проректоры жұмысында, өзін көрнекті ғалым ретінде таныта білсе, жас ғылыми кадрларды дайындауға үлкен қамқорлық жасап, университетің іргелі оқу орнына, оның материалдық-технологиялық базасының нығаюына, тарих мамандығын ашуда айтарлықтай еңбек сіңірген. Мәскеудегі КСРО Ғылым Академиясының КСРО тарих ғылыми-зерттеу институтында тарихнама саласынан докторлық диссертациясын сәтті қорғады.

1989 жылы 28 қарашада Зұлқарнай Алдамжарұлы  Қостанай педагогикалық институтының  ректорлығына сайланды. Институт 1992 жылы 6 тамызда Қазақстан Үкіметі қаулысымен Қостанай педагогикалық институтының негізінде Қостанай мемлекеттік университеті ашылды. Бұл Қостанай ғана емес, бүкіл Қазақстанның мәдени өмірдегі маңызды оқиға болды. Университеттің ашылуына және қалыптасуына оның ректоры профессор Зұлқарнай Алдамжарұлы үлкен еңбек сіңірді. 1996 жылы осы университетке қазақ халқының рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов атының берілуі де оның қажырлы еңбегінің жемісі.

        1999 жылы академик Алдамжар Зұлқарнай Алдамжарұлы Қостанай әлеуметтік академиясын ашты. Кейін бұл білім ордасы уақыт талабына сай әлеуметтік-техникалық университетке айналды.

Академик  З.Алдамжар өткен ғасырдың 90-жылдары тәуелсіздігін алған Қазақстанның, азат елдің тарихын, тарихының тарихнамасын ерекше шабытпен жазды.  Осы көзге дейін тарихтағы қасаң пікірлермен қатып қалған, елеусіз ғана айтыла салатын оқиғаларды жаңа көзқараспен тірілтті. Көптеген еңбектерін жазды. 2002 жылы ғалымның «Тарих: пайым мен тағылым», 2006 жылы «История: размышления и суждения» атты монографиялар жарық көрді.

Зұлқарнай Алдамжар өз ғұмырында тарих ғылымының  төмендегідей бағыттарына жете назар  аударды:

1. Қазақстандағы  төңкерістер және ұлт-азаттық  қозғалыстардың тарихи және тарихнамалық  мәселелері;

2. Ұлтымыздың біртуар тарихи тұлғалары, олардың тарихындағы ақтандақтар;

3. Ұлттық  тарихымыздың методологиялық мәселелер;

4. Қазақстанның  жоғары мектебі: европалық үлгі  бойынша білім беру жүйесіне  көшудің нақтылығы мен болашағы;

5. Шағын  кешенді мектептер тарихы және ондағы мәселелер.

Зұлқарнай Алдамжарұлы өзінің ғылыми басшылығымен жекеменшік «Алдамжаровтың ғылыми-зерттеу және білім беру-мәдени орталығын» құрды. Орталықтың ізденістерінің нәтижесінде «Қостанай» академиялық энциклопедиясы, Нұржан Нашаубаевтың өмірі және шығармашылығы туралы монография, Исатай және Махамбет, Сегіз Сері, Ахмет Байтұрсынов және оның серіктері туралы зерттеулер басылып шықты.

Сонымен қатар ғалым зерттеулерінде көрініс  тапқан Қазақстан тарих ғылымында  жаңа қалыптасып жатқан тарихтың методологиялық мәселелері, тарих философиясы, тарихи үрдіс теориясы, қазақ тарих деректері, теориялық деректемелері туралы ой пікірлері қазіргі танда тарихшылар үшін аса маңызды болып табылады.

Академик  Зұлқарнай Алдамжарұлы тарих  ғылымының әлі де жеткіліксіз зерттелген, қиын да, күрделі саласы – тарихнама: теориясы және әдіснамасы. Өзінің соңғы кітабында «История: размышления и суждения» теория және методология, зерттеу принцептер туралы, тарихи деректер туралы жазған.

Зұлқарнай Алдамжар тарих ғылымының методологиялық күрделі мәселелеріне де көпшіліктің назарын аудара білді. Зерттеуші осы уақытқа дейін қалыптасып, ғылыми айналысқа енген методологиялық тұжырымдар мен қағидаларды түгелдей ысырып тастау асығыстық, бірыңғай пайымсыздық болатындығын атап өтеді. Өйткені, қай істе де жинақылық, асықпай-аптықпай саралау, бұрынғы методологиялық жүйенің қате тұстарын сезіну қазіргі жағдайда маңызды.

