Сауым маусымының әр кезеңіндегі сауын сиырларын азықтандыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 19:18, курсовая работа

Описание

Ауыл шаруашылығында сүтті, сүтті-етті және етті ірі қарамал шаруашылығының маңызы орасан зор. Ірі қара малынан алынатын өнімнің түрі көп: сүт, ет және тері өнімдері жатады. Отанымызды азық-түлікпен (ет, сүт, сүт тағамдарымен) қамтамасыз ету үшін ірі қара мал шаруашылығының пайдасының өте зор болу себебі, сүт өнімі оның 99 %-ын, ал ірі қара етті 40-45 %-ға дейінгі деңгейін құрайды. Сонымен қатар ірі қара мал терісі де жеңіл өнеркәсіп шаруашылығында көп қолданылады, әрі ірі қараның қиы егін шаруашылығында, әсіресе кейінгі уақыттарда, кеңінен органикалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылуда.

Содержание

Кіріспе …................................................................................................................3
І. Әдебиетке шолу .................................................................................................5
1.2. Сауын сиырларын азықтандыру ерекшеліктері және сауын сиырдың
энергия мен қоректік заттарға мұқтаждығы .....................................................14
1.3. Сауым маусымының әр кезеңінде, сауын сиырларын азықтандыру үшін
қажетті азықтарға қысқаша сипаттама .............................................................25 1.4. Сауын сиырларын қысқы сауым мезгілінде азықтандырудағы қажетті азықтар..................................................................................................................30
1.5. Жазғы сауым мезгілі кезінде сауын сиырларын азықтандыру
барысында, кейбір қоректі және биологиялық белсенді заттардың организмге әсер етуі............................................................................................32
ІІ. Есептеу бөлімі
2.1. Сауын сиырларына тәуліктік рацион жасау, және осы рациондарды талдау. Сауым маусымының әр кезеңіндегі сауын сиырларын азықтандырудағы жылдық азық мөлшерімен қоректік заттардың есебі ......................................................................................................................36
Қорытынды ..........................................................................................................38
Пайдаланылған әдебиеттер .................

Работа состоит из  1 файл

Мал азығы Курстық жұмыс.doc

— 443.50 Кб (Скачать документ)

    Н. Омарқожаевтың (1998) деректері бойынша, сауын сиыр рационын құрастыруды әр шаруашылық өзіндік азықтандыру ерекшеліктерін, экономикалық тиімділігін ескере отырып типтік рациондарға негіздеп ұйымдастырады. Рациондар сауын сиырлардың өнімділігін арттыруға бағытталып нормалық көрсеткіштерге барлық қоректік, минералды және витаминді заттар бойынша сәйкестіріледі.

    Л.Гофман мен Р.Шиманн (1978) деректері бойынша рацион құрғақ затындағы энергияның шоғырлануы оның алмасуы тіршілікті қамтасыз ету және өнім өндіруге жұмсауына ықпал етеді. [5]

   А.Ә.Төреханов., Ж.К.Каримов., Ш.Д.Даленовтардың (2006) зерттеулеріне сәйкес, әрбір сиырдың беретін сүті мен салмағына қарай азықтық рационы да айрықша болады. Сиырларды сүтейтудің негізгі шарты – жем-шөпті баптап беру ісіне үлкен назар аудару керек. Сиырларды сүтейту үшін тек дұрыс азықтандырумен қатар, олардың желініне, сауу әдісіне де ерекше көңіл бөлінуі керек.  
                                                             6 
   Д.Қ.Найманов пен Н.Ә.Жазылбековтың (2006) дәйектемелерінде, бұзаулаған соң сиыр суды көп қажетсінбейтігіндігі айқындалған. Бұзаулағаннан 30-40 минуттан кейін сиырды жылы сумен суарады. Майда,

жұмсақ, сапалы пішен  беріледі. Сиырды толық азық нормасына, күн сайын азықты біртіндеп қоса отырып 8-10 күнде жеткізеді.

