Анығына келсек, тарихта бәрін жасайтын адам, сол арқылы ғана идея іске асады

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 21:34, дипломная работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі. Кез келген тарихи тұлғаға баға бергенде ол өмір сүрген заманы, қызмет етіп, қызу араласқан қоғамы тұрғысынан қарау қажеттігі мен болашақ үшін сіңірген еңбегі тұрғысынан зерделеу талабын ескеретін болсақ, ғылыми зерттеу саласындағы жеке тұлғалардың ашқан жаңалықтарын айқындап, болашаққа берер бағдарын көрсету.
Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға елдің тағдыры, тұлға – елдің тұтқасы болып табылады. Яғни тарих дегеніміз тек қана тап күресі мен қоғамдық формациялардың алмасуы емес. Бұл адамдар мен тарихи тұлғалардың әрекет ететін аренасы.

Работа состоит из  1 файл

Диплом жұмысы.doc

— 626.00 Кб (Скачать документ)

Адам  өмірге келген соң, бар ғұмырын оның құндылықтарын іздеумен өткізеді. Осы орайда өзінің адамгершілігімен, рухани адалдылығымен, кеңпейілдігімен, ойшылдығымен жадымызда жатталып қалған ізгі ниетті жан Зұлқарнай Алдамжардың да бақилық болғанына жылдың жүзі болыпты [29,4 б.].

«Бауырында күнге көріп жүрген соң, таулардың билікті байқалмайтыны» тағы бір дәлел болып табылады. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде оқыған жылдары белгілі тарихшы-ғалымдар Е.Бекмахановтан, академик С.Покровскийден, профессор А.Алиевтен, Ә.Тұрсынбаевтан, С.Кенжебаевтан, Ә.Қанапиннен, К.Нұрпейістен, Г.Дахшлейгерден дәріс алды. Ұстазы Е.Бекмаханов шәкірттері арасында З.Алдамжарға зор үміт артты. Екі тілге бірдей жүйрік Зұлқарнай ұстаздарының бағыттауымен тарих ғылымы жайлы әдебиеттерді кең қамтып оқыды. Тарих ғылымының күрделі де қиындау тарихнама саласын зерттеу нысанына айналдырды. “Қазақстандағы социалистік революциясы тарихының проблемалары Кеңес тарихнамасында” тақырыбында басталған кандидаттық диссертациясы іргелі монографияларға жалғасты. Зұлқарнай 1985 жылы Мәскеудегі КСРО тарихы ғылыми-зерттеу институтында тарихнама саласынан докторлық диссертациясын қорғады. Бұл белгілі тарихшы И.Минцтің “Ұлы Қазан революциясының тарихы”атты әйгілі еңбегінен кейін осы тақырыпқа ұлт республикалары арасынан, әсіресе, Орта Азия мен Қазақстаннан тарихнама бойынша сол кездегі астанамыз Мәскеуде қорғалған алғашқы ғылыми жұмыс болатын. Онда бай мұрағат материалдары, баспасөз деректері, Кеңес өкіметін орнатушылар естеліктері молынан пайдаланды, мәселенің 1917-1980 жылдар арасындағы тарихнамасы кезеңдерге бөлініп талданды. Күйіп тұрған саясат кезінде тұңғыш рет Алашорда, “Үш жүз” партияcының, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов көзқарастары Кеңес өкіметін орнатушылар еңбегі арқылы баяндалды. Зұлқарнай — тарих және тарихнама ғылымына бірнеше монография мен көптеген ғылыми мақалалар арнаған ғалым [30].

Зұлқарнай Алдамжарұлы  – мыңдаған шәкірт дайындап, білім  нәрімен сусындатқан ұстаз, жас  ғылымдарға жиырмаға жуық докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғатып еліміздің ғылыми мүмкіндігін көтеруге үлесін қосқан үлкен жетекші ғалым. Ол тусында академик Кеңес Нүрпейіс: «Өзі басқарған мемлекеттік университет пен жеке меншік университет аясында Зұлқарнай Алдамжарұлы мыңдаған жоғары білімді мамандар мен ондаған тарих ғылымының кандидаттары мен докторларын даярлау ісінде таңқаларлық белсенділік көрсетті. Олардың біразын өз қаражаты есебінен  «Атылмай жомартқа» тән әрекеттер жасады», - деп бағалады [31,3 б.].