Білім беру және ғылым саласында халықаралық  байланыс дамуы туралы келісім орнату мақсатында Зұлқарнай Алдамжар білім  беру және ғылым министр Ш. Шаяхметовпен бірге АҚШ-ң Кентук штаттағы Лексингтон университетінде болды. 2000 жылы күзде Зұлқарнай Алдамжарұлы Бельгияда семинарға барды сол жылы «Стратегический менеджмент» халықаралық семинарға қатысу үшін Францияға барып келді.  Жоғары оқу орындарының ректорлар делегация құрамында Зұлқарнай Алдамжар Қытайда, Түркияда болды. Онда ол жоғары білім беру мәселелер бойынша халықаралық конфиренцияға қатысты.

Зұлқарнай Алдамжар Ахмет Байтұрсыновты насихаттауды, оны барынша жас ұрпаққа танытуды мақсат етті. Жас ұрпақтың бойына патриоттық, отаншылдық сезімді егер болсаң, Ахмет Байтұрсыновты тандауымыз керек деп білді.

1994 жылы Қазақстан Республикасы  жоғарғы кеңесінің депутаты болып  сайланды. Ол Қазақстан солтүстік  аймағы жоғары оқу орындары ректорлары кеңесінің төрағасы, шағын комплектілі мектептер жөніндегі республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің төрағасы болып сайланды

      З. Алдамжар республика көлемінде танымал әрі беделді азамат болды. Қазақстан Республика Жоғары Кеңесінің депутаты бола жүріп, жаңа Қазақстанның іргетасын қалаушылардың бел ортасында жүрді. Оның айтуынша, бұл жылдар еліміз үшін оңайға соққан жоқ. КСРО идеологиясының құрсауынан шыққан барлық дерлік депутаттар кеңестің жүйенің кадрлары болатын. Еркіндік пен тәуелсіздік сезініп, қолдарына билік тиген олардың көбісі әділдікті қорғап, бәрін бай етіп, байлардың кедейлендірмек болды. Осы орайда олардың дені мұндай құрылыстың не теориясын, не практикасын білген жоқ.

        2001 жылдың мамыр айында Зұлқарнай  Алдамжарұлы «Инновациялық орталығын» құрып, онда білім беру, ғылым, өндіру технологиясында, ғылыми кадрларды даярлау ісінде қызмет атқарды. 2002 жылы «Тарих: пайым мен тағылым» еңбегін жазады.  Оның басшылығымен жеке ғылыми орталық – «Алдамжаров ғылыми-зерттеу орталығы» құрылды.

       Зұлқарнай артында өшпес мұра қалдырған азамат. Еңбегі еленіп, мемлекет тарапынан өзінің лайықты бағасын алды. 1998 жылдың 22 қазан айында «Парасат» орденімен марапатталды, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атанды. 1993 жылы 18 мамырда АҚШ-тың Техас штаты, 1999 жылы Алдамжар Зұлқарнай Алдамжарұлы жыл адамы, 2003 жылы Құрметті Зұлқарнай Алдамжарұлыны қазақ халқының көсемі ұлт-ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы елі Ақкөл азаматы болып қабылданды. 2005 жылы 5 шілде айында Қостанай қаласының құрметті азаматы болып атанды. Көптеген құнды әрі ғылым жолына түскен жастар іздеп жүріп оқитын кітаптардың авторы.

      Зұлқарнай Алдамжар - өзінің бар  күш-жігері мен білімін Қазақстан  Республикасындағы жоғары білім  мен ғылымын дамытуға жұмсады. Жас ұрпаққа халықаралық деңгейдегі сапалы білім, қалаулы мамандық беруді, ғылымға баулуды ұйымдастыруға, өркениетті ұлтжанды сананы қалыптастыруға, парасаттылықпен жасампаздық құлшыныс арнасында тәлім-тәрбие беруге үлес қосты.

Зұлқарнай Алдамжар қалдырған еңбектерін тарихнама, әдістеме, деректану мәселелерді қарастыруға тарихшылар кеңінен қолданылу керек.