   В.И.Георгиевскийдің (1979) сауын сиырларына жүргізілген зерттеулерінде,                                                     

 рациондағы құрғақ  заттардың ішіне күкіртті 0,12-0,18% деңгейінде, жануардық қоректік  мұқтаждығы ретінде пайдалануға  болатындығы ескертілген.   [1]

      А.ш.ғ.д., Қ.Құсайыновтың (2001)  зерттеулері бойынша, көлемді, ірі, азықтарды сауын сиырларына жекелеп бергеннен гөрі араластырып, толық рационды құрама азық түрінде пайдалану жақсы нәтиже береді. Толық рационды құрама азық жақсы желініп, құрамындағы қоректік заттары жақсы қорытылады. Оны дайындау үшін әр азықтың ерекшелігін, химиялық құрамын ескеріп, арнайы рецепт жасау қажет. Толық рационды құрама азық жемшөп қорын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, малдың жеуіне де өте қолайлы, сонымен қатар малдың (соның ішінде, сауын сиырларының) организміне сіңімді келеді, мол өнім түзуге ықпал етеді.

     Н.Ә.Жазылбеков., М.Т.Ахметов., Д.К.Кәрібаевалардың (2007) мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі экономикалық жағдайда сүт өнімін арттыру сауын сиырлардың сүттілігін көбейтуге тікелей байланысты. Сүт өнімінің артуына оларды толық түрде азықтандыру, олардың денсаулығына, көбею қабілетіне және сүттің технологиялық сапасына әсер етеді. Сауын сиырларға берілген азықтардың сапасы, оған кеткен шығынға байланысты, алынған өнімнің соңғы нәтижесін анықтайды.

    А.А.Алиев (1980) өз еңбектерінде атап өткендей, сауын сиырларға берілетін азық құрамында майдың көп мөлшерде болуы, асқорыту процесіне зиян екедігі туралы пікірлер көптеп кездеседі, алайда өнімділігі жоғары сауын сиырларына (сауым маусымы кезіндегі сүттілігі 6000кг және тірілей салмағы 600-650 кг), азықтандырылу барысында тәулігіне 1000 грамға дейін майлы азықтарды қолдану, асқорыту процестеріне ешқандай кедергі келмегендігін, есептік дәлелдемелер нақтылайды. [1]

    Н.Б.Мұқановтың (2004) еңбектерінде көрсетілгендей, сүтті сиыр барлық аймақта ұсталғанымен бір жоспар бойынша жұмыс ісеуге болмайды, өйткені әр аймақтың ауа райы, топырағы, өсетін өсімдіктерінің құрамы әртүрлі. Сауын сиырларды жайылымда ұстағанда олардың өнімділігі 14,4 % артып, 1 кг сүтке жұмсалған шығын қолда ұстағанға қарағанда 8,7% азаяды. Сауын сиырларын жайылымда ұстағанда олардың сүттілігі артып, оны өндіруге жұмсаалтын шығын кемиді. Соған сай сүттің өзіндік құны арзандайды.

    И.С.Поповтың (1957 ) деректеріне сүйенсек, сауын сиырларына арналған рациондарда энергия көзі ретінде көмірсуларды, және алмастырылмайтын азық заты ретінде майды қолданады. Сүттің өнімділігінің деңгейімен майдың көлемі арасындағы байланыс нақты анықталған. [1] 
                                                      7

    Б.К.Бердібекованың (2005) мақаласында талқыланғандай, малды азықтандырудың әр түрлі әдістерінің ішінде ең тиімдісі – толық рационды балансқа келтірілген қоспа азықты қарапайым әдіспен ұсақтап (5-7 см), жемшөп, сүрлем, пішендеме және басқада қоспалармен байытып даярлау. Жылына 3500-4000; 4000-4500 кг сүт беретін сауын сиырларға берілетін толық рационды қоспа азық қатынасы: ірі және шырынды азықтар 66,0-70,0 %, құрама жем 34,0-30,0 % болуы тиіс. [22]