Сан түрлі саясаткерлердің бірі билікпен айқасса, енді бірі қалтасын қампай туды жөн көрді, бірақ көбі құқықтық мемлкет құру, экономикалық және әлеуметтік өмірдің жаңа түрлері мен билік салаларын реттеу үрдісін жеделдету мүддесін көздеп ерінбей еңбек етті.

Бір сөзде ол: «Елімнің құрып кету шығып тұрған кездері де болды, дәл солай бола қалса, Қазақстан халқы әлі біраз уақыт бойы азаматтықты аңсап жүрер еді. Елбасының даналығы, көрегендігі мен еліне деген сүйіспеншілігі – бұл негізгі кепілдік», - дегенді айтты.

Өзінің дамыған мемлекеттер мен өркениетті қоғамдарға деген құлшынысын ұлттық рухты, мәдениетті, білім саласын солардың жақсы өнегесімен байытып отыру керектігімен түсіндіретін. Ел болашағы барлық халқының бірлігі мен теңдігі, табиғи байлықтарды шебер пайдалану мен экономиканың дамуына байланысты дейтін. Қазақ халқының тарихи құндылықтарының қайта жаңғыртылуы мен дамуын қызу қолдайтын [29,4 б.].

1988 жылдың желтоқсанында  Қостанай әуезайына Зұлқарнай  Алдамжар келіп түсті. Келесі  күні қалыптасқан тәртіп бойынша  облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Н.Т.Князевтың қабылдауында болды. Н.Т.Князев оған былай депті: «Сайлаудан өте алсаңыз жұмыс жасайтын өзіңіз, мен Сіз үшін жұмыс жасамаймын. Бұдан кейін институт ұжымымен танысып, өз бағдарламаны ұсынды. 1989 жылы 28 сәуірде ақырғы сайлау болды [16,242 б.].

1989 жылдың 28 сәуірде  Қостанай педагогикалық институт  ректоры тарих ғылымдарының докторы,  профессор Зұлқарнай Алдамжарұлы  Алдамжар сайланды. Жоғары оқу  орындарына ректор сайлау сол  қайта құру кезеңінің демократиялық  ұмтылыс арнасындағы жаңа қадамы еді [16,241 б.]. Осы кезден бастап педагогикалық институтты мемлекеттік университет деңгейіне көтеру жұмысын ойластыра бастады. Осы жерде педагогикалық институтының университет деңгейіндегі іргетасы қаланды.

Зұлқарнай Алдамжарұлының ректорлық жұмыстан босану себептер мынадай: біріншіден, зейнеткерлік жасына келуі мен денсаулық жағдайы; екіншіден, осы мезгілге дейін жұмыс басты болу салдарынан бар мүмкіншілігінді толық пайдалана алмай, дайындап жүрген жоспардағы ғылыми-зерттеу жұмыстарынды тиянақтаумен және жас ғалымдар даярлау ісіне баса көңіл бөлу; үшіншіден, кәдімгі қарапайым адами тоқтам – 12 жыл ректор ретінде университетті өркениеттік деңгейге көтеріп, елге, жас ұрпаққа, ұлы Ахмет Байтұрсынұлы аруағына шама-шарқым келгенше еңбек етті, ел азаматтарын таныды, олармен сыйластықта болды [16,243 б.].

Педагогикалық институтты университет дәрежесіне көтеру оның ректорлық жұмысқа кіріскеннен-ақ ойына орала беретін болды. Зұлқарнай  Алдамжар жұмысқа кіріскен 1989 жылы Қостанай педагогикалық институттың 363 оқытушысы құрамында бар болғаны 31 қазақ ұлтының өкілі бар екен лаборант, басқа да қосалқы жұмыстағыларды қосып есептегенде. Бірде-бір қазақша факультет, не мамандық болған емес. Міне, қоғамдық, әлеуметтік салалардың қай-қайсысын алсаңыз да тап осындай көрініс алдан шығатын еді [16,244 б.].

