Бәсекенің тәжірбиесі мен теориясындағы бағаның рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 20:43, реферат

Описание

Бәсеке нарықтық экономиканың басты ерекшелігі болып табылады. Бәсекелік жағдайларға кәсіпорындар саны мен көлемі, өнім түрлері, бағаны бақылау, салаға кіру немесе одан кету мүмкіндіктері жатады. Бәсекені қолдану тәсіліне қарай былай бөлінеді: бағалық және бағалық емес немесе өнімнің сапалық негізіндегі бәсеке.

Работа состоит из  1 файл

Эссе2.docx

— 15.87 Кб (Скачать документ)

Эссе

Бәсекенің тәжірбиесі мен  теориясындағы бағаның рөлі

    Бәсеке  нарықтық экономиканың басты ерекшелігі болып табылады. Бәсекелік жағдайларға кәсіпорындар саны мен көлемі, өнім түрлері, бағаны бақылау, салаға кіру немесе одан кету мүмкіндіктері жатады. Бәсекені  қолдану тәсіліне қарай былай бөлінеді: бағалық және бағалық емес немесе өнімнің сапалық негізіндегі бәсеке. Біртекті өнімдер түрінің әр түрлі бағаларды көрсетуі бағалық бәсеке деп аталады. Сатушы өзінің өніміне бағаны түсіре отырып, тауарына барынша назар аудартса және түптеп келгенде нарықта нәтижеге қол жеткізсе бұл бағалық бәсекеге жатады. Бағалық бәсекенің негізгі тәсілі - өндіріс шығындарын және өткізілетін тауарлар бағасын төмендету болып табылады. Ал бағалық емес бәсеке ең алдымен өнім сапасын жақсартуды көздейді. Бағалық емес бәсекенің басты тәсілі –жарнама, яғни маркетинг факторларын тиімді қолдану болып табылады.Кәсіпкерлердің нарық бағасына әсер ету мүмкіндігіне байланысты бәсеке жетілген және жетілмеген болып бөлінеді. Жетілген бәсеке нарығының субъектілеріне кәсіпкерлер, өндірушілер, фермерлер, бизнесмендер жатады.Жетілмеген бәсекелі рыноктың үлгісі қоғамның барлық ресурстарын барынша ұтымды пайдалануды, өнім өндіруге жұмсалған қоғамдық шығындарды мейлінше азайтуды көздейді. Жетілмеген бәсекелі рынок жетілген бәсеке жағдайында қалыптасқан тепе-теңдік қалыптан ауытқуды білдіреді. Сондықтан, қоғам шаруашылық өмірдің монополиялануынан белгілі бір залал шегеді. Түбінде монополия мәселесі жетілген бәсеке жағдайындағы жеке тауар өндірушінің еркі мен санасынан тәуелсіз бағаға билік мәселесіне айналады.  Бағаға билік    — жетілмеген бәсекелестің, не монополистің қолындағы өте нәзік құрал. Егер бұл билікті сонымен қатар өндіріс көлемінде үнемдеудің нәтижесінде өнім өндіру шығындарын азайтумен, ғылыми-техникалық прогресті дамытумен ры-нокқа арзан бағалы өнімдерді жаппай шығарып толтырумен қосақталса, онда жетілмеген бәсеке қоғамға белгілі бір ұтыс әкеледі. Түптеп келгенде, қоғамның экономикалық дамуының обьективті прогресі жетілмеген бәсекелі рынокқа алып келеді. Бағаға билікті табиғатқа билікпен салыстыруға болады. Мысалы, біз құнарсыз топыраққа, құрғақ климатқа қанағаттанбасақ, онда суландыру, жасанды тынайту шараларын жүргізе отырып, табиғатқа билігімізді өз игілігімізге айналдырамыз. Бірақ, егер белгілі шектен өтіп кетсек, онда біздің билігіміз қоршаған ортаны қиратумен тынады. Өкінішке орай, көбінесе бізде осындай жағдайлар орын алып келеді.