   Р.Ескендированың (2011) мақаласындағы тың деректерге сүйенсек, азықтандыру технологиясы, мол сауын мен сиырлардың денсаулығын қаматамасыз ететін басты фактор болып табылады. Сауын сиырлары үшін арнайы жасалған рациондар концентраттардың жоғары үлесімен ерекшеленеді. Рациондағы құрылымдық азық малдың күйсеуін арттырып, нәтижесінде ас қорыту жүйесі бұзылуының алдын алады. Жақсылап араластырылған азық сиырлардың тек өзіне ұнаған ингредиентті таңдап алуына жол бермейді. Бұл үшін кешендерде вертикальді азық араластырғыштар орналастырылған, ол – тамаша азық қоспаларын дайындап, оның сиырларға таратылуын жеңілдетеді. [23]

   Н.Б.Мұханов пен Б.А.Мыхановтың (2007) мақалаларында сипатталғандай, сиыр сүтінің желінінде болатын қанның құрамдас бөліктерінен түзілетіні белгілі. Сондықтан сүттің құрамы мен мөлшері олардың қандағы ара қатынасына байланысты. Жүргізілген зерттеулерге сәйкес, сауын сиырларының қан құрамындағы жалпы белок мөлшері жаз мезгілінде, қыс айларына қарағанда мол болады.[21]

      И.В.Артемовтың (1998) мәліметтеріне сүйенсек, сауын сиырларға 20 кг гүлтәжі көк балаусасын бергенде әдеттегі өсімдіктердің осынша мөлшердегі көк балаусасын бергендегімен салыстырғанда күнделікті сүт мөлшері 1,8 кг немесе 12 %, майы 0,21%  және белогы 14% артқан. [22]

     А.П.Коробовтың (2006) ғылыми жұмыстарында нақтыланғандай, жануарлардан өнім өндіру басты 3 факторға ( азық – 60 %, гентикалық потенциал – 25 %, технология – 15 %) қатысты болып келеді. Міне, сондықтанда сауын сиырларына  азық дайындау барысында, толыққұнды рацион қолданылады. Әр сиырдан жылына 4000-4500 кг сүт өнімін алу үшін, әр басқа мынадай азықтардың шартты мөлшері қажет:

      ● 40-45 ц – азық өлшемі;

      ● пішен 1-2 т;

      ● пішендеме 1,5-2 т;

      ● Сүрлем 5-6 т;

      ● Көк азықтар 9 т;

      ● Концентраттар 0,8-0,9 т;                                                    

   Сауын сиырларының энергия  мен қоректік заттарға мұқтаждығын  қанағаттандыру үшін, олардың құрғақ  заттағы концентрациясын, рационда  межеленген нормада сәйкестендіру  шарт. 
  С.Н.Салханова (2007) жүргізген зерттеулеріне сүйенсек, мал 
                                                           8 
шаруашылығының қазіргі заманғы қарқынды дамуы кезеңінде малдың өміршеңдігі мен өнімділігін арттыратын биологиялық белсенді қосылыстарды зерттеу мал басын сақтауда және жоғарғы өнім алуда маңызды мәселе болып отыр. Осындай белсенді қосылыстарға иммуноглобулиндер де жатады, себебі иммуноглобулиндер ( G1, G2,  M және A) – малдың иммундық статусын, өміршеңдігін және өнімділігін анықтайтын биологиялық белсенді белоктар.

    Н.Ә.Жазылбеков., Ж.Паржанов., Н.Б.Мұханов.,Б.А.Мыханов (2007) сынды беделді ғылымы қызметкерлердің еңбектерін сараласақ, еліміздегі өсірілетін ірі қараның басым бөлігін өнімділігі төмен жергілікті сауын сиырлар, олардың зауыттық тұқымдармен ардағы әртүрлі сатыдағы ұрпақтары құрайды. Қазіргі уақытта  саланың барлық мүмкіндіктері толық пайдаланылмай, сауын сиырлардың өнімділіктері тұрақты бір деңгейде қалып келеді. Бұл жағдай сүт өнімдеріне деген сұранысты қанағаттандыру мүмкіндігін шектеп отыр. Кез келген мал тұқымының ерешеліктері, барлық өнімділік қасиеттері оның өсіп-жетілуі барысында дұрыс, қалыпты азықтандырылуынада негізделеді. Сол сияқты, сауын сиырлардың да сүт өнімділігі оларды тірілей салмағымен қоса, нормалап азықтандырылуынада байланысты.