1991 жылдың күз  айында Қостанай облысына Президентіміз  Н.Ә.Назарбаев жұмыс сапарымен  келіп, ел аралады. Қашанғыдай, елбасыны қарсы алып, жол бастаған  облыстық кеңестің төрағасы Н.Т.Князев  университет құру ұмтылысымыздың тонын айналдырып, басбұзар берекесіз топ ретінде мықтап жамандаған. Сол себептен өзінің Алматыға қайтар алдындағы облыс азаматтарымен өткізген мәжілесінде Президент Зұлқарнай Алдамжар атына қатты сын айтып, университет құрам деп облыста дау-дамай көтергені үшін, екі бірдей ғимаратты тартып алмақ болған жауапсыздық берекесіздігі үшін тәртіпке шақыруды жергілікті басшылықтан талап етті [16,245 б.].

Зұлқарнай Алдамжар өзінің «Тарих: пайым мен тағылым» атты еңбегінде қостанай мемлекеттік  университетінің болашақ ғимаратын туралы Нұрсылтан Назарбаевпен әңгімесін келтіреді: «Президиумнан төмен түсу баспалдақтары залға төмендейді де , содан бұрылып ауыз бөлмеге кетеді. Жиналыс жабылған бойда Президент ширақ басып баспалдаққа бет алды. Сол кезде мен де Президентке қарай жүрдім, бірақ араға бір топ адам килігіп те үлгерді. Дегенмен әлі де баспалдақтан түсіп үлгермеген Президентке алдымдағы адамдарының асыра қолымды созып, дауысымды көтеріңкерей: «Ассалаумағалейкүм, құрметті Нұреке, мен жанағы өзіңіз сынаған пединституттың ректоры Алдамжаровпын», - дедім. Нұрекең де қолын соза менің қолымды алып: «Мен, Зәке, сізді білем ғой», - деді. Мен іле: «Нұреке, Қостанайдың хал-ахуалын жете білесіз ғой, жаңағы сөзіңізден кейін қазақ жастарының университет бола ма деген үмітіне балта шабылды, ал біздің бар үміт-талайымыз сізде, Нұреке», - дедім. Нұрекең өткір көзін жалт еткізіп, маған қадала қарады. Жүзіне жылы шырай жүгіріп: «Жақсы, университет болсын», - деді» - деп жазды Зұлқарнай Алдамжар [16,245-246 б.].

Сонымен Зұлқаранай Алдамжардың арқасында 1992 жылдың екінші тамызында Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің №662 «КСРО-ң 50 жылдығы атындағы Қостанай педагогикалық институтын Қостанай мемлекеттік университеті етіп қайта құру» атты қаулысы жарияланды. Оның негізінде Қазақстан Республикасының Білім министрлігі осы жылдың 11 тамызында университеттік статусты бекіту туралы бұйрығын шығарды [16,246 б.].

           Зұлқарнай Алдамжардың ғалымдығы, ұстаздығы, азаматтығы ажыратуға болмайтындай сыналасып, өріліп жататын. Қостанайға келген соң көп ұзамай 1992 жылы педагогика институтын университетке айналдырды. Оның осы еңбегін олқы бағалайтындар, “университет болмай қалмас еді” дейтіндер де табылған. Рас, білім беру саласына реформа басталғасын Қазақстанның барлық облыс орталықтарында университеттер ашылды. Қостанай да көштің соңына ілесер еді. Оны Зұлқарнай аға өзінің Қостанай университеті туралы жазған мақаласында есіне алады: “Педагогикалық институтты университет дәрежесіне көтеру менің ректорлық жұмысыма кіріскеннен-ақ ойыма орала беретін болды” дейді де, одан әрі оның бірнеше себептерін келтіреді. Әсіресе, облыстағы ұлттық рухани жұтаңдыққа мұнан әрі төзуге болмайтынын білді. “Облыс орталығында қазақ театры не басқалай мәдени орталық жоқ. Мен жұмысқа кіріскен 1989 жылы Қостанай педагогика институтының 363 оқытушысы құрамында лаборант, басқа да қосалқы жұмыстарды қосып есептегенде, барлығы 31 қазақ ұлтының өкілі бар екен. Бір де бір қазақша факультет, не мамандық болған емес. Қоғамдық, әлеуметтік салалардың қай-қайсысын алсаңыз да тап осындай көрініс алдыңыздан шығар еді. Жергілікті жастардың, әсіресе, қазақ жастарының өз облысы орталығында таңдаған мамандықтары бойынша білім алу мүмкіндіктері болмады, ал сұраныс пен қажеттілік жеткілікті болатын” деп жазды. Бұл сол тоқсаныншы жылдардың қоспасы жоқ көрінісі еді. Қостанай университетінің, оның ішінде қазақ филологиясы факультеті мен қазақ бөлімшелерінің ашылуы Қостанайда ұлттық рухты аспандатты. Осыдан кейін біртіндеп қазақ мектептері ашыла бастады [30].