Қорыта  келгенде Академик Зұлқарнай Алдамжарұлы  ғылыми және қоғамдық-саяси өміріндегі ірі тұлға еді.

 

 

Пайдаланылған әдебиет тізімі

 

  1. Әбуев Қ. Қазақстан: тарих және тағылым. – Астана: Елорда, 2006 – 320бет.
  2. Алдамжар З: еске алу кітабы = книга памяти. Құрастырылған З.Ф. Қаражігітов. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2007, - 228 бет.
  3. Таным таразысында (мақалалар жинағы). Құрастырушы Ә.Қ. Мұқтар.                 Атырау: «Атырау-Ақпарат» баспаханасы, 2006, 313 бет.
  4. Джаманбалин К.К. Академик Алдамжар З. – человек опередивший время // Алдамжар оқулары – Алдамжаровские чтения. Акад. З. Алдамжардың 70 жылдығына арн. Х. а. ғыл.-тәж. Конф. (қазақша-орысша). – Алматы: «Арыс» баспасы, 2007. – 658с.
  5. Джаманбалин К.К. З. Алдамжар – наставник, педагог, организатор //«Отан тарихының келелі мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конфер. матер. жинағы. Т.ғ.д., профессор Зұлқарнай алдамжарға арналады. 28-29 ақпан 2008. / Құрас.: Ш.Н. Нағимов, А.В. Блохин, Ғ.А. Шотанова. – Атырау: Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Жаңа ақпараттық технологиялар орталығы, 2008.- 260 бет.
  6. Қаражігітов З.Ф. Академик З. Алдамжар о задачах отечественной историй науки в новых условиях и его взгляд на реформы высшего образования в Казахстане //Алдамжар оқулары – Алдамжаровские чтения. Акад. З. Алдамжардың 70 жылдығына арн. Х. а. ғыл.-тәж. Конф. (қазақша-орысша). – Алматы: «Арыс» баспасы, 2007. – 658с.
  7. Исенов Ө.И., Исенова Г.Б. З. Алдамжарұлы және Ахметтану //Алдамжар оқулары – Алдамжаровские чтения. Акад. З. Алдамжардың 70 жылдығына арн. Х. а. ғыл.-тәж. Конф. (қазақша-орысша). – Алматы: «Арыс» баспасы, 2007. – 658с.
  8. Ж. Бейісұлы.  Ректордың тосын шешімі// Жас алаш. 5 мамыр, 2001ж
  9. Нығмет Ғ.Н. Академи З. Алдамжар зерттеуіндегі А.Байтұрсынов тағылымдары. // «Отан тарихының келелі мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конфер. матер. жинағы. Т.ғ.д., профессор Зұлқарнай алдамжарға арналады. 28-29 ақпан 2008. / Құрас.: Ш.Н. Нағимов, А.В. Блохин, Ғ.А. Шотанова. – Атырау: Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Жаңа ақпараттық технологиялар орталығы, 2008.- 260 бет.
  10. Көшеров К.М. З. Алдамжардың тіл мәселесіндегі ғылыми болжамдары //Алдамжар оқулары – Алдамжаровские чтения. Акад. З. Алдамжардың 70 жылдығына арн. Х. а. ғыл.-тәж. Конф. (қазақша-орысша). – Алматы: «Арыс» баспасы, 2007. – 658с.
  11. Мұқтар Ә.Қ. Қазақ тарих ғылымы және З. Алдамжар //Алдамжар оқулары – Алдамжаровские чтения. Акад. З. Алдамжардың 70 жылдығына арн. Х. а. ғыл.-тәж. Конф. (қазақша-орысша). – Алматы: «Арыс» баспасы, 2007. – 658с.
  12. Хазез М., Қонысбайқызы Д. З. Алдамжарұлы: ғылым, басшы, қоғам қайраткері //Алдамжар оқулары – Алдамжаровские чтения. Акад. З. Алдамжардың 70 жылдығына арн. Х. а. ғыл.-тәж. Конф. (қазақша-орысша). – Алматы: «Арыс» баспасы, 2007. – 658с.
  13. Жәрімбетова Н. Ұлтым деп туған жан //Егемен Қазақстан. 2007. 5 желтоқсан.
  14. Бақи Ж.Б. Профессор Зұлқарнай Алдамжардың ғылыми-шығармашылық қызметі  //«Отан тарихының келелі мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конфер. матер. жинағы. Т.ғ.д., профессор Зұлқарнай алдамжарға арналады. 28-29 ақпан 2008.// Құрас.: Ш.Н. Нағимов, А.В. Блохин, Ғ.А. Шотанова. – Атырау: Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Жаңа ақпараттық технологиялар орталығы, 2008.- 260 бет.
  15. Абдоллаев Н.А. З. Алдамжар және қазіргі заманғы тарих әдіснамасы.//«Отан тарихының келелі мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конфер. матер. жинағы. Т.ғ.д., профессор Зұлқарнай алдамжарға арналады. 28-29 ақпан 2008.// Құрас.: Ш.Н. Нағимов, А.В. Блохин, Ғ.А. Шотанова. – Атырау: Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Жаңа ақпараттық технологиялар орталығы, 2008.- 260 бет.