    Ж.М.Құрмановтың  (2007) мәліметтері бойынша, Қазақстанның солтүстігі жағдайында сауын сиырларын сүт беру өнімділігі маусымдық сипат алады да, мұның өзі көп жағдайда оларды витаминдермен қамтамасыз етуге байланысты болады. Қыста азықта каротиннің және организмде А витаминінің жетіспеуі салдарынан организмде меповитаминдердің, каротин, А және С витаминдері алмасуы бұзылып, малдың сүт беру функциясы кемиді. Каротиннің ең эеткіліксіз кезеңі қолда бағудың екінші жартысы. Сондықтанда бұл кезең рационға витаминдері жеткілікті азықтар (сапалы пішен, витаминді шөп ұны т.б.) немесе өнеркәсіпте шығарылған синтетикалық витаминдер қосу практикалық қажетті шара.

    Сауын сиырларына қорытылатын протеинді 20 %-дан артық беруге болады. Соңғы кездегі зерттеулерге қарағанда, егер рацион қоректік факторларға қатысты жақсы жоспарланған болса, қорытылатын протеинге деген қажеттілігін төмендетуге болады. И.С.Поповтың 1957 ғылыми-шаруашылық тәжірибелерінің негіздемесінде 1 кг сүттегі қорытылатын протеиннің нормасын 56-64 г-ға дейін түсіру мүмкіндігі көрсетілген.

    Сауын сиырларын азықтандыру барысында қоректік заттар құрамына майды өлшеусіз мөлшерде қосу өрескелдік. А.Бушман (1929) мен В.Веннерстромның (1940) зерттеулеріне қарасақ, рацион барысында майды

0,9 кг-нан артық қолдану сиырлардың іш бұзылуына және сүттілігінің төмендеуіне әкеліп соқтыратындығы байқалады.

    Майлылығы  4 % болатын 1 кг сүттегі көрсеткіштердің ортаоптимальді артуы, азық өлшемінде 0,46 және қорытылатын протеинде 65 грамға дейінгі                                                         көлемде кездеседі. Х.Мельгор өз тәжірибелерінде алғашқылардың бірі 
                                                       9 
болып, протеин жеткізу деңгейі сауын сиырының сүттілігінің артуына ғана емес, сүт құрамынада айрықша әсер етеді.

    А.П.Дмитреченко мен П.Д,Пшеничныйдың (1975) еңбектеріне зер салсақ, сауын сиырларына сондай-ақ, йод, темір, кобальт, мыс, кей кездері күкірт пен калий жетіспеушілігі байқалады. Сауын сиырларында натрийға деген мұқтаждықты ас тұзын беру арқылы қамтамасыз етуге болады. Әдетте,

сиырларға азық өлшемінде 5 грамм ас тұзын, немесе 1 г құрғақ затқа  5-8 грамм ас тұзын беру жеткілікті. Сауын сиырларында ас тұзына деген

қажеттілік, шамамен көк  азыөтармен және сүрлеммен азықтандыру барысында 2 мәрте байқалады. [9]

    И.М.Захарченко өз зерттеулерінде, сүт өндіру барысында, сүт құрамындағы А витаминінің белсенділігн арттыру үшін, қыс мезгілінде өнімділігі төмен сиырларға тәуләгәне 600-1000 мг, ал өнімділігі жоғарыларға 900-1500 мг каротин беру қажеттігін көрсетеді. [9]

   Күйісті малдың азықтық  мұқтаждығын алмасу энергиясымен  бағалауды ұсынған ағылшын ғалымы М.Блэкстердің (1965) топшылауынша, мал азығының игерілу тиімділігі малдың тірілей салмағына, өнімділігі мен рацион құрғақ затында алмасу энергиясының шоғырлануына тәуелді өзгереді.