1996 жылдың көктемінде Қостанай мемлекеттік  университетіне Ахмет Байтұрсынұлы  атын беру туралы өтінішін  Зұлқарнай Алдамжар берді. Нәтижесінде  1996 жылдың 3 сәуірінде Қазақстан  Республикасы Үкіметінің №384 қаулысына сәйкес университетке Ахмет Байтұрсынұлы есімі берілді [16,247 б.]. Зұлқарнай Алдамжарұлы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті іргесінің қалануы, оның Республикамыздың жоғары деңгейдегі білім, ғылым және мәдени орталығына айналуы Зұлқарнай Алдамжардың көрегендігі мен табандылығының арқасы [2,93 б.].

Зұлқарнай Алдамжарұлы  зейнеткерлік жасқа келуіне  байланысты ол Қостанай университетінің ректорлық  қызметінен өз еркімен босап, жекеменшік түріндегі жаңа оқу орны – Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін құрды. Қысқа мерзім ішінде бұл университеттің материалдық базасы нығайтылып, жаңа факультеттер мен кафедралар ашылып, оларды профессорлық – оқытушылар құрамын толықтыру мен ғылыми педагогикалық кадрлар даярлау жұмысын жүзіге асырды [2,93 б.].

Жақын және алыс шетелдердің алдынғы қатарлы  университеттермен ғылыми және практикалық  қатынастар орнатуда нәтижелі жұмыстар атқарылды. Негізін академик Зұлқарнай  Алдамжар салған бұл университет  заман талабына сай жаңа замандар даярлайтын болашағы үлкен оқу орнына айналатынына күмән жоқ [2,93 б.].

Академик, тарих  ғылымдарының докторы, профессор Зұлқарнай  Алдамжарұлы тарих ғылымының  күрделі өзекті мәселелері – тарих  ғылымының философиялық негіздері, методологиялық жүйесі мен зерттеу  жұмысының әдістемесі проблемаларымен шұғылданды, жаңа тұрғыдан қалыптасып келе жатқан еліміздің тарихи деректану ғылымына айтарлықтай үлес қосты [2,93 б.].

З. Алдамжардың 1990 жылдардан кейінгі ғылыми ізденісі Қостанай, Қазақстанның солтүстік өңірі  тарихымен, өлкетану мәселелерімен байланысты. Осынау мәселелерге арналып, өзі басқаратын Қостанай пединституты негізінде 1990 жылы Республика тәуелсіздік алғаннан кейін тарихшылардың қарқынды зерттеу нысанына айналған тақырыбы ұлт-азаттық қозғалыстары болды. Осы бағытта алғашқы теориялық-әдістемелік, тарихнамалық конфиренция Қостанай университетінде ұйымдастырылды. Зұлқарнай Алдамжардың ғылыми жетекшілігімен 1990 жылдары Ә.Мұқтар, Л.Бердіғожин, Е.Дәріменов, Ө.Исенов, А.Айтмұхамбетов, Ү.Ахметова диссертациялық зерттеумен айналыса бастады [2,131 б.].

          Аталмыш айтулы оқу орнында қазақ бөлімдері мен топтарының ашылуына септігін тигізді. Қаншама ғылымға талабы бар талантты жастарды қамқорлығына алып, баулыды. Олар ғылыми диссертация қорғағанда жетекшілік етті. Осылардың бірқатары қазір еліміздің түкпір-түкпірінде жемісті еңбек етіп жатыр. Бұл замандастарымызбен тілдесе қалсаңыз, ғұлама азамат жайлы тебірене сөйлей жөнеледі.