  16. Алдамжар З. Тарих пайым мен тағылым. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2002. – 288 бет.
  17. Мұқтар Ә. Тарих: пайым мен тағылым немесе З. Алдамжар еңбегі хақында // Қазақ тарихы. 2002. №4.
  18. Сүйінұлы Е. Академик Зұлқарнай Алдамжар ел игілігі үшін қызмет етуде //Қостанай таңы. 2002. 15 қазан.
  19. Сыргазикова А. Главная память – это продолжение его дела //Шамшырақ. 2005. 24 қараша.
  20. Бергібаева Д. Зұлқарнай Алдамжар хақында //Шамшырақ №15 2005. 24 қараша.
  21. А. Сахариева. Ғибратты ғұмыр //Шамшырақ №5 2007. 28 маусым.
  22. Лалаян Н.Т. Великий человек живет и после смерти //Шамшырақ. №22. 2006. 21 қыркүйек.
  23. Нұрмұхаметова К. Ұстаз – ұлағаты //Шамшырақ. №23. 2006. 26 қазан.
  24. Бугаев И. Там, где жил З. Алдамжар //Шамшырақ. №24. 2006. 16 қараша
  25. Бугаев И. Год без Зұлқарная Алдамжара //Шамшырақ. №24. 2006. 16 қараша
  26. Жақсанов О. Қостанайдың бағына келген қаза //Қостанай. 2008. 22 қантар.
  27. Қонқабаев Ш. Абырой асқан өр тұлға //Қостанай таңы. 2006. 7 қараша.
  28. Дәуенов М. Ұмытылмас бейне //Қостанай таңы. 2006. 7 қараша.
  29. Дәуенов М. Он часто говорил: Добро не навредит //Костанайские новости. 2006. 7 ноября.
  30. Хайдарұлы С. Академиктің екі ерекшелігі //Қостанай таңы. 2007. 30 қараша.
  31. Мұқтар Ә. Ұстаз. Ғалым. Қайраткер //Қостанай таңы. 2006. 8 қараша.
  32. Толепбергени Ж.Т. З. Алдамжарұлы Алдамжар – историограф истории Казахстана //Алдамжар оқулары – Алдамжаровские чтения. Акад. З. Алдамжардың 70 жылдығына арн. Х. а. ғыл.-тәж. Конф. (қазақша-орысша). – Алматы: «Арыс» баспасы, 2007. – 658с.
  33. Әбіш Д. Ойы озық, жаны жайсаң, үлкен ғалым //Қостанай таңы. 2007. 30 қараша.
  34. Құдайқұл Ж. Жыл адамы – академик Зұлқарнай Алдамжар! //Қостанай таңы. 2000. 5 қаңтар; Соныкі  «Арқа тұтар азамат» //Қостанай таңы. 2006. 3 қазан.
  35. Сейталиев Қ.Б. Белгілі қайраткер, тарихшы-ғалым //«Отан тарихының келелі мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конфер. матер. жинағы. Т.ғ.д., профессор Зұлқарнай алдамжарға арналады. 28-29 ақпан 2008.// Құрас.: Ш.Н. Нағимов, А.В. Блохин, Ғ.А. Шотанова. – Атырау: Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Жаңа ақпараттық технологиялар орталығы, 2008.- 260 бет.
  36. Әбжанов Х. Профессор З. Алдамжар зерттеуінің тарихи-методологиялық әлемі //«Отан тарихының келелі мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конфер. матер. жинағы. Т.ғ.д., профессор Зұлқарнай алдамжарға арналады. 28-29 ақпан 2008.// Құрас.: Ш.Н. Нағимов, А.В. Блохин, Ғ.А. Шотанова. – Атырау: Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Жаңа ақпараттық технологиялар орталығы, 2008.- 260 бет.
  37. Костанайская область. Энциклопедия. – Алматы: Издательство «Арыс», – 2006 – 736стр.
  38. Алдамжар З. История: размышления и суждения. – СПб.: Изд. С-Петерб. ун-та 2006, - 209 с.
  39. Ахметова Ұ.Т. З. Алдамжардың ғылыми мұралары //«Отан тарихының келелі мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конфер. матер. жинағы. Т.ғ.д., профессор Зұлқарнай алдамжарға арналады. 28-29 ақпан 2008.// Құрас.: Ш.Н. Нағимов, А.В. Блохин, Ғ.А. Шотанова. – Атырау: Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Жаңа ақпараттық технологиялар орталығы, 2008.- 260 бет.
  40. Оразбаева А. З. Алдамжар – атыраудың абыройы, Қостанайдың ақыл-ойы еді //Шамшырақ. №16. 2005. 22 желтоқсан.
  41. З. Алдамжар Ұлт тағдыры ұядан //Қостанай таңы. 2001. 10 сәуір.
  42. Қостанай қаласының Зұлқарнай Алдамжар атындағы әлеуметтік ...