   Рынокта бәсеке барысында сұраныс мен ұсыныс, бағаны құрады. Сұраныс мен ұсыныстың өзара әрекеті нарықтық экономиканың тиімділігін қамтамасыз ететін тетік болып табылады. Баға кәсіпорындар мен тұтынушыларға нарықта қалай әрекет ету керектігін – осы тауарды көп өндіру керек пе, жоқ па оның шығарылымын қысқарту немесе тоқтату керек пе, жоқ па дегенді хабарлайды. Бағаның құралу тетігімен қатар рыноктағы бәсекеге ерекше назар аударуға тура келеді, яғни бір-бірімен бәсекелесуші бірқатар фирмалар (кәсіпорындар) болса және олардың бірде-біреуі баға белгілеу үдерісін басқара алмаса – олар тұтынушылар алғысы келетін және төлей алатын тауарларды өндіруге мәжбүр болады. Алайда тауарлардың белгілі бір санаттары үшін баға тетігі жұмыс істемейді, кейде тауар өндіруге жұмсалған барлық шығынды көрсетуге дәрменсіз болады, демек, баға мен шығын оның қоғамдық нәтижесін көрсетпейді. Нарықтың осы және басқа кемшіліктері нақты өмірде ұдайы кездесіп отырады, сондықтан “таза” нарықтық экономика, сұраныс мен ұсыныстың қандай үлгісінде құрылса да, болмайды. Нарық әрқашанда бірге әрекет етуші кәсіпорындар мен монополиялар, түрлі ұйымдар, саяси өкімет тарапынан араласу – реттеу арқылы толықтырылып, шектеліп отырады.

   Қорыта келгенде, Әрбір сатып алушы өзінің жеке мұқтажын ең жоғары қанағаттандыратын тауарды ғана алады. Жалпы алғанда, сатып алушылар бағалармен салыстырғанда қоғамдық мұқтажына толық сәйкес келетін тауарды сатып алады. Тауарға бәсекенің жарамдылығын, оның сапалық және құндық сипаттамасының жиынтығы деп түсінуге болады. Ол сатып алушының нарықтылы мұқтажын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді және сатып алушы үшін тиімділігі ұқсас тауар – бәсекелестер ерекшеленеді.

Тауардың  бәсекелік нарығында  сұраныс  пен ұсыныстың әрекет ету механизмі  қалай жұмыс  істейтінін және сұраныс  пен ұсыныс тең болған деңгейде нарықтық баға калай орнайтынын байқайық. Нарықтық  баға мен оның сұранысқа ие санының  арасында барлық уақытта белгілі  бір арақатынас болады, баға жоғары болған сайын, оны сатып алушылардың  саны азаяды, яғни сұраныс деңгейі  төмен болады (табыстардың сол  деңгейінде) және, керісінше, баға төмен  болған сайын сатып алушылардың  саны мен сатылып алынған тауарлардың  саны көп болады.Сұраныстың  біртіндеп  азаюы заңының барлық тауарларға қатысы бар. Оның себептерін анықтау  қиын емес: олар бәрінен  бұрын сатып  алушылардың табыстарының шектеулілігіне байланысты. Егер жоғары бағалы тауарды  тек бай адамдар  ғана сатып  алса, бағаның төмендеуі, біріншіден, нарыққа жаңа сатып алушыларды әкеледі. Екіншіден, бағаның әрбір  төмендеуі  тауарды тұтынушыны қосымша  сатып  алуға итермелейді. Сонымен  бірге  мынаны да атап өту керек, осы  тұтынушының  сұранысының өсуі тоқтағаннан  кейін  де, бағаның одан әрі төмендеуінде төмен деңгейдегі табысты адамдардың өз қажеттерін өтей бастауы себепті  нарықтағы сатып алу сомасы ұлғая  береді. Егер нарықтық жағдайды сатушылар  немесе ұсыныс жағынан қарасақ, онда кері көрініс орын алады. Барлық сатушылар  нарықта ең жоғары баға алуға ұмтылады. Сондықтан баға жоғары болған сайын, олар белсенді түрде көп тауар  сатуға тырысады, яғни ұсынысты ұлғайтады.Басқаша айтқаңда, әрбір сатушының ұсыныс көлемі бағаға байланысты өзгеріп отырады, баға жоғары болған сайын басқалар тең жағдайда, осы тауардың рыногындағы  ұсыныстың көлемі жоғары болады.


Информация о работе Бәсекенің тәжірбиесі мен теориясындағы бағаның рөлі