          Соның бірі – бұл күндері Атырау мемлекеттік университетінде проректор болып жұмыс істейтін замандасымыз Әбілсейіт Мұхтар. Ол ұстазының сенімін толық ақтады. Тарих ғылымдарының докторы, профессор. Қазіргі таңда өзі де жас ғалымдарды тәрбиелеуге жеткілікті көңіл бөліп жүр. Бірқатар кітаптары да жарық көрді. Республикалық басылымдарда жарияланған танымдық-тағылымдық мақалалары да оқырмандар назарын аударып келеді [33].

         Жалпы, қазақ ғылымында өз орны бар Зұлқарнай Алдамжарұлы Алдамжар алдағыны болжай білетін ғұлама ғалым еді десек артық айтпаған болар едік. Ол облыс орталығында тұңғыш рет бүгінгі уақыт талаптарына сай келетін жеке оқу орнын ашуға бел буды. Сөйтіп, 1998 жылы 21 қазанда қазіргі Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті талапкер жастарға есігін айқара ашты. Ол алдымен академия ретінде дүниеге келсе, артынан жаңа мамандықтар қосылып, әлеуметтік-техникалық университетке айналды.

        Зұлқарнай аға болашақта елімізде техникалық мамандықтарға сұраныс артатындығын алдын ала біліп, осындай аса тапшы мамандық иелерін даярлауға ерекше көңіл бөлді. Оқу орнының атына заты сай болу үшін оның материалдық-техникалық базасына басты назар аударды. Осы бағытта уақытпен санаспай жұмыс істеді. Университеттің алдында студенттердің жан-жақты сапалы білім алуы әрқашан бірінші кезекте тұрды. Сонымен қатар, оларға күнделікті дәріс беретін оқытушылардың біліктілігі мен интеллектуалдық деңгейін де ұмытпады.

        Академик өзі негізін қалаған университеттің жалпы деңгейін, студенттерге білім беру сапасын халықаралық дәрежеге көтеру үшін еліміздің, көршілес Ресейдің және басқа да бірқатар шетелдердің жоғары оқу орындарымен арадағы байланысты нығайтып, шарттар жасасты. Өздерінде жастарға дәріс беретін оқытушылардың ғылыми жұмыстармен шұғылдануларына, магистратура мен аспирантурада оқуларына қолдан келген барлық жағдайларды туғызуға тырысты.

        Иә, он жыл аз уақыт болып көрінгенмен, осы мерзім ішінде бұл оқу орнында жұртшылық айтып жүретіндей қыруар жұмыстар атқарылды. Оқу орнының бас корпусы орналасқан мауыты шұға комбинаты ауданына жан бітіп, оқу орнының жан-жағы абаттандырылды. Қаланың көркіне көрік қосылды. Оны сол шағын ауданда тұратын үлкенді-кішілі қауым айтып та жүр.

        1996 жылы Қостанайдағы регбинің  негізін салушы Зұлқарнай Алдамжар  болып табылады. Мұндағы «Алдамжар» деп аталатын регби командасы республикаға кеңінен танымал. Тіпті, шетелге де барып келді. Ал баскетболдан әйелдер командасы еліміздің жоғары лигасында шеберліктерімен танылып жатыр. Бірнеше жыл бойы ер және әйел командалар республикалық жарыста І, ІІ, ІІІ орындар алады.  Командалардың ойыншылары Л.Чурикова, Л.Клепикова, Т.Тур, Ю.Терешкова, У.Мусабаева, А.Баймагамбетов, С.Нуртазин, Е.Воробьев, А.Байгунусов және тағы басқалар республиканың ұлттық құраманың мүшелері болып табылады. «Алдамжар» командының ойыншылар Қазақстан Республика ұлттық құрамада  Голандияда 1998 жылы 9 орын, Европа чемпионаттарда 1999 жылы 5 орын, 2000 жылы Испанияда 6 орын алды [2,21 б.]. 2000 жылдың наурыз айында Гон-Конгте Азия чемпионатында регби бойынша әйелдер ұлттық құрама «Университет» командасы қатысып бірінші орын алды [2,21 б.].

Информация о работе Анығына келсек, тарихта бәрін жасайтын адам, сол арқылы ғана идея іске асады