   Сауылым сүттің жас ерекшелік  өзгерісі мал тұқымының ерекшелігіне, оның азықтануына, күтіп-бағылуына  және т.б. байланысты. Мысалы, В.Ф.Красотаның көрсеткендері бойынша қара ала тұқымына жататын сиырларды жеткіліксіз азықтандырса, жоғары сауылым 7 сүт түзілуіне сәйкес келеді. Бірінші, төлдеген құнажыннан шыққан сауылым сүт 60-65 % көлемін құрайды.

   Т.К.Бексейітовтың (2011) мәліметтері бойынша, далалық қызыл тұқым сиырларының жасы ұлғая келе, олардың сүтінің өнімділігі де артады екен, әрине, осыған сәйкес олардың желіндерінің көлемі де ұлғаяды. Сүт сауыны бірінші рет болып тұрған сиырларымен салыстырғанда толық жастағы сиырлардың желін көлемі сауынға дейін 3,7 % - ға артық болған.

    Мал төлдерінің өсуіне және дамуына қоректендірудің түрлі деңгейінің әсер етуін көптеген зерттеушілер ХІV ғасырда да зерттеген. Алайда, осы мәселе бойынша экспериментальды жұмыстарды Н.П.Чириков (1891, 1909, және 1926) іске асырған. Ол жергілікті аз өнім беретін жануарларды жастайынан жақсылап қоректендіру жолымен олардың шаруашылыққа пайдалы өнімділік сапасын жақсартуға болады деп жазған.

    Жаңа Зеландияда Мак-Микеннің (1956) өткізген зерттеу жұмысы аса көңіл бөлетіндей. Оның тәжірибелік жұмыстары қоректендіру жағдайы және оларды сүтпен қоректендіру кезеңінің сүт өнімділігіне әсерімен танысу мақсатында егіз және апалы-сіңілі қашарларға ұзақ уақыт бойы жүргізілген.

    Т.С.Садықұлов пен Т.К.Бексейітовтың (2011) деректеріне сүйенсек, қоректендіру деңгейі жануарлардың дамуына әсер ететін ең маңызды факторлардың бірі екендігі анықталған. Мұның өзінде қоректендірудің 
                                                           10                                                                  жалпы деңгейін оның толық құндылығын, рацион құрылымын, онтогенездің жекелеген кезеңдері бойынша құнарлы заттарды бөліп таратуды тани білу керек.

    А.П.Дмитриченконың және А.М.Балабонованың (1954) сауын сиырларына жасаған тәжірибелерінде оларды қоректендіруді көбейту және азайтуды алмастыру жемшөпті қолдануға тәжірибе жасалынып отырған жануарлардың жағдайына және осыдан кейінгі олардың өнімділігіне жағымды әсер етті.

   Көптеген зерттеу жұмыстары  арқылы жоғары температураның  ірі қара малының сүт өнімділігіне  сауу бойынша да, сондай-ақ сүттің майлылығы бойынша да өнімділігін төмендететіндігі анықталған. Джонсонның (1958) еңбектерінде сүт өнімділігінің төмендеуі жоғары температура кезінде негізінен асқа деген тәбетінің төмендеуіне байланысты деп көрсетілген.

  А.С.Емельянов(1976) пен Н.И.Клейменов (1978) секілді көптеген зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде, сиыр рационының құнарлылығы үшін, тек қысқы ғана емес, сонымен қатар жазғы сауым мезгіліндегі азықтандыруда маңызды. Жасыл жайылымдар малды биологиялық толыққұнды азықтармен қамтамасыз етсе де, химиялық сараптамаларға сәйкес, бір жағынан клечатка, екінші жағынан көмірсу тапшылығы кездесіп, протеинмен калийге деген мұқтаждық байқалады.

Информация о работе Сауым маусымының әр кезеңіндегі сауын сиырларын азықтандыру