     Қостанай қаласының Зұлқарнай Алдамжар атындағы әлеуметтік-   техникалық университеті. Қостанай қаласының Зұлқарнай Алдамжар атындағы әлеуметтік- техникалық ...

     www.fincenter.kz/kz/university/element.php?ELEMENT_ID=1016 - 28k

  1. Сизоненко А.М., Назмутдинов Р.А. З.А. Алдамжар как инициатор подготовки учителей для малокомплектных школ РК //Алдамжар оқулары – Алдамжаровские чтения. Акад. З. Алдамжардың 70 жылдығына арн. Х. а. ғыл.-тәж. Конф. (қазақша-орысша). – Алматы: «Арыс» баспасы, 2007. – 658с.
  2. Айкадамова А. Келешек үшін тер төккен //Қостанай таңы. 2007. 4 желтоқсан.
  3. Вестник Атырауского государственного университета им. Х. Досмухамедова «Об общественно-политической и научно-исследовательской деятельности Алдамжара З.А.» №2 (7) 2006, 84 стр.
  4. Оспанова Қ. Біздің болашағымыз білім мен ғылымда //Қостанай таңы. 2004. 28 сәуір.
  5. Ахметнин К. Арысымыздан айырдық //Алға. 2005. №10.
  6. Памяти основателя вуза //Шамшырақ. №7. 2007. 22 қараша.
  7. Сергазинова А. Он во всем был первый //Қостанай. 2006. 15 қыркүйек.
  8. Сергазинова А. Этот учебный год посвящен памяти З. Алдамжара //Қостанай. 2006. 5 қыркүйек.
  9. Абалакова О. Человек, который не спешил //Костанайские новости. 2006. 9 сентября.
  10. Зергазинова А. Память о нем будет жить в наших сердцах //Шамшырақ. №15 2005. 24 қараша.
  11. Сергазинова А. З. Алдамжар – почетный гражданин города //Костанай. 2005. 19 июля.
  12. Әбіш Д. Мәселе – білім беру сапасында //Қостанай таңы. 2000. 10 қазан.
  13. Алдамжаров З.А. Победа великой октябрьской социалистической революции в Казахстане – Алматы. 1983.
  14. Алдамжаров З.А., Сизоненко А.М. Малокомплектная школа и подготовка педагогических кадров. Костанай. 1997.
  15. Сүйінұлы Е. Тарих: пайым мен тағылым //Қостанай таңы. 2003. 28 наурыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                       Қосымша А

 

Хронологиялық кесте

 

1937 жылы 5 желтоқсан – Зұлқарнай Алдамжардың дүниеге келді.

1957 жылы – Атырауда орта мектепті бітірді.

1962 жылы - Әл-Фараби атындағы университетінің тарих факультетін бітірді.

1967-1970 жж - ҚазССР Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының аспирантурасында оқыды.

Информация о работе Анығына келсек, тарихта бәрін жасайтын адам, сол арқылы ғана идея іске асады